Сүтқоректілер (лат. Mammalia) – жануарлардың хордалылар типіне жататын, құрылысы жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар класы. Сүтқоректілерге ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олар түрлі табиғи орта жағдайларында (суда, аспанда ұшып жүріп, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын «маммалогия» (лат. «маммалис» - емшек+гр. «логос» - ғылым), кейде «териология» (грекше «терион» - аң, + «логос» - ғылым) деп те атайды. Алайда олар әр түрлі ортада – құрлықта болсын, суда болсын, ауада болсын – кез келген жағдайда, кез келген климатта өмір сүруге бейім келеді. Олардың миы (дене мүшелерінің өзгелеріне қарғанда) басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болады. Сүтқоректілер қатарынан құрлық пен теңіздің ең үлкен жануарлары – мұхитта киттер және құрлықта пілдер болып табылады.
Сүтқоректілер Қазбалық ауқымы: 225–0 Ma (Kemp) or 167–0 Ma (Rowe) See in text |
---|
Сүтқоректілер. 1 қатар: , , . |
|
Жалпы сипаттамасы
Омыртқалылар эволюциясында Сүтқоректілердің
- бас сүйегінің құрылысы жеңілдей түскен және ол ауыз омыртқамен берік жалғасқан;
- тістері мен аяқтары жетіле түскен;
- дене температурасы біркелкі тұрақты;
- жүрегі 4 камералы;
- қан қызыл түйіршіктерінің жетілгендері ядросыз;
- есіту аппараты ішкі, ортаңғы, сыртқы құлақтан тұрады, көбінің құлақ қалқаншасы жақсы дамыған.
- Күрек тіс, ит тіс, азу алды және азу тістері болады, азу тістерінен басқасы бір рет (кейде бірнеше рет) алмасады.
Сүтқоректілердің пайда болуы
Сүтқоректілер Жер бетінде бұдан 200 млн. жыл бұрын пайда болған. Сүтқоректілердің арғы тегі пермде тіршілік еткен аңтісті қарапайым ұсақ бауырымен жорғалаушылар (Theriodontia). Алғашқы Сүтқоректілердің қалдықтары жоғарғы триас жыныстарынан табылған. Олар бор кезеңінің аяқ шенінде жойылып кеткен. Көпбұдыртістілер (Multituberculata) мен біртесіктілер осы кезде тіршілік еткен. Юра кезеңінде пантотерийлер пайда болып, бұлардан нағыз аңдар (Theria) шыққан, олар мен ұрықжолдасты жануарлардың негізі болды.
Денесінің құрылысы
Олардың тұрқы 4 см, салмағы 1,2 грамдық, сондай-ақ тұрқы 33 м, салмағы 150 тонна тартатындары да бар. Денесі түкпен қапталған, алдыңғы ми сыңарларының сыртында ми қыртысы жақсы дамыған.
Тері жабыны
Сүтқоректілердің тері жабыны басқа омыртқалыларға ұқсас екі қабаттан тұрады. Теріде май, тер, сүт, иіс шығаратын бездері болады. Түк, мүйізді тырнақ, мүйіз және тұяқтар - терінің қосалқы бөлімдеріне жатады. Тері бездері мен тер бездері зат алмасуын, дене температурасын реттейді және тері бездерінің иісті затының жауынан қорғануда, үйірге түскенде бірін-бірі табуда, еліктетуде маңызы үлкен.
Қаңқасы
Қаңқасы бассүйек, омыртқа жотасымен [кеуде қуысы], иық белдеуі мен алдыңғы аяқтардан және жамбас белдеуі мен артқы аяқтардан тұрады. Сүтқоректілердің мойын омыртқасы - 7. Бассүйекке астыңғы жақсүйек қозғалмалы (буын арқылы) байланысқан. Бассүйектегі басқа сүйектер бірімен-бірі жіктесіп, тұтасып кеткен.
Омыртқаларының беті жалпақ (платицельді). Мойын омыртқасы 7 (6 болуы сирек, тек кейбір теңіз сиырларда) не 8-9 (жалқау аңның кейбір түрі). Көбінің аяғы бес саусақты, бірақ көбіне қатты өзгерген, мысалы, тақ тұяқты (жылқы), ескек тәрізді (итбалық, кит), қанат тәрізді (жарқанат). Кейбір түрінің артқы аяқтары жойылып кеткен (рудимент түрінде ғана сақталған). Кеуде қуысы мен құрсақ қуысын көк ет (диафрагма) бөліп тұрады.
Бұлшық еттері
Сүтқоректілердің бұлшықеттері жақсы дамыған. Әсіресе алдыңғы, артқы аяқтарындағы бұлшықеттер түрлі бағытта орналасқан. Бассүйектегі шайнау бұлшықеттерінің бәрі астыңғы жақсүйекпен байланысады. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын көкет (диафрагма) пайда болған. Көкет тыныс¬тық қозғалыстарға (тынысалу, тынысшығару) қатысады.
