Жұптұяқтылар (лат. Artiodactyla) – сүтқоректілер класының бір отряды.
Жұптұяқтылар Қазбалық ауқымы: 54–0 Ma Early Эоцен - Recent | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Кейбір жұптұяқтылардың алдыңғы оң сирағының сүйектері. Солдан оң жаққа қарай: доңыз (Жабайы шошқа), марал (Кермарал), түйе (Camelus bactrianus). | ||||||||||
| ||||||||||
К | ||||||||||
Бұлардың қазба қалдықтары эоцен дәуірінен сақталған. Арғы тегі ежелгі тұяқтылар – кондилартрлар деп есептелінеді. Жұптұяқтылар Жер шарында кең таралған. Австралия мен Жаңа Зеландияда да жерсіндірілген. Бұлар негізінен ашық алаңқайларды мекендейді.Жұптұяқты жануарлар, бегемоттан басқасы (ол суда да, құрлықта да өмір сүреде), тек құрлықта ғана тіршілік етеді. Кейбір түрлері су жағалауында, таулы өңірде, орманда да кездеседі. Арасында топталып тіршілік ететіндері мен жыл маусымдарына сәйкес қоныс аударып отыратын түрлері де (мысалы, ақ бөкен) бар. Жұптұяқтылардың 9 тұқымдасқа, 85 туысқа бірігетін 200-дей түрі белгілі. Жұптұяқтылар 2 отряд тармағына жіктеледі:
1) күйіс қайырмайтындар (Nonrumіnantіa), бұлардың 3 тұқымдасы (доңыз, бегемот, ), 134 туысы, 19 түрі бар; 2) күйіс қайыратындар (Rumіnantіa), бұлардың 6 тұқымдасы (құдыр, бұғы, жираф, қуысмүйізділер, өгіз, бұғышақ), 255 туысы, 170-тей түрі белгілі.
Жұптұяқтылардың денесінің ұзындығы 52 см-ден 500 см-ге дейін, денесінің шоқтығына дейінгі биіктігі. 25 см-ден 350 см-ге дейін, салмағы 2 – 3 кг-нан 3 т-ға дейін жетеді. Негізінен өсімдікқоректі жануарлар, бірақ ішінде қорек талғамайтын түрлері де бар (мысалы, жабайы шошқа). Бұлардың алдыңғы және артқы аяқтарында 2 жұп башайы болады, атауы осыған байланысты қойылған. 1-башайы жойылған, ал үшінші және төртінші башайлары ұзын әрі жақсы жетілген. Күдір, бұғы,арқар,киік,сиыр,қой-ешкі,жираф,доңыз- бұлардың барлығы жұптұяқты сүтқоректілер.Осы жұптұяқтыларға жататын қой мен ешкіні қазақ халқы ашатұяқтылар деп те атайды. Жұптұяқтылардың кәсіптік маңызы зор. Бағалы терісі мен жүні, дәмді еті үшін жабайы жұптұяқтылар көп ауланады. Сондықтан бұлардың саны жылдан-жылға азаюда. Қазір жұптұяқтылардың 21 түрі, 14 түр тармағы Халықар. табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Ал Қазақстанда 4 түрі және 5 түр тармағы Ұлттық «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Қоректенуі
Бұлардың ішінде доңыз тамақ талғамайды., қалғандары тек өсімдікпен қоректенеді. Жұптұяқты сүтқоректілер қоректену тәсіліне қарай екі топқа бөлінеді: күйіс қайырмайтын және күйіс қайыратын жануарлар.
Күйіс қайырмайтын жұптұяқты сүтқоректілерге доңыздар мен бегемоттарды жатқызады. Бұлардың иттістері ұзын және азу тістері бұдырлы болып, қорегін толық шайнап жұтады.Қарыны қарапайым құрылысты болғандықтан, жұтқан асы ауызға қайта барып шайналмайды. Шайнаған асы тікелей жұтылып , қарында қорытылатын жануарлар күйіс қайырмайтын жұптұяқтылар деп аталады.
Күйіс қайыратын жұптұяқты сүтқоректілердің аяқтары сида, ұзын болғандықтан , шапшаң жүгіре алады. Бұлардың қарны күрделі-үш төрт бөліктен құралып, жеген қорегін қарыннан ауызға лоқсытып,екінші рет шайнағаннан соң ғана қайтадан жұтады. Күйіс қайыратын сүтқоректілердің көпшілігінде мүйіз болады, ол иттістері нашар дамиды немесе мүлде болмайды. Бұлан, бұғы, киік, жираф,күдір, арқар сияқты 180-ге тарта сүтқоректілер күйіс қайыратын жұптұяқты жануарлар болып табылады. Бұлар туа салысымен енесінің соңына ілесе алатын сергек 1-2 төл туады. Шайнап жұтылған қоректі қарыннан қайта ауызға лоқсып, екінші рет шайнағаннан кейін ғана толық жұтатын жануарлар күйіс қайыратын жұптұяқтылар деп аталады.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы"
- Акимушкин И., Мир животных. Млекопитающие или звери, М., 1988;
- Соколов В.Е., Фауна мира. Млекопитающие. Справочник, М., 1990;
- Бекенов А., т.б., Қазақстан сүтқоректілері, А., 1995.
- Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 248 б., ISBN 5-625-03599-7
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhuptuyaktylar lat Artiodactyla sүtkorektiler klasynyn bir otryady Zhuptuyaktylar Қazbalyk aukymy 54 0 Ma PreK K O S D Kr P T Yu B Pg NEarly Eocen RecentKejbir zhuptuyaktylardyn aldyngy on siragynyn sүjekteri Soldan on zhakka karaj donyz Zhabajy shoshka maral Kermaral tүje Camelus bactrianus Dүniesi ZhanuarlarZhamagaty HordalylarTaby SүtkorektilerҰly saby Saby Artiodactyla 1848KTylopoda Suina Bulardyn kazba kaldyktary eocen dәuirinen saktalgan Argy tegi ezhelgi tuyaktylar kondilartrlar dep eseptelinedi Zhuptuyaktylar Zher sharynda ken taralgan Avstraliya men Zhana Zelandiyada da zhersindirilgen Bular negizinen ashyk alankajlardy mekendejdi Zhuptuyakty zhanuarlar begemottan baskasy ol suda da kurlykta da omir sүrede tek kurlykta gana tirshilik etedi Kejbir tүrleri su zhagalauynda tauly onirde ormanda da kezdesedi Arasynda toptalyp tirshilik etetinderi men zhyl mausymdaryna sәjkes konys audaryp otyratyn tүrleri de mysaly ak boken bar Zhuptuyaktylardyn 9 tukymdaska 85 tuyska birigetin 200 dej tүri belgili Zhuptuyaktylar 2 otryad tarmagyna zhikteledi 1 kүjis kajyrmajtyndar Nonruminantia bulardyn 3 tukymdasy donyz begemot 134 tuysy 19 tүri bar 2 kүjis kajyratyndar Ruminantia bulardyn 6 tukymdasy kudyr bugy zhiraf kuysmүjizdiler ogiz bugyshak 255 tuysy 170 tej tүri belgili Zhuptuyaktylardyn denesinin uzyndygy 52 sm den 500 sm ge dejin denesinin shoktygyna dejingi biiktigi 25 sm den 350 sm ge dejin salmagy 2 3 kg nan 3 t ga dejin zhetedi Negizinen osimdikkorekti zhanuarlar birak ishinde korek talgamajtyn tүrleri de bar mysaly zhabajy shoshka Bulardyn aldyngy zhәne artky ayaktarynda 2 zhup bashajy bolady atauy osygan bajlanysty kojylgan 1 bashajy zhojylgan al үshinshi zhәne tortinshi bashajlary uzyn әri zhaksy zhetilgen Kүdir bugy arkar kiik siyr koj eshki zhiraf donyz bulardyn barlygy zhuptuyakty sүtkorektiler Osy zhuptuyaktylarga zhatatyn koj men eshkini kazak halky ashatuyaktylar dep te atajdy Zhuptuyaktylardyn kәsiptik manyzy zor Bagaly terisi men zhүni dәmdi eti үshin zhabajy zhuptuyaktylar kop aulanady Sondyktan bulardyn sany zhyldan zhylga azayuda Қazir zhuptuyaktylardyn 21 tүri 14 tүr tarmagy Halykar tabigat korgau odagynyn Қyzyl kitabyna engizilgen Al Қazakstanda 4 tүri zhәne 5 tүr tarmagy Ұlttyk Қyzyl kitapka engizilgen ҚorektenuiBulardyn ishinde donyz tamak talgamajdy kalgandary tek osimdikpen korektenedi Zhuptuyakty sүtkorektiler korektenu tәsiline karaj eki topka bolinedi kүjis kajyrmajtyn zhәne kүjis kajyratyn zhanuarlar Kүjis kajyrmajtyn zhuptuyakty sүtkorektilerge donyzdar men begemottardy zhatkyzady Bulardyn ittisteri uzyn zhәne azu tisteri budyrly bolyp koregin tolyk shajnap zhutady Қaryny karapajym kurylysty bolgandyktan zhutkan asy auyzga kajta baryp shajnalmajdy Shajnagan asy tikelej zhutylyp karynda korytylatyn zhanuarlar kүjis kajyrmajtyn zhuptuyaktylar dep atalady Kүjis kajyratyn zhuptuyakty sүtkorektilerdin ayaktary sida uzyn bolgandyktan shapshan zhүgire alady Bulardyn karny kүrdeli үsh tort bolikten kuralyp zhegen koregin karynnan auyzga loksytyp ekinshi ret shajnagannan son gana kajtadan zhutady Kүjis kajyratyn sүtkorektilerdin kopshiliginde mүjiz bolady ol ittisteri nashar damidy nemese mүlde bolmajdy Bulan bugy kiik zhiraf kүdir arkar siyakty 180 ge tarta sүtkorektiler kүjis kajyratyn zhuptuyakty zhanuarlar bolyp tabylady Bular tua salysymen enesinin sonyna ilese alatyn sergek 1 2 tol tuady Shajnap zhutylgan korekti karynnan kajta auyzga loksyp ekinshi ret shajnagannan kejin gana tolyk zhutatyn zhanuarlar kүjis kajyratyn zhuptuyaktylar dep atalady Derekkozder Қazak Enciklopediyasy Akimushkin I Mir zhivotnyh Mlekopitayushie ili zveri M 1988 Sokolov V E Fauna mira Mlekopitayushie Spravochnik M 1990 Bekenov A t b Қazakstan sүtkorektileri A 1995 Қ Қajym B Muhanov R Sәtimbekuly M Shajmardankyzy Zhanuartanu 1998 248 b ISBN 5 625 03599 7