Қазақстанның кен ресурстары - Қазақстан кен байлықтарының қоры, елдің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді.
Маңызы, топтары
Минералдық шикізат ресурстары маңыздылығы жағынан үш топқа бөлінеді:
- Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары.
- Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары.
- Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді.
Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.
Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы
Мұнай мен газ
Қазақстанда 200-дей мұнай және газ кен орындары анықталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 мұнай-газ-конденсат, 6 мұнай-газ, 11 газ-конденсат, 19 газ кен орындары бар. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд. т, газ – 2,5 трлн./м3, конденсат – 0,7 млрд. м3. Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20 – 25 млрд. т деп бағаланады. Мұнай мен газдың барланған қорының негізгі бөлігі Каспий маңы мұнайлы-газды аймағында шоғырланған. Мұнда 122 кен орыны ашылған, оларда республикадағы көмірсутек қорының 80%-ы (1,3 млрд. т мұнай, 700 млн. т шамасында конденсат, 1,7 млрд. м3 бос және 577 млрд. м3 сұйытылған газ) шоғырланған. Бұл жерде мұнай мен газдың Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты айрықша ірі кен орындары бар, олардың жиынтық үлесі мұнай мен газ өндірісінің жалпы балансында 30%-дан асады. Оңтүстік Маңғыстау мен Солтүстік Үстірт-Бозащы аймағындағы ең ірі кен орындар – Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Солтүстік Бозащы. Мұндағы мұнайдың барланған қоры 700 млн. т, конденсат – 1,4 млн. т және газ – 141,0 млрд. м3 кұрайды. Жалпы республикалық баланста бұл аймақтағы көмірсутек өндірісінің үлесі 50% шамасына тең. Мұнайдың өнеркәсіптік мол қоры Оңтүстік Торғай мұнайлы-газды алабында анықталған (Құмкөл, Майбұлақ, Ащысай, Арысқұм, т.б. кен орындары). Бұл жерде жиынтық болжамдық қоры 400 млн. т шамасындағы 11 кен орыны барланған. Олардың ең ірісі – Құмкөл мұнай-газ кен орны (1990 жылдан мұнай өндіріле бастады). Бұл аймақтың мұнай өндірісіндегі үлесі 10% шамасында.
Көмір
Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд. т шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. т, қоңыр көмір 92,8 млрд. т. Барланған қорлар 60 млрд. т шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. т. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% – қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен). Ірі кен орындары – Шұбаркөл (қоры 2,2 млрд. т), Борлы (0,5 млрд. т), Самара (1,3 млрд. т), сондай-ақ, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2,7 млрд. т). Торғай энергетикалық қоңыр көмір алабының қоры 52 млрд. т, оның барланғаны 7 млрд. т. Оңтүстік Қазақстанда Іле және Төменгі Іле қоңыр көмір алаптары орналасқан. Іле алабының геологиялық қорлары 14,8 млрд. т-ға бағаланады, барланған қоры 0,9 млрд. т. Төменгі Іле алабының геологиялық қоры 9,9 млрд. т, оның 3 млрд. т-сы барланған. Шығыс Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) (қоры 1,5 млрд. т), Кендірлік (1,6 млрд. т, барланғаны 250 млн. т) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тақтатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. т, барланғаны 20,3 млн. т. Қазақстанның батысындағы ең ірісі – Мамыт қоңыр көмір кен орны. Жалпы геологиялық қоры – 1,5 млрд. т, оның 0,6 млрд. т-сы барланған.
Қара металл
Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын қара металл кендерінің алып кентастық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның бүкіл әлемге белгілі барлық генетикалық және өндірістік, оның ішінде бірегей түрлері кездеседі. Қазақстанда кара металл кентастарының 1000-нан аса кен орындары мен кен білінімдері анықталған. Темір, хром, марганец пен титан кентастарының кен орындары игерілуде. Балансқа алынғаны 17 кен орны, баланстан тыс 11 кен орны бар. Темір кентасының жиынтық қоры 17 млрд. т. Оның 93% мөлшері бес ірі кен орында: Қашар, Сарыбай, Соколов, Әйет, Лисаковта шоғырланған. Бұл кен орындарының барлығы Солтүстік Қазақстанда (Торғай ойысының солтүстік-батыс бөлігінде) орналасқан. Орталық Қазақстанда пайдаланылып келе жатқан Батыс Қаражал, Үшқатын мен Кентөбе кен орындарының барланған қоры 300 млн. т-дан асады. Оңтүстік Қазақстанда Иірсу (қоры 327,7 млн. т) мен Абайыл (28,3 млн. т) кен орындары барланған. Батыс Қазақстанда (Солтүтік-Шығыс Арал маңы) ең ірісі – баланстан тыс оолитті қошқыл теміртас кентасты Көкбұлақ кен орны (1,9 млрд. т), сонымен қатар титан-магнетитті кентастарының болжамдық қоры 1 млрд. т болатын Великов ірі кен орны бар. Қазақстан хромит кентасының қоры бойынша әлемде екінші орында. Балансқа алынғаны 21 кен орны (шамамен 230 млн. т). Қорлардың барлығы Кемпірсай кенді ауданында (Мұғалжар тауында) шоғырланған. Аса ірі хромит кен орындарының қатарына Алмас-Жемчужина кен орны жатады (қоры 100 млн. т-дан асады).
Бұл алапта кобальт-никель кенінің де бай қоры бар. Қазақстанда марганец кентастарының баланстық қоры 400 млн. т-дан асады. Болжамдық қорлары 850 – 900 млн. т деп бағаланады. Қорлар негізінен (99%) Орталық Қазақстанның Атасу кенді ауданында шоғырланған (Батыс Қаражал, Үшқатын, Үлкен Қтай, Қамыс кен орындары). Қаратау, Байқоңыр, Кіндіктас, Жетісу Алатауындағы көмір-кремнийлі тақтатас қабаттарында орналасқан ванадий кендері мен Батыс және Солтүстік Қазақстандағы, жердің беткі қабаттарында жатқан титан кендерінің де маңызы аса зор.
Түсті металл
Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының (Жезқазған, Балқаш, Ертіс мыс, Шымкент, Риддер, Өскемен қорғасын мен мырыш, Павлодар алюминий қорыту зауыттары) шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты-цеолитті, мысты-никельді, т.б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі. Мыс кентасының ірі кен орындарына Жезқазған, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Жаман-Айбат, Бозшакөл, Көксай, Қасқырмыс, Нұрқазған (Самара), т.б. жатады. Жекелеген кен орындарының (Жезқазған мыс кен орны, Жаман Айбат мыс кен орны) мыс қоры 10 млн. т-дан асады.
Қорғасын мен мырыштың 100-ден аса кен орындары анықталып, 58-і балансқа алынған. Олардың негізгі қоры Шығыс Қазақстанда (Кенді Алтай) және Орталық Қазақстанда шоғырланған, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанда да (Қаратау) кездеседі. Қазір қорғасын мен мырыштың 30-ға жуық кен орындары игерілуде. Алюминий шикізаты ретінде ең көп таралғаны – боксит. Қазақстанда бокситтің қоры көп. Анықталған 200 кен орны мен кен білінімдерінің (есепке алынғаны) 50-ден астамы платформалық типті. Олардың ішіндегі ірілері: Краснооктябрь, Белинское, Тауынсор, Шығыс Әйет, Көктал, Наурызым, Жоғарғы Әйет, Арқалық кен орындары. Бұлардың барлығы Торғай ойысында орналасып, Батыс Торғай, Шығыс Торғай (Амангелді) және Орталық Торғай бокситті аудандарын құрайды.
Сирек металдар
Қазақстан сирек металдарға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші, Азия елдері арасында бірінші орын алады. Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26-сы баланстық. Ірілері: Көктіңкөлі, Оңтүстік, Шалқия, Жәнет, Батыстау, Жоғарғы Қайрақты, Қараоба, Ақшатау. Молибден кен орындары негізінен штокверктік (порфирлік) типті. Қазақстан КСРО-дағы жоғары сапалы тантал концентраты мен ниобийдің негізгі өндірушісі болды. Тантал бойынша өнеркәсіптік шикізат базасы төрт кен орында шоғырланды: Бәкен, Белогор, Юбилейное және Жоғарғы Баймырза. Кен орындарының барлығы Қалба жотасында орналасқан. Солтүстік Қазақстанда ірі Сырымбет пен Донецк қалайы кен орындарының ашылуы қалайы шикізат базасын айтарлықтай ұлғайтты. Оған дейін ілеспе қалайының 5 кен орны балансқа алынған болатын, негізгілері кешенді сирек металл кентасты Қалайытапқан (жалпы қордың 70%-ға жуығы), Қараоба, Бәкен, Юбилейное және Ахметкин кен орындары.
Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%-дан астамы 16 кен орнында шоғырланған, оның 12-сі баланстық. Вольфрам кенінің басым типтері – кварц-желілі-грейзенді және штокверкті, оларға Қараоба, Ақшатау, Жетіқара-Қайрақты, Бұғыты, т.б. кен орындары жатады. Вольфрамға бай кентастар скарндық-грейзендік кен орындарында (Солтүстік Қатпар, Баян) немесе олардың мүжілген қатпарларында (Көктіңкөлі) кездеседі. Вольфрамның 16 кен орны есепке алынған. Оның 85%-на жуығы штокверк кендері (Шығыс Қайрақты, Бұғыты, Көктіңкөлі, Қараоба, т.б.), ондағы вольфрам триоксидінің мөлшері 0,12 – 0,19%. Негізгі қорлар 6 ірі және аса ірі: Жетіқара-Қайрақты, Бұғыты, Қараоба (штокверк), Солтүстік Қатпар, Көктіңкөлі, Баян, Ақсораң кен орындарында шоғырланған.
Асыл металдар
Қазақстан алтын кені бар ежелгі өлкелердің бірі саналады. Ол алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша – үшінші ондығына кіреді. Оның баланстық қоры 196 кен орнында (126-сы түпкі жыныстарда, 47 кешенді, 23 кенқайраңдық) есептелген. Алтын өндірілетін ірі кен орындары: Солтүстік және Орталық Қазақстанда – Жолымбет алтын кен орны, Бестөбе алтын кен орны, Ақсу алтын кен орны, Ақбейіт алтын кен орны; Батыс Қазақстанда – Юбилейное; Шығыс Қазақстанда – Бақыршық алтын кен орны, Суздаль, т.б.; Оңтүстік Қазақстанда – Ақбақай алтын кен орны. Өнеркәсіптік игерілуге Көкшетау ауданындағы аса ірі Васильков даярланған. Қазақстанда негізгі алтын көздерінің бірі Кенді Алтайдағы колчедан-полиметалл кен орындары: Риддер-Сокол, Тишин, Малеев, Грехов. Алтын, сондай-ақ, мысты-порфирлі Бозшакөл, Самара, Ақтоғай мыс кені, Айдарлы, мыс-колчеданды Аралшың, Лиманды, колчедан-полиметалды Абыз, Майқайың, Миөзек, Құсмұрын, Ақбастау, скарндық мыс кентасты Саяқ тобының кен орындарында бар. Ондаған түпкі және кенқайраңдық алтын кен орындары консервацияланған (Бақыршық, Жітіқара, Жарқұлақ, Ақжал, Балажал, Олимпиялық, Кеңгір, Миялы, Құлынжон, т.б.) немесе жете барланбаған (Васильев, Орлов, Прогресс, Сувенир, Алтынсай, Бақтай, Далабай, Гагарин, Шоқпар, Кепкен, Восток V, Комаров І, Қаншыңғыс, т.б.).
Қазақстанда күміс ертеден өндіріледі. Оны өндіру көлемі бойынша республика Азия елдері ішінде бірінші орын алады. Оны полиметалл кентасын кешенді өңдеу кезінде бөліп алады.
Қазақстан аумағында 100-ден астам уран кен орны барланған. Аумақтық белгісі бойынша және геотектоникалық көзқарас тұрғысынан кен орындары уран кені бар 10 өлке мен аудандарға бөлінеді. Олар: Солтүстік Қазақстан (50-ге жуық кен орны бар), Шу – Іле – Кіндіктас – Балқаш жағалауы (8) және Шу – Бетпақдала (6) өлкелері, Шу – Сарысу және Сырдария өлкелерін біріктіретін Қаратау мегаөлкесі (20), Жоңғар – Кетпен (6) және Каспий жағалауы (4) өлкелері, Ұлытау (3), Шыңғыс-Тарбағатай (1) және Мұғалжар – Арал жағалауы (2) аудандары.
Бейметалл кендері
Бейметалл кен байлықтарының барланған және әлуеттік қоры мол. Республика аумағында бейкентасты шикізаттың 2000-нан аса барланған кен орындары бар, оның 1200-і құрылыс материалдарының кен орындары. Республикада шипалы балшықтың 30-дан астам кен орны тіркелген. Олардың көпшілігі Қазақстанның батысы мен солт-нде орналасқан.
Жер асты су кендері
Қазақстанда минералды және термалдық жер асты суларының ірі қорлары бар. Минералды сулардың пайдаланылатын қоры 48 кен орны бойынша тәуілігіне 31,0 мың м3 мөлшерінде есепке алынған. Барланған кен орындарының ең көбі (18) Оңтүстік Қазақстанда, Батыс Қазақстанда – 9, Солтүстік Қазақстанда – 7, Орталық Қазақстанда – 10 және Шығыс Қазақстанда – 4. Барланған минералдық жер асты суы кен орындары негізінде санаторийлер, курорттар, профилакторийлер, емханалар жұмыс істейді, ал көптеген арасан бұлақтар мен өз бетінше атқылайтын ұңғымалардың суын жергілікті тұрғындар пайдаланады. Қазақстанның таулы-қатпарлы алқаптары мен платформалық аумақтарындағы артезиан алаптарының қойнауларында гидротермалдық судың мол қоры бар. Олар су бойынша 10,275 мың км3, ал жылу бойынша 680 млрд. Гкал шамасында, бұл 97,115 млрд. т шартты отынға тепе-тең.
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazakstannyn ken resurstary Қazakstan ken bajlyktarynyn kory eldin damu strategiyasyn anyktajtyn negizgi faktorlardyn biri Қazakstan ken bajlyktarynyn kory men әr aluandygy zhagynan Zher sharyndagy baj ajmaktardyn biri Mineraldyk shikizat korlary Қazakstannyn ulttyk ekonomikasynyn turakty damuy men kauipsizdiginin manyzdy kepili Қuatty mineraldyk shikizat bazasynyn kazirgi zhaj kүji respublikany shet elderdin ken kazbalaryna tәueldilikten tolyk aryltyp Қazakstannyn dүniezhүzilik rynokka mineraldyk shikizat korlary men onyn ondelgen onimderin shygaruyna mүmkindik berdi Manyzy toptaryMineraldyk shikizat resurstary manyzdylygy zhagynan үsh topka bolinedi Birinshi topka negizgi karzhy tүsimin kamtamasyz etetin zhәne ekonomikalyk sayasi mәni bar strategiyalyk ken bajlyktary zhatady munaj gaz komir uran hromit ken oryndary Ekinshi topty karzhy tүsimin kamtamasyz etetin әri Қazakstannyn industriyalyk bet bejnesinin negizi bolyp tabylatyn manyzdy ken bajlyktary kurajdy temir marganec mys korgasyn myrysh alyuminij zhәne altyn ken oryndary Үshinshi topka ishki zhәne syrtky rynoktarda zhogary suranymga ie kalajy kүmis fosfor barit ken oryndary kiredi Ken bajlyktardyn barlangan kory negizinde ondagan munaj gaz zhәne kentas ondiretin kәsiporyndar zhumys istejdi olar 70 ten asa әr tүrli mineraldyk shikizat tүrlerin ondiredi zhәne ondejdi Қazakstannyn pajdaly kazbalar kartasyҚazakstannyn pajdaly kazbalar kartasyMunaj men gaz Қashagan munaj gaz ken orny Қazakstanda 200 dej munaj zhәne gaz ken oryndary anyktalyp barlangan onyn ishinde 102 munaj 29 munaj kondensat 30 munaj gaz kondensat 6 munaj gaz 11 gaz kondensat 19 gaz ken oryndary bar Barlangan munajdyn alynatyn kory 2 2 mlrd t gaz 2 5 trln m3 kondensat 0 7 mlrd m3 Қazakstanda munajdyn bolzhamdyk korlary 20 25 mlrd t dep bagalanady Munaj men gazdyn barlangan korynyn negizgi boligi Kaspij many munajly gazdy ajmagynda shogyrlangan Munda 122 ken oryny ashylgan olarda respublikadagy komirsutek korynyn 80 y 1 3 mlrd t munaj 700 mln t shamasynda kondensat 1 7 mlrd m3 bos zhәne 577 mlrd m3 sujytylgan gaz shogyrlangan Bul zherde munaj men gazdyn Қashagan Teniz zhәne Қarashyganak siyakty ajryksha iri ken oryndary bar olardyn zhiyntyk үlesi munaj men gaz ondirisinin zhalpy balansynda 30 dan asady Ontүstik Mangystau men Soltүstik Үstirt Bozashy ajmagyndagy en iri ken oryndar Өzen Zhetibaj Қarazhanbas Soltүstik Bozashy Mundagy munajdyn barlangan kory 700 mln t kondensat 1 4 mln t zhәne gaz 141 0 mlrd m3 kurajdy Zhalpy respublikalyk balansta bul ajmaktagy komirsutek ondirisinin үlesi 50 shamasyna ten Munajdyn onerkәsiptik mol kory Ontүstik Torgaj munajly gazdy alabynda anyktalgan Қumkol Majbulak Ashysaj Aryskum t b ken oryndary Bul zherde zhiyntyk bolzhamdyk kory 400 mln t shamasyndagy 11 ken oryny barlangan Olardyn en irisi Қumkol munaj gaz ken orny 1990 zhyldan munaj ondirile bastady Bul ajmaktyn munaj ondirisindegi үlesi 10 shamasynda Komir Қazakstanda tas zhәne konyr komirdin mol korlary bar Respublikada 200 ge zhuyk komir ken oryny barlangan Қazakstan komirinin zhalpy geologiyalyk kory 164 4 mlrd t shamasynda bagalanady onyn ishinde tas komir 17 6 mlrd t konyr komir 92 8 mlrd t Barlangan korlar 60 mlrd t shamasynda balanstan tys korlar 19 3 mlrd t Olardyn 63 y tas komir onyn koksteletini 17 37 konyr komir Respublikadagy en iri komirli alaptar Ortalyk Қazakstanda ornalaskan Қaragandy Ekibastuz Majkoben Iri ken oryndary Shubarkol kory 2 2 mlrd t Borly 0 5 mlrd t Samara 1 3 mlrd t sondaj ak Teniz Қorzhynkol komir alaby shamamen 2 7 mlrd t Torgaj energetikalyk konyr komir alabynyn kory 52 mlrd t onyn barlangany 7 mlrd t Ontүstik Қazakstanda Ile zhәne Tomengi Ile konyr komir alaptary ornalaskan Ile alabynyn geologiyalyk korlary 14 8 mlrd t ga bagalanady barlangan kory 0 9 mlrd t Tomengi Ile alabynyn geologiyalyk kory 9 9 mlrd t onyn 3 mlrd t sy barlangan Shygys Қazakstanda Қarazhyra Yubilejnoe kory 1 5 mlrd t Kendirlik 1 6 mlrd t barlangany 250 mln t ken oryndary belgili Kendirlikte komirden baska zhangysh taktatastar bar Onyn zhalpy kory 4 mlrd t barlangany 20 3 mln t Қazakstannyn batysyndagy en irisi Mamyt konyr komir ken orny Zhalpy geologiyalyk kory 1 5 mlrd t onyn 0 6 mlrd t sy barlangan Қara metall Sokolov Sarybaj KBK temir kenin ondiru Қazakstan Respublikasynyn bүkil derliktej aumagyn kara metall kenderinin alyp kentastyk ajmagy retinde karastyruga bolady Munda onyn bүkil әlemge belgili barlyk genetikalyk zhәne ondiristik onyn ishinde biregej tүrleri kezdesedi Қazakstanda kara metall kentastarynyn 1000 nan asa ken oryndary men ken bilinimderi anyktalgan Temir hrom marganec pen titan kentastarynyn ken oryndary igerilude Balanska alyngany 17 ken orny balanstan tys 11 ken orny bar Temir kentasynyn zhiyntyk kory 17 mlrd t Onyn 93 molsheri bes iri ken orynda Қashar Sarybaj Sokolov Әjet Lisakovta shogyrlangan Bul ken oryndarynyn barlygy Soltүstik Қazakstanda Torgaj ojysynyn soltүstik batys boliginde ornalaskan Ortalyk Қazakstanda pajdalanylyp kele zhatkan Batys Қarazhal Үshkatyn men Kentobe ken oryndarynyn barlangan kory 300 mln t dan asady Ontүstik Қazakstanda Iirsu kory 327 7 mln t men Abajyl 28 3 mln t ken oryndary barlangan Batys Қazakstanda Soltүtik Shygys Aral many en irisi balanstan tys oolitti koshkyl temirtas kentasty Kokbulak ken orny 1 9 mlrd t sonymen katar titan magnetitti kentastarynyn bolzhamdyk kory 1 mlrd t bolatyn Velikov iri ken orny bar Қazakstan hromit kentasynyn kory bojynsha әlemde ekinshi orynda Balanska alyngany 21 ken orny shamamen 230 mln t Қorlardyn barlygy Kempirsaj kendi audanynda Mugalzhar tauynda shogyrlangan Asa iri hromit ken oryndarynyn kataryna Almas Zhemchuzhina ken orny zhatady kory 100 mln t dan asady Bul alapta kobalt nikel keninin de baj kory bar Қazakstanda marganec kentastarynyn balanstyk kory 400 mln t dan asady Bolzhamdyk korlary 850 900 mln t dep bagalanady Қorlar negizinen 99 Ortalyk Қazakstannyn Atasu kendi audanynda shogyrlangan Batys Қarazhal Үshkatyn Үlken Қtaj Қamys ken oryndary Қaratau Bajkonyr Kindiktas Zhetisu Alatauyndagy komir kremnijli taktatas kabattarynda ornalaskan vanadij kenderi men Batys zhәne Soltүstik Қazakstandagy zherdin betki kabattarynda zhatkan titan kenderinin de manyzy asa zor Tүsti metall Қazakstanda tүsti metaldar shikizatynyn iri bazasy kalyptaskan Olardyn ishinde zhetekshi oryndy myrysh korgasyn zhәne mys kenderi alady Bul metaldardyn respublikadagy kory bojynsha tiisinshe әlemde birinshi ekinshi zhәne үshinshi oryn alady Olar Қazakstan tүsti metallurgiyasy bazalyk kәsiporyndarynyn Zhezkazgan Balkash Ertis mys Shymkent Ridder Өskemen korgasyn men myrysh Pavlodar alyuminij korytu zauyttary shikizat kozi bolyp tabylady Қazakstan әlemdegi iri mys ondirushi elderdin biri Respublika aumagynda mys kentasynyn porfirli mysty kumtas kolchedandy skarndyk mysty ceolitti mysty nikeldi t b ken oryndarynyn koptegen tүrleri belgili Mys kentasynyn iri ken oryndaryna Zhezkazgan Қonyrat Aktogaj Ajdarly Zhaman Ajbat Bozshakol Koksaj Қaskyrmys Nurkazgan Samara t b zhatady Zhekelegen ken oryndarynyn Zhezkazgan mys ken orny Zhaman Ajbat mys ken orny mys kory 10 mln t dan asady Қorgasyn men myryshtyn 100 den asa ken oryndary anyktalyp 58 i balanska alyngan Olardyn negizgi kory Shygys Қazakstanda Kendi Altaj zhәne Ortalyk Қazakstanda shogyrlangan sondaj ak Ontүstik Қazakstanda da Қaratau kezdesedi Қazir korgasyn men myryshtyn 30 ga zhuyk ken oryndary igerilude Alyuminij shikizaty retinde en kop taralgany boksit Қazakstanda boksittin kory kop Anyktalgan 200 ken orny men ken bilinimderinin esepke alyngany 50 den astamy platformalyk tipti Olardyn ishindegi irileri Krasnooktyabr Belinskoe Tauynsor Shygys Әjet Koktal Nauryzym Zhogargy Әjet Arkalyk ken oryndary Bulardyn barlygy Torgaj ojysynda ornalasyp Batys Torgaj Shygys Torgaj Amangeldi zhәne Ortalyk Torgaj boksitti audandaryn kurajdy Sirek metaldar Қazakstan sirek metaldarga baj olke Molibden kory zhoninen respublika әlemde tortinshi Aziya elderi arasynda birinshi oryn alady Molibden kentastarynyn kory 34 ken orny bojynsha esepke alyngan olardyn 26 sy balanstyk Irileri Koktinkoli Ontүstik Shalkiya Zhәnet Batystau Zhogargy Қajrakty Қaraoba Akshatau Molibden ken oryndary negizinen shtokverktik porfirlik tipti Қazakstan KSRO dagy zhogary sapaly tantal koncentraty men niobijdin negizgi ondirushisi boldy Tantal bojynsha onerkәsiptik shikizat bazasy tort ken orynda shogyrlandy Bәken Belogor Yubilejnoe zhәne Zhogargy Bajmyrza Ken oryndarynyn barlygy Қalba zhotasynda ornalaskan Soltүstik Қazakstanda iri Syrymbet pen Doneck kalajy ken oryndarynyn ashyluy kalajy shikizat bazasyn ajtarlyktaj ulgajtty Ogan dejin ilespe kalajynyn 5 ken orny balanska alyngan bolatyn negizgileri keshendi sirek metall kentasty Қalajytapkan zhalpy kordyn 70 ga zhuygy Қaraoba Bәken Yubilejnoe zhәne Ahmetkin ken oryndary Volfram kory zhoninen Қazakstan әlemde birinshi oryn alady Volfram korynyn 53 dan astamy 16 ken ornynda shogyrlangan onyn 12 si balanstyk Volfram keninin basym tipteri kvarc zhelili grejzendi zhәne shtokverkti olarga Қaraoba Akshatau Zhetikara Қajrakty Bugyty t b ken oryndary zhatady Volframga baj kentastar skarndyk grejzendik ken oryndarynda Soltүstik Қatpar Bayan nemese olardyn mүzhilgen katparlarynda Koktinkoli kezdesedi Volframnyn 16 ken orny esepke alyngan Onyn 85 na zhuygy shtokverk kenderi Shygys Қajrakty Bugyty Koktinkoli Қaraoba t b ondagy volfram trioksidinin molsheri 0 12 0 19 Negizgi korlar 6 iri zhәne asa iri Zhetikara Қajrakty Bugyty Қaraoba shtokverk Soltүstik Қatpar Koktinkoli Bayan Aksoran ken oryndarynda shogyrlangan Asyl metaldar Қazakstan altyn keni bar ezhelgi olkelerdin biri sanalady Ol altynnyn naktylangan kory bojynsha әlem elderinin birinshi ondygyna al ondirisi bojynsha үshinshi ondygyna kiredi Onyn balanstyk kory 196 ken ornynda 126 sy tүpki zhynystarda 47 keshendi 23 kenkajrandyk eseptelgen Altyn ondiriletin iri ken oryndary Soltүstik zhәne Ortalyk Қazakstanda Zholymbet altyn ken orny Bestobe altyn ken orny Aksu altyn ken orny Akbejit altyn ken orny Batys Қazakstanda Yubilejnoe Shygys Қazakstanda Bakyrshyk altyn ken orny Suzdal t b Ontүstik Қazakstanda Akbakaj altyn ken orny Өnerkәsiptik igeriluge Kokshetau audanyndagy asa iri Vasilkov dayarlangan Қazakstanda negizgi altyn kozderinin biri Kendi Altajdagy kolchedan polimetall ken oryndary Ridder Sokol Tishin Maleev Grehov Altyn sondaj ak mysty porfirli Bozshakol Samara Aktogaj mys keni Ajdarly mys kolchedandy Aralshyn Limandy kolchedan polimetaldy Abyz Majkajyn Miozek Қusmuryn Akbastau skarndyk mys kentasty Sayak tobynyn ken oryndarynda bar Ondagan tүpki zhәne kenkajrandyk altyn ken oryndary konservaciyalangan Bakyrshyk Zhitikara Zharkulak Akzhal Balazhal Olimpiyalyk Kengir Miyaly Қulynzhon t b nemese zhete barlanbagan Vasilev Orlov Progress Suvenir Altynsaj Baktaj Dalabaj Gagarin Shokpar Kepken Vostok V Komarov I Қanshyngys t b Қazakstanda kүmis erteden ondiriledi Ony ondiru kolemi bojynsha respublika Aziya elderi ishinde birinshi oryn alady Ony polimetall kentasyn keshendi ondeu kezinde bolip alady Қazakstan aumagynda 100 den astam uran ken orny barlangan Aumaktyk belgisi bojynsha zhәne geotektonikalyk kozkaras turgysynan ken oryndary uran keni bar 10 olke men audandarga bolinedi Olar Soltүstik Қazakstan 50 ge zhuyk ken orny bar Shu Ile Kindiktas Balkash zhagalauy 8 zhәne Shu Betpakdala 6 olkeleri Shu Sarysu zhәne Syrdariya olkelerin biriktiretin Қaratau megaolkesi 20 Zhongar Ketpen 6 zhәne Kaspij zhagalauy 4 olkeleri Ұlytau 3 Shyngys Tarbagataj 1 zhәne Mugalzhar Aral zhagalauy 2 audandary Bejmetall kenderi Bejmetall ken bajlyktarynyn barlangan zhәne әluettik kory mol Respublika aumagynda bejkentasty shikizattyn 2000 nan asa barlangan ken oryndary bar onyn 1200 i kurylys materialdarynyn ken oryndary Respublikada shipaly balshyktyn 30 dan astam ken orny tirkelgen Olardyn kopshiligi Қazakstannyn batysy men solt nde ornalaskan Zher asty su kenderi Қazakstanda mineraldy zhәne termaldyk zher asty sularynyn iri korlary bar Mineraldy sulardyn pajdalanylatyn kory 48 ken orny bojynsha tәuiligine 31 0 myn m3 molsherinde esepke alyngan Barlangan ken oryndarynyn en kobi 18 Ontүstik Қazakstanda Batys Қazakstanda 9 Soltүstik Қazakstanda 7 Ortalyk Қazakstanda 10 zhәne Shygys Қazakstanda 4 Barlangan mineraldyk zher asty suy ken oryndary negizinde sanatorijler kurorttar profilaktorijler emhanalar zhumys istejdi al koptegen arasan bulaktar men oz betinshe atkylajtyn ungymalardyn suyn zhergilikti turgyndar pajdalanady Қazakstannyn tauly katparly alkaptary men platformalyk aumaktaryndagy artezian alaptarynyn kojnaularynda gidrotermaldyk sudyn mol kory bar Olar su bojynsha 10 275 myn km3 al zhylu bojynsha 680 mlrd Gkal shamasynda bul 97 115 mlrd t shartty otynga tepe ten DerekkozderҚazak enciklopediyasy