Платформа (фр. plate – жайпақ, forme — форма) — геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шөгінді тыстан тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы. Жер бетінде іргетастық көрініс беретін бөліктерді қалқандар дейді. Шөгінді тыспен көмкерілген тұстарын тақта деп атайды. Архей мен протерозойда қалыптасқан ежелгі платформа (Шығыс Еуропа, Сібір) және ігретасы палеозой мен мезозой тау жыныстарьшан құралған жас платформа (Батыс Сібір, Скиф, Тұран) деп ажыратылады; кристалды тақтатастардан, гнейстерден, эффузивті жыныстардан және тағы басқалар. күшті метаморфозданған архейлік жыныстардан құралған жер қабығының көлемді берік алабы.
Ол тек эпейрогендік қозғалысқа ғана ұшырап, не жоғары көтеріліп, не төмен түсуі мүмкін. Төмен түскен жағдайда платформаның үстін горизонтальды теңіз шөгінділері жабады. Сонымен, метаморфозды жыныстар не жер бетінде, не ертеде шөгінді жыныстармен жабылған тереңдіктерде кездеседі. Сондықтан платформаға өзінің фундаменті мен оны жауып жатқан шөгінді жыныстар құрамдарының бір-біріне түгелдей ұқсамауы және шөгінді жыныстардың бұзылмай қабатталып жатуы тән. Мысалға Орыс платформасы мен Батыс Сібір ойпатын алуға болады. Қазақстанда оған Торғай даласы мен Ертіс бойы жатуы мүмкін.
Платформа — баяу тектоникалық режиммен сипатталатын литосфераның негізгі құрылымдық элементінің бірі. Платформалар жылжымалы және тұрақты болып бөлінеді. Платформаның ауданы млн-даған км², пішіні изомерлі, полигонды болып келеді. Платформа терминін алғаш 1932 ж. А.Архангельский (1879 — 1940) қолданған. Платформалар тысының қалыптасуы кезінде төменгі протерозой мен палеозойдың басында режим басым болды, карбонаттық шөгінділер жиылды, негізді және ультранегізді интрузиялар дамыды. Мезозойдың соңы мен кайнозойдың басында Платформаларда шөгінді жиылу аймақтары күрт қысқарып, күшті тектоник. қозғалыстар болуының салдарынан ірі көтерілімдер мен терең ойыстар (, , т.б.) жаралды.
Іргетастың жасына байланысты Платформалар көне және жас деп бөлінеді. Көне Платформалардың (Шығыс Еуропа, Сібір, Солтүстік Америка, Оңтүстік Қытай, Үндістан, Австралия, Африка-Арабия, т.б.) іргетасы кембрийге дейінгі тау жыныстардан, ал жас Платформалар (Батыс Сібір, Солтүстік Қазақстан, Торғай ойпаңы, Кавказ алды, Батыс Еуропа) жарылыстары мен гранит интрузиялары аз, метаморфизмі баяу палеозой, кейде жоғары кембрий тау жыныстарынан құралған (қ. карта). Платформа екі құрылымдық қабаттан: метаморфталған шөгінді және жанартаутекті формациялар құратын іргетас пен Платформа тысы деп аталатын жоғарғы құрылымдық қабаттан (орташа қалыңдығы 3 — 4 км) тұрады. Мұндағы тау жыныстары жайпақ тасты және өлшемдері әр түрлі көптеген Платформалық құрылымдармен күрделіленген. Кей жерлерде жас Платформаларда кең таралатын территекті және жанартаутекті тау жыныстары дамыған, іргетас пен тыс аралығында болатын өтпелі құрылымдық қабат кездеседі.
Платформаларда магмалық әрекет геосинклиндерге қарағанда нашар, магматизм өнімдері біркелкі, негізінен базальт магмасының туындыларынан тұрады. Платформалар ауқымындағы гравитациялық аномалиялардың амплитудасы мен градиенті аз мөлшерде болады. Платформалардың сейсмикаық белсенділігі төмен, тек ірі жарылымдар мен геосинклиндерге жақын жерде жоғарылау болады. Платформа қалқандар мен тақталардан тұрады, ал олардың құрамында бірқатар ұсақ құрылымдар болады. Бұл элементтер жер қыртысының қалың қабатты (30 — 40 км) және гранитті қабаты бар Платформаға тән. Оны “көтерілген кратон”, құрамында гранитті қабат болмайтын, қалыңд. 5 — 7 км-дей мұхиттық Платформаларды “төмен батқан кратон” немесе “талассократон” деп атайды. Геоморфологиялық тұрғыдан оларға ойпаттар, қайраңдар, шамалы көтерілген жазықтар мен шоқылы алқаптар сай келеді. Қазақстанда Шығыс Еуропа Платформасының оңтүстік шеті (Каспий маңы синеклизасы), Тұран плитасының біраз бөлігі, оңтүстік бөлігі жатыр.
Платформалар - әрбір материктің негізін жер қыртысының тегістелген, салыстырмалы түрде тұрақты бөліктері.
Дереккөздер
- Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
- Русско-казахский толковый географический словарь. 1966
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Platforma fr plate zhajpak forme forma geologiyada kozgalmalygy birshama az zhazyk nemese үstirt tәrizdi bederli eki zhikkabatty kurylymdyk kabattan irgetastan zhәne shogindi tystan turatyn zher kyrtysynyn ken aukymdy atyraby Zher betinde irgetastyk korinis beretin bolikterdi kalkandar dejdi Shogindi tyspen komkerilgen tustaryn takta dep atajdy Arhej men proterozojda kalyptaskan ezhelgi platforma Shygys Europa Sibir zhәne igretasy paleozoj men mezozoj tau zhynystarshan kuralgan zhas platforma Batys Sibir Skif Turan dep azhyratylady kristaldy taktatastardan gnejsterden effuzivti zhynystardan zhәne tagy baskalar kүshti metamorfozdangan arhejlik zhynystardan kuralgan zher kabygynyn kolemdi berik alaby Ol tek epejrogendik kozgalyska gana ushyrap ne zhogary koterilip ne tomen tүsui mүmkin Tomen tүsken zhagdajda platformanyn үstin gorizontaldy teniz shogindileri zhabady Sonymen metamorfozdy zhynystar ne zher betinde ne ertede shogindi zhynystarmen zhabylgan terendikterde kezdesedi Sondyktan platformaga ozinin fundamenti men ony zhauyp zhatkan shogindi zhynystar kuramdarynyn bir birine tүgeldej uksamauy zhәne shogindi zhynystardyn buzylmaj kabattalyp zhatuy tәn Mysalga Orys platformasy men Batys Sibir ojpatyn aluga bolady Қazakstanda ogan Torgaj dalasy men Ertis bojy zhatuy mүmkin Platforma bayau tektonikalyk rezhimmen sipattalatyn litosferanyn negizgi kurylymdyk elementinin biri Platformalar zhylzhymaly zhәne turakty bolyp bolinedi Platformanyn audany mln dagan km pishini izomerli poligondy bolyp keledi Platforma terminin algash 1932 zh A Arhangelskij 1879 1940 koldangan Platformalar tysynyn kalyptasuy kezinde tomengi proterozoj men paleozojdyn basynda rezhim basym boldy karbonattyk shogindiler zhiyldy negizdi zhәne ultranegizdi intruziyalar damydy Mezozojdyn sony men kajnozojdyn basynda Platformalarda shogindi zhiylu ajmaktary kүrt kyskaryp kүshti tektonik kozgalystar boluynyn saldarynan iri koterilimder men teren ojystar t b zharaldy Irgetastyn zhasyna bajlanysty Platformalar kone zhәne zhas dep bolinedi Kone Platformalardyn Shygys Europa Sibir Soltүstik Amerika Ontүstik Қytaj Үndistan Avstraliya Afrika Arabiya t b irgetasy kembrijge dejingi tau zhynystardan al zhas Platformalar Batys Sibir Soltүstik Қazakstan Torgaj ojpany Kavkaz aldy Batys Europa zharylystary men granit intruziyalary az metamorfizmi bayau paleozoj kejde zhogary kembrij tau zhynystarynan kuralgan k karta Platforma eki kurylymdyk kabattan metamorftalgan shogindi zhәne zhanartautekti formaciyalar kuratyn irgetas pen Platforma tysy dep atalatyn zhogargy kurylymdyk kabattan ortasha kalyndygy 3 4 km turady Mundagy tau zhynystary zhajpak tasty zhәne olshemderi әr tүrli koptegen Platformalyk kurylymdarmen kүrdelilengen Kej zherlerde zhas Platformalarda ken taralatyn territekti zhәne zhanartautekti tau zhynystary damygan irgetas pen tys aralygynda bolatyn otpeli kurylymdyk kabat kezdesedi Platformalarda magmalyk әreket geosinklinderge karaganda nashar magmatizm onimderi birkelki negizinen bazalt magmasynyn tuyndylarynan turady Platformalar aukymyndagy gravitaciyalyk anomaliyalardyn amplitudasy men gradienti az molsherde bolady Platformalardyn sejsmikayk belsendiligi tomen tek iri zharylymdar men geosinklinderge zhakyn zherde zhogarylau bolady Platforma kalkandar men taktalardan turady al olardyn kuramynda birkatar usak kurylymdar bolady Bul elementter zher kyrtysynyn kalyn kabatty 30 40 km zhәne granitti kabaty bar Platformaga tәn Ony koterilgen kraton kuramynda granitti kabat bolmajtyn kalynd 5 7 km dej muhittyk Platformalardy tomen batkan kraton nemese talassokraton dep atajdy Geomorfologiyalyk turgydan olarga ojpattar kajrandar shamaly koterilgen zhazyktar men shokyly alkaptar saj keledi Қazakstanda Shygys Europa Platformasynyn ontүstik sheti Kaspij many sineklizasy Turan plitasynyn biraz boligi ontүstik boligi zhatyr Platformalar әrbir materiktin negizin zher kyrtysynyn tegistelgen salystyrmaly tүrde turakty bolikteri DerekkozderҚazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Geografiya zhәne geodeziya Almaty Mektep baspasy 2007 264 bet ISBN 9965 36 367 6 Russko kazahskij tolkovyj geograficheskij slovar 1966 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VII tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet