I Сүлеймен (осман. سليمان اول — Süleymân-ı evvel; ақындық лақап аты — Мүхибби (түр. Muhibbî); 6 қараша 1494 — 7 қыркүйек 1566) — Османлы мемлекетінің 10-шы сұлтаны, Ислам халифатының 75-ші халифі, ақын, зергер, қолбасшы. Османлы мемлекетінің ең ұлы сұлтаны. Оның тұсында ел өзінің шарықтау шегіне жетті. Жер ауданы екі есеге ұлғайды (6 557 000 км²-ден 14 893 000 км²-ге дейін), мемлекеттік басқарма, ғылым, өнер (әсіресе, сәулет өнері) жоғары деңгейге шықты, көптеген мешіттер (мысалы, Сүлеймение мешіті), медреселер, хаммамдар (мысалы, Хүррем сұлтан хаммамы) салынды, уақыптар ашылды (мысалы, Рүстем паша қоры), Османлы мемлекеті Батыс пен Шығысты байланыстыратын ірі транзиттік державаға айналды, , , , , , Мимар Синан, , , есімді атақты мемлекеттік қайраткерлер, өнер адамдары, ғалымдар I Сүлейменнің тұсында өмір сүрді.
I Сүлеймен осман. سليمان اول — Süleymân-ı evvel Мүміндер әмірі Екі киелі қаланың қызметкері | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
30 қыркүйек 1520 — 6 қыркүйек 1566 | |||
(Лақап аты Заңшы I Сүлеймен) | |||
Ізашары | I Сәлім | ||
Ізбасары | II Сәлім | ||
Мұрагері | Мұстафа шаһзада (1520-1541; 1543-1553) Мехмет шаһзада (1541-1543) Сәлім шаһзада (1553-1566) | ||
| |||
1512 — 30 қыркүйек 1520 | |||
Монарх | I Сәлім | ||
Ізашары | Қорқыт шаһзада | ||
Ізбасары | Мұстафа шаһзада | ||
| |||
1505 — 1512 | |||
Монарх | II Баязит | ||
Өмірбаяны | |||
Мамандығы | Ақын, зергер, қолбасшы | ||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 6 қараша 1494 Трабзон, Османлы мемлекеті | ||
Қайтыс болуы | 7 қыркүйек 1566 (71 жас) Сигетвар, Мажарстан патшалығы | ||
Жерленді | I Сүлеймен мазары, Ыстамбұл | ||
Династия | Османлы әулеті | ||
Әкесі | I Сәлім | ||
Анасы | Айша Хафса сұлтан | ||
Жұбайы | Фүлане сұлтан Гүлфем сұлтан Махидәурен сұлтан Хүррем сұлтан | ||
Балалары | Ұлдары: Махмұт шаһзада Мұрат шаһзада Мұстафа шаһзада Мехмет шаһзада Әбдулла шаһзада Ахмет шаһзада II Сәлім Баязит шаһзада Жиһангир шаһзада Қыздары: Михримах сұлтан Разие сұлтан | ||
Қолтаңбасы | |||
I Сүлеймен Ортаққорда | |||
өңдеу |
Өмірбаяны
I Сүлеймен 1494 жылы Трабзонда дүниеге келді. Атасы II Баязиттің тұсында Кефенің санжақбейі болды. Кейін 1512 жылы әкесі I Сәлім таққа отырғанда, Маниса санжақбейі лауазымына ауысты. Осы лауазымда әкесі қайтыс болуына дейін, яғни 1520 жылға дейін болды. Әкесі қайтыс болған соң шаһзадаға османлы садрағзамы Пір Мехмет пашадан хат келді, осы хатта садрағзам жаңа сұлтанды таққа отыру үшін елордаға шақырды.
Осылайша 26 жастағы I Сүлеймен османлы сұлтанына айналды. Уолси кардинал Венеция елшісіне былай деді:
Бұл сұлтан Сүлейменге жиырма алты жыл, ақыл-есінен айырылмаған; әкесі секілді әрекет жасауынан қауіптенген жөн. |
Билік құрғаннан кейінгі ең алғашқы қадамдарының бірі — әкесі шынжырға байлаған мысырлық текті тұтқындарды босату. Басында еуропалық билеушілер жаңа сұлтанды мейірімді және бейбітшіл деп ойлады, сондықтан оның билік құруына қуанышты болды. Алайда олар Сүлейменнің әкесі Жауыз Сәлімге ұқсайтын жерлері бар екенін ескермеді: ол да әкесі секілді жаулауларды жақсы көрген екен.
Басында сұлтан венециялықтармен достық қарым-қатынаста болды. Венеция османлылардың Мажарстан мен Родосқа жасайтын жорықтарға дайындалуына еш үрейсіз бақылады.
Балқан соғыстары
I Сүлеймен Мажарстан мен Чехия патшасы II Лайошқа алым-салық мәселесімен елші жібереді. Патша жас болды, және өзінің шонжарларына қарсылық білдіре алмады. Ал оның шонжарлары османлы елшісін зынданға лақтырды (кейбір деректер бойынша өлтірді). Шонжарлардың осындай қылықтарын I Сүлеймен соғыс үшін сылтау ретінде пайдаланды.
1521 жылы османлылар Дунай жағалауында орналасқан Шабац бекінісін алып, Белградты қоршады. Мажарлар басқа еуропалық мемлекеттерден көмек күтті, алайда барлық жерде мажар елшілерін суық қарсы алып отырды. Белград соңына дейін қорғанды, алайда қала горнизонынан 400-дей адам қалғанда, қала османлыларға тізе бүгуге мәжбүр болды.
1525 жылы Қызыр паша Алжирді толық бағындырып, сол жерді Османлы Сұлтандығының ең маңызды иеліктерінің біріне айналдырды. Ал 1533 жылы Қызыр паша Османлы флотының капутан пашасы болып тағайындалды. Оның арқасында османлылар күллі Жерорта теңізінің әмірлеріне айналды. Османлы флоты Гибралтарға жетті.
1526 жылы I Сүлеймен 100-мыңдық әскерімен Мажарстанға жорық жасады. 29 тамызда Мохач шайқасында османлылар мажарларды жермен жексен етті.
1527-1528 жылдары I Сүлеймен Славония, Босния және Герцеговинаны жаулап алды.
1528 жылы Трансильвания билеушісі Янош Запольяи өзін I Сүлейменнің вассалы деп мойындады. 1529 жылдың тамызында өз вассалының құқығын қорғау сылтауымен Мажарстан елордасы Буданы жаулап, аустриялықтарды сол қаладан қуды. Ал сол жылдың қыркүйегінде османлылар Аустрия елордасы Венаны қоршап, Баварияға басып кірді.
1532 жылы 80-мыңдық османлылар тек 800 қорғаушылары бар Көсег қаласын қоршады, алайда ерлікпен ерекшеленген Көсег гарнизоны османлылардың 19 шабуылын қайтарып, қаланы аман қалдырды. Бұл сәтсіздік I Сүлейменнің Мажарстан мен Аустрияға қатысты жоспарларын бұзды. Аустриялықтар османлылармен бітім шартқа отыруға мәжбүр болды. Бітім шартқа сәйкес аустриялықтар I Сүлейменге алым-салық төлеп, оның Мажарстанның шығысы мен орталығындағы жаулауларын мойындады.
1538 жылы I Сүлеймен Молдов княздігіне кіріп, Днестр мен Прут өзендерінің сағаларын өзіне қаратты.
1540-1547 жылдары I Сүлеймен Аустриямен соғысты жаңартты. 1541 жылы османлылар Буданы, 1543 жылы Эстергомды, ал 1544 жылы Вишеградты, Ноградты және Хотванды басып алды. 1547 жылдың 19 маусымында жасалған бітім шарт бойынша Аустрия Сүлейменге алым-салық төлеуін жалғастырды, Мажарстанның орталық аймақтарында жаңа пашалық құрылды, ал Трансильвания Османлы Сұлтандығының вассалы болды.
Парсы жорығы
1533 жылы I Сүлеймен парсылармен өте ұзақ соғыс бастады. Сол кезде Парсы елін әлсіз шаһ — I Тахмасп биледі. Сефевид әскерінің Мұхаммед Шайбани ханға қарсы жорық жасауын пайдаланып, I Сүлеймен Әзірбайжанға басып кірді. Ол жерде Сүлеймен жағына Текелі тайпасының басшысы Ғұлама әмір тұрды.
1534 жылдың қыркүйегінде османлылар Сефевид Мемлекетінің елордасы Тебризге кірді. Содан кейін I Сүлеймен османлы садрағзамы Паргалы Ибраһим паша әскерімен қосылып, бірге Бағдатқа аттанды. Сол жылдың қарашасында османлылар Бағдатқа басып кірді. Содан кейін османлыларға Басра, Хузистан, Лурестан, Бахрейн және т.б. елдер мен қалалар бағынды.
1535 жылы I Тахмасп Тебризді қайтарды, алайда сол жылы I Сүлеймен қаланы тағы да жаулап алды. Содан кейін сұлтан Диярбақыр арқылы Халапқа келіп, сол жерден 1536 жылы Константиниеге қайтып келді.
1548 жылы османлылар Тебризді төртінші рет жаулап алды. I Тахмасп өз елордасының қорғана алмайтынын көріп, елорданы Казвинге көшірді. Ал османлылар Қашан мен Құмға дейін жетіп, Исфаһанды басып алды. 1552 жылы Ереван құлады, ал 1554 жылы I Сүлеймен Нахичеваньды бағындырды. болған 1555 жылдың мамырындағы бітім шарт бойынша сефевидтер османлыларға Иракты, оңтүстік-шығыс Анадолыны және Имеретияны өткізді. Оның орнына османлылар сефевидтерге Күнгей Кавказдың үлкен бөлігін берді.
Теңіз соғыстары
1522 жылдың 26 маусымында Родос аралы қоршалды, ал 20 желтоқсанда арал берілді.
1524 жылы Жиддадан шыққан Османлы флоты Қызыл теңізде португал кемелерін жойып, оларды сол аймақтан тазартты.
1533 жылы Қызыр Қайыреддин паша Османлы флотының дария капитаны болып тағайындалды. Бұл тағайындау османлылардың келесі теңіз жеңістерінің себебі болады. Себебі, Қызыр Қайыреддин паша осы теңіз жеңістерінің көбісіне өзі жетті. 1534 жылы ол Тунисті басып алды, алайда 1535 жылы испандықтар бұл жерді өзіне қаратты. I Сүлеймен теңіздегі беделін арттыру үшін 1536 жылы француз патшасы I Франсуамен құпия одақ құрды. Алжирлік теңіз қарақшылары Францияның оңтүстігіндегі кемежайларда тірек етуге рұқсат алды. 1537 жылы алжирліктер еуропалықтарға қарсы соғыс ашты. Қызыр Қайыреддин паша Корфуны тоңап, Апулияның жағалауына шабулдап, Неапольға қауіп төндірді. 1538 жылы Венеция Испаниямен және Папа облысымен одақ құрып, османлыларға шабуыл жасады. Алайда Эгей теңізіндегі Венеция аралдарын ойрандап, Занте, Эгина, Чериго, Андрос, Парос және Наксос аралдарын жаулап алды. 1538 жылдың 28 қыркүйегінде Габсбургтардың ең қуатты адмиралы Андреа Дориа мен Османлылардың ең қуатты адмиралы Қызыр Қайыреддин паша арасында Превезе шайқасы болды. Нәтижесінде Османлы флоты Венеция, Генуя, Испания және Папа облысы біріккен теңіз әскерін талқандады.
1538 жылы османлылар Оңтүстік Арабия мен Үндістанға үлкен жорық ұйымдастырды. 13 маусым күні османлы кемелері Суэцтен шығып, 3 тамыз күні Аден қаласының кемежайына тоқтады. Жергілікті билеуші оларды сый-сыяпатпен қарсы алды, алайда теңіз қарақшылары билеушіні дарға асып, қаланы ойрандады. Содан кейін олар әрі қарай жүзіп, Гуджарат жағалауларына жақындап, Диу қаласын қоршады. Үндістандық мұсылмандар османлыларға көмектесті, алайда португал эскадрасы жақындағанда, гуджараттар соңғылармен келісім жасасып, османлылардың қоршауына тойтарыс берді.
1540 жылдың 20 қазанында I Сүлеймен Венециямен бітім шарт жасасты. Шарт бойынша Венеция Қызыр Қайыреддин жаулап алған аралдарды, сондай-ақ Наполи ди Романо мен Мальвазия атты қалаларды османлыларға ресми түрде өткізді, оған қоса 30 мың дукат салық төледі. Лепанто шайқасына дейін османлылар Жерорта теңізінің әмірлері болды.
Франция Еуропадағы қоғамдық көзқарастың ықпалынан османлылармен одақты ресми түрде үзді. Алайда іс жүзінде I Сүлеймен тұсында француздар османлылармен бірге испандықтар мен аустриялықтарға қарсы шығып отырды. 1541 жылы Қызыр Қайыреддин паша испандықтардың Алжирге қарсы жорығына тойтарыс бере алды. Османлылар француздарға 1543 жылы Ниццаны, ал 1553 жылы Корсиканы алуға көмектесті.
1547-1554 жылдары османлылар мен португалдар арасында Үнді мұхитында шайқастар болып жатты. 1550 жылы османлылар португалдардан Қатиф қаласын қайтарып алды. 1552 жылы османлы эскадрасы португалдардан Масқат бекінісін тартып алды, бірақ 1553 жылы Ормуз бұғазындағы шайқаста, ал 1554 жылы Масқат жаңында жеңілді.
1551 жылы Османлы флоты Тараболысты жаулап алып, барлық Ливияны бағындырды. 1553 жылы османлылар Уаттасид әулетінің вассал ретінде биліктерін жаңарту мақсатымен Мароккоға басып кірді, алайда сәтсіздікке ұшырады. 1555-1557 жылдардағы Судан жорығы нәтижесінде бұл ел османлыларға бағынды. 1557 жылы османлылар Массауаны, ал 1559 жылы барлық Эритреяны жаулап, Қызыл теңізінде өз басымдылықтарын орнатты.
1565 жылдың 18 мамырында 180 кемелі Османлы флоты Мальта жағалауларына 30 мың жауынгерді түсіріп, Мальтаға шабуыл жасай бастады. Бірақ иоаннит серілер барлық шабуылдарға тойтарыс бере алды. Османлылар әскердің төрттен бір бөлігінен айырылып, аралдан кетуге мәжбүр болды.
Ресеймен қарым-қатынас
I Сүлеймен тұсында османлылар орыстармен ауыр қарым-қатынаста болды. Оның басты себебі: Мәскеу мемлекеті мен Қырым хандығының арасындағы соғыс. Қазан хандары мен Сібір хандары өздерін I Сүлейменнің вассалы деп мойындады. Бұл хандықтар өздеріне туыс болған түріктерден мәмілегерлік әрі әскери көмек алуға үметтенген. Алайда осы елдердің Османлы мемлекетінен алыс болған соң, бұл үміттері үзілді. Османлылар қырымдықтардың Орыс жорықтарына қатысып отырды.
Ажалы
1566 жылдың 1 мамырында I Сүлеймен өзінің соңғы оң үшінші жорығына аттанады. 5 тамызда османлылар Сигетварды қоршай бастады. 7 қыркүйекте сұлтан осы қоршау кезінде өзінің шатырында қайтыс болды. Келесі күні Сигетвар қамалы құлады.
Сұлтан денесі Константиниеге әкелініп, Сүлеймение мешітінің жаңындағы арнайы салынған мазарда жерленді. Кейбір тарихшылардың айтуынша, сұлтанның жүрегі мен кейбір ішкі ағзалары сұлтан өлген шатырдың жерінде жерленген.
Жанұясы
I Сүлеймен әйел әсемдігін ұнататын. Оның сарайында көптеген күңдер өмір сүрді, бірақ оның жүрегінде тек бір ғана әйел бар еді, ол әйел ғана заңды зайыбы болды, оның есімі — Хүррем сұлтан. Шынымен де, сұлтан тек Хүррем сұлтанмен ғана некені қиды. Неке қиғаннан кейін, бүкіл Константинопольде дүркіреген той өткізілді. I Сүлейменнің ақындық өнері оның зайыбы Хүрремге деген махаббатымен тікелей байланысты.
I Сүлеймен Хүррем сұлтаннан алты бала сүйді:
- Мехмет шаһзада (1521-1543) — 1541-1543 жылдары Маниса санжақбейі болды. Кейбір деректерге сәйкес, Мехмет шаһзада шешек ауруынан қайтыс болды.
- Михримах сұлтан (1522-1578) — 1539 жылы уәзір Дамат Рүстем пашаға тұрмысқа шықты. 1558-1578 жылдары 20 жыл бойы гарем басшысы болды.
Садрағзамдары
№ | Есімі | Қызмет атқарған мерзімі | Уақыты |
---|---|---|---|
36 | Пір Мехмет паша | 30 қыркүйек 1520 — 27 маусым 1523 | 3 жыл |
37 | Паргалы Ибраһим паша | 27 маусым 1523 — 14 наурыз 1536 | 13 жыл |
38 | Аяз Мехмет паша | 14 наурыз 1536 — 13 шілде 1539 | 3 жыл |
39 | Лүтфі паша | 13 шілде 1539 — сәуір 1541 | 2 жыл |
40 | Хадым Сүлеймен паша | сәуір 1541 — 28 қараша 1544 | 3 жыл |
41 | Дамат Рүстем паша | 28 қараша 1544 — 6 қазан 1553 | 9 жыл |
42 | Қара Ахмет паша | 6 қазан 1553 — 29 қыркүйек 1555 | 2 жыл |
43 | Дамат Рүстем паша | 29 қыркүйек 1555 — 10 шілде 1561 | 6 жыл |
44 | Семіз Әли паша | 10 шілде 1561 — 28 маусым 1565 | 4 жыл |
45 | Соколлы Мехмет паша | 28 маусым 1565 — 6 қыркүйек 1566 | 1 жыл |
Өнерде
- «Роксолана» телехикаясы (1996-2003 жж., I Сүлеймен рөлінде — Анатолий Хостикоев)
- «Хүррем сұлтан» телехикаясы (2003 жыл, I Сүлеймен рөлінде — Әли Сүрмелі)
- «Age of Empires III» компьютерлік ойыны (2005 жыл, I Сүлеймен Османлы мемлекетінің басшысы ретінде)
- «Sid Meier’s Civilization IV: Beyond the Sword» компьютерлік ойыны (2007 жыл, I Сүлеймен Османлы мемлекетінің басшысы ретінде)
- «Sid Meier's Civilization V» компьютерлік ойыны (2010 жыл, I Сүлеймен Османлы мемлекетінің басшысы ретінде)
- «Assassin's Creed: Revelations» компьютерлік ойыны (2011 жыл, Сүлеймен шаһзада басты кейіпкердің қолдаушысы болады)
- «Сүлеймен сұлтан» телехикаясы (2011-2014 жж., I Сүлеймен рөлінде — Халит Ергенч)
Дереккөздер
- http://serke.org/node/3765/ Мұрағатталған 23 қыркүйектің 2016 жылы. Венгрияда I Сүлеймен сұлтанның зираты табылды
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары | ||
---|---|---|
Ізашары I Сәлім | I Сүлеймен 30 қыркүйек 1520 — 6 қыркүйек 1566 | Ізбасары II Сәлім |
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · (Сұлтанаралық) · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит · V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф) | ||
Әулет · Шежіре · Санат |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
I Sүlejmen osman سليمان اول Suleyman i evvel akyndyk lakap aty Mүhibbi tүr Muhibbi 6 karasha 1494 7 kyrkүjek 1566 Osmanly memleketinin 10 shy sultany Islam halifatynyn 75 shi halifi akyn zerger kolbasshy Osmanly memleketinin en uly sultany Onyn tusynda el ozinin sharyktau shegine zhetti Zher audany eki esege ulgajdy 6 557 000 km den 14 893 000 km ge dejin memlekettik baskarma gylym oner әsirese sәulet oneri zhogary dengejge shykty koptegen meshitter mysaly Sүlejmenie meshiti medreseler hammamdar mysaly Hүrrem sultan hammamy salyndy uakyptar ashyldy mysaly Rүstem pasha kory Osmanly memleketi Batys pen Shygysty bajlanystyratyn iri tranzittik derzhavaga ajnaldy Mimar Sinan esimdi atakty memlekettik kajratkerler oner adamdary galymdar I Sүlejmennin tusynda omir sүrdi I Sүlejmen osman سليمان اول Suleyman i evvel Mүminder әmiri Eki kieli kalanyn kyzmetkeriLauazymyTu Osmanly memleketinin 10 shy sultany Islam halifatynyn 75 shi halifi30 kyrkүjek 1520 6 kyrkүjek 1566 Lakap aty Zanshy I Sүlejmen Izashary I SәlimIzbasary II SәlimMurageri Mustafa shaһzada 1520 1541 1543 1553 Mehmet shaһzada 1541 1543 Sәlim shaһzada 1553 1566 Tu Manisa sanzhakbeji1512 30 kyrkүjek 1520Monarh I SәlimIzashary Қorkyt shaһzadaIzbasary Mustafa shaһzadaTu Kefe sanzhakbeji1505 1512Monarh II BayazitӨmirbayanyMamandygyAkyn zerger kolbasshyDini IslamDүniege kelui 6 karasha 1494 1494 11 06 Trabzon Osmanly memleketiҚajtys boluy 7 kyrkүjek 1566 1566 09 07 71 zhas Sigetvar Mazharstan patshalygyZherlendi I Sүlejmen mazary YstambulDinastiya Osmanly әuletiӘkesi I SәlimAnasy Ajsha Hafsa sultanZhubajy Fүlane sultan Gүlfem sultan Mahidәuren sultan Hүrrem sultanBalalary Ұldary Mahmut shaһzada Murat shaһzada Mustafa shaһzada Mehmet shaһzada Әbdulla shaһzada Ahmet shaһzada II Sәlim Bayazit shaһzada Zhiһangir shaһzada Қyzdary Mihrimah sultan Razie sultanҚoltanbasyI Sүlejmen Ortakkordaondeu ӨmirbayanyI Sүlejmen 1494 zhyly Trabzonda dүniege keldi Atasy II Bayazittin tusynda Kefenin sanzhakbeji boldy Kejin 1512 zhyly әkesi I Sәlim takka otyrganda Manisa sanzhakbeji lauazymyna auysty Osy lauazymda әkesi kajtys boluyna dejin yagni 1520 zhylga dejin boldy Әkesi kajtys bolgan son shaһzadaga osmanly sadragzamy Pir Mehmet pashadan hat keldi osy hatta sadragzam zhana sultandy takka otyru үshin elordaga shakyrdy Osylajsha 26 zhastagy I Sүlejmen osmanly sultanyna ajnaldy Uolsi kardinal Veneciya elshisine bylaj dedi Bul sultan Sүlejmenge zhiyrma alty zhyl akyl esinen ajyrylmagan әkesi sekildi әreket zhasauynan kauiptengen zhon Bilik kurgannan kejingi en algashky kadamdarynyn biri әkesi shynzhyrga bajlagan mysyrlyk tekti tutkyndardy bosatu Basynda europalyk bileushiler zhana sultandy mejirimdi zhәne bejbitshil dep ojlady sondyktan onyn bilik kuruyna kuanyshty boldy Alajda olar Sүlejmennin әkesi Zhauyz Sәlimge uksajtyn zherleri bar ekenin eskermedi ol da әkesi sekildi zhaulaulardy zhaksy korgen eken Basynda sultan veneciyalyktarmen dostyk karym katynasta boldy Veneciya osmanlylardyn Mazharstan men Rodoska zhasajtyn zhoryktarga dajyndaluyna esh үrejsiz bakylady Balkan sogystary I Sүlejmen tusyndagy Osmanly memleketi I Sүlejmen Mazharstan men Chehiya patshasy II Lajoshka alym salyk mәselesimen elshi zhiberedi Patsha zhas boldy zhәne ozinin shonzharlaryna karsylyk bildire almady Al onyn shonzharlary osmanly elshisin zyndanga laktyrdy kejbir derekter bojynsha oltirdi Shonzharlardyn osyndaj kylyktaryn I Sүlejmen sogys үshin syltau retinde pajdalandy 1521 zhyly osmanlylar Dunaj zhagalauynda ornalaskan Shabac bekinisin alyp Belgradty korshady Mazharlar baska europalyk memleketterden komek kүtti alajda barlyk zherde mazhar elshilerin suyk karsy alyp otyrdy Belgrad sonyna dejin korgandy alajda kala gornizonynan 400 dej adam kalganda kala osmanlylarga tize bүguge mәzhbүr boldy 1525 zhyly Қyzyr pasha Alzhirdi tolyk bagyndyryp sol zherdi Osmanly Sultandygynyn en manyzdy ielikterinin birine ajnaldyrdy Al 1533 zhyly Қyzyr pasha Osmanly flotynyn kaputan pashasy bolyp tagajyndaldy Onyn arkasynda osmanlylar kүlli Zherorta tenizinin әmirlerine ajnaldy Osmanly floty Gibraltarga zhetti 1526 zhyly I Sүlejmen 100 myndyk әskerimen Mazharstanga zhoryk zhasady 29 tamyzda Mohach shajkasynda osmanlylar mazharlardy zhermen zheksen etti 1527 1528 zhyldary I Sүlejmen Slavoniya Bosniya zhәne Gercegovinany zhaulap aldy 1528 zhyly Transilvaniya bileushisi Yanosh Zapolyai ozin I Sүlejmennin vassaly dep mojyndady 1529 zhyldyn tamyzynda oz vassalynyn kukygyn korgau syltauymen Mazharstan elordasy Budany zhaulap austriyalyktardy sol kaladan kudy Al sol zhyldyn kyrkүjeginde osmanlylar Austriya elordasy Venany korshap Bavariyaga basyp kirdi 1532 zhyly 80 myndyk osmanlylar tek 800 korgaushylary bar Koseg kalasyn korshady alajda erlikpen erekshelengen Koseg garnizony osmanlylardyn 19 shabuylyn kajtaryp kalany aman kaldyrdy Bul sәtsizdik I Sүlejmennin Mazharstan men Austriyaga katysty zhosparlaryn buzdy Austriyalyktar osmanlylarmen bitim shartka otyruga mәzhbүr boldy Bitim shartka sәjkes austriyalyktar I Sүlejmenge alym salyk tolep onyn Mazharstannyn shygysy men ortalygyndagy zhaulaularyn mojyndady 1538 zhyly I Sүlejmen Moldov knyazdigine kirip Dnestr men Prut ozenderinin sagalaryn ozine karatty 1540 1547 zhyldary I Sүlejmen Austriyamen sogysty zhanartty 1541 zhyly osmanlylar Budany 1543 zhyly Estergomdy al 1544 zhyly Vishegradty Nogradty zhәne Hotvandy basyp aldy 1547 zhyldyn 19 mausymynda zhasalgan bitim shart bojynsha Austriya Sүlejmenge alym salyk toleuin zhalgastyrdy Mazharstannyn ortalyk ajmaktarynda zhana pashalyk kuryldy al Transilvaniya Osmanly Sultandygynyn vassaly boldy Parsy zhorygy I Sүlejmen Nahichevan zhorygynda 1533 zhyly I Sүlejmen parsylarmen ote uzak sogys bastady Sol kezde Parsy elin әlsiz shaһ I Tahmasp biledi Sefevid әskerinin Muhammed Shajbani hanga karsy zhoryk zhasauyn pajdalanyp I Sүlejmen Әzirbajzhanga basyp kirdi Ol zherde Sүlejmen zhagyna Tekeli tajpasynyn basshysy Ғulama әmir turdy 1534 zhyldyn kyrkүjeginde osmanlylar Sefevid Memleketinin elordasy Tebrizge kirdi Sodan kejin I Sүlejmen osmanly sadragzamy Pargaly Ibraһim pasha әskerimen kosylyp birge Bagdatka attandy Sol zhyldyn karashasynda osmanlylar Bagdatka basyp kirdi Sodan kejin osmanlylarga Basra Huzistan Lurestan Bahrejn zhәne t b elder men kalalar bagyndy 1535 zhyly I Tahmasp Tebrizdi kajtardy alajda sol zhyly I Sүlejmen kalany tagy da zhaulap aldy Sodan kejin sultan Diyarbakyr arkyly Halapka kelip sol zherden 1536 zhyly Konstantiniege kajtyp keldi 1548 zhyly osmanlylar Tebrizdi tortinshi ret zhaulap aldy I Tahmasp oz elordasynyn korgana almajtynyn korip elordany Kazvinge koshirdi Al osmanlylar Қashan men Қumga dejin zhetip Isfaһandy basyp aldy 1552 zhyly Erevan kulady al 1554 zhyly I Sүlejmen Nahichevandy bagyndyrdy bolgan 1555 zhyldyn mamyryndagy bitim shart bojynsha sefevidter osmanlylarga Irakty ontүstik shygys Anadolyny zhәne Imeretiyany otkizdi Onyn ornyna osmanlylar sefevidterge Kүngej Kavkazdyn үlken boligin berdi Teniz sogystary 1522 zhyldyn 26 mausymynda Rodos araly korshaldy al 20 zheltoksanda aral berildi 1524 zhyly Zhiddadan shykkan Osmanly floty Қyzyl tenizde portugal kemelerin zhojyp olardy sol ajmaktan tazartty I Fransua men I Sүlejmen Tician 1530 zhyl 1533 zhyly Қyzyr Қajyreddin pasha Osmanly flotynyn dariya kapitany bolyp tagajyndaldy Bul tagajyndau osmanlylardyn kelesi teniz zhenisterinin sebebi bolady Sebebi Қyzyr Қajyreddin pasha osy teniz zhenisterinin kobisine ozi zhetti 1534 zhyly ol Tunisti basyp aldy alajda 1535 zhyly ispandyktar bul zherdi ozine karatty I Sүlejmen tenizdegi bedelin arttyru үshin 1536 zhyly francuz patshasy I Fransuamen kupiya odak kurdy Alzhirlik teniz karakshylary Franciyanyn ontүstigindegi kemezhajlarda tirek etuge ruksat aldy 1537 zhyly alzhirlikter europalyktarga karsy sogys ashty Қyzyr Қajyreddin pasha Korfuny tonap Apuliyanyn zhagalauyna shabuldap Neapolga kauip tondirdi 1538 zhyly Veneciya Ispaniyamen zhәne Papa oblysymen odak kuryp osmanlylarga shabuyl zhasady Alajda Egej tenizindegi Veneciya araldaryn ojrandap Zante Egina Cherigo Andros Paros zhәne Naksos araldaryn zhaulap aldy 1538 zhyldyn 28 kyrkүjeginde Gabsburgtardyn en kuatty admiraly Andrea Doria men Osmanlylardyn en kuatty admiraly Қyzyr Қajyreddin pasha arasynda Preveze shajkasy boldy Nәtizhesinde Osmanly floty Veneciya Genuya Ispaniya zhәne Papa oblysy birikken teniz әskerin talkandady 1538 zhyly osmanlylar Ontүstik Arabiya men Үndistanga үlken zhoryk ujymdastyrdy 13 mausym kүni osmanly kemeleri Suecten shygyp 3 tamyz kүni Aden kalasynyn kemezhajyna toktady Zhergilikti bileushi olardy syj syyapatpen karsy aldy alajda teniz karakshylary bileushini darga asyp kalany ojrandady Sodan kejin olar әri karaj zhүzip Gudzharat zhagalaularyna zhakyndap Diu kalasyn korshady Үndistandyk musylmandar osmanlylarga komektesti alajda portugal eskadrasy zhakyndaganda gudzharattar songylarmen kelisim zhasasyp osmanlylardyn korshauyna tojtarys berdi 1540 zhyldyn 20 kazanynda I Sүlejmen Veneciyamen bitim shart zhasasty Shart bojynsha Veneciya Қyzyr Қajyreddin zhaulap algan araldardy sondaj ak Napoli di Romano men Malvaziya atty kalalardy osmanlylarga resmi tүrde otkizdi ogan kosa 30 myn dukat salyk toledi Lepanto shajkasyna dejin osmanlylar Zherorta tenizinin әmirleri boldy Franciya Europadagy kogamdyk kozkarastyn ykpalynan osmanlylarmen odakty resmi tүrde үzdi Alajda is zhүzinde I Sүlejmen tusynda francuzdar osmanlylarmen birge ispandyktar men austriyalyktarga karsy shygyp otyrdy 1541 zhyly Қyzyr Қajyreddin pasha ispandyktardyn Alzhirge karsy zhorygyna tojtarys bere aldy Osmanlylar francuzdarga 1543 zhyly Niccany al 1553 zhyly Korsikany aluga komektesti 1547 1554 zhyldary osmanlylar men portugaldar arasynda Үndi muhitynda shajkastar bolyp zhatty 1550 zhyly osmanlylar portugaldardan Қatif kalasyn kajtaryp aldy 1552 zhyly osmanly eskadrasy portugaldardan Maskat bekinisin tartyp aldy birak 1553 zhyly Ormuz bugazyndagy shajkasta al 1554 zhyly Maskat zhanynda zhenildi 1551 zhyly Osmanly floty Tarabolysty zhaulap alyp barlyk Liviyany bagyndyrdy 1553 zhyly osmanlylar Uattasid әuletinin vassal retinde bilikterin zhanartu maksatymen Marokkoga basyp kirdi alajda sәtsizdikke ushyrady 1555 1557 zhyldardagy Sudan zhorygy nәtizhesinde bul el osmanlylarga bagyndy 1557 zhyly osmanlylar Massauany al 1559 zhyly barlyk Eritreyany zhaulap Қyzyl tenizinde oz basymdylyktaryn ornatty I Sүlejmen mazary 1565 zhyldyn 18 mamyrynda 180 kemeli Osmanly floty Malta zhagalaularyna 30 myn zhauyngerdi tүsirip Maltaga shabuyl zhasaj bastady Birak ioannit seriler barlyk shabuyldarga tojtarys bere aldy Osmanlylar әskerdin tortten bir boliginen ajyrylyp araldan ketuge mәzhbүr boldy Resejmen karym katynas I Sүlejmen tusynda osmanlylar orystarmen auyr karym katynasta boldy Onyn basty sebebi Mәskeu memleketi men Қyrym handygynyn arasyndagy sogys Қazan handary men Sibir handary ozderin I Sүlejmennin vassaly dep mojyndady Bul handyktar ozderine tuys bolgan tүrikterden mәmilegerlik әri әskeri komek aluga үmettengen Alajda osy elderdin Osmanly memleketinen alys bolgan son bul үmitteri үzildi Osmanlylar kyrymdyktardyn Orys zhoryktaryna katysyp otyrdy Azhaly 1566 zhyldyn 1 mamyrynda I Sүlejmen