Шатыркөл мыс кен орны - Жамбыл облысындағы кен орны. 1949 жылы ашылған.
Геологиялық құрылымы
Кен аумағында каледон, герцин интрузиялары дамыған. Кентас өрісі өте ұсақ қатпаршаларға жиырыла жарықтармен тілкемденіп, уатылған тау жыныстары ығысып орын ауыстырған күмбез пішінді қатпарда орналасқан. Кеннің қалыптасуына себепші болған, көбінесе ендік бағытта созылған жарықтар шығыс және солтүстік-шығысқа қарай 40-90° бұрышпен еңістенген.
Жатыс сипаты
Кентасты белдемдер гидротермалдық өзгерістерге шалынған биотитті граниттерде, өндірістік кендер Негізгі және Батыс аталатын кентасты белдемдерде орналасқан. Қалыңдығы 1-7 м, жүздеген м тереңдікке кеткен кен денелері кварцты-карбонатты тау жыныстарынан, минералданған граниттен тұрады. Тотығу белдемінің тереңдігі 20-50 м.
Минералдары, құрамы
Басты кентас минералдарына: халькопирит, молибденит, пирит, магнетит, т.б. жатады. Пайдалы құраушылары: мыс және молибден. Кентас жақсы байытылады. Тотыққан кентастан мыс, сульфитті кендерден жекеленген мыс пен молибден концентраттарын алуға болады. Шатыркөл мыс кен орны ірі кен орындарының қатарына жатады.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 9 том.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shatyrkol mys ken orny Zhambyl oblysyndagy ken orny 1949 zhyly ashylgan Geologiyalyk kurylymyKen aumagynda kaledon gercin intruziyalary damygan Kentas orisi ote usak katparshalarga zhiyryla zharyktarmen tilkemdenip uatylgan tau zhynystary ygysyp oryn auystyrgan kүmbez pishindi katparda ornalaskan Kennin kalyptasuyna sebepshi bolgan kobinese endik bagytta sozylgan zharyktar shygys zhәne soltүstik shygyska karaj 40 90 buryshpen enistengen Zhatys sipatyKentasty beldemder gidrotermaldyk ozgeristerge shalyngan biotitti granitterde ondiristik kender Negizgi zhәne Batys atalatyn kentasty beldemderde ornalaskan Қalyndygy 1 7 m zhүzdegen m terendikke ketken ken deneleri kvarcty karbonatty tau zhynystarynan mineraldangan granitten turady Totygu beldeminin terendigi 20 50 m Mineraldary kuramyBasty kentas mineraldaryna halkopirit molibdenit pirit magnetit t b zhatady Pajdaly kuraushylary mys zhәne molibden Kentas zhaksy bajytylady Totykkan kentastan mys sulfitti kenderden zhekelengen mys pen molibden koncentrattaryn aluga bolady Shatyrkol mys ken orny iri ken oryndarynyn kataryna zhatady DerekkozderҚazak enciklopediyasy 9 tom