Киіз, кигіз – қойдың күзем жүнінен қалың, тығыз етіп басылған үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым.
Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз қазақ жеріндегі көшпелі тайпаларда б.з.б. 1-мыңжылдықта белгілі болған. Ноин-ула мен Пазырық қорғандарынан табылған заттардың ішінде киізден басылған бұйымдар да бар. Бұл киіз басу өндірісі ерте дамығанын көрсетеді.
Киіздің түрлері
Күнделікті тұрмыста киізді төсеуге, киіз үйдің туырлығын, уығын, түндігін, есігін жабуға, мал шаруашылығына қажетті тоқым, көпшік, жабу жасауға, бас киім мен сырт киім, аяқ киім түрлерін тігуге, сондай-ақ қап, қапшық т.б. тігуге жиі пайдаланған. Осыған байланысты олардың түрлері көп болады. Ыстық сумен пісірілген, буы бұрқырап шығып жатқан киізді "жас киіз" деп атайды. Өре киіз – үш құлаш шамасындағы ұзын, үлкен киіз.
Киіз қолданылатын орнына, мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
Ақ киіз
Ақ киіз – бірыңғай ақ жүннен басылған, сайлау кезінде ханды соған отырғызып, сайлаудың шешімін білдіруге, ұлықтауға қолданылатын киіз. Халықтың аса құрметті, беделді адамдары хан сайлау салтанатында ханды ақ киізге отырғызып, жиынды тоғыз рет айналып шығатын болған. Халық дауыс көтеріп, қошеметтейді. Одан кейін ханның мойнына жібек орамал байлап, атқа мінгізіп, топты айналдырып шығады. Саяси мәні бар осындай рәсімді өткізуге байланысты «ақ киізге отырғызып, хан сайлады» мағынасында қолданылатын «ақ киізге көтерді» тәрізді бейнелі сөз тіркесі қалыптасқан. Хан сайлауында қолданылған ақ киіз сый-құрметтің белгісі болған.
Қазақ тұрмысында ақ киізді келін түсіргенде жақсы тілектің белгісі ретінде қолданған. Байырғы салт бойынша келінді үйге кіргізгенде, мінезі жұмсақ болсын деп бөстек, көңілі таза, ақ болсын деген ырыммен аяқ жағына ақ киіз төсеген.
Ақ киіздің құрметтеу белгісі болғаны басқа жағдайлардан да көрінеді. Мәселен, бұрынғы қазақ дәстүрінде ақ жауып арулағаннан кейін мәйітті, әдетте, үйден шығару үшін жерге алдымен ақ киіз төселген. Шығыс Қазақстанда ақ киізді зиратқа апаратын табыттың орнына қолданады. Мұндай киізді аяқасты етпейді. Кей жерлерде осындай қызмет атқаратын киізді "ақ текемет" деп те атайды. Оны қайта пайдалану үшін отпен аластап, «жұлдыз көрсін» деп, жел қағып тазаруы үшін түнде далаға жайып қояды. Көп ретте мәйітті жерлеуге пайдаланған киізді мешітке, яки молдаға берген. Мұндай киіздің ел арасында сақталған аты – иманкиіз. Иманкиізді мәйітті орап алып шығуға қолданады. «Қарыс жерде қаза бар, өзекті жерде өлім бар», «өлім айтып келмейді» деп қарт адамдар иманкиізін арнайы жасатып, теңінде сақтаған.
Киіздің басқа түрлеріне қарағанда оның тек түсі ғана емес, жасалу технологиясында да өзгешелігі болады. Мысалы, иманкиіз қозының ақ жүнінен басылады. Ол үшін киіз басуға арналған шидің көлемін 3-3,5 м шамасында төрткүл етіп салып, киізді жұқалау, әрі жұмсақтау етіп басады. Мұндай киізді пісірмейді. Басып болған соң қылшықтайды. Одан соң кептіріледі. Әбден кепкен соң ішіне ақырет, бетіне жабатын мата, қалампыр, иіссабын, иіссу, шымылдық салып орап, теңде немесе абдырада сақтайды.
Жабу киіз
Үйге жабылатын киізді кей жерде кесек киіз, кей жерде жабу киіз, туырлықтық киіз деп атайды. Ол киіз жабын деп те аталады. Зерттеуші Ө. Жәнібеков киіз жабынға туырлық пен үзікті жатқызады. Жабу киізінің түсі көбінесе қара, қара қошқыл болады. Сондықтан киіз үйді кей өлкеде жабылған киіздің түсіне қарай қара үй деп атау қалыптасқан. Сонымен бірге киіз үйді жабуға ақ киіз де қолданылған. Бірақ оған кез келген адамның қолы жете бермеген. Ақ киізбен жабылған үйлер көлемі мен сән-салтанатына қарай ақ орда, ақ отау, ақ үй, ақ ала орда деп аталған.
