Күкірт қышқылы — күкірттің маңызды қосылыстарының бірі. Ол екі негізді күшті қышқыл, орта және қышқыл тұздар түзеді.
Физикалық қасиеттері
Концентрациялы күкірт қышқылы — түссіз, ұшпайтын, май тәріздес, суда жақсы еритін, сұйық зат. Тығыздығы 1,84 г/см3, массалық үлесі 98%. Ол 280°С-та қайнайды, ал 10,4°С-та кристалданады.
Күкірт қышқылы суда ерігенде көп жылу бөле отырып, онымен түсіп, құрамы әр түрлі гидраттар түзеді. Олар: H2SO4*2O, H2SO4*2H2O, H2SO4*4H2O. Сондықтан да қышқылды суда еріткенде мынадай мұқият сақтау қажет: ауыр сұйықтықты (қышқыл) жеңіл сұйықтыққа (суға) шыны таяқшамен араластыра отырып, жайлап құю қажет. Сонда ауырлау күкірт қышқылы судың астыңғы қабатына дейін жетіп, бөлінген жылу біркелкі тарайды, ал керісінше суды қышқылға құйса, су қышқылдан жеңіл болғандықтан бөлінген мол жылу суды қайнау температурасына дейін жеткізіп, қышқыл жан-жаққа шашырауы мүмкін.
Күкірт қышқылы күшті су тартқыш зат. Егер концентрациялы қышқыл толтырылған стақанды біраз уакыт ашық калдырса, ауадағы бойына тартып сіңіреді де, қышқыл ыдыстан асып төгіледі. Осы қасиетіне бола күкірт қышқылын түрлі газдарды ылғалдан құрғату үшін пайдаланады.
Концентрациялы күкірт қышқылы , матаға, ағашқа тисе, оны қарайтып күйдіреді. Сол себепті, күкірт қышқылымен жұмыс істегенде өте сақ болу керек. Теріге немесе матаға тиген күкірт қышқылын тездетіп сумен жуып, содан соң ас содасы ерітіндісімен шаю қажет.
Химиялық қасиеттері
қышқылына күшті тотықтырғыштың қасиеті тән. Сұйылтылған күкірт қышқылы басқа күшті қышқылдарға тән қасиеттерді көрсетеді.
- Екі негізді күкірт қышқылы сатылы диссоциацияланады, индикаторға әсер етеді:
- Бірінші сатысында H2SO4 түгелдей дерлік диссоциацияланады. Ал екіншісінде азырақ диссоциацияланады:
- Күкірт қышқылы сілтілермен және ерімейтін негіздермен әрекеттесіп тұз түзеді немесе қысқартылған теңдеуі:
- Сұйылтылған күкірт қышқылы металдардың кернеу қатарындағы сутектің сол жағында орналасқан металдармен әрекеттескенде, тотықтырғыш қасиет көрсетеді, нәтижесінде бөлінеді:
Қалыпты температурада өте концентрациялы 80—90%-тік күкірт қышқылы көптеген металдармен: мысалы, темір, алюминий, хроммен әрекеттеспейді. Оның себебі, металл бетінде енжар қабат пайда болады.
Концентрациялы күкірт қышқылы H2SO4 металдардың кернеу қатарында сутектің оң жағында орналасқан металдармен де әрекеттеседі. Бұл жағдайда сутек бөлінбейді. Күкірттің тотығу дәрежесі +6 болатын сульфат-ионы SO4 есебінен тотықтырғыш болады, нәтижесінде SO2 түзіледі. қышқылының мыспен әрекеттесуін қарастырайық.
- Барийдің ерімтал тұздары күкірт қышқылына және оның тұздары — сульфаттарға анықтағыш реактив болады. Екі сынауыққа аздап күкірт қышқылы және натрий сульфаты ерітіндісінен құйып, үстіне барий хлоридінен тамызса, ақ тұнба түзіледі. Реакция теңдеулері немесе екі реакциядан қысқартылған теңдеу:
BaSO4 тұнбасы суда да, азот қышқылында да ерімейтіндіктен, күкірт қышқылын және оның тұздарын сипаттайтын реактив ретінде ерімтал барий тұздары пайдаланылады.
Концентрациялы күкірт қышқылына батырылған ағаш және қағаз қарайып, көмірге айналады. Қантқа әсер еткенде, күкірт қышқылы одан сутек пен оттекті бөліп алады, ал көміртек кеуекті көмір түрінде бөлініп шығады. Мысалы, оған тәжірибе жасап көз жеткізуге болады. Шамамен 30 г ұнтақ қантты 100 мл-лік стақанға салып, шыны таяқшамен араластыра отырып, 26 мл концентрациялы H2SO4 қосу қажет. Қышқыл қосқан соң көп жылу бөліне отырып, гидраттану тез жүреді де қант қарайып, кеуекті көмірге айналып, стақаннан асып төгіле бастайды .
Қолданылуы
Күкірт қышқылы — химиялық өндірістің көбінде қолданылатын негізгі өнім. Басқа қышқылдармен салыстырғанда, химия өнеркәсібінде кең көлемде қолданылуына сәйкес күкірт қышқылы бірінші орында тұр. Ол басқа HCL, HN03, Н3Р04 және минералдық тыңайтқыштарды алуда кеңінен пайдаланылады. Металлургияда түсті металдар алу үшін мұнай еңдеуде түрлі өнімдерді тазартуға, қопарылғыш заттар, жасанды талшықтар, бояулар, дәрі-дәрмектер парфюмерия өндіруде, тері илеуде және алатын орны ерекше.
Күкірт қышқылының тұздары
Күкірт қышқылының тұздары 2 типті болады: орта және қышқыл тұздар. Орта тұздар — сульфаттар, қышқыл тұздар — . Көпшілік сульфаттар суда жақсы ериді, ал ерімейтіндерге және аз еритіндерге BaSO4, SrSO4 жатады. Kөп қолданылатын тұздары: натрий сульфатының кристал-гидраты Na2SO4*10H2O, оның минералын мирабилит деп атайды.
Осы тұз медицинада дәрі ретінде "глаубер тұзы" деген атаумен қолданылады. Натрий сульфатының негізгі қоры Арал, Балқаш көлдерінің маңында кездеседі. Кальций сульфаты CaSO4 табиғатта минерал CaSO4*2Н2O түрінде таралған. Оны қыздырып алебастр алып, құрылыста байланыстырғыш зат ретінде пайдаланады. , яғни мыс кристалгидраты CuSO4*5H2O , талшық алуға, өсімдік зиянкестерімен күресуге қажет. Темір (II) сульфатының кристалгидраты FeSO4*7H2O ауыл шаруашылық зиянкестерімен күресуде, мата бояуда, фотографияда қолданылады.
Дереккөздер
- Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырылған 2-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 208 бет: суретті. ISBN 9965-36-702-7
Бұл — химия бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Sulfuric acid |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kүkirt kyshkyly kүkirttin manyzdy kosylystarynyn biri Ol eki negizdi kүshti kyshkyl orta zhәne kyshkyl tuzdar tүzedi Fizikalyk kasietteriKoncentraciyaly kүkirt kyshkyly tүssiz ushpajtyn maj tәrizdes suda zhaksy eritin sujyk zat Tygyzdygy 1 84 g sm3 massalyk үlesi 98 Ol 280 S ta kajnajdy al 10 4 S ta kristaldanady Kүkirt kyshkyly suda erigende kop zhylu bole otyryp onymen tүsip kuramy әr tүrli gidrattar tүzedi Olar H2SO4 2O H2SO4 2H2O H2SO4 4H2O Sondyktan da kyshkyldy suda eritkende mynadaj mukiyat saktau kazhet auyr sujyktykty kyshkyl zhenil sujyktykka suga shyny tayakshamen aralastyra otyryp zhajlap kuyu kazhet Sonda auyrlau kүkirt kyshkyly sudyn astyngy kabatyna dejin zhetip bolingen zhylu birkelki tarajdy al kerisinshe sudy kyshkylga kujsa su kyshkyldan zhenil bolgandyktan bolingen mol zhylu sudy kajnau temperaturasyna dejin zhetkizip kyshkyl zhan zhakka shashyrauy mүmkin Kүkirt kyshkyly kүshti su tartkysh zat Eger koncentraciyaly kyshkyl toltyrylgan stakandy biraz uakyt ashyk kaldyrsa auadagy bojyna tartyp siniredi de kyshkyl ydystan asyp togiledi Osy kasietine bola kүkirt kyshkylyn tүrli gazdardy ylgaldan kurgatu үshin pajdalanady Koncentraciyaly kүkirt kyshkyly mataga agashka tise ony karajtyp kүjdiredi Sol sebepti kүkirt kyshkylymen zhumys istegende ote sak bolu kerek Terige nemese mataga tigen kүkirt kyshkylyn tezdetip sumen zhuyp sodan son as sodasy eritindisimen shayu kazhet Himiyalyk kasietterikyshkylyna kүshti totyktyrgyshtyn kasieti tәn Sujyltylgan kүkirt kyshkyly baska kүshti kyshkyldarga tәn kasietterdi korsetedi Eki negizdi kүkirt kyshkyly satyly dissociaciyalanady indikatorga әser etedi Birinshi satysynda H2SO4 tүgeldej derlik dissociaciyalanady Al ekinshisinde azyrak dissociaciyalanady Kүkirt kyshkyly siltilermen zhәne erimejtin negizdermen әrekettesip tuz tүzedi nemese kyskartylgan tendeui Sujyltylgan kүkirt kyshkyly metaldardyn kerneu kataryndagy sutektin sol zhagynda ornalaskan metaldarmen әreketteskende totyktyrgysh kasiet korsetedi nәtizhesinde bolinedi Қalypty temperaturada ote koncentraciyaly 80 90 tik kүkirt kyshkyly koptegen metaldarmen mysaly temir alyuminij hrommen әrekettespejdi Onyn sebebi metall betinde enzhar kabat pajda bolady Koncentraciyaly kүkirt kyshkyly H2SO4 metaldardyn kerneu katarynda sutektin on zhagynda ornalaskan metaldarmen de әrekettesedi Bul zhagdajda sutek bolinbejdi Kүkirttin totygu dәrezhesi 6 bolatyn sulfat iony SO4 esebinen totyktyrgysh bolady nәtizhesinde SO2 tүziledi kyshkylynyn myspen әrekettesuin karastyrajyk Barijdin erimtal tuzdary kүkirt kyshkylyna zhәne onyn tuzdary sulfattarga anyktagysh reaktiv bolady Eki synauykka azdap kүkirt kyshkyly zhәne natrij sulfaty eritindisinen kujyp үstine barij hloridinen tamyzsa ak tunba tүziledi Reakciya tendeuleri nemese eki reakciyadan kyskartylgan tendeu BaSO4 tunbasy suda da azot kyshkylynda da erimejtindikten kүkirt kyshkylyn zhәne onyn tuzdaryn sipattajtyn reaktiv retinde erimtal barij tuzdary pajdalanylady Koncentraciyaly kүkirt kyshkylyna batyrylgan agash zhәne kagaz karajyp komirge ajnalady Қantka әser etkende kүkirt kyshkyly odan sutek pen ottekti bolip alady al komirtek keuekti komir tүrinde bolinip shygady Mysaly ogan tәzhiribe zhasap koz zhetkizuge bolady Shamamen 30 g untak kantty 100 ml lik stakanga salyp shyny tayakshamen aralastyra otyryp 26 ml koncentraciyaly H2SO4 kosu kazhet Қyshkyl koskan son kop zhylu boline otyryp gidrattanu tez zhүredi de kant karajyp keuekti komirge ajnalyp stakannan asyp togile bastajdy ҚoldanyluyKүkirt kyshkyly himiyalyk ondiristin kobinde koldanylatyn negizgi onim Baska kyshkyldarmen salystyrganda himiya onerkәsibinde ken kolemde koldanyluyna sәjkes kүkirt kyshkyly birinshi orynda tur Ol baska HCL HN03 N3R04 zhәne mineraldyk tynajtkyshtardy aluda keninen pajdalanylady Metallurgiyada tүsti metaldar alu үshin munaj endeude tүrli onimderdi tazartuga koparylgysh zattar zhasandy talshyktar boyaular dәri dәrmekter parfyumeriya ondirude teri ileude zhәne alatyn orny erekshe Kүkirt kyshkylynyn tuzdaryKүkirt kyshkylynyn tuzdary 2 tipti bolady orta zhәne kyshkyl tuzdar Orta tuzdar sulfattar kyshkyl tuzdar Kopshilik sulfattar suda zhaksy eridi al erimejtinderge zhәne az eritinderge BaSO4 SrSO4 zhatady Kop koldanylatyn tuzdary natrij sulfatynyn kristal gidraty Na2SO4 10H2O onyn mineralyn mirabilit dep atajdy Osy tuz medicinada dәri retinde glauber tuzy degen ataumen koldanylady Natrij sulfatynyn negizgi kory Aral Balkash kolderinin manynda kezdesedi Kalcij sulfaty CaSO4 tabigatta mineral CaSO4 2N2O tүrinde taralgan Ony kyzdyryp alebastr alyp kurylysta bajlanystyrgysh zat retinde pajdalanady yagni mys kristalgidraty CuSO4 5H2O talshyk aluga osimdik ziyankesterimen kүresuge kazhet Temir II sulfatynyn kristalgidraty FeSO4 7H2O auyl sharuashylyk ziyankesterimen kүresude mata boyauda fotografiyada koldanylady DerekkozderHimiya Zhalpy bilim beretin mekteptin 9 synybyna arnalgan okulyk Өndelgen tolyktyrylgan 2 bas N Nurahmetov K Sarmanova K Zheksembina t b Almaty Mektep baspasy 2009 208 bet suretti ISBN 9965 36 702 7 Bul himiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Sulfuric acid