Жүн – қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады.
Түлік жүндері
Жүн қойдан қырқу, түйеден жүндеу әдістерімен алынады. Жүн деген атау төрт түлік малға бірдей жалпылама қолданылғанымен әр түлік жүнінің қасиеттеріне, жасына, сипатына, кәдеге асуына қарай бірнеше түрге бөледі.
Қой жүні
Қырқылу мерзіміне қарай жабағы жүн (жазғытұрым қырқылған), күзем жүн (күзде қырқылған) деп екі түрге бөлінеді. Тірі жүн немесе күзем жүн деп жазғы қырқымнан кейін күзге дейін өскен талшықтары қысқа, бірақ тез ұйысатын жүнді айтады. Оны өңдеуге жеңіл болғандықтан тұрмыс пен шаруашылыққа қажетті жүздеген түрлі бұйым жасауға пайдаланады. Жүннің осы сипатына байланысты оны тірі жүн десе, қырқылатын мерзіміне қарай күзем жүн деген. Ал керісінше жабағы жүннің кәдеге асуы онша емес, қыс бойы мал денесінде жүріп, ұйысқан, яғни "жабағыланған" жүнді өлі жүн деген. Қозының туғандағы жүнін қарын жүн деген. Сойылған қой терісіндегі, сондай-ақ қырықпай, жидіген уақытта қолмен жұлып алынатын жүнді жұлма жүн, ал қотанның ортасында түсіп қалған, бау-шу ескеннен қалған үзік жүндерді шет-пұшпақ деп атайды. Сондай-ақ қойдың сирағындағы, жағындағы, құйрығы мен құрсағында өсетін селдір жүндерді − жабын жүн деп атаған. Алынатын қойдың жас мөлшеріне қарай: қозы жүні, тоқты жүні, қой жүні деп жіктеледі. Көктемде түлеген малдың ағаш бұтақтарына, шарбақтарға ілініп қалған жүнін жөргем деп атайды.
Құрамы мен сапасына қарай бөлінуі
Қой жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай да бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн деп бөлінеді. Биязы жүн талшығының жіңішкелігі 14,2 – 25 мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл жүнінен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау жүн біркелкі ірілеу жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1 – 35 мкм. Мұндай жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң жүн құрамында жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң жүннен кілем тоқылады. Қылшық жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай жүн киіз, киіз аяқ киім, т.б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып-күтуге байланысты.
Ешкі жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т .б. ешкі тұқымының жүні биязылау келеді.
Қой жүнінен жасалаған дәстүрлі бұйымдар
Тұрмыс-тіршілікте қойдың жүніі иіруге жақсы келетіндіктен, әрі басқа жүндерге қарағанда жылуды жақсы сақтайтындықтан көбінесе киім-кешек жасауда пайдаланған. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі күседі, ішпек, терілік жасайды. Сонымен қатар көпшік, күпсек тігіліп, жеңіл байпақ басылады. Қажетіне қарай жүнді түтіп көрпеге, киім арасына салады. Иірілген жүннен шекпен тоқып, бау-шу ескен. Ал күзем жүн көп жағдайда қозы жүнін араластырып киіз басуға пайдаланылған. Өйткені, күзем жүннің қылшықтары қысқа иіруге келмейді, керісінше киізге біркелкі шабақталып тез кірігеді. Сонымен қатар ешкінің қылын, түбітін де іске жаратқан. Ешкі түбітінен мойын орауыштар, шәлі, шұлық, қолғап сияқты жеңіл, әрі жылы киімдер жасалған.
Түйе жүні
Жас мөлшеріне қарай тайлақ жүн, үлкен түйенің жүні деп екі жікке бөлінеді. Сондай-ақ түйе жүнінің боздақ (үлпілдек жүні), жабағы, шуда (салалы қылшық жүні) сияқты түрлері бар. Көшпелі ортада түйені көбінесе күшті көлік ретінде пайдаланған. Үстіне үнемі жүк артып ауыр жұмысқа жегіле берген түйенің киіздей болып ұйысып қалған жүнін жабағы деп атаған. Түйенің жабағы жүнінің астынан жаңадан шыққан үлпілдек жүнді боздақ десе, ал шуда деп түйенің мойнында, өркешінде, тірсегінде өсетін салалы қылшық жүндерді атаған. А.И. Добросмысловтың келтірген дерегі бойынша шуданың өзін мойын шуда, бас шуда, тамақ шуда, желке шуда, өркеш шуда деп бөліп көрсетеді. Түйе жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады.
Түйе жүнінен жасалған дәстүрлі бұйымдар
Түйе жүнінің ішінде тайлақ жүні сапалы саналған. Өйткені, оны иіріп жүн шекпен тоқыған. Ал үлкен түйе жүнінен киіз үйдің құрлары, қап, қанар, қоржын және түрлі төсеніштер, ат әбзелдері, бау-шудың түрлері тоқылған. Сондай-ақ түйе жүнінен қылшық шықпайтындықтан көрпеге салған. Және шекпен түрлерін тоқыған. Түйе шудасынан жамау-жасқау жұмыстарына қолданылатын жіп иірілген. Көшпелі тұрмыста тон, шалбар, саба мен торсық, көн ыдыстары осы шуда жіппен тігілген. Түйе шудасы кейбір баушуларға да қосылып есіледі. Сонымен қатар шуда жіпті "шертер", "керуші" сияқты ән-күй аспаптарына ішек есебінде де таққан. Жылқының жал-құйрығы түйе немесе қой жүніне қосылып, берік арқан есу үшін қолданылған. Сиыр жүнінен илектеу арқылы балалар ойнайтын киіз доп жасалатыны болмаса, тұрмыста көп қолданылмаған.
Түліктерден жүн өнімін алу барысы
Көшпелі тұрмыста төрт түлік малдың жүні белгілі бір уақытта қырқу, жүндеу, қылшықтау әдістері арқылы алынады.
- Қой мен ешкіні қырқу алдында белгілі бір мезгілде тоғытылып, үстіндегі жүні кептірілген соң ғана қырқады. Өйткені, тоғытылмаған ылғал жүнді қырқу қиындық туғызған. А.И. Добросмыслов қойдың жылына екі мәрте – жазғытұрым (мамыр айлары) және күзде (қыркүйек айлары) қырқылатынын айтады. Сонымен қатар, көктемде мамыражай болғанда қырқылған қой жүні – жабағы жүн, күзгі қырқымдағы жүн – күзем жүн деп аталатындығын атап өтеді. Жабағы жүннің қырқылуы оның теріден тұтас көтеріліп, шайырланған кезіне сай келуі тиіс. Өйткені, қыстай ұйысқан жабағы жүн бірінші қырқым уақытында шайырланып, көтеріліп бабына келіп тұрғандықтан оны қырқу жеңіл болады.
- Түйе жүнін алу әдісін "жүндеу" деп атайды. Түйе жүндеу – жылдың белгілі бір уақытында, яғни күн жылыған кезде түйе малының жүнін жұлу науқаны. Астынан боздақ жүн өскенде жабағы жүн табиғи жолмен көтеріліп түйе жүндеу жұмысын жеңілдеткен. Жалпы жүндеу күннің мамыражай жылы уақытында жасалады. Өйткені түйе малы үш рет жүнделетіндіктен соңғы жүндеуден соң денесі тықырланып қалады. Денесі тықырланған түйенің ішіндегі жауын-шашын, суық, желді күндерді көтере алмайтындарын жабулап қояды. Түйе жүндеуде алдымен оны шөгеріп алады, ал асауларын матап алған соң жүнін жұлуға кіріседі. Жүнді қырықпай, астынан баданасын суырып жұлып алады. Осылайша түйе жүнделгенде жұлынған жүн астынан үлпілдеген боздақ жүн өсіп шығады. Жабағы, жабын жүндерін көтерілгеннен соң жүндейді де, ал шуда жүндерін өткір пышақ немесе қайшы-қырықтықпен қырқып алады. Жүнделген түйелердің ішіндегі арық-тұрақ, әлсіз, торым-тайлақтарды күн райының қолайсыз кездерінде (жаңбыр, бұршақ, күннің суытуы т.б.) жабулап қояды. Жер жақсы көктеген жылдары жүндері біркелкі бір кезеңде әбден көтерілсе бұл шараны бір мәрте жасайды. Ондайда денесіндегі жүні толық жұлынған түйе "жалаңаштанып", тып-тықыр күйге енеді және оны түйешілер"қарақайыс" деп атайды. А.И. Добросмыслов өз еңбегінде мұндайда түйенің жабулап бір жарым ай бойы оны алмай сол күйінде жібереді деп жазды. Соғымға сойылған түйені жүндеудің өзіндік өзгеше әдістері түйе терісінің нендей мақсатқа пайдалануға байланысты таңдалады: имен жүндеу (иге салып жүндеу) – түйе терісін малмаға салып қойса, жидиді де, оп-оңай қырылады. Бұл тәсілмен жүнделген түйе терісін ер қосуға, көлемді зат жасауға пайдаланады. Бауыздалған соң түйені төрт аяғын тізеден "тіздетіп" (бүгіп) қойып жұлуды "тіздеп жүндеу" деп атайды. Ол денедегі барлық жүнін жұлуға ыңғайлы болады, әрі қайыс арқан жасауға арналған теріні, түйе денесінен өткір кездікпен таспалап тіліп алады. Алайда, бауыздалғаннан кейін де жұлуға жеңіл болу үшін терінің сыртын ішіне қарата орап, біраз уақыт жылы жерге қойып алса, жүн өздігінен жидіп босаған соң жұлуды "жидітіп жүндеу" деп атайды.
- Ешкіні көбінесе қойдан жабағы жүнді қырқу науқанымен бірге күн жылынғанда, жылына бір мәрте ғана қырқады. Қажетіне қарай түбітін ешкі түлеген кезде қылшық жүнімен бірге қырқып алып, түтіп қылшығынан бөледі. Кейде қырықпай түбітін тарап алады.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Добросмыслов А.И. Верблюдоводство в Тургайской области. Оренбург: Тургайский обл. стат. комитет, 1893;
- Ермеков Ә. Қазақтың малшылық лексикасы жөнінде // Қазақстан мектебі. 1962. №2. 81-84-бб.;
- Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969;
- Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы, 1977;
- Өмiрзақов Т. Мал түгiне байланысты қалыптасқан этнографизмдер // Қазақ тiлi тарихи лексикологиясының мәселелерi.Алматы, 1988. 165-б.;
- Жақыпов Ә. Түйе өсірушінің түсіндірме сөздігі. Алматы: Қайнар, 1989;
- Жүннен жасалатын бұйымдар. Құраст.: К.Мұқанов. Алматы: Қайнар, 1990;
- Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhүn koj eshki tүje zhәne t b zhanuarlardyn tүgi zhenil onerkәsiptin kundy shikizaty Zhүn talshyktary zhyludy az otkizedi ylgal tartkysh zhәne berik bolady Ol zhip iiru mata toku kiiz basu әr tүrli tokyma bujymdar zhasau үshin pajdalanylady Zhүnnen dәstүrli zhip iiru Tүlik zhүnderiZhүn kojdan kyrku tүjeden zhүndeu әdisterimen alynady Zhүn degen atau tort tүlik malga birdej zhalpylama koldanylganymen әr tүlik zhүninin kasietterine zhasyna sipatyna kәdege asuyna karaj birneshe tүrge boledi Қoj zhүniҚyrkylu merzimine karaj zhabagy zhүn zhazgyturym kyrkylgan kүzem zhүn kүzde kyrkylgan dep eki tүrge bolinedi Tiri zhүn nemese kүzem zhүn dep zhazgy kyrkymnan kejin kүzge dejin osken talshyktary kyska birak tez ujysatyn zhүndi ajtady Ony ondeuge zhenil bolgandyktan turmys pen sharuashylykka kazhetti zhүzdegen tүrli bujym zhasauga pajdalanady Zhүnnin osy sipatyna bajlanysty ony tiri zhүn dese kyrkylatyn merzimine karaj kүzem zhүn degen Al kerisinshe zhabagy zhүnnin kәdege asuy onsha emes kys bojy mal denesinde zhүrip ujyskan yagni zhabagylangan zhүndi oli zhүn degen Қozynyn tugandagy zhүnin karyn zhүn degen Sojylgan koj terisindegi sondaj ak kyrykpaj zhidigen uakytta kolmen zhulyp alynatyn zhүndi zhulma zhүn al kotannyn ortasynda tүsip kalgan bau shu eskennen kalgan үzik zhүnderdi shet pushpak dep atajdy Sondaj ak kojdyn siragyndagy zhagyndagy kujrygy men kursagynda osetin seldir zhүnderdi zhabyn zhүn dep atagan Alynatyn kojdyn zhas molsherine karaj kozy zhүni tokty zhүni koj zhүni dep zhikteledi Koktemde tүlegen maldyn agash butaktaryna sharbaktarga ilinip kalgan zhүnin zhorgem dep atajdy Қuramy men sapasyna karaj bolinui Қoj zhүni talshyktarynyn zhuan zhinishkeligine kurylymyna karaj da bolinedi Zhүn kuramyndagy kylshyktardyn ara katynasy koj tukymyna bajlanysty әr tүrli bolady Sondyktan koj zhүni biyazy biyazylau uyan zhәne kylshyk zhүn dep bolinedi Biyazy zhүn talshygynyn zhinishkeligi 14 2 25 mkm uzyndygy men iregi birkelki bolady Tүsi ak shajyry mol Bul zhүninen zhogary sapaly mata tokylady Biyazylau zhүn birkelki irileu zhүn men aralyk kylshyktan turady Talshygynyn zhinishkeligi 25 1 35 mkm Mundaj zhүnnen trikotazh zhogary sapaly shuga tokylady Ұyan zhүn kuramynda zhүnnen baska aralyk zhәne majda kylshyktar bolady Ұyan zhүnnen kilem tokylady Қylshyk zhүnnin kuramynda kylshyk әsirese oli kylshyk kop bolady Mundaj zhүn kiiz kiiz ayak kiim t b zhasauga pajdalanylady Zhүnnin barlyk tүrinin sapasy maldyn tukymyna ony durys azyktandyruga bagyp kүtuge bajlanysty Eshki zhүni kylshykty tүbit aralas bolady Angor t b eshki tukymynyn zhүni biyazylau keledi Қoj zhүninen zhasalagan dәstүrli bujymdar Turmys tirshilikte kojdyn zhүnii iiruge zhaksy keletindikten әri baska zhүnderge karaganda zhyludy zhaksy saktajtyndyktan kobinese kiim keshek zhasauda pajdalangan Қojdyn zhabagy zhүninen shidem shapan kүpi kүsedi ishpek terilik zhasajdy Sonymen katar kopshik kүpsek tigilip zhenil bajpak basylady Қazhetine karaj zhүndi tүtip korpege kiim arasyna salady Iirilgen zhүnnen shekpen tokyp bau shu esken Al kүzem zhүn kop zhagdajda kozy zhүnin aralastyryp kiiz basuga pajdalanylgan Өjtkeni kүzem zhүnnin kylshyktary kyska iiruge kelmejdi kerisinshe kiizge birkelki shabaktalyp tez kirigedi Sonymen katar eshkinin kylyn tүbitin de iske zharatkan Eshki tүbitinen mojyn orauyshtar shәli shulyk kolgap siyakty zhenil әri zhyly kiimder zhasalgan Tүje zhүniZhas molsherine karaj tajlak zhүn үlken tүjenin zhүni dep eki zhikke bolinedi Sondaj ak tүje zhүninin bozdak үlpildek zhүni zhabagy shuda salaly kylshyk zhүni siyakty tүrleri bar Koshpeli ortada tүjeni kobinese kүshti kolik retinde pajdalangan Үstine үnemi zhүk artyp auyr zhumyska zhegile bergen tүjenin kiizdej bolyp ujysyp kalgan zhүnin zhabagy dep atagan Tүjenin zhabagy zhүninin astynan zhanadan shykkan үlpildek zhүndi bozdak dese al shuda dep tүjenin mojnynda orkeshinde tirseginde osetin salaly kylshyk zhүnderdi atagan A I Dobrosmyslovtyn keltirgen deregi bojynsha shudanyn ozin mojyn shuda bas shuda tamak shuda zhelke shuda orkesh shuda dep bolip korsetedi Tүje zhүni berik sapasy zhaksy bolady Odan zhүn mata syrt kiim әr tүrli bujymdar zhasalady Tүje zhүninen zhasalgan dәstүrli bujymdar Tүje zhүninin ishinde tajlak zhүni sapaly sanalgan Өjtkeni ony iirip zhүn shekpen tokygan Al үlken tүje zhүninen kiiz үjdin kurlary kap kanar korzhyn zhәne tүrli tosenishter at әbzelderi bau shudyn tүrleri tokylgan Sondaj ak tүje zhүninen kylshyk shykpajtyndyktan korpege salgan Zhәne shekpen tүrlerin tokygan Tүje shudasynan zhamau zhaskau zhumystaryna koldanylatyn zhip iirilgen Koshpeli turmysta ton shalbar saba men torsyk kon ydystary osy shuda zhippen tigilgen Tүje shudasy kejbir baushularga da kosylyp esiledi Sonymen katar shuda zhipti sherter kerushi siyakty әn kүj aspaptaryna ishek esebinde de takkan Zhylkynyn zhal kujrygy tүje nemese koj zhүnine kosylyp berik arkan esu үshin koldanylgan Siyr zhүninen ilekteu arkyly balalar ojnajtyn kiiz dop zhasalatyny bolmasa turmysta kop koldanylmagan Tүlikterden zhүn onimin alu barysyKoshpeli turmysta tort tүlik maldyn zhүni belgili bir uakytta kyrku zhүndeu kylshyktau әdisteri arkyly alynady Қoj men eshkini kyrku aldynda belgili bir mezgilde togytylyp үstindegi zhүni keptirilgen son gana kyrkady Өjtkeni togytylmagan ylgal zhүndi kyrku kiyndyk tugyzgan A I Dobrosmyslov kojdyn zhylyna eki mәrte zhazgyturym mamyr ajlary zhәne kүzde kyrkүjek ajlary kyrkylatynyn ajtady Sonymen katar koktemde mamyrazhaj bolganda kyrkylgan koj zhүni zhabagy zhүn kүzgi kyrkymdagy zhүn kүzem zhүn dep atalatyndygyn atap otedi Zhabagy zhүnnin kyrkyluy onyn teriden tutas koterilip shajyrlangan kezine saj kelui tiis Өjtkeni kystaj ujyskan zhabagy zhүn birinshi kyrkym uakytynda shajyrlanyp koterilip babyna kelip turgandyktan ony kyrku zhenil bolady Tүje zhүnin alu әdisin zhүndeu dep atajdy Tүje zhүndeu zhyldyn belgili bir uakytynda yagni kүn zhylygan kezde tүje malynyn zhүnin zhulu naukany Astynan bozdak zhүn oskende zhabagy zhүn tabigi zholmen koterilip tүje zhүndeu zhumysyn zhenildetken Zhalpy zhүndeu kүnnin mamyrazhaj zhyly uakytynda zhasalady Өjtkeni tүje maly үsh ret zhүndeletindikten songy zhүndeuden son denesi tykyrlanyp kalady Denesi tykyrlangan tүjenin ishindegi zhauyn shashyn suyk zheldi kүnderdi kotere almajtyndaryn zhabulap koyady Tүje zhүndeude aldymen ony shogerip alady al asaularyn matap algan son zhүnin zhuluga kirisedi Zhүndi kyrykpaj astynan badanasyn suyryp zhulyp alady Osylajsha tүje zhүndelgende zhulyngan zhүn astynan үlpildegen bozdak zhүn osip shygady Zhabagy zhabyn zhүnderin koterilgennen son zhүndejdi de al shuda zhүnderin otkir pyshak nemese kajshy kyryktykpen kyrkyp alady Zhүndelgen tүjelerdin ishindegi aryk turak әlsiz torym tajlaktardy kүn rajynyn kolajsyz kezderinde zhanbyr burshak kүnnin suytuy t b zhabulap koyady Zher zhaksy koktegen zhyldary zhүnderi birkelki bir kezende әbden koterilse bul sharany bir mәrte zhasajdy Ondajda denesindegi zhүni tolyk zhulyngan tүje zhalanashtanyp typ tykyr kүjge enedi zhәne ony tүjeshiler karakajys dep atajdy A I Dobrosmyslov oz enbeginde mundajda tүjenin zhabulap bir zharym aj bojy ony almaj sol kүjinde zhiberedi dep zhazdy Sogymga sojylgan tүjeni zhүndeudin ozindik ozgeshe әdisteri tүje terisinin nendej maksatka pajdalanuga bajlanysty tandalady imen zhүndeu ige salyp zhүndeu tүje terisin malmaga salyp kojsa zhididi de op onaj kyrylady Bul tәsilmen zhүndelgen tүje terisin er kosuga kolemdi zat zhasauga pajdalanady Bauyzdalgan son tүjeni tort ayagyn tizeden tizdetip bүgip kojyp zhuludy tizdep zhүndeu dep atajdy Ol denedegi barlyk zhүnin zhuluga yngajly bolady әri kajys arkan zhasauga arnalgan terini tүje denesinen otkir kezdikpen taspalap tilip alady Alajda bauyzdalgannan kejin de zhuluga zhenil bolu үshin terinin syrtyn ishine karata orap biraz uakyt zhyly zherge kojyp alsa zhүn ozdiginen zhidip bosagan son zhuludy zhiditip zhүndeu dep atajdy Eshkini kobinese kojdan zhabagy zhүndi kyrku naukanymen birge kүn zhylynganda zhylyna bir mәrte gana kyrkady Қazhetine karaj tүbitin eshki tүlegen kezde kylshyk zhүnimen birge kyrkyp alyp tүtip kylshygynan boledi Kejde kyrykpaj tүbitin tarap alady DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterDobrosmyslov A I Verblyudovodstvo v Turgajskoj oblasti Orenburg Turgajskij obl stat komitet 1893 Ermekov Ә Қazaktyn malshylyk leksikasy zhoninde Қazakstan mektebi 1962 2 81 84 bb Argynbaev H Қazaktyn mal sharuashylygy zhajynda etnografiyalyk ocherk Almaty Ғylym 1969 Tәzhimuratov Ә Sheberdin koly ortak Almaty 1977 Өmirzakov T Mal tүgine bajlanysty kalyptaskan etnografizmder Қazak tili tarihi leksikologiyasynyn mәseleleri Almaty 1988 165 b Zhakypov Ә Tүje osirushinin tүsindirme sozdigi Almaty Қajnar 1989 Zhүnnen zhasalatyn bujymdar Қurast K Mukanov Almaty Қajnar 1990 Қasimanov S Қazak halkynyn koloneri Almaty Қazakstan 1995