Өзен мұнай-газ кен орны — Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан оңтүстікке қарай 12 км, Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде. Аймақтық геология-геофизикалық жұмыстар 1953–1956 жылдары жүргізілді. Терең бұрғылау жұмыстары 1960 жылы басталып, 1962 жылы кен орны ашылды.
Өзен мұнай-газ кен орны | |
43°26′36″ с. е. 52°46′56″ ш. б. / 43.44333° с. е. 52.78222° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°26′36″ с. е. 52°46′56″ ш. б. / 43.44333° с. е. 52.78222° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Маңғыстау облысы |
Ашылған уақыты | 1961 жыл |
Геологиялық құрылымы
Кен орны жергілікті (локалды) көтерілім және күмбездер (Негізгі және Ортанғы, Хумурунск, Ақсай, Солтүстік-батыс, Шығыс Парсумурунск және Парсумурунск, Шығыс және Батыс Қарамандыбас) қатарымен күрделіленген батыс, солтүстік-батыс созылымның ірі брахиантиклиналдық қатпарына жатады. Жоғарғы бор (сеноман сатысы), төмгі бор (альбтік, аптық сатылары) және неоком, төменгі және ортаңғы юралық (келловейлік, баттық, байостық, аалендік сатылары) түзілімдердің өнеркәсіптік өнімділігі анықталған.
Жатыс сипаты
Өнімді қабат 1500 м-ге жетеді. Бор кешенінде таужынысы 12 газды, юра қабатында 13 газды және мұнай-газды горизонтқа бөлінеді. Өнімді горизонттардың басым бөлігі көп қабатты. Тұтқыш типі бойынша шоғырлар әр түрлі (көбінесе қабатты, дөңесті). Коллекторлары кеуекті, литолитті тұрғыдан құмтастар мен алевролиттерден құралған. Газды горизонттардың ашық кеуектілігі 26,8-30,6%, өткізгіштігі 0,2-0,4 мкм2. Өнімді горизонттардың жабыны қалыңдығы 2-60 м болатын саздардан тұрады.
Қанығу сипаты
Мұнайға қанығу коэффициенті 0,53-0,73, газға қанығу коэффиценті 0,5-0,6. Бастапқы қабат қысымы 11,2-19,35 МПа, температурасы 57-84°С, тығыздығы 0,844 – 0,874 г/см3.
Құрамы
Мұнай құрамындағы күкірт 0,16-2%, парафин 16-22,6%, шайыр 8-20%-ды құрайды. Еріген газ құрамы бойынша ортаңғы юра шоғыры ауыр көмірсутектерден (40-49%) тұрады, азот және көмірқышқыл газ бар. Газ телпектерінің бос газ құрамы әдетте ауыр, этанқұрамды және ауыр көмірсутектер көп мөлшерде кездеседі.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Өzen munaj gaz ken orny Mangystau oblysy Zhanaozen kalasynan ontүstikke karaj 12 km Aktau kalasynan ontүstik shygyska karaj 150 km zherde Ajmaktyk geologiya geofizikalyk zhumystar 1953 1956 zhyldary zhүrgizildi Teren burgylau zhumystary 1960 zhyly bastalyp 1962 zhyly ken orny ashyldy Өzen munaj gaz ken orny43 26 36 s e 52 46 56 sh b 43 44333 s e 52 78222 sh b 43 44333 52 78222 G O Ya Koordinattar 43 26 36 s e 52 46 56 sh b 43 44333 s e 52 78222 sh b 43 44333 52 78222 G O Ya El ҚazakstanAjmakMangystau oblysyAshylgan uakyty1961 zhylӨzen munaj gaz ken ornyӨzen munaj gaz ken ornyGeologiyalyk kurylymyKen orny zhergilikti lokaldy koterilim zhәne kүmbezder Negizgi zhәne Ortangy Humurunsk Aksaj Soltүstik batys Shygys Parsumurunsk zhәne Parsumurunsk Shygys zhәne Batys Қaramandybas katarymen kүrdelilengen batys soltүstik batys sozylymnyn iri brahiantiklinaldyk katparyna zhatady Zhogargy bor senoman satysy tomgi bor albtik aptyk satylary zhәne neokom tomengi zhәne ortangy yuralyk kellovejlik battyk bajostyk aalendik satylary tүzilimderdin onerkәsiptik onimdiligi anyktalgan Zhatys sipatyӨnimdi kabat 1500 m ge zhetedi Bor kesheninde tauzhynysy 12 gazdy yura kabatynda 13 gazdy zhәne munaj gazdy gorizontka bolinedi Өnimdi gorizonttardyn basym boligi kop kabatty Tutkysh tipi bojynsha shogyrlar әr tүrli kobinese kabatty donesti Kollektorlary keuekti litolitti turgydan kumtastar men alevrolitterden kuralgan Gazdy gorizonttardyn ashyk keuektiligi 26 8 30 6 otkizgishtigi 0 2 0 4 mkm2 Өnimdi gorizonttardyn zhabyny kalyndygy 2 60 m bolatyn sazdardan turady Қanygu sipatyMunajga kanygu koefficienti 0 53 0 73 gazga kanygu koefficenti 0 5 0 6 Bastapky kabat kysymy 11 2 19 35 MPa temperaturasy 57 84 S tygyzdygy 0 844 0 874 g sm3 ҚuramyMunaj kuramyndagy kүkirt 0 16 2 parafin 16 22 6 shajyr 8 20 dy kurajdy Erigen gaz kuramy bojynsha ortangy yura shogyry auyr komirsutekterden 40 49 turady azot zhәne komirkyshkyl gaz bar Gaz telpekterinin bos gaz kuramy әdette auyr etankuramdy zhәne auyr komirsutekter kop molsherde kezdesedi