Асқорыту жүйесі
Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі күрделілене түсіп, етті еріндер пайда болған. Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті иекпен жалғастырып, тұтастыратын бұлшықет дат деп аталады. Үстіңгі және астыңғы жақсүйектердің ұяшықтарында тістер орналасқан. Олар құрылысына, атқаратын қызметіне сәйкес күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді. Алдымен сүт тістері өсіп, кейін түсіп, орнына тұрақты тістер шығады. Ауыз қуысына 3-4 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз қуысы - жұтқыншақпен, ол өңеш арқылы қарынмен жалғасады. Қарындағы көптеген ұсақ бездер қарын сөлін бөледі. Күйіс қайыратын жануарлардың (әсіресе сиырда) қарны көп қуысты. Оны (таз қарын), жұмыршақ (тақия қарын), қатпаршақ (қырық қатпар) және ұлтабар деп 4 бөлімге бөледі.
Тыныс алу жүйесі
Ауа өтетін мүшелер мен өкпеден тыныс жүйесі құралады. Ауа өтетін мүшелерге танау тесіктері, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауатамырлар жатады. Сүтқоректілер өкпесінің іші көптеген перделер арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды өкпе көпіршіктері () деп атайды. Өкпе көпіршектерінің сыртын қылтамырлар торлайды да, сол жерде газ алмасу жүреді. Кеуде қуысының кейде кеңейіп, кейде тарылуына сәйкес өкпеге ауа енеді және кері шығады.
Қанайналым жүйесі
Қанайналым жүйесі - құстарға ұқсас, жүрегі толық төрт қуысты. Артерия қаны мен вена қаны араласпайды. Сүтқоректілердің құстардан айырмашылығы - сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамыры сол жақ қолқа доғасын құрайды. Құстарда оң жақ қолқа доғасы болады. Қан денеде газ бен қоректік заттарды тасымалдайды.
Зәршығару жүйесі
Екі бүйрек, 2 , сыңар қуық және зәршығару өзегінен зәршығару жүйесі түзіледі.
Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесі - күрделі құрылыста. Әсіресе мидың көлемі үлкен. Алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген. Ми сыңарларының сыртындағы көптеген иірім, сайшалар ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сүтқоректілердің күрделі қозғалыс әрекетіне байланысты мишығы да жақсы жетілген. Мишықтың сыртында сайшалар, иірімдер көп.
Миының үлкен жартышарлары жақсы дамыған.
Сезім мүшелері
Сүтқоректілердің иіс сезуі өте жақсы дамыған. Олар иіс сезуі арқылы қорегін іздеп табады, жауынан қорғанады, жұп құрады. Тек суда тіршілік ететін киттерде иіс сезуі өте нашар дамыған. Көпшілік сүтқоректілерде есту мүшесі жақсы жетілген. Сүтқоректілерде сыртқы құлаққа жататын құлақ қалқаны пайда болған. Дыбыс толқындарын сол арқылы қабылдайды. Тек суда, жер астында тіршілік ететін сүтқоректілерде болмайды. Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы дабыл жарғағымен бөлінген. Сүтқоректілердің ортаңғы құлақ қуысында балва, төс, үзеңгі сүйектері болады. Қосмекенділерде, жорғалаушыларда және құстарда бір ғана үзеңгі сүйегі болатынын еске түсіріңдер. Жарқанаттар, түлендер, дельфиндер өздерінен шығарған өте әлсіз дыбыс жаңғырықтарын қайта қабылдай алады.
Көбею мүшелері
Сүтқоректілер - дара жынысты. Олар іштей ұрықтанады. Ұрық аналық жыныс мүшесі - жатырда дамып жетіледі. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналық ағзаның арасында арнайы мүше «ұрық молдасы» (плацента) пайда болған. Ол зат алмасуды реттеп отырады. Оны малдың шуы деп те атайды. Сондықтан жоғары сатыдағы сүтқоректілерді «ұрықжолдастылар» деп атайды. Жатырдың қабырғасында ұрықтың дамып жетілуі, сүтқоректілердің жеке түрлеріне байланысты түрлі мерзімді қамтиды. Мысалы, үйқоянның буаз болу мерзімі бір ай. Жабайы қоян - 45-51 күн, бұғылар - 8-9 ай, жылқы - 10 ай, түйе 12-13 айда төлдейді. Халық ұғымында «12 түйе, 10 жылқы, 9 сиыр, 5 ешкі, 1,5 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң, бұл күлкі!» деген жұмбақта әрбір жануардың буаз болу мерзімі нақты айтылған.
Мінез-қылығы
Алдыңғы ми сыңарларында иірімдер мидың көлемін арттырып, сүтқоректілердің шартты рефлекстерінің түзілуіне жеңілдік жасайды. Сыртқы ортадан келген сансыз хабарларға орай алуан түрлі шартты рефлекстер қалыптасады, тіршілік ортасының өзгерісіне бейімделу арқылы жануарларда жаңа байланыстар пайда болады. Мысалы, сүтқоректілердің баласы дүниеге келісімен анасының сүтін қорек етеді, ата-енесінің бауырында жүріп, ата-енесі пайдаланатын азыпен қоректенуге бейімделеді. Егер жытрқыштың баласы болса-етпен, ал өсімдікқоректі жануардың баласы- өсімдікпен қоректенудің әдісіне үйренеді.
Экологиялық топтары
Сүтқоректілер басқа жануарлармен салыстырғанда түрлі табиғи орта жағдайларын жақсы бейімделген. Жер шарында кеңінен таралған. Олар құрлықта, ауада, ағаш басында, жер астында, түрлі су айдындарында тіршілік етеді. Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуіне байланысты сүтқоректілерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:
- Құрлықты мекендейтін сүтқоректілер - Антарктидадан басқа құрлықтарда кеңінен таралған және көптеген түрлерді қамтиды. Олар ашық жерлерде, бұта мен ағаш арасында, кейде ағаш басында кездеседі. Ашық жерлерде саршұнақтар, суырлар, қосаяқтар мекендейді, Тұяқты сүтқоректілер: құлан, жолат, ақбө, қарақұйрық, арқарлар да құрлық аңдары. Бұта мен ағаш арасынан бұғы, бұлан, аю, сілеусін, бұлғындарды кездестіруге болады.
- Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер - көртышқандар, соқыр-тышқандар, қалталы көртышқандар жатады. Олар тіршілігінің көп бөлігін жер астындағы індерінде өткізеді. Алдыңғы аяқтары мен күрек тістері жақсы жетілген. Топырақ арасындағы жәндіктермен қоректенеді.
- Суда тіршілік ететін сүтқоректілердің тіршілігі тікелей сулы ортаға байланысты. Оған құндыздар, жұпартышқандар, ондатрлар, кәмшаттар, түлендер, киттер, дельфиндер жатады. Түлендер көбею, төлдеу кезінде ғана құрлыққа (су бетіндегі қатқан мұзға) шығады. Қалған уақытта суда тіршілік етеді. Киттердің барлық тіршілігі су ішінде өтеді.
- Ұшатын сүтқоректілерге қолқанаттылар (жарқанаттар) жатады. Өте ұзын 2-5 саусақтарының арасында, денесінің екі қапталында жұқа терілі жарғағы болады. Олар жарғақты қанаттың көмегімен ауада өте жылдам ұшады.
Түрлері
Сүтқоректілер Жер шарында кең тараған. Сүтқоректілерге гоминидтер де жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілер класы 2 класс тармағынан: құрамында жұмыртқа салушылар отряды бар алғашқы аңдар класс тармағынан және құрамында қалталы жануарлар мен ұрықжолдастылар инфракласы бар нағыз аңдар класс тармағынан тұрады. Сүтқоректілердің 4,5 мыңнан астам түрі белгілі. Жылы қандылығы, ұрпағына қамқорлық жасауы, жоғарғы жүйке жүйесінің болуы сүтқоректілерге жер шарының Солтүстік полюсінен бастап, Антарктида жағалауларына дейінгі барлық жерді мекендеуге мүмкіндік берді. Қазақстанда сүтқоректілердің 8 отряды (жәндік жегіштер, қолқанаттылар, кеміргіштер, қоянтәрізділер, жыртқыштар, жұптұяқтылар, тақтұяқтылар және ескекаяқтылар), 31 тұқымдасы және 180-нен астам түрі кездеседі. Әсіресе, қосаяқ, аламантәрізділер, қуысмүйізділер, жертесерлер, т.б. тұқымдастарының түрлері өте көп. Жеке жүріп (кірпі, жертесер, сусар, аю, т.б.), топталып (шақылдақ, сарышұнақ, суыр), табын, үйір болып (арқар, таутеке, ақ бөкен) тіршілік етеді. Сүтқоректілердің кейбіреулері (суыр, үлкен құмтышқан, т.б.) қорегін күндіз, басқа түрлері (тоқалтіс, кейбір жыртқыштар, т.б.) іңірде не түнде, ал үшінші біреулері күндіз-түні аулайды. Аю, жанат, жанаттәрізді ит, борсық, т.б. қыста ұзақ ұйқыға кетеді. Көптеген сүтқоректілер (қарақұйрық, ақ бөкен, түлкі, қасқыр, қолқанаттылар, т.б.) маусым сайын қоныс аударып отырады. Сүтқоректілердің көпшілігі жылына 1 рет, кейбір түрлері (кемірушілер, жәндікқоректілер, т.б.) 2 – 3 рет балалайды. Буаздық мерзімі де әр түрлі, мысалы, тышқантәрізділерде – 12 күн, борсық пен жылқыда – бір жылдай. Кейбіреулері 1 айда (сары тоқалтіс), ал кейбіреулері (құлан, марал, бұлан) жыныстық жағынан 2 жасында жетіледі. Тіршілік ету ұзақтығы 14 – 18 айдан (тоқалтіс) 20 – 30 жылға (бұлан, марал, жылқы) дейін созылады.
Шаруашылықтағы маңызы
Сүтқоректілердің шаруашылық маңызы зор. Жабайы аңдардан мамық тері, былғары, ет, май, панта (дәрілік мүйіз), мускус, т.б. өнімдер алынады. Бұлардың бірқатар түрлері (суыр, тиін, ондатр, түлкі, бөкен, т.б.) кәсіптік және әуесқойлық мақсатта ауланады. Кейбір сүтқоректілер (кемірушілер, жыртқыштар) адам мен мал арасына түрлі аурулар (оба, аусыл, құтыру, туляремия, сарып) таратады. Тышқан, тоқалтіс, егеуқұйрық, т.б. – аңдар және орман ш-тарының зиянкестері. Республикадағы аса бай сүтқоректілердің фаунасы мал шаруашылығының аса бағалы генофондысына айналды. Биязы жүнді қой мен арқарды будандастыру нәтижесінде жаңа қой тұқымы – қазақтың арқар-мериносы, үй шошқасын жабайы шошқамен будандастыру арқылы – жетісу шошқасы шығарылды.
Класс тармақтары
Қазіргі кезде тіршілік ететін сүтқоректілер 2 класс тармағына жіктеледі. Олар: ілкіаңдар және қазіргі аңдар.
- Ілкіаңдар (алғашқы аңдар) немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілер - жұмыртқа салады. Құстарға ұқсас клоакасы болады. Оған Австралия және сол аймақтағы аралдарда кездесетін үйректұмсық, түрпі (ехидна), түрпітек (проехидна) жатады.
- Қазіргі сүтқоректілер немесе аңдар екі топқа (төменгі және жоғары сатыдағы аңдар) бөлінеді. Төменгі сатыдағы аңдарды «қалталы сүтқоректілер» деп те атайды. Олардың басым көпшілігі Австралияда, аздаған түрлері Оңтүстік Америкада таралған. Ұрпақтары өте кіші әрі әлжуаз. Ұрпағын аналықтары құрсағындағы қалтасына салып, оның ішкі жағындағы сүт бездерінен бөлінетін сүтімен асырайды. Қалталы сүтқоректілер бұдан 140 млн жыл бұрын пайда болған.
Қазіргі кездегі сүтқоректілердің көпшілігінің ұрығы аналықтарының жатырында дамып жетіледі.
Сүтқоректілердің қорғау
Соңғы кездерде халық шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты қоршаған ортаға төнген экологиялық апаттар жан-жануарлар дүниесінің азаюына, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әсер етуде. Республикада сүтқоректілердің 40-тан астам түрі қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”, ал соның ішінде жұпартышқан, қызыл қасқыр, қабылан, қарақал, барыс, құлан, Мензбир суыры Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Зоология ғылымының сүтқоректілерді зерттейтін саласын териология деп атайды.
Сүтқоректілер мен жорғалаушылардың ұқсастықтары
Сүтқоректілер мен жорғалаушылардың дене құрылысында, тіршілік әрекетінде көптеген ұқсас белгілер (мүйізді қабыршақтар, тырнақтар) көп. Ұрықтарының дамуы да ұқсас. Бұл белгілер олардың туыстық жақын екенін көрсетеді. Бұдан 250—180 млн жыл бұрын аңтісті кесірткелер тіршілік еткен. Олардың тістері қазіргі кездегі сүтқоректілерге ұқсас күрек, сойдақ, азу тістерге жіктелген. Бірте-бірте олардың денесінің сыртында түкті жабын пайда болып, дене температурасы тұрақтанған. Сүтқоректілердің көптеген түрлері өсімдіктермен қоректенуге көшкен. Жыртқыштық жолмен қоректенетіндері де бар. Жоғары сатыдағы сүтқоректілердің сан алуан түрлері бұдан 90—70 млн жыл бұрын жер бетінде кеңінен таралған.
Қорытынды
Сүтқоректілер - көпшілігінің денесін түк қаптаған, дене температурасы тұрақты, ұрпағын сүтімен қоректендіретін, жоғары жаратылымды жануарлар. Миы жақсы жетілген, сондықтан қалыпты жағдай өзгергенде мінез-құлығын да өзгертіп, жаңа жағдайға оңай бейімделеді. Жылықанды және қанайналымының екі шеңбері толық ажыраған. Өкпесінде өкпе ұяшықтары болғандықтан, газ алмасу беті ұлғайған. Сондықтан зат алмасу үдерісі жоғары деңгейде өтеді. Аналық денесінде ұрпағын көтеруге мүмкіндік болғандықтан және оны сүтімен қоректендіре алатындықтан, сүтқоректілер өзге ағзалардан ерекшеленеді. Қазіргі сүтқоректілер негізгі екі класс тармағына бөлінеді. Олар ілкіаңдар (немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілер) және қазіргі аңдар (немесе қалталылар және қағанақтылар) класс тармағы деп аталады. Жұмыртқа салатын, ұшатын, суда жүзіп өмір сүретін, құрлықта мекендейтін сүтқоректілер бар. Бұлардың көпшілігі төрт аяқпен жүреді.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- Қ.Қайым, Б.Муханов, Р.Сәтімбекұлы, М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 228 б., ISBN 5-625-03599-7
- Биология: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sүtkorektiler lat Mammalia zhanuarlardyn hordalylar tipine zhatatyn kurylysy zhogary satydagy omyrtkaly zhanuarlar klasy Sүtkorektilerge urpagyn tiri tuyp sүtimen asyrajtyn zhylykandy zhanuarlar zhatady Қazirgi kezde sүtkorektilerdin 5000 ga zhuyk tүrleri zher sharynyn barlyk ajmaktarynda keninen taralgan Olar tүrli tabigi orta zhagdajlarynda suda aspanda ushyp zhүrip zher astynda kurlykta agash basynda tirshilik etedi Sүtkorektilerdi zerttejtin zoologiya gylymynyn salasyn mammalogiya lat mammalis emshek gr logos gylym kejde teriologiya grekshe terion an logos gylym dep te atajdy Alajda olar әr tүrli ortada kurlykta bolsyn suda bolsyn auada bolsyn kez kelgen zhagdajda kez kelgen klimatta omir sүruge bejim keledi Olardyn miy dene mүshelerinin ozgelerine karganda baska zhanuarlarmen salystyrganda үlken bolady Sүtkorektiler katarynan kurlyk pen tenizdin en үlken zhanuarlary muhitta kitter zhәne kurlykta pilder bolyp tabylady Sүtkorektiler Қazbalyk aukymy 225 0 Ma Kemp or 167 0 Ma Rowe See in textPreK K O S D Kr P T Yu B Pg NSүtkorektiler 1 katar 2 katar 3 katar 4 katar 5 katar 6 katar Eukariottar Zhanuarlar Hordalylar SүtkorektilerZhalpy sipattamasyOmyrtkalylar evolyuciyasynda Sүtkorektilerdin bas sүjeginin kurylysy zhenildej tүsken zhәne ol auyz omyrtkamen berik zhalgaskan tisteri men ayaktary zhetile tүsken dene temperaturasy birkelki turakty zhүregi 4 kameraly kan kyzyl tүjirshikterinin zhetilgenderi yadrosyz esitu apparaty ishki ortangy syrtky kulaktan turady kobinin kulak kalkanshasy zhaksy damygan Kүrek tis it tis azu aldy zhәne azu tisteri bolady azu tisterinen baskasy bir ret kejde birneshe ret almasady Sүtkorektilerdin pajda boluyCinodont Oligokyphus rekonstrukciyasy Sүtkorektiler Zher betinde budan 200 mln zhyl buryn pajda bolgan Sүtkorektilerdin argy tegi permde tirshilik etken antisti karapajym usak bauyrymen zhorgalaushylar Theriodontia Algashky Sүtkorektilerdin kaldyktary zhogargy trias zhynystarynan tabylgan Olar bor kezeninin ayak sheninde zhojylyp ketken Kopbudyrtistiler Multituberculata men birtesiktiler osy kezde tirshilik etken Yura kezeninde pantoterijler pajda bolyp bulardan nagyz andar Theria shykkan olar men urykzholdasty zhanuarlardyn negizi boldy Denesinin kurylysyOlardyn turky 4 sm salmagy 1 2 gramdyk sondaj ak turky 33 m salmagy 150 tonna tartatyndary da bar Denesi tүkpen kaptalgan aldyngy mi synarlarynyn syrtynda mi kyrtysy zhaksy damygan Teri zhabyny Sүtkorektiler terisinin kurylysy 1 tүk 2 epidermis 3 maj shygaratyn bez 4 teri astyndagy bulshyk et 5 derma 6 tүk kaltasy 7 ter bezi Sүtkorektilerdin teri zhabyny baska omyrtkalylarga uksas eki kabattan turady Teride maj ter sүt iis shygaratyn bezderi bolady Tүk mүjizdi tyrnak mүjiz zhәne tuyaktar terinin kosalky bolimderine zhatady Teri bezderi men ter bezderi zat almasuyn dene temperaturasyn rettejdi zhәne teri bezderinin iisti zatynyn zhauynan korganuda үjirge tүskende birin biri tabuda eliktetude manyzy үlken Қankasy Қankasy bassүjek omyrtka zhotasymen keude kuysy iyk beldeui men aldyngy ayaktardan zhәne zhambas beldeui men artky ayaktardan turady Sүtkorektilerdin mojyn omyrtkasy 7 Bassүjekke astyngy zhaksүjek kozgalmaly buyn arkyly bajlanyskan Bassүjektegi baska sүjekter birimen biri zhiktesip tutasyp ketken Omyrtkalarynyn beti zhalpak platiceldi Mojyn omyrtkasy 7 6 boluy sirek tek kejbir teniz siyrlarda ne 8 9 zhalkau annyn kejbir tүri Kobinin ayagy bes sausakty birak kobine katty ozgergen mysaly tak tuyakty zhylky eskek tәrizdi itbalyk kit kanat tәrizdi zharkanat Kejbir tүrinin artky ayaktary zhojylyp ketken rudiment tүrinde gana saktalgan Keude kuysy men kursak kuysyn kok et diafragma bolip turady Bulshyk etteri Sүtkorektilerdin bulshyketteri zhaksy damygan Әsirese aldyngy artky ayaktaryndagy bulshyketter tүrli bagytta ornalaskan Bassүjektegi shajnau bulshyketterinin bәri astyngy zhaksүjekpen bajlanysady Sүtkorektilerde keude men kursak kuystaryn bolip turatyn koket diafragma pajda bolgan Koket tynys tyk kozgalystarga tynysalu tynysshygaru katysady Askorytu zhүjesi Sүtkorektilerdin askorytu zhүjesi kүrdelilene tүsip etti erinder pajda bolgan Ezuden shykshytka dejingi zhaksүjekti iekpen zhalgastyryp tutastyratyn bulshyket dat dep atalady Үstingi zhәne astyngy zhaksүjekterdin uyashyktarynda tister ornalaskan Olar kurylysyna atkaratyn kyzmetine sәjkes kүrek sojdak kishi zhәne үlken azu tister dep bolinedi Aldymen sүt tisteri osip kejin tүsip ornyna turakty tister shygady Auyz kuysyna 3 4 zhup silekej bezderinin ozekteri ashylady Auyz kuysy zhutkynshakpen ol onesh arkyly karynmen zhalgasady Қaryndagy koptegen usak bezder karyn solin boledi Kүjis kajyratyn zhanuarlardyn әsirese siyrda karny kop kuysty Ony taz karyn zhumyrshak takiya karyn katparshak kyryk katpar zhәne ultabar dep 4 bolimge boledi Tynys alu zhүjesi Aua otetin mүsheler men okpeden tynys zhүjesi kuralady Aua otetin mүshelerge tanau tesikteri zhutkynshak komekej kenirdek auatamyrlar zhatady Sүtkorektiler okpesinin ishi koptegen perdeler arkyly kuystarga bolingen Olardy okpe kopirshikteri dep atajdy Өkpe kopirshekterinin syrtyn kyltamyrlar torlajdy da sol zherde gaz almasu zhүredi Keude kuysynyn kejde kenejip kejde taryluyna sәjkes okpege aua enedi zhәne keri shygady Қanajnalym zhүjesi Қanajnalym zhүjesi kustarga uksas zhүregi tolyk tort kuysty Arteriya kany men vena kany aralaspajdy Sүtkorektilerdin kustardan ajyrmashylygy sol zhak karynshadan bastalatyn kolka tamyry sol zhak kolka dogasyn kurajdy Қustarda on zhak kolka dogasy bolady Қan denede gaz ben korektik zattardy tasymaldajdy Zәrshygaru zhүjesi Eki bүjrek 2 synar kuyk zhәne zәrshygaru ozeginen zәrshygaru zhүjesi tүziledi Zhүjke zhүjesi Zhүjke zhүjesi kүrdeli kurylysta Әsirese midyn kolemi үlken Aldyngy mi ajkyn mi synarlaryna bolingen Mi synarlarynyn syrtyndagy koptegen iirim sajshalar mi kyrtysynyn kolemin ulgajtady Sүtkorektilerdin kүrdeli kozgalys әreketine bajlanysty mishygy da zhaksy zhetilgen Mishyktyn syrtynda sajshalar iirimder kop Miynyn үlken zhartysharlary zhaksy damygan Sezim mүsheleri Sүtkorektilerdin iis sezui ote zhaksy damygan Olar iis sezui arkyly koregin izdep tabady zhauynan korganady zhup kurady Tek suda tirshilik etetin kitterde iis sezui ote nashar damygan Kopshilik sүtkorektilerde estu mүshesi zhaksy zhetilgen Sүtkorektilerde syrtky kulakka zhatatyn kulak kalkany pajda bolgan Dybys tolkyndaryn sol arkyly kabyldajdy Tek suda zher astynda tirshilik etetin sүtkorektilerde bolmajdy Syrtky zhәne ortangy kulak arasy dabyl zhargagymen bolingen Sүtkorektilerdin ortangy kulak kuysynda balva tos үzengi sүjekteri bolady Қosmekendilerde zhorgalaushylarda zhәne kustarda bir gana үzengi sүjegi bolatynyn eske tүsirinder Zharkanattar tүlender delfinder ozderinen shygargan ote әlsiz dybys zhangyryktaryn kajta kabyldaj alady Kobeyu mүsheleri Sүtkorektiler dara zhynysty Olar ishtej uryktanady Ұryk analyk zhynys mүshesi zhatyrda damyp zhetiledi Zhatyrdyn kabyrgasynda uryk pen analyk agzanyn arasynda arnajy mүshe uryk moldasy placenta pajda bolgan Ol zat almasudy rettep otyrady Ony maldyn shuy dep te atajdy Sondyktan zhogary satydagy sүtkorektilerdi urykzholdastylar dep atajdy Zhatyrdyn kabyrgasynda uryktyn damyp zhetilui sүtkorektilerdin zheke tүrlerine bajlanysty tүrli merzimdi kamtidy Mysaly үjkoyannyn buaz bolu merzimi bir aj Zhabajy koyan 45 51 kүn bugylar 8 9 aj zhylky 10 aj tүje 12 13 ajda toldejdi Halyk ugymynda 12 tүje 10 zhylky 9 siyr 5 eshki 1 5 koyan 3 tүlki taba almasan bul kүlki degen zhumbakta әrbir zhanuardyn buaz bolu merzimi nakty ajtylgan Minez kylygyAldyngy mi synarlarynda iirimder midyn kolemin arttyryp sүtkorektilerdin shartty refleksterinin tүziluine zhenildik zhasajdy Syrtky ortadan kelgen sansyz habarlarga oraj aluan tүrli shartty reflekster kalyptasady tirshilik ortasynyn ozgerisine bejimdelu arkyly zhanuarlarda zhana bajlanystar pajda bolady Mysaly sүtkorektilerdin balasy dүniege kelisimen anasynyn sүtin korek etedi ata enesinin bauyrynda zhүrip ata enesi pajdalanatyn azypen korektenuge bejimdeledi Eger zhytrkyshtyn balasy bolsa etpen al osimdikkorekti zhanuardyn balasy osimdikpen korektenudin әdisine үjrenedi Ekologiyalyk toptarySүtkorektiler baska zhanuarlarmen salystyrganda tүrli tabigi orta zhagdajlaryn zhaksy bejimdelgen Zher sharynda keninen taralgan Olar kurlykta auada agash basynda zher astynda tүrli su ajdyndarynda tirshilik etedi Әr tүrli orta zhagdajlarynda tirshilik etuine bajlanysty sүtkorektilerdi birneshe ekologiyalyk toptarga boledi Gepard Zharkanat Қurlykty mekendejtin sүtkorektiler Antarktidadan baska kurlyktarda keninen taralgan zhәne koptegen tүrlerdi kamtidy Olar ashyk zherlerde buta men agash arasynda kejde agash basynda kezdesedi Ashyk zherlerde sarshunaktar suyrlar kosayaktar mekendejdi Tuyakty sүtkorektiler kulan zholat akbo karakujryk arkarlar da kurlyk andary Buta men agash arasynan bugy bulan ayu sileusin bulgyndardy kezdestiruge bolady Zher astynda tirshilik etetin sүtkorektiler kortyshkandar sokyr tyshkandar kaltaly kortyshkandar zhatady Olar tirshiliginin kop boligin zher astyndagy inderinde otkizedi Aldyngy ayaktary men kүrek tisteri zhaksy zhetilgen Topyrak arasyndagy zhәndiktermen korektenedi Suda tirshilik etetin sүtkorektilerdin tirshiligi tikelej suly ortaga bajlanysty Ogan kundyzdar zhupartyshkandar ondatrlar kәmshattar tүlender kitter delfinder zhatady Tүlender kobeyu toldeu kezinde gana kurlykka su betindegi katkan muzga shygady Қalgan uakytta suda tirshilik etedi Kitterdin barlyk tirshiligi su ishinde otedi Ұshatyn sүtkorektilerge kolkanattylar zharkanattar zhatady Өte uzyn 2 5 sausaktarynyn arasynda denesinin eki kaptalynda zhuka terili zhargagy bolady Olar zhargakty kanattyn komegimen auada ote zhyldam ushady TүrleriPil Sүtkorektiler Zher sharynda ken taragan Sүtkorektilerge gominidter de zhatady Қazirgi kezde sүtkorektiler klasy 2 klass tarmagynan kuramynda zhumyrtka salushylar otryady bar algashky andar klass tarmagynan zhәne kuramynda kaltaly zhanuarlar men urykzholdastylar infraklasy bar nagyz andar klass tarmagynan turady Sүtkorektilerdin 4 5 mynnan astam tүri belgili Zhyly kandylygy urpagyna kamkorlyk zhasauy zhogargy zhүjke zhүjesinin boluy sүtkorektilerge zher sharynyn Soltүstik polyusinen bastap Antarktida zhagalaularyna dejingi barlyk zherdi mekendeuge mүmkindik berdi Қazakstanda sүtkorektilerdin 8 otryady zhәndik zhegishter kolkanattylar kemirgishter koyantәrizdiler zhyrtkyshtar zhuptuyaktylar taktuyaktylar zhәne eskekayaktylar 31 tukymdasy zhәne 180 nen astam tүri kezdesedi Әsirese kosayak alamantәrizdiler kuysmүjizdiler zherteserler t b tukymdastarynyn tүrleri ote kop Zheke zhүrip kirpi zherteser susar ayu t b toptalyp shakyldak saryshunak suyr tabyn үjir bolyp arkar tauteke ak boken tirshilik etedi Sүtkorektilerdin kejbireuleri suyr үlken kumtyshkan t b koregin kүndiz baska tүrleri tokaltis kejbir zhyrtkyshtar t b inirde ne tүnde al үshinshi bireuleri kүndiz tүni aulajdy Ayu zhanat zhanattәrizdi it borsyk t b kysta uzak ujkyga ketedi Koptegen sүtkorektiler karakujryk ak boken tүlki kaskyr kolkanattylar t b mausym sajyn konys audaryp otyrady Sүtkorektilerdin kopshiligi zhylyna 1 ret kejbir tүrleri kemirushiler zhәndikkorektiler t b 2 3 ret balalajdy Buazdyk merzimi de әr tүrli mysaly tyshkantәrizdilerde 12 kүn borsyk pen zhylkyda bir zhyldaj Kejbireuleri 1 ajda sary tokaltis al kejbireuleri kulan maral bulan zhynystyk zhagynan 2 zhasynda zhetiledi Tirshilik etu uzaktygy 14 18 ajdan tokaltis 20 30 zhylga bulan maral zhylky dejin sozylady Sharuashylyktagy manyzyMal sharuashylygy Sүtkorektilerdin sharuashylyk manyzy zor Zhabajy andardan mamyk teri bylgary et maj panta dәrilik mүjiz muskus t b onimder alynady Bulardyn birkatar tүrleri suyr tiin ondatr tүlki boken t b kәsiptik zhәne әueskojlyk maksatta aulanady Kejbir sүtkorektiler kemirushiler zhyrtkyshtar adam men mal arasyna tүrli aurular oba ausyl kutyru tulyaremiya saryp taratady Tyshkan tokaltis egeukujryk t b andar zhәne orman sh tarynyn ziyankesteri Respublikadagy asa baj sүtkorektilerdin faunasy mal sharuashylygynyn asa bagaly genofondysyna ajnaldy Biyazy zhүndi koj men arkardy budandastyru nәtizhesinde zhana koj tukymy kazaktyn arkar merinosy үj shoshkasyn zhabajy shoshkamen budandastyru arkyly zhetisu shoshkasy shygaryldy Klass tarmaktaryҚazirgi kezde tirshilik etetin sүtkorektiler 2 klass tarmagyna zhikteledi Olar ilkiandar zhәne kazirgi andar Ilkiandar algashky andar nemese zhumyrtka salatyn sүtkorektiler zhumyrtka salady Қustarga uksas kloakasy bolady Ogan Avstraliya zhәne sol ajmaktagy araldarda kezdesetin үjrektumsyk tүrpi ehidna tүrpitek proehidna zhatady Қazirgi sүtkorektiler nemese andar eki topka tomengi zhәne zhogary satydagy andar bolinedi Tomengi satydagy andardy kaltaly sүtkorektiler dep te atajdy Olardyn basym kopshiligi Avstraliyada azdagan tүrleri Ontүstik Amerikada taralgan Ұrpaktary ote kishi әri әlzhuaz Ұrpagyn analyktary kursagyndagy kaltasyna salyp onyn ishki zhagyndagy sүt bezderinen bolinetin sүtimen asyrajdy Қaltaly sүtkorektiler budan 140 mln zhyl buryn pajda bolgan Қazirgi kezdegi sүtkorektilerdin kopshiliginin urygy analyktarynyn zhatyrynda damyp zhetiledi Sүtkorektilerdin korgauSongy kezderde halyk sharuashylygynyn karkyndy damuyna bajlanysty korshagan ortaga tongen ekologiyalyk apattar zhan zhanuarlar dүniesinin azayuyna tipti kejbir tүrlerinin zhojylyp ketuine әser etude Respublikada sүtkorektilerdin 40 tan astam tүri korgauga alynyp Қazakstannyn Қyzyl kitabyna al sonyn ishinde zhupartyshkan kyzyl kaskyr kabylan karakal barys kulan Menzbir suyry Halykaralyk tabigat korgau odagynyn Қyzyl kitabyna engizilgen Zoologiya gylymynyn sүtkorektilerdi zerttejtin salasyn teriologiya dep atajdy Sүtkorektiler men zhorgalaushylardyn uksastyktarySүtkorektiler men zhorgalaushylardyn dene kurylysynda tirshilik әreketinde koptegen uksas belgiler mүjizdi kabyrshaktar tyrnaktar kop Ұryktarynyn damuy da uksas Bul belgiler olardyn tuystyk zhakyn ekenin korsetedi Budan 250 180 mln zhyl buryn antisti kesirtkeler tirshilik etken Olardyn tisteri kazirgi kezdegi sүtkorektilerge uksas kүrek sojdak azu tisterge zhiktelgen Birte birte olardyn denesinin syrtynda tүkti zhabyn pajda bolyp dene temperaturasy turaktangan Sүtkorektilerdin koptegen tүrleri osimdiktermen korektenuge koshken Zhyrtkyshtyk zholmen korektenetinderi de bar Zhogary satydagy sүtkorektilerdin san aluan tүrleri budan 90 70 mln zhyl buryn zher betinde keninen taralgan ҚorytyndySүtkorektiler kopshiliginin denesin tүk kaptagan dene temperaturasy turakty urpagyn sүtimen korektendiretin zhogary zharatylymdy zhanuarlar Miy zhaksy zhetilgen sondyktan kalypty zhagdaj ozgergende minez kulygyn da ozgertip zhana zhagdajga onaj bejimdeledi Zhylykandy zhәne kanajnalymynyn eki shenberi tolyk azhyragan Өkpesinde okpe uyashyktary bolgandyktan gaz almasu beti ulgajgan Sondyktan zat almasu үderisi zhogary dengejde otedi Analyk denesinde urpagyn koteruge mүmkindik bolgandyktan zhәne ony sүtimen korektendire alatyndyktan sүtkorektiler ozge agzalardan erekshelenedi Қazirgi sүtkorektiler negizgi eki klass tarmagyna bolinedi Olar ilkiandar nemese zhumyrtka salatyn sүtkorektiler zhәne kazirgi andar nemese kaltalylar zhәne kaganaktylar klass tarmagy dep atalady Zhumyrtka salatyn ushatyn suda zhүzip omir sүretin kurlykta mekendejtin sүtkorektiler bar Bulardyn kopshiligi tort ayakpen zhүredi Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom Қ Қajym B Muhanov R Sәtimbekuly M Shajmardankyzy Zhanuartanu 1998 228 b ISBN 5 625 03599 7 Biologiya Zhalpy bilim beretin mekteptin 7 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura 2007 ISBN 9965 34 607 0