Оғыздар (ежелгі түркіше – оғуз; қазақша – оғыз) —— орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген түркі тілдес тайпалар. Оғыздар атауын бірқатар зерттеушілер алғашқыда «тайпалар», «тайпалар бірлестігі» деген ұғымды білдірген деп есептеді.
Оғыздар жайлы деректер түрлі жазба ескерткіштерде, шежіреде, жыр, аңыз әңгіме үлгілерінде ғұз, оғыз деген атаулармен ертеде орта ғасырлардан басталғаны белгілі. Оғыз атауының ұлыстық, тайпалық этнонимге айналуы түркі халықтарына ортақ «Оғызнама» жырындағы басты кейіпкер Оғыз қаған есімімен тікелей байланысты. Жырда ол барша түркі ру-тайпаларының арғы атасы етіп көрсетіледі. Уақыт өте келе оның есімі этностық атау мағынасына айналған.
7 ғасырдың басында Түркі қағандығы құрамында тоғыз оғыз одағы пайда болды. Орхон руна жазуында (6 – 8 ғасырлар) құрамына кірген Оғыздар тайпалары Шығыс Моңғолияны мекендегендігі айтылады. өзінің «Ерте кездері Орта Азияны қоныстанған халықтар жөніндегі мәліметтер» жинағында « қағандығы кезінде Ашина ұрпағының «түркі» атымен (қайта аталып) оғыз-түркі тайпа одағының әкімшілік бірлігі болды» деп жазады.
Оғыздар шамамен 8 ғасырдың орта шенінде Жетісудан Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі ағысы алқаптарына жылжи бастаған. Қырғыздар шабуылынан 840 жылы Ұйғыр қағандығы ыдырап, оған тәуелді түркі-оғыздар қарлұқтармен болған қақтығыс нәтижесінде 9 ғасырда батысқа қарай ығысты. 9 – 10 ғасырларда Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағында Оғыздар этносы бірте-бірте қалыптасып орнықты. Оғыздардың этностық құрамына Сырдария алқабы мен далаларын мекендеген ежелгі этностық топтар (негізінен, түркіленгендер) мен Жетісу, Сібірдің көшпелі және жартылай көшпелі рулары мен тайпалары енді. Оғыздар бірнеше тайпаға, тайпалар руларға бөлінді.
Оғыз мемлекетінің кәсібтері туралы Араб тарихшысы әл-Жахиз: «Түріктер қолөнердің барлық түрін істейді, қару, жебе, ер-тұман, қарамсақ, найза жасайды» Ал Араб географы әл-Идриси оғыздар мен қимақтар туралы: «Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды»
Шаруашылық түрі: Жартылай көшпелі, жартылай мал шаруашылығы, суармалы егіншілік. Қыстауы- Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал теңізі. Жайлауы- Каспий теңізінің аймағы. Мал өнімдерін Орта Азия, Қытай сияқты елдермен айырбас сауданык шикізат көзі ретінде пайдаланған.
Махмұт Қашқаридың (11 ғасыр) деректерінде оғыздардың алғашқы 24 тайпадан, кейін 22 тайпадан құралғаны айтылады. Олар: қынық, қайығ, байундур, йуа-йыуа, салғур, афшар, бәктілі, бугдуз, байат, йаз-ғыр, аймур, қарабөлук, алқабөлук, ігдір, урәгір-йурәгір, тутырқа, улайундлуғ, тугәр-тігер, бажанақ, чувулдар, чәбич, чаруқлуғ. Жетекші руы – қынық. Оғыздар бұзұқ (бузук), ұшұқ (учук) болып екіге бөлінді. Олар тиісінше оғыздар әскерлерінің оң және сол қанаттарына кірді. Осы топтардың әрқайсысы теңдей екі топқа бөлінген 24 тайпадан құралды.
9 ғасырдың соңы мен 10 ғасырдың ортасында Арал теңізі, Каспий теңізі және Сырдарияның төменгі алқаптарында Оғыз мемлекеті құрылды. Мемлекет орталық Янгикент (Жаңакент) қаласы болды. Махмұт Қашқари оғыздардың Сабран (Сауран), Сіткун (Сүткент), Суғнақ (Сығанақ), Қарнақ, т.б. қалалары болғандығын айтады.
11 ғасырдың ортасында шығыстан келген қыпшақтар оғыздар мемлекетін талқандады. Оғыздардың бір бөлігі батысқа кетіп, оңтүстік орыс далаларына қоныс тепті. Салжұқтар басқарған басқа бір бөлігі алдыңғы Азия елдерін жаулап алды. Оғыздардың солтүстік-батыстағы бөліктері бертін келе Еділдің төменгі бойындағы татарлармен, оңтүстік Оралдағы башқұрттармен сіңісіп кетті.
Сырдария, Арал алқаптары мен Солтүстік Каспий маңын мекендеген Оғыз тайпалары қазақ тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оғыздардың 11-13 ғасырларда Кавказ бен Кіші Азияға өтіп кеткен оңтүстік тобы әзірбайжан, түрік, гагауз халықтарының этногенезінде маңызды рөл атқарды. .
Этникалық және тайпалық құрамы
Ертедегі оғыз тобының орныға бастауы Батыс Жетісумен байланысты. Оғыздардың тарихи аңыздары да осы пікірді қуаттайды, оларда оғыздардың алғашқы ата-бабаларының бірінін Ыстықкөл маңында болғаны айтылады. Бұл арада жетісулық (ежелгі оғыз- дық) рулық-тайпалық бөліністер еске алынып отырса керек, олар кейін қалыптасқан оғыз тайпалар одағына кірген болатын. Атақты Оғыз ханның Таластан Еділге дейінгі аралықтағы жерлерді жаулап алғаны туралы тарихи аңыздарда, онын әскерлерінде өздерін «октуғра-оғызбыз» деп атайтын бірнеше мың үйдің болғаны айтылады. Бұл атаудағы «оқ» деген термин назар аудартады, ол «жебе», «ру», «тайпа» деген ұғымдарды білдірген. Айтарлықтай бір жай сол, неғұрлым кейінгі кезде жебе белгісі ұшұқтардық — огыз әскерінің сол қанатына жататын бір фратрияның эмблемасы болды.
Печенегтермен ұзақ уақыт шайқасу тайпалардың оғыз одағының саяси топтасуына себепші болды. Оғыз конфедерациясы кірме элементтердің Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы тұрғындарымен араласуының нәтижесінде құрылды. Оның құрамына қанғар-печенегтердің біразы және Сырдария аңғарының, Арал маңының және Каспийдің солтүстік төңірегінің, басқа да далалық тайпаларының біразы енді. Бұлар арғы тегі үнді-еуропалық және фин-угорлық болғанымен, бара-бара түріктенген тайпалар еді. Олардың бірсыпырасы Арал теңізінен Каспийдің шығыс жағалауына дейінгі даланы мекендеген аландар, астар болды. Тегінде, Батыс Арал өңірінің дала халқы да осындай аралас халық болса керек, онда оғыздарға дейін VIII — IX ғасырларда бажғарлар, нұқардалар және бажналар мекендеген. Осы топтардың арасындағы тығыз қарым-қатынастың арқасында этникалық және мәдени жақындасу жүзеге асты. Қалаларда басқа жақтан келіп қоныстанушылар саны оғыздардың отырықшы топтарынан көп болса керек. Мәселен, X ғасырда Жанкент, Жент, Хора тұрғындары негізінен алғанда «мұсылмандар» болған, ал ол кезде оғыздардың негізгі бұқарасы, соның ішінде олардың билеушілері де әлі ислам дініне кірмеген еді.
X ғасырда оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе деп аталатын қала болды. Оғыз державасының саяси орталығы ретінде Янгикенттің тандап алынуына көптеген жағдайлар себеп болады. Бұлардың ішіндегі ең бастысы оның Азияның ірі егіншілік өңірлерімен, Хорезммен және түйісіп жатқан жердегі географиялық орны болды. Янгикент кимек даласы арқылы Сарысу, Қаракеңгір, Есіл және Нұра бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде болды, Сығанақ пен баратын сауда жолы осы қаланың үстінен өтетін еді. Басқа да ертедегі феодалдық саяси бірлестіктер сияқты оғыздар мемлекеті де тұтас топтасқан мемлекет болған жоқ. Әл-Идриси оғыздарда, хандар болар, бірнеше «патшалардың» болғаны туралы айтады. Ірі бірлестіктерді басқарған бұл көсемдердін ордалары бекіністі орындар болды, оларда қазына және азық-түлік сақталды. Оғыз хандары өздерінің иеліктерін қорғау үшін арнайы әскери отрядтар құрды, ал соғыс шыққан және шапқыншылық жасалған кезде балашағасы мен мал-мүлкін алып, қамалдарға тығылды.
Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік табиғаты жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды. Онда әскери-демократиялық құрылыстың қойнауынан өсіп шыққан ел билеу институттары сақталды, ал жабғудың билігін ірі әскери-тайпалық ақсүйектердің кеңесі шектеп отырды. Ескі рулық-тайпалық институттардын тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. Басқару аппараты қалыптасты. X ғасырдың аяғында-ақ уақытылы алынып тұратын алым-салық жүйесі болды. Ханның салық жинаушылары мың адамға дейін жететін арнаулы атты отряд болып құрылды, ал алым-салық төлеуден бас тартқан «бүлікшілерге» жазалау отрядтары жіберіліп отырды.
Оғыздардың саясаты
Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі арасында хазарларға қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. оғыздармен әскери-саяси одағы олардың саяси және сауда-экономикалық мүдделерінің бір болуынан туындады. Хазариямен бәсекелес болған ежелгі орыс мемлекетіне одақтас керек болды; екінші жағынан, феодалданып келе жатқан көшпелі оғыз шонжарлары ездерінің малына жайылымға, және Қара теңіз маңындағы далаларға өте мұқтаж болды, ал оған жетуге Хазария бөгет жасады. Оғыздарды Еділ бойынан, Маңғыстаудан, Үстірттен өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды жолдар барынша қызықтырды. Бұл сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ертедегі орыс мемлекеті де мүдделі болатын. Хазарияның талқандалуы орыс көпестеріне Шығыс елдерінің бай нарығына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын сыртқы саяси бағытында орыс князьдерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермеледі.
Оғыздардың құлдырауы
X — XI ғасырлар шегінде оғыз мемлекеті құлдырай бастайды. Алым-салықтардың жыртқыштықпен жиналуына наразы болған оғыз тайпаларының көтерілістері жиілей түседі. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі. [[]Жабу]]лардың өз қазыналарының қамын ойлаған саясатына наразылықты X ғасырдың орта кезінде-ақ Жентке жақын жерге келіп орын тепкен салжұқ көсемдері пайдаланды. Салжұқ көсемдері Жанкенттің оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жентті басып алады. Алайда олар, өздеріне артқан үмітті ақтай алмай, бұқараның қолдауынан айырылған болуы керек. Әйтпесе, олардың көп ұзамай-ақ Жент аймағынан кетуге мәжбүр болғанын түсіндіру қиын. Көтерілісшілер қозғалысы сәтсіздікке ұшырап, халық «ландары» жанышталды. Осының бәрі Әли ханның мұрагері және оның орнына тұрған Шахмәлік өкіметінің нығаюына себепші болды. Онын тұсында мемлекеттің күшейгені соншалық, 1041 жылы оғыздар Хорезмді басып алды. Алайда екі жылдан кейін Шахмәлік деректемелер бойынша, бізге белгілі огыз жабғуларының соңғысы — салжұқтардың қолына түсіп, өлтірілді. Көтерілісшілер қозғалысына қарсы күрес, салжұқтарға қарсы жылдар бойғы жүргізілген шайқастар мен соғыстар оғыз жабғуларының бірлестігін іштей үңгіп әлсіретті.
Оғыздар мемлекеті қыпшактайпаларының соққыларынан құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары қыпшақтардын тегеурінінен Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға кетті, енді біразы әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына көшті. Қыпшактар XI ғасырдың ортасында талқандаған оғыздардың қалдықтары кейін келе Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті.
Дереккөздер
Дереккөздер
- Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том, 4 бөлім
- Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
- «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59ISBN 978-601-282-027-0,1-т. ISBN 978-601-282-026-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ogyzdar ezhelgi tүrkishe oguz kazaksha ogyz orta gasyrlarda Ortalyk Aziyada omir sүrgen tүrki tildes tajpalar Ogyzdar atauyn birkatar zertteushiler algashkyda tajpalar tajpalar birlestigi degen ugymdy bildirgen dep eseptedi Ogyzdar Kaspij men Aral tenizi aralygyndagy alkapta Ogyzdar zhajly derekter tүrli zhazba eskertkishterde shezhirede zhyr anyz әngime үlgilerinde guz ogyz degen ataularmen ertede orta gasyrlardan bastalgany belgili Ogyz atauynyn ulystyk tajpalyk etnonimge ajnaluy tүrki halyktaryna ortak Ogyznama zhyryndagy basty kejipker Ogyz kagan esimimen tikelej bajlanysty Zhyrda ol barsha tүrki ru tajpalarynyn argy atasy etip korsetiledi Uakyt ote kele onyn esimi etnostyk atau magynasyna ajnalgan 7 gasyrdyn basynda Tүrki kagandygy kuramynda togyz ogyz odagy pajda boldy Orhon runa zhazuynda 6 8 gasyrlar kuramyna kirgen Ogyzdar tajpalary Shygys Mongoliyany mekendegendigi ajtylady ozinin Erte kezderi Orta Aziyany konystangan halyktar zhonindegi mәlimetter zhinagynda kagandygy kezinde Ashina urpagynyn tүrki atymen kajta atalyp ogyz tүrki tajpa odagynyn әkimshilik birligi boldy dep zhazady Ogyzdar shamamen 8 gasyrdyn orta sheninde Zhetisudan Қaratau bokteri men Syrdariyanyn tomengi agysy alkaptaryna zhylzhi bastagan Қyrgyzdar shabuylynan 840 zhyly Ұjgyr kagandygy ydyrap ogan tәueldi tүrki ogyzdar karluktarmen bolgan kaktygys nәtizhesinde 9 gasyrda batyska karaj ygysty 9 10 gasyrlarda Ontүstik zhәne Batys Қazakstan aumagynda Ogyzdar etnosy birte birte kalyptasyp ornykty Ogyzdardyn etnostyk kuramyna Syrdariya alkaby men dalalaryn mekendegen ezhelgi etnostyk toptar negizinen tүrkilengender men Zhetisu Sibirdin koshpeli zhәne zhartylaj koshpeli rulary men tajpalary endi Ogyzdar birneshe tajpaga tajpalar rularga bolindi Ogyz memleketinin kәsibteri turaly Arab tarihshysy әl Zhahiz Tүrikter kolonerdin barlyk tүrin istejdi karu zhebe er tuman karamsak najza zhasajdy Al Arab geografy әl Idrisi ogyzdar men kimaktar turaly Ondagy sheberler temirden gazhajyp әdemi bujymdar zhasajdy Sharuashylyk tүri Zhartylaj koshpeli zhartylaj mal sharuashylygy suarmaly eginshilik Қystauy Syrdyn orta zhәne tomengi agysy men Aral tenizi Zhajlauy Kaspij tenizinin ajmagy Mal onimderin Orta Aziya Қytaj siyakty eldermen ajyrbas saudanyk shikizat kozi retinde pajdalangan Mahmut Қashkaridyn 11 gasyr derekterinde ogyzdardyn algashky 24 tajpadan kejin 22 tajpadan kuralgany ajtylady Olar kynyk kajyg bajundur jua jyua salgur afshar bәktili bugduz bajat jaz gyr ajmur karaboluk alkaboluk igdir urәgir jurәgir tutyrka ulajundlug tugәr tiger bazhanak chuvuldar chәbich charuklug Zhetekshi ruy kynyk Ogyzdar buzuk buzuk ushuk uchuk bolyp ekige bolindi Olar tiisinshe ogyzdar әskerlerinin on zhәne sol kanattaryna kirdi Osy toptardyn әrkajsysy tendej eki topka bolingen 24 tajpadan kuraldy 9 gasyrdyn sony men 10 gasyrdyn ortasynda Aral tenizi Kaspij tenizi zhәne Syrdariyanyn tomengi alkaptarynda Ogyz memleketi kuryldy Memleket ortalyk Yangikent Zhanakent kalasy boldy Mahmut Қashkari ogyzdardyn Sabran Sauran Sitkun Sүtkent Sugnak Syganak Қarnak t b kalalary bolgandygyn ajtady 11 gasyrdyn ortasynda shygystan kelgen kypshaktar ogyzdar memleketin talkandady Ogyzdardyn bir boligi batyska ketip ontүstik orys dalalaryna konys tepti Salzhuktar baskargan baska bir boligi aldyngy Aziya elderin zhaulap aldy Ogyzdardyn soltүstik batystagy bolikteri bertin kele Edildin tomengi bojyndagy tatarlarmen ontүstik Oraldagy bashkurttarmen sinisip ketti Syrdariya Aral alkaptary men Soltүstik Kaspij manyn mekendegen Ogyz tajpalary kazak tarihynda ajtarlyktaj iz kaldyrgan Ogyzdardyn 11 13 gasyrlarda Kavkaz ben Kishi Aziyaga otip ketken ontүstik toby әzirbajzhan tүrik gagauz halyktarynyn etnogenezinde manyzdy rol atkardy Etnikalyk zhәne tajpalyk kuramyErtedegi ogyz tobynyn ornyga bastauy Batys Zhetisumen bajlanysty Ogyzdardyn tarihi anyzdary da osy pikirdi kuattajdy olarda ogyzdardyn algashky ata babalarynyn birinin Ystykkol manynda bolgany ajtylady Bul arada zhetisulyk ezhelgi ogyz dyk rulyk tajpalyk bolinister eske alynyp otyrsa kerek olar kejin kalyptaskan ogyz tajpalar odagyna kirgen bolatyn Atakty Ogyz hannyn Talastan Edilge dejingi aralyktagy zherlerdi zhaulap algany turaly tarihi anyzdarda onyn әskerlerinde ozderin oktugra ogyzbyz dep atajtyn birneshe myn үjdin bolgany ajtylady Bul ataudagy ok degen termin nazar audartady ol zhebe ru tajpa degen ugymdardy bildirgen Ajtarlyktaj bir zhaj sol negurlym kejingi kezde zhebe belgisi ushuktardyk ogyz әskerinin sol kanatyna zhatatyn bir fratriyanyn emblemasy boldy Pechenegtermen uzak uakyt shajkasu tajpalardyn ogyz odagynyn sayasi toptasuyna sebepshi boldy Ogyz konfederaciyasy kirme elementterdin Ontүstik zhәne Batys Қazakstannyn bajyrgy turgyndarymen aralasuynyn nәtizhesinde kuryldy Onyn kuramyna kangar pechenegterdin birazy zhәne Syrdariya angarynyn Aral manynyn zhәne Kaspijdin soltүstik tonireginin baska da dalalyk tajpalarynyn birazy endi Bular argy tegi үndi europalyk zhәne fin ugorlyk bolganymen bara bara tүriktengen tajpalar edi Olardyn birsypyrasy Aral tenizinen Kaspijdin shygys zhagalauyna dejingi dalany mekendegen alandar astar boldy Teginde Batys Aral onirinin dala halky da osyndaj aralas halyk bolsa kerek onda ogyzdarga dejin VIII IX gasyrlarda bazhgarlar nukardalar zhәne bazhnalar mekendegen Osy toptardyn arasyndagy tygyz karym katynastyn arkasynda etnikalyk zhәne mәdeni zhakyndasu zhүzege asty Қalalarda baska zhaktan kelip konystanushylar sany ogyzdardyn otyrykshy toptarynan kop bolsa kerek Mәselen X gasyrda Zhankent Zhent Hora turgyndary negizinen alganda musylmandar bolgan al ol kezde ogyzdardyn negizgi bukarasy sonyn ishinde olardyn bileushileri de әli islam dinine kirmegen edi X gasyrda ogyz memleketinin astanasy Yangikent nemese dep atalatyn kala boldy Ogyz derzhavasynyn sayasi ortalygy retinde Yangikenttin tandap alynuyna koptegen zhagdajlar sebep bolady Bulardyn ishindegi en bastysy onyn Aziyanyn iri eginshilik onirlerimen Horezmmen zhәne tүjisip zhatkan zherdegi geografiyalyk orny boldy Yangikent kimek dalasy arkyly Sarysu Қarakengir Esil zhәne Nura bojlaryna baratyn manyzdy keruen zholynyn үstinde boldy Syganak pen baratyn sauda zholy osy kalanyn үstinen otetin edi Baska da ertedegi feodaldyk sayasi birlestikter siyakty ogyzdar memleketi de tutas toptaskan memleket bolgan zhok Әl Idrisi ogyzdarda handar bolar birneshe patshalardyn bolgany turaly ajtady Iri birlestikterdi baskargan bul kosemderdin ordalary bekinisti oryndar boldy olarda kazyna zhәne azyk tүlik saktaldy Ogyz handary ozderinin ielikterin korgau үshin arnajy әskeri otryadtar kurdy al sogys shykkan zhәne shapkynshylyk zhasalgan kezde balashagasy men mal mүlkin alyp kamaldarga tygyldy Ogyz memleketi ozinin sayasi zhәne әleumettik tabigaty zhagynan ertedegi feodaldyk memleket boldy Onda әskeri demokratiyalyk kurylystyn kojnauynan osip shykkan el bileu instituttary saktaldy al zhabgudyn biligin iri әskeri tajpalyk aksүjekterdin kenesi shektep otyrdy Eski rulyk tajpalyk instituttardyn tez ydyrauy zhagdajynda patriarhattyk feodaldyk katynastar damydy Baskaru apparaty kalyptasty X gasyrdyn ayagynda ak uakytyly alynyp turatyn alym salyk zhүjesi boldy Hannyn salyk zhinaushylary myn adamga dejin zhetetin arnauly atty otryad bolyp kuryldy al alym salyk toleuden bas tartkan bүlikshilerge zhazalau otryadtary zhiberilip otyrdy Ogyzdardyn sayasatyOgyzdar memleketi Euraziyanyn sayasi zhәne әskeri tarihynda manyzdy rol atkardy 965 zhyly ogyz zhabguy men Kiev knyazi arasynda hazarlarga karsy bagyttalgan әskeri odak zhasaldy Munyn nәtizhesinde Hazar kaganaty talkandaldy ogyzdarmen әskeri sayasi odagy olardyn sayasi zhәne sauda ekonomikalyk mүddelerinin bir boluynan tuyndady Hazariyamen bәsekeles bolgan ezhelgi orys memleketine odaktas kerek boldy ekinshi zhagynan feodaldanyp kele zhatkan koshpeli ogyz shonzharlary ezderinin malyna zhajylymga zhәne Қara teniz manyndagy dalalarga ote muktazh boldy al ogan zhetuge Hazariya boget zhasady Ogyzdardy Edil bojynan Mangystaudan Үstirtten otip Europany Aziyamen zhalgastyratyn asa manyzdy zholdar barynsha kyzyktyrdy Bul sauda zholdaryn oz bakylauynda ustauga ertedegi orys memleketi de mүddeli bolatyn Hazariyanyn talkandaluy orys kopesterine Shygys elderinin baj narygyna zhol ashty Osynyn bәri ogyz zhabgularyn syrtky sayasi bagytynda orys knyazderimen odak zhasasuga bagdar aluga itermeledi Ogyzdardyn kuldyrauyX XI gasyrlar sheginde ogyz memleketi kuldyraj bastajdy Alym salyktardyn zhyrtkyshtykpen zhinaluyna narazy bolgan ogyz tajpalarynyn koterilisteri zhiilej tүsedi Ogyzdardyn tarihi anyzdaryna karaganda bul koterilister okimet basyna X gasyrdyn orta kezinde nemese onyn ekinshi zhartysynyn bas kezinde kelgen Әli hannyn baskaruyna karsy zhүrgiziledi Zhabu lardyn oz kazynalarynyn kamyn ojlagan sayasatyna narazylykty X gasyrdyn orta kezinde ak Zhentke zhakyn zherge kelip oryn tepken salzhuk kosemderi pajdalandy Salzhuk kosemderi Zhankenttin ogyz bileushilerine karsy koterilisti bastap Zhentti basyp alady Alajda olar ozderine artkan үmitti aktaj almaj bukaranyn koldauynan ajyrylgan boluy kerek Әjtpese olardyn kop uzamaj ak Zhent ajmagynan ketuge mәzhbүr bolganyn tүsindiru kiyn Koterilisshiler kozgalysy sәtsizdikke ushyrap halyk landary zhanyshtaldy Osynyn bәri Әli hannyn murageri zhәne onyn ornyna turgan Shahmәlik okimetinin nygayuyna sebepshi boldy Onyn tusynda memlekettin kүshejgeni sonshalyk 1041 zhyly ogyzdar Horezmdi basyp aldy Alajda eki zhyldan kejin Shahmәlik derektemeler bojynsha bizge belgili ogyz zhabgularynyn songysy salzhuktardyn kolyna tүsip oltirildi Koterilisshiler kozgalysyna karsy kүres salzhuktarga karsy zhyldar bojgy zhүrgizilgen shajkastar men sogystar ogyz zhabgularynyn birlestigin ishtej үngip әlsiretti Ogyzdar memleketi kypshaktajpalarynyn sokkylarynan kulady Ogyzdardyn birsypyra toptary kypshaktardyn tegeurininen Shygys Europaga Kishi Aziyaga ketti endi birazy әuletinin zhәne Horasannyn salzhuk bileushilerinin kol astyna koshti Қypshaktar XI gasyrdyn ortasynda talkandagan ogyzdardyn kaldyktary kejin kele Deshti Қypshaktyn tүrki tildes tajpalaryna sinisip ketti DerekkozderTarih Tүrik kaganatyDerekkozderOntүstik Қazakstan oblysynyn enciklopediyasy Қazak Enciklopediyasy 7 tom 4 bolim Otyrar Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2005 ISBN 9965 17 272 2 Қazakstan tarihy kone zamannan bүginge dejin Bes tomdyk 1 tom Almaty Atamura 2010 59ISBN 978 601 282 027 0 1 t ISBN 978 601 282 026 3Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet