Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді.
Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.
Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы — Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар "шипстейшнз" деп аталады. "Шипстейшнз" ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км²-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10—20, тіпті 50—100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы — Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға "Үлкен Меринос" деп аталатын ескерткіш орнатылған.
Қой сүтқоректілердің жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына жатады. Қой мен ешкілерді ұқсастық белгілеріне сәйкес бір топқа біріктіреді. Екеуін төрт түліктің бірі деп есептейді.
Қой бұдан 10-11 мың жыл, ешкі 11-12 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың жабайы арғы тегі - жабайы қой муфлон және арқар таулы алқаптарда таралған. Қойдың алғаш қолға үйретілген орталықтарын Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия, Қазақстан, Орталық Азия, .
Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше.
Тарихы
Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орталық Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған.
Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді.
19 ғасырдың соңына қарай Ақмола, Семей, кейінірек Торғай және Жетісу өңіріне орыс шаруалары меринос қой тұқымдарын ала келді. 1913 жылы қазіргі Қазақстан жерінде 19,6 миллион уақ мал болды. Азамат соғысы жылдары өзге түліктермен бірге қой саны да барынша азайып (1920 жылы – 8,8 миллион), елдегі мал шаруашылығына үлкен нұқсан келтірілді. Кеңес өкіметінің жаңа экономикалық саясатына байланысты 1928 жылға дейін дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшеліктері ішінара сақталып қалды. Сол жылғы үкімет қаулысынан кейін елдегі ірі байларды жаппай кәмпескелеудің соңы мал шаруашылығын, оның ішінде қой шаруашылығын да қатты күйзеліске ұшыратып, 1930 – 32 жылдардағы ашаршылыққа алып келді. 1936 жылы республикада небәрі 4,3 миллион қой қалды.
Күштеп ұжымдастыру науқанынан кейін қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығының қарқынды дамуына тежеу салынып, 1928 – 85 жылға дейінгі аралықта қой шаруашылығының кеңестік жүйесі қалыптасып, дамыды. Қой тұқымдарының санымен қатар сапасын да көтеру шараларының нәтижесінде 1960 жылы республикадағы барлық койдың 84,6%-ы, 1974 жылы 99,99%-ы, 1980 жылы 100%-ы асыл тұқымды мал тобына жатқызылды. Сондай-ақ, 1966 – 70 жылы уақ малдан алынатын ет өнімдері орта есеппен – 471,3 мың тонна, 1981 – 83 жылы – 493,3 мың тоннға жетті. Қойдың мол өнімді жаңа тұқымдары – қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-мериносы, солтүстік қазақ мериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, дегерес қойы, тағыда басқа шығарылды. 1984 жылдың басында Қазақстанда 36567,8 мың (барлық шаруашылық түрлерінде) қой болды.
Қой саны жағынан Қазақстан КСРО бойынша 2-орын (Ресейден кейін), қаракөл елтірісін дайындау жағынан 1-орын алды. Қой шаруашылығы, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан (Семей), Жамбыл, Алматы облыстарында қарқынды дамыды. Жаңа тұқым шығару мақсатында Қазақстандағы таңдаулы қой тұқымдары мен шетелдік тұқымдар: австралия мериносы, австралия корриделі, линкольн қойы, ромни-марш қойлары, тағыда басқа пайдаланылды.
Қазақстанда қой шаруашылығының дамуында негізгі үш бағыт айқындалды. Олар елдің табиғи климаты, жем-шөп, жайылым жағдайы, қойдың биологиялық ерекшеліктері, тағыда басқа байланысты төмендегіше 3 аймаққа бөлінді: 1) далалық, қуаң-шөлейт аймақтар мен оңтүстік таулы өңір. Мұнда биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары (барлық қойдың 65%-ы) өсірілді. 2) шөл және шөлейт аймақ. Бұл жерлерде негізінен етті-майлы, ұяң не қылшық жүнді қойлар (барлық қойдың 16%-ы) шоғырланды. 3) Қаракөл қойлары өсірілетін оңтүстік және батыс аймақтар. 1990 жылдың басында 1250, оның ішінде 702 арнайы мамандандырылған ірі қой шаруашылығытары болды.
Алайда экономиканың өзге салалары секілді қой шаруашылығы да кеңестік науқаншылдыққа ұрынып, қой санын 50 миллионға жеткізу туралы елдің нақтылы мүмкіндіктеріне сай келмейтін қисынсыз жоспарлар жасалынды. Жоспарды орындау мақсатында қойды қолдан жасанды ұрықтандыру тәсілі кең етек жайып, асыл тұқымды қойлардың азып-тозуы мен миллиондаған елтірінің шын мәнінде жарамсыз қалуына, кеңестік жалған ақпардың белең алуына алып келді. Мал өнімдерін өңдеу, жаңа технологияларды игеру,тағыда басқа мәселелер кенже қалды.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық дағдарыстар мен қой шаруашылығындағы кейбір сәтсіз реформалар нәтижесінде қой шаруашылығыелеулі түрде құлдырады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 12,3 миллион уақ мал бар (2004). Мұның негізгі бөлігі жеке меншік иелікте өсіріледі. Республикада қой шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеулер жұмыстарымен Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты, тағыда басқа айналысады.
Қой қолтұқымдары
Ертеде кең тараған қойдың қолтұқымдары етті- майлы бағытта өсірілген. Тарихи деректер бойынша Қазақстанның әрбір табиғи аймақтарын бейімделіп, қолтұқымдар өсірілген. Халықтық сұрыптау арқылы шығарылған қолтұқымдарға - еділбай, баданалы, ырғыз, сарысу, қарқаралы қойлары жатады. Еділбай қойы Бөкей ордасында өсірілген. Денесі ірі және салмақты. Жетісу мен Шу өңірінде кетпен құйрықты қоңыр қой өсірілді. Әрбір аймақтық табиғи жағдайына бейімделген қолтұқымдарын халық ғасырлар бойы іріктеп, сақтап отырған. Моңғолиядағы Баян-Өлгей аймағында VI ғасырдан әйгілі болған қолтұқым - қазақы қызылқой. Басқа мал шыдамайтын қыстың қатаң аязына бейімделген. Оны жергілікті халық өте жоғары бағалап, әлі күнге дейін сақтап, өсіріп келеді.
Қазақстан жерінің жусанды жайылымды «қара отты» жерлері түйе мен қой өсіруге өте қолайлы. Еліміздің қой шаруашылығы саласында ерен еңбегімен құрметке бөленген, Еңбек Ері атағын екі рет алған Жазылбек Қуанышбаевты мақтан етеміз.
Қазақстандағы қой шаруашылығы әрбір аймақтық табиғат ерекшеліктеріне сәйкес 4 бағытта жүргізіліп келеді. Биязы жүнді қолтұқымдар жүні өте сапалы әрі жіңішке салалы биязы жүнді. Осы бағытта сегіз қой тұқымы өсіріледі. Әлемдік сұрыптау жетістіктердің бірі - Қазақстанда шығарылған арқар-меринос қойы. Ол 1934-1950 жылдары арқардың құлжасы (қошқары) мен жергілікті саулық қойларды жұптастыру арқылы алынды. Бұл - қазақстандық ғалымдар И. С. Бутарин, Ө. Есенжолов, А. Жандеркин, т.б. ұзақ жылғы ғылыми еңбектерінің жемісі.
Арқар, меринос қолтұқымы
Арқар, меринос қолтұқымы таулы аймақтың табиғатына төзімді. Қазіргі кезде Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан аймақтарында өсіріледі. Қазақтың биязы жүнді қойы - 1934-1946 жылдар аралығында қазақстандық белгілі ғалым В. А. Бальмонттың жетекшілігімен шығарылды. Қолтұқым Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өсіріледі. Оңтүстік қазақ меринос қойы - Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін жүнді-етті бағыттағы қолтұқым. Солтүстік қазақ меринос қойы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстанда өсіруге бейімделген.
Жартылай биязы жүнді қолтұқымдар
Қазақстанда бұл бағытта дегерес, қазақтың етті-жүнді, гемпшир және кроссбред қолтұқымдары өсіріледі. Дегерес қойы - етті-жүнді, әрі етті-майлы (құйрықты) бағытта шөл-шөлейтті жердің табиғатына бейімделген. Ол Орталық және Оңтүстік Қазақстан өңірінде де өсірілуде.
Ұяң жүнді құйрықты қолтұқымдар
Қазақстанда бұл бағытта қарғалы және саралжын қолтұқымдары өсіріледі. Қарғалы қойы қазақтың қылшық жүнді, құйрықты саулықтарын еділбай, дегерес қойларының қошқарларымен жұптастыру арқылы шығарылған. Ол әрі етті, әрі жүнді мол береді. Қарағанды өңірінде өсіріледі. Саралжын қойы ертеде Түрікменстанда халықтық сұрыптаудың нәтижесінде шығарылған. Жүнінің түсі ақ, жібек тәрізді талшықтары біркелкі, кілем тоқуға өте ыңғайлы. Ақтөбе алқабындағы шөлейтті жерлерде өсіріледі.
Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары
Қылшық жүнді құйрықты қол тұқымдары Қазақстанда бұл бағытта еділбай, қазақтың қылшық жүнді және қаракөл қойлары өсірілуде. Еділбай қойы еліміздің батыс аймағында ертеден өсіріліп келеді. Еті дәмді, жүні мол, шөл-шөлейтті жерлерге бейім, ірі тұлғалы. Қазіргі кезде еділбай қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды өңірінде өсірілуде. Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қойы - Қазақстанда ертеден келе жатқан қолтұқым. Ол шөл-шөлейтті аймақта өсіруге ыңғайлы, еділбай қойынан кішілеу. Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі.
Қаракөл қойы
Қаракөл қойы - әдемі және қымбат бағалы елтірісі арқылы дүние жүзіне белгілі қой тұқымы. Ол бұдан 3-3,5 мың жыл бұрын Орта Азия жерінде халықтық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Оның 2-3 күндік сойылған қозыларының елтірісі өте сапалы болады. Қаракөл қойы құрғақ далалы, шөл-шөлейтті аймақта өсіруге бейімделген. Қатаң ауа райына шыдамды, тұлғасы берік, терісі жұқа, бірақ тығыз. 1990 жылдары Қазақстанда қаракөл қойының саны 6 млн болса, 2000 жылғы саны 2 миллион шамасында. Қаракөл қойы Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында өсіріледі.
Қой шаруашылығының халық өміріндегі рөлі
Қой шаруашылығы - қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихи дәстүрлі мал шаруашылығының саласы. Халқымыздың тұрмыс тіршілігі, күнкөріс көзі қой шаруашылығымен тікелей тамырласып жатыр. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сөздерде терең ұғым бар. Мүшел жыл санауда қой 8-жыл. Қой да киелі түліктің бірі. Оның пірі - «Шопан ата» (кейде «Қошқар ата») деп аталады. Сондықтан Шопан атадан тілеу тілегенде «малды берсең, қойды бер» деп өтінген. «Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық - ақжаулық, үшінші байлық - он саулық» деген ұғым қойға қатысты. Он саулықтың басын құрайтын кәсіптің иесі - қойшы (шопан).
Дереккөздер
- География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б. ISBN 978-601-293-170-9
- Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» баспасы, 2007. ISBN 9965-34-607-0
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қoj sharuashylygy et zhүn bagytyndagy zhәne biyazy zhartylaj biyazy zhүn bagytyndagy bolyp bolinedi Et zhүn bagytyndagy koj sharuashylygy ylgaly zhetkilikti zhәne klimaty birshama zhumsak audandarda al biyazy zhүndi koj sharuashylygy negurlym kurgak audandarda taralgan Dүniezhүzi bojynsha koj sany 1 2 mlrd baska zhetip otyr Қoj sharuashylygynyn et zhүn bagytyndagy tauarly ondirisi Soltүstik zhәne Ontүstik Amerikanyn Australiya men Ontүstik Europanyn Ortalyk zhәne Orta Aziyanyn Ontүstik Afrikanyn konyrzhaj zhәne subtropiktik beldeulerinin kurgak audandarynda zhaksy damygan Biyazy zhүndi kojlar ote sapaly zhүn beredi ol zhүn matalaryn zhasau kilem toku men teri bylgary onerkәsibinde koldanylady Aldyngy Aziya Orta Aziya zhәne Ontүstik Afrika elderinde karakol eltirisin dajyndau zholga kojylgan Dүniezhүzindegi kojy en kop el Australiya 130 mln astam odan kejin Қytaj 112 mln nan astam Al Қazakstandagy kojdyn sany 2008 zhyly 16 mln nan sәl gana asty Zhүn ondiruden zhetekshi elder kataryna Australiya Қytaj Zhana Zelandiya Urugvaj zhәne Resej zhatady Қoj sharuashylygynyn dүniezhүzindegi asa iri ajmagy Australiyanyn sholejtti audandary Қojdyn basym kopshiligi zheke ielerge nemese kompaniyalarga karajtyn iri koj sharuashylygynda osiriledi Ondaj sharuashylyktar shipstejshnz dep atalady Shipstejshnz ondagan kejde tipti zhүzdegen myn gektardy alyp zhatady Onyn en үlkeninin audany 2 myn km den asady Munda bir mezgildegi koj basy 10 20 tipti 50 100 mynga dejin zhetedi Қoj bүkil zhyl bojy tabigi zhajylymdarda zhajylyp bagylady Kobinese zhogary sapaly zhүn beretin biyazy zhүndi koj tukymy Australiya merinosy osiriledi Goulberne kalasynda osy kojga Үlken Merinos dep atalatyn eskertkish ornatylgan Қoj sүtkorektilerdin zhuptuyaktylar otryadynyn kүjis kajyratyndar tobyna zhatady Қoj men eshkilerdi uksastyk belgilerine sәjkes bir topka biriktiredi Ekeuin tort tүliktin biri dep eseptejdi Қoj budan 10 11 myn zhyl eshki 11 12 myn zhyl buryn kolga үjretilgen Қojdyn zhabajy argy tegi zhabajy koj muflon zhәne arkar tauly alkaptarda taralgan Қojdyn algash kolga үjretilgen ortalyktaryn Zherorta tenizinin many Orta Aziya Қazakstan Ortalyk Aziya Қoj sharuashylygy mal sharuashylygynyn basty salasynyn biri Қojdan kүndelikti turmyska kazhetti zhүn teri eltiri zhәne tagamdyk onimder et maj sүt alynady Halyk sharuashylygynda koj zhүninin alatyn orny erekshe TarihyZhenil onerkәsip үshin shikizat zhүn teri eltiri bagaly azyk tүlik et maj sүt onimderin beredi Қoj osiru adamzat tarihynda neolit dәuirinen bastalady Қola dәuirinde Ortalyk Aziya tajpalary kylshyk zhүndi koj osirgen Biyazy zhәne biyazylau zhүndi koj tukymdary osy kezende Kishi Aziyada shygyp dүnie zhүzine taragan Қoj osiru kazak halkynyn ata kәsibinin biri bolyp tabylady Tort tүlik maldyn ishinde zhylky men kojga erekshe mәn bergen kazak halky koj zhayudyn ony kobejtu men tukymyn asyldandyrudyn ozindik әdis tәsilderin kalyptastyrgan Mal sharuashylygyna kolajly tabigi ortanyn mol boluy sogan oraj kystau kokteu zhajlau kүzeumen bajlanysty koshpeli omir saltynyn ornyguy kazak halkynyn dәstүrli koj sharuashylygyn berik kalyptastyrgandygynyn ajgagy Қazakstanda negizinen kylshyk zhүndi kazaky koj osirildi 19 gasyrdyn sonyna karaj Akmola Semej kejinirek Torgaj zhәne Zhetisu onirine orys sharualary merinos koj tukymdaryn ala keldi 1913 zhyly kazirgi Қazakstan zherinde 19 6 million uak mal boldy Azamat sogysy zhyldary ozge tүliktermen birge koj sany da barynsha azajyp 1920 zhyly 8 8 million eldegi mal sharuashylygyna үlken nuksan keltirildi Kenes okimetinin zhana ekonomikalyk sayasatyna bajlanysty 1928 zhylga dejin dәstүrli mal sharuashylygynyn erekshelikteri ishinara saktalyp kaldy Sol zhylgy үkimet kaulysynan kejin eldegi iri bajlardy zhappaj kәmpeskeleudin sony mal sharuashylygyn onyn ishinde koj sharuashylygyn da katty kүjzeliske ushyratyp 1930 32 zhyldardagy asharshylykka alyp keldi 1936 zhyly respublikada nebәri 4 3 million koj kaldy Kүshtep uzhymdastyru naukanynan kejin kazak halkynyn dәstүrli koj sharuashylygynyn karkyndy damuyna tezheu salynyp 1928 85 zhylga dejingi aralykta koj sharuashylygynyn kenestik zhүjesi kalyptasyp damydy Қoj tukymdarynyn sanymen katar sapasyn da koteru sharalarynyn nәtizhesinde 1960 zhyly respublikadagy barlyk kojdyn 84 6 y 1974 zhyly 99 99 y 1980 zhyly 100 y asyl tukymdy mal tobyna zhatkyzyldy Sondaj ak 1966 70 zhyly uak maldan alynatyn et onimderi orta eseppen 471 3 myn tonna 1981 83 zhyly 493 3 myn tonnga zhetti Қojdyn mol onimdi zhana tukymdary kazaktyn biyazy zhүndi kojy kazaktyn arkar merinosy soltүstik kazak merinosy kazaktyn ontүstik merinosy degeres kojy tagyda baska shygaryldy 1984 zhyldyn basynda Қazakstanda 36567 8 myn barlyk sharuashylyk tүrlerinde koj boldy Қoj sany zhagynan Қazakstan KSRO bojynsha 2 oryn Resejden kejin karakol eltirisin dajyndau zhagynan 1 oryn aldy Қoj sharuashylygy әsirese Ontүstik Қazakstan Shygys Қazakstan Semej Zhambyl Almaty oblystarynda karkyndy damydy Zhana tukym shygaru maksatynda Қazakstandagy tandauly koj tukymdary men sheteldik tukymdar avstraliya merinosy avstraliya korrideli linkoln kojy romni marsh kojlary tagyda baska pajdalanyldy Қazakstanda koj sharuashylygynyn damuynda negizgi үsh bagyt ajkyndaldy Olar eldin tabigi klimaty zhem shop zhajylym zhagdajy kojdyn biologiyalyk erekshelikteri tagyda baska bajlanysty tomendegishe 3 ajmakka bolindi 1 dalalyk kuan sholejt ajmaktar men ontүstik tauly onir Munda biyazy zhәne biyazylau zhүndi koj tukymdary barlyk kojdyn 65 y osirildi 2 shol zhәne sholejt ajmak Bul zherlerde negizinen etti majly uyan ne kylshyk zhүndi kojlar barlyk kojdyn 16 y shogyrlandy 3 Қarakol kojlary osiriletin ontүstik zhәne batys ajmaktar 1990 zhyldyn basynda 1250 onyn ishinde 702 arnajy mamandandyrylgan iri koj sharuashylygytary boldy Alajda ekonomikanyn ozge salalary sekildi koj sharuashylygy da kenestik naukanshyldykka urynyp koj sanyn 50 millionga zhetkizu turaly eldin naktyly mүmkindikterine saj kelmejtin kisynsyz zhosparlar zhasalyndy Zhospardy oryndau maksatynda kojdy koldan zhasandy uryktandyru tәsili ken etek zhajyp asyl tukymdy kojlardyn azyp tozuy men milliondagan eltirinin shyn mәninde zharamsyz kaluyna kenestik zhalgan akpardyn belen aluyna alyp keldi Mal onimderin ondeu zhana tehnologiyalardy igeru tagyda baska mәseleler kenzhe kaldy Қazakstan tәuelsizdik algannan kejingi algashky zhyldardagy ekonomikalyk dagdarystar men koj sharuashylygyndagy kejbir sәtsiz reformalar nәtizhesinde koj sharuashylygyeleuli tүrde kuldyrady Қazirgi uakytta Қazakstanda 12 3 million uak mal bar 2004 Munyn negizgi boligi zheke menshik ielikte osiriledi Respublikada koj sharuashylygy salasyndagy gylymi zertteuler zhumystarymen Қazak karakol sharuashylygy gylymi zertteu instituty Қazak koj sharuashylygy tehnologiyalyk gylymi zertteu instituty Қazak veterinariya gylymi zertteu instituty tagyda baska ajnalysady Қoj koltukymdaryErtede ken taragan kojdyn koltukymdary etti majly bagytta osirilgen Tarihi derekter bojynsha Қazakstannyn әrbir tabigi ajmaktaryn bejimdelip koltukymdar osirilgen Halyktyk suryptau arkyly shygarylgan koltukymdarga edilbaj badanaly yrgyz sarysu karkaraly kojlary zhatady Edilbaj kojy Bokej ordasynda osirilgen Denesi iri zhәne salmakty Zhetisu men Shu onirinde ketpen kujrykty konyr koj osirildi Әrbir ajmaktyk tabigi zhagdajyna bejimdelgen koltukymdaryn halyk gasyrlar bojy iriktep saktap otyrgan Mongoliyadagy Bayan Өlgej ajmagynda VI gasyrdan әjgili bolgan koltukym kazaky kyzylkoj Baska mal shydamajtyn kystyn katan ayazyna bejimdelgen Ony zhergilikti halyk ote zhogary bagalap әli kүnge dejin saktap osirip keledi Bir kora koj Қazakstan zherinin zhusandy zhajylymdy kara otty zherleri tүje men koj osiruge ote kolajly Elimizdin koj sharuashylygy salasynda eren enbegimen kurmetke bolengen Enbek Eri atagyn eki ret algan Zhazylbek Қuanyshbaevty maktan etemiz Қazakstandagy koj sharuashylygy әrbir ajmaktyk tabigat erekshelikterine sәjkes 4 bagytta zhүrgizilip keledi Biyazy zhүndi koltukymdar zhүni ote sapaly әri zhinishke salaly biyazy zhүndi Osy bagytta segiz koj tukymy osiriledi Әlemdik suryptau zhetistikterdin biri Қazakstanda shygarylgan arkar merinos kojy Ol 1934 1950 zhyldary arkardyn kulzhasy koshkary men zhergilikti saulyk kojlardy zhuptastyru arkyly alyndy Bul kazakstandyk galymdar I S Butarin Ө Esenzholov A Zhanderkin t b uzak zhylgy gylymi enbekterinin zhemisi Arkar merinos koltukymy Arkar merinos koltukymy Arkar merinos koltukymy tauly ajmaktyn tabigatyna tozimdi Қazirgi kezde Almaty Pavlodar Shygys Қazakstan ajmaktarynda osiriledi Қazaktyn biyazy zhүndi kojy 1934 1946 zhyldar aralygynda kazakstandyk belgili galym V A Balmonttyn zhetekshiligimen shygaryldy Қoltukym Қazakstannyn ontүstik onirlerinde osiriledi Ontүstik kazak merinos kojy Zhambyl men Ontүstik Қazakstanda osiriletin zhүndi etti bagyttagy koltukym Soltүstik kazak merinos kojy Pavlodar Shygys Қazakstan Қostanaj Akmola Soltүstik Қazakstanda osiruge bejimdelgen Zhartylaj biyazy zhүndi koltukymdar Қazakstanda bul bagytta degeres kazaktyn etti zhүndi gempshir zhәne krossbred koltukymdary osiriledi Degeres kojy etti zhүndi әri etti majly kujrykty bagytta shol sholejtti zherdin tabigatyna bejimdelgen Ol Ortalyk zhәne Ontүstik Қazakstan onirinde de osirilude Ұyan zhүndi kujrykty koltukymdar Қazakstanda bul bagytta kargaly zhәne saralzhyn koltukymdary osiriledi Қargaly kojy kazaktyn kylshyk zhүndi kujrykty saulyktaryn edilbaj degeres kojlarynyn koshkarlarymen zhuptastyru arkyly shygarylgan Ol әri etti әri zhүndi mol beredi Қaragandy onirinde osiriledi Saralzhyn kojy ertede Tүrikmenstanda halyktyk suryptaudyn nәtizhesinde shygarylgan Zhүninin tүsi ak zhibek tәrizdi talshyktary birkelki kilem tokuga ote yngajly Aktobe alkabyndagy sholejtti zherlerde osiriledi Үj kojy Қylshyk zhүndi kujrykty kol tukymdary Қylshyk zhүndi kujrykty kol tukymdary Қazakstanda bul bagytta edilbaj kazaktyn kylshyk zhүndi zhәne karakol kojlary osirilude Edilbaj kojy elimizdin batys ajmagynda erteden osirilip keledi Eti dәmdi zhүni mol shol sholejtti zherlerge bejim iri tulgaly Қazirgi kezde edilbaj kojy Atyrau Batys Қazakstan Aktobe Қaragandy onirinde osirilude Қazaktyn kujrykty kylshyk zhүndi kojy Қazakstanda erteden kele zhatkan koltukym Ol shol sholejtti ajmakta osiruge yngajly edilbaj kojynan kishileu Akmola Қaragandy Shygys Қazakstan oblystarynda osiriledi Қarakol kojy Қarakol kojy әdemi zhәne kymbat bagaly eltirisi arkyly dүnie zhүzine belgili koj tukymy Ol budan 3 3 5 myn zhyl buryn Orta Aziya zherinde halyktyk suryptau tәsilimen shygarylgan Onyn 2 3 kүndik sojylgan kozylarynyn eltirisi ote sapaly bolady Қarakol kojy kurgak dalaly shol sholejtti ajmakta osiruge bejimdelgen Қatan aua rajyna shydamdy tulgasy berik terisi zhuka birak tygyz 1990 zhyldary Қazakstanda karakol kojynyn sany 6 mln bolsa 2000 zhylgy sany 2 million shamasynda Қarakol kojy Atyrau Batys Қazakstan Қyzylorda Ontүstik Қazakstan Zhambyl Mangystau oblystarynda osiriledi Қoj sharuashylygynyn halyk omirindegi roliҚoj sharuashylygy kazak halkynyn ezhelden kele zhatkan tarihi dәstүrli mal sharuashylygynyn salasy Halkymyzdyn turmys tirshiligi kүnkoris kozi koj sharuashylygymen tikelej tamyrlasyp zhatyr Mal osirsen koj osir onimi onyn kol kosir degen sozderde teren ugym bar Mүshel zhyl sanauda koj 8 zhyl Қoj da kieli tүliktin biri Onyn piri Shopan ata kejde Қoshkar ata dep atalady Sondyktan Shopan atadan tileu tilegende maldy bersen kojdy ber dep otingen Birinshi bajlyk densaulyk ekinshi bajlyk akzhaulyk үshinshi bajlyk on saulyk degen ugym kojga katysty On saulyktyn basyn kurajtyn kәsiptin iesi kojshy shopan DerekkozderGeografiya Dүniezhүzine zhalpy sholu TMD elderi Zhalpy bilim beretin mekteptin zharatylystanu matematika bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Ө Bejsenova K Kajmuldinova S Әbilmәzhinova t b Almaty Mektep 2010 304 b ISBN 978 601 293 170 9 Biologiya Zhalpy bilim beretin mekteptin 7 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura baspasy 2007 ISBN 9965 34 607 0 Bul biologiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz