Тәңіршілдік — дәстүрлі түркі халқының дүниетаным бастауындағы монотеизмдік еркін ілім, метафизикалық сенім үлгісі болып, оны ежелгі заманда және ортағасырда Еуразия даласындағы көшпенділер және кейбір осы замандық халықтар мен тұлғалар ұстанады. Тәңіршілдік сенімі көне түркі халықтарының, Ғұндардың, Болғарлардың, моңғолдардың, маньчжур және мадяр халықтарының ұлттық мәдениеті мен болмысына терең ықпал еткен тарихи сенім болды, Көктүрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Дунай және Еділ Болғарлары, Моңғол империясы, Хазар қағандығы) қатарлылардың мемлекеттік діні болды. ІХ ғ түркілердің әйгілі туындысы «Ырық бітік» кітабында "Тәңірі - Түрік Тәңрісі" (Түріктердің Құдайы) ретінде аталған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, империялық деңгейде Тәңіршілдік әсіресе ХІІ – ХІІІ ғасырларда монотеизмдік сенім/дін ретінде ұстанылған; қазіргі тәңіршілдердің көбі оны монотеизмдік деп санайды.
Орхон-Енисей ескерткіштерінің Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк тас ескерткіштерінде "Тәңірідей Тәңріден жаралған" деп басталады, әрі "Төбеңнен Тәңірі баспаса, астыңнан қара жер айырылмаса, түркі халқы төріңе кім шыға алады, тәбәрігіңді кім жырта алады" деген сөздер бар.
Аббас халифатының елшісі Ибн Фадлан Хғ басында оғыздарға жасаған саяхатында “түріктердің қиын-қыстау кезеңде 'Бір Тәңірі' деп, басын көкке қаратып мінажат ететінін" айтқан. Әртүрлі дін адамдарын пікірталасқа шақырған Мөңке хан: "…Біз тек Бір Тәңіріні медет етеміз" деген ұстанымын еуропалық миссионер-саяхатшылар Марко Поло, Джованни Плано Карпини, жазып қалдырған. «Тәңір» ұғымы Шумер сына жазуларында, сондай-ақ ғұндар мәдениетінде “Зингир” (“зеңгір”) түрінде кездеседі.
Кеңес одағы ыдыраған 1990 жылдардан бастап Тәңіршілдік Орталық Азиядағы (Қазақстан, Қырғызстан, Ресейдегі Татарстан, Башқұртстан) түркі тілді халықтардың интеллектуалды зиялыларының ұстанымы болған. Ол сондай-ақ Бурятияда, Сахада (Якутияда), Хакасияда, Тывада және басқа да Сібірдегі түркі халықтарында біртіндеп дами бастады. Алтайлық және Чуваштардың қатарлылардың кей элементтері тенгризмге ұқсайды. Моңғолияны кейде оның тұрғындары "Мәңгілік көк Таңрінің елі" (Munkh Khukh Tengriin Oron) деп атайды.
"Тәңір" сөзі
Ежелгі және қазіргі түріктер арасында Тәңір (көне түркіше: Täŋri) ұғымының түрлі формалары бар: Тәңірі, Тангара, Тангрі, Танри, Тангре, Тегри, Тингир, Тенкри, Тери, Тер, Туре. Тәңір сөзі көне түркі тілінен шыққан: Тенк ("таң сәрі") немесе Тан ("таң"). Сонымен қатар, Стефан Георгтің болжауынша, түрікше "Тәңірі" сөзі түптеп келгенде Прото-Енисейдің *tɨŋgVr - "жоғары құдірет" сөзінен келіп шыққан.
Сенім жүйесі
Тәңіршілдік сенімі бойынша, Тәңірі – барша болмыстың арғы құдіретті киесі, әрі негізі. Қазақта "иттің иесі болса, бөрінің Тәңірісі бар" деген терең мағыналы сөз бар. Ұлы Тәңірдің “Көк, Ұлы, Нұр”, т.б. сипаттары биіктікті, тұтастықты білдіреді. Тәңір өзін медет етушілердің соғыста жеңуіне де, өмірде өзіне тән өмір жолын тауып, мағыналы, мәнді, табысты, салиқалы, салуалы ғұмыр кешуіне де, биік орын мен мансапқа көтерілуіне де, сондай-ақ халықтардың өркендеп, өсуіне де жол ашады. Ғалам - Тәңірінің кітабы; Тәңіріні түсіну - сол ғаламды тану мен түсіну арқылы іске асады; Тәңірі сүйген кісі болу - сол ғаламда биік мақсаттарға талпына алу арқылы іске асады. Тәңірі ешкімді алаламайды, тек ол берген ерік-жігер мен зердені дұрыс қолдана алу-алмау адамдардың әртүрлі деңгейде болуын белгілейді. Дәстүрлі түркілік дүниетаным бойынша күйзеліске ұшырау - халықтың рухани азғындап, өз тамырынан азып, қабілетсіз жалқау, надан және арсыз болғаны үшін Тәңірі оларға жіберген жазасы болып саналады.
Галерея
- Хан Тәңірі шыңының шоқысы
- Тәңіршілдік символы
- тауы, Шыңғыс хан осында ылғи тауап етіп тұрған.
- Тәңіршілдік кресті
- Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі "Тәңір" сөзінің жазылуы
- Арғын ханның (Arghun Khan) 1289 жылғы Француз патшасы Филип IV -ке жазған хаты. Хатта Тәңіршілдік идеялары сипатталған.
- 1246 жылы Папа Иннокентий IV-ке (Pope Innocent IV) Күйік хан (Güyüg Khan) жазған хаттағы мөр. Жазу төбесінен астына қарай, солдан оңға қарай оқылады. Алғашқы төрт сөз "möngke ṭngri-yin küčündür" – "Мөңке Тәңірі-иін күшіндұр" ("Мөңке тәңірінің ұлы күшімен") делінген. "Тәңрі" (Tngri) және "Зарлық" (zrlg) сөздері дауыссыз дыбысты архаизм сөздер.]]
Дереккөздер
- Тәңіршілдіктің Құдайдан келді дейтін кітабы, не пайғамбары, не нақты діни рәсім формасы жоқ, ол сенушінің өз логикасы бойынша киелі бір құдіретті бар деп есептеуіне және соны медет етуіне негізделген еркін сенім болып, ол көбіне философия, ғылым, дербес сыни ойлауға сай ілімдік мазмұнда көрініс табады.
- Tekin, 1993
- Орхон-Енисей ескерткіштері https://ikaz.info/orhon-enisej-eskertkishteri/ Мұрағатталған 13 тамыздың 2020 жылы.
- Pettazzoni 1956, p. 261; Tanyu 1980, p. 9f; Güngör & Günay 1997, p. 36.
- Tanyu, 2007, pp. 11–13
- Georg, Stefan (2001): Türkisch/Mongolisch tengri “Himmel/Gott” und seine Herkunft. Studia Etymologica Cracoviensia 6: 83–100.
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tәnirshildik dәstүrli tүrki halkynyn dүnietanym bastauyndagy monoteizmdik erkin ilim metafizikalyk senim үlgisi bolyp ony ezhelgi zamanda zhәne ortagasyrda Euraziya dalasyndagy koshpendiler zhәne kejbir osy zamandyk halyktar men tulgalar ustanady Tәnirshildik senimi kone tүrki halyktarynyn Ғundardyn Bolgarlardyn mongoldardyn manchzhur zhәne madyar halyktarynyn ulttyk mәdenieti men bolmysyna teren ykpal etken tarihi senim boldy Koktүrik kaganaty Batys Tүrik kaganaty Shygys Tүrik kaganaty Dunaj zhәne Edil Bolgarlary Mongol imperiyasy Hazar kagandygy katarlylardyn memlekettik dini boldy IH g tүrkilerdin әjgili tuyndysy Yryk bitik kitabynda Tәniri Tүrik Tәnrisi Tүrikterdin Қudajy retinde atalgan Koptegen galymdardyn pikirinshe imperiyalyk dengejde Tәnirshildik әsirese HII HIII gasyrlarda monoteizmdik senim din retinde ustanylgan kazirgi tәnirshilderdin kobi ony monoteizmdik dep sanajdy Orhon Enisej eskertkishterinin Kүltegin Bilge kagan Tonykok tas eskertkishterinde Tәniridej Tәnriden zharalgan dep bastalady әri Tobennen Tәniri baspasa astynnan kara zher ajyrylmasa tүrki halky torine kim shyga alady tәbәrigindi kim zhyrta alady degen sozder bar Abbas halifatynyn elshisi Ibn Fadlan Hg basynda ogyzdarga zhasagan sayahatynda tүrikterdin kiyn kystau kezende Bir Tәniri dep basyn kokke karatyp minazhat etetinin ajtkan Әrtүrli din adamdaryn pikirtalaska shakyrgan Monke han Biz tek Bir Tәnirini medet etemiz degen ustanymyn europalyk missioner sayahatshylar Marko Polo Dzhovanni Plano Karpini zhazyp kaldyrgan Tәnir ugymy Shumer syna zhazularynda sondaj ak gundar mәdenietinde Zingir zengir tүrinde kezdesedi Kenes odagy ydyragan 1990 zhyldardan bastap Tәnirshildik Ortalyk Aziyadagy