Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шығыс қу» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сәнби және ұқуан тайпалары кірген. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасаған. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаңюйлерінің қол астына түскен, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкөлден арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың -Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылады. Шежіреші б.з.б. 201 жылы сүннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Қуңюй, Түсүйше, Динлин, Гекүң және Сіңлі елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сүннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б.з.б. 201 жылғы жорық кезінде ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырған, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына қаратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, археологиялық материалдар да көрсете алмады.
Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне қоса олар батыста да қызу кимыл көрсете бастайды. Б.з.б. 177 жылы Мөде көршілеріне қарсы өз бетімен қимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы түктерін (кінәздерін) юедилерге қарсы жорыққа аттандырады. Ғұндардың атты әскерлері Жаңие-Гәңжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыратып, сонымен бірге ғұндардың қалыптасып жатқан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті бағындырған. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаңюй былай деген: «Аспанның рақымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып, жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе бағындырып, (өз билігін) нығайтты. Лоулаң, Ұсын, Құтзе және оларға шектес 36 үлес (кінәздік) сүннулерге қаратылды. Олардың бәрі сүннулердің әскеріне кіріп, бір әулетке айналды».
Бұл құжат өте маңызды, бірақ сын көзбен қарауды талап етеді. «Отыз алты мемлекет» деп қазіргі Шығыс Түркістан аумағында орналасқан кінәздіктер, яғни жалпы алғанда батыстағы Каспий теңізінің жағалауына дейінгі бүкіл жер айтылған. «Тарихи жазбалардың» (Шитізи) авторы Сыма Цянь юедилердің «толық» талқандалғаны туралы хабарды құп алып, бұл орайда б.з.б. 177 жылы қытайларға юедилердің (юечжилердің) Сары өзеннің солтүстік ойпатынан батысырақта мекендеген бір бөлігінің ғана белгілі болғанын ескермеген. Қытай деректемелерінде юеди деп аталған көшпелі тайпалар Грек-Бақтрияны талқандағаннан кейін олар туралы мәліметтер өзінен-өзі бүкіл Орта Азияға да тарала бастайды.
Сірә, б.з.б. 177 жылы сүнну-ғұндардың Тынық мұхиттан Каспий теңізінің жағалауына дейінгі барлық елдерді бір кінәздің атты әскері күшімен бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек. Дегенмен де, шығыстағы юедилердің бағындырылғанына күмән жоқ, нақ сол сияқты Лаулаң, Ұсын және Қутізе бірлестіктерінің юедилерге тәуелді болғаны туралы хабар да рас. Бұл этникалық-саяси атаулардың жағырапиялық орны онша айқын емес. Қазіргі қартаға Лобнор ауданындагы Лаулаң (Крораина) кінәздігі ғана азды-көпті сәйкес келеді. Қытай жазбаларындағы басқа деректердің есімен теңестірілген Қутізе жерінің немесе тайпасының этнонимі жергілікті Айғыр атауынан шығуы мүмкін. Ол Ұсын және Тізәң- күң елдерінің арасында, яғни шамамен Оңтүстік Алтайда болған. Геродоттың тайпасы осы маңайда орналасқан деп саналады. И. X. Дворещсийдің пікірінше, аргиппейлер деген сөз ертедегі гректерше «арғымақ», «тұлпар» дегенді білдірді, демек нақ сол ұғымға жақын әлдебір жергілікті атаудың аудармасы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ертедегі қытай тілінің жоғарыда аталған транскрипцияларын түркілердің «арғымақ» немесе «айғыр» деген сөздерімен салыстыру дұрыс сияқты. Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі әртүрлі тайпалар немесе этникалық- саяси құрылымдар кірген. Конфедерацияның қоғамдық өміріне бір орталыққа бағынғысы келмейтін қуатты күштер, кең-байтақ жердің әр түрлі аудандары арасында берік саяси және экономикалық байланыстардың болмауы зор ықпал жасады. Алғашқы кезде біршама бірлік ғұн қоғамындағы фратрияаралық ұйымның ерекше түрі болуы арқылы орнаған.
Сүнну-ғұн тарихынан әулеттік бірлестіктің үш, ал кейін төрт экзогамиялық билеуші рулардан (фратриялардан) тұрғаны мәлім. Деректемеде былай делінген: «Құйаң руы, Лаң руы, олардан кейін Сүйбу руы пайда болды; оларда ең атақты тармақтар да нақ осы үш әулет»11. Бұл орайда сол қанатты құрайтын Құйаң руы ең атақтысы болған, ал Лаң және оған еншілес Сүйбу он қанат болған. Бір қызығы, шаңюйлік Луаңти руы атақты ру деп аталмаған. Ал Құйаң мен Лаң шаңюймен құдандалы туыс болған. Біздің заманымызға жақындағанда құдандалы туыстық біраз өзгерген. Оңтүстік сүннулерде шаңюй руы Сүй-Ляң-ти деп атала бастады, басқа ақсүйектер әулетінен Құйаң, Сүйбу, Тсүлиң және Лаң аталған. «Осы төрт әулет олардың елінде атақты рулар болған және әдетте шаңюймен құдандалы туыс еді». Онда бұдан әрі былай делінген: «Құйаң руы сол (яғни шығыс және үлкен) қанат, ал Лаң және Сүйбу рулары оң (яғни батыс және кіші) қанат болған». Тағы екі ғасырдан кейін олардың патшалық руы алмасқан және өз атауын өзгерткен. Тізіп келтірілген ең атақтысы енді Дүге (Тұғлақ) руы болып шығады, ол «ең батыр және ұлығы болған, сондықтан шаңюйлер солардан шыққан. Олардың атақты төрт руы Құйаң руы, Сүйбу руы, Лаң руы, Тсәо (Тсүлиң) руы болған, бірақ ең атақтысы — Құйаң руы, одан канцлерлер, сол және оң қанаттағы житшүлер шықкан». Уақыт өте келе шаңүй руының белгісіз рудан «ең ержүрек» болуы негізінде «ең ұлық» руға айналған эволюциясы ерекше көрінеді. Тегінде, мұнда белгілі бір кезеңде сол кезде-ақ болған ер адам жағынан мұраға қалатын қағидатты көрсеткен еркек (патриархаттық) тегінің іс жүзінде үстемдік етуімен дуалдық ұйым қалыптасқан болса керек.
Б.з.б. I ғасырдың орта шенінде-ақ сүнну қоғамы өзінің вассалдық иеліктерінен айырылумен бірге «байырғы» құрамында екі топқа — Қуқаңиешаңүй бастаған оңтүстік және Чжичжи басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік сүннулер Ордос аумағында мекендеп қалды да, солтүстік сүннулер өз тайпаластарының қысымымен Саян мен Байкөл өңіріне ыгысып, солтүстік пен батысқа қарай қоныс аударған.
Б.з.б. 49 жылы Чжичжи көрші кінәздікке дипломатиялық сапарға кеткен Қуқаңиенің аз уақыт болмауын пайдаланып, оның жерін басып алып, сол арқылы конфедерацияның бірлігін қайта орнатуға әрекет жасайды. Алайда оның күші оған жетпеген. Шежірешінің айтқанындай, «Чжичжидің өзі сүннуде күшпен нығая алмайтынын білді». Ол үйсін гүңмосы Үтізутудан көмек сұрағанеді, бірақ соңғысы оның елшісінің басын алып, Чжичжиге шабуыл жасауға 8000 атты әскер жібереді. Чжичжидің атты әскері үйсіндердің жасағын талқандайды, ал одақтассыз қалған Чжичжи оңтүстік ғұндардың жерінен кетуге мәжбүр болады. Одан әрі деректемеде бұл және одан кейінгі оқиғалар былайша суреттеледі: «Чжичжи үйсін әскерінің көп екенін, өз елшісінің әлі оралмағанын көріп, өз әскерін орналастырды да, үйсіндерге лап қойып, оларды тас-талқан етті; солтүстікке бет бұрып, Үтізеге соққы беріп, бағындырады. Чжичжи өз әскерінің көмегімен батыстағы Тізәңкүңді қиратып, солтүстікте Данлинді бағындырады. Үш кінәздікті бағындырған соң ол бірнеше рет үйсінге әскер жіберіп, әдетте оны жеңіп жүрді.»
Тарихы
Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.
Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.
Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)
Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.
Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.
Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.
Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.
Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.
Шаруашылығы
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.
Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Олар малдың барлық түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль деп аталған. Осы стиль Орталық Қазақстанда дамыған. Зерлеу әдісімен пайдаланды. Бұйымдарды безендіру үшін негізгі бейне жабайы аңдар болған.
Мал шаруашылығы
Ғүндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығының маңызы зор болған. Мал санының өсуіне байланысты мал өсірушілер жаңа аумақты игеруді эəне шұрайлы жайылымдарды алуды көздеді. Жайылымды жиі-жиі ауыстырып, малды барған сайын қоныстардан алыс жерге жаю күшейді. Қытай деректерінде олардың үй малынан жылқы, ірі қара жəне қой-ешкі өсірген, біразя түйе, есек ұстайтынын жазады. Олар үй малымен тамақтанып, олардың терісін киім қылып, жүн мен терісін киім, жамылғы есебінде пайдаланды.
Ғүндар ат сайысы ойындарының негізін салған. Ал қойдың етін, терісін, жүнін пайдаланды. Малдың бəрі дерлік бүкіл жыл бойына өрісте жайылып бағылды. Сондықтан жазда қуаңшылық немесе қыста көктайғақ жұт болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып отырды. Ғұндар қосымша кəсіп ретінде аң аулаумен де айналысқан. Бұл кəсіп негізінен өздерініе азық қорларын молайту үшін жəне сейіл құру үшін жүргізілген.
Егіншілік кəсібі мен қоныстары
Ғүндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Ғұндар дəнді дақылдың ішінде тарыны көп өсірген. Егіншіліктің жақсы дамығанын білдіретін темір орақ, соқа тістері, қол диірмендер, дəнүккіштер сияқты егін салуға жəне оны жинап алуға қажетті құрал-саймандар табылған. Ал үй-жайлардың ішінен астық сақтайтын ұралар табылса, еден, қабырғалар сылағынан, шикі кірпіштердің арасынан сабанның қалдыхтары кездеседі.
Олар негізінен киіз үйлерде тұрды. Киіз үй торкөз кереге, уық, шаңырақ жəне киіз жабуынан тұрды. Киіз үйдің төріне қамшы, ағаштан жасалған қынабы бар семсер, садақ, жебелер салған қорамсақ т.б. іліп қоятын болған.
Қоғамдық құрылысы
Ғұн тайпаларында əлеуметтік теңсіздік қалыптасты. Ауқатты отбасылардың немесе үстем тап өкілдерінің қабірлерінен қымбат бағалы заттар көп табылады. Кедей адамдардың қабірлерінде қарапайым жасалған арзан бұйымдар кездеседі, кейбір қабірлерден ешбір зат табылмайды. Ғүндардың билеушісі тобы ақсүйектер рудың мүддесін қорғап, көсем ретінде бар мəселені шешіп отырды.
Қоғамы
Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған.
Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.
Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен, үйсіндермен, қаңлылармен қарым-қатынасы
Ғұндардың юэчжи тайпасымен күресі ғұндардың жеңісімен аяқталды. Юэчжилер тек біздің заманымызға дейін 174—165 жылдары түпкілікті талқандалды. Нәтижесінде, юэчжилер Орталық Азияға шегініп, Әмударияның жоғарғы ағысына жылжиды. Ғұндарға бағынғандардың арасында үйсіндер де бар еді. Қытай жазбаларында 36-ға жуық ұлыстардың бағындырылғандығы айтылған. Мөде біздің заманымызға дейін 174 жылы қайтыс болды.
Мөденің баласы Лаушан тұсында юэчжилер тасталқан болып жеңіліп, олардың бір бөлігі Жетісуды мекен етті. Жетісудағы сақтардың бір бөлігі юэчжилердің қысымынан Ферғананы басып өтіп, Парфия, Бактрияға жылжып, келесі бір бөлігі Ауғанстан Солтүстік Үндістанға (Кашмирге) өтіп кетеді. Үлкен юэчжилер Жетісуды 30—40 жыл шамасындай ғана иемдене алды. Кейін Жетісуды үйсіндер юэчжилерден тартып алды. Ғұндардың әскери көмегінің арқасында үйсіндер осылайша Жетісуға орналасқан болатын. Батысқа қарай ығысқан юэчжилер Бактрияны өзіне бағындырады. Олардың енді бір бөлігі үйсіндермен араласты.
Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бұл, әсіресе ғұндарға тиімді еді. Біздің заманымызға дейін 158 жылы шекарадағы сауда көздерін кеңейту мақсатында тәңіркұты Қытайға қарсы соғыс ашты. Біздің заманымызға дейін 152 жылы ғұндармен тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда сауда орындары ашылады. Сонымен қатар Гобиден оңтүстікке қарай жайылымдарды қайтарып алады.
Біздің заманымызға дейін 133 жылы ғұн-қытай соғыстарының жаңа кезеңі басталды. Бұл жолы соғысты қытайлықтар бастады. Әскери кимылдар бұрынғы ғұн аумағына ауысты. Соңғы ұрыста 90 мың ғүн әскері талқандалды. Біздің заманымызға дейін 90-жылдардағы қақтығыстарда 70 мың қытай әскері ғүн әскерін жеңе алмады. Өз күшімен ғұндарды жеңе алмайтындығына көзі жеткен Қытай билеушілері енді 20 жыл үзілістен кейін басқа көшпелі тайпаларды ғұндарға қарсы айдап салуға кірісті. Біздің заманымызға дейін 71 жылы ғұндар бағындырған елдерді өз жағына тарта бастады. Солардың қатарында үйсін билеушісіне елші жіберіп, некелік байланыстар орнатады. Ғұндар да қарап қалмай, өз кезегінде үйсін күнбиіне (гуньмосына) бір қызын береді. Ал ғұндар мен қытайлықтар арасындағы текетірес одан әрі жалғаса берді. Ғұндар енді қытайлықтардың одақтасы — үйсіндерден кек алуға кіріседі. Үйсіндердегі қытай ханшасы император сарайына хат жолдап, үйсіндерге көмек беруін талап етеді. Қытайдың 100 мың атты әскері ғұндарға қарсы аттанады. Үйсіндердің өзі 50 мың әскер шығарады. Біріккен үйсін-қытай күштеріне қарсы тұра алмаған ғұндардың 39 мың беделді адамдары қолға түсіп, 700 мың малы жаудың қолында қалды. Бұл ғұндар үшін орны толмас ауыр соққы болды. Біздің заманымызға дейін 71 жылы үйсіндерге шабуылға шыққан ғұндарға шығыстан дунхулар, батыстан үйсіндер шабуыл жасады. Ғұндар әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Бүкіл малдарының тең жартысынан айырылады. Үштен бір бөлігі алаңында қаза табады. Адамдарының 3/10 бөлігі аштан өледі. Қытай әскерлері де үш бағытта шабуылдап, мыңдаған әскерді тұтқынға түсіреді. Қытайлықтар ғұндарға қарсы көршілерін айдап салуын жалғастыра берді. Ғұндардан тартып алған жерге әскери еңбек армияларын орналастырады.
Біздің заманымызға дейін 59 жылы Қытай Батыс өңірді басқаратын орган кұрды. Енді ғұндардың өз ішінде де іріткі басталып, билікке талас туған еді. Билікке таласудан, ішкі-сыртқы дағдарыстардан Ғұн мемлекеті ыдырап, біздің заманымызға дейін 55 жылы оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік топ — Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Ал Чжи-Чжи бастаған ғұндардың солтүстік бөлігі Қытайдың қысымымен батысқа ауады.
Біздің заманымыздың Ill ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Қазақстан мен Жетісуға келген ғұн тайпалары V ғасырға дейін өмір сүрген Юэбан мемлекетін құрды. Бұрынғы солтүстік ғұндардың ұрпақтары болып саналған аталмыш мемлекет дәстүрлі тәңірқұты атағын алды.
Деректерде юэбандықтардың тілі ежелгі түрік тіліне жақын болғандығы туралы бар.
Қосымша
Ғұндар, хұндар - ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарынын арғы тегі. Біздің заманымызға дейін 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы кезде солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында Ғұндар гуй фан, гун руң, хун ю, шиан ю, шиұң ну секілді, т.б. атаулармен берілген. Біздің заманымызға дейін 3 ғасырдыңдың соңына қарай Ғұндар бірігіп әскер түзеп, өздерінің мемлекетін құрды. Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды елағасы — бек биледі. Әрбір рудың көшіп жүретін өз жері болды. Жоғары билеушісі "Тәңірқұт "лауазымын иемденген. Қытай деректерінде Ғұндардың жоғары билеушісі "шаньюй" деп аталады. Ғұндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығы басты рөл атқарады. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген. Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Ғұндар дәнді ішінде тарыны көп өсірген. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңтейде болған. өнердегі полихром стилін дүниеге әкелген. Ат үсті ойындарының негізін салған. Көктөңіріне табынын, ата-баба рухына сиынған. Өздерінің дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырған. Онда, негізінен, мыналар көзделген: "Ұрлық жасап, кінәлі болғанның жері алынады, шайқаста жаудың басын шауып алған немесе оны тұтқынға алған адамға бір кеспек шарап сыйланады, қолға түсірілген олжа соған беріледі, ал тұтқынға алынғандар соның құлдары мен күндері етіледі; ұрыс алаңында қаза тапқан адамның сүйегін кім өкелсе, оның отбасының бүкіл мүлкін сол алады". Ғұндар өз арасында қылмыс жасап айыпты болғандардың бетін тілген. Тілінген беттің тыртығы бұрынғы қынмысын білдіріп тұратындықтан, ондай адамдардың қайта қылмыс жасауға батылы бара бермеген. Себебі, келесі жазаланғанда өлім жазасына кесілетін. Ғұндар соғыс тұтқындарын құл қылып, оларды үй қызметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыртушылар ретінде пайдаланған. Ер азаматтарының барлығы дерлік қатардағы жауынгер саналған. Ғұндар әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Салт атты жауынгерінің қару-жарағы — садақ, семсер, қанжар, найза, бұғалық (ұры құрық). Ғұндардың жауынгерлік құдіретінен сескенген қытайлықтар ұлы Қытай қорғанын салдырған. Ғұндардың күшті мемлекет болып отыруы кытайлықтарға ұнамады. Олар ғұндарды әлсіретудің жолын іздеді. Біздің заманымызға дейін 209 жылдан Ғұндарды Мөде басқарды. Мөде билік еткен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, күйрете соққы берді. Кескілескен күресте әскери-саяси қуаты басым Хань әулетін ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәмеленуден бас тартуға мәжбүр етті. Хань императоры Мөденің алдында бас иіп, онымен "тыныштық және туыстық туралы шартқа" қол қоюға мәжбүр болды. Бұл шарт бойынша ол Мөдеге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын "сыйлық" ретінде салық төлеп тұруға , кейін ол салықты үнемі төлеп тұрды. Шығыста Мөде "шығыс ху" тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және алқаптарында мекендеген сяньби және ухуань тайпалары кіретін еді. Батыста юечжи тайпаларына жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ Ғұндардың қол астына түсті. Біздің заманымызға дейін 201 жылы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды. Біздің заманымызға дейін 177 жылға қарай Тынық мұхиттан Каспий тауының жағалауына дейінгі жерлерді өздеріне қаратты. Осылайша ғұндар мемлекеті құрамына дунху, , (қырғыз), үйсін, қаңлы, т.б. тайпалары кірді. Біздің заманымызға дейін 1 ғасырдың орта шеніне қарай империяға айналған ғұндар мемлекеті толассыз қанды соғыстан, ұшыға түскен тақ таласынан, бір орталыққа бағынғысы келмеген күштердің әсерінен әлсірей бастады. біздің заманымызға дейін 56 жылы Ғ. Хуханье бастаған оңтүстік жене Чжичжи (Шөже) басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. оңтүстік Ғ. Ордос өңірін мекендеп қалды да, солтүстік ғұндар өз тайпаластарының қысымымен Саян және Байкал өңіріне ығысты. Біздің заманымызға дейін 49 жылы Чжичжи Хань империясының боданына айналған оңтүстік ғұндардың жерін басып алуға, сол арқылы бірлікті қайта орнатуға әрекет жасады. Бірак оның Бұл әрекетінен нәтиже шықпады. солтүстік ғұндарды 87-93 жылдары қытайлардың сяньби және динлин тайпаларының бірлескен одағы талқандалды. Жеңіліске ұшыраған солтүстік ғұндардың бір бөлігі 5 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияда өз мемлекетін құрып, Ауғанстан мен Иранды, Үндістанның біраз бөлігін жаулап алды. Хань империясының бодандығындағы оңтүстік ғұндар 304 жылы көтеріліс нәтижесінде Лю-хан атты өз мемлекетін құруға мүмкіндік алды. 318 жылы Лю-хан мемлекеті Үлкен Чжао және Кіші Чжао болып екіге бөлінді. 329 жылы Кіші Чжао Үлкен Чжаоны және солтүстік Қытайды бағыңдырды. 350 ж. шыққан тегі қытай болып келетін Кіші Чжаоның қолбасшысы Жан Мин мемлекет билігін тартып алын, Кіші Чжаодағы ғұндардың көп бөлігін қырып тастады. Бұл көп ұзамай Кіші Чжаоның құлауына алын келеді. оңтүстік ғұндар 4 ғасырдың соңына қарай қайта күшейе түсті. 5 ғасырдыңдың бас кезінде олардың әйгілі қолбасшысы Хэлян Баба Ся патшалығын, ал Мэн Сун көсем Бэй Лян патшалығын құрды. пен Нанынан (қазіргі ҚХР-дің Ганьсу провинциясы) өңірінде құрылған осы екі мемлекет 439 жылы тобғаштардың (тоба) шабуылы нәтижесінде қирады. солтүстік ғұндардың Еділ-Жайықтағы үлкен бөлігі 4 ғасырдың 2-жартысында Қара теңіз жағалауын, Днестрге дейінгі өлкені бағындырды. Сарматтарды тізе бүктірген соң аландарды талқандады. 375 жылы остгот, герул, генид, сақ тайпаларын бағындырын, Қап тауына жорық жасады. Ғұндардың Батысқа жорығы "халықтардың ұлы қоныс аударуына" түрткі болды. Ғұндар Еуропада өз империясын құрды.
Дереккөздер
- «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
- Ежелгі Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы : " Атамұра " 2009
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
- Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4
- Чека Улпиано (1860-1916), "Ғұндар Еуропада "
- Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Huns |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ғundar koshpeli halyk Ғundar tәnirshildik dindi ustanyp pajdalangan Sojleu tili de tүrki tili bolgan Shygysta Mode shygys ku tajpalaryn bagyndyrdy al onyn kuramyna shamamen alganda Kerulen zhәne Onon alkaptarynda mekendegen sәnbi zhәne ukuan tajpalary kirgen Mode batysta yuedi yuechzhi tajpalaryna karsy zhoryktar zhasagan Bul kezde kazirgi Koreyadan Tibetke zhәne Shygys Tүrkistannan Huanhenin orta agysyna dejin sozylyp zhatkan aumak gun shanyujlerinin kol astyna tүsken al soltүstikte gun konfederaciyasyna birikken tajpalar Bajkolden argy ontүstik audandarga dejingi aumakty alyp zhatty Derektemelerde gundardyn Altaj tajpalaryna zhasagan zhoryktary turaly da ajtylady Shezhireshi b z b 201 zhyly sүnnulerdin soltүstikke zhәne soltүstik batyska karaj zhorygyn zhalgastyryp Қunyuj Tүsүjshe Dinlin Gekүn zhәne Sinli elderin bagyndyrganyn habarlajdy Mәtinde berilgen tүsiniktemede әlgi ajtylgan bes eldin sүnnulerdin soltүstik zhagynda zhatkany ajtylady ol batysynda Kem Enisej ozeninen Ile alkabyna dejin sozylyp zhatsa kerek B z b 201 zhylgy zhoryk kezinde gundar Altaj tajpalaryn tүgeldej derlik bagyndyrgan birak olar bul aumakty tolyk kol astyna karatkan zhok Қalaj degenmen de sol kezde osylaj bolganyn zhazbasha derektemeler de arheologiyalyk materialdar da korsete almady Batys Ғun kaganatynyn aumagy Ortalyk Aziya dalasynan bastap kazirgi kezdegi Germaniya zherlerine dejin zhәne Қara teniz ben Baltyk tenizine dejin sozylgan 14 shi gasyrda salyngan Ғundar degen suret Bul surette gundardyn ozderi olardyn karu zharaktary zhәne sol kezdegi kala tүrleri sipattalgan 1360 Ғundar Alandarmen sogysta Қazakstan tarihyEzhelgi Қazakstan tarihyTas dәuiri Қola dәuiri Temir dәuiri Saktar Үjsinder Қanlylar ҒundarҚazakstannyn erte orta gasyrlardagy memleketteriTүrki kaganaty 552 603 Batys Tүrik kaganaty 603 704 Shygys Tүrik kaganaty 682 744 Tүrgesh kaganaty 704 756 Қarluk kaganaty 756 940 Қimak memleketi IH g sony HI g basy Ogyz memleketi IH g sony HI g basyҚarahan memleketi 942 1212 zhzh Қarakytaj memleketi 1128 1213 zhzh Қypshak handygy Mongol imperiyasy 1206 1291 Zhoshy ulysy 1224 1481 Shagataj kaganaty 1222 1370 Orda Ezhen ulysy 1242 1446 Shajbani ulysy 1243 Ak Orda XIII XV gg Kok Orda Әbilkajyr handygy 1428 1468 Nogaj ordasy 1440 1634 Mogolstan 1348 1514 Tashkent handygy 1501 1627 Қazak handygy dәuiriҚazak handygy 1465 1847 Ұly zhүz 1715 1822 Orta zhүz 1715 1822 Kishi zhүz 1715 1824 Resej imperiyasy kuramyndagy ҚazakstanBokej Ordasy 1801 1872 Alash avtonomiyasy 1917 1920 Tүrkistan avtonomiyasy 1917 1918 Қyrgyz Қazak AKSR i 1920 1925 Қazak AKSR i 1925 1936 Қazak KSR i 1936 1991 Tәuelsiz Қazakstan tarihyҚazakstan 1991 kazir k t oPortal Қazakstan Sanat Қazakstan tarihy Odan kejingi onzhyldyktarda gun tajpalarynyn kүsheyuine kosa olar batysta da kyzu kimyl korsete bastajdy B z b 177 zhyly Mode korshilerine karsy oz betimen kimyl zhasady degen syltaumen ozinin batystagy tүkterin kinәzderin yuedilerge karsy zhorykka attandyrady Ғundardyn atty әskerleri Zhanie Gәnzhou audany manynda yuedilerdi zheniliske ushyratyp sonymen birge gundardyn kalyptasyp zhatkan birlestiginin shet ajmagyndagy birneshe үlesti bagyndyrgan Kelesi zhylgy zhazda bul zhoninde shanyuj bylaj degen Aspannyn rakymymen zhauyngerler aman al attar mykty shykty olar yuedilerdi zhojyp zhuasytty semserdin ushyna ilip nemese bagyndyryp oz biligin nygajtty Loulan Ұsyn Қutze zhәne olarga shektes 36 үles kinәzdik sүnnulerge karatyldy Olardyn bәri sүnnulerdin әskerine kirip bir әuletke ajnaldy Bul kuzhat ote manyzdy birak syn kozben karaudy talap etedi Otyz alty memleket dep kazirgi Shygys Tүrkistan aumagynda ornalaskan kinәzdikter yagni zhalpy alganda batystagy Kaspij tenizinin zhagalauyna dejingi bүkil zher ajtylgan Tarihi zhazbalardyn Shitizi avtory Syma Cyan yuedilerdin tolyk talkandalgany turaly habardy kup alyp bul orajda b z b 177 zhyly kytajlarga yuedilerdin yuechzhilerdin Sary ozennin soltүstik ojpatynan batysyrakta mekendegen bir boliginin gana belgili bolganyn eskermegen Қytaj derektemelerinde yuedi dep atalgan koshpeli tajpalar Grek Baktriyany talkandagannan kejin olar turaly mәlimetter ozinen ozi bүkil Orta Aziyaga da tarala bastajdy Sirә b z b 177 zhyly sүnnu gundardyn Tynyk muhittan Kaspij tenizinin zhagalauyna dejingi barlyk elderdi bir kinәzdin atty әskeri kүshimen bagyndyruyn shyndykka zhanaspajdy dep sanau kerek Degenmen de shygystagy yuedilerdin bagyndyrylganyna kүmәn zhok nak sol siyakty Laulan Ұsyn zhәne Қutize birlestikterinin yuedilerge tәueldi bolgany turaly habar da ras Bul etnikalyk sayasi ataulardyn zhagyrapiyalyk orny onsha ajkyn emes Қazirgi kartaga Lobnor audanyndagy Laulan Kroraina kinәzdigi gana azdy kopti sәjkes keledi Қytaj zhazbalaryndagy baska derekterdin esimen tenestirilgen Қutize zherinin nemese tajpasynyn etnonimi zhergilikti Ajgyr atauynan shyguy mүmkin Ol Ұsyn zhәne Tizәn kүn elderinin arasynda yagni shamamen Ontүstik Altajda bolgan Gerodottyn tajpasy osy manajda ornalaskan dep sanalady I X Dvoreshsijdin pikirinshe argippejler degen soz ertedegi grektershe argymak tulpar degendi bildirdi demek nak sol ugymga zhakyn әldebir zhergilikti ataudyn audarmasy bolyp tabylady Osy turgydan alganda ertedegi kytaj tilinin zhogaryda atalgan transkripciyalaryn tүrkilerdin argymak nemese ajgyr degen sozderimen salystyru durys siyakty Ғundar birlestigine shykkan tegi әrtүrli tajpalar nemese etnikalyk sayasi kurylymdar kirgen Konfederaciyanyn kogamdyk omirine bir ortalykka bagyngysy kelmejtin kuatty kүshter ken bajtak zherdin әr tүrli audandary arasynda berik sayasi zhәne ekonomikalyk bajlanystardyn bolmauy zor ykpal zhasady Algashky kezde birshama birlik gun kogamyndagy fratriyaaralyk ujymnyn erekshe tүri boluy arkyly ornagan Sүnnu gun tarihynan әulettik birlestiktin үsh al kejin tort ekzogamiyalyk bileushi rulardan fratriyalardan turgany mәlim Derektemede bylaj delingen Қujan ruy Lan ruy olardan kejin Sүjbu ruy pajda boldy olarda en atakty tarmaktar da nak osy үsh әulet 11 Bul orajda sol kanatty kurajtyn Қujan ruy en ataktysy bolgan al Lan zhәne ogan enshiles Sүjbu on kanat bolgan Bir kyzygy shanyujlik Luanti ruy atakty ru dep atalmagan Al Қujan men Lan shanyujmen kudandaly tuys bolgan Bizdin zamanymyzga zhakyndaganda kudandaly tuystyk biraz ozgergen Ontүstik sүnnulerde shanyuj ruy Sүj Lyan ti dep atala bastady baska aksүjekter әuletinen Қujan Sүjbu Tsүlin zhәne Lan atalgan Osy tort әulet olardyn elinde atakty rular bolgan zhәne әdette shanyujmen kudandaly tuys edi Onda budan әri bylaj delingen Қujan ruy sol yagni shygys zhәne үlken kanat al Lan zhәne Sүjbu rulary on yagni batys zhәne kishi kanat bolgan Tagy eki gasyrdan kejin olardyn patshalyk ruy almaskan zhәne oz atauyn ozgertken Tizip keltirilgen en ataktysy endi Dүge Tuglak ruy bolyp shygady ol en batyr zhәne ulygy bolgan sondyktan shanyujler solardan shykkan Olardyn atakty tort ruy Қujan ruy Sүjbu ruy Lan ruy Tsәo Tsүlin ruy bolgan birak en ataktysy Қujan ruy odan kanclerler sol zhәne on kanattagy zhitshүler shykkan Uakyt ote kele shanүj ruynyn belgisiz rudan en erzhүrek boluy negizinde en ulyk ruga ajnalgan evolyuciyasy erekshe korinedi Teginde munda belgili bir kezende sol kezde ak bolgan er adam zhagynan muraga kalatyn kagidatty korsetken erkek patriarhattyk teginin is zhүzinde үstemdik etuimen dualdyk ujym kalyptaskan bolsa kerek B z b I gasyrdyn orta sheninde ak sүnnu kogamy ozinin vassaldyk ielikterinen ajyrylumen birge bajyrgy kuramynda eki topka Қukanieshanүj bastagan ontүstik zhәne Chzhichzhi basshylyk etken soltүstik toptarga bolindi Ontүstik sүnnuler Ordos aumagynda mekendep kaldy da soltүstik sүnnuler oz tajpalastarynyn kysymymen Sayan men Bajkol onirine ygysyp soltүstik pen batyska karaj konys audargan B z b 49 zhyly Chzhichzhi korshi kinәzdikke diplomatiyalyk saparga ketken Қukanienin az uakyt bolmauyn pajdalanyp onyn zherin basyp alyp sol arkyly konfederaciyanyn birligin kajta ornatuga әreket zhasajdy Alajda onyn kүshi ogan zhetpegen Shezhireshinin ajtkanyndaj Chzhichzhidin ozi sүnnude kүshpen nygaya almajtynyn bildi Ol үjsin gүnmosy Үtizutudan komek suraganedi birak songysy onyn elshisinin basyn alyp Chzhichzhige shabuyl zhasauga 8000 atty әsker zhiberedi Chzhichzhidin atty әskeri үjsinderdin zhasagyn talkandajdy al odaktassyz kalgan Chzhichzhi ontүstik gundardyn zherinen ketuge mәzhbүr bolady Odan әri derektemede bul zhәne odan kejingi okigalar bylajsha suretteledi Chzhichzhi үjsin әskerinin kop ekenin oz elshisinin әli oralmaganyn korip oz әskerin ornalastyrdy da үjsinderge lap kojyp olardy tas talkan etti soltүstikke bet buryp Үtizege sokky berip bagyndyrady Chzhichzhi oz әskerinin komegimen batystagy Tizәnkүndi kiratyp soltүstikte Danlindi bagyndyrady Үsh kinәzdikti bagyndyrgan son ol birneshe ret үjsinge әsker zhiberip әdette ony zhenip zhүrdi TarihyBizdin zamanymyzga dejin 1 mynzhyldyktyn 2 zhartysynan bastap Euraziyanyn etnikalyk sayasi tarihynda Ortalyk Aziyanyn koshpeli tajpalary roli artty Bizdin zamanymyzga dejin 4 3 gasyrlarda Қytajdyn soltүstigi men Ortalyk Aziyada gundar degen tajpalar birlestigi dunhu pajda boldy Nakty ajtkanda bizdin zamanymyzdyn dejin 209 zhyly boj koterip bizdin zamanymyzda 216 zhyly dejin dәuren sүrdi Shanyragyn kotergen әjgili Mode Mote batyr Bizdin zamanymyzga dejin 209 zhyly Mode әkesin oltirip takka ie bolady Osy zamannan bastap gun memleketi kүsheje bastady atap ajtsak bizdin zamanymyzga dejin 188 zhyly gundar ozine kytaj imperatory bagyndyrady han dinastiyasy gundarga salyk tolep turgany belgili Yuechzhi lovfan bajyan үjsүn tagy da baska tajpalardyn zherin tartyp alady Ғundar Bajkaldan Tibetke Shygys Tүrkistannan Huanhe ozenine dejingi zherde memleket kurdy Onyn әskeri 300 400 myn boldy Mode kajtys bolgannan kejin ozara kyrkys bastaldy Hulagu kezinde bizdin zamanymyzga dejin 47 zhyly gundar ontүstik zhәne soltүstik bolyp ekige bolindi Ontүstik gundar Қytaj bodandygyn kabyldady al soltүstigindegiler ortalyk aziyalyk tajpalarmen odaktasyp batyska ketip oz tәuelsizdikterin saktady Alajda үnemi Қytajdyn kysymyna tүskendikten Tyan Shandy asyp otip kanlylarga keldi Bul gundardyn Orta Aziya men Қazakstanga algashky konys audaruy boldy Ekinshi konys audaru bizdin zamanymyzdyn 1 gasyrynda boldy 93 zhyly Қytajlar ygystyrgan soltүstik gundar tagy da batyska karaj zhylzhydy Olar Қazakstan territoriyasy arkyly batyska bet aldy Bul koshpendilerdin Қazakstanga enuine bajlanysty shygys irannyn kanly tajpalarynyn tүriktenui bastalady Bizdin zamanymyzdyn 1 mynzhyldygy basynda Zhetisu ontүstik kazakstan tajpalarynyn keskin kelbeti mongoldana bastady Ғundar zhergilikti tajpalardy bagyndyryp Syrdariya bojymen Aral onirine ortalyk zhәne batys Қazakstan ajmaktaryna baryp enedi Ғundardyn bizdin zamanymyzdyn 4 gasyrda Shygys zhәne Ortalyk Europa zherine keluine үsh gasyr uakyt kerek boldy Ғundar Rim imperiyasyna kauip tondirdi 5 gasyrdyn 30 zhyldary gundardyn basshysy Attila Europa halkynyn үrejin ushyrdy 375 376 zhyldary Қazakstan dalasynan kelgen gundarmen kүresi ezhelgi Rim imperiyasynyn kulauyna әkeldi SharuashylygySharuashylyk mәdeni tipinin negizi koshpeli mal sharuashylygy Mal osiru әsirese zhylky osiru basty rol atkardy Sondaj ak koj osiru an aulau eginshilik damydy Ғundardyn kol oner kәsibi kүshti damygan metaldan sүjek pen mүjizden tas pen sazdan agashtan keramikadan zhasaldy Sauda damygandygyn zhibek matalar ajnalar nefritten istelgen bujymdar korsetedi Olar maldyn barlyk tүrlerin osirgen Ғundardyn negizgi baspanasy kiiz үjler bolgan Ғundarda bujymynyn betine tүrli tүsti zattardy zhapsyru stili pajda boldy tarihta ol polihromdyk stil dep atalgan Osy stil Ortalyk Қazakstanda damygan Zerleu әdisimen pajdalandy Bujymdardy bezendiru үshin negizgi bejne zhabajy andar bolgan Mal sharuashylygy Ғүndardyn omirinde koshpeli mal sharuashylygynyn manyzy zor bolgan Mal sanynyn osuine bajlanysty mal osirushiler zhana aumakty igerudi eene shurajly zhajylymdardy aludy kozdedi Zhajylymdy zhii zhii auystyryp maldy bargan sajyn konystardan alys zherge zhayu kүshejdi Қytaj derekterinde olardyn үj malynan zhylky iri kara zhene koj eshki osirgen birazya tүje esek ustajtynyn zhazady Olar үj malymen tamaktanyp olardyn terisin kiim kylyp zhүn men terisin kiim zhamylgy esebinde pajdalandy Ғүndar at sajysy ojyndarynyn negizin salgan Al kojdyn etin terisin zhүnin pajdalandy Maldyn beri derlik bүkil zhyl bojyna oriste zhajylyp bagyldy Sondyktan zhazda kuanshylyk nemese kysta koktajgak zhut boluy mal indeti үlken apatka ushyratyp otyrdy Ғundar kosymsha kesip retinde an aulaumen de ajnalyskan Bul kesip negizinen ozderinie azyk korlaryn molajtu үshin zhene sejil kuru үshin zhүrgizilgen Eginshilik kesibi men konystary Ғүndardyn ishinde otyrykshy turmys keship eginshilikpen shugyldangandary da bolgan Ғundar dendi dakyldyn ishinde taryny kop osirgen Eginshiliktin zhaksy damyganyn bildiretin temir orak soka tisteri kol diirmender denүkkishter siyakty egin saluga zhene ony zhinap aluga kazhetti kural sajmandar tabylgan Al үj zhajlardyn ishinen astyk saktajtyn uralar tabylsa eden kabyrgalar sylagynan shiki kirpishterdin arasynan sabannyn kaldyhtary kezdesedi Olar negizinen kiiz үjlerde turdy Kiiz үj torkoz kerege uyk shanyrak zhene kiiz zhabuynan turdy Kiiz үjdin torine kamshy agashtan zhasalgan kynaby bar semser sadak zhebeler salgan koramsak t b ilip koyatyn bolgan Қogamdyk kurylysyҒun tajpalarynda eleumettik tensizdik kalyptasty Aukatty otbasylardyn nemese үstem tap okilderinin kabirlerinen kymbat bagaly zattar kop tabylady Kedej adamdardyn kabirlerinde karapajym zhasalgan arzan bujymdar kezdesedi kejbir kabirlerden eshbir zat tabylmajdy Ғүndardyn bileushisi toby aksүjekter rudyn mүddesin korgap kosem retinde bar meseleni sheship otyrdy ҚogamyPatriarhaldy rulyk karym katynastardyn belgileri ote kүshti bolgan Ғundar 24 ruga bolingen Olardyn basynda agamandar turgan Agamandar kenesi men halyk zhinalysy zhumys istegen Әskeri tutkyndardan kuralgan kuldar da bolgan Zhazba derekter gundar kogamyndagy okimet belgisi turaly te kaldyrgan Eldi shanyuj baskargan Odan kejin tүmenbasylar boldy Ғundar kogamynda mal men zherge zheke menshiktin pajda boluy turpajy byurokrattyk apparattyn kuryluy alym salyk zhazu syzudyn boluy taptyk kogam men memlekettin pajda boluyn tugyzdy Ғundardyn yuechzhilermen Қytajmen үjsindermen kanlylarmen karym katynasyҒundardyn yuechzhi tajpasymen kүresi gundardyn zhenisimen ayaktaldy Yuechzhiler tek bizdin zamanymyzga dejin 174 165 zhyldary tүpkilikti talkandaldy Nәtizhesinde yuechzhiler Ortalyk Aziyaga sheginip Әmudariyanyn zhogargy agysyna zhylzhidy Ғundarga bagyngandardyn arasynda үjsinder de bar edi Қytaj zhazbalarynda 36 ga zhuyk ulystardyn bagyndyrylgandygy ajtylgan Mode bizdin zamanymyzga dejin 174 zhyly kajtys boldy Modenin balasy Laushan tusynda yuechzhiler tastalkan bolyp zhenilip olardyn bir boligi Zhetisudy meken etti Zhetisudagy saktardyn bir boligi yuechzhilerdin kysymynan Ferganany basyp otip Parfiya Baktriyaga zhylzhyp kelesi bir boligi Auganstan Soltүstik Үndistanga Kashmirge otip ketedi Үlken yuechzhiler Zhetisudy 30 40 zhyl shamasyndaj gana iemdene aldy Kejin Zhetisudy үjsinder yuechzhilerden tartyp aldy Ғundardyn әskeri komeginin arkasynda үjsinder osylajsha Zhetisuga ornalaskan bolatyn Batyska karaj ygyskan yuechzhiler Baktriyany ozine bagyndyrady Olardyn endi bir boligi үjsindermen aralasty Ғundar men Қytaj arasynda ajyrbas sauda zhүrip turdy Bul әsirese gundarga tiimdi edi Bizdin zamanymyzga dejin 158 zhyly shekaradagy sauda kozderin kenejtu maksatynda tәnirkuty Қytajga karsy sogys ashty Bizdin zamanymyzga dejin 152 zhyly gundarmen tagy sauda zhonindegi shartka kol zhetkizedi Shekaralyk ajmaktarda sauda oryndary ashylady Sonymen katar Gobiden ontүstikke karaj zhajylymdardy kajtaryp alady Bizdin zamanymyzga dejin 133 zhyly gun kytaj sogystarynyn zhana kezeni bastaldy Bul zholy sogysty kytajlyktar bastady Әskeri kimyldar buryngy gun aumagyna auysty Songy urysta 90 myn gүn әskeri talkandaldy Bizdin zamanymyzga dejin 90 zhyldardagy kaktygystarda 70 myn kytaj әskeri gүn әskerin zhene almady Өz kүshimen gundardy zhene almajtyndygyna kozi zhetken Қytaj bileushileri endi 20 zhyl үzilisten kejin baska koshpeli tajpalardy gundarga karsy ajdap saluga kiristi Bizdin zamanymyzga dejin 71 zhyly gundar bagyndyrgan elderdi oz zhagyna tarta bastady Solardyn katarynda үjsin bileushisine elshi zhiberip nekelik bajlanystar ornatady Ғundar da karap kalmaj oz kezeginde үjsin kүnbiine gunmosyna bir kyzyn beredi Al gundar men kytajlyktar arasyndagy teketires odan әri zhalgasa berdi Ғundar endi kytajlyktardyn odaktasy үjsinderden kek aluga kirisedi Үjsinderdegi kytaj hanshasy imperator sarajyna hat zholdap үjsinderge komek beruin talap etedi Қytajdyn 100 myn atty әskeri gundarga karsy attanady Үjsinderdin ozi 50 myn әsker shygarady Birikken үjsin kytaj kүshterine karsy tura almagan gundardyn 39 myn bedeldi adamdary kolga tүsip 700 myn maly zhaudyn kolynda kaldy Bul gundar үshin orny tolmas auyr sokky boldy Bizdin zamanymyzga dejin 71 zhyly үjsinderge shabuylga shykkan gundarga shygystan dunhular batystan үjsinder shabuyl zhasady Ғundar әskeri auyr zheniliske ushyrajdy Bүkil maldarynyn ten zhartysynan ajyrylady Үshten bir boligi alanynda kaza tabady Adamdarynyn 3 10 boligi ashtan oledi Қytaj әskerleri de үsh bagytta shabuyldap myndagan әskerdi tutkynga tүsiredi Қytajlyktar gundarga karsy korshilerin ajdap saluyn zhalgastyra berdi Ғundardan tartyp algan zherge әskeri enbek armiyalaryn ornalastyrady Bizdin zamanymyzga dejin 59 zhyly Қytaj Batys onirdi baskaratyn organ kurdy Endi gundardyn oz ishinde de iritki bastalyp bilikke talas tugan edi Bilikke talasudan ishki syrtky dagdarystardan Ғun memleketi ydyrap bizdin zamanymyzga dejin 55 zhyly ontүstik zhәne soltүstik bolyp ekige bolinedi Huhane shanyuj bastagan ontүstik top Қytajmen bejbit karym katynas ornatty Al Chzhi Chzhi bastagan gundardyn soltүstik boligi Қytajdyn kysymymen batyska auady Bizdin zamanymyzdyn Ill gasyrdyn birinshi zhartysynda Shygys Қazakstan men Zhetisuga kelgen gun tajpalary V gasyrga dejin omir sүrgen Yueban memleketin kurdy Buryngy soltүstik gundardyn urpaktary bolyp sanalgan atalmysh memleket dәstүrli tәnirkuty atagyn aldy Derekterde yuebandyktardyn tili ezhelgi tүrik tiline zhakyn bolgandygy turaly bar ҚosymshaҒundar hundar ezhelgi dәuirdegi tajpalar odagy tүrki halyktarynyn argy tegi Bizdin zamanymyzga dejin 1 mynzhyldykta kalyptaskan Bastapky kezde soltүstik Қytajda Mongoliyada Bajkal onirinde konystangan Ezhelgi Қytaj zhylnamalarynda Ғundar guj fan gun run hun yu shian yu shiun nu sekildi t b ataularmen berilgen Bizdin zamanymyzga dejin 3 gasyrdyndyn sonyna karaj Ғundar birigip әsker tүzep ozderinin memleketin kurdy Ғundar 24 ruga bolingen olardy elagasy bek biledi Әrbir rudyn koship zhүretin oz zheri boldy Zhogary bileushisi Tәnirkut lauazymyn iemdengen Қytaj derekterinde Ғundardyn zhogary bileushisi shanyuj dep atalady Ғundardyn omirinde koshpeli mal sharuashylygy basty rol atkarady Zhylkynyn asyl tukymdaryn osirip at baptaudy zhetik mengergen Ғundardyn ishinde otyrykshy turmys keship eginshilikpen shugyldangandary da bolgan Ғundar dәndi ishinde taryny kop osirgen Қoloneri men bejneleu oneri zhogary dentejde bolgan onerdegi polihrom stilin dүniege әkelgen At үsti ojyndarynyn negizin salgan Koktonirine tabynyn ata baba ruhyna siyngan Өzderinin dәstүrli kukyk zhүjesin kalyptastyrgan Onda negizinen mynalar kozdelgen Ұrlyk zhasap kinәli bolgannyn zheri alynady shajkasta zhaudyn basyn shauyp algan nemese ony tutkynga algan adamga bir kespek sharap syjlanady kolga tүsirilgen olzha sogan beriledi al tutkynga alyngandar sonyn kuldary men kүnderi etiledi urys alanynda kaza tapkan adamnyn sүjegin kim okelse onyn otbasynyn bүkil mүlkin sol alady Ғundar oz arasynda kylmys zhasap ajypty bolgandardyn betin tilgen Tilingen bettin tyrtygy buryngy kynmysyn bildirip turatyndyktan ondaj adamdardyn kajta kylmys zhasauga batyly bara bermegen Sebebi kelesi zhazalanganda olim zhazasyna kesiletin Ғundar sogys tutkyndaryn kul kylyp olardy үj kyzmetshileri baktashylar kolonershiler zhәne zher zhyrtushylar retinde pajdalangan Er azamattarynyn barlygy derlik katardagy zhauynger sanalgan Ғundar әskerinin negizi atty әskerden turdy Salt atty zhauyngerinin karu zharagy sadak semser kanzhar najza bugalyk ury kuryk Ғundardyn zhauyngerlik kudiretinen seskengen kytajlyktar uly Қytaj korganyn saldyrgan Ғundardyn kүshti memleket bolyp otyruy kytajlyktarga unamady Olar gundardy әlsiretudin zholyn izdedi Bizdin zamanymyzga dejin 209 zhyldan Ғundardy Mode baskardy Mode bilik etken algashky zhyldardyn ozinde ak Қytajdyn shekaralyk audandaryna zhoryktar zhasap kүjrete sokky berdi Keskilesken kүreste әskeri sayasi kuaty basym Han әuletin gundardyn Ordostagy koship zhүretin zherlerinen dәmelenuden bas tartuga mәzhbүr etti Han imperatory Modenin aldynda bas iip onymen tynyshtyk zhәne tuystyk turaly shartka kol koyuga mәzhbүr boldy Bul shart bojynsha ol Modege ozinin hanshasyn әjeldikke beruge zhәne zhyl sajyn syjlyk retinde salyk tolep turuga kejin ol salykty үnemi tolep turdy Shygysta Mode shygys hu tajpalaryn bagyndyrdy al onyn kuramyna shamamen alganda Kerulen zhәne alkaptarynda mekendegen syanbi zhәne uhuan tajpalary kiretin edi Batysta yuechzhi tajpalaryna zhoryktar zhasady Bul kezde kazirgi Koreyadan Tibetke zhәne Shygys Tүrkistannan Huanhenin orta agysyna dejin sozylyp zhatkan aumak Ғundardyn kol astyna tүsti Bizdin zamanymyzga dejin 201 zhyly zhorykta gundar Altaj tajpalaryn tүgeldej derlik bagyndyrdy Bizdin zamanymyzga dejin 177 zhylga karaj Tynyk muhittan Kaspij tauynyn zhagalauyna dejingi zherlerdi ozderine karatty Osylajsha gundar memleketi kuramyna dunhu kyrgyz үjsin kanly t b tajpalary kirdi Bizdin zamanymyzga dejin 1 gasyrdyn orta shenine karaj imperiyaga ajnalgan gundar memleketi tolassyz kandy sogystan ushyga tүsken tak talasynan bir ortalykka bagyngysy kelmegen kүshterdin әserinen әlsirej bastady bizdin zamanymyzga dejin 56 zhyly Ғ Huhane bastagan ontүstik zhene Chzhichzhi Shozhe basshylyk etken soltүstik toptarga bolindi ontүstik Ғ Ordos onirin mekendep kaldy da soltүstik gundar oz tajpalastarynyn kysymymen Sayan zhәne Bajkal onirine ygysty Bizdin zamanymyzga dejin 49 zhyly Chzhichzhi Han imperiyasynyn bodanyna ajnalgan ontүstik gundardyn zherin basyp aluga sol arkyly birlikti kajta ornatuga әreket zhasady Birak onyn Bul әreketinen nәtizhe shykpady soltүstik gundardy 87 93 zhyldary kytajlardyn syanbi zhәne dinlin tajpalarynyn birlesken odagy talkandaldy Zheniliske ushyragan soltүstik gundardyn bir boligi 5 gasyrda Ontүstik Қazakstan men Orta Aziyada oz memleketin kuryp Auganstan men Irandy Үndistannyn biraz boligin zhaulap aldy Han imperiyasynyn bodandygyndagy ontүstik gundar 304 zhyly koterilis nәtizhesinde Lyu han atty oz memleketin kuruga mүmkindik aldy 318 zhyly Lyu han memleketi Үlken Chzhao zhәne Kishi Chzhao bolyp ekige bolindi 329 zhyly Kishi Chzhao Үlken Chzhaony zhәne soltүstik Қytajdy bagyndyrdy 350 zh shykkan tegi kytaj bolyp keletin Kishi Chzhaonyn kolbasshysy Zhan Min memleket biligin tartyp alyn Kishi Chzhaodagy gundardyn kop boligin kyryp tastady Bul kop uzamaj Kishi Chzhaonyn kulauyna alyn keledi ontүstik gundar 4 gasyrdyn sonyna karaj kajta kүsheje tүsti 5 gasyrdyndyn bas kezinde olardyn әjgili kolbasshysy Helyan Baba Sya patshalygyn al Men Sun kosem Bej Lyan patshalygyn kurdy pen Nanynan kazirgi ҚHR din Gansu provinciyasy onirinde kurylgan osy eki memleket 439 zhyly tobgashtardyn toba shabuyly nәtizhesinde kirady soltүstik gundardyn Edil Zhajyktagy үlken boligi 4 gasyrdyn 2 zhartysynda Қara teniz zhagalauyn Dnestrge dejingi olkeni bagyndyrdy Sarmattardy tize bүktirgen son alandardy talkandady 375 zhyly ostgot gerul genid sak tajpalaryn bagyndyryn Қap tauyna zhoryk zhasady Ғundardyn Batyska zhorygy halyktardyn uly konys audaruyna tүrtki boldy Ғundar Europada oz imperiyasyn kurdy Derekkozder Қazakstan tarihy kone zamannan bүginge dejin Bes tomdyk 1 tom Almaty Atamura 2010 59 ISBN 978 601 282 026 3 Batys Қazakstan oblysy Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2002 zhyl ISBN 9965 607 02 8 Ezhelgi Қazakstan tarihy Zhalpy bilim beretin mekteptin 6 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura 2009 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 V tom Otyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2 Қazakstan tarihy Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk Ә Toleubaev Zh Қasymbaev M Қojgeldiev t b Almaty Mektep baspasy 2006 232 bet suretti ISBN 9965 33 633 4 Cheka Ulpiano 1860 1916 Ғundar Europada Zhetisu enciklopediya Almaty Arys baspasy 2004 zhyl 712 bet 48 bet tүrli tүsti suretti zhapsyrma ISBN 9965 17 134 3Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Huns