Керамика(грек. keramіke – қыш өнері, keramos – саз) – қыш-саз бен олардың минералды қоспаларымен араласқан, сондай-ақ тотықтармен, т.б. органикалық емес қосындылардан (карбидтер, боридтер, нитридтер, силицидтер, т.б.) күйдіріліп жасалған бұйымдар мен материалдар. Керамика тұрмыстың барлық салаларында: үй тұрмысында (әр түрлі ыдыстар), құрылыста (кірпіш, қыш, құбыр, тақта, т.б.), техникада, т. ж., су және әуе көлігінде, мүсін өнерінде т. б. кеңінен қолданылады. К-ның негізгі технол. түріне құрылыстық кірпіш, терракота, майолика, фаянс, фарфор жатады.
Керамика дегеніміз не?
Керамика - қыштан керамиқалық бұйымдарды жасау өнері. Көзеші күнделікті шыныаяқ пен тәрелкелерді 5000 жылдан аса уақыт бойына жасап келеді. Керамикалық бұйымдардың үлгілері ретінде саз балшықтан жасалған табақшаларды, гректік және қытайлық құмыралар мен бастарды, сонымен қатар саз мүсіндерді алуға болады. Боялған және лакталған фарфор ( кәрлер ) ( керамикалық бұйымдардың ең әдемі түрі ) Қытайда шамамен 1300 жыл бұрын жасалған.
Тарихы
Керамика адамзат өмірінде ертеден пайдаланылған. Ежелгі замандарда, атап айтқанда палеолит, неолит дәуірінде (б.з.б. 5-мыңжылдық) жасала бастап, ғасырлар өткен сайын технологиясы күрделене түскен. Саздан түрлі бұйым жасап, оның беріктігін арттыру үшін күйдіру ісі кең таралған. Керамика жасауды әр халық өз бетімен ойлап тапқандықтан, олардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Халқы мен заманына тән ерекшелігі, әр түрлі ою-өрнектер мен таңбалардың, тіпті, кейде жазулардың болуы бұларды бағалы тарихи ескерткіштер қатарына жатқызады. Ең алғашқы керамикалық бұйым ас пісіру және сақтау үшін қолданылатын ыдыс түрінде жасалған. Күйдіру арқылы беріктігін дамытып, әдемілік үшін ыдыстың қалың бүйірлеріне әр түрлі оюлар салған. Энеолит дәуірінен бастап (б.з.б. 3 – 2-мыңжылдық) жазу да жазады. Б.з.б. 4 – 3 мыңжылдықта Мысыр, Бабыл және Таяу Шығыс елдерінде сыртына шыны тектес қабат күйдіріліп бекітілген (глазурьленген) керамикалық заттар кездесе бастайды. К-ны тек ыдыс-аяқ жасауда ғана пайдаланбай, одан кітап беттерін (, б.з.б. 4-мыңжылдықта), түрлі адамдар мен хайуандардың, т.б. мүсіндерін (Ежелгі Мысырда, Грекияда, Қытайда, Орталық Азияда) жасаған. Б.з.б. 3 – 1-мыңжылдықта түрлі түсті өрнектелген архит. кірпіштер шыққан. Керамиканың ежелгі заманда дамыған жерлері , елдері, Ежелгі Мысыр болды. Осы елдерден кейін грек саяхатшылары Шығыстың ұлы өркениетті мәдениетімен танысып, оның озық үлгілерін өз елдерінде жасауға, орнықтыруға асықты. Керамиканың даму тарихында ежелгі гректердің орны ерекше. Б.з.б. 1-мыңжылдықтан бері грек шеберлері шығыс үлгісіндегі керамика жасауды қолға алып, өзіндік әдіспен дамыта білді. Соның нәтижесінде керамика жасаудың мектептері қалыптасты, жүздеген шеберханалар жұмыс істеді. Олардың өнерінің өзге халықтарға да ықпалы мол болды. Керамика қазіргі Қазақстан аумағында ежелден (б.з.б. 17 – 15 ғ-лардан бастап) өзіндік белгімен, әдіспен дамыды. Осы кезеңде қазіргі өрнектеріне ұқсас белгілер салынған ыдыстар күнделікті өмірде орын алды. Ал б.з.б. 10 – 6 ғ-ларда ( мәдениеті) беті глазурьленген, түрлі түсті айшықтары бар ыдыстар пайда болды. Б.з. 6 – 12 ғ-ларында керамикалық ыдыстар жасайтын орындар (цехтар) ежелгі , т.б. қалаларда көптеп бой көтерді. Осы кезеңде шағын пішінді әр түрлі жануарлардың, адамның керамикалық мүсіншелері жасалды. Сонымен бірге астық сақтайтын хумдар (ірі, биікт. 1 – 1,5 м. болатын қыш ыдыс), су құбырлары жасалды (Отырар, 8 – 12 ғ-лар). Алаша хан, Жошы хан, Тараз маңындағы Айша бибі, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауидің мазарлары керамикалық материалдармен безендірілген.
Қазіргі таңда
Қазақстанда қазіргі заманғы керамика өндірісі 20 ғ-дың 50-жылдарынан бастап өрістеді. Күйдірілген кірпіш өндіретін жүзден астам қыш зауыты іске қосылды. Алматыдағы керамикалық тәжірибе зауыты алуан түрлі сәндік, тұрмыстық бұйымдар шығарды. Астана техникалық фарфор зауыты, керамика комбинаты, Фарфор зауыты, Ленгердегі керамикалық құбыр з-ты, Қапшағай фарфор зауыты заманауи талаптарға сай керамикалық бұйымдар шығарады.
Осы заманғы керамикалық бұйымдар мен материалдар қолданылатын орны мен қасиеттеріне, негізгі шикізатына немесе күйдірілген керамиканың фазалық құрамына қарай жіктеледі. Шикізаттардың құрамы мен күйдіру темп-расына байланысты керамикалық заттар тығыз (су сіңіруі 5%-тен аз) және кеуек (су сіңіруі 15 – 25%-ке жетерлік) болып екі топқа бөлінеді. Құрылымына қарай ірі түйірлі (құрылыстық және шамот кірпіштер) және ұсақ түйірлі (фарфор, фаянс) деп ажыратылады. Керамика өндірісінің негізгі шикізаты – саз. Саз ішінде мөлш. 5 мм-ден астам тастар болса, машинадан өткізіліп не тазартылады, не уатылады. Ұсақ түйірлі керамикалық бұйымдар даярлау үшін күйдіргенде түсі ағаратын балшықтар, ақ саздар (каолиндер), кварц, дала шпаты, т.б. қоспасыз сапалы шикізаттар қолданылады. Керамикалық масса дайындалуы жағынан сұйық, илемдік, жартылай құрғақ болып келеді. Керамиканы қалыпқа құю әдісі бұйымның түріне қарай таңдап алынады. Отқа төзімді кірпіш, тыстамалық тақталар секілді қарапайым бұйымдар құрғақ майда массадан нығыздалып жасалады. Үй қабырғасына пайдаланылатын кірпіш, қабырғаны қалайтын блоктар және қуыс қыштар, құрғату құбырлары, т.б. иленді массадан ирек шнекті вакуум престер көмегімен дайындалады. Фарфор-фаянс бұйымдары автоматты, жартылай автоматты машиналармен иленді массаны гипс қалыптарға құю арқылы жасалады. Қалыпталған керамикалық материалдар күйдіруден бұрын кептіріледі. Күйдіру процесінде керамикалық массадан гигроскоптық су бөлініп шығады және саз құрамындағы минералдар хим. өзгеріске ұшырайды. Күйдіру температурасы жоғарылаған сайын керамика құрылымы тығыздалып, беріктігі артып, қуыстары азая түседі. Күйдіру температурасы массаның құрамына, алынатын бұйым түріне және қасиеттеріне қойылатын талаптарға байланысты 900С-тан (құрылыс қышы) 2000С-қа (отқа төзімді материалдар) дейін, ал күйдіру мерзімі 2 – 3 сағаттан бірнеше тәулікке дейін жетеді. Кейбір керамика бұйымдарын жасау (тыстама тақталар, фарфор, фаянс, т.б.), жоғарыда аталған процестермен бітпейді, жылтыратпалау (глазурьлеу), тегістеу, бояу, сурет салу, т.б. өңдеу жұмыстарын қажет етеді. Республикада керамикалық материалдар технологиясы саласындағы зерттеулер 20 ғ-дың 30-жылдары Құрылыс және құрылыс материалдары ғыл.-зерт. ин-ттарында басталды. Кейінірек Қазақ химия-технол. ин-тында, Қазақ минералдық шикізат ғыл.-зерт. ин-тында, Металлургия және кен байыту ин-тында жүргізілді (С.М. Зубаков, М.Ф. Назаренко, Б.Н. Бабин, А.А. Балакирев, Г.А. Нечистых). Хим.-минерал. құрамы, технол. қасиеттері жан-жақты зерттеліп, оның негізінде республикадағы саз шикізатының өнеркәсіптік қоры анықталды. 20 ғ-дың 70 – 80-жылдары Алматы құрылыс материалдарын жобалау ғыл.-зерт. ин-тында (С.Т. Сүлейменов, С.С. Тәкібаева) Қазақстанның орта ғасырлардағы архит. ескерткіштеріндегі керамикалық құрылыс материалдарын нақты хим.-петрогр. зерттеулер жүзеге асырылды. Көне құрылыс материалдарына ұқсас жаңа жоғары сапалы материалдар: кірпіш (беріктілігі 15 – 30 МПа), түрлі-түсті жылтыратпа (глазурь), майолика тақталар, жылтыратпа оюлы бұйымдар, т.б. өндірісінің технологиясы мен құрамы анықталды. Жергілікті шикізаттан ескерткіштерді қалпына келтіруге керамикалық материалдар дайындау Түркістан қайта қалпына келтіру шеберханасында жолға қойылған. Осындай жұмыстар нәтижесінде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі қайта қалпына келтіріліп, республикалық маңызы бар мұражай ашылды.
Сыртқы сілтемелер
- Malimetter.kz Құрылыстық керамика реферат (қазақша)
Пайдаланылған әдебиет:
- Қазақ энциклопедиясы
- Сұрақ және жауап. Энциклопедия
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сұрақ және жауап. Энциклопедия
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Keramika grek keramike kysh oneri keramos saz kysh saz ben olardyn mineraldy kospalarymen aralaskan sondaj ak totyktarmen t b organikalyk emes kosyndylardan karbidter boridter nitridter silicidter t b kүjdirilip zhasalgan bujymdar men materialdar Keramika turmystyn barlyk salalarynda үj turmysynda әr tүrli ydystar kurylysta kirpish kysh kubyr takta t b tehnikada t zh su zhәne әue koliginde mүsin onerinde t b keninen koldanylady K nyn negizgi tehnol tүrine kurylystyk kirpish terrakota majolika fayans farfor zhatady Keramika degenimiz ne Keramika kyshtan keramikalyk bujymdardy zhasau oneri Kozeshi kүndelikti shynyayak pen tәrelkelerdi 5000 zhyldan asa uakyt bojyna zhasap keledi Keramikalyk bujymdardyn үlgileri retinde saz balshyktan zhasalgan tabakshalardy grektik zhәne kytajlyk kumyralar men bastardy sonymen katar saz mүsinderdi aluga bolady Boyalgan zhәne laktalgan farfor kәrler keramikalyk bujymdardyn en әdemi tүri Қytajda shamamen 1300 zhyl buryn zhasalgan TarihyKeramika adamzat omirinde erteden pajdalanylgan Ezhelgi zamandarda atap ajtkanda paleolit neolit dәuirinde b z b 5 mynzhyldyk zhasala bastap gasyrlar otken sajyn tehnologiyasy kүrdelene tүsken Sazdan tүrli bujym zhasap onyn beriktigin arttyru үshin kүjdiru isi ken taralgan Keramika zhasaudy әr halyk oz betimen ojlap tapkandyktan olardyn ozindik erekshelikteri de bar Halky men zamanyna tәn ereksheligi әr tүrli oyu ornekter men tanbalardyn tipti kejde zhazulardyn boluy bulardy bagaly tarihi eskertkishter kataryna zhatkyzady En algashky keramikalyk bujym as pisiru zhәne saktau үshin koldanylatyn ydys tүrinde zhasalgan Kүjdiru arkyly beriktigin damytyp әdemilik үshin ydystyn kalyn bүjirlerine әr tүrli oyular salgan Eneolit dәuirinen bastap b z b 3 2 mynzhyldyk zhazu da zhazady B z b 4 3 mynzhyldykta Mysyr Babyl zhәne Tayau Shygys elderinde syrtyna shyny tektes kabat kүjdirilip bekitilgen glazurlengen keramikalyk zattar kezdese bastajdy K ny tek ydys ayak zhasauda gana pajdalanbaj odan kitap betterin b z b 4 mynzhyldykta tүrli adamdar men hajuandardyn t b mүsinderin Ezhelgi Mysyrda Grekiyada Қytajda Ortalyk Aziyada zhasagan B z b 3 1 mynzhyldykta tүrli tүsti ornektelgen arhit kirpishter shykkan Keramikanyn ezhelgi zamanda damygan zherleri elderi Ezhelgi Mysyr boldy Osy elderden kejin grek sayahatshylary Shygystyn uly orkenietti mәdenietimen tanysyp onyn ozyk үlgilerin oz elderinde zhasauga ornyktyruga asykty Keramikanyn damu tarihynda ezhelgi grekterdin orny erekshe B z b 1 mynzhyldyktan beri grek sheberleri shygys үlgisindegi keramika zhasaudy kolga alyp ozindik әdispen damyta bildi Sonyn nәtizhesinde keramika zhasaudyn mektepteri kalyptasty zhүzdegen sheberhanalar zhumys istedi Olardyn onerinin ozge halyktarga da ykpaly mol boldy Keramika kazirgi Қazakstan aumagynda ezhelden b z b 17 15 g lardan bastap ozindik belgimen әdispen damydy Osy kezende kazirgi ornekterine uksas belgiler salyngan ydystar kүndelikti omirde oryn aldy Al b z b 10 6 g larda mәdenieti beti glazurlengen tүrli tүsti ajshyktary bar ydystar pajda boldy B z 6 12 g larynda keramikalyk ydystar zhasajtyn oryndar cehtar ezhelgi t b kalalarda koptep boj koterdi Osy kezende shagyn pishindi әr tүrli zhanuarlardyn adamnyn keramikalyk mүsinsheleri zhasaldy Sonymen birge astyk saktajtyn humdar iri biikt 1 1 5 m bolatyn kysh ydys su kubyrlary zhasaldy Otyrar 8 12 g lar Alasha han Zhoshy han Taraz manyndagy Ajsha bibi Tүrkistandagy Қozha Ahmet Yasauidin mazarlary keramikalyk materialdarmen bezendirilgen Қazirgi tandaҚazakstanda kazirgi zamangy keramika ondirisi 20 g dyn 50 zhyldarynan bastap oristedi Kүjdirilgen kirpish ondiretin zhүzden astam kysh zauyty iske kosyldy Almatydagy keramikalyk tәzhiribe zauyty aluan tүrli sәndik turmystyk bujymdar shygardy Astana tehnikalyk farfor zauyty keramika kombinaty Farfor zauyty Lengerdegi keramikalyk kubyr z ty Қapshagaj farfor zauyty zamanaui talaptarga saj keramikalyk bujymdar shygarady Osy zamangy keramikalyk bujymdar men materialdar koldanylatyn orny men kasietterine negizgi shikizatyna nemese kүjdirilgen keramikanyn fazalyk kuramyna karaj zhikteledi Shikizattardyn kuramy men kүjdiru temp rasyna bajlanysty keramikalyk zattar tygyz su sinirui 5 ten az zhәne keuek su sinirui 15 25 ke zheterlik bolyp eki topka bolinedi Қurylymyna karaj iri tүjirli kurylystyk zhәne shamot kirpishter zhәne usak tүjirli farfor fayans dep azhyratylady Keramika ondirisinin negizgi shikizaty saz Saz ishinde molsh 5 mm den astam tastar bolsa mashinadan otkizilip ne tazartylady ne uatylady Ұsak tүjirli keramikalyk bujymdar dayarlau үshin kүjdirgende tүsi agaratyn balshyktar ak sazdar kaolinder kvarc dala shpaty t b kospasyz sapaly shikizattar koldanylady Keramikalyk massa dajyndaluy zhagynan sujyk ilemdik zhartylaj kurgak bolyp keledi Keramikany kalypka kuyu әdisi bujymnyn tүrine karaj tandap alynady Otka tozimdi kirpish tystamalyk taktalar sekildi karapajym bujymdar kurgak majda massadan nygyzdalyp zhasalady Үj kabyrgasyna pajdalanylatyn kirpish kabyrgany kalajtyn bloktar zhәne kuys kyshtar kurgatu kubyrlary t b ilendi massadan irek shnekti vakuum prester komegimen dajyndalady Farfor fayans bujymdary avtomatty zhartylaj avtomatty mashinalarmen ilendi massany gips kalyptarga kuyu arkyly zhasalady Қalyptalgan keramikalyk materialdar kүjdiruden buryn keptiriledi Kүjdiru procesinde keramikalyk massadan gigroskoptyk su bolinip shygady zhәne saz kuramyndagy mineraldar him ozgeriske ushyrajdy Kүjdiru temperaturasy zhogarylagan sajyn keramika kurylymy tygyzdalyp beriktigi artyp kuystary azaya tүsedi Kүjdiru temperaturasy massanyn kuramyna alynatyn bujym tүrine zhәne kasietterine kojylatyn talaptarga bajlanysty 900 S tan kurylys kyshy 2000S ka otka tozimdi materialdar dejin al kүjdiru merzimi 2 3 sagattan birneshe tәulikke dejin zhetedi Kejbir keramika bujymdaryn zhasau tystama taktalar farfor fayans t b zhogaryda atalgan procestermen bitpejdi zhyltyratpalau glazurleu tegisteu boyau suret salu t b ondeu zhumystaryn kazhet etedi Respublikada keramikalyk materialdar tehnologiyasy salasyndagy zertteuler 20 g dyn 30 zhyldary Қurylys zhәne kurylys materialdary gyl zert in ttarynda bastaldy Kejinirek Қazak himiya tehnol in tynda Қazak mineraldyk shikizat gyl zert in tynda Metallurgiya zhәne ken bajytu in tynda zhүrgizildi S M Zubakov M F Nazarenko B N Babin A A Balakirev G A Nechistyh Him mineral kuramy tehnol kasietteri zhan zhakty zerttelip onyn negizinde respublikadagy saz shikizatynyn onerkәsiptik kory anyktaldy 20 g dyn 70 80 zhyldary Almaty kurylys materialdaryn zhobalau gyl zert in tynda S T Sүlejmenov S S Tәkibaeva Қazakstannyn orta gasyrlardagy arhit eskertkishterindegi keramikalyk kurylys materialdaryn nakty him petrogr zertteuler zhүzege asyryldy Kone kurylys materialdaryna uksas zhana zhogary sapaly materialdar kirpish beriktiligi 15 30 MPa tүrli tүsti zhyltyratpa glazur majolika taktalar zhyltyratpa oyuly bujymdar t b ondirisinin tehnologiyasy men kuramy anyktaldy Zhergilikti shikizattan eskertkishterdi kalpyna keltiruge keramikalyk materialdar dajyndau Tүrkistan kajta kalpyna keltiru sheberhanasynda zholga kojylgan Osyndaj zhumystar nәtizhesinde Tүrkistan kalasyndagy Қozha Ahmet Iasaui kesenesi kajta kalpyna keltirilip respublikalyk manyzy bar murazhaj ashyldy Syrtky siltemelerMalimetter kz Қurylystyk keramika referat kazaksha Pajdalanylgan әdebiet Қazak enciklopediyasy Surak zhәne zhauap EnciklopediyaBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Surak zhәne zhauap Enciklopediya