Қazakstan Қyrgyzstan Resejdegi Tatarstan Bashkurtstan tүrki tildi halyktardyn intellektualdy ziyalylarynyn ustanymy bolgan Ol sondaj ak Buryatiyada Sahada Yakutiyada Hakasiyada Tyvada zhәne baska da Sibirdegi tүrki halyktarynda birtindep dami bastady Altajlyk zhәne Chuvashtardyn katarlylardyn kej elementteri tengrizmge uksajdy Mongoliyany kejde onyn turgyndary Mәngilik kok Tanrinin eli Munkh Khukh Tengriin Oron dep atajdy Tәnir soziEzhelgi zhәne kazirgi tүrikter arasynda Tәnir kone tүrkishe Taŋri ugymynyn tүrli formalary bar Tәniri Tangara Tangri Tanri Tangre Tegri Tingir Tenkri Teri Ter Ture Tәnir sozi kone tүrki tilinen shykkan Tenk tan sәri nemese Tan tan Sonymen katar Stefan Georgtin bolzhauynsha tүrikshe Tәniri sozi tүptep kelgende Proto Enisejdin tɨŋgVr zhogary kudiret sozinen kelip shykkan Senim zhүjesiTәnirshildik senimi bojynsha Tәniri barsha bolmystyn argy kudiretti kiesi әri negizi Қazakta ittin iesi bolsa borinin Tәnirisi bar degen teren magynaly soz bar Ұly Tәnirdin Kok Ұly Nur t b sipattary biiktikti tutastykty bildiredi Tәnir ozin medet etushilerdin sogysta zhenuine de omirde ozine tәn omir zholyn tauyp magynaly mәndi tabysty salikaly salualy gumyr keshuine de biik oryn men mansapka koteriluine de sondaj ak halyktardyn orkendep osuine de zhol ashady Ғalam Tәnirinin kitaby Tәnirini tүsinu sol galamdy tanu men tүsinu arkyly iske asady Tәniri sүjgen kisi bolu sol galamda biik maksattarga talpyna alu arkyly iske asady Tәniri eshkimdi alalamajdy tek ol bergen erik zhiger men zerdeni durys koldana alu almau adamdardyn әrtүrli dengejde boluyn belgilejdi Dәstүrli tүrkilik dүnietanym bojynsha kүjzeliske ushyrau halyktyn ruhani azgyndap oz tamyrynan azyp kabiletsiz zhalkau nadan zhәne arsyz bolgany үshin Tәniri olarga zhibergen zhazasy bolyp sanalady GalereyaHan Tәniri shynynyn shokysy Tәnirshildik simvoly tauy Shyngys han osynda ylgi tauap etip turgan Tәnirshildik kresti Orhon Enisej eskertkishterindegi Tәnir sozinin zhazyluy Argyn hannyn Arghun Khan 1289 zhylgy Francuz patshasy Filip IV ke zhazgan haty Hatta Tәnirshildik ideyalary sipattalgan 1246 zhyly Papa Innokentij IV ke Pope Innocent IV Kүjik han Guyug Khan zhazgan hattagy mor Zhazu tobesinen astyna karaj soldan onga karaj okylady Algashky tort soz mongke ṭngri yin kucundur Monke Tәniri iin kүshindur Monke tәnirinin uly kүshimen delingen Tәnri Tngri zhәne Zarlyk zrlg sozderi dauyssyz dybysty arhaizm sozder DerekkozderTәnirshildiktin Қudajdan keldi dejtin kitaby ne pajgambary ne nakty dini rәsim formasy zhok ol senushinin oz logikasy bojynsha kieli bir kudiretti bar dep esepteuine zhәne sony medet etuine negizdelgen erkin senim bolyp ol kobine filosofiya gylym derbes syni ojlauga saj ilimdik mazmunda korinis tabady Tekin 1993 Orhon Enisej eskertkishteri https ikaz info orhon enisej eskertkishteri Muragattalgan 13 tamyzdyn 2020 zhyly Pettazzoni 1956 p 261 Tanyu 1980 p 9f Gungor amp Gunay 1997 p 36 Tanyu 2007 pp 11 13 Georg Stefan 2001 Turkisch Mongolisch tengri Himmel Gott und seine Herkunft Studia Etymologica Cracoviensia 6 83 100 Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom