Құрылыс материалдары — үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар.
Негізгі құрылыс материалдарының түрлері:
- табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.);
- органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар;
- жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темірбетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар);
- ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.);
- металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.);
- синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.).
Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады.
Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді. Металдардан негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикикалық “золокерам” материалдары жасалып, өндіріске енгізілді.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, I том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қurylys materialdary үjlerdi gimarattardy salu men zhondeude pajdalanylatyn tabigi zhәne zhasandy materialdar men bujymdar Kirpish Negizgi kurylys materialdarynyn tүrleri tabigi tau zhynystarynan zhasalgan kurylys materialdary dara tastar kiyrshyk tastar t b organikalyk bitum karamaj sintetikalyk shajyr t b zhәne bejorganikalyk cement әktas gips t b bajlanystyrgysh materialdar zhasandy kurylys materialdary zhәne kurastyrmaly kuralymdar men bujymdar kurylystyk keramika beton temirbeton asbest cement temir shyny zhәne silikattan zhasalgan bujymdar agash materialdary zhәne olardan zhasalgan bujymdar esik zhәne tereze bloktary agash talshykty zhәne agash үgindilerinen zhasalgan taktalar t b metaldan zhasalgan bujymdar kotergish zhәne korshau kuralymdary kubyrlar relster t b sintetikalyk shajyrlar men plastmassalar linoleum penoplast t b Altyn gips kristaly Әr tүrli tabigi tau zhynystarynan irgetastar kabyrgalyk әshekejlik t b kurylys materialdary zhasalynady Organikalyk bajlanystyrgysh zattardan zhol kurylysyna kazhetti zhabyn ylgal otkizbejtin zattar dajyndalady Agash zhankasynan zhuka әshekejlik taktalar zhasau үshin bajlanystyrgysh zattar retinde sintetikalyk shajyrlar pajdalanylady Bejorganikalyk zattardyn ishindegi en negizgisi cement Odan beton temir beton asbest cement kurylys kospalary siyakty kurylys materialdary zhasalady Әktastan bu kysymymen alynatyn silikattyk beton kirpish әri kurylystyk kospalar dajyndalady Zhasandy kurylys materialdary zhasalu tehnologiyasyna karaj bajlanystyrgysh zattar komegimen zhasalatyn beton temir beton asbest beton asbest cement silikattyk betondar men kirpish kurylys kospalary saz topyraktan balshyktan kүjdiru arkyly alynatyn keramikalyk kurylys materialdary kumdy tүrli kospalar kosyp balkytu arkyly alynatyn keuek materialdar sitaldar mineraldyk maktalar bolyp bolinedi Zhasandy kurylys materialdarynyn negizgi bir tүri metaldar Olar kurylysta әr tүrli kuralymdar kopirler ondiristik kurylystar zher silkinisine shydamdy kurylystyk kankalar zhәne temir beton armaturalar t b zhasauga pajdalanylady Agash materialdary zhәne olardan zhasalgan bujymdarga agashty mehanikalyk ondeu barysynda alynatyn materialdar boreneler kesilmeli materialdar parket fanera t b kiredi Metaldardan negizinen bolat ilemi kurylysta keninen koldanylady Olardan temir betondarga kazhetti armaturalar gimarattyn karkastary kopirdin kurylystyk otkinderi zhylytu zhүjeleri zhabyn materialdary t b zhasalady Әlemdik praktikada en algash Қazakstanda zhana keramikikalyk zolokeram materialdary zhasalyp ondiriske engizildi Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 I tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet