Қаражал темір-марганец кен орны, Батыс Қаражал – Қарағанды облысы Қаражал қаласының маңында орналасқан. Кен орнын И.Г. Николаев ашқан (1931). Алғашқы зерттеу жұмыстары Н.Л. Херувимова мен А.К. Коневтің басшылығымен жүргізілген (1938). Кейін барлауды С.Д. Батищев-Тарасов, Г.С. Момджи, т.б. жалғастырған.
Геологиялық құрылымы
Кен орны Жайылма синклиналінің Солтүстік-шығыс қанатында орналасқан Қаражал кенді алабының батыс бөлігін алып жатыр. Кенді алаптың ұзындығы 18 км, оның 6 км-і Батыс Қаражалдың үлесінде. Геологиялық құрылысына жоғарғы [Девон кезеңі|[девон]] мен төменгі тас көмір түзілімдері кіреді.
Жатыс сипаты
Кенді түзілімдер екі будадан тұратын жоғарғы фамен түзілімдерінде орналасқан. Сұр түсті төменгі буда – кентас астылық әктастардан тұрады, олардың құрамында яшма, сидерит, магнетит линзалары бар; буданың Қалыңдығы 25 – 40 м. Қызыл түсті жоғарғы будада кен орнының барлық өнеркәсіптік кентастары орналасқан. Бұл буданың төменгі горизонтында әр түсті әктастар, сонымен қатар темір және марганец кентасты Төменгі кенді шоғыр бар. Ортаңғы горизонт күңгірт сұр кремнийлі-карбонатты тау жыныстарынан тұрады. Жоғарғы горизонтты күлгін қызыл және қызғылт түсті әктастар құрайды, олардың құрамында ашық қызыл яшма мен Басты кенді шоғырдың темір және марганец кентастары бар; буданың қалыңдығы 25 – 170 м. Кен орнының шығыс шетінде жер бетіне шыққан негізгі кен денелері батысқа қарай 17° бұрышпен еңістенеді, батыс шетінде 500-800 м тереңдікке дейін батады. Кен денелері айқын стратификатталған (жиектелген) қатпарлықтар құрайды, жарылымдар бойымен жылжыған. Кен орнында біршама қиюшы қабатаралық интрузиялар кездеседі, олардың құрамы габбродан диоритке дейін, диабаздан диорит порфириттеріне дейін өзгереді.
Құрамы
Кентасты буда құрамында темір кентастарының төрт қабаты (Fe1– F4) және марганец кентастарының бес қабаты (Mn1 – Mn5) бөлінеді, олар бірігіп Басты шоғырды құрайды. Басты шоғыр ірі линза пішінді, құрылысы күрделі, оның негізгі бөлігін ең ірі темір кентасты қабаты (Fe3) мен марганецті қабаттар (Mn3 пен Mn4) құрайды. Fe3 қабатының созылымы бойынша ұзындығы 5,5 км, ені 1700 м. Қалыңдығы бірнеше метрден (шеттерінде) 68,8 м-ге дейін (кен орнының ортаңғы бөлігінде) жетеді; орташа Қалыңдығы 20,6 м. Бұл қабатта кен орнындағы темір кентасы қорының 97%-ы шоғырланған. Жатынның еңістігі бойынша темір кентасы жұқарып, оның астыңғы және үстіңгі жағындағы марганец кентастары жақындай түседі, кей жерлерде бірігіп кетеді. Fe2мен Fe4 қабаттары үш линза құрайды, олардың ұзындығы 200-1400 м, ені 100-830 м,қалыңдығы 2-18,8 м. Бұл линзаларда темір кентастарының 2%-ы ғана шоғырланған.
Минералдары
Кентастардың экономикалық құндылығы мен технологиялық ерекшеліктерін анықтайтын негізгі минералдар:
- гематитті кентастарда – гематит, кварц, аз мөлшерде магнетит, карбонаттар мен пирит;
- магнетитті кентастарда – магнетит, сидерит, хлорит, кварц, карбонаттар және пирит, гематит;
- марганецті кентастарда – браунит, гаусманит, манганокальцит, кварц, т.б.
Жалпы алғанда темірлі кентастардағы минералдардың орташа мөлшері: гематит – 56,0%; магнетит – 18,0%; сидерит – 3,3%; хлорит пен стильпномелан – 1,7%; кварц – 15,0%, кальцит – 4,0%.
Қолданысы
Қазір бай темір кентастарын (Fe>45%) «Испат Кармет» металлургия кәсіпорны (бұрынғы Қарағанды металлургия комбинаты) байытпай пайдаланады, ал темірдің мөлшері 35 – 45% кентастар байытуды қажет етеді. Осыған байланысты Атасу кен басқармасында жобалық өнімділігі 6 млн. т болатын байыту фабрикасы салынған. Кен денелері біршама қалың (10 – 50 м) әрі қолайлы жатқан кен орнының шығыс бөлігін ашық тәсілмен (200 – 260 м-ге дейін), ал терең жатқан орталық және батыс бөліктерін жер асты тәсілдерімен игеруге болады. Кен орнының сулылығы әркелкі, кей жерлерінде су басып қалу қаупі бар. Кен орнын жете барлау нәтижесінде оның қоры темір кентастары бойынша 552,9 млн. т, марганец бойынша 350,3 млн. т көлемінде бекітілген.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қarazhal temir marganec ken orny Batys Қarazhal Қaragandy oblysy Қarazhal kalasynyn manynda ornalaskan Ken ornyn I G Nikolaev ashkan 1931 Algashky zertteu zhumystary N L Heruvimova men A K Konevtin basshylygymen zhүrgizilgen 1938 Kejin barlaudy S D Batishev Tarasov G S Momdzhi t b zhalgastyrgan Geologiyalyk kurylymyKen orny Zhajylma sinklinalinin Soltүstik shygys kanatynda ornalaskan Қarazhal kendi alabynyn batys boligin alyp zhatyr Kendi alaptyn uzyndygy 18 km onyn 6 km i Batys Қarazhaldyn үlesinde Geologiyalyk kurylysyna zhogargy Devon kezeni devon men tomengi tas komir tүzilimderi kiredi Zhatys sipatyKendi tүzilimder eki budadan turatyn zhogargy famen tүzilimderinde ornalaskan Sur tүsti tomengi buda kentas astylyk әktastardan turady olardyn kuramynda yashma siderit magnetit linzalary bar budanyn Қalyndygy 25 40 m Қyzyl tүsti zhogargy budada ken ornynyn barlyk onerkәsiptik kentastary ornalaskan Bul budanyn tomengi gorizontynda әr tүsti әktastar sonymen katar temir zhәne marganec kentasty Tomengi kendi shogyr bar Ortangy gorizont kүngirt sur kremnijli karbonatty tau zhynystarynan turady Zhogargy gorizontty kүlgin kyzyl zhәne kyzgylt tүsti әktastar kurajdy olardyn kuramynda ashyk kyzyl yashma men Basty kendi shogyrdyn temir zhәne marganec kentastary bar budanyn kalyndygy 25 170 m Ken ornynyn shygys shetinde zher betine shykkan negizgi ken deneleri batyska karaj 17 buryshpen enistenedi batys shetinde 500 800 m terendikke dejin batady Ken deneleri ajkyn stratifikattalgan zhiektelgen katparlyktar kurajdy zharylymdar bojymen zhylzhygan Ken ornynda birshama kiyushy kabataralyk intruziyalar kezdesedi olardyn kuramy gabbrodan dioritke dejin diabazdan diorit porfiritterine dejin ozgeredi ҚuramyKentasty buda kuramynda temir kentastarynyn tort kabaty Fe1 F4 zhәne marganec kentastarynyn bes kabaty Mn1 Mn5 bolinedi olar birigip Basty shogyrdy kurajdy Basty shogyr iri linza pishindi kurylysy kүrdeli onyn negizgi boligin en iri temir kentasty kabaty Fe3 men marganecti kabattar Mn3 pen Mn4 kurajdy Fe3 kabatynyn sozylymy bojynsha uzyndygy 5 5 km eni 1700 m Қalyndygy birneshe metrden shetterinde 68 8 m ge dejin ken ornynyn ortangy boliginde zhetedi ortasha Қalyndygy 20 6 m Bul kabatta ken ornyndagy temir kentasy korynyn 97 y shogyrlangan Zhatynnyn enistigi bojynsha temir kentasy zhukaryp onyn astyngy zhәne үstingi zhagyndagy marganec kentastary zhakyndaj tүsedi kej zherlerde birigip ketedi Fe2men Fe4 kabattary үsh linza kurajdy olardyn uzyndygy 200 1400 m eni 100 830 m kalyndygy 2 18 8 m Bul linzalarda temir kentastarynyn 2 y gana shogyrlangan MineraldaryKentastardyn ekonomikalyk kundylygy men tehnologiyalyk erekshelikterin anyktajtyn negizgi mineraldar gematitti kentastarda gematit kvarc az molsherde magnetit karbonattar men pirit magnetitti kentastarda magnetit siderit hlorit kvarc karbonattar zhәne pirit gematit marganecti kentastarda braunit gausmanit manganokalcit kvarc t b Zhalpy alganda temirli kentastardagy mineraldardyn ortasha molsheri gematit 56 0 magnetit 18 0 siderit 3 3 hlorit pen stilpnomelan 1 7 kvarc 15 0 kalcit 4 0 ҚoldanysyҚazir baj temir kentastaryn Fe gt 45 Ispat Karmet metallurgiya kәsiporny buryngy Қaragandy metallurgiya kombinaty bajytpaj pajdalanady al temirdin molsheri 35 45 kentastar bajytudy kazhet etedi Osygan bajlanysty Atasu ken baskarmasynda zhobalyk onimdiligi 6 mln t bolatyn bajytu fabrikasy salyngan Ken deneleri birshama kalyn 10 50 m әri kolajly zhatkan ken ornynyn shygys boligin ashyk tәsilmen 200 260 m ge dejin al teren zhatkan ortalyk zhәne batys bolikterin zher asty tәsilderimen igeruge bolady Ken ornynyn sulylygy әrkelki kej zherlerinde su basyp kalu kaupi bar Ken ornyn zhete barlau nәtizhesinde onyn kory temir kentastary bojynsha 552 9 mln t marganec bojynsha 350 3 mln t koleminde bekitilgen DerekkozderҚazak enciklopediyasy Қaragandy Қaragandy oblysy Enciklopediya Almaty Atamura 2006 ISBN 9965 34 515 5