Торғай қоңыр көмір алабы – негізінен Қостанай облысының, ішінара Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары жерін қамтитын көмірлі аймақ. Ауданы 150 мың км2. Алаптың кейбір кен орындары 19 ғасырдың соңында белгілі болды, қалғандарының көпшілігі 1942–1952 жылдары ашылған. Алапты әр жылдары М.М.Пригоровский, И.С.Яговкин, К.Я.Бабич, А.П.Тюрин, А.С.Богатырев, А.М.Сульман, Е.И.Новиков, М.В.Бунина, Р.В.Шулятникова, И.В.Орлов пен Е.Г.Буковскийлер т.б. ғалымдар зерттеген.
Геологиялық құрылымы
Көмірлі шөгінділер табанында палеозой тау жыныстары орналасқан жас платформалық формацияға жатады. Алап свиталары литологиялық құрамы жағынан аргиллиттерден, алевролиттерден, гравелиттерден, конгломераттардан тұрады. Торғай қоңыр көмір алабының кен орындары мен көмірлі құрылымдары аумақтық белгісі және құрылымды-геологиялық ерекшеліктері бойынша алты топқа біріктірілген. Олардың ішіндегі ең бастылары: Обаған, Есіл, Байқоңыр топтары.
- Обаған тобы Торғай алабының солтүстік-батыс бөлігінде шоғырланған. Мұндағы жақсы зерттелген кен орындары Құсмұрын, Егінсай, Приозерное, Харьковское, Черниговское, т.б. Көмірлілігі құсмұрын (төменгі юра) мен дүзбай (ортаңғы юра) свиталарымен байланысқан. Дүзбай свитасындағы көмір қабаттарының жиынтық қалыңдығы 50 м-ге дейін, Құсмұрында 118 м-ге жетеді. Обаған тобындағы кен орындарының көмір қабаттары 25–100 м-ге дейінгі тереңдікте жатыр.
- Есіл тобы алаптың шығыс бөлігін алып жатыр. Ол ірі (15–25×80–120 км) әрі терең грабен тәрізді меридиан бағытына және солтүстік-шығысқа созылған ойпаңдардан тұрады. Мұнда Орловск, Мақат, Қызылтал, Савинковское, Жаныспай, т.б. кен орындары бар. Көмірлігі дүзбай свитасымен байланысқан, көмір қабаттарының орташа қалыңдығы 30–147 м.
- Байқоңыр тобы алаптың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Оған игеріліп біткен Байқоңыр мен Қияқты кен орындары кіреді. Құрылымы жағынан күрделі болып келетін 4 көмір қабаты ортаңғы юра түзілімдерінде шоғырланған. Бұл топтағы көмірлі құрылымдар толық зерттелмеген.
Құрамы
Көмір маркасы Б2; ылғалдылығы 31–35%, жылу бөлгіштігі 6,5–6,9 мың ккал/кг, күлінің балқу температурасы 108–1660°С, ұшқыш заттары 28–59%, күлділігі 13–29%, күкірт 0,3–1,1%, тығыздығы 1,220–1,230 г/см3, кокстеу кезінде бөлінетін гумус қышқылы 12–31%, битум 4–6%, шайыр 5–19%. Алаптың көмірі аса тиімді отынға жатады, барлық энергетикалық қондырғыларда пайдалануға болады.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Torgaj konyr komir alaby negizinen Қostanaj oblysynyn ishinara Soltүstik Қazakstan Қaragandy Akmola oblystary zherin kamtityn komirli ajmak Audany 150 myn km2 Alaptyn kejbir ken oryndary 19 gasyrdyn sonynda belgili boldy kalgandarynyn kopshiligi 1942 1952 zhyldary ashylgan Alapty әr zhyldary M M Prigorovskij I S Yagovkin K Ya Babich A P Tyurin A S Bogatyrev A M Sulman E I Novikov M V Bunina R V Shulyatnikova I V Orlov pen E G Bukovskijler t b galymdar zerttegen Geologiyalyk kurylymyKomirli shogindiler tabanynda paleozoj tau zhynystary ornalaskan zhas platformalyk formaciyaga zhatady Alap svitalary litologiyalyk kuramy zhagynan argillitterden alevrolitterden gravelitterden konglomerattardan turady Torgaj konyr komir alabynyn ken oryndary men komirli kurylymdary aumaktyk belgisi zhәne kurylymdy geologiyalyk erekshelikteri bojynsha alty topka biriktirilgen Olardyn ishindegi en bastylary Obagan Esil Bajkonyr toptary Obagan toby Torgaj alabynyn soltүstik batys boliginde shogyrlangan Mundagy zhaksy zerttelgen ken oryndary Қusmuryn Eginsaj Priozernoe Harkovskoe Chernigovskoe t b Komirliligi kusmuryn tomengi yura men dүzbaj ortangy yura svitalarymen bajlanyskan Dүzbaj svitasyndagy komir kabattarynyn zhiyntyk kalyndygy 50 m ge dejin Қusmurynda 118 m ge zhetedi Obagan tobyndagy ken oryndarynyn komir kabattary 25 100 m ge dejingi terendikte zhatyr Esil toby alaptyn shygys boligin alyp zhatyr Ol iri 15 25 80 120 km әri teren graben tәrizdi meridian bagytyna zhәne soltүstik shygyska sozylgan ojpandardan turady Munda Orlovsk Makat Қyzyltal Savinkovskoe Zhanyspaj t b ken oryndary bar Komirligi dүzbaj svitasymen bajlanyskan komir kabattarynyn ortasha kalyndygy 30 147 m Bajkonyr toby alaptyn ontүstik shygys boliginde ornalaskan Ogan igerilip bitken Bajkonyr men Қiyakty ken oryndary kiredi Қurylymy zhagynan kүrdeli bolyp keletin 4 komir kabaty ortangy yura tүzilimderinde shogyrlangan Bul toptagy komirli kurylymdar tolyk zerttelmegen ҚuramyKomir markasy B2 ylgaldylygy 31 35 zhylu bolgishtigi 6 5 6 9 myn kkal kg kүlinin balku temperaturasy 108 1660 S ushkysh zattary 28 59 kүldiligi 13 29 kүkirt 0 3 1 1 tygyzdygy 1 220 1 230 g sm3 koksteu kezinde bolinetin gumus kyshkyly 12 31 bitum 4 6 shajyr 5 19 Alaptyn komiri asa tiimdi otynga zhatady barlyk energetikalyk kondyrgylarda pajdalanuga bolady