Көлік – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды саласы, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.
Тарихы
Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.
Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.
Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.
Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.
Көлік географиясы
Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайды. Барлық байланыс жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне бірігеді. Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы ете үлкен елдер үшін маңызы ерекше. Сондықтан көлік жүйесінің салаларын дамытуға бұл елдер көп қаржы жұмсайды.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқынды дамуына негіз болды. Бұл көліктер жылдамдығының артуынан, олардың жүк көтеру және тасымалдау мүмкіншіліктерінің кеңеюінен айқын көрінеді.
Көлік қатынасы жоғары дамыған елдерде жақсы жолға қойылған. Шығыс Еуропа елдері мен Ресейдің көлік жүйесі жолдардың жиілігі мен сапасы, жүк айналымының мөлшері жөнінен Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тан әлдекайда төмен дәрежеде. Дамушы елдер бойынша осы заманғы көлік жүйелері тек жекелеген елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат-арба, адам күшімен жүк тасу әлі де болса, кең орын алып келеді. Ауғанстан, Непал сияқты елдерде теміржол мүлдем жоқ. Сол сияқты Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай өндіруші елдер мен Мұхит аралдары, Кариб теңізі алабындағы кейбір елдерде де теміржол жоқ.
Көлік түрлері
Көлік екі ірі тарапқа бөлінеді:
- өндірістік ішкі көлігі
- көпшілік пайдаланатын көлік
Өндірістік ішкі Көлігі
Өндірістік ішкі көлігі (зауыттардың ішкі темір жол пункттері, автомобильдік және көлік жолдар, конвейер, трансопортер, кран, т.б. көтергіш қондырғылар) әдетте белгілі бір кәсіорынға қызмет етеді және ол тікелей өндіріс процесінің құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Көпшілік пайдаланатын көлік
Көпшілік пайдаланатын көлік:
- еңбек өнімдерін (дайын өнім, шикізат, шала фабрикада т.б.) бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға, өндіріс орнынан тұтыну пункттеріне тасымалдау ісін жүзеге асырады. Бұл топқа көпшілік пайдаланатын көліктің барлық түрі - темір жол, өзен, теңіз, автомобильдік, әуе, құбыр жолы көліктері жатады.Көпшілік пайдаланатын көлік еңбек өнімдерін тұтынатын орындарға (өндірістік және жеке тұтыну) жеткізе отырып, өндіріс процесін одан әрі жалғастырады.
- жолаушыларды тасымалдау ісін де жүзеге асырады.
Құрлық көліктері
Құрлық көлігінің құрамына
- автомобиль көлігі
- теміржол көлігі
- құбыр жолы көлігі
Автомобиль көлігі
Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел — тасжолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойынша олардың жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады.
Бұл көрсеткіш жөнінен әсіресе АҚШ айрықша көзге түседі: мұнда 1000 адамға шаққанда 600 автомобильден келеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы жөнінен де (5 млн км) АҚШ жетекші орын алады. Ал жолдардың жиілігі жөнінен Батыс Еуропа мен Жапония алға шығады.
Автомобиль көлігінің өте қарқынды дамуы көліктің жылдамдығына әрі жүкті шалғай аудандарға жедел жеткізуіне байланысты. Жалпы алғанда, дүниежүзілік жүк айналымының 10%-ы, жолаушы тасымалының 80%-ы автомобиль көлігінің үлесіне тиеді.
Теміржол
Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км-ге жуық. Теміржолдың ұзындығы жөнінен де АҚШ алда келеді. Бірақ жолдардың жиілігі Батыс Еуропада өте жоғары, онда 100 км² жерге 10 км теміржол тиесілі болады. Жүк айналымындағы теміржол үлесі 15% шамасында.
Кейбір елдердегі теміржол мен автомобиль жолдарының ұзындығы, мың км
Елдер | Теміржол | Автомобиль жолдары (қатты жабындылы) |
---|---|---|
АҚШ | 245 | 5640 |
Ресей | 86 | 620 |
Үндістан | 62 | 834 |
Қытай | 58 | 880 |
Франция | 35 | 745 |
Германия | 45 | 481 |
Жапония | 27 | 1131 |
Құбыр көлігі
Құбыр көлігі соңғы жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты жедел қарқынмен дамуда. Ұзындығы 4,5—5 мың км болатын мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар Ресей, Канада, АҚШ жерінде орналасқан. Құбыр көлігінің үлесіне жүк айналымының 10%-ы тиесілі.
Су көлігі
Теңіз көлігі
Теңіз көлігінің үлесіне елдер арасындағы жүк тасымалының 80%-ы, дүниежүзілік жалпы жүк айналымының 60%-ы тиеді. Ірі теңіз державалары арасындағы өзара бәсеке салдарынан көптеген ірі кемелер салық тұрғысынан ұтымды болатын дамушы елдердің туы астында жүзеді. Сондықтан теңіз жүк тасымалындағы жетекші елдер қатарынан Панама, Либерия, Грекия, Кипрді көруге болады. Ірі сауда кемелерінің үлесі Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, АҚШ, Ресей, Қытай елдерінде де жоғары. Теңіз жолының ежелден белгілі ауданы — Атлант мүхиты. Ірі порттары: Роттердам (Нидерланд), Жаңа Орлеан (АЩП), Марсель (Франция), Гамбург (ГФР). Соңғы кезде Азияның жаңа индустриялық елдерінің қарқынды дамуы Тынық және Үнді мұхиттарындағы теңіз жолдарын игеруге мүмкіндік беруде. Бұл аймақтағы халықаралық маңызы бар ірі порттар қатарына Кобе, Нагоя, Иокогама (Жапония) және Сингапур жатады. Теңіз жолдарының түйіскен жері жіңішке бұғаздар мен теңіз каналдары болып табылады. Ла-Манш бұғазы арқылы тәулігіне 500, Зонд бұғазы арқылы 175, Гибралтар бұғазы аркылы 140 кеме өтеді. Сонымен қатар Ормуз, Малакка, Босфор бұғаздарының маңызы зор. Адамзаттың ақыл-ойы мен еңбегінің нәтижесінде пайда болған жасанды бұғаздар — Суэц, Панама және Киль каналдары экономикалық жағынан аса тиімді теңіз кақпасы болып табылады.
Кеме жүзетін ірі каналдар
Каналдың аты | Тереңдігі, м | Ені, м | Ұзындығы, км | Орны |
---|---|---|---|---|
Суэц | 16,2 | 120—318 | 161 | Жерорта теңізі — Қызыл теңіз |
Панама | 12,5 | 150—305 | 81,6 | Атлант мұхиты — Тынық мұхит |
11,3 | 104—214 | 99 | Солтүстік теңіз — Балтық теңізі |
Жүк айналымында мұнай мен мұнай өнімдері алдыңғы орынды алып, сол сияқты құрғақ жүк деп аталатын темір кені, көмір, астық, ағаш және т.б. жүктер де көбеюде. Мамандандырылған кемелердің, әсіресе танкерлердің үлесі артуда.
Өзен-көл көлігі
Өзен-көл көлігі көбінесе жеке елдердің, сондай-ақ халықаралық жүк тасымалының да бір бөлігін қамтиды. Еуропада Рейн, Дунай, Эльба, Одер, Америкада Әулие Лаврентий, Парана өзендері мен Ұлы көлдер ірі халықаралық су жолдары болып саналады. Біздің еліміздегі Каспий теңізінің де осындай маңызы бар.
Әуе көлігі
Әуе көлігі — көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрінің бірі. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауды маңызды рөл алуда. Соңғы жылдары турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі әуе көлігінің тиімділігін арттыруда. Олардың қатарында көбінесе халықаралық әуе тасымалын қамтамасыз ететін "Боинг— 747" (АҚШ), "Ил—86" (Ресей), "Аэробус" (ГФР— Франция — Ұлыбритания), жылдамдығы 2—3 мың км/сағ-қа жететін "Конкорд" (Франция — Ұлыбритания) ұшақтары бар.
Әуе көлігі ең күшті дамыған ел — АҚШ, ол дүниежүзіндегі жолаушылардың 50%-ын тасымалдайды. Дүниежүзіндегі ең ірі әуежайлар: "О' Хара" (Чикаго), Даллас, Лос-Анджелес, Атланта, "Хитроу" (Лондон), "Ханеда" (Токио) және т.б.
Қазақстандағы көлік жүйесі
Су көлігі – көлік жүйесінің ажырамас бөлігі. Ол мұнай мен мұнай өнімдерін, ағаш және құрылыс материалдарын жаппай тасымалдауға тиімді. Су көлігінің көліктің басқа түрлерімен, ең алдымен, темір жол көлігімен “тоғысатын” өзіндік ерек-шелігі бар, яғни кемелерден вагондарға және керісінше вагондардан кемелерге тиеу мүмкіндігі зор. Бүгінгі таңда су көлігі Қазақстанда өзен және теңіз көліктеріне бөлінеді. Өзен көлігі кеме қатынайтын өзендерге (Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендеріне, Балқаш көліне); теңіз көлігі Каспий теңізі алабында қызмет көрсетеді.
Темір жол көлігі – республиканың көлік кешеніндегі маңызды қатынас құралы, көлік инфрақұрылымындағы басты буын. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы), оның ұлан-байтақ аумақты алып жатуы, өндірістің шикізаттық құрылымы, өндіргіш күштердің орналасуы, автожол инфрақұрылымының жеткілікті дамымағандығы себепті темір жол көлігінің ел экономикасындағы рөлі айрықша маңызды. Тасымалданатын негізгі өнімдер – көмір, астық, мұнай, кентас, сияқты автомобиль көлігімен тасымалдауға тиімсіз сусымалы және сұйық жүктер.
Автомобиль көлігі – жүктерді таяу және орта қашықтыққа жедел жеткізетін тиімді көлік құралы. Ол Қазақстанда кезең-кезеңмен дамыды. Қазақстандағы халықаралық автомобиль тасымалы, негізінен, халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарында орындалады. Олар 7 дәлізге бөлінеді.
- 1-дәліз: Қорғас – Алматы – Ташкент. Өзбекстанды Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарымен жалғастырады және шығыста ҚХР-на шығады. Батыста автожол Өзбекстан арқылы Орталық Азия елдеріне апарады. Шымкент қаласында 1-дәлізге шыққаннан кейін Қытайға, Орталық Азия елдеріне және Түркияға шығуды қамтамасыз етеді.
- 2-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы – Орал – Ақтөбе — Қызылорда – Шымкент. Орталық Ресейді Қазақстанның оңтүстік аймақтарымен байланыстырады.
- 3-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы – Петропавловск – Астана – Алматы – Қырғызстан шекарасы. Солтүстікте автожол Оралдың өнеркәсіпті аймағына шығады. Қазақстанды орталық бөлікте кесіп өтіп, Солтүстік Қазақстанның астықты аймағын, Қарағанды өнеркәсіптік аймағын республиканың батысымен өзара байланыстырады, Қытай және Пәкстан арқылы Үнді мұхитына шығады. Бағыт Қазақстанның елордасы Астана қаласына көшірілгеннен кейін ерекше мәнге ие болды.
- 4-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Омбы) – Павлодар – Семей – . Батыс Сібірдің өнеркәсіптік аймақтарының, Павлодар аймағының, Шығыс Қазақстанның Қытайға шығуын қамтамасыз етеді.
- 5-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Челябі) – Петропавл – Ресей Федерациясы шекарасы (Новосибирск). Қазақстан аумағы бойынша ұзындығы 220 км болатын маршрут – Сібір аймақтарын орталық Ресеймен жалғастыратын магистралдық автожолдың бір бөлігі.
- 6-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Қорған) – Петропавл – Есіл – Арқалық – Жезқазған – Қызылорда – Өзбекстан. Орталық Қазақстанның аймақтарын (астық өсіретін және кен өндіретін) кесіп өтеді. Солтүстік Қазақстаннан, Оралдың арғы жағынан және Батыс Сібірден Орта Азияға және Үнді мұхитына шығатын ең қысқа жол.
- 7-дәліз: Ресей Федерациясы шекарасы (Астрахан) – Атырау – Бейнеу – Түрікменбашы.
Әуе көлігі – әуе тасымалын орындайтын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен айырмашылығы – жылдамдығында. Әуе көлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды.
- Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 ж. ұшып келді (Мәртөк – Новосергеевка бағытында).
- 1923 ж. “Добролет” қоғамы құрылып, ол әуе поштасы мен жолаушылар тасымалдау ісін ұйымдастыруды қолға алды.
- 1924 ж. “Ю-13” ұшағымен Ташкент – Алматы, Алматы – Ташкент бағытында бірінші рет ұшу сынағы өткізілді.
- 1925 ж. Бішкек – Алматы әуе жолымен алғашқы пошта тасымалы жасалды.
- 1929 ж. Қызылорда – Мәскеу әуе жолы ашылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бірнеше әуе компаниялары (“Эйр Қазақстан”, “Эйр Астана”) құрылды. Әуе компаниялары ішкі және халықаралық жолаушылар, пошта, жүк тасымалдауды, т.б. орындайды.
Құбыр желісі – көлік құралдарының бірі; сұйық, сусымалы жүктерді, мұнайды, газды құбырмен тасымалдау. Мұнда жылжымалы құрам – құбыр желілерінің өзі. Ондағы жүк қысыммен жылжиды. Әрбір 100 – 140 км қашықтықта автоматты түрде жұмыс істейтін орнатылады. Құбыр желісі (мұнай құбырлары мен газ құбырлары) Қазақстанда тұңғыш рет 1970 ж. іске қосылды.
Өркениетті елдердегі тәрізді Қазақстан да көлік жүйелері мен желілерін жүйелі түрде жетілдіріп келеді. Оған 1998—2005 жылдар аралығында көлік инфрақұрылымы мен көлік түрлерін жетілдіруге бағыттайтын үкімет жобасы дәлел болады. Бұл жоба халықаралық көлік жүйесіне кіру мақсатын көздейді. Жылма-жыл бұл салаға 320 млн АҚШ доллары есебінде инвестиция тартылады. Қазақстандағы жолаушы және жүк тасымалының үлесі аса қарқынды өсіп отырған саласы — теміржол көлігі болып табылады.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік жолы
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік жолының жалпы ұзындығы 8445 шақырымды құрайды. Оның 2233 шақырымы – РФ еншісінде, 2787 шақырымы ҚР аума-ғынан өтеді. ҚХР-ға 3425 шақырым тиесілі. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік жолы Қазақстан бойын-ша 5 облысты қамтыды (Ақтөбе, Қы-зылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жам-был және Алматы облыстары). Бұл аймақтарда 5 миллионға тарта халық тұратынын ескерсек, қаншама адам жұмысқа тартылатынын көз алдыңызға елестете беріңіз. Қаржы дағдарысы кезінде мұндай үлкен жобаны қолға алу — халықты бір жағынан жұмыспен қамту деген сөз. Ұлы Жібек жолының бойында құм астында тұншыққан көне шаһарлар қаншама (Отырар, Сайран, Сауран, Тараз, Алтын төбе т.б.). Өз дәуірінде өркениеттің шыңы болған бұл қалаларды біреу білсе, біреу білмес. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы салынар болса «өлген қалалар» тіріліп, туристердің «көз құртына» айналарына сенім мол. Одан бюджеттің қалтасына түсер қаржы да қомақты болмақ. Қазақстан аумағынан өтетін жобаның құны — 825,1 млрд. теңге. Оның 1390 шақырым жолы 4 қозғалыс жолағы бар І техникалық санатқа жатады. Қалған 1387 шақырымы ІІ, ІІІ категория болып саналады. Айтулы жобаға әлемге даңқы жайылған банктер қол ұшын созып жатқанын айта кетуіміз керек. «Еуропалық қайта құру және даму банкі» (ХҚДБ) 2125 млн. доллар, «Азия даму банкі» І транш (АЗБ) 340,0 млн. доллар, “Ислам даму банкі” (ИДБ) 170 млн. доллар несие бөлген. Айта кетер нәрсе — несиенің 20 жылға ең төменгі пайызбен берілгендігі. Ағымдағы жылдың екінші жартысында 3-транш бойынша «Азия даму банкі» 173 млн. доллар, 2-транш бойынша «Ислам даму банкі» 224 млн. доллар және 2-транш бойынша Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (ЖХЫА) 68,0 млн. доллар сомасындағы заим келісіміне қол қою жоспарланып жатыр екен.
Мердігер ұйымдар құрылыс жұмыс-тарын бастап кеткен. 2010-2012 жылдар аралығында жол құрылысына 50 мыңға жуық адам жұмылдырылады.
14 529 адамның 285-і ғана шетелден
Көлік құрылысы
Көлік құрылысы – темір жол, автомобиль, су, әуе көлігі, құбыр желісі нысандарын салу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүзеге асыратын құрылыс саласы. Оған темір жол мен автомобиль жолдарын, аэродромдар, көпірлер, туннельдер, метрополитендер, алаптар, теңіз және өзен айлақтарын, каналдар, магистралды мұнай және газ құбырларын, вокзалдар, деполар, т.б. көлік үйлерін салу, темір жол жүйесін электрлендіру, автоматика және телемеханика қондырғыларын орнату ісі жатады.
2003 ж. Қазақстанда ұзындығы 1500 км-ден асатын Астана – Алматы автомобиль жолы іске қосылды.
Дереккөздер
- География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. ISBN 978-601-293-170-9
- [1] Мұрағатталған 19 қаңтардың 2015 жылы. XXI ғасырдың Ұлы Жібек жолы
- “Балалар Энциклопедиясы”, V-том
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kolik materialdyk ondiristin zholaushylar men zhүk tasymaldaudy zhүzege asyratyn asa manyzdy salasy ekonomikanyn infrakurylymyn kalyptastyratyn salalardyn biri Avtomobil koligi TarihyAlgashky kolikter bejnelengen zhapon sureti Arheologiyalyk derektemeler neolit zamanynan bastap koliktin sharuashylyk salalaryna ene bastaganyn bajkatady Kone obalardan tabylgan әbzel kaldyktary maldyn kolik retinde ezhelden ak pajdalanylganyn korsetedi Ezhelgi zamannan kele zhatkan kolikke negizinen zhegin maly men minis maly tүje zhylky kulan kashyr esek siyr bugy it t b zhatady Әrbir kolik malynyn turmystyk sharuashylyk zhumystarda koldanyluy onyn tabigi erekshelikterine bajlanysty boldy Minis maly kone zamandardan beri shol dalaly ormandy batpakty tauly kyratty zherlerde negizgi kolikke ajnaldy Zhegin maly arba kүjme shana siyakty kolik kuraldaryna zhegilip zholaushy zhүk tasymaldauga koship konuga pajdalanyldy Mundaj kolik tүrlerinin birazy ezhelgi Mysyrda Vavilonda t b zherlerde bizdin zamanymyzdan buryngy 3 mynzhyldykta koldanylganyn tarihi arheologiyalyk derekter dәleldejdi Әskeri arbalar shygystagy ezhelgi memleketterde sogys kezinde keninen pajdalanyldy Әskeri zhәne zhүk arbalardyn taska kashap salyngan suretteri Қaratau onirinen de tabyldy Қazakstan zherindegi zhergilikti halyktyn ezhelgi turmysyn korsetetin petroglifterde nemese baska da arheologiyalyk bujymdarda eskertkishterde kolikke katysty derekter koptep kezdesedi Әsirese koshpeli kazaktardyn turmys tirshiliginde zhylky men tүjenin orny erekshe bolgan Tүje sholge zhәne uzak zhүriske shydamdy bolgandyktan ezhelgi zhәne orta gasyrlarda Ұly Zhibek zholy bojyndagy sauda keruenderinde sondaj ak mal kamymen kokteuge zhajlauga kүzdeuge kystauga koship konu kezinde negizgi kolik retinde pajdalanylgan Zhylky da koshpendi halyktyn turmys saltyna asa kolajly kolik boldy Қazaktar at erdin kanaty dep eseptegen Bagzy bir zamandarda attyn zhalynda tүjenin komynda zhүrgen kezder de bolgan Adamzat kogamynyn damuy barysynda gasyrlar kojnauynan kele zhatkan dәstүrli kolik tүri men kuramy da ozgeriske ushyrap otyrdy Ғylymi tehnikalyk zhetistikterge oraj kolik malyn birte birte avtomobil pojyz ushaktar ygystyra bastady Sojtip tehnikalyk kolik tүrleri kogamdyk damu satylaryn ajkyndajtyn korsetkishterdin birine ajnaldy Қazirgi kezde de minis maly avtomobil traktor bara almajtyn zherlerde kolik retinde pajdalanylady Kolik geografiyasyKolik memlekettik zhәne halykaralyk enbek bolinisinin materialdyk negizin kurajdy Barlyk bajlanys zholdary kolik kәsiporyndary men kolik kuraldary dүniezhүzilik kolik zhүjesine birigedi Kolik zhүjesin damytudyn әsirese aumagy ete үlken elder үshin manyzy erekshe Sondyktan kolik zhүjesinin salalaryn damytuga bul elder kop karzhy zhumsajdy Ғylymi tehnikalyk revolyuciya koliktin barlyk tүrlerinin karkyndy damuyna negiz boldy Bul kolikter zhyldamdygynyn artuynan olardyn zhүk koteru zhәne tasymaldau mүmkinshilikterinin keneyuinen ajkyn korinedi Kolik katynasy zhogary damygan elderde zhaksy zholga kojylgan Shygys Europa elderi men Resejdin kolik zhүjesi zholdardyn zhiiligi men sapasy zhүk ajnalymynyn molsheri zhoninen Batys Europa elderi men AҚSh tan әldekajda tomen dәrezhede Damushy elder bojynsha osy zamangy kolik zhүjeleri tek zhekelegen elderde gana zhogary damygan al kopshilik elderde at arba adam kүshimen zhүk tasu әli de bolsa ken oryn alyp keledi Auganstan Nepal siyakty elderde temirzhol mүldem zhok Sol siyakty Parsy shyganagy zhagalauyndagy munaj ondirushi elder men Muhit araldary Karib tenizi alabyndagy kejbir elderde de temirzhol zhok Kolik tүrleriKolik eki iri tarapka bolinedi ondiristik ishki koligi kopshilik pajdalanatyn kolikӨndiristik ishki Koligi Өndiristik ishki koligi zauyttardyn ishki temir zhol punktteri avtomobildik zhәne kolik zholdar konvejer transoporter kran t b kotergish kondyrgylar әdette belgili bir kәsiorynga kyzmet etedi zhәne ol tikelej ondiris procesinin kuramdas boligi bolyp esepteledi Kopshilik pajdalanatyn kolik Kopshilik pajdalanatyn kolik enbek onimderin dajyn onim shikizat shala fabrikada t b bir kәsiporynnan ekinshi kәsiporynga ondiris ornynan tutynu punktterine tasymaldau isin zhүzege asyrady Bul topka kopshilik pajdalanatyn koliktin barlyk tүri temir zhol ozen teniz avtomobildik әue kubyr zholy kolikteri zhatady Kopshilik pajdalanatyn kolik enbek onimderin tutynatyn oryndarga ondiristik zhәne zheke tutynu zhetkize otyryp ondiris procesin odan әri zhalgastyrady zholaushylardy tasymaldau isin de zhүzege asyrady Қurlyk kolikteriҚurlyk koliginin kuramyna avtomobil koligi temirzhol koligi kubyr zholy koligiAvtomobil koligi Tolyk makalasy Avtomobil Avtomobil koliginin үles salmagy zhyl sajyn arta tүsude Ogan dәlel taszholdardyn uzyndygynyn kүrt osui kazirgi kezde dүniezhүzi bojynsha olardyn zhalpy uzyndygy 25 mln km ge zhuyktady Bul korsetkish zhoninen әsirese AҚSh ajryksha kozge tүsedi munda 1000 adamga shakkanda 600 avtomobilden keledi Avtomobil zholdarynyn uzyndygy zhoninen de 5 mln km AҚSh zhetekshi oryn alady Al zholdardyn zhiiligi zhoninen Batys Europa men Zhaponiya alga shygady Avtomobil koliginin ote karkyndy damuy koliktin zhyldamdygyna әri zhүkti shalgaj audandarga zhedel zhetkizuine bajlanysty Zhalpy alganda dүniezhүzilik zhүk ajnalymynyn 10 y zholaushy tasymalynyn 80 y avtomobil koliginin үlesine tiedi Temirzhol Tolyk makalasy Temir zhol Dүniezhүzindegi temirzholdyn zhalpy uzyndygy 1 mln 250 myn km ge zhuyk Temirzholdyn uzyndygy zhoninen de AҚSh alda keledi Birak zholdardyn zhiiligi Batys Europada ote zhogary onda 100 km zherge 10 km temirzhol tiesili bolady Zhүk ajnalymyndagy temirzhol үlesi 15 shamasynda Kejbir elderdegi temirzhol men avtomobil zholdarynyn uzyndygy myn km Elder Temirzhol Avtomobil zholdary katty zhabyndyly AҚSh 245 5640Resej 86 620Үndistan 62 834Қytaj 58 880Franciya 35 745Germaniya 45 481Zhaponiya 27 1131Қubyr koligi Tolyk makalasy Қubyr zhelisi Қubyr koligi songy zhyldary munaj ondirudin artuyna bajlanysty zhedel karkynmen damuda Ұzyndygy 4 5 5 myn km bolatyn munaj zhәne gaz tasymaldajtyn kubyrlar Resej Kanada AҚSh zherinde ornalaskan Қubyr koliginin үlesine zhүk ajnalymynyn 10 y tiesili Su koligiTolyk makalasy Su koligi Teniz koligi Tolyk makalasy Teniz koligi Teniz koliginin үlesine elder arasyndagy zhүk tasymalynyn 80 y dүniezhүzilik zhalpy zhүk ajnalymynyn 60 y tiedi Iri teniz derzhavalary arasyndagy ozara bәseke saldarynan koptegen iri kemeler salyk turgysynan utymdy bolatyn damushy elderdin tuy astynda zhүzedi Sondyktan teniz zhүk tasymalyndagy zhetekshi elder katarynan Panama Liberiya Grekiya Kiprdi koruge bolady Iri sauda kemelerinin үlesi Ұlybritaniya Zhaponiya Norvegiya AҚSh Resej Қytaj elderinde de zhogary Teniz zholynyn ezhelden belgili audany Atlant mүhity Iri porttary Rotterdam Niderland Zhana Orlean AShP Marsel Franciya Gamburg GFR Songy kezde Aziyanyn zhana industriyalyk elderinin karkyndy damuy Tynyk zhәne Үndi muhittaryndagy teniz zholdaryn igeruge mүmkindik berude Bul ajmaktagy halykaralyk manyzy bar iri porttar kataryna Kobe Nagoya Iokogama Zhaponiya zhәne Singapur zhatady Teniz zholdarynyn tүjisken zheri zhinishke bugazdar men teniz kanaldary bolyp tabylady La Mansh bugazy arkyly tәuligine 500 Zond bugazy arkyly 175 Gibraltar bugazy arkyly 140 keme otedi Sonymen katar Ormuz Malakka Bosfor bugazdarynyn manyzy zor Adamzattyn akyl ojy men enbeginin nәtizhesinde pajda bolgan zhasandy bugazdar Suec Panama zhәne Kil kanaldary ekonomikalyk zhagynan asa tiimdi teniz kakpasy bolyp tabylady Keme zhүzetin iri kanaldar Kanaldyn aty Terendigi m Eni m Ұzyndygy km OrnySuec 16 2 120 318 161 Zherorta tenizi Қyzyl tenizPanama 12 5 150 305 81 6 Atlant muhity Tynyk muhit11 3 104 214 99 Soltүstik teniz Baltyk tenizi Zhүk ajnalymynda munaj men munaj onimderi aldyngy oryndy alyp sol siyakty kurgak zhүk dep atalatyn temir keni komir astyk agash zhәne t b zhүkter de kobeyude Mamandandyrylgan kemelerdin әsirese tankerlerdin үlesi artuda Өzen kol koligi Өzen kol koligi kobinese zheke elderdin sondaj ak halykaralyk zhүk tasymalynyn da bir boligin kamtidy Europada Rejn Dunaj Elba Oder Amerikada Әulie Lavrentij Parana ozenderi men Ұly kolder iri halykaralyk su zholdary bolyp sanalady Bizdin elimizdegi Kaspij tenizinin de osyndaj manyzy bar Әue koligiTolyk makalasy Әue koligi Әue koligi koliktin en zhana zhәne karkyndy damyp kele zhatkan tүrinin biri Әue koligi kobinese zholaushy tasymaly men tez buzylatyn zhemister men kokenister zhүkterdi tasymaldaudy manyzdy rol aluda Songy zhyldary turbovintti zhәne reaktivti ushaktardyn engizilui әue koliginin tiimdiligin arttyruda Olardyn katarynda kobinese halykaralyk әue tasymalyn kamtamasyz etetin Boing 747 AҚSh Il 86 Resej Aerobus GFR Franciya Ұlybritaniya zhyldamdygy 2 3 myn km sag ka zhetetin Konkord Franciya Ұlybritaniya ushaktary bar Әue koligi en kүshti damygan el AҚSh ol dүniezhүzindegi zholaushylardyn 50 yn tasymaldajdy Dүniezhүzindegi en iri әuezhajlar O Hara Chikago Dallas Los Andzheles Atlanta Hitrou London Haneda Tokio zhәne t b Қazakstandagy kolik zhүjesiSu koligi Zhүk pojyzy Airbus A319 ushagy Su koligi kolik zhүjesinin azhyramas boligi Ol munaj men munaj onimderin agash zhәne kurylys materialdaryn zhappaj tasymaldauga tiimdi Su koliginin koliktin baska tүrlerimen en aldymen temir zhol koligimen togysatyn ozindik erek sheligi bar yagni kemelerden vagondarga zhәne kerisinshe vagondardan kemelerge tieu mүmkindigi zor Bүgingi tanda su koligi Қazakstanda ozen zhәne teniz kolikterine bolinedi Өzen koligi keme katynajtyn ozenderge Zhajyk Ertis Syrdariya Esil Ile Қaratal ozenderine Balkash koline teniz koligi Kaspij tenizi alabynda kyzmet korsetedi Temir zhol koligi respublikanyn kolik keshenindegi manyzdy katynas kuraly kolik infrakurylymyndagy basty buyn Қazakstannyn geografiyalyk zhagdajy tenizge tikelej shygu mүmkindiginin zhoktygy onyn ulan bajtak aumakty alyp zhatuy ondiristin shikizattyk kurylymy ondirgish kүshterdin ornalasuy avtozhol infrakurylymynyn zhetkilikti damymagandygy sebepti temir zhol koliginin el ekonomikasyndagy roli ajryksha manyzdy Tasymaldanatyn negizgi onimder komir astyk munaj kentas siyakty avtomobil koligimen tasymaldauga tiimsiz susymaly zhәne sujyk zhүkter Avtomobil koligi zhүkterdi tayau zhәne orta kashyktykka zhedel zhetkizetin tiimdi kolik kuraly Ol Қazakstanda kezen kezenmen damydy Қazakstandagy halykaralyk avtomobil tasymaly negizinen halykaralyk manyzy bar avtomobil zholdarynda oryndalady Olar 7 dәlizge bolinedi 1 dәliz Қorgas Almaty Tashkent Өzbekstandy Қazakstannyn ontүstik shygys ajmaktarymen zhalgastyrady zhәne shygysta ҚHR na shygady Batysta avtozhol Өzbekstan arkyly Ortalyk Aziya elderine aparady Shymkent kalasynda 1 dәlizge shykkannan kejin Қytajga Ortalyk Aziya elderine zhәne Tүrkiyaga shygudy kamtamasyz etedi 2 dәliz Resej Federaciyasy shekarasy Oral Aktobe Қyzylorda Shymkent Ortalyk Resejdi Қazakstannyn ontүstik ajmaktarymen bajlanystyrady Avtomobil koligi 3 dәliz Resej Federaciyasy shekarasy Petropavlovsk Astana Almaty Қyrgyzstan shekarasy Soltүstikte avtozhol Oraldyn onerkәsipti ajmagyna shygady Қazakstandy ortalyk bolikte kesip otip Soltүstik Қazakstannyn astykty ajmagyn Қaragandy onerkәsiptik ajmagyn respublikanyn batysymen ozara bajlanystyrady Қytaj zhәne Pәkstan arkyly Үndi muhityna shygady Bagyt Қazakstannyn elordasy Astana kalasyna koshirilgennen kejin erekshe mәnge ie boldy 4 dәliz Resej Federaciyasy shekarasy Omby Pavlodar Semej Batys Sibirdin onerkәsiptik ajmaktarynyn Pavlodar ajmagynyn Shygys Қazakstannyn Қytajga shyguyn kamtamasyz etedi 5 dәliz Resej Federaciyasy shekarasy Chelyabi Petropavl Resej Federaciyasy shekarasy Novosibirsk Қazakstan aumagy bojynsha uzyndygy 220 km bolatyn marshrut Sibir ajmaktaryn ortalyk Resejmen zhalgastyratyn magistraldyk avtozholdyn bir boligi 6 dәliz Resej Federaciyasy shekarasy Қorgan Petropavl Esil Arkalyk Zhezkazgan Қyzylorda Өzbekstan Ortalyk Қazakstannyn ajmaktaryn astyk osiretin zhәne ken ondiretin kesip otedi Soltүstik Қazakstannan Oraldyn argy zhagynan zhәne Batys Sibirden Orta Aziyaga zhәne Үndi muhityna shygatyn en kyska zhol 7 dәliz Resej Federaciyasy shekarasy Astrahan Atyrau Bejneu Tүrikmenbashy Әue koligi әue tasymalyn oryndajtyn kolik tүri Baska kolik tүrlerinen ajyrmashylygy zhyldamdygynda Әue koligi Amerika men Europanyn birkatar elderinde 1 dүniezhүzilik sogystan kejin pajda boldy Қazakstanga tungysh ushak 1918 zh ushyp keldi Mәrtok Novosergeevka bagytynda 1923 zh Dobrolet kogamy kurylyp ol әue poshtasy men zholaushylar tasymaldau isin ujymdastyrudy kolga aldy 1924 zh Yu 13 ushagymen Tashkent Almaty Almaty Tashkent bagytynda birinshi ret ushu synagy otkizildi 1925 zh Bishkek Almaty әue zholymen algashky poshta tasymaly zhasaldy 1929 zh Қyzylorda Mәskeu әue zholy ashyldy Қazakstan tәuelsizdik algannan kejin birneshe әue kompaniyalary Ejr Қazakstan Ejr Astana kuryldy Әue kompaniyalary ishki zhәne halykaralyk zholaushylar poshta zhүk tasymaldaudy t b oryndajdy Қubyr zhelisi kolik kuraldarynyn biri sujyk susymaly zhүkterdi munajdy gazdy kubyrmen tasymaldau Munda zhylzhymaly kuram kubyr zhelilerinin ozi Ondagy zhүk kysymmen zhylzhidy Әrbir 100 140 km kashyktykta avtomatty tүrde zhumys istejtin ornatylady Қubyr zhelisi munaj kubyrlary men gaz kubyrlary Қazakstanda tungysh ret 1970 zh iske kosyldy Өrkenietti elderdegi tәrizdi Қazakstan da kolik zhүjeleri men zhelilerin zhүjeli tүrde zhetildirip keledi Ogan 1998 2005 zhyldar aralygynda kolik infrakurylymy men kolik tүrlerin zhetildiruge bagyttajtyn үkimet zhobasy dәlel bolady Bul zhoba halykaralyk kolik zhүjesine kiru maksatyn kozdejdi Zhylma zhyl bul salaga 320 mln AҚSh dollary esebinde investiciya tartylady Қazakstandagy zholaushy zhәne zhүk tasymalynyn үlesi asa karkyndy osip otyrgan salasy temirzhol koligi bolyp tabylady Batys Europa Batys Қytaj tranzittik zholy Batys Europa Batys Қytaj tranzittik zholynyn zhalpy uzyndygy 8445 shakyrymdy kurajdy Onyn 2233 shakyrymy RF enshisinde 2787 shakyrymy ҚR auma gynan otedi ҚHR ga 3425 shakyrym tiesili Batys Europa Batys Қytaj tranzittik zholy Қazakstan bojyn sha 5 oblysty kamtydy Aktobe Қy zylorda Ontүstik Қazakstan Zham byl zhәne Almaty oblystary Bul ajmaktarda 5 millionga tarta halyk turatynyn eskersek kanshama adam zhumyska tartylatynyn koz aldynyzga elestete beriniz Қarzhy dagdarysy kezinde mundaj үlken zhobany kolga alu halykty bir zhagynan zhumyspen kamtu degen soz Ұly Zhibek zholynyn bojynda kum astynda tunshykkan kone shaһarlar kanshama Otyrar Sajran Sauran Taraz Altyn tobe t b Өz dәuirinde orkeniettin shyny bolgan bul kalalardy bireu bilse bireu bilmes Batys Europa Batys Қytaj zholy salynar bolsa olgen kalalar tirilip turisterdin koz kurtyna ajnalaryna senim mol Odan byudzhettin kaltasyna tүser karzhy da komakty bolmak Қazakstan aumagynan otetin zhobanyn kuny 825 1 mlrd tenge Onyn 1390 shakyrym zholy 4 kozgalys zholagy bar I tehnikalyk sanatka zhatady Қalgan 1387 shakyrymy II III kategoriya bolyp sanalady Ajtuly zhobaga әlemge danky zhajylgan bankter kol ushyn sozyp zhatkanyn ajta ketuimiz kerek Europalyk kajta kuru zhәne damu banki HҚDB 2125 mln dollar Aziya damu banki I transh AZB 340 0 mln dollar Islam damu banki IDB 170 mln dollar nesie bolgen Ajta keter nәrse nesienin 20 zhylga en tomengi pajyzben berilgendigi Agymdagy zhyldyn ekinshi zhartysynda 3 transh bojynsha Aziya damu banki 173 mln dollar 2 transh bojynsha Islam damu banki 224 mln dollar zhәne 2 transh bojynsha Zhapon halykaralyk yntymaktastyk agenttigimen ZhHYA 68 0 mln dollar somasyndagy zaim kelisimine kol koyu zhosparlanyp zhatyr eken Merdiger ujymdar kurylys zhumys taryn bastap ketken 2010 2012 zhyldar aralygynda zhol kurylysyna 50 mynga zhuyk adam zhumyldyrylady 14 529 adamnyn 285 i gana sheteldenKolik kurylysyTolyk makalasy Kolik kurylysy Kolik kurylysy temir zhol avtomobil su әue koligi kubyr zhelisi nysandaryn salu zhәne kajta zhangyrtu zhumystaryn zhүzege asyratyn kurylys salasy Ogan temir zhol men avtomobil zholdaryn aerodromdar kopirler tunnelder metropolitender alaptar teniz zhәne ozen ajlaktaryn kanaldar magistraldy munaj zhәne gaz kubyrlaryn vokzaldar depolar t b kolik үjlerin salu temir zhol zhүjesin elektrlendiru avtomatika zhәne telemehanika kondyrgylaryn ornatu isi zhatady 2003 zh Қazakstanda uzyndygy 1500 km den asatyn Astana Almaty avtomobil zholy iske kosyldy DerekkozderGeografiya Dүniezhүzine zhalpy sholu TMD elderi Zhalpy bilim beretin mekteptin zharatylystanu matematika bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Ө Bejsenova K Kajmuldinova S Әbilmәzhinova t b Almaty Mektep 2010 304 b ISBN 978 601 293 170 9 1 Muragattalgan 19 kantardyn 2015 zhyly XXI gasyrdyn Ұly Zhibek zholy Balalar Enciklopediyasy V tom Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Fizika Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar S Torajgyrov atyndagy Pavlodar memlekettik universiteti 2006 ISBN 9965 808 88 0Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet