Azərbaycanca AzərbaycancaБеларускі БеларускіDansk DanskDeutsch DeutschEspañola EspañolaFrançais FrançaisIndonesia IndonesiaItaliana Italiana日本語 日本語Қазақ ҚазақLietuvos LietuvosNederlands NederlandsPortuguês PortuguêsРусский Русскийසිංහල සිංහලแบบไทย แบบไทยTürkçe TürkçeУкраїнська Українська中國人 中國人United State United StateAfrikaans Afrikaans
Қолдау
www.wp1.kk-kz.nina.az
  • Уикипедия

Кие қандай да бір заттың немесе тіршілік иесінің қасиеттілігін жоғары тылсым күшін білдіретін ұғым ҚалыптасуыӘлем халықт

Кие

Кие
www.wp1.kk-kz.nina.azhttps://www.wp1.kk-kz.nina.az

Кие – қандай да бір заттың немесе тіршілік иесінің қасиеттілігін, жоғары тылсым күшін білдіретін ұғым.

Қалыптасуы

Әлем халықтары мифологиясы мен мәдениетінде аң мен құсты (сиыр, маймыл, аққу, т. б.), аспан денелерін (ай, күн, т. б.), жәндіктерді (тасбақа, айдаһар, т. б.), заттарды (пұт, ағаш, т. б.), сандарды (7, 13, т. б.), адамдарды (әулие, көріпкел, т. б.) киелі деп санау, оларға сыйыну, табыну дәстүрі ежелден қалыптасқан. Уақыт өте келе адамдардың түрлі діндерді қабылдауына байланысты мұның кейбірі жойылып, өзгеріске ұшыраған. Ислам діні таралмастан бұрынғы дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасып, кие деп саналған кейбір тотемдік наным-сенімдер жұрнағы қазіргі салт-дәстүрде де кездеседі (табалдырық баспау, айға қарап түзге шықпау, түтін түтету, аластау, т. б.).

Халық дүниетанымында киелі заттарды құрметтеу береке-бірлікті арттырып, құт әкеледі десе, керісінше жағдайда киесі ұрады деп есептеледі. Сондықтан киелі саналатын адамдарға тіл тигізбейді, жан-жануарларға зұлымдық жасамайды, киелі дүниелерге зор құрметпен қарайды.

Киелі деп саналатын заттар мен құбылыстардың түрлері көп. Халық арасында олардың желеп-жебеушісі, қолдаушы пірі болады деген де ұғым қалыптасқан. Сондықтан кие деген сөз «пір», «ие» деген ұғымда да қолданылады.

Киелі ғарыштық денелер

Аспан денелеріне (ай, көк, аспан, жұлдыз) байланысты киелілік ұғымы осы нысандарға тән магиялық, табиғаттан тыс тылсым күштер жөніндегі ұғым түсініктер негізінде қалыптасқан. Соған қатысты ырым-жоралардың кейбірі соңғы уақыттарға дейін сақталып келеді. Олардың қай-қайсысы да о бастағы табынумен байланысты.

Көк киесі

Қазақтар ертеде аспан әлемін – көкті Құдай, Тәңірі, Жаратушы деп түсінген. Тәңіршілдік мифтік наным бойынша Көк аспан – түркі қоғамының Жаратушысы, әрі Иесі. Осы сенімге орай ертедегі ғұндардың ең жоғарғы билеушісінің есімі Тәңірқұт деп аталып, ол «Тәңірдің ұлы», «Көктің ұлы» дегенді білдірген. Көк күмбезі, көк нұры, аспан Жаратушы-Тәңірдің сипатын білдіреді. Сондықтан кейбір түркі халықтарында, мәселен, түріктерде, исламға дейінгі дәуірде және ислам дінінің таралып, орныға бастаған орта ғасырларда Тәңірге табынғанда бастарын көкке қаратып, мінажат ету ғұрпы болған.
Табиғат құбылыстарының, дүлей күштердің өз иелері болады. Оларды ренжітіп алмау керек, әйтпесе оның қаһары соғады деген түсінікке байланысты құрғақшылық жылдары жұрт аспан, көк құдайына құрбандық шалып, көктен жаңбыр тілейді. Түркі халықтарының нанымы бойынша өлген адамның рухы бірінші күні үй ішінде ұшып жүрсе, екінші күні шаңыраққа қонады, тек үшінші күні ғана Көк Тәңірге аттанады. Ал оны көктегі Тәңірге қиналтпай төрт түліктің ішінде жылқы жеткізіп отырады.
Ал жердегі адамдардың және өзінің тілегін киелі көкке, Көк Тәңіріне бағындырған жындары мен қобызы арқылы бақсылар жеткізіп отырған. Қазақтардың төрт түлік малдың көк түстісін ерекше бағалауы, үлкен құрбандық ретінде көкқасқа айту, көкқасқа шалу, қызылша ауруына қарсы көк серкенің терісіне орану тәрізді ырым, түсініктер көкті киелі санаумен байланысты. Қазақтар көптеген жағдайда ақ түсті жылқыларды көк ат деп те атайды. Мұның өзі көне түркілердің аспан құдайы – Көк Тәңіріне ақбоз аттарды құрбандыққа шалуынан қалған.

Адамға байланысты киелілік

Адамға байланысты (Диқан баба, Қыдыр ата, Оғыз хан, Шыңғыс хан, Бүркіт баба т.б. қасиетті саналатындар) киеліліктің өзі о бастағы киелі аспан денелерінің құдіреттілігіне барып саяды. Зерттеуші Б. Алтаевтың түсіндіруі бойынша, әуелде киелілік аспан шырақтарының қасиетіне телінсе, келе-келе нақты адамның өзіне телінген. Киелілік түрлі кескінде (исламда Қыдыр) кездеседі деген ой-түсінік шын мәніндегі әулие адамның пайда болуына негіз болды. Адамның өзі ең басты киелі күш ретінде ұғынылып, Тәңірге (Қолақсай, Оғыз хан, Шыңғыс хан т.б.) айналған. Бұлардың іс-әрекеттегі бейнесі әр кезеңдегі әдет-ғұрып, салт-санамен, мәдени өмірмен сіңісіп кеткен.
Қазақтардың ертеректе күн күркірегенде көк айғыр кісінеді деп айтуы да аспанға табынуды аңғартады.
Көкке байланысты наным-сенімдер негізінде қалыптасқан «көк соққыр!» («Құдай атқыр»; «жай түскір»; «Тәңір соққыр» деген мағынада), «көктен сұрағаны жерден табылды» (көптен күткен арман-тілегі бірден орындалды), «көктен түскендей» (ғайыптан пайда болғандай, күтпеген жерден), «көктен түскен періштедей» (ерекше, айрықша), «көк тілгір» (көк соққыр) тәрізді бейнелі сөз орамдары мен қарғыстар, «көктен береді, жерден иеді» секілді мақалдар осы уақытқа дейін сақталып отыр. Мұның бәрі қазақтардың ежелгі мифтік-діни ұғымдарының ислам дінін қабылдағанға дейінгі бір түрін көрсетеді.

Ай киесі

Аспан денелерінің ішінде Айдың киелілігі де оған табынудан көрінеді.
Айды киелі деп санап, оған табыну – түркі халықтарында ертеден келе жатқан ғұрыптардың бірі. Ш. Уәлихановтың айтуынша, Ай бір кезде Тәңірі болған тәрізді. Қазақтар жаңа Ай көргенде иіліп сәлем береді және жаздыгүні сәлем берген жерінің шөбін жұлып, үйге келген соң ол шөпті отқа салады. Қазақтар Айға ұзақ қарамайды, өйткені Айдағы кемпір кірпік санайды деп қорқады. Дәретке отырғанда айға қарап отырмайды. Жалпы, қазақтар Айды құрметтеп сөйлеген.
Айдың туғанын алғаш көргенде қарттардың «ескі Айда есірке, жаңа Айда жарылқа» – деп бет сипап жатқанын әлі де кездестіруге болады. Жаңа Айды көргенде қырғыздар да бата жасайды. Мұндай әдет-ғұрыптар, наным-сенімдер басқа да түркі халықтарының тұрмысынан берік орын алған. Мәселен, башқұрттарда адам жаңа Ай туғанда қайтыс болса, Айдан ол адамға о дүниеден жақсылық жасауын өтінсе, хакастар ай жаңасы жақсы жұмыстарды бастауға қолайлы уақыт деп, ал алтайлықтар бұл уақытта іс бастауға болмайды деп санаған.
Қазақ тыйымдарының біразы Айды қасиетті санап, құрметтеуге байланысты туған. Халық ертеден-ақ басы ауыратын, сақинасы бар адамдарға Ай сәулесінің әсер ететінін білген. Сондықтан ондай адамдарды Ай толған кезде далаға шығармауға тырысады. Сондай-ақ, ай толған кезде далаға жалаңбас шығуға, сыртта ұйықтауға, Айға тесіліп ұзақ қарауға, жас баланың бетіне Ай сәулесін түсіруге, күн батқаннан кейін, әсіресе, айлы түнде, сыртқа үйден сүт алып шығуға болмайды (өйткені сүтке ай сәулесі түссе, малдың желіні ісіп кетеді. Айлы түнде далаға сүт алып шығуға тура келсе, оның бетін мықтап жауып алу керек). Айға байланысты мұндай ырымдар мен тыйымдар халық арасында қазіргі уақытқа дейін сақталып келеді.

Киелі жер-сулар

Киелі жер-сулар немесе географиялық нысандарға, киелі таулар, киелі орындар мен табынатын, зиярат ететін жерлер, мазарлар, кесенелер, сағаналар, қорғандар, табиғи су көздері – өзен-көлдер, құдықтар т.б. жатады.
Мұндай жерлер, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан өңірінде өте көп кездеседі. Айталық, қазақтар арасында «Сайрамда бар сансыз бап, Түркістанда Түмен бап» деп айтылатын сөз бекер емес, ал Маңғыстауда Бекет ата бастаған 360 әулиелі жер бар екендігі белгілі болып отыр.
Осындай киелі (әулиелі) жерлер, ескі қорғандар елдің табынатын, зиярат ететін орындарына айналған. Киелі жерлер пайғамбарлардың, белгілі тұлғалардың, исламды уағыздаушылардың, кәсіп-мамандық пірлерінің, рубасыларының, атақты әулиелердің аттарымен байланысты болып келеді.

Киелі тау аттары

Киелі тау аттарына (оронимдер) Қазығұрт, Әулиешоқы, Хан Тәңірі, Көктөбе, Әулиетас, Сантас, Толағай т. б. географиялық нысандар жатады. Қазақ және т. б. таулы аймақты мекендеген халықтарда тауды киелі деп санау және оған табыну ерте замандарда қалыптасқан. Осындай тау, төбе, шың, шоқылар туралы көптеген халық аңыздары сақталған. Киелі жерлерді ел ішінде әулиелі жер деп те атай береді.

Киелі жер-су аттарының бірсыпырасы ислам діні таралғанға дейінгі замандағы табынушылықпен байланысты. Оған Ойсылқара, Зеңгібаба, Шопан ата т. б. киелі топонимдер жатады. Мұндай географиялық нысандар Қазақстанда және Қазақстаннан тыс жерлерде де кездеседі. Мәселен, Зеңгі баба, Шопан ата т. б. киелі топонимдер екені белгілі. Өзбекстанның Зеңгі ата ауданының Қауыншы деген жерінде Зеңгі бабаның ғимараты тұр. Ол туралы Ә. Қалмырзаұлы халық ұғымында Зеңгі бабаның – дәулет пен билік дарытушы, кереметке ие, ғажайып ұлы әулие екендігін, осы әулиелі жерге Зеңгі бабаның қасиетті рухына сиынушылардың түркі елдерінің барлық жұртынан келіп жататындығын жазады.

Су киесі

image
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі құдықхана

Халықтың наным-сеніміне байланысты қалыптасқан киелі сипаттағы су нысандарына Әулиебастау, Балықшы әулие, Әулиекөл, Әулиесор, Әулиеқұдық т.б. көптеген атауларды жатқызуға болады. Суды киелі санаудың бір түрі қазақтардың төрт түлікке қатысты жасайтын ырымдарында көрініс береді. Мәселен, желінсау індеті кезінде малды судан ары-бері айдап өткізіп, су ұшық жасап, судың киелі қасиетінен жәрдем күтеді. Ал, індеттің беті жаман болса, о дүниенің басталар сағасы – су аяғы құрдымға қарай айдап жібереді.

Оңтүстік Қазақстандағы Түркістан қаласына жақын таудағы Жылаған ата деп аталатын үңгір суын қасиетті санау осы кезге дейін сақталып келеді.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде үлкен есіктен кіргендегі дәліз арқылы өтетін оң жақтағы бөлме құдықхана деп аталады. Қабырғасы күйген кірпіштен қаланған, тереңдігі он метрдей болатын құдық суынан зиярат етушілер еліне қайтарда ала кетіп, ауылдастарына ауыз тигізеді. Мұндай әдет сол құдық суын киелі санаумен байланысты шыққан. Киелі су нысандарына байланысты аңыз әңгімелер ел ішінде осы уақытқа дейін сақталып отыр.

Ел ішінде қазірге дейін сақталып келе жатқан кейбір ырымдар мен тыйымдардан суды киелі деп санағандығы байқалады. Мәселен, қол жуған соң қолдың суын сілкімейді. Олай етсе, су иесі Сүлейменнің киесі атады, ырыс-несібе кетеді деп ырымдайды. Сыр бойы қазақтары өзен, теңіздің киесі бар деп санайды. «Сырдың киесі ұрады, Аралдың киесі ұрады» деп суды ластамауға тырысады.

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК «СЛОН», 2012. — (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет. ISBN 978-601-7026-21-9

Әдебиеттер

  • Уәлиханов Ш. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1949;
  • Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі лексикасы мен грамматикасы тарихынан. 1-бөлім. Алматы, 1966;
  • Валиханов Ч. Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т. 1. Алма-Ата, 1984;
  • Башкирское народное творчество: Предания и легенды. Том 2. Уфа, 1987;
  • Традиционные мировоззрение тюрков Южной Сибири: Пространство и время. Вещной мир. Новосибирск, 1988;
  • Досмұхамедұлы Х. Аламан. Алматы: Ана тілі, 1991;
  • Уәлиханов Ш. Қазақтардағы шамандықтың қалдығы. Қазақ бақсы-балгерлері. Алматы: Ана тілі, 1993;
  • Уәлиханов Ш. Тәңірі Құдай. Қазақ бақсы-балгерлері. Алматы: Ана тілі, 1993;
  • Алтаев Б. Оңтүстік Қазақстан қазақтарының егіншілікке байланысты дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. Тарих ғылым. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясы. Алматы, 1994;
  • Мурзаев Э. М. Тюркские географические названия. М., 1996;
  • Қалмырзаев Ә. Теберік дүние: Әулиелер жайлы әңгіме. Алматы: Қасиет, 1997;
  • Сағындықұлы Б. Ғаламның ғажайып сырлары. Алматы: Ғылым, 1997;
  • Турсунов Е. Д. Возникновение баксы, акынов, сэри и жырау. Астана: Фолиант, 1999;
  • Аршабеков Т. Т. Жерлеу рәсімінің Сарыарқа өңіріндегі ерекшеліктері. Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі және бүгіні. Алматы: Ғылым, 2001;
  • Тоқтабаева У. Қазақтың мал патшасы – жылқыға байланысты әдет-ғұрыптары мен наным-сенімдері. Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері: өткендегісі мен бүгіні. Алматы: Ғылым, 2001;
  • Турсынов Е. Д. Истоки тюркского фольклора. Қорқыт. Алматы: Дайк-Пресс, 2001;
  • Қайдар Ә. Халық даналығы (қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу). Алматы: Тоғанай, 2004;
  • Керімбаев А. Қазақ тіліндегі сакральды атаулардың этнолингвистикалық сипаты. Филол. ғылым. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясы. Алматы, 2005;
  • Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі. Алматы: Арыс, 2006;
  • ҚР МОМ – материалдарынан;
  • ОМЭЭ – материалдарынан.

уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер

Kie kandaj da bir zattyn nemese tirshilik iesinin kasiettiligin zhogary tylsym kүshin bildiretin ugym ҚalyptasuyӘlem halyktary mifologiyasy men mәdenietinde an men kusty siyr majmyl akku t b aspan denelerin aj kүn t b zhәndikterdi tasbaka ajdaһar t b zattardy put agash t b sandardy 7 13 t b adamdardy әulie koripkel t b kieli dep sanau olarga syjynu tabynu dәstүri ezhelden kalyptaskan Uakyt ote kele adamdardyn tүrli dinderdi kabyldauyna bajlanysty munyn kejbiri zhojylyp ozgeriske ushyragan Islam dini taralmastan buryngy dәstүrli kazak kogamynda kalyptasyp kie dep sanalgan kejbir totemdik nanym senimder zhurnagy kazirgi salt dәstүrde de kezdesedi tabaldyryk baspau ajga karap tүzge shykpau tүtin tүtetu alastau t b Halyk dүnietanymynda kieli zattardy kurmetteu bereke birlikti arttyryp kut әkeledi dese kerisinshe zhagdajda kiesi urady dep esepteledi Sondyktan kieli sanalatyn adamdarga til tigizbejdi zhan zhanuarlarga zulymdyk zhasamajdy kieli dүnielerge zor kurmetpen karajdy Kieli dep sanalatyn zattar men kubylystardyn tүrleri kop Halyk arasynda olardyn zhelep zhebeushisi koldaushy piri bolady degen de ugym kalyptaskan Sondyktan kie degen soz pir ie degen ugymda da koldanylady Kieli garyshtyk denelerAspan denelerine aj kok aspan zhuldyz bajlanysty kielilik ugymy osy nysandarga tәn magiyalyk tabigattan tys tylsym kүshter zhonindegi ugym tүsinikter negizinde kalyptaskan Sogan katysty yrym zhoralardyn kejbiri songy uakyttarga dejin saktalyp keledi Olardyn kaj kajsysy da o bastagy tabynumen bajlanysty Kok kiesi Қazaktar ertede aspan әlemin kokti Қudaj Tәniri Zharatushy dep tүsingen Tәnirshildik miftik nanym bojynsha Kok aspan tүrki kogamynyn Zharatushysy әri Iesi Osy senimge oraj ertedegi gundardyn en zhogargy bileushisinin esimi Tәnirkut dep atalyp ol Tәnirdin uly Koktin uly degendi bildirgen Kok kүmbezi kok nury aspan Zharatushy Tәnirdin sipatyn bildiredi Sondyktan kejbir tүrki halyktarynda mәselen tүrikterde islamga dejingi dәuirde zhәne islam dininin taralyp ornyga bastagan orta gasyrlarda Tәnirge tabynganda bastaryn kokke karatyp minazhat etu gurpy bolgan Tabigat kubylystarynyn dүlej kүshterdin oz ieleri bolady Olardy renzhitip almau kerek әjtpese onyn kaһary sogady degen tүsinikke bajlanysty kurgakshylyk zhyldary zhurt aspan kok kudajyna kurbandyk shalyp kokten zhanbyr tilejdi Tүrki halyktarynyn nanymy bojynsha olgen adamnyn ruhy birinshi kүni үj ishinde ushyp zhүrse ekinshi kүni shanyrakka konady tek үshinshi kүni gana Kok Tәnirge attanady Al ony koktegi Tәnirge kinaltpaj tort tүliktin ishinde zhylky zhetkizip otyrady Al zherdegi adamdardyn zhәne ozinin tilegin kieli kokke Kok Tәnirine bagyndyrgan zhyndary men kobyzy arkyly baksylar zhetkizip otyrgan Қazaktardyn tort tүlik maldyn kok tүstisin erekshe bagalauy үlken kurbandyk retinde kokkaska ajtu kokkaska shalu kyzylsha auruyna karsy kok serkenin terisine oranu tәrizdi yrym tүsinikter kokti kieli sanaumen bajlanysty Қazaktar koptegen zhagdajda ak tүsti zhylkylardy kok at dep te atajdy Munyn ozi kone tүrkilerdin aspan kudajy Kok Tәnirine akboz attardy kurbandykka shaluynan kalgan Adamga bajlanysty kielilik Adamga bajlanysty Dikan baba Қydyr ata Ogyz han Shyngys han Bүrkit baba t b kasietti sanalatyndar kieliliktin ozi o bastagy kieli aspan denelerinin kudirettiligine baryp sayady Zertteushi B Altaevtyn tүsindirui bojynsha әuelde kielilik aspan shyraktarynyn kasietine telinse kele kele nakty adamnyn ozine telingen Kielilik tүrli keskinde islamda Қydyr kezdesedi degen oj tүsinik shyn mәnindegi әulie adamnyn pajda boluyna negiz boldy Adamnyn ozi en basty kieli kүsh retinde ugynylyp Tәnirge Қolaksaj Ogyz han Shyngys han t b ajnalgan Bulardyn is әrekettegi bejnesi әr kezendegi әdet guryp salt sanamen mәdeni omirmen sinisip ketken Қazaktardyn erterekte kүn kүrkiregende kok ajgyr kisinedi dep ajtuy da aspanga tabynudy angartady Kokke bajlanysty nanym senimder negizinde kalyptaskan kok sokkyr Қudaj atkyr zhaj tүskir Tәnir sokkyr degen magynada kokten suragany zherden tabyldy kopten kүtken arman tilegi birden oryndaldy kokten tүskendej gajyptan pajda bolgandaj kүtpegen zherden kokten tүsken perishtedej erekshe ajryksha kok tilgir kok sokkyr tәrizdi bejneli soz oramdary men kargystar kokten beredi zherden iedi sekildi makaldar osy uakytka dejin saktalyp otyr Munyn bәri kazaktardyn ezhelgi miftik dini ugymdarynyn islam dinin kabyldaganga dejingi bir tүrin korsetedi Aj kiesi Aspan denelerinin ishinde Ajdyn kieliligi de ogan tabynudan korinedi Ajdy kieli dep sanap ogan tabynu tүrki halyktarynda erteden kele zhatkan guryptardyn biri Sh Uәlihanovtyn ajtuynsha Aj bir kezde Tәniri bolgan tәrizdi Қazaktar zhana Aj korgende iilip sәlem beredi zhәne zhazdygүni sәlem bergen zherinin shobin zhulyp үjge kelgen son ol shopti otka salady Қazaktar Ajga uzak karamajdy ojtkeni Ajdagy kempir kirpik sanajdy dep korkady Dәretke otyrganda ajga karap otyrmajdy Zhalpy kazaktar Ajdy kurmettep sojlegen Ajdyn tuganyn algash korgende karttardyn eski Ajda esirke zhana Ajda zharylka dep bet sipap zhatkanyn әli de kezdestiruge bolady Zhana Ajdy korgende kyrgyzdar da bata zhasajdy Mundaj әdet guryptar nanym senimder baska da tүrki halyktarynyn turmysynan berik oryn algan Mәselen bashkurttarda adam zhana Aj tuganda kajtys bolsa Ajdan ol adamga o dүnieden zhaksylyk zhasauyn otinse hakastar aj zhanasy zhaksy zhumystardy bastauga kolajly uakyt dep al altajlyktar bul uakytta is bastauga bolmajdy dep sanagan Қazak tyjymdarynyn birazy Ajdy kasietti sanap kurmetteuge bajlanysty tugan Halyk erteden ak basy auyratyn sakinasy bar adamdarga Aj sәulesinin әser etetinin bilgen Sondyktan ondaj adamdardy Aj tolgan kezde dalaga shygarmauga tyrysady Sondaj ak aj tolgan kezde dalaga zhalanbas shyguga syrtta ujyktauga Ajga tesilip uzak karauga zhas balanyn betine Aj sәulesin tүsiruge kүn batkannan kejin әsirese ajly tүnde syrtka үjden sүt alyp shyguga bolmajdy ojtkeni sүtke aj sәulesi tүsse maldyn zhelini isip ketedi Ajly tүnde dalaga sүt alyp shyguga tura kelse onyn betin myktap zhauyp alu kerek Ajga bajlanysty mundaj yrymdar men tyjymdar halyk arasynda kazirgi uakytka dejin saktalyp keledi Kieli zher sularKieli zher sular nemese geografiyalyk nysandarga kieli taular kieli oryndar men tabynatyn ziyarat etetin zherler mazarlar keseneler saganalar korgandar tabigi su kozderi ozen kolder kudyktar t b zhatady Mundaj zherler әsirese Ontүstik Қazakstan men Batys Қazakstan onirinde ote kop kezdesedi Ajtalyk kazaktar arasynda Sajramda bar sansyz bap Tүrkistanda Tүmen bap dep ajtylatyn soz beker emes al Mangystauda Beket ata bastagan 360 әulieli zher bar ekendigi belgili bolyp otyr Osyndaj kieli әulieli zherler eski korgandar eldin tabynatyn ziyarat etetin oryndaryna ajnalgan Kieli zherler pajgambarlardyn belgili tulgalardyn islamdy uagyzdaushylardyn kәsip mamandyk pirlerinin rubasylarynyn atakty әulielerdin attarymen bajlanysty bolyp keledi Kieli tau attary Kieli tau attaryna oronimder Қazygurt Әulieshoky Han Tәniri Koktobe Әulietas Santas Tolagaj t b geografiyalyk nysandar zhatady Қazak zhәne t b tauly ajmakty mekendegen halyktarda taudy kieli dep sanau zhәne ogan tabynu erte zamandarda kalyptaskan Osyndaj tau tobe shyn shokylar turaly koptegen halyk anyzdary saktalgan Kieli zherlerdi el ishinde әulieli zher dep te ataj beredi Kieli zher su attarynyn birsypyrasy islam dini taralganga dejingi zamandagy tabynushylykpen bajlanysty Ogan Ojsylkara Zengibaba Shopan ata t b kieli toponimder zhatady Mundaj geografiyalyk nysandar Қazakstanda zhәne Қazakstannan tys zherlerde de kezdesedi Mәselen Zengi baba Shopan ata t b kieli toponimder ekeni belgili Өzbekstannyn Zengi ata audanynyn Қauynshy degen zherinde Zengi babanyn gimaraty tur Ol turaly Ә Қalmyrzauly halyk ugymynda Zengi babanyn dәulet pen bilik darytushy keremetke ie gazhajyp uly әulie ekendigin osy әulieli zherge Zengi babanyn kasietti ruhyna siynushylardyn tүrki elderinin barlyk zhurtynan kelip zhatatyndygyn zhazady Su kiesi Қozha Ahmet Yasaui kesenesindegi kudykhana Halyktyn nanym senimine bajlanysty kalyptaskan kieli sipattagy su nysandaryna Әuliebastau Balykshy әulie Әuliekol Әuliesor Әuliekudyk t b koptegen ataulardy zhatkyzuga bolady Sudy kieli sanaudyn bir tүri kazaktardyn tort tүlikke katysty zhasajtyn yrymdarynda korinis beredi Mәselen zhelinsau indeti kezinde maldy sudan ary beri ajdap otkizip su ushyk zhasap sudyn kieli kasietinen zhәrdem kүtedi Al indettin beti zhaman bolsa o dүnienin bastalar sagasy su ayagy kurdymga karaj ajdap zhiberedi Ontүstik Қazakstandagy Tүrkistan kalasyna zhakyn taudagy Zhylagan ata dep atalatyn үngir suyn kasietti sanau osy kezge dejin saktalyp keledi Қozha Ahmet Yasaui kesenesinde үlken esikten kirgendegi dәliz arkyly otetin on zhaktagy bolme kudykhana dep atalady Қabyrgasy kүjgen kirpishten kalangan terendigi on metrdej bolatyn kudyk suynan ziyarat etushiler eline kajtarda ala ketip auyldastaryna auyz tigizedi Mundaj әdet sol kudyk suyn kieli sanaumen bajlanysty shykkan Kieli su nysandaryna bajlanysty anyz әngimeler el ishinde osy uakytka dejin saktalyp otyr El ishinde kazirge dejin saktalyp kele zhatkan kejbir yrymdar men tyjymdardan sudy kieli dep sanagandygy bajkalady Mәselen kol zhugan son koldyn suyn silkimejdi Olaj etse su iesi Sүlejmennin kiesi atady yrys nesibe ketedi dep yrymdajdy Syr bojy kazaktary ozen tenizdin kiesi bar dep sanajdy Syrdyn kiesi urady Araldyn kiesi urady dep sudy lastamauga tyrysady DerekkozderҚazak enciklopediyasy ҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterUәlihanov Sh Tandamaly shygarmalary Almaty 1949 Musabaev Ғ Қazak tili leksikasy men grammatikasy tarihynan 1 bolim Almaty 1966 Valihanov Ch Ch Sobranie sochinenij v pyati tomah T 1 Alma Ata 1984 Bashkirskoe narodnoe tvorchestvo Predaniya i legendy Tom 2 Ufa 1987 Tradicionnye mirovozzrenie tyurkov Yuzhnoj Sibiri Prostranstvo i vremya Veshnoj mir Novosibirsk 1988 Dosmuhameduly H Alaman Almaty Ana tili 1991 Uәlihanov Sh Қazaktardagy shamandyktyn kaldygy Қazak baksy balgerleri Almaty Ana tili 1993 Uәlihanov Sh Tәniri Қudaj Қazak baksy balgerleri Almaty Ana tili 1993 Altaev B Ontүstik Қazakstan kazaktarynyn eginshilikke bajlanysty dәstүrleri men әdet guryptary Tarih gylym kand gylymi dәrezhesin alu үshin zhazylgan dissertaciyasy Almaty 1994 Murzaev E M Tyurkskie geograficheskie nazvaniya M 1996 Қalmyrzaev Ә Teberik dүnie Әulieler zhajly әngime Almaty Қasiet 1997 Sagyndykuly B Ғalamnyn gazhajyp syrlary Almaty Ғylym 1997 Tursunov E D Vozniknovenie baksy akynov seri i zhyrau Astana Foliant 1999 Arshabekov T T Zherleu rәsiminin Saryarka onirindegi erekshelikteri Қazaktyn әdet guryptary men salt dәstүrleri otkendegisi zhәne bүgini Almaty Ғylym 2001 Toktabaeva U Қazaktyn mal patshasy zhylkyga bajlanysty әdet guryptary men nanym senimderi Қazaktyn әdet guryptary men salt dәstүrleri otkendegisi men bүgini Almaty Ғylym 2001 Tursynov E D Istoki tyurkskogo folklora Қorkyt Almaty Dajk Press 2001 Қajdar Ә Halyk danalygy kazak makal mәtelderinin tүsindirme sozdigi zhәne zertteu Almaty Toganaj 2004 Kerimbaev A Қazak tilindegi sakraldy ataulardyn etnolingvistikalyk sipaty Filol gylym kand gylymi dәrezhesin alu үshin zhazylgan dissertaciyasy Almaty 2005 Ғabithanuly Қ Қazak mifologiyasynyn tildegi korinisi Almaty Arys 2006 ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan

Жарияланған күні: Қазан 25, 2024, 01:21 am
Ең көп оқылған
  • Наурыз 29, 2025

    Varennes-sous-Dun

  • Наурыз 28, 2025

    Varennes-Saint-Sauveur

  • Наурыз 25, 2025

    Varenne-Saint-Germain

  • Наурыз 27, 2025

    Valliguières

  • Наурыз 30, 2025

    Vallon-en-Sully

Күнделікті
  • Қазақша Уикипедия

  • Ағылшын тілі

  • Бірінші дүниежүзілік соғыс

  • Биология

  • Өсімдіктер

  • Вирустар

  • Дональд Трамп

  • Третьяков галереясы

  • Бельгия

  • 1981 жыл

NiNa.Az - Студия

  • Уикипедия

Ақпараттық бюллетеньге тіркелу

Біздің пошталық тізімге жазылу арқылы сіз әрқашан бізден соңғы жаңалықтарды аласыз.
Байланысу
Бізбен хабарласыңы
DMCA Sitemap Feeds
© 2019 nina.az - Барлық құқықтар сақталған.
Авторлық құқық: Dadaş Mammedov
Жоғарғы