«Балқаштүстіметалл» Өндірістік Бірлестігі (бұрынғы атауы Балқаш кен-металлургия комбинаты немесе БКМК) — Балқаш қаласындағы мыс балқытатын зауыт.
Жылына зауытта 130-150 мың тонна тазартылған мыс өндіріледі. Сонымен қатар, алтын, күміс, платина және басқа түсті металлдар шығарылады.
Тарихы
1928 жылы Балқаш көлінің солтүстік жағалауына геолог-инженер Михаил Русаков басқарған ленинградтық геологиялық барлау партиясы келеді. Олар Балқаш өңіріндегі мыс кендерінінің бірінші барлауын өткізіп, үміттендіретін қорытындыға келген. Іздеу жұмыстары барысында геологтар келесі нәтижені түйіндеген: кен орны мысқа соншалықты бай, оның базасында жаңа мыс балқыту зауытын салуға болады. М.П. Русаков Ленинградтағы геологиялық комитетке телеграфпен хабарландыру жібереді: «…Балқаш көлінің жанында Қоңырат атты күшті мыс-порфирлік кен орны ашылды». Көп кешікпей осы кен орнын игеру жұмыстары басталды.
1929 жылдың маусым айында Балқаш өңірінде алғашқы ұңғымаларды бұрғылау басталды. Кен орнын тыңғылықты зерттегеннен кейін геологтар аймақтың топографиялық картасын құрып, кен денесінің формаларымен мыс қорын анықтады. Осыдан бастап Еңбек пен қорғаныс кеңесі Балқаш мыс комбинатының құрылысы туралы шешім қабылдады. Мыс алыбын құруда Кеңес одағының ең мықты ғылыми-техникалық күштері жұмылдырылды. Бұл құрылысқа 300-ден астам ірі жобалау, құрылыс ұйымдары, машина жасау және басқа да ұйымдар қатысты.
Қоңырат кенішін салуда экономикалық тұрғыдан тиімді болып танылған ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу әдісіне таңдау жасалды. Сөйтіп, 1936 жылы Қоңырат кенішінде тау жыныстарын алғашқы жаппай жару жүзеге асты. Бір мезетте 517 тонна жарылғыш зат «Малая» шоқысын қопарды. Барлық техникалық есеп-қисаптарды, жарылыс жұмыстарын жас инженерлер Д.А. Қонаев, А.М. Богатиков және А.Я. Лукьянов жүргізді. 1935 жылы кен байыту фабирикасының құрылысы басталды. Бұл кезде тәжірибелі кен байыту фабрикасында көптеген эксперименттердің арқасында флотация әдісімен кенді технологиялық қайта өңдеудің оң нәтижесіне қол жеткізілді.
Ал 1938 жылдың 21 наурызында алғашқы концентрат алынды, ал 25 мамырда кен байытудың фабрикасының алғашқы секциясы іске қосылды. Осы жылдың 11 шілдесінде шағылыстыру пеші іске қосылды. Ал 16 шілде де алғашқы штейн алынды. 1938 жылдың 24 қарашасында Балқаштың алғашқы тазартылмаған мысы алынды. Бұл күнді Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының туған күні деп айтуға болады.
Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының атаулы күндері
1928-1929 ж.ж. | М.П. Русаковтың жетекшілігімен геологиялық барлау партиясы Қоңырат кен орнын барлау жұмыстарын жүргізіп, мыс кенінің өндірістік қорын анықтады |
1930 ж. | Бертіс айлағына алғашқы құрылысшылар отряды келді |
1931 ж. | «Гипроцветмет» институты Балқаш мыс зауытын жобалауды бастады. Ескі алаңда тәжірибелі кен байыту фабрикасы жұмысын бастады. |
1933 ж. | Қуаттылығы 3 млн. дана кірпіш өндіретін алғашқы кірпіш зауыты іске қосылды. |
1934 ж. сәуір | Қоңырат кенішінің алғашқы тонналары алынды. |
1935 ж. күз | Қарағанды-Бертіс теміржолы іске қосылды. |
1936 ж. шілде | Қоңырат карьерінде алғашқы жаппай жарылыс жасалды. |
1937 ж. 10 мамыр | ЖЭО алғашқы агрегаттары қолданысқа енді. |
1938 ж. 1 сәуір | Мыс байыту фабрикасының алғашқы секциясы пайдалануға берілді. |
1938 ж. 27 маусым | Мыс байыту фабрикасының екінші секциясы пайдалануға берілді. |
1938 ж. 10 тамыз | Шағылу пеші іске қосылды. |
1938 ж. 24 қараша | Алғашқы тазартылмаған мыс шығарылды. |
1939 ж. 10 қазан | Ірілетіп уату корпусы сынақтан өтті. |
1940 ж. қыркүйек | Реагенттер өндірісінің цехы іске қосылды. |
1940 ж. қазан | Молибден фабрикасының 1 секциясы іске қосылды. |
1941 жыл, желтоқсан | Шығыс Қоңырат кенішінде алғашқы молибден кені алынды. |
1942 жыл, 5 ақпан | Шығыс Қоңырат кенінен алғашқы молибден концентраты алынды. |
1942 жыл, сәуір | Түсті металдарды өңдеу зауытында алғашқы түсті прокат алынды. |
1945 жыл | Күкірт натрийі өндірісін қайта өңдеу іске қосылды. |
1947 жыл, желтоқсан | БТКМК ғылыми-эксперименталды цехы құрылды. Алғашқы басшысы – Победоносцев Ю.К. |
1948 жыл | Сирек кездесетін өнім – кальций перенатының алғашқы грамдары алынды. |
1950 жыл, сәуір | А.Т. Ситьконың жетекшілігімен геологтар отряды Гүлшат аймағында геологиялық барлау жұмыстарын бастады. Гүлшаттағы полиметалдық кен орындары ХVII-XVIII ғасырларда-ақ белгілі болған. |
1952 жыл, ақпан | Анод цехы іске қосылды |
1952 жыл, мамыр | Алғашқы рафинадталған мыс алынды. |
1956 жыл | Электролитті цехтың екінші кезегі іске қосылды. |
1958 жыл 8 сәуір | Қоңырат, Гүлшат және Шығыс Қоңырат кен орындары, сондай-ақ ЗОЦМ мен БМЗ Балқаш тау-кен металлургия комбинатымен біріктірілді. |
1964 жыл, қараша | Оттексіз мыс вайербарстар цехы іске қосылды. |
931 жылдың қазанында «Прибалхашстрой» басқармасы құрылды, оның бас мақсаты мыс балқыту зауытын салу деп белгіленген.
1932 жылдың 29 маусымында КСРО Наркомтяжпромының коллегиясы «Балқаш өңірінде мыс балқыту комбинатын салу туралы» қаулыны шығарды. Негізгі өндірістік құрылыстардың және қаланың орналасқан орны ретінде Бертіс айлағының жағалауы деп бекітілген. Құрылыс жұмыстарының бастығы Василий Иванович Иванов болды (1938 жылы ол өтірікпен «халық жауы» атанып, ату жазасына белгіленді).
Кеңес мемлекеті мысқа қатты мұқтаж болды. Сол кезде мыс, негізімен, шетелден әкелінген болатын. Екінші бесжылдық жоспары бойынша нұсқаулар комбинаттың салуын тездетуге шақырды. Нұсқауды шығарған ВКП(б)-ның XVII Бүкілодақтық конференциясы (1932 жыл, 30 қаңтар — 4 ақпан) Мәскеу мен Ленинградтың партия ұйымдарына салынып жатқан кәсіпорынды қамқорлыққа алуды тапсырды.
1932 жылы мыс алыбын салуға 100 млн. сом жіберілді, бұл Қазақ КСР-і ауыр өнеркәсібінің дамуына бағытталған қаражаттың үштен бір бөлігін құрды.
1938 жылдың наурызында байыту фабрикасының сынауы өткізіліп, бірінші балқаштық концентрат шығарылды. Шілдеде алғашқы шағылу пеші іске қосылып, металлургиялық өндіріске жол ашылды. 24 қарашада бірінші балқаш мысы шығарылды. Бұл күн Балқаш кен-металлургия комбинатының туған күні ретінде саналады. Балқаш мысының бірінші құймасы Мәскеудің Революция мұражайында сақталынып жатыр.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, Балқаштың металлургтері, байытушылары, таукеншілері майданға кетіп, олардың цех пен кендердегі орнын әйелдер алған. Егер соғысқа дейін зауытта 600 әйел жұмыс істеген болса, соғыстың бірінші жылында олардың саны 2453-ке дейін өсті.
1942 жылдың мамырынан бастап БКМК танк құрастыру өнеркәсібіне қажетті молибден металын шығара бастаған.
Қазіргі тарихы
1997 жылы Балқаш кен-металлургия комбинаты «Қазақмыс» корпорациясының құрамына кірді. 1 сəуірде Балқаш комбинатының базасында Қымбат бағалы металдар зауыты салынды. Оның құрамында аффинаж, кен жынысы, жөндеу цехтары жұмыс істейді. 30 тамызда шведтік «Воlіdеn» фирмасының технологиялық базасында аффинаж өндірісі іске қосылды. Үш күннен соң алғашқы күміс, ал екі айдан соң алғашқы алтын алынды.
1999 жылы платина мен палладийдің алғашқы үлгі партиялары өндіріле бастады. 2000 жылы тағы да басқа өндірістік кəсіпорындар іске қосылды. Соның ішінде химия-металлургия комбинатын атауға болады. Ал 2003 жылы жаңа мырыш зауыты ашылды.
2000 жылы «Балқаштүстіметалл» Өндірістік Бірлестігінің құрамына жаңа қор базасы ретінде Шатыркөл мыс кен орны енді. 2002 жылдан бастап қорлардың ашық түрде өндірілуі тиімсіз болып табылып, Шатыркөл шахтаға айналды. Қазір Шатыркөлдің мысы комбинатта өз шикізатынан шығарылатын өнімнің 40%-ын құрайды.
Өндіріс
Балқаш комбинатына әртүрлі кен орындарының шикізаты әкелінеді. Кен орындардың ең үлкені Қоңыратта (12 шақырым қашықтықта), ал ең алысы Саяқта (шығысқа 250 шақырым қашықтықта) орналасқан.
Біріншіден комбинатқа құрамында 15-17% мысы бар шикiзат түседi. Кейін ол пеште балқытылып, 45% мысы бар штейнге айналады. Әбден балқығаннан соң құрамында 93-95% мыс пайда болады. Бұдан кейiн мыс анодтық учаскеде, электролиттiк ваннада өңделiп, нәтижесiнде 99,9% мыс алынады.
Экологияға ықпалы
Комбинат Балқаш өңіріндегі қоршаған ортаның ең үлкен ластаушысы болып есептеледі.
Мыс өндіру комплексінің іске қосылу кезінен бастап 1995 жылға дейін көлге еш тазартусыз өндірістік ағынды сулар құйылған болатын. Нәтижеде қоршаған орта ауыр металлдармен ластанып, су биосферасы көптеген ауру-науқастарға тап болды.
Комбинаттың технологиялық газдары металлдар ұнтағынан мен күкірт диоксидінен тазартылмай, жақын орналасқан қаланың тұрғындарында аллергиялық және басқа ауруларды тудырады.
Қала тұрғындардың айғақтауымен, 2004 жылдың жазында комбинат атмосфераға газдың үлкен көлемін лақтырып, қаладағы құстардың кілең мерт болуына себепші болған.
2005 жылдың қыркүйегінде Балқаш-Алакөл су қоймаларының советі құрылды.
2008 жылы «Балқаштүстіметалл» Өндірістік Бірлестігінде күкірт ангидридін тұту зауыты іске қосылды. Бұл кәсіпорын күкіртті сүзгіден өткізу арқылы ауаның улы газбен ластануын 80% дейін азайтқан. Кәсіпорын улы өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу арқылы күкірт қышқылын шығарады. Бұл өнімге сұраным едәуір: отандық кәсіпорындарға жылына 1 млн. тоннаға жуық күкірт қышқылы қамсыз етіліп отыр.
2010 жылы Балқаш көлін ластағаны үшін «Қазақмыс» корпорациясының мойнына 4 миллионнан астам теңгені құрған айыппұл салынды. Сондай-ақ Шерубай-Нұра су қоймасына келтірілген зияны үшін компанияға тағы 2,7 миллион теңге айыппұл салынды.
Дереккөздер
- Кен-металлургия комбинаты Балқаштың бағы ма əлде?...(қолжетпейтін сілтеме) // Орталық Қазақстан, №69-70. — 10 сəуір 2004.
- Е.М. Драчева (авторы және құрастырушысы) "Годы и люди (60 лет балхашской меди), Балқаш қ., 1998 жыл.
- Балқаштың бағына біткен мыс(қолжетпейтін сілтеме) // Түркістан, 2008.
- Балқашта аймақтың экологиялық ахуалына арналған қоғамдық тыңдау өтті // Хабар агенттігі, 22.08.2011.
- «Қазақмыс» корпорациясы қоршаған ортаға келтірілген 7,5 миллион теңгенің шығынын өтеді Мұрағатталған 5 ақпанның 2015 жылы. // Gazeta.kz, 14.10.2010 .
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Balkashtүstimetall Өndiristik Birlestigi buryngy atauy Balkash ken metallurgiya kombinaty nemese BKMK Balkash kalasyndagy mys balkytatyn zauyt Balkashtүstimetall ӨB Kombinattyn shygyska karajtyn zhagy Zhylyna zauytta 130 150 myn tonna tazartylgan mys ondiriledi Sonymen katar altyn kүmis platina zhәne baska tүsti metalldar shygarylady Tarihy1928 zhyly Balkash kolinin soltүstik zhagalauyna geolog inzhener Mihail Rusakov baskargan leningradtyk geologiyalyk barlau partiyasy keledi Olar Balkash onirindegi mys kenderininin birinshi barlauyn otkizip үmittendiretin korytyndyga kelgen Izdeu zhumystary barysynda geologtar kelesi nәtizheni tүjindegen ken orny myska sonshalykty baj onyn bazasynda zhana mys balkytu zauytyn saluga bolady M P Rusakov Leningradtagy geologiyalyk komitetke telegrafpen habarlandyru zhiberedi Balkash kolinin zhanynda Қonyrat atty kүshti mys porfirlik ken orny ashyldy Kop keshikpej osy ken ornyn igeru zhumystary bastaldy 1929 zhyldyn mausym ajynda Balkash onirinde algashky ungymalardy burgylau bastaldy Ken ornyn tyngylykty zerttegennen kejin geologtar ajmaktyn topografiyalyk kartasyn kuryp ken denesinin formalarymen mys koryn anyktady Osydan bastap Enbek pen korganys kenesi Balkash mys kombinatynyn kurylysy turaly sheshim kabyldady Mys alybyn kuruda Kenes odagynyn en mykty gylymi tehnikalyk kүshteri zhumyldyryldy Bul kurylyska 300 den astam iri zhobalau kurylys ujymdary mashina zhasau zhәne baska da ujymdar katysty Қonyrat kenishin saluda ekonomikalyk turgydan tiimdi bolyp tanylgan ashyk tau ken zhumystaryn zhүrgizu әdisine tandau zhasaldy Sojtip 1936 zhyly Қonyrat kenishinde tau zhynystaryn algashky zhappaj zharu zhүzege asty Bir mezette 517 tonna zharylgysh zat Malaya shokysyn kopardy Barlyk tehnikalyk esep kisaptardy zharylys zhumystaryn zhas inzhenerler D A Қonaev A M Bogatikov zhәne A Ya Lukyanov zhүrgizdi 1935 zhyly ken bajytu fabirikasynyn kurylysy bastaldy Bul kezde tәzhiribeli ken bajytu fabrikasynda koptegen eksperimentterdin arkasynda flotaciya әdisimen kendi tehnologiyalyk kajta ondeudin on nәtizhesine kol zhetkizildi Al 1938 zhyldyn 21 nauryzynda algashky koncentrat alyndy al 25 mamyrda ken bajytudyn fabrikasynyn algashky sekciyasy iske kosyldy Osy zhyldyn 11 shildesinde shagylystyru peshi iske kosyldy Al 16 shilde de algashky shtejn alyndy 1938 zhyldyn 24 karashasynda Balkashtyn algashky tazartylmagan mysy alyndy Bul kүndi Balkash tau ken metallurgiyalyk kombinatynyn tugan kүni dep ajtuga bolady Balkash tau ken metallurgiyalyk kombinatynyn atauly kүnderi 1928 1929 zh zh M P Rusakovtyn zhetekshiligimen geologiyalyk barlau partiyasy Қonyrat ken ornyn barlau zhumystaryn zhүrgizip mys keninin ondiristik koryn anyktady1930 zh Bertis ajlagyna algashky kurylysshylar otryady keldi1931 zh Giprocvetmet instituty Balkash mys zauytyn zhobalaudy bastady Eski alanda tәzhiribeli ken bajytu fabrikasy zhumysyn bastady 1933 zh Қuattylygy 3 mln dana kirpish ondiretin algashky kirpish zauyty iske kosyldy 1934 zh sәuir Қonyrat kenishinin algashky tonnalary alyndy 1935 zh kүz Қaragandy Bertis temirzholy iske kosyldy 1936 zh shilde Қonyrat karerinde algashky zhappaj zharylys zhasaldy 1937 zh 10 mamyr ZhEO algashky agregattary koldanyska endi 1938 zh 1 sәuir Mys bajytu fabrikasynyn algashky sekciyasy pajdalanuga berildi 1938 zh 27 mausym Mys bajytu fabrikasynyn ekinshi sekciyasy pajdalanuga berildi 1938 zh 10 tamyz Shagylu peshi iske kosyldy 1938 zh 24 karasha Algashky tazartylmagan mys shygaryldy 1939 zh 10 kazan Iriletip uatu korpusy synaktan otti 1940 zh kyrkүjek Reagentter ondirisinin cehy iske kosyldy 1940 zh kazan Molibden fabrikasynyn 1 sekciyasy iske kosyldy 1941 zhyl zheltoksan Shygys Қonyrat kenishinde algashky molibden keni alyndy 1942 zhyl 5 akpan Shygys Қonyrat keninen algashky molibden koncentraty alyndy 1942 zhyl sәuir Tүsti metaldardy ondeu zauytynda algashky tүsti prokat alyndy 1945 zhyl Kүkirt natriji ondirisin kajta ondeu iske kosyldy 1947 zhyl zheltoksan BTKMK gylymi eksperimentaldy cehy kuryldy Algashky basshysy Pobedonoscev Yu K 1948 zhyl Sirek kezdesetin onim kalcij perenatynyn algashky gramdary alyndy 1950 zhyl sәuir A T Sitkonyn zhetekshiligimen geologtar otryady Gүlshat ajmagynda geologiyalyk barlau zhumystaryn bastady Gүlshattagy polimetaldyk ken oryndary HVII XVIII gasyrlarda ak belgili bolgan 1952 zhyl akpan Anod cehy iske kosyldy1952 zhyl mamyr Algashky rafinadtalgan mys alyndy 1956 zhyl Elektrolitti cehtyn ekinshi kezegi iske kosyldy 1958 zhyl 8 sәuir Қonyrat Gүlshat zhәne Shygys Қonyrat ken oryndary sondaj ak ZOCM men BMZ Balkash tau ken metallurgiya kombinatymen biriktirildi 1964 zhyl karasha Otteksiz mys vajerbarstar cehy iske kosyldy 931 zhyldyn kazanynda Pribalhashstroj baskarmasy kuryldy onyn bas maksaty mys balkytu zauytyn salu dep belgilengen 1932 zhyldyn 29 mausymynda KSRO Narkomtyazhpromynyn kollegiyasy Balkash onirinde mys balkytu kombinatyn salu turaly kaulyny shygardy Negizgi ondiristik kurylystardyn zhәne kalanyn ornalaskan orny retinde Bertis ajlagynyn zhagalauy dep bekitilgen Қurylys zhumystarynyn bastygy Vasilij Ivanovich Ivanov boldy 1938 zhyly ol otirikpen halyk zhauy atanyp atu zhazasyna belgilendi Kenes memleketi myska katty muktazh boldy Sol kezde mys negizimen shetelden әkelingen bolatyn Ekinshi beszhyldyk zhospary bojynsha nuskaular kombinattyn saluyn tezdetuge shakyrdy Nuskaudy shygargan VKP b nyn XVII Bүkilodaktyk konferenciyasy 1932 zhyl 30 kantar 4 akpan Mәskeu men Leningradtyn partiya ujymdaryna salynyp zhatkan kәsiporyndy kamkorlykka aludy tapsyrdy 1932 zhyly mys alybyn saluga 100 mln som zhiberildi bul Қazak KSR i auyr onerkәsibinin damuyna bagyttalgan karazhattyn үshten bir boligin kurdy 1938 zhyldyn nauryzynda bajytu fabrikasynyn synauy otkizilip birinshi balkashtyk koncentrat shygaryldy Shildede algashky shagylu peshi iske kosylyp metallurgiyalyk ondiriske zhol ashyldy 24 karashada birinshi balkash mysy shygaryldy Bul kүn Balkash ken metallurgiya kombinatynyn tugan kүni retinde sanalady Balkash mysynyn birinshi kujmasy Mәskeudin Revolyuciya murazhajynda saktalynyp zhatyr Ekinshi dүniezhүzilik sogys bastalganda Balkashtyn metallurgteri bajytushylary taukenshileri majdanga ketip olardyn ceh pen kenderdegi ornyn әjelder algan Eger sogyska dejin zauytta 600 әjel zhumys istegen bolsa sogystyn birinshi zhylynda olardyn sany 2453 ke dejin osti 1942 zhyldyn mamyrynan bastap BKMK tank kurastyru onerkәsibine kazhetti molibden metalyn shygara bastagan Қazirgi tarihy 1997 zhyly Balkash ken metallurgiya kombinaty Қazakmys korporaciyasynyn kuramyna kirdi 1 seuirde Balkash kombinatynyn bazasynda Қymbat bagaly metaldar zauyty salyndy Onyn kuramynda affinazh ken zhynysy zhondeu cehtary zhumys istejdi 30 tamyzda shvedtik Voliden firmasynyn tehnologiyalyk bazasynda affinazh ondirisi iske kosyldy Үsh kүnnen son algashky kүmis al eki ajdan son algashky altyn alyndy 1999 zhyly platina men palladijdin algashky үlgi partiyalary ondirile bastady 2000 zhyly tagy da baska ondiristik kesiporyndar iske kosyldy Sonyn ishinde himiya metallurgiya kombinatyn atauga bolady Al 2003 zhyly zhana myrysh zauyty ashyldy 2000 zhyly Balkashtүstimetall Өndiristik Birlestiginin kuramyna zhana kor bazasy retinde Shatyrkol mys ken orny endi 2002 zhyldan bastap korlardyn ashyk tүrde ondirilui tiimsiz bolyp tabylyp Shatyrkol shahtaga ajnaldy Қazir Shatyrkoldin mysy kombinatta oz shikizatynan shygarylatyn onimnin 40 yn kurajdy ӨndirisBalkash kombinatyna әrtүrli ken oryndarynyn shikizaty әkelinedi Ken oryndardyn en үlkeni Қonyratta 12 shakyrym kashyktykta al en alysy Sayakta shygyska 250 shakyrym kashyktykta ornalaskan Birinshiden kombinatka kuramynda 15 17 mysy bar shikizat tүsedi Kejin ol peshte balkytylyp 45 mysy bar shtejnge ajnalady Әbden balkygannan son kuramynda 93 95 mys pajda bolady Budan kejin mys anodtyk uchaskede elektrolittik vannada ondelip nәtizhesinde 99 9 mys alynady Ekologiyaga ykpalyKombinat Balkash onirindegi korshagan ortanyn en үlken lastaushysy bolyp esepteledi Mys ondiru kompleksinin iske kosylu kezinen bastap 1995 zhylga dejin kolge esh tazartusyz ondiristik agyndy sular kujylgan bolatyn Nәtizhede korshagan orta auyr metalldarmen lastanyp su biosferasy koptegen auru naukastarga tap boldy Kombinattyn tehnologiyalyk gazdary metalldar untagynan men kүkirt dioksidinen tazartylmaj zhakyn ornalaskan kalanyn turgyndarynda allergiyalyk zhәne baska aurulardy tudyrady Қala turgyndardyn ajgaktauymen 2004 zhyldyn zhazynda kombinat atmosferaga gazdyn үlken kolemin laktyryp kaladagy kustardyn kilen mert boluyna sebepshi bolgan 2005 zhyldyn kyrkүjeginde Balkash Alakol su kojmalarynyn soveti kuryldy 2008 zhyly Balkashtүstimetall Өndiristik Birlestiginde kүkirt angidridin tutu zauyty iske kosyldy Bul kәsiporyn kүkirtti sүzgiden otkizu arkyly auanyn uly gazben lastanuyn 80 dejin azajtkan Kәsiporyn uly ondiris kaldyktaryn kajta ondeu arkyly kүkirt kyshkylyn shygarady Bul onimge suranym edәuir otandyk kәsiporyndarga zhylyna 1 mln tonnaga zhuyk kүkirt kyshkyly kamsyz etilip otyr 2010 zhyly Balkash kolin lastagany үshin Қazakmys korporaciyasynyn mojnyna 4 millionnan astam tengeni kurgan ajyppul salyndy Sondaj ak Sherubaj Nura su kojmasyna keltirilgen ziyany үshin kompaniyaga tagy 2 7 million tenge ajyppul salyndy DerekkozderKen metallurgiya kombinaty Balkashtyn bagy ma elde kolzhetpejtin silteme Ortalyk Қazakstan 69 70 10 seuir 2004 E M Dracheva avtory zhәne kurastyrushysy Gody i lyudi 60 let balhashskoj medi Balkash k 1998 zhyl Balkashtyn bagyna bitken mys kolzhetpejtin silteme Tүrkistan 2008 Balkashta ajmaktyn ekologiyalyk ahualyna arnalgan kogamdyk tyndau otti Habar agenttigi 22 08 2011 Қazakmys korporaciyasy korshagan ortaga keltirilgen 7 5 million tengenin shygynyn otedi Muragattalgan 5 akpannyn 2015 zhyly Gazeta kz 14 10 2010