Күш (лат. fortis) - материалдық нүктеге немесе денеге басқа денелер немесе өрістер тарапынан болатын механикалық әсердің өлшемі. Күнделікті өмірде біз «күш» ұғымы арқылы бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттаймыз. Мысалы, қолдың допқа, желдің қайық желкеніне, магниттің темірге, судың жүзгішке әрекеті туралы айтуға болады. Сонымен қатар бұл ұғым ауыспалы мағынада да қолданылады.
Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.
Тең әрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.
«Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады», «Көптің күші - бірлікте» деген аталы сөздердің терең мағынасын жеткізу үшін де күш ұғымы қолданылған. Күш ұғымы ғылымда да кеңінен қолданылады және ол физиканың негізгі ұғымдарының біріне жатады.
Инерция құбылысын қарастыра отырып, басқа денелермен әрекеттеспейтін дене санақ. денесіне қатысты түзу сызықты және бірқалыпты қозғалатынына көзімізді жеткіздік. Басқа денелермен әрекеттесу дененің жылдамдығының өзгеруіне әкеледі. Мысалы, қалақшамен ұшып бара жатқан теннис добының қозғалыс бағытын өзгертуге болады . Әткеншекті тербеткенімізде, онда отырған бала онымен бірге қозғала бастайды (69, ә-сурет). Осы келтірілген мысалдар дененің басқа денелермен әрекеттесуі оның жылдамдығының өзгеруіне əкелетінін көрсетеді.
Бұл жағдайда денелердің жылдамдығы күш әрекетінен өзгереді деп айту қабылданған. Сонымен, күш –денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Әртүрлі дененің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оған әртүрлі күш түсіруіміз керек. Мысалы, автомобильді орнынан қозғалту үшін көп күш жұмсаймыз. Бос және жүгі бар арбаларды орнынан қозғалту үшін және олардын қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оларға шамасы әртүрлі күш түсіреміз. Демек, күштің сан мəні көп те, аз да болуы мүмкін. Күш әрекеті сан мəніне (модуліне) ғана емес, оның бағытына да байланысты болады. Өздерің де ойын үстінде денелерге (допқа, шайбаға, т.б.) әсер ете отырып, өз ойларыңды жүзеге асыру үшін, Бұл әрекетке белгілі бір бағыт бересіңдер. Сонымен күш сандық мәнімен () және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады. Күшті F әрпімен белгілейді.
Сызбада күш ұшында бағыты көрсетілген түзу кесінді түрінде беріледі. Кесіндінің ұзындығы шартты түрде қандай да бір таңдап алынған масштабтағы күштің шамасын көрсетеді. Оның бағыты күш әрекетінің бағытымен сәйкес келеді. Кесіндінің басы күштің түсірілу нүктесі болып табылады.
Күштің дененің қандай нүктесіне түсетінінің де мəні зор. Расында да, мұны есікті тұтқасына және топсасына таяу нүктеге күш түсіріп ашқанда байқауға болады.
күш бірлігіне ньютон (Н) алынған. Бұл күш бірлігі ағылшынның ұлы физигі Исаак Ньютонның құрметіне ньютон деп аталған. 1Н- массасы 1 кг дененің жыл-дамдығын 1 м/с-ка өзгертетін күш. Бұдан үлкен күш бірлігі- килоньютон (кН) да қолданылады.
Физика сияқты ауқымды ғылым үшін жоғарыда келтірілген күштің анықтамасы оның күрделі мағынасын жеткілікті аша алмайды. Сондықтан Бұл ұғымға жоғары сыныптарда қайтадан оралатын боламыз.
Тең әсерлі күш
Тең әсерлі күш – денеге әсер ететін күш жүйелерінің әсеріне тең эквивалентті күш.
Жинақталатын күштер жүйесінің тең әсер етуші күші - өзара перпендикуляр осьтердегі кұраушы күштердің қосындыларына тең, ал бағыты бағыттаушы косинустармен анықталады.
Кеңістіктегі үш жинақталған күштің тең әсер етуші күші (күштер параллелепипедінің ережесі) –– осы күштерге тұрғызылған параллелепипедтің диагоналімен бейнеленеді.
Ауырлық күші
Ауырлық күші (, мұндағы m — дененің массасы, g — еркін түсу үдеуі, оның модулі шамамен 9,8 м/с2-ка тең) деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. Бұл күштің әрекетінен еркін денелер Жерге құлайды. Денелердің ауырлық күішінің әрекетінен ғана қозғалуын еркін түсу деп атайды. Мысалы, доптың ауада жерге түсуін еркін түсу деп есептеуге болады. (Ауырлық күшімен салыстырғанда ауаның кедергі күші азрақ болатындықтан, оны ескермеуге болады.)
Серпімділік күші
Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады.
Бұл күш денелерді қысу, созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады. Серпімділік күші әрқашан дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруін тудырған күшке қарама-қарсы бағытталады.
Мысалы, серіппені қолымызбен қысып, одан кейін оны бос жібере салсақ, онда серіппеде туындайтын серпімділік күші оны бастапқы қалпына келтіреді.
Серпімді деформациялар кезінде денеде туындайтын серпімділік күші оның созылуына тура пропорционал: |F| = kΔl, бұл формула Гук заңын өрнектейді, мұндағы Ғсерп— серпімділік күшінің модулі, k — қатаңдық немесе катаңдық коэффициенті, Δl =l - l0 — дене ұзындығының өзгеруі
Үйкеліс күші
Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады және ол күш әрдайым жанасу бетінің бойымен қозгалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.
Қарастырылатын дененің үйкеліс күші (Fүйк) екінші дененің бетін басып қысатын Р күшке (демек, тіректің N реакция күшінде), үйкелісетін беттердің материалы мен өңделу сапасына байланысты болады.
Тіректің реакция күші
Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік кірітін айтады.. Үйкеліс күшінің модулі тіректің реакция күшіне тура пропорционал: , мұндағы — үйкеліс коэффициенті деп аталатын пропорционалдык коэффициент. Үйкеліс коэффициенті жанасатын беттер жұбының өңделу сапасы мен материалына байланысты болады. Табиғатта үйкеліс күші үш түрде керініс табады:
- сырғанау үйкелісі (мысалы, конькишінің мұз бетімен сырғанауы кезінде),
- домалау үйкелісі (бір дене екінші дененің бетімен домалау жағдайында туындайтын),
- тыныштық үйкелісі (мысалы, дененің көлбеу жазықтықта жатуы). Үйкеліс күші, денелер беттерінің кедір-бұдырлығынан және жанасатын беттер молекулаларының езара тартылысынан туындайды.
Күштің шамасын динамометр деп аталатын құралдың көмегімен өлшенеді. Динамометрді пайдалану серпімді деформацияның шамасы (созылуы немесе сығылуы) түсірілген күшке тура пропорционал болуына негізделген. Сондықтан созылған серіппе ұзындығы бойынша күштің мәні туралы айта аламыз.
Теоремалар
Үш күш туралы теорема - егер еркін қатты дене бір жазықтықта жатқан емес үш күштің әсерінен тепе-теңдік қалыпта тұрса, онда бұл күштердің әсер ету сызығы бір нүктеде қиылысады.
Сыртқы күш
Денелерге әсер ететін сыртқы күштер беттік, көлемдік, қадалған, таралған т.б. түрлерге ажыратылады. Поверхностная сила - беттік күш деп денеге беті арқылы берілетін күшті айтады. Мысалы, арқалықтың не платаның тіреуіші тарапынан болатын қарсы әсер. Объемная сила - көлемдік күш деп дененің көлемі арқылы берілетін әрі оның ішкі нүктесіне түсірілетін күшті айтады. Мысалы, арқалықтың салмағы немесе үдемелі қозғалған денеде пайда болған инерция күштері. Көлемдік күш Н/м3 немесе кн/м3-пен өлшенеді. Сосредоточенная сила -қадалған күш деп өз өлшемімен салыстырғанда өте шағын бетке түсетін күшті атайды. Кейбір есептерде мұны нүктеге түсірілетін күш деп есептейді. Қадалған күш ньютонмен (Н), килоньютонмен (кН) және меганьютонмен (МН) өлшенеді. Распределенная нагрузка - таралған күш деп дене бетінің ауданына немесе беттік сызыққа әсер ететін салмақты айтады (мысалы, үй шатырына түсетін қар қысымы шатыр ауданына түгел жайылады). Т.к. қарқындылығымен сипатталады. Қарқындылық деп күштің бірлік ауданға немесе бірлік ұзындыққа түсірілген шамасын айтады. Т.к.-тің ауданға қатысты өлшем бірлігі Н/м2 немесе кН/м2 , ал ұзыңдыққа қатысты Н/м немесе кН/м. Дененің бірлік ауданына не оның бөлігіне таралған күштің қарқындылығы бірдей болса, оны тең таралган күш дейді. Әсер ететін уақытына қарай күш тұрақты, үздіксіз, уақытша болып ажыратылады. Мысалы, темір жолдың көпірге түсіретін күші тұрақты, ал көпір үстімен өтетін поездың салмағы уақытша күш болып саналады. Әсер ету жылдамдығына қарай күш статикалық және динамикалық күштерге ажыратылады. Статикалық күштің әсер ету жылдамдығы баяу болады да, үдеу шамасы ескерілмейді, динамикалық күштің әсер ету жылдамдығы шапшан болғандықтан, бұл жағдайда үдеу жөне үйкеліс күштері ескеріледі.
Ішкі күш
Дененің жеке бөліктері арасында өзара әсерлесу күші, і.к. қималар әдісімен (метод сечений) зерттеледі.
Инерция күші
Инерция күші - векторлық шама. ʒ = ma, мүндағы m - материалды нүктенің массасы, a-оның үдеуі.
Кризистік күш
Сырықтың тепе-теңдік қалпынан ауыткуына сөйкес келетін сығу күшінің ең аз мәні.
Бойлық күш
Тік күш, созылу және сығылу кезінде білеудің көлденең қимасында пайда болатын ішкі күш. Бойлық күш сан мәні бойынша қиылған сырықтың кез келген бөлігінде (сол не оң), сырық өсіне әсер өтетін барлық сыртқы күштер проекциясының алгебралық қосындысына тең, яғни N = ΣҒlz. кезіңдегі Бойлық күшті оң деп санаймыз.
Ауырлық күш
Кез келген денеге әсер ететін тұрақты күш P=mq, мұнда q-ауырлық күшінің үдеуі, m-массасы.
Серпімділік күш
Гук заңына негізделіп кернеу деформацияға пропорционал. Мысалы, серіппе үшін с.к. F = сλ тең, мүндағы F-серіппенің ұзару (отыру) шамасы, С-серіпенің қатандық коэффициенті (Н/м)
Тұтғыр үйкелісінің күші
Жылдамдыққа байланысты, тұтқыр ортада дененің бояу қозғалысында әсер етеді. R = μV, мұңдағы V-дененің жылдамдығы, μ-кедергі коэффициенті.
Дереккөздер
- Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 240 бет, суретті. ISBN 9965-36-700-0
- Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kүsh lat fortis materialdyk nүktege nemese denege baska deneler nemese orister tarapynan bolatyn mehanikalyk әserdin olshemi Kүndelikti omirde biz kүsh ugymy arkyly bir denenin ekinshi bir denege әreketin sipattajmyz Mysaly koldyn dopka zheldin kajyk zhelkenine magnittin temirge sudyn zhүzgishke әreketi turaly ajtuga bolady Sonymen katar bul ugym auyspaly magynada da koldanylady Kүsh dep denenin baska deneler tarapynan bolatyn әrekettin nәtizhesinde үdeu alatynyn sipattajtyn zhәne osy әrekettin olshemi bolyp tabylatyn fizikalyk shamany ajtady Ten әreketti kүsh dep denege bir mezgilde әreket etetin birneshe kүshtin әreketindej әreket zhasajtyn kүshti ajtady Bilegi kүshti birdi zhygady bilimi kүshti myndy zhygady Koptin kүshi birlikte degen ataly sozderdin teren magynasyn zhetkizu үshin de kүsh ugymy koldanylgan Kүsh ugymy gylymda da keninen koldanylady zhәne ol fizikanyn negizgi ugymdarynyn birine zhatady Inerciya kubylysyn karastyra otyryp baska denelermen әrekettespejtin dene sanak denesine katysty tүzu syzykty zhәne birkalypty kozgalatynyna kozimizdi zhetkizdik Baska denelermen әrekettesu denenin zhyldamdygynyn ozgeruine әkeledi Mysaly kalakshamen ushyp bara zhatkan tennis dobynyn kozgalys bagytyn ozgertuge bolady Әtkenshekti terbetkenimizde onda otyrgan bala onymen birge kozgala bastajdy 69 ә suret Osy keltirilgen mysaldar denenin baska denelermen әrekettesui onyn zhyldamdygynyn ozgeruine ekeletinin korsetedi Bul zhagdajda denelerdin zhyldamdygy kүsh әreketinen ozgeredi dep ajtu kabyldangan Sonymen kүsh denelerdin ozara әrekettesuin sipattajtyn shama Әrtүrli denenin kozgalys zhyldamdygyn birdej shamaga ozgertu үshin ogan әrtүrli kүsh tүsiruimiz kerek Mysaly avtomobildi ornynan kozgaltu үshin kop kүsh zhumsajmyz Bos zhәne zhүgi bar arbalardy ornynan kozgaltu үshin zhәne olardyn kozgalys zhyldamdygyn birdej shamaga ozgertu үshin olarga shamasy әrtүrli kүsh tүsiremiz Demek kүshtin san meni kop te az da boluy mүmkin Kүsh әreketi san menine moduline gana emes onyn bagytyna da bajlanysty bolady Өzderin de ojyn үstinde denelerge dopka shajbaga t b әser ete otyryp oz ojlaryndy zhүzege asyru үshin Bul әreketke belgili bir bagyt beresinder Sonymen kүsh sandyk mәnimen zhәne bagytymen sipattalatyn fizikalyk shama bolyp tabylady Kүshti F әrpimen belgilejdi Syzbada kүsh ushynda bagyty korsetilgen tүzu kesindi tүrinde beriledi Kesindinin uzyndygy shartty tүrde kandaj da bir tandap alyngan masshtabtagy kүshtin shamasyn korsetedi Onyn bagyty kүsh әreketinin bagytymen sәjkes keledi Kesindinin basy kүshtin tүsirilu nүktesi bolyp tabylady Kүshtin denenin kandaj nүktesine tүsetininin de meni zor Rasynda da muny esikti tutkasyna zhәne topsasyna tayau nүktege kүsh tүsirip ashkanda bajkauga bolady kүsh birligine nyuton N alyngan Bul kүsh birligi agylshynnyn uly fizigi Isaak Nyutonnyn kurmetine nyuton dep atalgan 1N massasy 1 kg denenin zhyl damdygyn 1 m s ka ozgertetin kүsh Budan үlken kүsh birligi kilonyuton kN da koldanylady Fizika siyakty aukymdy gylym үshin zhogaryda keltirilgen kүshtin anyktamasy onyn kүrdeli magynasyn zhetkilikti asha almajdy Sondyktan Bul ugymga zhogary synyptarda kajtadan oralatyn bolamyz Ten әserli kүshTen әserli kүsh denege әser etetin kүsh zhүjelerinin әserine ten ekvivalentti kүsh Zhinaktalatyn kүshter zhүjesinin ten әser etushi kүshi ozara perpendikulyar osterdegi kuraushy kүshterdin kosyndylaryna ten al bagyty bagyttaushy kosinustarmen anyktalady Kenistiktegi үsh zhinaktalgan kүshtin ten әser etushi kүshi kүshter parallelepipedinin erezhesi osy kүshterge turgyzylgan parallelepipedtin diagonalimen bejnelenedi Auyrlyk kүshiTolyk makalasy Auyrlyk kүshi Auyrlyk kүshi F mg displaystyle F mg mundagy m denenin massasy g erkin tүsu үdeui onyn moduli shamamen 9 8 m s2 ka ten dep denelerdin Zherge tartylu kүshin ajtady Bul kүshtin әreketinen erkin deneler Zherge kulajdy Denelerdin auyrlyk kүishinin әreketinen gana kozgaluyn erkin tүsu dep atajdy Mysaly doptyn auada zherge tүsuin erkin tүsu dep esepteuge bolady Auyrlyk kүshimen salystyrganda auanyn kedergi kүshi azrak bolatyndyktan ony eskermeuge bolady Serpimdilik kүshiTolyk makalasy Serpimdilik kүshi Serpimdilik kүshi dep denenin pishini men kolemi ozgergen kezde pajda bolatyn kүshti ajtady Bul kүsh denelerdi kysu sozu majystyru nemese burau kezinde pajda bolady Serpimdilik kүshi әrkashan denenin pishini men olshemderinin ozgeruin tudyrgan kүshke karama karsy bagyttalady Mysaly serippeni kolymyzben kysyp odan kejin ony bos zhibere salsak onda serippede tuyndajtyn serpimdilik kүshi ony bastapky kalpyna keltiredi Serpimdi deformaciyalar kezinde denede tuyndajtyn serpimdilik kүshi onyn sozyluyna tura proporcional F kDl bul formula Guk zanyn ornektejdi mundagy Ғserp serpimdilik kүshinin moduli k katandyk nemese katandyk koefficienti Dl l l0 dene uzyndygynyn ozgeruiҮjkelis kүshiTolyk makalasy Үjkelis kүshi Dondegi blok zhәne sәjkes tomendegi blok erkin dene diagramasy Үjkelis kүshi dep deneler tikelej zhanaskanda pajda bolatyn kүshti ajtady zhәne ol kүsh әrdajym zhanasu betinin bojymen kozgalys bagytyna karama karsy zhakka karaj bagyttalady Қarastyrylatyn denenin үjkelis kүshi Fүjk ekinshi denenin betin basyp kysatyn R kүshke demek tirektin N reakciya kүshinde үjkelisetin betterdin materialy men ondelu sapasyna bajlanysty bolady Tirektin reakciya kүshi Tirektin reakciya kүshi dep tirektin denege әreket etetin serpimdilik kiritin ajtady Үjkelis kүshinin moduli tirektin reakciya kүshine tura proporcional F nN displaystyle F nu N mundagy n displaystyle nu үjkelis koefficienti dep atalatyn proporcionaldyk koefficient Үjkelis koefficienti zhanasatyn better zhubynyn ondelu sapasy men materialyna bajlanysty bolady Tabigatta үjkelis kүshi үsh tүrde kerinis tabady syrganau үjkelisi mysaly konkishinin muz betimen syrganauy kezinde domalau үjkelisi bir dene ekinshi denenin betimen domalau zhagdajynda tuyndajtyn tynyshtyk үjkelisi mysaly denenin kolbeu zhazyktykta zhatuy Үjkelis kүshi deneler betterinin kedir budyrlygynan zhәne zhanasatyn better molekulalarynyn ezara tartylysynan tuyndajdy Dinamometr Kүshtin shamasyn dinamometr dep atalatyn kuraldyn komegimen olshenedi Dinamometrdi pajdalanu serpimdi deformaciyanyn shamasy sozyluy nemese sygyluy tүsirilgen kүshke tura proporcional boluyna negizdelgen Sondyktan sozylgan serippe uzyndygy bojynsha kүshtin mәni turaly ajta alamyz TeoremalarҮsh kүsh turaly teorema eger erkin katty dene bir zhazyktykta zhatkan emes үsh kүshtin әserinen tepe tendik kalypta tursa onda bul kүshterdin әser etu syzygy bir nүktede kiylysady Syrtky kүsh Denelerge әser etetin syrtky kүshter bettik kolemdik kadalgan taralgan t b tүrlerge azhyratylady Poverhnostnaya sila bettik kүsh dep denege beti arkyly beriletin kүshti ajtady Mysaly arkalyktyn ne platanyn tireuishi tarapynan bolatyn karsy әser Obemnaya sila kolemdik kүsh dep denenin kolemi arkyly beriletin әri onyn ishki nүktesine tүsiriletin kүshti ajtady Mysaly arkalyktyn salmagy nemese үdemeli kozgalgan denede pajda bolgan inerciya kүshteri Kolemdik kүsh N m3 nemese kn m3 pen olshenedi Sosredotochennaya sila kadalgan kүsh dep oz olshemimen salystyrganda ote shagyn betke tүsetin kүshti atajdy Kejbir esepterde muny nүktege tүsiriletin kүsh dep eseptejdi Қadalgan kүsh nyutonmen N kilonyutonmen kN zhәne meganyutonmen MN olshenedi Raspredelennaya nagruzka taralgan kүsh dep dene betinin audanyna nemese bettik syzykka әser etetin salmakty ajtady mysaly үj shatyryna tүsetin kar kysymy shatyr audanyna tүgel zhajylady T k karkyndylygymen sipattalady Қarkyndylyk dep kүshtin birlik audanga nemese birlik uzyndykka tүsirilgen shamasyn ajtady T k tin audanga katysty olshem birligi N m2 nemese kN m2 al uzyndykka katysty N m nemese kN m Denenin birlik audanyna ne onyn boligine taralgan kүshtin karkyndylygy birdej bolsa ony ten taralgan kүsh dejdi Әser etetin uakytyna karaj kүsh turakty үzdiksiz uakytsha bolyp azhyratylady Mysaly temir zholdyn kopirge tүsiretin kүshi turakty al kopir үstimen otetin poezdyn salmagy uakytsha kүsh bolyp sanalady Әser etu zhyldamdygyna karaj kүsh statikalyk zhәne dinamikalyk kүshterge azhyratylady Statikalyk kүshtin әser etu zhyldamdygy bayau bolady da үdeu shamasy eskerilmejdi dinamikalyk kүshtin әser etu zhyldamdygy shapshan bolgandyktan bul zhagdajda үdeu zhone үjkelis kүshteri eskeriledi Ishki kүsh Denenin zheke bolikteri arasynda ozara әserlesu kүshi i k kimalar әdisimen metod sechenij zertteledi Inerciya kүshi Inerciya kүshi vektorlyk shama ʒ ma mүndagy m materialdy nүktenin massasy a onyn үdeui Krizistik kүsh Syryktyn tepe tendik kalpynan auytkuyna sojkes keletin sygu kүshinin en az mәni Bojlyk kүsh Tik kүsh sozylu zhәne sygylu kezinde bileudin koldenen kimasynda pajda bolatyn ishki kүsh Bojlyk kүsh san mәni bojynsha kiylgan syryktyn kez kelgen boliginde sol ne on syryk osine әser otetin barlyk syrtky kүshter proekciyasynyn algebralyk kosyndysyna ten yagni N SҒlz kezindegi Bojlyk kүshti on dep sanajmyz Auyrlyk kүsh Kez kelgen denege әser etetin turakty kүsh P mq munda q auyrlyk kүshinin үdeui m massasy Serpimdilik kүsh Guk zanyna negizdelip kerneu deformaciyaga proporcional Mysaly serippe үshin s k F sl ten mүndagy F serippenin uzaru otyru shamasy S seripenin katandyk koefficienti N m Tutgyr үjkelisinin kүshi Zhyldamdykka bajlanysty tutkyr ortada denenin boyau kozgalysynda әser etedi R mV mundagy V denenin zhyldamdygy m kedergi koefficienti DerekkozderFizika zhәne astronomiya Zhalpy bilim beretin mekteptin 9 synybyna arnalgan okulyk Өnd tolykt 2 bas R Basharuly D Қazakbaeva U Tokbergenova N Bekbasar Almaty Mektep baspasy 2009 240 bet suretti ISBN 9965 36 700 0 Fizika zhәne astronomiya Almaty Atamura 2007 ISBN 9965 34 634 8 Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Mehanika Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2007 29 1 b ISBN 9965 08 234 0