ozinin songy on үshinshi zhorygyna attanady 5 tamyzda osmanlylar Sigetvardy korshaj bastady 7 kyrkүjekte sultan osy korshau kezinde ozinin shatyrynda kajtys boldy Kelesi kүni Sigetvar kamaly kulady Sultan denesi Konstantiniege әkelinip Sүlejmenie meshitinin zhanyndagy arnajy salyngan mazarda zherlendi Kejbir tarihshylardyn ajtuynsha sultannyn zhүregi men kejbir ishki agzalary sultan olgen shatyrdyn zherinde zherlengen ZhanuyasySүlejmen men Hүrrem I Sүlejmen әjel әsemdigin unatatyn Onyn sarajynda koptegen kүnder omir sүrdi birak onyn zhүreginde tek bir gana әjel bar edi ol әjel gana zandy zajyby boldy onyn esimi Hүrrem sultan Shynymen de sultan tek Hүrrem sultanmen gana nekeni kidy Neke kigannan kejin bүkil Konstantinopolde dүrkiregen toj otkizildi I Sүlejmennin akyndyk oneri onyn zajyby Hүrremge degen mahabbatymen tikelej bajlanysty I Sүlejmen Hүrrem sultannan alty bala sүjdi Mehmet shaһzada 1521 1543 1541 1543 zhyldary Manisa sanzhakbeji boldy Kejbir derekterge sәjkes Mehmet shaһzada sheshek auruynan kajtys boldy Mihrimah sultan 1522 1578 1539 zhyly uәzir Damat Rүstem pashaga turmyska shykty 1558 1578 zhyldary 20 zhyl bojy garem basshysy boldy Әbdulla shaһzada 1523 1526 balalyk shagynda kajtys boldy II Sәlim 1524 1574 Osmanly memleketinin 11 shi sultany Islam halifatynyn 76 shy halifi Bayazit shaһzada 1526 1561 әr zhyldarda Konya Amasya zhәne Kүtahiya sanzhakbeji boldy 1561 zhyly әkesine karsy bүlik shygardy degen ajyppen olim zhazasyna kesildi Zhiһangir shaһzada 1532 1553 tumysynan bүkir bolgan shaһzada birak sogan karamastan ol omirinin songy zhyldarynda Aleppo sanzhakbeji boldy Sadragzamdary Esimi Қyzmet atkargan merzimi Uakyty36 Pir Mehmet pasha 30 kyrkүjek 1520 27 mausym 1523 3 zhyl37 Pargaly Ibraһim pasha 27 mausym 1523 14 nauryz 1536 13 zhyl38 Ayaz Mehmet pasha 14 nauryz 1536 13 shilde 1539 3 zhyl39 Lүtfi pasha 13 shilde 1539 sәuir 1541 2 zhyl40 Hadym Sүlejmen pasha sәuir 1541 28 karasha 1544 3 zhyl41 Damat Rүstem pasha 28 karasha 1544 6 kazan 1553 9 zhyl42 Қara Ahmet pasha 6 kazan 1553 29 kyrkүjek 1555 2 zhyl43 Damat Rүstem pasha 29 kyrkүjek 1555 10 shilde 1561 6 zhyl44 Semiz Әli pasha 10 shilde 1561 28 mausym 1565 4 zhyl45 Sokolly Mehmet pasha 28 mausym 1565 6 kyrkүjek 1566 1 zhylӨnerde Roksolana telehikayasy 1996 2003 zhzh I Sүlejmen rolinde Anatolij Hostikoev Hүrrem sultan telehikayasy 2003 zhyl I Sүlejmen rolinde Әli Sүrmeli Age of Empires III kompyuterlik ojyny 2005 zhyl I Sүlejmen Osmanly memleketinin basshysy retinde Sid Meier s Civilization IV Beyond the Sword kompyuterlik ojyny 2007 zhyl I Sүlejmen Osmanly memleketinin basshysy retinde Sid Meier s Civilization V kompyuterlik ojyny 2010 zhyl I Sүlejmen Osmanly memleketinin basshysy retinde Assassin s Creed Revelations kompyuterlik ojyny 2011 zhyl Sүlejmen shaһzada basty kejipkerdin koldaushysy bolady Sүlejmen sultan telehikayasy 2011 2014 zhzh I Sүlejmen rolinde Halit Ergench Derekkozderhttp serke org node 3765 Muragattalgan 23 kyrkүjektin 2016 zhyly Vengriyada I Sүlejmen sultannyn ziraty tabyldy Ұly Osmanly Memleketinin sultandaryIzashary I Sәlim I Sүlejmen 30 kyrkүjek 1520 6 kyrkүjek 1566 Izbasary II SәlimI Osman Orhan I Murat I Bayazit Sultanaralyk I Mehmet II Murat II Mehmet II Murat II Mehmet II Bayazit I Sәlim I Sүlejmen II Sәlim III Murat III Mehmet I Ahmet I Mustafa II Osman I Mustafa IV Murat Ibraһim IV Mehmet II Sүlejmen II Ahmet II Mustafa III Ahmet I Mahmut III Osman III Mustafa I Әbdilhamit III Sәlim IV Mustafa II Mahmut I Әbdilmәzhit Әbdilgaziz V Murat II Әbdilhamit V Mehmet VI Mehmet II Әbdilmәzhit songy halif Әulet Shezhire Sanat