Жайлау – қыстаудан біршама қашық, кей жағдайда мүлде алыстағы шөбі шүйгін, өзен-көлді, суы тұнық, бастау-бұлақты, салқын самалды, шыбын-шіркейі аз, ауыл-ауыл болып қоныс тебуге қолайлы жазғы малжайылымдық жер. Шөбі селдіреп, оты сұйыла бастаған жерден сонысы басылмаған құйқалы қоныс-өрісті жайлауға жайылым қуалай, өріс аудара отырып көшу төрт түліктің қоңын көтеру үшін аса маңызды болған.
Жайлау жерлері
Қазақстан жеріндегі жайлаулардың адамға да, малға да ең қолайлысы – тау алаптары, суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлер. Солтүстіктегі жазық даладағы жайлауларда мал, негізінен, құдық суынан суарылатындықтан қол еңбегін көп қажет етеді. Қазақ елінің дәстүрлі жайлауы Сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, Қазақстанның солтүстік-батысында (Мұғалжарда), солтүстік-шығысында (Алтай, Сауыр және Тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы және Тәңір тауы тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (Қаратау өңірінде) болды. Қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. Халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. Жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. Мысалы, Жетісу өлкесінде қыстау Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. Қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды. Мысалы, көшпелі өмір сүрген адай – табын, шөмекей – шекті, бағаналы – балталы руларының Маңғыстау түбегінен Мұғалжар тауларына, Қызылқұмнан Торғай даласына, Шу өзенінің төмен алабынан Ұлытау төңірегіне дейінгі көш жолдарының арақашықтығы 1000 км-ге дейін жететін. Ал Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі жартылай көшпелі қауымның көш жолдары 10 – 20 км-ден 40 – 80 км-ге дейін болды. Бұл төңіректегі жайлаулар құдықтар мен көлдердің айналасына орналасты. Жетісудағы жайлаулар мен қыстаулардың арасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 100 – 200 км-ге жететін. Қазір де малшылар жазғы жайылымды жайлау ретінде пайдаланады, жайлауға көшеді. Қой, түйе, сиыр секілді төрт түлік жайлауға шығарылады.
Жайлау көшіне дайындық
Буаз малдан төл алынып, бойдақ мал қарақұйрық болып, жылқы раңдап, түйенің өркеш қомы толығып қарақайысқа айналғанда ауыл көктеуден жайлауға көшуге дайындық жасайды. Жайлауға көшу мен дайындық мерзімі жергілікті жердің ерекшелігімен, күн райының өзгешелігімен байланысты болып келеді. Кей жерлерде мамырдың екінші жартысынан, ал қайсыбір өлкелерде маусымның басынан көшуге әзірлік басталады. Көш уақытын, әдетте, есепшілер мен ауыл ақсақалдары белгілейді де, көшке дайындық жасауды тапсырады. Ат әбзелдері, көш көлігінің саймандары, арба-күйме әзірленеді. Көш жүгі негізінен түйеге артылатындықтан ауыт, қом, ашамай, кәтеп, желқом т.б. көлік әбзелдері дайындалады. Өздігінен салт жүре алмайтын ауру-сырқаулы қарттар мен кішкене балаларды түйе үстінде алып жүру үшін өбе жасалады. Көш күні көбіне сәрсенбі, бейсенбі тәрізді сәтті күнге орайластырылып, құрбандыққа мал сойылып, бата беріледі.
Көшуден бірер күн бұрын үйдің ішкі жабдықтары, тұрмыстық бұйымдар, құрал-саймандар әртүрлі қаптарға салынып, кілем, алаша, сырмақтарға оралып, теңделеді. Көшетін күні таңғы астан кейін киіз үйдің жабындары (үзік, туырлық, түндік) алынып, теңделеді. Кереге керегеқапқа, уық уыққапқа кигізіліп, буылады. Теңдер мен тоғанақтар көш көлігіне артылады.
Киіз үйдің шаңырағы және отбасының ырыздығы – ас-тағам салынған кебеже артылған түйе көштің басында болады. Көш керуенін тіл көзден сақтасын деп, шаңырақ артқан түйенің басына қарқара құсының қауырсынын қадап қояды. Мұндай көшті ел ішінде "қарқаралы көш" деп атайды. Көш басындағы шаңырақ артқан түйені басына ақ шыңқан шылауыш тартқан әулеттің үлкен бәйбішесі жетектейді. Сөйтіп, көш жайлауға бет алады.
Сәнді көш
Қазақы тұрмыста жайлау көші – қызықты-думанды өтетін сән-салтанаты жарасқан көш. Ауыл ересектері тәуір деген киімдерін киіп, жастар қызылды-жасылды киініп жақсы ат мініп, жорғасын тайпалтады. Әсем сырмақ, түкті кілеммен жабылған түйедегі жүк, тоғанақталған тең, кебеже сандық өз жарасымымен көз тартады. Жүк артқан түйенің саны едәуір болған сайын көш байлығын паш етіп тұрады. Түйенің бас тұрманы – ноқта. Ноқтаның өзі де, бауы да кілем тәрізді тоқылған құрдан жасалып, құндызбен көмкеріледі. Салпыншақтары қымбат тастармен, күміспен әшекейленеді.
Шаңырақтың ат жалын ұстауға жараған тұңғыш ұлы болса, көш керуеннің ноқтабауын соған ұстатады, бәйбіше есік пен төрдей жер алда жүріп отырады. Ал ноқтабау ұстаған ұлдан өрбіген ұрпақ айрықша мәртебеге ие болып, сол елдің ноқта ағасы атанған.
Көшке ілескен жігіт-желең, қыз-келіншектердің өзара әзіл жарасып көш-керуеннің салтанатын аша түседі. Көш жөнекей кездескен көрші ауылдың жастарымен ән әуелетіп, ара-тұра айтысып та алады. Бүркітін, қаршығасын қолына қондырып, ұшқыр тазы ілестірген аңшы-саятшылар көшке өзінше көрік береді. Мұндай көшті салтанаты мен сәулеті жарасқан сәнді көш дейді. Көшке жолай кездескен жолаушы «Көш байсалды болсын» немесе «Көш көлікті болсын!» деп тілек айтып, сәлемдесіп, жөн сұрасады.
Көш керуенін көргенде еру ел сусын, ақ-тағам алып шығады. Еру ауыл ұсынған сусынды әуелі көшкен ауылдың жасы үлкендері, онан соң жасы кішілері алады. Сусынды ішердің алдында әуелі сусыннан ат жалына бір-екі тамшы тамызып, содан соң барып ішсе, келіндер ауылдың тұсынан жаяулап өтетіндіктен сусынды жерде тұрып ішеді. Көшкен ел сусынды ішіп болған соң, еру елге рақмет айтады.
Әйелдер сусын ішкен ыдыстың ішіне тана, түйме, сөлкебай сияқты заттар салып қайтарады. Көшіп бара жатқанда елдің жас келіндері зираттың және аталы үлкен ауылдардың жанынан аттан түсіп, жаяулатып өтетін болған. Жайлау көші осылайша кей жерде үдере көшіп, қайсыбір жерлерде ерулеп көшіп отырады. Бір бұлақ пен келесі бұлақтың, суаттың т.б. су көздерінің арасы тым қашық жерлерден үдере көшіп өтеді. Ал су көздерінің арасы жақын болса жер оты шүйгін болатындықтан ондай жерлерден ерулеп көшеді.
Халық ұғымында «түйенің қомын алып, теңді шешпей көшуді» үдере көшу; ал «түйенің қомын алып, теңді шешіп көшуді» ерулеп көшу дейді. Ел жайлауға көшіп бара жатып, көш жөнекей егіндікке қолайлы тәлімі жерге тары, бидай, арпа егетін болған. Ел жайлаудан түскенде егіннің басы толып, орып алуға дайын болады. Тары бас ала бастаған кезде шымшық торғайдан қору үшін күрке тігіп, қарауылдайтын адам егістік басында болады. Ал кей жылдары егіндікке жақын жерге мықи ұя салатын болса, ол жерге бірде бір торғай, шымшық жоламайтын болған. Әсіресе, тарының қас жауы шымшық торғай болса, шымшық торғайдың қас жауы мықи (қаршыға тектес құс) болған.
Жайлауға мал айдау
Көш малын айдайтын малшылар қоржындарына күндік жол азығын – (асылған ет, құрт, ірімшік, нан, тоқаш т.б.) алып жүреді. Жанторсықтарына қымыз, айран, шұбат құйып алады. Қой мен ешкі отары көштен бірер күн бұрын жая, өргізіліп айдалады. Жолай бірнеше қонып көш керуеннен едәуір алда жүріп отырады. Ірі қара малдары – жылқы мен сиыр төлдерімен қоса, көштің алдында айдалады. Көш кезінде көшбасы көш малының келесі бір көштің немесе еру елдің отарымен араласып кетпеуін қадағалайды. Сондықтан көшбасы ерулеп қонатын жерге алдын-ала келіп, шөптің басын буып немесе құрық шаншып белгі салып қоятын болған. Мұндай белгі салынған жерге өзге ру көшінің ерулеп жатуына тыйым салынады. Сондай-ақ көш өзге рудың белгісі бар құдығының басына ерулемеуге тырысқан. Жайлаудағы қоныс, жайылымдық жерлер рудың ата-бабасынан мұра болып келе жатқан меншігі болып саналады.
Жалау-қыстау арасының ұзақтығы жер бедеріне байланысты далалы (жазық) және таулы өлкелерде әртүрлі болып келеді. Айталық, батыс, оңтүстік-батыс, солтүстік және Орталық Қазақстанның далалы аймақтарында жайлаудың қашықтығы жүздеген шақырымға созылған. Қазақстанның оңтүстігі мен шығысын мекендеген малшылардың жайлауы көбіне биік таудың шалғынды аңғарларында, өзен бойларында орын тепкен. Жайлауға маусым айының басынан, тамыздың соңына дейін қоныстанған. Көштен бұрын ұсақ мал – қой, ешкісі ерте айдалып, жылқы, сиыр, түйе сынды ірі мал көшпен бірге ілесіп отырған.
Көшу ұзақ, бірнеше күнге созылатындықтан, алдын-ала көш жолы белгіленеді. Қай жерде ерулеп көшуді, қай жерде үдере көшуді белгілейтін қолайлы өткел, асу, малға жайлы суат т.б. жер ерекшелігін, көш жолын, жайылым-өріс жағдайларын жақсы білетін адамды жершенеуші, көшбасшы деп атайды. Жершенеуші көшті ұйымдастыру, бақылау жұмыстарына басшылық жасайды. Сөйтіп, бірде үдере көшкен, бірде ерулей көшкен жайлау көші белгіленген жайлауға келіп байыз табады.
Жайлаудың түрлері мен халықтық атаулары.
Жайлаулар шөбінің шүйгінді, суының тұнығына қарай "қоңжайлау", "жөнжайлау", деп «Шідертінің шөбі бал, Өлеңтінің суы бал» деген сияқты халық бағалауы өлең жолдарымен де айтылады. Жүздеген үй тігілетін кең жайлауды "саржайлау" деп атаған.
Жайлаудың нағыз қызған шағы – қанжайлау жайлауға барар жолда, көктеуден алыс емес жердегі, әрі бүкіл ауыл-аймақтың аралас-құралас болатындай жазықта отырады. Мұндай жайлауда ел шамамен екі аптадай тұрақтайды. Тау етегіндегі жайлауды ойжайлау, етек жайлау, ал ойжайлаудан жоғары жердегі жайлау бөктер жайлау, бөктерден биіктеу жердегі жайлау төржайлау деп аталады. Таудың ең биігіне, салқын жердегі жайлауды кержайлау дейді. Кержайлауда бірер ауыл ғана отырған.
Жайлаудың мәдени кеңістігі
Жайлау төрт түлік малға оңтайлы өріс болуымен қатар, жұртшылық, ел адамдары үшін де қолайлы әлеуметтік-мәдени кеңістік болған. Өйткені көшпелілер салтына үйлескен бірқанша тіршілікқамы әрекеттері, дәстүр-жоралғылары осы жайлауда жүзеге асырылады. Атап айтқанда, сыбағаға шақыру, құдаласу, қыз айттыру, атастыру, келін түсіру, ас беру, бие байлау (қымызмұрындық), шашыратқы беру т.б. Сонымен қатар қой қырқу, киіз басу, өрмек тоқу т.б. жұмыстар атқарылып, қысқа азыққа құрт, ірімшік, қатық т.б. тағам түрлері дайындалады. Ал жастар арасындағы ақсүйек ойнау, алтыбақан тебу сияқты бірқатар ойын-сауықтар жайлаудың думанын қыздыра түседі.
Ел шекарасындағы жақын жерде орналасқан үлкен жайлауларда жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Батыста Темір, Ойыл; Оңтүстік-шығыста Қарқара; Орталықта Қоянды сияқты тұрақты жәрмеңкелер болды. Ел аралайтын бақалшылар да саудасын ел жайлауға қонған кезде қыздыратын болған. Ілкідегі Жібек жолының тарам-тармақтары қазақ жайлауларының үстінен өткен.
Ел ішіндегі құқықтық қатынасқа байланысты билер шешетін дау-дамайлар жаз жайлауда қаралып, даудың қара-ала жібі кесіледі. Елдің ішкі-сыртқы саяси, әлеуметтік мәселелері ел ағалары, белгілі би-сұлтандардың бас қосқан мәртебелі жиылыстарында қаралып шешіледі.
Белгілі болған жайлаулар
Қазақстанның әр өңірінде дүйім жұртқа белгілі болған жайлаулар бар. Атап айтқанда, оңтүстікте және Шу өңірінде Дабұсын, Кент, Қотан, Талды, Барша, Жиделі, Тобылғылы; оңтүстік-шығысында Дегерес, Қарқара, Шалкөде, Шұбартал, Асы, Түрген, Үшқоңыр, Үшалматы, Сырт; шығысында Шыңғыстау, Сарыкөл, Жиделі, Сартай, Сауыр, Марқакөл, Шілікті жазығы; солтүстікте Қызылқақ, Сілеті көлінің жағалауы, орталығында Шідерті, Нұра, Қарқаралы, Семізбұғы, Ботақара; батысында Үстірт, Тайсойған, Мұғалжар және Ойыл, Сағыз, Қобда өзендерінің бойы сияқты, оңтүстік-батыста Қаратау қойнауларының күнгейіндегі Ордаған, Терісжайлау, Жота, теріскейдегі Созақ, Мойынқұм, Бетпақдала және т.б. бір-біріне жалғасып жатқан кең жайлаулар бар.
Жайлауға қоныстанған кезде белгілі бір аумақтағы тігілген үйлердің саны кейде бірнеше жүздегенге дейін жеткен. Қазақ өмірін зерттеген И.П. Шангиннің, В.В. Сапожниковтың еңбектеріне сүйене отырып, зерттеуші Н.Э. Масанов байырғы кезде суы мол жайлауларда ауыл-ауыл болып қоныстанатынын, әсіресе, Нұра өзенінің бойындағы жайлауда 1000-ға дейін киіз үй тігілетінін; Бурылтоғайға жақын жердегі жайлауларға 400-ден астам үй қоныстанғанын, сондай-ақ, хан-сұлтандар көшіп-қонғанда жайлауға 500-1000-ға дейін үй тігілгенін көрсетеді.
ХІХ-XX ғасырдың бас кезінде қоныстандыру саясатының аса қарқынды жүргізілуінен, әрі ғасыр басында халықты күштеп отырықшы (ұжымдастыру) өмірге көшіруге байланысты, сондай-ақ түрлі жағдайлар (жұт) орын алуы салдарынан қазақтың жайлауының ауқымы едәуір тарыла бастады.
Демек, жайлау қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығында, тіршілікқамы мәдениетінде және әлеуметтік тұрғыдан да орны айрықша саналатын қоныстану жүйесінің елеулі бір құбылысы саналды.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Сибирский вестник. Ч.9. кн.3. 1820. С.81;
- Добросмыслов А.И. Скотоводство в Тургайской области. Оренбург: Типография Жаринова, 1895;
- Сапожников В.В. Монгольский Алтай в истоках Иртыша и Кобдо. Томск, 1911;
- Фиельструп Ф. Скотоводство и кочевание в части степей Западного Казахстана. Казаки. Антропологические очерки. Вып. 11. Л.: изд. АН СССР, 1927. С.78-107;
- Арғынбаев Х., Захарова И.В. Оңтүстік Қазақстан облысына ұйымдастырылған этнографиялық экспедиция жұмысының қорытындысы. Новые материалы по археологии и этнографии Казахстана. ТИИАЭ АН КазССР. Том 12. Алма-Ата: Изд.АН КазССР, 1916. С.92-118;
- Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969;
- Мұқанов С. Халық мұрасы. Тарихтық-этнографиялық шолу. Алматы: Қазақстан, 1974;
- Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ вв.: материалы к историко-этнографическому атласу. Алма-Ата: Наука, 1980;
- Мүсрепов Ғ. Ұлпан. Таңдамалы. 3-том. Алматы: Жазушы, 1980. 317-532-бб.;
- Масанов Н.Э. Проблемы социально-экономической истории Казахстана на рубеже ХVIII-XІХ вв. Алма-Ата: Наука, 1984;
- Курылев В.П. Скот, земля, община у кочевых и полукочевых казахов (вторая половина ХІХ – начало ХХ в.). СПб.: Петербургкомстат, 1998;
- Хлудов Н.Г. Шығармалар каталогы: кескіндеме және графика (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Жобаның жетекшісі, кіріспе сөзінің авторы Нұрсан Әлімбай. Алматы: Эффект, 2003;
- Қастеев Ә. Кескіндеме графика (ғылыми католог). Алматы: Елнұр, 2005.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhajlau kystaudan birshama kashyk kej zhagdajda mүlde alystagy shobi shүjgin ozen koldi suy tunyk bastau bulakty salkyn samaldy shybyn shirkeji az auyl auyl bolyp konys tebuge kolajly zhazgy malzhajylymdyk zher Shobi seldirep oty sujyla bastagan zherden sonysy basylmagan kujkaly konys oristi zhajlauga zhajylym kualaj oris audara otyryp koshu tort tүliktin konyn koteru үshin asa manyzdy bolgan Zhajlau 1967 zh Қasteev Ә Zhajlau zherleriSauyr tauynyn etegindegi zhajlau Zajsan uezi SOSK 1910 11 zhzh Zhajlaudagy mal Pavlodar oblysy Bayanauyl audany 1947 zh Ә M Zhirenshin ekspediciyasy Zhajlau Ұlytau fotobuklet M Mir Geografii 1992 atty enbektenZhajlau N G Hludov Қazakstan zherindegi zhajlaulardyn adamga da malga da en kolajlysy tau alaptary suy mol shobi shүjgin masa sona shybyn shirkeji az zherler Soltүstiktegi zhazyk daladagy zhajlaularda mal negizinen kudyk suynan suarylatyndyktan kol enbegin kop kazhet etedi Қazak elinin dәstүrli zhajlauy Saryarka atyraby men ormandy zheldi olkelerde Қazakstannyn soltүstik batysynda Mugalzharda soltүstik shygysynda Altaj Sauyr zhәne Tarbagataj onirinde ontүstik shygysynda Zhetisu Alatauy Ile Alatauy zhәne Tәnir tauy tauynyn soltүstik atyrabynda ontүstiginde Қaratau onirinde boldy Қazakstannyn әr onirindegi zhajlaudy ruly el kala berdi zheke ata urpaktary pajdalangan Halyk kystaudan kokteuge kokteuden zhajlauga zhajlaudan kүzeuge koship otyrdy Zhajlau men kystau malga tiimdi tirshilikke kolajly koship konuga yngajly zherlerden tandap alyndy Mysaly Zhetisu olkesinde kystau Balkash kolinin ontүstigindegi kumdy kamysty ajmakta ornalassa zhajlaulardyn kobi onyn soltүstigindegi tauly atyrabynda zhatty Қazakstan zherindegi zhajlau men kystau arasynyn kashyktygy da әr tүrli boldy Mysaly koshpeli omir sүrgen adaj tabyn shomekej shekti baganaly baltaly rularynyn Mangystau tүbeginen Mugalzhar taularyna Қyzylkumnan Torgaj dalasyna Shu ozeninin tomen alabynan Ұlytau toniregine dejingi kosh zholdarynyn arakashyktygy 1000 km ge dejin zhetetin Al Қazakstannyn soltүstik boligindegi zhartylaj koshpeli kauymnyn kosh zholdary 10 20 km den 40 80 km ge dejin boldy Bul tonirektegi zhajlaular kudyktar men kolderdin ajnalasyna ornalasty Zhetisudagy zhajlaular men kystaulardyn arasy soltүstikten ontүstikke karaj 100 200 km ge zhetetin Қazir de malshylar zhazgy zhajylymdy zhajlau retinde pajdalanady zhajlauga koshedi Қoj tүje siyr sekildi tort tүlik zhajlauga shygarylady Zhajlau koshine dajyndykҚyrgauyldyn kauyrsynymen әshekejlengen karkara erttelgen kosh tүjesinin bujdasyn ustagan әjel Buaz maldan tol alynyp bojdak mal karakujryk bolyp zhylky randap tүjenin orkesh komy tolygyp karakajyska ajnalganda auyl kokteuden zhajlauga koshuge dajyndyk zhasajdy Zhajlauga koshu men dajyndyk merzimi zhergilikti zherdin ereksheligimen kүn rajynyn ozgesheligimen bajlanysty bolyp keledi Kej zherlerde mamyrdyn ekinshi zhartysynan al kajsybir olkelerde mausymnyn basynan koshuge әzirlik bastalady Kosh uakytyn әdette esepshiler men auyl aksakaldary belgilejdi de koshke dajyndyk zhasaudy tapsyrady At әbzelderi kosh koliginin sajmandary arba kүjme әzirlenedi Kosh zhүgi negizinen tүjege artylatyndyktan auyt kom ashamaj kәtep zhelkom t b kolik әbzelderi dajyndalady Өzdiginen salt zhүre almajtyn auru syrkauly karttar men kishkene balalardy tүje үstinde alyp zhүru үshin obe zhasalady Kosh kүni kobine sәrsenbi bejsenbi tәrizdi sәtti kүnge orajlastyrylyp kurbandykka mal sojylyp bata beriledi Koshuden birer kүn buryn үjdin ishki zhabdyktary turmystyk bujymdar kural sajmandar әrtүrli kaptarga salynyp kilem alasha syrmaktarga oralyp tendeledi Koshetin kүni tangy astan kejin kiiz үjdin zhabyndary үzik tuyrlyk tүndik alynyp tendeledi Kerege keregekapka uyk uykkapka kigizilip buylady Tender men toganaktar kosh koligine artylady Kiiz үjdin shanyragy zhәne otbasynyn yryzdygy as tagam salyngan kebezhe artylgan tүje koshtin basynda bolady Kosh keruenin til kozden saktasyn dep shanyrak artkan tүjenin basyna karkara kusynyn kauyrsynyn kadap koyady Mundaj koshti el ishinde karkaraly kosh dep atajdy Kosh basyndagy shanyrak artkan tүjeni basyna ak shynkan shylauysh tartkan әulettin үlken bәjbishesi zhetektejdi Sojtip kosh zhajlauga bet alady Sәndi koshҚazaky turmysta zhajlau koshi kyzykty dumandy otetin sәn saltanaty zharaskan kosh Auyl eresekteri tәuir degen kiimderin kiip zhastar kyzyldy zhasyldy kiinip zhaksy at minip zhorgasyn tajpaltady Әsem syrmak tүkti kilemmen zhabylgan tүjedegi zhүk toganaktalgan ten kebezhe sandyk oz zharasymymen koz tartady Zhүk artkan tүjenin sany edәuir bolgan sajyn kosh bajlygyn pash etip turady Tүjenin bas turmany nokta Noktanyn ozi de bauy da kilem tәrizdi tokylgan kurdan zhasalyp kundyzben komkeriledi Salpynshaktary kymbat tastarmen kүmispen әshekejlenedi Shanyraktyn at zhalyn ustauga zharagan tungysh uly bolsa kosh keruennin noktabauyn sogan ustatady bәjbishe esik pen tordej zher alda zhүrip otyrady Al noktabau ustagan uldan orbigen urpak ajryksha mәrtebege ie bolyp sol eldin nokta agasy atangan Koshke ilesken zhigit zhelen kyz kelinshekterdin ozara әzil zharasyp kosh keruennin saltanatyn asha tүsedi Kosh zhonekej kezdesken korshi auyldyn zhastarymen әn әueletip ara tura ajtysyp ta alady Bүrkitin karshygasyn kolyna kondyryp ushkyr tazy ilestirgen anshy sayatshylar koshke ozinshe korik beredi Mundaj koshti saltanaty men sәuleti zharaskan sәndi kosh dejdi Koshke zholaj kezdesken zholaushy Kosh bajsaldy bolsyn nemese Kosh kolikti bolsyn dep tilek ajtyp sәlemdesip zhon surasady Kosh keruenin korgende eru el susyn ak tagam alyp shygady Eru auyl usyngan susyndy әueli koshken auyldyn zhasy үlkenderi onan son zhasy kishileri alady Susyndy isherdin aldynda әueli susynnan at zhalyna bir eki tamshy tamyzyp sodan son baryp ishse kelinder auyldyn tusynan zhayaulap otetindikten susyndy zherde turyp ishedi Koshken el susyndy iship bolgan son eru elge rakmet ajtady Әjelder susyn ishken ydystyn ishine tana tүjme solkebaj siyakty zattar salyp kajtarady Koship bara zhatkanda eldin zhas kelinderi zirattyn zhәne ataly үlken auyldardyn zhanynan attan tүsip zhayaulatyp otetin bolgan Zhajlau koshi osylajsha kej zherde үdere koship kajsybir zherlerde erulep koship otyrady Bir bulak pen kelesi bulaktyn suattyn t b su kozderinin arasy tym kashyk zherlerden үdere koship otedi Al su kozderinin arasy zhakyn bolsa zher oty shүjgin bolatyndyktan ondaj zherlerden erulep koshedi Halyk ugymynda tүjenin komyn alyp tendi sheshpej koshudi үdere koshu al tүjenin komyn alyp tendi sheship koshudi erulep koshu dejdi El zhajlauga koship bara zhatyp kosh zhonekej egindikke kolajly tәlimi zherge tary bidaj arpa egetin bolgan El zhajlaudan tүskende eginnin basy tolyp oryp aluga dajyn bolady Tary bas ala bastagan kezde shymshyk torgajdan koru үshin kүrke tigip karauyldajtyn adam egistik basynda bolady Al kej zhyldary egindikke zhakyn zherge myki uya salatyn bolsa ol zherge birde bir torgaj shymshyk zholamajtyn bolgan Әsirese tarynyn kas zhauy shymshyk torgaj bolsa shymshyk torgajdyn kas zhauy myki karshyga tektes kus bolgan Zhajlauga mal ajdauKosh malyn ajdajtyn malshylar korzhyndaryna kүndik zhol azygyn asylgan et kurt irimshik nan tokash t b alyp zhүredi Zhantorsyktaryna kymyz ajran shubat kujyp alady Қoj men eshki otary koshten birer kүn buryn zhaya orgizilip ajdalady Zholaj birneshe konyp kosh keruennen edәuir alda zhүrip otyrady Iri kara maldary zhylky men siyr tolderimen kosa koshtin aldynda ajdalady Kosh kezinde koshbasy kosh malynyn kelesi bir koshtin nemese eru eldin otarymen aralasyp ketpeuin kadagalajdy Sondyktan koshbasy erulep konatyn zherge aldyn ala kelip shoptin basyn buyp nemese kuryk shanshyp belgi salyp koyatyn bolgan Mundaj belgi salyngan zherge ozge ru koshinin erulep zhatuyna tyjym salynady Sondaj ak kosh ozge rudyn belgisi bar kudygynyn basyna erulemeuge tyryskan Zhajlaudagy konys zhajylymdyk zherler rudyn ata babasynan mura bolyp kele zhatkan menshigi bolyp sanalady Zhalau kystau arasynyn uzaktygy zher bederine bajlanysty dalaly zhazyk zhәne tauly olkelerde әrtүrli bolyp keledi Ajtalyk batys ontүstik batys soltүstik zhәne Ortalyk Қazakstannyn dalaly ajmaktarynda zhajlaudyn kashyktygy zhүzdegen shakyrymga sozylgan Қazakstannyn ontүstigi men shygysyn mekendegen malshylardyn zhajlauy kobine biik taudyn shalgyndy angarlarynda ozen bojlarynda oryn tepken Zhajlauga mausym ajynyn basynan tamyzdyn sonyna dejin konystangan Koshten buryn usak mal koj eshkisi erte ajdalyp zhylky siyr tүje syndy iri mal koshpen birge ilesip otyrgan Koshu uzak birneshe kүnge sozylatyndyktan aldyn ala kosh zholy belgilenedi Қaj zherde erulep koshudi kaj zherde үdere koshudi belgilejtin kolajly otkel asu malga zhajly suat t b zher ereksheligin kosh zholyn zhajylym oris zhagdajlaryn zhaksy biletin adamdy zhersheneushi koshbasshy dep atajdy Zhersheneushi koshti ujymdastyru bakylau zhumystaryna basshylyk zhasajdy Sojtip birde үdere koshken birde erulej koshken zhajlau koshi belgilengen zhajlauga kelip bajyz tabady Zhajlaudyn tүrleri men halyktyk ataulary Zhajlaular shobinin shүjgindi suynyn tunygyna karaj konzhajlau zhonzhajlau dep Shidertinin shobi bal Өlentinin suy bal degen siyakty halyk bagalauy olen zholdarymen de ajtylady Zhүzdegen үj tigiletin ken zhajlaudy sarzhajlau dep atagan Zhajlaudyn nagyz kyzgan shagy kanzhajlau zhajlauga barar zholda kokteuden alys emes zherdegi әri bүkil auyl ajmaktyn aralas kuralas bolatyndaj zhazykta otyrady Mundaj zhajlauda el shamamen eki aptadaj turaktajdy Tau etegindegi zhajlaudy ojzhajlau etek zhajlau al ojzhajlaudan zhogary zherdegi zhajlau bokter zhajlau bokterden biikteu zherdegi zhajlau torzhajlau dep atalady Taudyn en biigine salkyn zherdegi zhajlaudy kerzhajlau dejdi Kerzhajlauda birer auyl gana otyrgan Zhajlaudyn mәdeni kenistigiZhajlau tort tүlik malga ontajly oris boluymen katar zhurtshylyk el adamdary үshin de kolajly әleumettik mәdeni kenistik bolgan Өjtkeni koshpeliler saltyna үjlesken birkansha tirshilikkamy әreketteri dәstүr zhoralgylary osy zhajlauda zhүzege asyrylady Atap ajtkanda sybagaga shakyru kudalasu kyz ajttyru atastyru kelin tүsiru as beru bie bajlau kymyzmuryndyk shashyratky beru t b Sonymen katar koj kyrku kiiz basu ormek toku t b zhumystar atkarylyp kyska azykka kurt irimshik katyk t b tagam tүrleri dajyndalady Al zhastar arasyndagy aksүjek ojnau altybakan tebu siyakty birkatar ojyn sauyktar zhajlaudyn dumanyn kyzdyra tүsedi El shekarasyndagy zhakyn zherde ornalaskan үlken zhajlaularda zhyl sajyn zhәrmenke otkizilgen Batysta Temir Ojyl Ontүstik shygysta Қarkara Ortalykta Қoyandy siyakty turakty zhәrmenkeler boldy El aralajtyn bakalshylar da saudasyn el zhajlauga kongan kezde kyzdyratyn bolgan Ilkidegi Zhibek zholynyn taram tarmaktary kazak zhajlaularynyn үstinen otken El ishindegi kukyktyk katynaska bajlanysty biler sheshetin dau damajlar zhaz zhajlauda karalyp daudyn kara ala zhibi kesiledi Eldin ishki syrtky sayasi әleumettik mәseleleri el agalary belgili bi sultandardyn bas koskan mәrtebeli zhiylystarynda karalyp sheshiledi Belgili bolgan zhajlaularҚazakstannyn әr onirinde dүjim zhurtka belgili bolgan zhajlaular bar Atap ajtkanda ontүstikte zhәne Shu onirinde Dabusyn Kent Қotan Taldy Barsha Zhideli Tobylgyly ontүstik shygysynda Degeres Қarkara Shalkode Shubartal Asy Tүrgen Үshkonyr Үshalmaty Syrt shygysynda Shyngystau Sarykol Zhideli Sartaj Sauyr Markakol Shilikti zhazygy soltүstikte Қyzylkak Sileti kolinin zhagalauy ortalygynda Shiderti Nura Қarkaraly Semizbugy Botakara batysynda Үstirt Tajsojgan Mugalzhar zhәne Ojyl Sagyz Қobda ozenderinin bojy siyakty ontүstik batysta Қaratau kojnaularynyn kүngejindegi Ordagan Teriszhajlau Zhota teriskejdegi Sozak Mojynkum Betpakdala zhәne t b bir birine zhalgasyp zhatkan ken zhajlaular bar Zhajlauga konystangan kezde belgili bir aumaktagy tigilgen үjlerdin sany kejde birneshe zhүzdegenge dejin zhetken Қazak omirin zerttegen I P Shanginnin V V Sapozhnikovtyn enbekterine sүjene otyryp zertteushi N E Masanov bajyrgy kezde suy mol zhajlaularda auyl auyl bolyp konystanatynyn әsirese Nura ozeninin bojyndagy zhajlauda 1000 ga dejin kiiz үj tigiletinin Buryltogajga zhakyn zherdegi zhajlaularga 400 den astam үj konystanganyn sondaj ak han sultandar koship konganda zhajlauga 500 1000 ga dejin үj tigilgenin korsetedi HIH XX gasyrdyn bas kezinde konystandyru sayasatynyn asa karkyndy zhүrgiziluinen әri gasyr basynda halykty kүshtep otyrykshy uzhymdastyru omirge koshiruge bajlanysty sondaj ak tүrli zhagdajlar zhut oryn aluy saldarynan kazaktyn zhajlauynyn aukymy edәuir taryla bastady Demek zhajlau kazaktyn dәstүrli mal sharuashylygynda tirshilikkamy mәdenietinde zhәne әleumettik turgydan da orny ajryksha sanalatyn konystanu zhүjesinin eleuli bir kubylysy sanaldy DerekkozderҚazak enciklopediyasy ҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterSibirskij vestnik Ch 9 kn 3 1820 S 81 Dobrosmyslov A I Skotovodstvo v Turgajskoj oblasti Orenburg Tipografiya Zharinova 1895 Sapozhnikov V V Mongolskij Altaj v istokah Irtysha i Kobdo Tomsk 1911 Fielstrup F Skotovodstvo i kochevanie v chasti stepej Zapadnogo Kazahstana Kazaki Antropologicheskie ocherki Vyp 11 L izd AN SSSR 1927 S 78 107 Argynbaev H Zaharova I V Ontүstik Қazakstan oblysyna ujymdastyrylgan etnografiyalyk ekspediciya zhumysynyn korytyndysy Novye materialy po arheologii i etnografii Kazahstana TIIAE AN KazSSR Tom 12 Alma Ata Izd AN KazSSR 1916 S 92 118 Argynbaev H Қazaktyn mal sharuashylygy zhajynda etnografiyalyk ocherk Almaty Ғylym 1969 Mukanov S Halyk murasy Tarihtyk etnografiyalyk sholu Almaty Қazakstan 1974 Hozyajstvo kazahov na rubezhe HIH HH vv materialy k istoriko etnograficheskomu atlasu Alma Ata Nauka 1980 Mүsrepov Ғ Ұlpan Tandamaly 3 tom Almaty Zhazushy 1980 317 532 bb Masanov N E Problemy socialno ekonomicheskoj istorii Kazahstana na rubezhe HVIII XIH vv Alma Ata Nauka 1984 Kurylev V P Skot zemlya obshina u kochevyh i polukochevyh kazahov vtoraya polovina HIH nachalo HH v SPb Peterburgkomstat 1998 Hludov N G Shygarmalar katalogy keskindeme zhәne grafika kazak orys agylshyn tilderinde Zhobanyn zhetekshisi kirispe sozinin avtory Nursan Әlimbaj Almaty Effekt 2003 Қasteev Ә Keskindeme grafika gylymi katolog Almaty Elnur 2005