Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.), ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан (майсыздандырылған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, , т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына ірі қара, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады. Мал шаруашылығының ғылыми негізі зоотехния болып табылады.
Ірі қара өсіру
Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.
- Ет өндіруден жетекші елдер
Елдер | Өндіру көлемі, млн т | Дүниежүзіндегі орны |
---|---|---|
Қытай | 55,3 | 1 |
АҚШ | 35,8 | 2 |
Бразилия | 11,7 | 3 |
Германия | 6,5 | 4 |
Франция | 6,2 | 5 |
Үндістан | 4,6 | 6 |
Испания | 4,4 | 7 |
Ресей | 4,4 | 8 |
Мексика | 4,1 | 9 |
Ұлыбритания | 3,8 | 10 |
Дүниежүзі бойынша | 216,2 | 0,0 |
Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру көбінесе қала маңы мен халық тығыз қоныстанған аудандарда дамыған. Әсіресе Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. Сүт өндіруден АҚШ, Ресей, Үндістан, Бразилия және Батыс Еуропа елдері ерекше көзге түседі. Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан, Африкада, әсіресе оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі — ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны. Сондықтан да мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қарадан зебу өсіріледі.
Шошқа шаруашылығы
Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.
Қой шаруашылығы
Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.
Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы — Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км²-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10—20, тіпті 50—100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы — Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған.
Құс шаруашылығы
Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі. Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда.
Басқа да шаруашылықтар
Жоғарыда аталған мал шаруашылығының кең тараған басты салаларынан басқа табиғат жағдайларының ерекшеліктеріне сәйкес Африка мен Азияның шөлді аудандарында түйе мен ешкі өсіру, Орталық Азияның таулы аудандарында қодас өсіру, солтүстіктегі тундра зонасында бұғы өсіру сияқты шаруашылықтар да кездеседі. Сонымен қатар омарта шаруашылығы, жібек құртын өсіру, аңдардың кейбір түрлерін (әсіресе терісі бағалы аңдар: түлкі, сусар, бұлғын және т.б.), крокодил мен түйеқұс (страус) өсіру сияқты арнаулы шаруашылықтар да бар.
Мал шаруашылыры барынша дамыған аудандарда экологиялық проблемалардың туындайтыны белгілі жайт. Мал тұяғының әсерінен топырақ эрозиясы жүруде, жайылымдардағы өсімдік жамылғысы жұтандануда, тіпті жойылуға жақындауда. Ал ірі интенсивті мал шаруашылығы жинақталған жерлерде (ірі қара, шошқа бордақылау және құс семірту) топырақ, су және ауа да ластануға ұшырауда.
Қазақстандағы мал шаруашылығы
Мал шаруашылығының тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы жануарларды қолға үйрету кезеңінен бастау алады. Алғашқыда мал шаруашылығы табиғи сипатта дамығандықтан малдардың өнімділік бағыттары мен тұқымдары санын ұлғайтуға жеткілікті жағдайлар болмады. Мал тұқымдарын шығарудың қарқын алуы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тауарлары сипат алған капиталистік қатынастардың өркендеуімен тығыз байланыста жүрді. Мыңдаған жылдық тарихы бар мал шаруашылығының Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы орны ерекше болды. 20 ғасырдың басына дейін адамдардың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілік деңгейі түгелге жуық мал шаруашылығының өркендеу деңгейімен анықталды. Қазақстан жерінде мал шаруашылығы ежелден жайылым ауыстырып отыруды талап ететін көшпелі жүйе бойынша дамығандықтан негізінен қой, ешкі, жылқы және түйе өсірілді. Салыстырмалы түрде күтімді және құнарлы азықтарды көп қажет ететін сиырдың кеңінен таралуы, сондай-ақ, қазақ халқы төрт түлік мал санатына қоспайтын шошқа өсірудің қолға алынуы 19 — 20 ғасырларда Ресейден орыс шаруаларының қоныс аударып келе бастауымен тығыз байланысты. Сол кездерде Орталық Қазақстан аймағындағы мал шаруашылығы ерекшеліктерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесі мал түрлері үлес салмағының төмендегідей болғандығын көрсетті.
Қазақстанда 19 ғасырдың соңына дейін негізінен қой, ешкі, түйе және жылқы түліктері өсірілуінің бірнеше басты себептері бар: Жер аумағының 70%-ға жуығын (182 млн. га) осы малдарды өсіру арқылы тиімді пайдалануға болатын жайылым алқаптары алып жатты; айтылған малдар жергілікті табиғат жағдайларына барынша бейімделді, жыл бойына дерлік жайылым азығын пайдаланып өсіп-өнді, сонымен бірге, жергілікті халық олардың өзіндік құны төмен және зор сұранысқа ие өнім түрлерін өндіру мен оларды өңдеудің тиімді технологияларын (ет, май, сүттен, тағам, жүн, теріден киім-кешек, көшпелі баспана —киіз үй жасау) жақсы меңгерді. Әр түрлі аймақтардағы мал шаруашылығының дамуы мен түлік түрлерінің үлес салмағына нақты аудандардың жер, су, ауа райы ерекшеліктері үлкен әсерін тигізеді. Сиыр өсіру әуелден-ақ топырағы құнарлы, шалғынды аймақтарда нәтижелі жүргізілсе, шөл және шөлейт жерлерде малдың негізгі бөлігін (80%-дан аса) уақ малдар (қой, ешкі) құрады.
Қазақстанда 1916 жылы 18,4 млн. бас қой мен ешкі, 4,3 млн. жылқы, 733 мың түйе, 5,0 млн. бас сиыр өсірілді. 1918 — 21 жылы Азамат соғысы мен бірнеше рет қайталанған жұт нәтижесінде мал саны 1916 жылмен салыстырғанда 3 еседен аса төмендеді. 1923 — 29 жыды аралығында ауыл шаруашылығын игеруге бағытталған жан-жақты шаралар барысында мал саны қайтадан 1916 жылғы деңгейге жеткізілді. Алайда, 1930 — 33 жылы ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру науқанында жіберілген өрескел қателіктер салдарынан мал басы 10 еседен аса қысқарды. Республика мал шаруашылығын қалпына келтіруде 1932 жылы қабылдаған “Қазақстан мал шаруашылығы туралы” шешімінің маңызы зор болды. Әрбір отбасыға 100-ге дейін қой-ешкі, 8 — 10 сиыр, 3 — 5 түйе мен 8 — 10 жылқы ұстауға рұқсат берілді.
Қазақстанда ауыл шаруашылығы мен өндірісті жоспарлы түрде дамыту, жаңа жерлерді игеру және отырықшылық өмір салтының берік орнығуы Мал шаруашылығының жаңа бағыттары — сүтті және етті мүйізді ірі қара мал шаруашылығын, биязы және биязылау жүнді қой шаруашылықтарын, қаракөл қойы шаруашылығын өркендетуге кең жол ашты. 1934 — 90 жылы аралығында ұжымдық және кеңестік шаруашылықтар жұмысының жүйелі ұйымдастырылуы Мал шаруашылығының барлық салаларын айтарлықтай жоғары қарқында дамытуға мүмкіндік берді. 1990 — 92 жылы Қазақстанда малдың 51, оның ішінде 18 қой, 11 мүйізді ірі қара, 13 жылқы, 3 түйе тұқымдары мен тұқымдық топтары өсірілді. Олардың жартысына жуығы 12 қой, 4 сиыр және 3 жылқы тұқымы Қазақстан ғалымдары мен Мал шаруашылығы саласы мамандарының бірлескен жемісті еңбегі нәтижесінде шығарылды. Осы мал тұқымдарының гендік қорын тиімді пайдалану, зоотехникалық талаптарға сай азықтандыру мен бағуға негізделген технологиялардың кеңінен қолданылуы жыл сайын 1,5 млн. тонна ет (сойыс салмағымен), 5,5 млн. тонна сүт, 100 мың тонна (табиғи) жүн және 1700 мың данаға жуық қаракөл елтірісін өндіруді қамтамасыз етіп келді. 1990 — 2000 жылы ауыл шаруашылығын реформалауда жіберілген кемшіліктер салдарынан мал саны күрт кеміді, оның ішінде сиыр 2,4, қой мен ешкі 3,7, жылқы 1,7, түйе 1,5 есеге азайды. Нәтижесінде негізгі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 2,5 — 3,0 есеге дейін қысқарды.
Бұл ауыл халқының әлеуметтік жағдайының күрт нашарлауына алып келді, республика бойынша жан басына шаққанда ет және ет өнімдерін тұтыну мөлшерінің 73 кг-нан 40 кг-ға, сүт және сүт өнімдерінің 311 кг-нан 208 кг-ға дейін төмендеуіне әкеліп соқты (ғылыми негізделген мөлшерден 2 еседей аз). Ел экономикасының тұрақталуына байланысты, 2000 жылдан бастап Мал шаруашылығында оңды өзгерістер орын ала бастады. 1999 — 2000 жылдармен салыстырғанда (3-кесте), 2004 жылы сиыр 24,0 — 22,7%-ға, оның ішінде аналық сиырлар 16,0 — 15,4%-ға, қой мен ешкі 16,0 — 15,4%-ға, жылқы 5,4 — 7,2%-ға, түйе 18,0 — 17,6%-ға көбейді. Бұл ретте ірі қарамен (сиыр, жылқы, түйе) салыстырғанда, саны (қой, ешкі) 20 ғасырдың 90-жылдарының басында тез кеміген болса, ал қазір қарқындырақ артып отырғандығы байқалады. Бірінші жағдай реформаның алғашқы жылдарында уақ малдың баспа-бас есеп айыру құралы ретінде қолдануға тиімді болғандығымен, ал екінші жағдай олардың өсімталдық қасиеттерінің жоғарылығымен түсіндіріледі.
Қалыптасуы
Қазақ жері — мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары — қой мен ешкі. Қойдың арғы тегі — арқар (муфлон), ал ешкінікі — таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8—7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған.
Сиыр тұқымының дәл қай жерден шыққаны әлі аныкталмаған. Дегенмен де қолға үйретілген сиырдың да ең көне заманғы сүйегі б.з.д. 7-мыңжылдыққа жатады, ол Оңтүстік Анадолы жерінде (Түркия) табылған. Б.з.д. 6—5-мыңжылдықта Месопотамия жерінде мал шаруашылығы болғандығы бүгінде дәлелденген.
Қазіргі мал шаруашылығы
Қазіргі уақытта барлық сиырдың 87,3%-ы жеке меншікте, 6,2%-ы , 6,5%-ы мемлекеттік ауыл шаруашылығы мекемелерінде жинақталған. Бұл көрсеткіштер қой мен ешкі түліктері бойынша 80,2; 12,3 және 7,5%-ға, жылқы түлігі бойынша 83,8; 10,6 және 5,6%-ға, түйе түлігі бойынша 75,7; 11,3 және 13,0%-ға сәйкес келеді. Ауыл шаруашылығы мекемелерінің шаруа қожалықтарына (, , т.б.) бөлінуінің артықшылығы ретінде 2000 жылдан бастап жеке және шаруа қожалықтарында орынсыз мал шығынына жол берілмеуі нәтижесінде соңғы 3 — 4 жылда түлік түрлері бойынша мал санының орташа өсімі 3 — 10%-ға, ет, сүт өнімдерін өндіру 3 — 6,5%-ға тұрақты артып келеді.
Бүгінгі таңда әр елдің ұлттық өндірістері негізінде дүниежүзілік біртұтас тауарлы ауыл шаруашылығы қалыптасып келеді. Өндірілген жалпы өнім мөлшері жөнінен Қытай, АҚШ, Жапония, Аустралия сияқты елдер жетекші орын алады. Жан басына шаққанда ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етілу дәрежесі жөнінен Батыс Еуропаның дамыған елдері мен Канада, АҚШ, Жапония және Аустралия ерекше көзге түседі. Дамушы елдерде бұл керсеткіш өте төмен, тіпті жалпы өнімді аса көп өндіретін Қытай мен Үндістанда ол Канада және АҚШ-пен салыстырғанда 5—6 есе төмен.
Сол себепті ауыл шаруашылығының алдында әлі де оңтайлы шешімін таппаған мәселелер баршылық. Ең бастысы — халықты сапалы, құнарлы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету; айналадағы ортаны ластанудан қорғау және табиғат байлықтарын пайдалануды, жетілдіру.
Дереккөздер
- География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. ISBN 978-601-293-170-9
- Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет. ISBN 9965-33-633-4
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mal sharuashylygy auyl sharuashylygynyn mal onimderin ondiru үshin mal osirumen ajnalysatyn salasy Mal sharuashylygy halykty azyk tүlikpen sүt maj et t b zhenil zhәne tamak onerkәsipterin shikizatpen zhүn teri et onimderi kaldyktary t b auyl sharuashylygy ondirisin kүsh kolik at ogiz tүje t b zhәne kamtamasyz etedi Mal sharuashylygy onimderi men onyn kaldyktarynan majsyzdandyrylgan sүt et sүjek zhәne sүjek undary t b men biologiyalyk belsendi aktivti zattar emdik sarysular t b alynady Mal sharuashylygy salalaryna iri kara koj eshki zhylky zhәne tүje sharuashylyktary zhatady Mal sharuashylygynyn gylymi negizi zootehniya bolyp tabylady Iri kara osiruTolyk makalasy Mүjizdi iri kara mal sharuashylygy Iri kara osiru konyrzhaj beldeudin tabigi zhәne mәdeni zhajylymdarmen zhaksy kamtamasyz etilgen orman ormandy dala dala ajmaktarynda zhaksy zholga kojylgan Dүniezhүzi bojynsha iri karanyn mal basy 1 3 mlrd ka zhetip otyr Өndiriletin sүttin barlygyn derlik al ettin 35 yn osy iri kara maly beredi Intensivti sүtti zhәne etti sүtti bagyttagy mal sharuashylygy damygan elderge tәn olarda mal kolda da zhajylymda da bagylady Өnimdilik ote zhogary bolgandyktan bul sharuashylyk salasy zhyldan zhylga orkendeude Etti bagyttagy mal kobinese konyrzhaj zhәne subtropiktik beldeulerdin negurlym kurgak audandarynda taralgan Onda ekstensivti otarlap zhajylymda bagu zhәne koshpeli mal sharuashylygy basym keledi Dүniezhүzinde etti en kop ondiretin elder kataryna AҚSh Қytaj Braziliya Argentina zhәne Resej zhatady Et ondiruden zhetekshi elder dd dd dd dd Elder Өndiru kolemi mln t Dүniezhүzindegi ornyҚytaj 55 3 1AҚSh 35 8 2Braziliya 11 7 3Germaniya 6 5 4Franciya 6 2 5Үndistan 4 6 6Ispaniya 4 4 7Resej 4 4 8Meksika 4 1 9Ұlybritaniya 3 8 10Dүniezhүzi bojynsha 216 2 0 0 Sүt ondiru bagytyndagy iri kara osiru kobinese kala many men halyk tygyz konystangan audandarda damygan Әsirese Europa men Soltүstik Amerikanyn orman zonasynda ornalaskan elderde zhaksy zholga kojylgan Sүt ondiruden AҚSh Resej Үndistan Braziliya zhәne Batys Europa elderi erekshe kozge tүsedi Zhajylymdyk zherler men shoptesin osimdikterdin zhetkilikti bolganyna karamastan Afrikada әsirese onyn tropiktik ajmaktarynda iri kara sany ote az Onyn basty sebebi ujky auruynyn kozdyrgyshyn taratatyn cece shybyny Sondyktan da munda bul auruga shaldykpajtyn iri karadan zebu osiriledi Shoshka sharuashylygyTolyk makalasy Shoshka sharuashylygy Shoshka sharuashylygy dүniezhүzilik et oniminin 40 ga zhuygyn beredi kazir onyn sany 0 8 mlrd tan asyp otyr Iri karamen salystyrganda kүj talgamajtyndyktan zhәne tez osip onetindikten bul sharuashylyk adamdar tygyz konystangan ajmaktarda ken taragan Dүniezhүzindegi shoshka sanynyn zhartysyna zhuygy Aziyaga onyn ishinde en aldymen Қytajga keledi Aziyanyn kandaj elderinde shoshka mүldem osirilmejdi onyn sebebi nelikten Sonymen katar AҚSh Braziliya Germaniya Resej Polsha elderinde de shoshka sharuashylygy zhaksy damygan Қoj sharuashylygyTolyk makalasy Қoj sharuashylygy Қoj sharuashylygy et zhүn bagytyndagy zhәne biyazy zhartylaj biyazy zhүn bagytyndagy bolyp bolinedi Et zhүn bagytyndagy koj sharuashylygy ylgaly zhetkilikti zhәne klimaty birshama zhumsak audandarda al biyazy zhүndi koj sharuashylygy negurlym kurgak audandarda taralgan Dүniezhүzi bojynsha koj sany 1 2 mlrd baska zhetip otyr Қoj sharuashylygynyn et zhүn bagytyndagy tauarly ondirisi Soltүstik zhәne Ontүstik Amerikanyn Australiya men Ontүstik Europanyn Ortalyk zhәne Orta Aziyanyn Ontүstik Afrikanyn konyrzhaj zhәne subtropiktik beldeulerinin kurgak audandarynda zhaksy damygan Biyazy zhүndi kojlar ote sapaly zhүn beredi ol zhүn matalaryn zhasau kilem toku men teri bylgary onerkәsibinde koldanylady Aldyngy Aziya Orta Aziya zhәne Ontүstik Afrika elderinde karakol eltirisin dajyndau zholga kojylgan Dүniezhүzindegi kojy en kop el Australiya 130 mln astam odan kejin Қytaj 112 mln nan astam Al Қazakstandagy kojdyn sany 2008 zhyly 16 mln nan sәl gana asty Zhүn ondiruden zhetekshi elder kataryna Australiya Қytaj Zhana Zelandiya Urugvaj zhәne Resej zhatady Қoj sharuashylygynyn dүniezhүzindegi asa iri ajmagy Australiyanyn sholejtti audandary Қojdyn basym kopshiligi zheke ielerge nemese kompaniyalarga karajtyn iri koj sharuashylygynda osiriledi Ondaj sharuashylyktar shipstejshnz dep atalady Shipstejshnz ondagan kejde tipti zhүzdegen myn gektardy alyp zhatady Onyn en үlkeninin audany 2 myn km den asady Munda bir mezgildegi koj basy 10 20 tipti 50 100 mynga dejin zhetedi Қoj bүkil zhyl bojy tabigi zhajylymdarda zhajylyp bagylady Kobinese zhogary sapaly zhүn beretin biyazy zhүndi koj tukymy Australiya merinosy osiriledi Goulberne kalasynda osy kojga Үlken Merinos dep atalatyn eskertkish ornatylgan Қus sharuashylygyTolyk makalasy Қus sharuashylygy Қus sharuashylygy auyl sharuashylygynyn en zhana zhәne en karkyndy damyp kele zhatkan salasy Өnimnin kyska merzimde ondirilui naryk suranysyna bagyt bagdar ustauga mүmkindik beredi XX gasyrdyn ekinshi zhartysynan bastap Soltүstik Amerika men Batys Europa elderinde brojler balapandaryn osiretin iri kus osiru keshenderi kalyptasa bastady Bүgingi tanda kustyn sany zhoninen Қytaj AҚSh Resej al zhumyrtka ondiruden Қytaj AҚSh Zhaponiya Resej zhәne Үndistan erekshe kozge tүsedi Tauarly kus sharuashylygy negizinen kala mandarynda shogyrlangan Al songy zhyldary zhogary mamandangan kus sharuashylyktary arzan zhumysshy kүshi zhetkilikti klimaty kolajly audandarga auysuda Baska da sharuashylyktarZhogaryda atalgan mal sharuashylygynyn ken taragan basty salalarynan baska tabigat zhagdajlarynyn erekshelikterine sәjkes Afrika men Aziyanyn sholdi audandarynda tүje men eshki osiru Ortalyk Aziyanyn tauly audandarynda kodas osiru soltүstiktegi tundra zonasynda bugy osiru siyakty sharuashylyktar da kezdesedi Sonymen katar omarta sharuashylygy zhibek kurtyn osiru andardyn kejbir tүrlerin әsirese terisi bagaly andar tүlki susar bulgyn zhәne t b krokodil men tүjekus straus osiru siyakty arnauly sharuashylyktar da bar Mal sharuashylyry barynsha damygan audandarda ekologiyalyk problemalardyn tuyndajtyny belgili zhajt Mal tuyagynyn әserinen topyrak eroziyasy zhүrude zhajylymdardagy osimdik zhamylgysy zhutandanuda tipti zhojyluga zhakyndauda Al iri intensivti mal sharuashylygy zhinaktalgan zherlerde iri kara shoshka bordakylau zhәne kus semirtu topyrak su zhәne aua da lastanuga ushyrauda Қazakstandagy mal sharuashylygyMal sharuashylygynyn tarihy osydan 10 myn zhyldaj buryn zhabajy zhanuarlardy kolga үjretu kezeninen bastau alady Algashkyda mal sharuashylygy tabigi sipatta damygandyktan maldardyn onimdilik bagyttary men tukymdary sanyn ulgajtuga zhetkilikti zhagdajlar bolmady Mal tukymdaryn shygarudyn karkyn aluy mal sharuashylygy onimderin ondiru tauarlary sipat algan kapitalistik katynastardyn orkendeuimen tygyz bajlanysta zhүrdi Myndagan zhyldyk tarihy bar mal sharuashylygynyn Қazakstannyn ekonomikalyk әleumettik zhәne mәdeni damuyndagy orny erekshe boldy 20 gasyrdyn basyna dejin adamdardyn әl aukaty men turmys tirshilik dengeji tүgelge zhuyk mal sharuashylygynyn orkendeu dengejimen anyktaldy Қazakstan zherinde mal sharuashylygy ezhelden zhajylym auystyryp otyrudy talap etetin koshpeli zhүje bojynsha damygandyktan negizinen koj eshki zhylky zhәne tүje osirildi Salystyrmaly tүrde kүtimdi zhәne kunarly azyktardy kop kazhet etetin siyrdyn keninen taraluy sondaj ak kazak halky tort tүlik mal sanatyna kospajtyn shoshka osirudin kolga alynuy 19 20 gasyrlarda Resejden orys sharualarynyn konys audaryp kele bastauymen tygyz bajlanysty Sol kezderde Ortalyk Қazakstan ajmagyndagy mal sharuashylygy erekshelikterin anyktau maksatynda zhүrgizilgen zertteuler nәtizhesi mal tүrleri үles salmagynyn tomendegidej bolgandygyn korsetti Қazakstanda 19 gasyrdyn sonyna dejin negizinen koj eshki tүje zhәne zhylky tүlikteri osiriluinin birneshe basty sebepteri bar Zher aumagynyn 70 ga zhuygyn 182 mln ga osy maldardy osiru arkyly tiimdi pajdalanuga bolatyn zhajylym alkaptary alyp zhatty ajtylgan maldar zhergilikti tabigat zhagdajlaryna barynsha bejimdeldi zhyl bojyna derlik zhajylym azygyn pajdalanyp osip ondi sonymen birge zhergilikti halyk olardyn ozindik kuny tomen zhәne zor suranyska ie onim tүrlerin ondiru men olardy ondeudin tiimdi tehnologiyalaryn et maj sүtten tagam zhүn teriden kiim keshek koshpeli baspana kiiz үj zhasau zhaksy mengerdi Әr tүrli ajmaktardagy mal sharuashylygynyn damuy men tүlik tүrlerinin үles salmagyna nakty audandardyn zher su aua rajy erekshelikteri үlken әserin tigizedi Siyr osiru әuelden ak topyragy kunarly shalgyndy ajmaktarda nәtizheli zhүrgizilse shol zhәne sholejt zherlerde maldyn negizgi boligin 80 dan asa uak maldar koj eshki kurady Қazakstanda 1916 zhyly 18 4 mln bas koj men eshki 4 3 mln zhylky 733 myn tүje 5 0 mln bas siyr osirildi 1918 21 zhyly Azamat sogysy men birneshe ret kajtalangan zhut nәtizhesinde mal sany 1916 zhylmen salystyrganda 3 eseden asa tomendedi 1923 29 zhydy aralygynda auyl sharuashylygyn igeruge bagyttalgan zhan zhakty sharalar barysynda mal sany kajtadan 1916 zhylgy dengejge zhetkizildi Alajda 1930 33 zhyly auyl sharuashylygyn zhappaj uzhymdastyru naukanynda zhiberilgen oreskel katelikter saldarynan mal basy 10 eseden asa kyskardy Respublika mal sharuashylygyn kalpyna keltirude 1932 zhyly kabyldagan Қazakstan mal sharuashylygy turaly sheshiminin manyzy zor boldy Әrbir otbasyga 100 ge dejin koj eshki 8 10 siyr 3 5 tүje men 8 10 zhylky ustauga ruksat berildi Қazakstanda auyl sharuashylygy men ondiristi zhosparly tүrde damytu zhana zherlerdi igeru zhәne otyrykshylyk omir saltynyn berik ornyguy Mal sharuashylygynyn zhana bagyttary sүtti zhәne etti mүjizdi iri kara mal sharuashylygyn biyazy zhәne biyazylau zhүndi koj sharuashylyktaryn karakol kojy sharuashylygyn orkendetuge ken zhol ashty 1934 90 zhyly aralygynda uzhymdyk zhәne kenestik sharuashylyktar zhumysynyn zhүjeli ujymdastyryluy Mal sharuashylygynyn barlyk salalaryn ajtarlyktaj zhogary karkynda damytuga mүmkindik berdi 1990 92 zhyly Қazakstanda maldyn 51 onyn ishinde 18 koj 11 mүjizdi iri kara 13 zhylky 3 tүje tukymdary men tukymdyk toptary osirildi Olardyn zhartysyna zhuygy 12 koj 4 siyr zhәne 3 zhylky tukymy Қazakstan galymdary men Mal sharuashylygy salasy mamandarynyn birlesken zhemisti enbegi nәtizhesinde shygaryldy Osy mal tukymdarynyn gendik koryn tiimdi pajdalanu zootehnikalyk talaptarga saj azyktandyru men baguga negizdelgen tehnologiyalardyn keninen koldanyluy zhyl sajyn 1 5 mln tonna et sojys salmagymen 5 5 mln tonna sүt 100 myn tonna tabigi zhүn zhәne 1700 myn danaga zhuyk karakol eltirisin ondirudi kamtamasyz etip keldi 1990 2000 zhyly auyl sharuashylygyn reformalauda zhiberilgen kemshilikter saldarynan mal sany kүrt kemidi onyn ishinde siyr 2 4 koj men eshki 3 7 zhylky 1 7 tүje 1 5 esege azajdy Nәtizhesinde negizgi mal sharuashylygy onimderin ondiru kolemi 2 5 3 0 esege dejin kyskardy Bul auyl halkynyn әleumettik zhagdajynyn kүrt nasharlauyna alyp keldi respublika bojynsha zhan basyna shakkanda et zhәne et onimderin tutynu molsherinin 73 kg nan 40 kg ga sүt zhәne sүt onimderinin 311 kg nan 208 kg ga dejin tomendeuine әkelip sokty gylymi negizdelgen molsherden 2 esedej az El ekonomikasynyn turaktaluyna bajlanysty 2000 zhyldan bastap Mal sharuashylygynda ondy ozgerister oryn ala bastady 1999 2000 zhyldarmen salystyrganda 3 keste 2004 zhyly siyr 24 0 22 7 ga onyn ishinde analyk siyrlar 16 0 15 4 ga koj men eshki 16 0 15 4 ga zhylky 5 4 7 2 ga tүje 18 0 17 6 ga kobejdi Bul rette iri karamen siyr zhylky tүje salystyrganda sany koj eshki 20 gasyrdyn 90 zhyldarynyn basynda tez kemigen bolsa al kazir karkyndyrak artyp otyrgandygy bajkalady Birinshi zhagdaj reformanyn algashky zhyldarynda uak maldyn baspa bas esep ajyru kuraly retinde koldanuga tiimdi bolgandygymen al ekinshi zhagdaj olardyn osimtaldyk kasietterinin zhogarylygymen tүsindiriledi Қalyptasuy Tolyk makalasy Қazakstan zherinde mal sharuashylygynyn kalyptasuy Қazak zheri mal sharuashylygy kalyptaskan en kone ajmaktardyn biri Zhabajy zhanuarlardy kolga үjretu neolit dәuirinen bastaldy En algash kolga үjretilgen үj zhanuarlary koj men eshki Қojdyn argy tegi arkar muflon al eshkiniki tauteke Қoj men eshki molshermen b z d 8 7 mynzhyldyktarda kolga үjretilgen dep esepteledi Osy kezge zhatatyn Zherorta tenizi manajyndagy turaktarda koj men eshkinin sүjegi tabylgan Siyr tukymynyn dәl kaj zherden shykkany әli anyktalmagan Degenmen de kolga үjretilgen siyrdyn da en kone zamangy sүjegi b z d 7 mynzhyldykka zhatady ol Ontүstik Anadoly zherinde Tүrkiya tabylgan B z d 6 5 mynzhyldykta Mesopotamiya zherinde mal sharuashylygy bolgandygy bүginde dәleldengen Қazirgi mal sharuashylygyҚazirgi uakytta barlyk siyrdyn 87 3 y zheke menshikte 6 2 y 6 5 y memlekettik auyl sharuashylygy mekemelerinde zhinaktalgan Bul korsetkishter koj men eshki tүlikteri bojynsha 80 2 12 3 zhәne 7 5 ga zhylky tүligi bojynsha 83 8 10 6 zhәne 5 6 ga tүje tүligi bojynsha 75 7 11 3 zhәne 13 0 ga sәjkes keledi Auyl sharuashylygy mekemelerinin sharua kozhalyktaryna t b bolinuinin artykshylygy retinde 2000 zhyldan bastap zheke zhәne sharua kozhalyktarynda orynsyz mal shygynyna zhol berilmeui nәtizhesinde songy 3 4 zhylda tүlik tүrleri bojynsha mal sanynyn ortasha osimi 3 10 ga et sүt onimderin ondiru 3 6 5 ga turakty artyp keledi Bүgingi tanda әr eldin ulttyk ondiristeri negizinde dүniezhүzilik birtutas tauarly auyl sharuashylygy kalyptasyp keledi Өndirilgen zhalpy onim molsheri zhoninen Қytaj AҚSh Zhaponiya Australiya siyakty elder zhetekshi oryn alady Zhan basyna shakkanda auylsharuashylyk onimderimen kamtamasyz etilu dәrezhesi zhoninen Batys Europanyn damygan elderi men Kanada AҚSh Zhaponiya zhәne Australiya erekshe kozge tүsedi Damushy elderde bul kersetkish ote tomen tipti zhalpy onimdi asa kop ondiretin Қytaj men Үndistanda ol Kanada zhәne AҚSh pen salystyrganda 5 6 ese tomen Sol sebepti auyl sharuashylygynyn aldynda әli de ontajly sheshimin tappagan mәseleler barshylyk En bastysy halykty sapaly kunarly әri arzan azyk tүlikpen kamtamasyz etu ajnaladagy ortany lastanudan korgau zhәne tabigat bajlyktaryn pajdalanudy zhetildiru DerekkozderGeografiya Dүniezhүzine zhalpy sholu TMD elderi Zhalpy bilim beretin mekteptin zharatylystanu matematika bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Ө Bejsenova K Kajmuldinova S Әbilmәzhinova t b Almaty Mektep 2010 304 b ISBN 978 601 293 170 9 Қazakstan tarihy Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Ә Toleubaev Zh Қasymbaev M Қojgeldiev t b Almaty Mektep baspasy 2006 232 bet ISBN 9965 33 633 4 Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Ekologiya zhәne tabigat korgau Zhalpy redakciyasyn baskargan tүsindirme sozdikter toptamasyn shygaru zhonindegi gylymi baspa bagdarlamasynyn gylymi zhetekshisi pedagogika gylymdarynyn doktory professor Қazakstan Respublikasy Memlekettik syjlygynyn laureaty A Қ Қusajynov Almaty Mektep baspasy ZhAҚ 2002 zhyl 456 bet ISBN 5 7667 8284 5Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet