Арба — ертеде әскери көлік ретінде қолданылған, кейін жол жүруге, жүк тасуға, сондай-ақ уақытша жылжымалы тұрғынжай ретінде пайдалануға арналған көне көлік түрі. Соғыс қимылдарына, әр түрлі рәсімдер атқаруға, спорт жарыстарына қолданылған әскери арбалар Вавилон өңіріндегі көне Киш қаласы орнынан (қазіргі Охеймир қалашығы, Ирак), шумерлердің қала-мемлекеті Үрімнен (Ур, қазіргі Тель-Мукайяр қалашығы, Ирак), Кавказдан, т.б. жерлерден табылды. Олар біздің заманымыздарн бұрынғы 3 мыңжылдықтың ақырында, тіпті одан да бұрын қолданылған. Әскери арбалар Шығыстағы ежелгі мемлекеттерде (, т.б.) ұрыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери арбаның бірнеше түрі болған. Жалғыз не екі ат жегілген қос доңғалақты арбада екі жауынгер – ат айдаушы және найза, қылыш, садақпен қаруланған сарбаз отырған. Төрт ат жегілетін төрт доңғалақты әскери арбалардың тертесіне найза, дөңгелек оқтықтарына шалғы бекітілген. Аттарға сауыт-жабу жабылған. Арбалы әскер алдыңғы шепте әрекет етті. Жаяу әскер олардың соңынан жүріп отырды. Көшпелі халықтар арбаны қорғаныс құралы ретінде де пайдаланды. Арбалы көш жау шабуылы кезінде дөңгелек шеңбер жасап, қорғаныс шебін құрған. Ат жалын тартып міне алатындар «қорған» сыртында тұрып айқасқа кіріседі. Бұл сонау сақ, ғұн дәуірлерінен бері келе жатқан үрдіс. Ертедегі сақ-скифтер жазда жайлауға, күзде күзеуге, қыста қыстауға арбамен көшіп-қонды. Жеңіл арбаларға (күймелердің әуелгі түрі) парлап ат жекті, ал жүк арбаларына мойынтұрықты қос өгіз жегілді. 568-ші жылы Батыс түрік қағанатының билеушісі қағанның қабылдауында болған Византия елшісі Земарх, қағанның ою-өрнектермен безендіріліп, жібек маталармен әсемделген шатыр ішінде, доңғалақты биік тақта отырғанын жазады. Бұл қағанның көші-қонда, жорықта қолданатын тақ орнатылған күймелі арбасы болса керек. Күйме – арба үстіне ағаштан қиып жасаған, ішін киізбен қаптаған терезелі, доңғалақты әрі көлік, әрі үй. Оған екі не бірнеше ат жегеді. Арбаның ағаштан қиып жасаған әр түрлі күймесі болады. Күймені ішінен киізбен не басқа нәрсемен қаптап қояды. Күйменің ішінде ұйықтауға да, тамақ ішуге де, жазуға да болады. Орта Азия мен Таяу Шығыс елдерінде арық-атызды жерлермен жүк тасу үшін доңғалақтарының диаметрі 2 метрге дейін жететін қос доңғалақты арбалар пайдаланылған. Оларды қазақтар «қоқан арба» деп атаған. Сол «қоқан арбалардың» бірі Қожа Ахмет Иасауи кесенесі жанындағы мұражай-үйде тұр. Жеңіл арбалар негізінен жол жүруге арналады. Арба түрлері шаруашылық, тұрмыс қажеттіліктеріне байланысты үнемі жетілдіріліп отырған. Қазіргі кезде де жер-жерде жеміс, көкөніс, сүт, жұмыртқа, т.б. азық-түлік өнімдерін тасу үшін пневматикалық шиналармен, шарикті подшипниктермен жабдықталған қос доңғалақты, төрт доңғалақты жүк арбалары қолданылады.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Arba ertede әskeri kolik retinde koldanylgan kejin zhol zhүruge zhүk tasuga sondaj ak uakytsha zhylzhymaly turgynzhaj retinde pajdalanuga arnalgan kone kolik tүri Sogys kimyldaryna әr tүrli rәsimder atkaruga sport zharystaryna koldanylgan әskeri arbalar Vavilon onirindegi kone Kish kalasy ornynan kazirgi Ohejmir kalashygy Irak shumerlerdin kala memleketi Үrimnen Ur kazirgi Tel Mukajyar kalashygy Irak Kavkazdan t b zherlerden tabyldy Olar bizdin zamanymyzdarn buryngy 3 mynzhyldyktyn akyrynda tipti odan da buryn koldanylgan Әskeri arbalar Shygystagy ezhelgi memleketterde t b urys kezinde keninen pajdalanyldy Әskeri arbanyn birneshe tүri bolgan Zhalgyz ne eki at zhegilgen kos dongalakty arbada eki zhauynger at ajdaushy zhәne najza kylysh sadakpen karulangan sarbaz otyrgan Tort at zhegiletin tort dongalakty әskeri arbalardyn tertesine najza dongelek oktyktaryna shalgy bekitilgen Attarga sauyt zhabu zhabylgan Arbaly әsker aldyngy shepte әreket etti Zhayau әsker olardyn sonynan zhүrip otyrdy Koshpeli halyktar arbany korganys kuraly retinde de pajdalandy Arbaly kosh zhau shabuyly kezinde dongelek shenber zhasap korganys shebin kurgan At zhalyn tartyp mine alatyndar korgan syrtynda turyp ajkaska kirisedi Bul sonau sak gun dәuirlerinen beri kele zhatkan үrdis Ertedegi sak skifter zhazda zhajlauga kүzde kүzeuge kysta kystauga arbamen koship kondy Zhenil arbalarga kүjmelerdin әuelgi tүri parlap at zhekti al zhүk arbalaryna mojynturykty kos ogiz zhegildi 568 shi zhyly Batys tүrik kaganatynyn bileushisi kagannyn kabyldauynda bolgan Vizantiya elshisi Zemarh kagannyn oyu ornektermen bezendirilip zhibek matalarmen әsemdelgen shatyr ishinde dongalakty biik takta otyrganyn zhazady Bul kagannyn koshi konda zhorykta koldanatyn tak ornatylgan kүjmeli arbasy bolsa kerek Kүjme arba үstine agashtan kiyp zhasagan ishin kiizben kaptagan terezeli dongalakty әri kolik әri үj Ogan eki ne birneshe at zhegedi Arbanyn agashtan kiyp zhasagan әr tүrli kүjmesi bolady Kүjmeni ishinen kiizben ne baska nәrsemen kaptap koyady Kүjmenin ishinde ujyktauga da tamak ishuge de zhazuga da bolady Orta Aziya men Tayau Shygys elderinde aryk atyzdy zherlermen zhүk tasu үshin dongalaktarynyn diametri 2 metrge dejin zhetetin kos dongalakty arbalar pajdalanylgan Olardy kazaktar kokan arba dep atagan Sol kokan arbalardyn biri Қozha Ahmet Iasaui kesenesi zhanyndagy murazhaj үjde tur Zhenil arbalar negizinen zhol zhүruge arnalady Arba tүrleri sharuashylyk turmys kazhettilikterine bajlanysty үnemi zhetildirilip otyrgan Қazirgi kezde de zher zherde zhemis kokonis sүt zhumyrtka t b azyk tүlik onimderin tasu үshin pnevmatikalyk shinalarmen sharikti podshipniktermen zhabdyktalgan kos dongalakty tort dongalakty zhүk arbalary koldanylady DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H