Жабу киізін дайындау әйелдердің міндетіне жатады. Ыстық-суықтан, жауын-шашыннан қорғап тұратын жабу киіздері үй көлеміне сәйкес келетін ши бойымен басылады. Оны қалыңдау, ширақ етіп басады. Жабу киізі, әдетте, қыркүйек айының ортасына таман басылады.
Төсеніш ретінде пайдаланылатын киіздер
Төсеніш ретінде пайдаланылатын киіздер откиіз, төркиіз, текемет, сырмақ деп аталады.
- Откиіз.
Үй ішіндегі отқа ең жақын төселетін киізді – откиіз дейді. Көктем мен күздің түнгі салқындарында, яки қыс ауасында киіз үйде отыруға тура келгенде отты мол жағып, от басын айнала отырып, отқа жылыну, әрі тамақтану үшін осы жағдайға лайықталып жасалған киіз төселеді.
Бұрынғы уақытта ата-бабаларымыз астынан сыз өтпеу үшін көктем, күз, қыс айларында киіз үй ішіне құрғақ топырақ, құм төгіп, оның үстіне қоға, қамыс, сабан салып, одан соң ши төсеп, оларды от ағашпен айнала қоршап қойған. Киізді ең соңында, төселген шидің үстінен салған. Кейде от орнын айнала қоршап, дөңгелек пішінде тақтайдан еден жасап алып, киізді соның үстіне салатын. Күн суықта туырлықты осындай ағаш еденге жеткізе, айналдыра салатын болған. Мұндай туырлықтардың қарақасы дөңгеленіп, біреуін немесе екеуін төсегенде үй ішінің көп бөлігін алып жатады. Оның үстіне сырмақ, көрпе-көрпешелер салынып, от басында тоңбай отыруға қолайлы болған. Алайда мұндай туырлықтар үлкен болғандықтан, әрі оған ыс сіңіп, оларды қағып-сілку, тазалау қолайсыз болғандықтан, оттың басына ғана арналған дөңгелек, көлемі шағын киіз арнайы басылған. Бірте-бірте мұндай шағын киіз жиектеп, сырып, оюлап жасау пайда болды. Осындай от айналасына төселетін төсеніш киіз откиіз, сұпы киіз деп те айтылады. От сырмақ, сұпы киіз аталатын шағын киіздердің астына үлкен киіз төселеді. Кейде откиіз үйдің іргесіне дейін жететін мөлшерде үлкен етіп те басылады. Ал қазіргі «палас» деп аталатын бұйымның қызметін атқарып, үстіне сырмақ, кілемшелер мен көрпешелер төселеді.
- Төркиіз.
Төрге төселетін киізді төркиіз дейді. Төркиіз, әдетте, қонақ келгенде төселеді. Төркиіздің үстіне сырмақ төсейді. Оны "төр сырмақ" деп атайды.
Төсенішке пайдаланылатын киіз көбінесе ою-өрнекті болады. Киіз басқанда әр түске боялған жүннің өзінен ою-өрнек салып басылған киіз текемет деп аталады. Оны текеметтің түрі деп те қолданады. Кейде екі бетіне (астыңғы және үстіңгі беті) де түр, яғни ою-өрнек салып басылған текеметтер де кездеседі. Текеметті ою-өрнегіне қарап ала киіз деп айту кездеседі. Оның аяқ астына төселетін шағын түрін аяқ текемет дейді.
Киіз төсеніштің ою-өрнекті тағы бір түрі "сырмақ" деп аталады. Сырмақтың текеметтен айырмасы: текеметтің ою-өрнегі киіз дайындалатын жүннің бетін түрлеу арқылы киізбен бірге басылып шығады. Сырмақты жасау үшін екі түсті киізді, әдетте ақ пен қара, біріне бірін беттестіріп, тиісті ою-өрнек желісін ояды. Сөйтіп, әлгі екі түсті бірдей ойылған ою-өрнек бір-біріне қиюластырғанда, түстері симметриялы екі сырмақ пайда болады. Ою-өрнектің қиюластырылған тұсы тінделген жіппен сырылып жиектеледі. Сонымен қатар, совет дәуірінде сырмақтың ою-өрнегін матадан жасау дәстүрі қалыптасты. Матадан ойып алынған өрнек киіз бетіне қойылады да, оны сырып тігу арқылы бекітеді. Оюлы төсегіш киіздің сырмақ деп аталуы сырып тігуге байланысты шыққан. Мұндай киіз төсеніштер үлкен-кішілігіне, қолданылу мақсатына сәйкес тізе сырмақ, маяуза сырмақ, төр сырмақ, төсек алды сырмақ, аяқжол деп аталады.
Бетіне ою-өрнек түсірілген, керегенің ішінен тұтылатын киіз түрін, яғни, сырмақтың сәнді түрін тұскиіз деп атайды. Тұрмыста тұскиіздің орнына алаша тұтылса – тұсалаша, кілем тұтылса – тұскілем деп, бәрін кеңістік ұғымын білдіретін сөзбен (тұс) қосып айту қалыптасқан.
Талдырма киіз
Қойдың, қозының күзем жүнінен бос басылған киіздің түрін талдырма деп айтады. Талдырма киізді текеметтің төсегін жасауға пайдаланады. Ол көбінесе ақ немесе қара түсті болып келеді. Алдын ала мөлшермен жасалған талдырманың үстіне түтіліп боялған жүнді сол қолдың саусақтарының сыртымен бастырып оң қолмен әлгі жүнді соза отырып тиісті ою-өрнек желісін жүгіртеді. Бұл үрдісті "бет тарту" деп атайды. Ою-өрнекке қажетті жүн боялмауы да мүмкін. Ондайда, егер, текеметтің төсегі қара түсті болса, ою-өрнек жүгіртетін жүн ақ болып келеді. Ал, ақ түсті төсектің бетіне ою-өрнек бастырылатын жүн қара түсті болады. Талдырманы жүннен басылған ою дайындауға да қолданады. Кей жерде текемет (оюлы киіз) жасау үшін алдымен қара жүнді шиге орап, үстінен ыстық су құйып теуіп, таза пісірмей, «талдырып» қояды. Біраздан кейін шидің орауын жазып, талдырмадан оюды қиып алып, шабақталған жүннің үстіне салып, ыстық су шашып, шиге орап, киізге басады. Талдырма жұмсақ басылғандықтан оны киім-кешек, көрпе, көпшік т.б. тәрізді бұйымдарды дайындауға да қолданады.
Киіздің қолданылатын орнына қарай түрлері
Киіздер қолданылатын орнына қарай сырмақтық киіз (сырмақ тігуге арналған киіз), тоқымдық киіз (тоқым жасайтын киіз), күйек киіз (қойды мезгілінен бұрын қашырмау үшін қошқардың беліне байланатын киіз), қап киіз (әртүрлі көлемдегі қап, қапшық тігуге қолданатын киіз), қом киіз (түйені қомдау үшін қолданатын киіз), қоныш киіз (етіктің қонышын тігуге лайық киіз), есік киіз (киіз үйдің есігіне қолданатын киіз), қамыт киіз (арбаға тегілетін аттың мойына қамыт тігуге қолданатын киіз), жол киіз (жолға алып шыққан киіз), туырлық киіз немесе туырлықтық киіз (керегенің сыртынан жабуға, яғни, туырлық ретінде пайдаланатын киіз) сияқты сан алуан түрге жіктеліп, ажыратылады.
Киіздің бөлшек-бөлімдері қолтықша, өң киіздің өңі, теріскей киіздің теріскей, сары қас, қара қас деп аталады. Киіз басуда қолтық немесе мүйіз пішінді болып келетін, ортасына қызыл жүн толтырылған жерді – қолтықша, киіздің төрт бұрышына сары жүнен басылған ою-өрнекті жерін – сары қас, киіздің үстін (бетін) – өң, киіздің өңі, киіздің астын (астыңғы бөлігі) – теріскей немесе киіздің теріскейі, киіздің төртбұрышына бірыңғай қара жүнен басылған оюды қара қас дейді.
Киізден жасалатын бұйымдар
Қазақтың байырғы тұрмысында әртүрлі бұйымдарды жасауда материал ретінде киіз жиі қолданылды. Киіз үйдің керегесі, уығы, шаңырағы және сан алуан үзік, бау, басқұрынан басқасы тегіс киізден жасалатындығы өз алдына, үй жиһазының жоғарыда ішінара аталғандарынан басқа көптеген түрлері де осы материалдан дайындалды.
Киізден жасалған киім мен үй және шаруашылық бұйымдардың дәстүрлі қазақы ортада ең көп тарағандарының қысқаша сипаттамалары:
- киіз байпақ – киізден жасалған жылы аяқкиім. Киіз байпақ суықты да, ыстықты да өткізбейді. Осы ретте айта кететін нәрсе – құмды жерде шашасы күймесін деп аттың аяғына да кигізетін киіз байпақтың ерекше түрі болды;
- киіз бөрік – киізден тігілген баскиім. Мұндай бөріктің сырты матамен тысталып, төбесі шошақтау болып тігіледі;
- киіз қалпақ – киізден күнқағарын үлкендеу етіп тіккен бас киімнің түрі. Киіз қалпақты, әдетте, ақ жүннен басылған киізден тіккен;
- киіз кебіс – киізден тігілген кебіс;
- киіз етік – киізді аяққалыпқа салып, былғарыдан тігістеріне сыздық жүргізіп, басын қусырып тіккен етік. Киіз етікті сырып тігеді. Сонымен бірге, қалыпқа салып, басын шығару тәсілі де болды;
- киіз жеңсе – жеңсенің киізден тігілген түрі;
- кебенек – малшылардың, жолаушылардың суықта және жауын-шашында киетін сырт киімі;
- киіз есік – сықырлауықтың сыртынан жауып тұратын, астары жарғақ теріден тігілген, тысы мен астардың ортасына ши салынған, ақ киізден жасалған есік. Киіз есікті астынан бастап жиырып, есіктің маңдайшасына байлайды немесе жоғары түріп қояды. Киіз есіктің басындағы бауды (оны тастама деп те айтады) басқұр дейді;
- киіз қап – киізден тігілген қап қолданысына байланысты алуан түрлі болып келеді. Мысалы: аяққап (ыдыс-аяқ салатын қап), уыққап (уыққа арналған қап), (көшкенде керегені салып байлайтын қап), сандыққап (сандықтың сыртынан кигізетін қап), сабақап (сабаның түп жағынан бастап, ортасынан сәл жоғарырақ жеріне дейін кигізіп қоятын қап), қобызқап (кобыз салып қоятын қапшық), кебежеқап (көшкенде кебежені салатын үлкен киіз бұйым), жүн қап (жүн жинайтын, сақтайтын қанар тәрізді үлкен ыдыс) және т.б.
- Киізден ертеректе дастарқан да жасалды. Оны "шай киіз" деп атаған. Шай киіз – 1-1,5 м көлемінде шымқай қаражүннен жұқа басылып, жиектері кестеленген, түсті жіппен өрнек салынған дастарқан түрі.
- Қазан асқанда қол күймеу үшін қолғап сияқты ел ішінде "тұтқыш" деп айтылатын зат та киізден дайындалды.
- Жылқы мен түйені көлік ретінде пайдалану үрдісін киізден жасалған қажетті бұйымдарсыз елестетудің өзі мүмкін емес (ер, ер-тұрман, атжабу, қамыт, жабан қамыт, жабу, ауыт, (кәтеп), қомша және т.б.)
Ерекше екшеп айтар жайт – киізден дайындалған бұйымның атауы киіз сөзі қосылып та, қосылмай жекелей де айтыла береді. Егер бұйым киізден де басқа материалдан жасалса, оның атауы міндетті түрде киіз сөзімен байланыстырылып айтылады. Ондайда киіз сөзі бұйымның атауына байланысты анықтауыш-детерминатив функциясын атқарады (мысалы, киіз қалпақ, киіз етік және т.б.). Ал, киізден ғана жасалатын бұйым киіз сөзі қосылмай-ақ айтылады. Өйткені, ондай бұйымның жасалатын материалы біреу-ақ – киіз (мысалы туырлық, ұлтарақ, текемет, сырмақ, откиіз және т.б.).
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Рубрук В. Путешествие в восточные страны. СПб, 1911;
- Красовский М. Область Сибирских киргизов. Ч.1. СПб., 1868;
- Словцов И.Я. Путевые записки веденные во время поездки в Кокчетавский уезд Акмолинской области в 1878 г. ЗЗСОИРГО, Омск, 1897. Кн. 21. С.71;
- Юдахин К.К. Киргизско-русский словарь. М.: Советская энциклопедия, 1965;
- Каскабасов С.А. Родники искусства. Алма-Ата, 1986;
- Монгол ес заншлын их тайлбар толь. Ұланбатыр, 1992;
- Дөрбілжін ауданының өлең-жырлары. Үрімжі, 1994; Байтұрсынұлы А. Күзем. Бес томдық шығармалар жинағы. Т.2. Алматы, 2004. 230-234-бб.;
- Тоқтабай А., Сейітқұлова Ж. Төрт түліктің қасиеті. Алматы, 2005;
- Фәрид-ед-дин Әттар. Әулиелер шежіресі. Алматы, 2006;
- Радлов В.В. Тюркские степные кочевники. III т. Астана: Алтын кітап, 2007;
- Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007;
- Әлімжанова А.А. Қазақ тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың этнолингвистикалық сипаты. Филол. ғылым. канд. дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияның авторефераты. Алматы, 2008.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kiiz kigiz kojdyn kүzem zhүninen kalyn tygyz etip basylgan үj turmysynda pajdalanylatyn bujym Koshpeli halyk omirinde kiizdin alatyn orny erekshe Kiiz kazak zherindegi koshpeli tajpalarda b z b 1 mynzhyldykta belgili bolgan Noin ula men Pazyryk korgandarynan tabylgan zattardyn ishinde kiizden basylgan bujymdar da bar Bul kiiz basu ondirisi erte damyganyn korsetedi Syrmak 2 ҚR ҰM korynan Kiizdin tүrleriKүndelikti turmysta kiizdi toseuge kiiz үjdin tuyrlygyn uygyn tүndigin esigin zhabuga mal sharuashylygyna kazhetti tokym kopshik zhabu zhasauga bas kiim men syrt kiim ayak kiim tүrlerin tiguge sondaj ak kap kapshyk t b tiguge zhii pajdalangan Osygan bajlanysty olardyn tүrleri kop bolady Ystyk sumen pisirilgen buy burkyrap shygyp zhatkan kiizdi zhas kiiz dep atajdy Өre kiiz үsh kulash shamasyndagy uzyn үlken kiiz Kiiz koldanylatyn ornyna maksatyna karaj birneshe tүrge bolinedi Ak kiiz Ak kiiz biryngaj ak zhүnnen basylgan sajlau kezinde handy sogan otyrgyzyp sajlaudyn sheshimin bildiruge ulyktauga koldanylatyn kiiz Halyktyn asa kurmetti bedeldi adamdary han sajlau saltanatynda handy ak kiizge otyrgyzyp zhiyndy togyz ret ajnalyp shygatyn bolgan Halyk dauys koterip koshemettejdi Odan kejin hannyn mojnyna zhibek oramal bajlap atka mingizip topty ajnaldyryp shygady Sayasi mәni bar osyndaj rәsimdi otkizuge bajlanysty ak kiizge otyrgyzyp han sajlady magynasynda koldanylatyn ak kiizge koterdi tәrizdi bejneli soz tirkesi kalyptaskan Han sajlauynda koldanylgan ak kiiz syj kurmettin belgisi bolgan Қazak turmysynda ak kiizdi kelin tүsirgende zhaksy tilektin belgisi retinde koldangan Bajyrgy salt bojynsha kelindi үjge kirgizgende minezi zhumsak bolsyn dep bostek konili taza ak bolsyn degen yrymmen ayak zhagyna ak kiiz tosegen Ak kiizdin kurmetteu belgisi bolgany baska zhagdajlardan da korinedi Mәselen buryngy kazak dәstүrinde ak zhauyp arulagannan kejin mәjitti әdette үjden shygaru үshin zherge aldymen ak kiiz toselgen Shygys Қazakstanda ak kiizdi ziratka aparatyn tabyttyn ornyna koldanady Mundaj kiizdi ayakasty etpejdi Kej zherlerde osyndaj kyzmet atkaratyn kiizdi ak tekemet dep te atajdy Ony kajta pajdalanu үshin otpen alastap zhuldyz korsin dep zhel kagyp tazaruy үshin tүnde dalaga zhajyp koyady Kop rette mәjitti zherleuge pajdalangan kiizdi meshitke yaki moldaga bergen Mundaj kiizdin el arasynda saktalgan aty imankiiz Imankiizdi mәjitti orap alyp shyguga koldanady Қarys zherde kaza bar ozekti zherde olim bar olim ajtyp kelmejdi dep kart adamdar imankiizin arnajy zhasatyp teninde saktagan Kiizdin baska tүrlerine karaganda onyn tek tүsi gana emes zhasalu tehnologiyasynda da ozgesheligi bolady Mysaly imankiiz kozynyn ak zhүninen basylady Ol үshin kiiz basuga arnalgan shidin kolemin 3 3 5 m shamasynda tortkүl etip salyp kiizdi zhukalau әri zhumsaktau etip basady Mundaj kiizdi pisirmejdi Basyp bolgan son kylshyktajdy Odan son keptiriledi Әbden kepken son ishine akyret betine zhabatyn mata kalampyr iissabyn iissu shymyldyk salyp orap tende nemese abdyrada saktajdy Zhabu kiiz Үjge zhabylatyn kiizdi kej zherde kesek kiiz kej zherde zhabu kiiz tuyrlyktyk kiiz dep atajdy Ol kiiz zhabyn dep te atalady Zertteushi Ө Zhәnibekov kiiz zhabynga tuyrlyk pen үzikti zhatkyzady Zhabu kiizinin tүsi kobinese kara kara koshkyl bolady Sondyktan kiiz үjdi kej olkede zhabylgan kiizdin tүsine karaj kara үj dep atau kalyptaskan Sonymen birge kiiz үjdi zhabuga ak kiiz de koldanylgan Birak ogan kez kelgen adamnyn koly zhete bermegen Ak kiizben zhabylgan үjler kolemi men sәn saltanatyna karaj ak orda ak otau ak үj ak ala orda dep atalgan Zhabu kiizin dajyndau әjelderdin mindetine zhatady Ystyk suyktan zhauyn shashynnan korgap turatyn zhabu kiizderi үj kolemine sәjkes keletin shi bojymen basylady Ony kalyndau shirak etip basady Zhabu kiizi әdette kyrkүjek ajynyn ortasyna taman basylady Tosenish retinde pajdalanylatyn kiizder Tekemet ҚR ҰM korynan Tosenish retinde pajdalanylatyn kiizder otkiiz torkiiz tekemet syrmak dep atalady Otkiiz Үj ishindegi otka en zhakyn toseletin kiizdi otkiiz dejdi Koktem men kүzdin tүngi salkyndarynda yaki kys auasynda kiiz үjde otyruga tura kelgende otty mol zhagyp ot basyn ajnala otyryp otka zhylynu әri tamaktanu үshin osy zhagdajga lajyktalyp zhasalgan kiiz toseledi Buryngy uakytta ata babalarymyz astynan syz otpeu үshin koktem kүz kys ajlarynda kiiz үj ishine kurgak topyrak kum togip onyn үstine koga kamys saban salyp odan son shi tosep olardy ot agashpen ajnala korshap kojgan Kiizdi en sonynda toselgen shidin үstinen salgan Kejde ot ornyn ajnala korshap dongelek pishinde taktajdan eden zhasap alyp kiizdi sonyn үstine salatyn Kүn suykta tuyrlykty osyndaj agash edenge zhetkize ajnaldyra salatyn bolgan Mundaj tuyrlyktardyn karakasy dongelenip bireuin nemese ekeuin tosegende үj ishinin kop boligin alyp zhatady Onyn үstine syrmak korpe korpesheler salynyp ot basynda tonbaj otyruga kolajly bolgan Alajda mundaj tuyrlyktar үlken bolgandyktan әri ogan ys sinip olardy kagyp silku tazalau kolajsyz bolgandyktan ottyn basyna gana arnalgan dongelek kolemi shagyn kiiz arnajy basylgan Birte birte mundaj shagyn kiiz zhiektep syryp oyulap zhasau pajda boldy Osyndaj ot ajnalasyna toseletin tosenish kiiz otkiiz supy kiiz dep te ajtylady Ot syrmak supy kiiz atalatyn shagyn kiizderdin astyna үlken kiiz toseledi Kejde otkiiz үjdin irgesine dejin zhetetin molsherde үlken etip te basylady Al kazirgi palas dep atalatyn bujymnyn kyzmetin atkaryp үstine syrmak kilemsheler men korpesheler toseledi Torkiiz Torge toseletin kiizdi torkiiz dejdi Torkiiz әdette konak kelgende toseledi Torkiizdin үstine syrmak tosejdi Ony tor syrmak dep atajdy Tekemet Tosenishke pajdalanylatyn kiiz kobinese oyu ornekti bolady Kiiz baskanda әr tүske boyalgan zhүnnin ozinen oyu ornek salyp basylgan kiiz tekemet dep atalady Ony tekemettin tүri dep te koldanady Kejde eki betine astyngy zhәne үstingi beti de tүr yagni oyu ornek salyp basylgan tekemetter de kezdesedi Tekemetti oyu ornegine karap ala kiiz dep ajtu kezdesedi Onyn ayak astyna toseletin shagyn tүrin ayak tekemet dejdi Syrmak Kiiz tosenishtin oyu ornekti tagy bir tүri syrmak dep atalady Syrmaktyn tekemetten ajyrmasy tekemettin oyu ornegi kiiz dajyndalatyn zhүnnin betin tүrleu arkyly kiizben birge basylyp shygady Syrmakty zhasau үshin eki tүsti kiizdi әdette ak pen kara birine birin bettestirip tiisti oyu ornek zhelisin oyady Sojtip әlgi eki tүsti birdej ojylgan oyu ornek bir birine kiyulastyrganda tүsteri simmetriyaly eki syrmak pajda bolady Oyu ornektin kiyulastyrylgan tusy tindelgen zhippen syrylyp zhiekteledi Sonymen katar sovet dәuirinde syrmaktyn oyu ornegin matadan zhasau dәstүri kalyptasty Matadan ojyp alyngan ornek kiiz betine kojylady da ony syryp tigu arkyly bekitedi Oyuly tosegish kiizdin syrmak dep ataluy syryp tiguge bajlanysty shykkan Mundaj kiiz tosenishter үlken kishiligine koldanylu maksatyna sәjkes tize syrmak mayauza syrmak tor syrmak tosek aldy syrmak ayakzhol dep atalady Tuskiiz Betine oyu ornek tүsirilgen keregenin ishinen tutylatyn kiiz tүrin yagni syrmaktyn sәndi tүrin tuskiiz dep atajdy Turmysta tuskiizdin ornyna alasha tutylsa tusalasha kilem tutylsa tuskilem dep bәrin kenistik ugymyn bildiretin sozben tus kosyp ajtu kalyptaskan Taldyrma kiiz Қojdyn kozynyn kүzem zhүninen bos basylgan kiizdin tүrin taldyrma dep ajtady Taldyrma kiizdi tekemettin tosegin zhasauga pajdalanady Ol kobinese ak nemese kara tүsti bolyp keledi Aldyn ala molshermen zhasalgan taldyrmanyn үstine tүtilip boyalgan zhүndi sol koldyn sausaktarynyn syrtymen bastyryp on kolmen әlgi zhүndi soza otyryp tiisti oyu ornek zhelisin zhүgirtedi Bul үrdisti bet tartu dep atajdy Oyu ornekke kazhetti zhүn boyalmauy da mүmkin Ondajda eger tekemettin tosegi kara tүsti bolsa oyu ornek zhүgirtetin zhүn ak bolyp keledi Al ak tүsti tosektin betine oyu ornek bastyrylatyn zhүn kara tүsti bolady Taldyrmany zhүnnen basylgan oyu dajyndauga da koldanady Kej zherde tekemet oyuly kiiz zhasau үshin aldymen kara zhүndi shige orap үstinen ystyk su kujyp teuip taza pisirmej taldyryp koyady Birazdan kejin shidin orauyn zhazyp taldyrmadan oyudy kiyp alyp shabaktalgan zhүnnin үstine salyp ystyk su shashyp shige orap kiizge basady Taldyrma zhumsak basylgandyktan ony kiim keshek korpe kopshik t b tәrizdi bujymdardy dajyndauga da koldanady Kiizdin koldanylatyn ornyna karaj tүrleriKiizder koldanylatyn ornyna karaj syrmaktyk kiiz syrmak tiguge arnalgan kiiz tokymdyk kiiz tokym zhasajtyn kiiz kүjek kiiz kojdy mezgilinen buryn kashyrmau үshin koshkardyn beline bajlanatyn kiiz kap kiiz әrtүrli kolemdegi kap kapshyk tiguge koldanatyn kiiz kom kiiz tүjeni komdau үshin koldanatyn kiiz konysh kiiz etiktin konyshyn tiguge lajyk kiiz esik kiiz kiiz үjdin esigine koldanatyn kiiz kamyt kiiz arbaga tegiletin attyn mojyna kamyt tiguge koldanatyn kiiz zhol kiiz zholga alyp shykkan kiiz tuyrlyk kiiz nemese tuyrlyktyk kiiz keregenin syrtynan zhabuga yagni tuyrlyk retinde pajdalanatyn kiiz siyakty san aluan tүrge zhiktelip azhyratylady Kiizdin bolshek bolimderi koltyksha on kiizdin oni teriskej kiizdin teriskej sary kas kara kas dep atalady Kiiz basuda koltyk nemese mүjiz pishindi bolyp keletin ortasyna kyzyl zhүn toltyrylgan zherdi koltyksha kiizdin tort buryshyna sary zhүnen basylgan oyu ornekti zherin sary kas kiizdin үstin betin on kiizdin oni kiizdin astyn astyngy boligi teriskej nemese kiizdin teriskeji kiizdin tortburyshyna biryngaj kara zhүnen basylgan oyudy kara kas dejdi Kiizden zhasalatyn bujymdarҚazaktyn bajyrgy turmysynda әrtүrli bujymdardy zhasauda material retinde kiiz zhii koldanyldy Kiiz үjdin keregesi uygy shanyragy zhәne san aluan үzik bau baskurynan baskasy tegis kiizden zhasalatyndygy oz aldyna үj zhiһazynyn zhogaryda ishinara atalgandarynan baska koptegen tүrleri de osy materialdan dajyndaldy Kiizden zhasalgan kiim men үj zhәne sharuashylyk bujymdardyn dәstүrli kazaky ortada en kop taragandarynyn kyskasha sipattamalary kiiz bajpak kiizden zhasalgan zhyly ayakkiim Kiiz bajpak suykty da ystykty da otkizbejdi Osy rette ajta ketetin nәrse kumdy zherde shashasy kүjmesin dep attyn ayagyna da kigizetin kiiz bajpaktyn erekshe tүri boldy kiiz borik kiizden tigilgen baskiim Mundaj boriktin syrty matamen tystalyp tobesi shoshaktau bolyp tigiledi kiiz kalpak kiizden kүnkagaryn үlkendeu etip tikken bas kiimnin tүri Kiiz kalpakty әdette ak zhүnnen basylgan kiizden tikken kiiz kebis kiizden tigilgen kebis kiiz etik kiizdi ayakkalypka salyp bylgarydan tigisterine syzdyk zhүrgizip basyn kusyryp tikken etik Kiiz etikti syryp tigedi Sonymen birge kalypka salyp basyn shygaru tәsili de boldy kiiz zhense zhensenin kiizden tigilgen tүri kebenek malshylardyn zholaushylardyn suykta zhәne zhauyn shashynda kietin syrt kiimi kiiz esik sykyrlauyktyn syrtynan zhauyp turatyn astary zhargak teriden tigilgen tysy men astardyn ortasyna shi salyngan ak kiizden zhasalgan esik Kiiz esikti astynan bastap zhiyryp esiktin mandajshasyna bajlajdy nemese zhogary tүrip koyady Kiiz esiktin basyndagy baudy ony tastama dep te ajtady baskur dejdi kiiz kap kiizden tigilgen kap koldanysyna bajlanysty aluan tүrli bolyp keledi Mysaly ayakkap ydys ayak salatyn kap uykkap uykka arnalgan kap koshkende keregeni salyp bajlajtyn kap sandykkap sandyktyn syrtynan kigizetin kap sabakap sabanyn tүp zhagynan bastap ortasynan sәl zhogaryrak zherine dejin kigizip koyatyn kap kobyzkap kobyz salyp koyatyn kapshyk kebezhekap koshkende kebezheni salatyn үlken kiiz bujym zhүn kap zhүn zhinajtyn saktajtyn kanar tәrizdi үlken ydys zhәne t b Kiizden erterekte dastarkan da zhasaldy Ony shaj kiiz dep atagan Shaj kiiz 1 1 5 m koleminde shymkaj karazhүnnen zhuka basylyp zhiekteri kestelengen tүsti zhippen ornek salyngan dastarkan tүri Қazan askanda kol kүjmeu үshin kolgap siyakty el ishinde tutkysh dep ajtylatyn zat ta kiizden dajyndaldy Zhylky men tүjeni kolik retinde pajdalanu үrdisin kiizden zhasalgan kazhetti bujymdarsyz elestetudin ozi mүmkin emes er er turman atzhabu kamyt zhaban kamyt zhabu auyt kәtep komsha zhәne t b Erekshe ekshep ajtar zhajt kiizden dajyndalgan bujymnyn atauy kiiz sozi kosylyp ta kosylmaj zhekelej de ajtyla beredi Eger bujym kiizden de baska materialdan zhasalsa onyn atauy mindetti tүrde kiiz sozimen bajlanystyrylyp ajtylady Ondajda kiiz sozi bujymnyn atauyna bajlanysty anyktauysh determinativ funkciyasyn atkarady mysaly kiiz kalpak kiiz etik zhәne t b Al kiizden gana zhasalatyn bujym kiiz sozi kosylmaj ak ajtylady Өjtkeni ondaj bujymnyn zhasalatyn materialy bireu ak kiiz mysaly tuyrlyk ultarak tekemet syrmak otkiiz zhәne t b DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterRubruk V Puteshestvie v vostochnye strany SPb 1911 Krasovskij M Oblast Sibirskih kirgizov Ch 1 SPb 1868 Slovcov I Ya Putevye zapiski vedennye vo vremya poezdki v Kokchetavskij uezd Akmolinskoj oblasti v 1878 g ZZSOIRGO Omsk 1897 Kn 21 S 71 Yudahin K K Kirgizsko russkij slovar M Sovetskaya enciklopediya 1965 Kaskabasov S A Rodniki iskusstva Alma Ata 1986 Mongol es zanshlyn ih tajlbar tol Ұlanbatyr 1992 Dorbilzhin audanynyn olen zhyrlary Үrimzhi 1994 Bajtursynuly A Kүzem Bes tomdyk shygarmalar zhinagy T 2 Almaty 2004 230 234 bb Toktabaj A Sejitkulova Zh Tort tүliktin kasieti Almaty 2005 Fәrid ed din Әttar Әulieler shezhiresi Almaty 2006 Radlov V V Tyurkskie stepnye kochevniki III t Astana Altyn kitap 2007 Yskakkyzy Ә Syrmak oneri Almaty Almatykitap 2007 Әlimzhanova A A Қazak tilindegi әjel kolonerine bajlanysty halyktyk leksikanyn etnolingvistikalyk sipaty Filol gylym kand dәrezhesin alu үshin zhazylgan dissertaciyanyn avtoreferaty Almaty 2008