Вагон(франц. wagon, ағылш. waggon — арба) — релiсті жолмен қозғалатын көліктің құрамдас бөлігі. Әдетте, локомотивке тіркеледі. Сондай-ақ, өзіндік жетегі бар вагондар да (моторлы вагон, трамвай вагоны, т.б.) болады. вагон жүк және жолаушылар тасуға қолданылады. Вагонның ең алғашқы нұсқасы ағаш шабақты жолмен жүретін. Оны жұмысшылар итеретін не атпен сүйрейтін. Мұндай вагондар қолданылды. 1786 ж. ирландиялық осындай арбалардан пойыз құрастыруды ұсынды. Вагонды одан әрі жетілдіру темір жол салумен байланысты дамыды. Ең алғашқы темір жол Лондон маңында салынды. Салмағы 92 т үш вагонды бір ат сүйреп жүргізді. Жүк таситын 12 вагоннан, жолаушы таситын 21 вагоннан құрылған бу күшімен жүретін темір жол құрамасы (тіркемесі) мен (Англия) аралығында 1825 жылы сыннан өткізілді. Англиядағы Манчестер — Ливерпуль темір жолының ашылуына байланысты (1830) вагон жасаудағы жетістік көп елдің жол мамандарына көрсетілді. Ресейде жүк және жолаушылар таситын алғашқы вагондар 1846 ж. Александров зауытында жасалды. Жүк көтергіштігі 6,5 — 10 т В-дар (2 өсті) 1855 ж. жасалды. 1866 ж. Санкт-Петербург — Мәскеу жүрдек пойызында жайлы вагондар қолданыла бастады. Жолаушылар таситын вагондардың (2, 3 және 4 өсті) рамасы мен қорабы ағаштан жасалды. Олар пешпен, ыстық сумен немесе бумен жылытылды, жарық беруге әртүрлі жарық көзі пайдаланылды. Жолаушылар таситын вагондардың барлығы дерлік автоматты тежеуішпен, винттік тіркеуішпен және буфермен жабдықталды. 1905 ж. жүк таситын вагондардың жүк көтергіштігі 15 т-ға, ал 1911 жылы 16,5 т-ға дейін арттырылды. 19 ғ-дың соңғы жылдарында вагонның жаңа түрлері жасалумен бірге әртүрлі құралымды вагондар шықты. Жолаушылар таситын вагондардың негізгі типтеріне: жолаушылар, пошта мен қол жүктерін таситын, сондай-ақ арнайы мақсаттарға арналған вагондар (санитарлық, лабораториялық, т.б.), ал жүк таситын вагондарға: жабық, жартылай вагондар, платформалар, цистерналар, изотермиялық вагондар және арнайы жасалған (ауқымы өте ірі және ауыр салмақты жүктерді, сусымалы заттарды, т.б. таситын), сондай-ақ, т. ж. көлігінің қажетін өтеуге арналған вагондар (ұстаханалар, өртсөндіргіш вагондар, т.б.) жатады. Аса ауыр жүктерді тасу үшін вагондардың (8, 12, 16 және 32 өсті) ерекше түрі — транспортерлер де (жүк көтергіштігі 250 т-дан 500 т-ға дейін) пайдаланылады. Вагондардың тізбегінен темір жол құрамасы құралады. Вагон, негізінен, жүрістік бөліктен, рамадан, қораптан және тежеуіш тетіктерден тұрады. Жүрістік бөлігіне қос доңғалақ, букса (локомотив не вагон өсі ішпектерінің (подшипниктерінің) шойыннан немесе болаттан құйылған қорабы), рессор, буксалық бағыттауыштар кіреді. Вагонның тежеуіш тетіктері пойыздың қозғалыс жылдамдығын автоматты түрде реттеу немесе оларды тоқтату қызметін атқарады. Жолаушылар таситын вагондардың барлығы және жүк таситын вагондардың біразы автоматты тежеуішпен қатар қол тежеуішімен де жабдықталған. Республикамызда көбіне жүк көтергіштігі 60 және 62 т жабық вагондар (4 өсті), сонымен қатар жүк көтергіштігі 95 т жартылай вагондар (6 өсті) және жүк көтергіштігі 125 т вагондар (8 өсті) пайдаланылады. Қазақстанда вагон жөндейтін 2 ірі зауыт бар. Оның бірі жолаушылар вагонын жөндейтін зауыт (Алматыда), екіншісі — жүк вагонын жөндейтін зауыт (Астанада). Шахтада, карьерде, құрылыс алаңында, зауыт ішінде көлік ретінде жақын ара қашықтыққа (0,5 — 2 км) әртүрлі жүктер мен адамдарды (6 — 18 адам) тасуға арналған сыйымд. шағын (0,35 — 9,5 м3) вагонеткалар қолданылады. Көптеген вагонеткалардың жүк көтергіштігі 1 — 2 т, кей жағдайда 8 — 10 т-ға дейін жетеді.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Vagon franc wagon agylsh waggon arba relisti zholmen kozgalatyn koliktin kuramdas boligi Әdette lokomotivke tirkeledi Sondaj ak ozindik zhetegi bar vagondar da motorly vagon tramvaj vagony t b bolady vagon zhүk zhәne zholaushylar tasuga koldanylady Vagonnyn en algashky nuskasy agash shabakty zholmen zhүretin Ony zhumysshylar iteretin ne atpen sүjrejtin Mundaj vagondar koldanyldy 1786 zh irlandiyalyk osyndaj arbalardan pojyz kurastyrudy usyndy Vagondy odan әri zhetildiru temir zhol salumen bajlanysty damydy En algashky temir zhol London manynda salyndy Salmagy 92 t үsh vagondy bir at sүjrep zhүrgizdi Zhүk tasityn 12 vagonnan zholaushy tasityn 21 vagonnan kurylgan bu kүshimen zhүretin temir zhol kuramasy tirkemesi men Angliya aralygynda 1825 zhyly synnan otkizildi Angliyadagy Manchester Liverpul temir zholynyn ashyluyna bajlanysty 1830 vagon zhasaudagy zhetistik kop eldin zhol mamandaryna korsetildi Resejde zhүk zhәne zholaushylar tasityn algashky vagondar 1846 zh Aleksandrov zauytynda zhasaldy Zhүk kotergishtigi 6 5 10 t V dar 2 osti 1855 zh zhasaldy 1866 zh Sankt Peterburg Mәskeu zhүrdek pojyzynda zhajly vagondar koldanyla bastady Zholaushylar tasityn vagondardyn 2 3 zhәne 4 osti ramasy men koraby agashtan zhasaldy Olar peshpen ystyk sumen nemese bumen zhylytyldy zharyk beruge әrtүrli zharyk kozi pajdalanyldy Zholaushylar tasityn vagondardyn barlygy derlik avtomatty tezheuishpen vinttik tirkeuishpen zhәne bufermen zhabdyktaldy 1905 zh zhүk tasityn vagondardyn zhүk kotergishtigi 15 t ga al 1911 zhyly 16 5 t ga dejin arttyryldy 19 g dyn songy zhyldarynda vagonnyn zhana tүrleri zhasalumen birge әrtүrli kuralymdy vagondar shykty Zholaushylar tasityn vagondardyn negizgi tipterine zholaushylar poshta men kol zhүkterin tasityn sondaj ak arnajy maksattarga arnalgan vagondar sanitarlyk laboratoriyalyk t b al zhүk tasityn vagondarga zhabyk zhartylaj vagondar platformalar cisternalar izotermiyalyk vagondar zhәne arnajy zhasalgan aukymy ote iri zhәne auyr salmakty zhүkterdi susymaly zattardy t b tasityn sondaj ak t zh koliginin kazhetin oteuge arnalgan vagondar ustahanalar ortsondirgish vagondar t b zhatady Asa auyr zhүkterdi tasu үshin vagondardyn 8 12 16 zhәne 32 osti erekshe tүri transporterler de zhүk kotergishtigi 250 t dan 500 t ga dejin pajdalanylady Vagondardyn tizbeginen temir zhol kuramasy kuralady Vagon negizinen zhүristik bolikten ramadan koraptan zhәne tezheuish tetikterden turady Zhүristik boligine kos dongalak buksa lokomotiv ne vagon osi ishpekterinin podshipnikterinin shojynnan nemese bolattan kujylgan koraby ressor buksalyk bagyttauyshtar kiredi Vagonnyn tezheuish tetikteri pojyzdyn kozgalys zhyldamdygyn avtomatty tүrde retteu nemese olardy toktatu kyzmetin atkarady Zholaushylar tasityn vagondardyn barlygy zhәne zhүk tasityn vagondardyn birazy avtomatty tezheuishpen katar kol tezheuishimen de zhabdyktalgan Respublikamyzda kobine zhүk kotergishtigi 60 zhәne 62 t zhabyk vagondar 4 osti sonymen katar zhүk kotergishtigi 95 t zhartylaj vagondar 6 osti zhәne zhүk kotergishtigi 125 t vagondar 8 osti pajdalanylady Қazakstanda vagon zhondejtin 2 iri zauyt bar Onyn biri zholaushylar vagonyn zhondejtin zauyt Almatyda ekinshisi zhүk vagonyn zhondejtin zauyt Astanada Shahtada karerde kurylys alanynda zauyt ishinde kolik retinde zhakyn ara kashyktykka 0 5 2 km әrtүrli zhүkter men adamdardy 6 18 adam tasuga arnalgan syjymd shagyn 0 35 9 5 m3 vagonetkalar koldanylady Koptegen vagonetkalardyn zhүk kotergishtigi 1 2 t kej zhagdajda 8 10 t ga dejin zhetedi VagonDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet