Күрес – спорт түрі.
Күрестің түрлері
Қазақстанда күрестің қазақша күрес, грек-рим күресі және еркін күрес, дзю-до және самбо сияқты жекпе-жек түрлері кең дамыған.
Қазақ күресі – Қазақстанның ұлттық спорт түрі. Оның тәсілдері сан алуан. Жекпе-жек барысында бір қолмен белдіктен немесе күрте жағасынан, жеңінен ұстап шалу, үйіріп, сүріндіре, жұлқу, тізеден қағу, іліп немесе кеудеден асыра лақтыру, т.б. көптеген тәсілдер қолданылды.
- 1928 жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданып, ол 1938 жылы республикалық спорттық жарыстың бағдарламасына енгізілді.
- Қазақша күрес балуандары халықаралық аренада тұңғыш рет 1952 ж. Ашхабад қаласында сынға түсті. Қазақша күрестің салмақ дәрежелері де, ережесі де жиі өзгерістерге ұшырады. Кей жылдары үш, төрт, бес, сегіз, он салмақ дәрежелері бойынша жарыстар өтіп жүрді.
- 1998 жылдан еліміздің балуандары үш салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. 60 кг-ға дейінгі балуандар – кіші балуан, 74 кг-ға дейінгілер – орта балуан, 74 кг-нан жоғарылар – бас балуан деп аталады.
Грек-рим күресі, классикалық күрес – қол және тұтас дене қозғалысына негізделген тәсілдерді пайдаланатын спорттық күрес түрі. Бұл күресте қарсыласын белден төмен ұстауға, аяқтан шалуға, т.б. болмайды. Грек-рим күресінің мақсаты – қарсыласының жауырынын жерге тигізу немесе күрес тәсілдерін шебер қолдана отырып, ұпай санымен жеңу.
- Грек-рим күресі 1896 жылғы 1-Олимпиялық ойындардың бағдарламасына енді.
- 1904 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіліп келеді.
- 20-ғасырдың 60-жылдарының аяғынан бастап күрестің бұл түрі Қазақстанда жедел дами түсті. Қазақ халқынан шыққан Қажымұқан Мұңайтпасов, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әсет Мәмбетов сияқты Дүниежүзілік олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің есімдері көпшілікке белгілі.
Еркін күрес. Мұнда қарсыластарға әр түрлі техникалық тәсілдерді (қарсыласын лақтыру, аударып түсіру, қапсыра ұстау, белден төмен ұстау, т.б.) кеңінен қолдануға мүмкіндік беріледі.
- Еркін күрес 19-ғасырдың аяғында Англияда пайда болған.
- 1904 жылдан олимпиялық ойындар бағдарламасына енген.
- 1951 жылдан дүниежүзілік, 1928 жылдан Еуропа чемпионаттары өткізіледі.
- Қазақстанда еркін күрес жарыстары 1955 жылдан өткізіліп келеді. Қабден Байдосов, Әбілсейіт Айқанов, Амангелді Ғабсаттаров, Аманжол Бұғыбаев, Сейітжан Әбдікәрімов, Алмас Мұсабеков, т.б. халықаралық аренада халқымызды әлемге танытты. Мәулен Мамыров Атлантада (АҚШ) өткен Олимпиялық ойындарда (1996) және дүниежүзілік чемпионатта (1998) қола жүлдені еншіледі.
Дзю-до (жапонша дзю – жұмсақ, до – жол).
- 19-ғасырдың аяғында Жапонияда джиу-джицу күресі негізінде пайда болған.
- 1956 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізіледі, Олимпиада ойындарына 1964 жылдан енген. Дзю-дошылар арнайы кілем (татами) үстінде күреседі. Киімдері – кимоно, белбеу және шалбар. Күрес ережесі бойынша қылқындыруға, қолды бұрауға болады. Жаңадан қатысып жүргендер беліне ақ белбеу, ал жоғары разрядшылар қара белбеу орап шығады. Қазақстанда дзю-до күресі 20-ғасырдың 60-жылдарынан бері дамып келеді. Пекинде (Қытай) өткен 29-Олимпиялық ойындарда (2008) күміс, дүниежүзілік чемпионатта (2004, Корея) қола жүлдені иеленді. 1995 жылдан Алматыда Ораз Жандосов атындағы халықаралық турнир өтіп келеді.
Самбо (орыстың “самозащита без оружия” – қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі). Күрестің бұл түрін қазақ, грузин, татар, Әзірбайжан, т.б. халықтардың ұлттық күрестерінің айла-тәсілдері негізінде белгілі маман Аркадий Харлампиев (1938) құрған. Спорттық және әскери түрі бар. Әскери самбоның қорғаныс және арнайы деген екі түрі бар. Самбо күресінде балуандар арнайы белдікті шапан киеді, күрес кезінде белдіктен, жеңнен, шапанның кез келген жерінен, сондай-ақ қол мен аяқтан ұстап, әдіс қолдануға болады. Самбода әдіс қолданушы балуан тік тұрып, қарсыласының жауырынын кілемге тигізсе немесе буындарды ауырту әдісін қолданғанда, қарсыласы жеңілгендік белгісін берсе ғана таза жеңіс деп есептеледі. Самбодан КСРО біріншілігі 1939 жылдан бастап өткізілген. Ал Еуропа чемпионаты 1972 жылдан өткізіледі. Қазақстанда самбо 1953 жылдан бері дамуда, республикалық алғашқы біріншілік 1955 жылы ұйымдастырылды. Самбо күресінен Асхат Шахаров әлемнің үш дүркін чемпионы болса, Қанат Байшолақов, , Асқар Шайхиев, Арсен Хатип әлем чемпионы, Айтжан Шаңғараев, А.Мұсабеков Еуропа чемпионы атанды. Әйелдер арасында Сәуле Ғабдоллина, Айсара Керімбекова, Жамал Бозова, т.б. әлем, Азия чемпионы болып, әлем чемпионаттарының жүлдесін алды.
Дереккөздер
- “Балалар Энциклопедиясы”, V-том
- Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kүres sport tүri Kүrestin tүrleriҚazakstanda kүrestin kazaksha kүres grek rim kүresi zhәne erkin kүres dzyu do zhәne sambo siyakty zhekpe zhek tүrleri ken damygan Қazak kүresi Қazakstannyn ulttyk sport tүri Onyn tәsilderi san aluan Zhekpe zhek barysynda bir kolmen beldikten nemese kүrte zhagasynan zheninen ustap shalu үjirip sүrindire zhulku tizeden kagu ilip nemese keudeden asyra laktyru t b koptegen tәsilder koldanyldy 1928 zhyly kazaksha kүrestin biryngaj erezhesi kabyldanyp ol 1938 zhyly respublikalyk sporttyk zharystyn bagdarlamasyna engizildi Қazaksha kүres baluandary halykaralyk arenada tungysh ret 1952 zh Ashhabad kalasynda synga tүsti Қazaksha kүrestin salmak dәrezheleri de erezhesi de zhii ozgeristerge ushyrady Kej zhyldary үsh tort bes segiz on salmak dәrezheleri bojynsha zharystar otip zhүrdi 1998 zhyldan elimizdin baluandary үsh salmak dәrezhesi bojynsha kүsh synasady 60 kg ga dejingi baluandar kishi baluan 74 kg ga dejingiler orta baluan 74 kg nan zhogarylar bas baluan dep atalady Grek rim kүresi Grek rim kүresi klassikalyk kүres kol zhәne tutas dene kozgalysyna negizdelgen tәsilderdi pajdalanatyn sporttyk kүres tүri Bul kүreste karsylasyn belden tomen ustauga ayaktan shaluga t b bolmajdy Grek rim kүresinin maksaty karsylasynyn zhauyrynyn zherge tigizu nemese kүres tәsilderin sheber koldana otyryp upaj sanymen zhenu Grek rim kүresi 1896 zhylgy 1 Olimpiyalyk ojyndardyn bagdarlamasyna endi 1904 zhyldan dүniezhүzilik chempionattar otkizilip keledi 20 gasyrdyn 60 zhyldarynyn ayagynan bastap kүrestin bul tүri Қazakstanda zhedel dami tүsti Қazak halkynan shykkan Қazhymukan Munajtpasov Shәmil Serikov Zhaksylyk Үshkempirov Dәulet Turlyhanov Baktiyar Bajsejitov Nurbakyt Tenizbaev Әset Mәmbetov siyakty Dүniezhүzilik olimpiada chempiondary men zhүldegerlerinin esimderi kopshilikke belgili Erkin kүres Erkin kүres Munda karsylastarga әr tүrli tehnikalyk tәsilderdi karsylasyn laktyru audaryp tүsiru kapsyra ustau belden tomen ustau t b keninen koldanuga mүmkindik beriledi Erkin kүres 19 gasyrdyn ayagynda Angliyada pajda bolgan 1904 zhyldan olimpiyalyk ojyndar bagdarlamasyna engen 1951 zhyldan dүniezhүzilik 1928 zhyldan Europa chempionattary otkiziledi Қazakstanda erkin kүres zharystary 1955 zhyldan otkizilip keledi Қabden Bajdosov Әbilsejit Ajkanov Amangeldi Ғabsattarov Amanzhol Bugybaev Sejitzhan Әbdikәrimov Almas Musabekov t b halykaralyk arenada halkymyzdy әlemge tanytty Mәulen Mamyrov Atlantada AҚSh otken Olimpiyalyk ojyndarda 1996 zhәne dүniezhүzilik chempionatta 1998 kola zhүldeni enshiledi Dzyu do zhaponsha dzyu zhumsak do zhol 19 gasyrdyn ayagynda Zhaponiyada dzhiu dzhicu kүresi negizinde pajda bolgan 1956 zhyldan dүniezhүzilik chempionattar otkiziledi Olimpiada ojyndaryna 1964 zhyldan engen Dzyu doshylar arnajy kilem tatami үstinde kүresedi Kiimderi kimono belbeu zhәne shalbar Kүres erezhesi bojynsha kylkyndyruga koldy burauga bolady Zhanadan katysyp zhүrgender beline ak belbeu al zhogary razryadshylar kara belbeu orap shygady Қazakstanda dzyu do kүresi 20 gasyrdyn 60 zhyldarynan beri damyp keledi Pekinde Қytaj otken 29 Olimpiyalyk ojyndarda 2008 kүmis dүniezhүzilik chempionatta 2004 Koreya kola zhүldeni ielendi 1995 zhyldan Almatyda Oraz Zhandosov atyndagy halykaralyk turnir otip keledi Sambo orystyn samozashita bez oruzhiya karusyz korganu degen sozinin kyskartylgan tүri Kүrestin bul tүrin kazak gruzin tatar Әzirbajzhan t b halyktardyn ulttyk kүresterinin ajla tәsilderi negizinde belgili maman Arkadij Harlampiev 1938 kurgan Sporttyk zhәne әskeri tүri bar Әskeri sambonyn korganys zhәne arnajy degen eki tүri bar Sambo kүresinde baluandar arnajy beldikti shapan kiedi kүres kezinde beldikten zhennen shapannyn kez kelgen zherinen sondaj ak kol men ayaktan ustap әdis koldanuga bolady Samboda әdis koldanushy baluan tik turyp karsylasynyn zhauyrynyn kilemge tigizse nemese buyndardy auyrtu әdisin koldanganda karsylasy zhenilgendik belgisin berse gana taza zhenis dep esepteledi Sambodan KSRO birinshiligi 1939 zhyldan bastap otkizilgen Al Europa chempionaty 1972 zhyldan otkiziledi Қazakstanda sambo 1953 zhyldan beri damuda respublikalyk algashky birinshilik 1955 zhyly ujymdastyryldy Sambo kүresinen Ashat Shaharov әlemnin үsh dүrkin chempiony bolsa Қanat Bajsholakov Askar Shajhiev Arsen Hatip әlem chempiony Ajtzhan Shangaraev A Musabekov Europa chempiony atandy Әjelder arasynda Sәule Ғabdollina Ajsara Kerimbekova Zhamal Bozova t b әlem Aziya chempiony bolyp әlem chempionattarynyn zhүldesin aldy Derekkozder Balalar Enciklopediyasy V tom Қazakstan sportshylar eli Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Sozdik Slovar ISBN 9965 822 57 3Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet