Арқалық боксит кен орны - Қостанай облысы Арқалық қаласының оңтүстігіндегі боксит пен отқа төзімді саз өндірілетін кенді өңір.
Геологиялық құрылымы
Оның құрылымдық табаны – жоғарғы девон мен төменгі тас көмір шөгінділерінен тұратын Арқалық атты брахисинклиналь. Кенді қабаттар бор-палеоген жүйелеріне жатады. Боксит қабаттары іргетастағы терригендік жыныстар мен әктастар жапсарын бойлай біткен эрозиялық-карст шұқырларында (депрессия) орналасқан. Олар сенон (жоғарғы бор) саздары мен палеозой жыныстарының үгілу қыртысының үстінде шалыс жатады да, өздері эоцен және төменгі олигоценнің терригендік шөгінділерімен, кейде шұбар саздармен бүркеледі.
Жатыс сипаты
Кенді өңірдің 9 иірімінде бокситтік 37, отқа төзімді саздың 15 қабаты бар. Олардың ұзындығы 50 м-ден 1680 м-ге, ені 50 м-ден 450 м-ге, орташа қалыңдығы 2 м-ден 12 м-ге (карст шұқырларында 20 – 40 м), жер бетінен тереңдігі 1-2 м-ден 120-180 м-ге дейін жетеді.
Минералдары, құрамы
Боксит құраушы негізгі минералдары – гиббсит, каолинит, гематит. Кейде 28 – 53% Al2O3, 1,8 – 20% SіO2 бар. Оның орташа құрамы бокситтің Б-8 маркасына жатады. Боксит Байер тәсілмен өңделеді, одан алюминий тотығы, кальцийі аз ғана концентраттан электрокорунд, темір, азынан муллит өндіріледі. Кен ашық әдіспен өндіруге қолайлы. Арқалық боксит кен орнының Павлодар алюминий зауытын шикізатпен қамтамасыз етуде маңызы өте зор.
Сыртқы сілтемелер
- Арқалық Қазақстанның Мәртебе Төрі
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы I том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Arkalyk boksit ken orny Қostanaj oblysy Arkalyk kalasynyn ontүstigindegi boksit pen otka tozimdi saz ondiriletin kendi onir Geologiyalyk kurylymyOnyn kurylymdyk tabany zhogargy devon men tomengi tas komir shogindilerinen turatyn Arkalyk atty brahisinklinal Kendi kabattar bor paleogen zhүjelerine zhatady Boksit kabattary irgetastagy terrigendik zhynystar men әktastar zhapsaryn bojlaj bitken eroziyalyk karst shukyrlarynda depressiya ornalaskan Olar senon zhogargy bor sazdary men paleozoj zhynystarynyn үgilu kyrtysynyn үstinde shalys zhatady da ozderi eocen zhәne tomengi oligocennin terrigendik shogindilerimen kejde shubar sazdarmen bүrkeledi Zhatys sipatyKendi onirdin 9 iiriminde boksittik 37 otka tozimdi sazdyn 15 kabaty bar Olardyn uzyndygy 50 m den 1680 m ge eni 50 m den 450 m ge ortasha kalyndygy 2 m den 12 m ge karst shukyrlarynda 20 40 m zher betinen terendigi 1 2 m den 120 180 m ge dejin zhetedi Mineraldary kuramyBoksit kuraushy negizgi mineraldary gibbsit kaolinit gematit Kejde 28 53 Al2O3 1 8 20 SiO2 bar Onyn ortasha kuramy boksittin B 8 markasyna zhatady Boksit Bajer tәsilmen ondeledi odan alyuminij totygy kalciji az gana koncentrattan elektrokorund temir azynan mullit ondiriledi Ken ashyk әdispen ondiruge kolajly Arkalyk boksit ken ornynyn Pavlodar alyuminij zauytyn shikizatpen kamtamasyz etude manyzy ote zor Syrtky siltemelerArkalyk Қazakstannyn Mәrtebe ToriDerekkozderҚazak enciklopediyasy I tom