Осман империясы (осман. دولت علیه عثمانیه — Devlet-i Âliyye-i Osmâniyye, Ұлы Осман мемлекеті) — Еуропа, Азия және Африка құрлықтарында орналасқан ортағасырлық көпұлтты мемлекет.
Осман империясы دولت علیه عثمانیه Империя | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Ұраны Мәңгілік ел دولت ابد مدت — Devlet-i Ebed-müddet | |||||||||
1683 жылғы Ұлы Османлы Мемлекеті | |||||||||
Астанасы | Сөгүт (1299-1326) Бурса (1326-1365) Эдирне (1365-1453) Константиние (1453-1922) | ||||||||
Ірі қалалары | Қаһира Александрия Бағдат Дамаск Мекке | ||||||||
Тіл(дер)і | Османлы тілі | ||||||||
Діні | Ислам | ||||||||
Ақша бірлігі | ақша, құрыш, сұлтани, лира | ||||||||
Аумағы | 5 200 000 км² (1683) | ||||||||
Халқы | 35 350 000 адам (1856) | ||||||||
Басқару формасы | Монархия | ||||||||
Династиясы | Османлы әулеті | ||||||||
Сұлтан | |||||||||
- 1299-1326 | I Осман | ||||||||
- 1451-1481 | II Мехмет | ||||||||
- 1512-1520 | I Сәлім | ||||||||
- 1520-1566 | I Сүлеймен | ||||||||
- 1918-1922 | VI Мехмет | ||||||||
Садрағзам | |||||||||
- 1320-1331 | Алаеддин паша | ||||||||
- 1523-1536 | Паргалы Ибраһим паша | ||||||||
- 1565-1579 | Соколлы Мехмет паша | ||||||||
- 1656-1661 | Көпрүлі Мехмет паша | ||||||||
- 1920-1922 | Ахмет Тәупік паша | ||||||||
Мирасқорлық | |||||||||
← Салжұқ сұлтандығы ← Шығыс Рим империясы ← ← ← ← ← ← Түркия → → → → → → |
Мемлекет XV-XVII ғасырларда үш құрлыққа (Еуропа, Азия, Африка) жайылып, оңтүстік-шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың басым бөлігін билеген; батыстағы Марокконың Атлант жағалауынан шығыстағы Парсы шығанағының жағалауына дейін, солтүстіктегі Украинадан оңтүстіктегі Сомалиға дейінгі аймақты қамтып жатқан.
Бұл мемлекет алты ғасыр бойы Батыс пен Шығыстың қарым-қатынас жасасуының бел ортасында болып келді. Құдіретінің шарықтау шыңында Османлы мемлекеті 42 уәлияттардан тұрып, оған бағынышты Валахия, Молдова және Трансильвания князьдіктері Османлы мемлекетіне алым-салық төлеп отырды. Бүгін Ыстамбұл (түр. İstanbul) деген атпен белгілі Константиние (осман. قسطنطينيه — Konstantîniyye) қаласын өзінің елордасына айналдырған Османлы мемлекетін көп жағынан бұрынғы жерортатеңіздік өркениеттердің, атап айтқанда Рим империясының және Шығыс Рим империясының ислами мұрагері деп атауға болады. Османлылар да өздерін Ежелгі Рим мен Ислам мәдениетінің жалғастырушылары деп, яғни «мәдениеттердің бірігуі» арқылы «бүкіләлемдік мемлекеттің» билеушілері ретінде қарастырды.
Тарихы
Құрылуы (1299-1402)
Османлылар ата-тегі оғыздардың қайы тайпасынан шығады. Бұл тайпа XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығынан құтылып, Анадолы жеріне көшеді. Тайпаның басшылары осында әскер жинап жатқан хорезмшаһ Жалаладдин Мәңгібердінің (1199-1231) қызметінде болады. Кейінірек Ертұғрыл бей (1198-1281) бастаған тайпаның бір бөлігі Анадолы Селжұқ Мемлекетіне көшеді. Селжұқтардың сол кездегі сұлтаны I Алаеддин Кейқұбат (1192-1237) Ертұғрылға Анадолыдағы Сөгүт қаласын сыйлайды. Ертұғрылдың ұлы I Осман (1258-1324) осы қалада 1299 жылы Османлы бейлігінің негізін қалайды.
Орхан (1288-1362) Анадолының батысын толығымен басып алады.
I Мұрат (1326-1389) өз әкесі мен атасы сияқты Анадолының әжептәуір жерлерін басып алды. Бұл жетістіктерді пайдаланып, ол 1383 жылы өзін «сұлтан» етіп жариялайды. Ол 15 маусым 1389 жылы Косово даласындағы шайқаста серб серісі Милош Обиличтің (сер. Милош Обилић) қолынан қаза табады.
I Баязит (1357-1402) Косово даласындағы шайқаста өз әкесі сербтерден қаза болуына байланысты ол кек алу мақсатымен көптеген сербтерді қырып жойды. Сербиядағы жеңістен кейін ол өз отарлауын Анадолыда жалғастырады: Айдын, Сарухан, Гермиян, Ментеше, Хамит және Қараман бейліктерін басып алады. Осылайша I Баязит османлы иеліктерін тез арада екі есе арттырады (жерлерді тез жаулап, өз шешімдерін тез шешетіндіктен оған «Шапшаң» (түр. Yıldırım) деген лақап ат қойылған). Бірақ ол бұл иеліктерді қалай шапшаң басып алса, сонша айырылып қалды. Бұның себебі — I Баязиттің замандасы Әмір Темір болуы және ең бастысы I Баязит көкірекшілдікке беріліп кеткені. I Баязит Әмір Темірге жазған көптеген хаттарында жәбірлейтін сөздер жазып, оны жете бағаламайды. Әмір Темір жауап ретінде османлылардың басып алған бейліктерін жаулап, оларға қайтадан тәуелсіздік береді. Ал Әмір мен Сұлтанның арасындағы шешуші шайқас Анкара (түр. Ankara) жерінде болады. Соғыста Әмір Сұлтанды жеңіп, оны қамауға алады. Сұлтан қамауда 20 шілде 1402 жылы қаза табады.
Сұлтанаралық (1402-1413)
I Баязит қайтыс болғаннан кейін Әмір Темір ойрандаған Османлы мемлекетінде ортақ билеуші болмайды. I Баязиттің үш баласы өзін сұлтан деп жариялайды: Иса Бұрсада, Сүлеймен Эдирнеде, ал Мехмет Батыс Анадолыда. Бұл жағдай сұлтанаралыққа әкеп соқты. 1405-1406 жылдары Мехмет Исаны жеңіп, Бурсаны басып алады. Кейін 1411 жылы I Баязиттің ортаңғы ұлы Мұса да өз ағасы Сүлейменді жеңіп, Румелияда өзін сұлтан деп жариялайды. Тірі қалған екі ағайындылардың шешуші шайқасы 1413 жылы болды. Сол шайқаста Мехмет жеңеді, ал жеңілген Мұса Валахияға қашып, сонда қайтыс болады.
Өркендеуі (1413-1453)
I Мехмет (1387-1421) сұлтанаралықтан жеңімпаз болып шығып, өзін күллі Османлы мемлекетінің сұлтаны деп жариялайды. Ол Анадолыдағы бейліктердің бәрін (Қараманнан басқа) қайта жаулап алады. Сонымен, Османлы мемлекеті қайта өз қалпына келе бастайды. I Мехмет 1421 жылдың 26 мамырында қайтыс болады.
II Мұрат (1404-1451) 1422 жылы Константинопольді қоршайды. Бірақ сол кезде османлыларда флот та, артиллерия да болған жоқ. Бұған қарамастан олар Византияға шабуыл жасап, көп жауынгерлерінен айырылады. Оған қоса Анадолыдағы бейліктер жаңа бүліктер бастайды. Сондықтан II Мұрат Константинополь қоршауын тоқтатады. Бүліктерді басқан соң, ол Балқан түбегіндегі жерлерге бірнеше жорық жасайды. Балқандарда олар кейбір жеңістерге қол жеткізеді. Қожа Мұрат Эдирне қаласында 3 ақпан 1451 жылы мерт болады. Оның баласы әйгілі әскербасы әрі саясаткер II Мехмет ізбасары болады.
Дамуы (1453-1579)
II Мехмет (1432-1481) 1453 жылы 21 жасында Шығыс Рим империясының елордасы Константинопольді жаулап алып, мемлекетті толығымен жояды. Сұлтан Константинопольмен шектелмей, Еуропаның басқа да жерлерін жаулауға кірісті. Тіпті Италияның Отранто қаласына дейін жетеді. Бірақ оның жасы мен денсаулығы оның көптеген жоспарларына кедергі болды. 1481 жылы Гебза қаласында мерт болды.
I Сәлім (1467-1520) 1517 жылы Мысырдағы мәмлүктердің мемлекетін жояды. Сол жылы сұлтан өзіне «халиф» атағын алады. Енді бұл атақ келесі османлы сұлтандардың да атағы болады. I Сәлім өзінің бар-жоғы 8 жылдық (1512-1520) билік жүргізген заманында Күрдістанды, Шамды, Алжирді, Мысырды, Мекке мен Мединені жаулап алды.
I Сүлеймен (1494-1566) 1526 жылы Мохач шайқасында 55-60 мыңдық әскерімен чехтер, мажарлар және поляктардың 38-41 мыңдық әскерін екі сағат ішінде толығымен жеңеді. Соғыс барысында Мажарстанның патшасы II Лайош батпаққа батып, мерт болады. Соғыстың нәтижесінде османлылардың еуропадағы беделі артты. I Сүлеймен өзінің 42 жылдық (1520-1566) билік жіргізген заманында Босния және Герцеговинаны, Славонияны, Мажарстанды, Молдованы, Иракты, Бахрейнді, Ливияны, Тунисті жаулап алды. I Сүлейменнің тұсында османлылардың билігі шарықтауының шыңына жетті. Әділ Сүлеймен 7 қыркүйек 1566 жылы Сигетвар қоршауы кезінде қаза табады. Бірнеше аптадан кейін оны Сүлеймение мешітінің жанындағы мазарда жерлейді.
I Сүлеймен қайтыс болғаннан кейін, оның жалғыз тірі қалған ұлы II Сәлім (1524-1574) таққа отырады. Оның тұсында сарайдағы әйелдер османлы саясатына үлкен ықпал тигізді. Сонын ішіндегі ең көрнектісі сұлтанның әйелі Хасеки Нұрбану сұлтан болды. Осылайша «Қатындар сұлтандығы» (1566-1656) атты заман басталды. Осы заман тұсында Осман мемлекеті әлсіреп, дағдарысқа ұшырай бастады. Сары Сәлім 1574 жылдың 21 желтоқсанында сарайында қайтыс болды.
Алайда шын мәнісінде II Сәлім тұсында елдегі ең беделді адам — садрағзам Соколлы Мехмет паша (1506-1579) еді. II Сәлімнің билік құруы кезіндегі елдің дамуы осы садрағзамның арқасында болды. Ол II Сәлім өлгеннен кейін тағы 5 жыл садрағзам болды. 1579 жылдың 11 қазанында садрағзамның қайтыс болуы Тоқырау жылдарына бастама болды.
Тоқырауы (1579-1699)
Османлы мемлекетінің көптеген көтерілістер мен бүліктерден әлсірегенін көрген Тұрхан Қадиша сұлтан өз баласы сұлтан IV Мехметке Көпрүлі Мехмет пашаны (1575-1661) садрағзам етіп тағайындауға кеңес береді. Көпрүлі Мехмет пашаның саяси жетістіктері осыған себеп болды. Сөйтіп, 1656 жылдың 15 қыркүйек күнінде Көпрүлі Мехмет паша садрағзам етіп тағайындалады. Бұл оқиға «Көпрүлілер заманының» (1656-1710) бастамасы болды. Көпрүлі Мехмет паша өзінің тағайындалуына дейін сұлтанға бірнеше шарт қойды:
- Садрағзамның шешімі қайта қарастырылмайды;
- Садрағзам өз еркімен шенеуніктерді тағайындайды, марапаттайды және қызметтен босатады;
- Садрағзам сұлтанның кеңесінсіз шағымдарға қатысты шешімді өзі қабылдайды;
- Сарайда ешкім де саясатқа араласпайды.
Көпрүлі Мехмет паша өзінің 5 жылдық (1656-1661) билік жүргізген заманында Крит пен Шанаққала жерлерінде Венецияға қарсы сәтті соғыс жүргізді, Лемнос пен Тенедос аралдарын жаулап алды, Қазызадалы атты дінбұзарлықтың, Трансильванияның, Абаза Хасан пашаның бүлігін басты, өзінің қарамағына саясаткерлер мен әскербасыларды жинап алды, және «лауазымды сатып алу» салтын біржолата жойды.
Көпрүлі Мехмет паша қайтыс болғаннан кейін оның ұрпақтары оның саясатын жалғастырды. Көпрүлілер басқарған заманда Османлы мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатында тұрақтылық болды, және биліктің беделі қайта өрлей бастады.
Әлсіреуі (1699-1792)
1699 жылдың 26 қаңтарында Карловци бітім шарты жасалды. Бұл бітім шарт бойынша Венецияға Морея мен Далмация, Аустрияға Мажарстан мен Трансильвания, ал Польшаға Подолье өтті. Бұл оқиға елдің Әлсіреу дәуірінің бастамасы еді. 1700 жылдың 14 шілдесінде жасалған Константиние бітім шарты бойынша Ресейге Азов өтті.
1718-1730 жылдар османлы тарихында "Лала дәуірі" деген атаумен әйгілі. Сұлтан III Ахмет пен садрағзам Наушаһарлы Дамат Ибраһим паша басшылығымен елде ғылым, өнер, мәдениет және экономиканы дамыту мақсатымен үлкен іс-шаралар ұйымдастырылды. Ғалым Ибраһим Мутеффериқа алғаш османлы типографиясын ашты. Алайда осындай жаңартуларға қарамастан османлы халқына, әсіресе дінбасылар мен жаңа шеріктерге садрағзам саясаты ұнамады. Патрон Халил төңкерісі нәтижесінде 1730 жылдың 1 қазанында садрағзам Ибраһим паша өлім жазасына кесілді, ал келесі күні сұлтан III Ахмет тақтан тайдырылды.
Ыдырауы (1792-1922)
3 қараша 1839 жылы сұлтан I Әбділмәжит (1823-1861) «Шәріп хат» (осм. Hatt-ı Şerif-î) жарлығын шығарды. Оның авторы садрағзам Қожа Мұстафа Рашит паша болды. Бұл жарлықтың оған дейінгі жарлықтардан ерекшелігі — оның әскери емес, қоғамдық және экономикалық өзгерістері. Жарлықта сот отырыстарды жариялылық ету, алым-салықты дұрыс төлеттіру, құрлықтағы және теңіздегі әскерлердің шығынын белгілеу және т.б жаңартулар болды. Бірақ сол кездегі еш өзгерістерді қаламаған төрешілдердің жаңартуға қарсылық көрсетуі, османлы қоғамының ортағасырлық көзқарастары, жемқорлық және т.б себептермен «Шәріп хат» орындалмады.
VI Мехмет (1861-1926) 1922 жылы тақтан безіп, елден біржолата қашады.
Басқару нысаны
өте қарапайым болды. Оның негізгі бағыттары әскери және азаматтық басқару болды. Елдегі ең жоғарғы қызмет сұлтан болды. Азаматтық жүйе аймақтарға тән белгілерге құрылған әкімшілік бірліктерге негізделген. Түріктер мемлекет діни қызметкерлерді бақылайтын жүйені қолданды (Византия империясындағыдай). Мұсылман Ираннан әкімшілік және сот жүйесі енгізілгеннен кейін сақталған түріктердің исламға дейінгі белгілі бір дәстүрлері Осман империясының әкімшілік шеңберінде маңызды болып қала берді. Мемлекеттің басты міндеті - империяны қорғау және кеңейту, сонымен қатар билікті сақтау үшін ел ішінде қауіпсіздік пен тепе-теңдікті қамтамасыз ету болды.
Мұсылман әлеміндегі бірде-бір әулет Осман әулеті сияқты билікте болған емес. Османлы әулеті түркі тектес болған. Он бір рет Осман сұлтанын халық жауы ретінде жаулар құлатты. Осман империясының тарихында Осман әулетін құлату үшін 2 ғана әрекет болған, олардың екеуі де сәтсіз аяқталған, бұл Осман түріктерінің күшіне куә болды.
Сұлтан басқарған халифаттың исламдағы жоғары позициясы түркілерге Осман халифатын құруға мүмкіндік берді. Османлы сұлтан (немесе падишаһ, «патшалардың патшасы») империяның жалғыз билеушісі болды және ол әрқашан абсолютті бақылауды жүзеге асырмаса да, мемлекеттік биліктің даралануы болды. Жаңа сұлтан әрқашан бұрынғы сұлтанның ұлдарының бірі болды. Сарай мектебінің күшті білім беру жүйесі мүмкін емес мұрагерлерді жоюға және басқарушы мұрагерлер элитасына қолдау жасауға бағытталған. Болашақ мемлекеттік қызметкерлер оқыған сарай мектептері оқшауланған жоқ. Медреседе мұсылмандар оқыды (осман. Medrese), мұнда ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер сабақ берді. Материалдық қолдауды кедей отбасылардың балаларына жоғары білім алуға мүмкіндік беретін ұсынды, ал христиандар Румелия және / немесе Балқан () елдерінің тұрғындарынан жыл сайын 8 жастан 12 жасқа дейінгі 3000 христиан ұлын қабылдайтын оқыды.
Сұлтан жоғарғы монарх болғанына қарамастан, мемлекет пен атқарушы билік саясаткерлерге жүктелді. Өзін-өзі басқару органында кеңесшілер мен министрлер арасында саяси күрес болды (диван, XVII ғасырда Порту деп өзгертілді). кезінде де диван ақсақалдардан тұратын. Кейінірек ақсақалдардың орнына армия офицерлері мен жергілікті білгірлер (мысалы, діни және саяси қайраткерлер) диванға кірді. 1320 жылдан бастап ұлы уәзір сұлтанның кейбір міндеттерін орындады. Сұлтанға мүлдем тәуелсіз болды, ол Сұлтанның мұрагерлік мүлкін кез-келген жолмен иеліктен шығарып, кез-келген адамды жұмыстан шығарып, барлық саланы басқара алды. XVI ғасырдың соңынан бастап сұлтан мемлекеттің саяси өміріне қатысуды тоқтатты, ал ұлы уәзір Осман империясының іс жүзінде билеушісі болды.
Осман империясының бүкіл тарихында Осман империясының вассал княздіктерінің билеушілері сұлтанмен әрекеттерді үйлестірмей, тіпті оған қарсы әрекет еткен жағдайлар көп болды. Жас түріктер төңкерісінен кейін Осман империясы конституциялық монархияға айналды. Сұлтан енді атқарушы билікке ие болмады. Барлық провинциялардан келген делегаттармен парламент құрылды. Олар құрды.
Қарқынды дамып келе жатқан империяны өз ісіне берілген, тәжірибелі адамдар басқарды (албандар, , армяндар, сербтер, венгрлер және басқалар). Христиандар, мұсылмандар мен еврейлер Осман империясындағы басқару жүйесін толығымен өзгертті.
Осман империясында эклектикалық үкімет болды, ол тіпті басқа державалармен дипломатиялық хат алмасуға әсер етті. Бастапқыда хат алмасу грек тілінде жүргізілді.
Османлы сұлтандарының барлығында 35 жеке белгілер болды - олар қол қойған тұғралар. Сұлтанның мөріне ойылып жазылған оларда Сұлтан мен оның әкесінің аты, сондай-ақ мақал-мәтелдер мен дұғалар жазылған. Ең алғашқы тұғра тұғрасы болды. Дәстүрлі стильде бейнеленген луридті тұғра Осман каллиграфиясының негізі болды.
Жас түріктер
XIX ғасырдың соңында жаңартудың жаңа толқыны түріктердің ұлттық қозғалысы түрінде көрініс берді. Түріктердің ұлттық қозғалысы XIX ғасырдың 50-60 жылдарында басталды. Қозғалыстың бастапқы кезеңінде артушылық сипаты басым еді. «Жаңа Османлылар» ұйымының мүшелері мен белгілі ағартушы, жазушы Намык Кемел бастаған бірқатар зиялы топтар түрік тілінің дамуы мен оның әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне, ағарту ісіне зор үлестерін қосты. Ендігі реформалық қозғалыс толқынының өкілдері империяның тұтастығын сақтау шараларын іздестірді. 1889 жылы Ыстамбұлда «Бірлік және өрлеу» (осм. İttihâd ve Terakkî) партиясы құрылды. Бұл ұйымның бөлімдері мен провинциялары шетелде де құрылды. Ұйымның алға қойған жақын арадағы мақсаты — конституциялық мемлекет құру болатын. Реформалық шаралар жүргізіп, елдің экономикасын көтеру, қоғамды жан-жақты жаңарту көзделді. Бұл қозғалыстың өкілдері Жас түріктер (түр. Jön Türkler) деп аталды.
XX ғасырдың басында Османлы мемлекетінің халықаралық жағдайы нашарлап, мемлекет күйреу алдында тұрған кезде Жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түсті. 1908 жылы шілдеде Батыс державалардың Македонияны Османлы мемлекетінен бөліп алмақ болған саясатынан кейін, сұлтан өкіметінің әлсіздігіне ызаланған түрік әскерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түріктер төңкерісінің басталуы еді. Жас түріктер жағына әскердің басқа аймақтардағы бөлімдері де қосылды. Жас түріктердің қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 жылы 2 шілдеде 1876 жылғы конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келіседі. Жаңа парламентте көп орынға ие болып, жеңіске жеткен және әскерге арқа сүйеген Жас түріктер, іс жүзінде, елде өздерінің билігін орнатты. 1909 жылы Жас түріктер II Әбділхамитті тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып V Мехмет сайланды. 1908 жылғы Жас түріктер төңкерісінің нәтижесінде Османлы мемлекетінің билік түрі абсолюттік монархиядан конституциялық монархияға ауысты.
Өкіметке келген Жас түріктер қиындықтарды шешудің жолын таба алмады. Конституциялық билікке көшу елдің шет аймақтарында ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа толқынын тудырды. Ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерімен тіл табыса алмаған Жас түріктер, қолындағы билікті пайдаланып, күш қолдану саясатына көшеді. 1908 жылы Аустрия-Мажарстан Босния және Герцеговинаны аннексиялайды. 1911 жылы Ливиядағы османлы иеліктерін Италия басып алады. Османлы үкіметінің сәтсіздіктерін пайдаланған Жас түріктердің қарсыластары оларды үкімет билігінен кетірді. Бірақ жаңа үкімет мемлекетті сақтап қалуға дәрменсіз болып шығады. 1912 жылы бірінші Балқан соғысында Болгария, Грекия, Румыния, Сербия Османлы Сұлтандығының бүкіл еуропалық иеліктерін басып алады. Тек Ыстамбұл мен оған жақын жатқан біраз аудандар ғана қалады. Бұл үкіметтің де сәтсіздігін пайдаланғысы келген Жас түріктер 1908 жылғы көтеріліске қатысқан Әнуар бейдің басшылығымен, 1913 жылы мемлекеттік төңкеріс жасайды. Қайтадан үкімет билігіне ие болған Жас түріктер мемлекеттің күйреуін бәрі бір тоқтата алған жоқ. Сыртқы саясатта Германияны арқа тұтқан Османлы Сұлтандығы бірінші дүниежүзілік соғыста үштік одақ жағында болады.
Осман империясының әкімшілік бөлінісі
Осман империясының әкімшілік бөлінуі мемлекеттің субъектілерін басқаратын әскери басқаруға негізделген. Бұл жүйеден тыс болды.
Османлы тұғрасы
Тұғра (түр. Tuğra) — османлы сұлтандарының ресми құжаттар мен хаттарында қолданылатын хұснихаттық мөр немесе қолтаңба. Тұғрада сұлтанның аты, әкесінің аты және атағы көрсетіледі.
Диуан
Cұлтан мемлекетте жоғарғы билеуші болса да, мемлекеттегі атқарушы билік уәзірлерге (осм. Vezir) жүктелінеді. Олардың күнделікті жұмыс орындары «Диуан» (осм. Dîvân-ı Hümâyun) болып саналды. Диуанның басшысы әрі сұлтаннан кейінгі екінші адам садрағзам (осм. Sadrazam) болып саналды. Бірақ 1320 жылдан бастап садрағзамдар сұлтандардың да кейбір міндеттерін орындай бастады. Садрағзамдар сұлтандардан толығымен тәуелсіз болды: олар сұлтанның мұрагерлік мүлкін өз қалауы бойынша басқара алды, мемлекеттегі кез келген уәзірді немесе пашаны қызметтен босатуға құқылы болды.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- Дүние жүзi тaриxы 8, мектеп бaспaсы. 2008 ж. б.65
- H. İnalcık: "The rise of the Ottoman Empire" in P.M. Holt, A.K. S. Lambstone, and B. Lewis (eds), The Cambridge History of Islam, (Cambridge University). pages 295-200
- Naim Kapucu,Hamit Palabıyık «Turkish public administration: from tradition to the modern age», p 77
- Bernard Lewis, Istanbul and the civilization of the Ottoman Empire, p. 151
- Kemal H Karpat, Social Change and Politics in Turkey: A Structural-Historical Analysis, p. 204
- Antony Black (2001), «The state of the House of Osman (devlet-ı al-ı Osman)» in The History of Islamic Political Thought: From the Prophet to the Present, p. 199
- Inalcik, Halil. «The Policy of Mehmed II toward the Greek Population of Istanbul and the Byzantine Buildings of the City.» Dumbarton Oaks Papers 23, (1969): 229—249.pg236
- Donald Quataert, 2
Сілтемелер
Ағылшын тілінде
- Османлы мемлекеті: Уақытнама
- Османлы мемлекеті: Мәңгілік ел Мұрағатталған 25 қазанның 2009 жылы.
- Османлы торабы
- Османлы империясы — Еуропаның 1600 жылғы картасы және Османлы мемлекетінің сол кездегі географиялық көрінісі.
- History of Turkish Empire — Османлы мемлекеті тарихының уақытнамасы.
- Дүние жүзінің өркениеттері: Османлылар — Османлы мемлекетінің басқару жүйесі.
- Османлы мемлекетінің елордалары
- Түрік ауыз әдебиеті
- Османлылар жайлы мәліметтер
- Ерте Османлы тарихындағы халықтарды күштеп жер аударуларPDF(566 ) — 1300-1600 жылдар аралығын қамтиды
Түрік тілінде
- Османлы мемлекеті туралы энциклопедиялық мәліметтер
- Османлы байрақтары жайлы мәліметтер Мұрағатталған 14 ақпанның 2008 жылы.
- Османлы мемлекеті жайлы мәліметтер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Osman imperiyasy osman دولت علیه عثمانیه Devlet i Aliyye i Osmaniyye Ұly Osman memleketi Europa Aziya zhәne Afrika kurlyktarynda ornalaskan ortagasyrlyk kopultty memleket Osman imperiyasy دولت علیه عثمانیه Imperiya 1299 1922 Bajrak 1844 1922 Eltanba 1882 1922 Ұrany Mәngilik el دولت ابد مدت Devlet i Ebed muddet1683 zhylgy Ұly Osmanly MemleketiAstanasy Sogүt 1299 1326 Bursa 1326 1365 Edirne 1365 1453 Konstantinie 1453 1922 Iri kalalary Қaһira Aleksandriya Bagdat Damask MekkeTil der i Osmanly tiliDini IslamAksha birligi aksha kurysh sultani liraAumagy 5 200 000 km 1683 Halky 35 350 000 adam 1856 Baskaru formasy MonarhiyaDinastiyasy Osmanly әuletiSultan 1299 1326 I Osman 1451 1481 II Mehmet 1512 1520 I Sәlim 1520 1566 I Sүlejmen 1918 1922 VI MehmetSadragzam 1320 1331 Alaeddin pasha 1523 1536 Pargaly Ibraһim pasha 1565 1579 Sokolly Mehmet pasha 1656 1661 Koprүli Mehmet pasha 1920 1922 Ahmet Tәupik pashaMiraskorlyk Salzhuk sultandygy Shygys Rim imperiyasy Tүrkiya Memleket XV XVII gasyrlarda үsh kurlykka Europa Aziya Afrika zhajylyp ontүstik shygys Europa Tayau Shygys zhәne Soltүstik Afrikanyn basym boligin bilegen batystagy Marokkonyn Atlant zhagalauynan shygystagy Parsy shyganagynyn zhagalauyna dejin soltүstiktegi Ukrainadan ontүstiktegi Somaliga dejingi ajmakty kamtyp zhatkan Bul memleket alty gasyr bojy Batys pen Shygystyn karym katynas zhasasuynyn bel ortasynda bolyp keldi Қudiretinin sharyktau shynynda Osmanly memleketi 42 uәliyattardan turyp ogan bagynyshty Valahiya Moldova zhәne Transilvaniya knyazdikteri Osmanly memleketine alym salyk tolep otyrdy Bүgin Ystambul tүr Istanbul degen atpen belgili Konstantinie osman قسطنطينيه Konstantiniyye kalasyn ozinin elordasyna ajnaldyrgan Osmanly memleketin kop zhagynan buryngy zherortatenizdik orkenietterdin atap ajtkanda Rim imperiyasynyn zhәne Shygys Rim imperiyasynyn islami murageri dep atauga bolady Osmanlylar da ozderin Ezhelgi Rim men Islam mәdenietinin zhalgastyrushylary dep yagni mәdenietterdin birigui arkyly bүkilәlemdik memlekettin bileushileri retinde karastyrdy TarihyOsmanly memleketi ajmagynyn ozgerui 1299 1683Қuryluy 1299 1402 Osmanlylar ata tegi ogyzdardyn kajy tajpasynan shygady Bul tajpa XIII gasyrdagy mongol shapkynshylygynan kutylyp Anadoly zherine koshedi Tajpanyn basshylary osynda әsker zhinap zhatkan horezmshaһ Zhalaladdin Mәngiberdinin 1199 1231 kyzmetinde bolady Kejinirek Ertugryl bej 1198 1281 bastagan tajpanyn bir boligi Anadoly Selzhuk Memleketine koshedi Selzhuktardyn sol kezdegi sultany I Alaeddin Kejkubat 1192 1237 Ertugrylga Anadolydagy Sogүt kalasyn syjlajdy Ertugryldyn uly I Osman 1258 1324 osy kalada 1299 zhyly Osmanly bejliginin negizin kalajdy Orhan 1288 1362 Anadolynyn batysyn tolygymen basyp alady I Murat 1326 1389 oz әkesi men atasy siyakty Anadolynyn әzheptәuir zherlerin basyp aldy Bul zhetistikterdi pajdalanyp ol 1383 zhyly ozin sultan etip zhariyalajdy Ol 15 mausym 1389 zhyly Kosovo dalasyndagy shajkasta serb serisi Milosh Obilichtin ser Milosh Obiliћ kolynan kaza tabady I Bayazit 1357 1402 Kosovo dalasyndagy shajkasta oz әkesi serbterden kaza boluyna bajlanysty ol kek alu maksatymen koptegen serbterdi kyryp zhojdy Serbiyadagy zhenisten kejin ol oz otarlauyn Anadolyda zhalgastyrady Ajdyn Saruhan Germiyan Menteshe Hamit zhәne Қaraman bejlikterin basyp alady Osylajsha I Bayazit osmanly ielikterin tez arada eki ese arttyrady zherlerdi tez zhaulap oz sheshimderin tez sheshetindikten ogan Shapshan tүr Yildirim degen lakap at kojylgan Birak ol bul ielikterdi kalaj shapshan basyp alsa sonsha ajyrylyp kaldy Bunyn sebebi I Bayazittin zamandasy Әmir Temir boluy zhәne en bastysy I Bayazit kokirekshildikke berilip ketkeni I Bayazit Әmir Temirge zhazgan koptegen hattarynda zhәbirlejtin sozder zhazyp ony zhete bagalamajdy Әmir Temir zhauap retinde osmanlylardyn basyp algan bejlikterin zhaulap olarga kajtadan tәuelsizdik beredi Al Әmir men Sultannyn arasyndagy sheshushi shajkas Ankara tүr Ankara zherinde bolady Sogysta Әmir Sultandy zhenip ony kamauga alady Sultan kamauda 20 shilde 1402 zhyly kaza tabady Sultanaralyk 1402 1413 I Bayazit kajtys bolgannan kejin Әmir Temir ojrandagan Osmanly memleketinde ortak bileushi bolmajdy I Bayazittin үsh balasy ozin sultan dep zhariyalajdy Isa Bursada Sүlejmen Edirnede al Mehmet Batys Anadolyda Bul zhagdaj sultanaralykka әkep sokty 1405 1406 zhyldary Mehmet Isany zhenip Bursany basyp alady Kejin 1411 zhyly I Bayazittin ortangy uly Musa da oz agasy Sүlejmendi zhenip Rumeliyada ozin sultan dep zhariyalajdy Tiri kalgan eki agajyndylardyn sheshushi shajkasy 1413 zhyly boldy Sol shajkasta Mehmet zhenedi al zhenilgen Musa Valahiyaga kashyp sonda kajtys bolady Өrkendeui 1413 1453 I Mehmet 1387 1421 sultanaralyktan zhenimpaz bolyp shygyp ozin kүlli Osmanly memleketinin sultany dep zhariyalajdy Ol Anadolydagy bejlikterdin bәrin Қaramannan baska kajta zhaulap alady Sonymen Osmanly memleketi kajta oz kalpyna kele bastajdy I Mehmet 1421 zhyldyn 26 mamyrynda kajtys bolady II Murat 1404 1451 1422 zhyly Konstantinopoldi korshajdy Birak sol kezde osmanlylarda flot ta artilleriya da bolgan zhok Bugan karamastan olar Vizantiyaga shabuyl zhasap kop zhauyngerlerinen ajyrylady Ogan kosa Anadolydagy bejlikter zhana bүlikter bastajdy Sondyktan II Murat Konstantinopol korshauyn toktatady Bүlikterdi baskan son ol Balkan tүbegindegi zherlerge birneshe zhoryk zhasajdy Balkandarda olar kejbir zhenisterge kol zhetkizedi Қozha Murat Edirne kalasynda 3 akpan 1451 zhyly mert bolady Onyn balasy әjgili әskerbasy әri sayasatker II Mehmet izbasary bolady Zonchio shajkasy kemelerden zenbirek atylgan algashky teniz shajkasyDamuy 1453 1579 II Mehmet 1432 1481 1453 zhyly 21 zhasynda Shygys Rim imperiyasynyn elordasy Konstantinopoldi zhaulap alyp memleketti tolygymen zhoyady Sultan Konstantinopolmen shektelmej Europanyn baska da zherlerin zhaulauga kiristi Tipti Italiyanyn Otranto kalasyna dejin zhetedi Birak onyn zhasy men densaulygy onyn koptegen zhosparlaryna kedergi boldy 1481 zhyly Gebza kalasynda mert boldy Mohach shajkasyndagy osmanlylardyn zhenisi oz zamanyndagy en zhyldam zhenis 2 sagat I Sәlim 1467 1520 1517 zhyly Mysyrdagy mәmlүkterdin memleketin zhoyady Sol zhyly sultan ozine halif atagyn alady Endi bul atak kelesi osmanly sultandardyn da atagy bolady I Sәlim ozinin bar zhogy 8 zhyldyk 1512 1520 bilik zhүrgizgen zamanynda Kүrdistandy Shamdy Alzhirdi Mysyrdy Mekke men Medineni zhaulap aldy I Sүlejmen 1494 1566 1526 zhyly Mohach shajkasynda 55 60 myndyk әskerimen chehter mazharlar zhәne polyaktardyn 38 41 myndyk әskerin eki sagat ishinde tolygymen zhenedi Sogys barysynda Mazharstannyn patshasy II Lajosh batpakka batyp mert bolady Sogystyn nәtizhesinde osmanlylardyn europadagy bedeli artty I Sүlejmen ozinin 42 zhyldyk 1520 1566 bilik zhirgizgen zamanynda Bosniya zhәne Gercegovinany Slavoniyany Mazharstandy Moldovany Irakty Bahrejndi Liviyany Tunisti zhaulap aldy I Sүlejmennin tusynda osmanlylardyn biligi sharyktauynyn shynyna zhetti Әdil Sүlejmen 7 kyrkүjek 1566 zhyly Sigetvar korshauy kezinde kaza tabady Birneshe aptadan kejin ony Sүlejmenie meshitinin zhanyndagy mazarda zherlejdi I Sүlejmen kajtys bolgannan kejin onyn zhalgyz tiri kalgan uly II Sәlim 1524 1574 takka otyrady Onyn tusynda sarajdagy әjelder osmanly sayasatyna үlken ykpal tigizdi Sonyn ishindegi en kornektisi sultannyn әjeli Haseki Nurbanu sultan boldy Osylajsha Қatyndar sultandygy 1566 1656 atty zaman bastaldy Osy zaman tusynda Osman memleketi әlsirep dagdaryska ushyraj bastady Sary Sәlim 1574 zhyldyn 21 zheltoksanynda sarajynda kajtys boldy Alajda shyn mәnisinde II Sәlim tusynda eldegi en bedeldi adam sadragzam Sokolly Mehmet pasha 1506 1579 edi II Sәlimnin bilik kuruy kezindegi eldin damuy osy sadragzamnyn arkasynda boldy Ol II Sәlim olgennen kejin tagy 5 zhyl sadragzam boldy 1579 zhyldyn 11 kazanynda sadragzamnyn kajtys boluy Tokyrau zhyldaryna bastama boldy Tokyrauy 1579 1699 Osmanly memleketinin koptegen koterilister men bүlikterden әlsiregenin korgen Turhan Қadisha sultan oz balasy sultan IV Mehmetke Koprүli Mehmet pashany 1575 1661 sadragzam etip tagajyndauga kenes beredi Koprүli Mehmet pashanyn sayasi zhetistikteri osygan sebep boldy Sojtip 1656 zhyldyn 15 kyrkүjek kүninde Koprүli Mehmet pasha sadragzam etip tagajyndalady Bul okiga Koprүliler zamanynyn 1656 1710 bastamasy boldy Koprүli Mehmet pasha ozinin tagajyndaluyna dejin sultanga birneshe shart kojdy Sadragzamnyn sheshimi kajta karastyrylmajdy Sadragzam oz erkimen sheneunikterdi tagajyndajdy marapattajdy zhәne kyzmetten bosatady Sadragzam sultannyn kenesinsiz shagymdarga katysty sheshimdi ozi kabyldajdy Sarajda eshkim de sayasatka aralaspajdy Koprүli Mehmet pasha ozinin 5 zhyldyk 1656 1661 bilik zhүrgizgen zamanynda Krit pen Shanakkala zherlerinde Veneciyaga karsy sәtti sogys zhүrgizdi Lemnos pen Tenedos araldaryn zhaulap aldy Қazyzadaly atty dinbuzarlyktyn Transilvaniyanyn Abaza Hasan pashanyn bүligin basty ozinin karamagyna sayasatkerler men әskerbasylardy zhinap aldy zhәne lauazymdy satyp alu saltyn birzholata zhojdy Koprүli Mehmet pasha kajtys bolgannan kejin onyn urpaktary onyn sayasatyn zhalgastyrdy Koprүliler baskargan zamanda Osmanly memleketinin ishki zhәne syrtky sayasatynda turaktylyk boldy zhәne biliktin bedeli kajta orlej bastady Әlsireui 1699 1792 1699 zhyldyn 26 kantarynda Karlovci bitim sharty zhasaldy Bul bitim shart bojynsha Veneciyaga Moreya men Dalmaciya Austriyaga Mazharstan men Transilvaniya al Polshaga Podole otti Bul okiga eldin Әlsireu dәuirinin bastamasy edi 1700 zhyldyn 14 shildesinde zhasalgan Konstantinie bitim sharty bojynsha Resejge Azov otti 1718 1730 zhyldar osmanly tarihynda Lala dәuiri degen ataumen әjgili Sultan III Ahmet pen sadragzam Naushaһarly Damat Ibraһim pasha basshylygymen elde gylym oner mәdeniet zhәne ekonomikany damytu maksatymen үlken is sharalar ujymdastyryldy Ғalym Ibraһim Mutefferika algash osmanly tipografiyasyn ashty Alajda osyndaj zhanartularga karamastan osmanly halkyna әsirese dinbasylar men zhana sherikterge sadragzam sayasaty unamady Patron Halil tonkerisi nәtizhesinde 1730 zhyldyn 1 kazanynda sadragzam Ibraһim pasha olim zhazasyna kesildi al kelesi kүni sultan III Ahmet taktan tajdyryldy Ydyrauy 1792 1922 3 karasha 1839 zhyly sultan I Әbdilmәzhit 1823 1861 Shәrip hat osm Hatt i Serif i zharlygyn shygardy Onyn avtory sadragzam Қozha Mustafa Rashit pasha boldy Bul zharlyktyn ogan dejingi zharlyktardan ereksheligi onyn әskeri emes kogamdyk zhәne ekonomikalyk ozgeristeri Zharlykta sot otyrystardy zhariyalylyk etu alym salykty durys tolettiru kurlyktagy zhәne tenizdegi әskerlerdin shygynyn belgileu zhәne t b zhanartular boldy Birak sol kezdegi esh ozgeristerdi kalamagan toreshilderdin zhanartuga karsylyk korsetui osmanly kogamynyn ortagasyrlyk kozkarastary zhemkorlyk zhәne t b sebeptermen Shәrip hat oryndalmady VI Mehmet 1861 1926 1922 zhyly taktan bezip elden birzholata kashady Baskaru nysanyTolyk makalasy ote karapajym boldy Onyn negizgi bagyttary әskeri zhәne azamattyk baskaru boldy Eldegi en zhogargy kyzmet sultan boldy Azamattyk zhүje ajmaktarga tәn belgilerge kurylgan әkimshilik birlikterge negizdelgen Tүrikter memleket dini kyzmetkerlerdi bakylajtyn zhүjeni koldandy Vizantiya imperiyasyndagydaj Musylman Irannan әkimshilik zhәne sot zhүjesi engizilgennen kejin saktalgan tүrikterdin islamga dejingi belgili bir dәstүrleri Osman imperiyasynyn әkimshilik shenberinde manyzdy bolyp kala berdi Memlekettin basty mindeti imperiyany korgau zhәne kenejtu sonymen katar bilikti saktau үshin el ishinde kauipsizdik pen tepe tendikti kamtamasyz etu boldy Musylman әlemindegi birde bir әulet Osman әuleti siyakty bilikte bolgan emes Osmanly әuleti tүrki tektes bolgan On bir ret Osman sultanyn halyk zhauy retinde zhaular kulatty Osman imperiyasynyn tarihynda Osman әuletin kulatu үshin 2 gana әreket bolgan olardyn ekeui de sәtsiz ayaktalgan bul Osman tүrikterinin kүshine kuә boldy Sultan baskargan halifattyn islamdagy zhogary poziciyasy tүrkilerge Osman halifatyn kuruga mүmkindik berdi Osmanly sultan nemese padishaһ patshalardyn patshasy imperiyanyn zhalgyz bileushisi boldy zhәne ol әrkashan absolyutti bakylaudy zhүzege asyrmasa da memlekettik biliktin daralanuy boldy Zhana sultan әrkashan buryngy sultannyn uldarynyn biri boldy Saraj mektebinin kүshti bilim beru zhүjesi mүmkin emes muragerlerdi zhoyuga zhәne baskarushy muragerler elitasyna koldau zhasauga bagyttalgan Bolashak memlekettik kyzmetkerler okygan saraj mektepteri okshaulangan zhok Medresede musylmandar okydy osman Medrese munda galymdar men memlekettik kyzmetkerler sabak berdi Materialdyk koldaudy kedej otbasylardyn balalaryna zhogary bilim aluga mүmkindik beretin usyndy al hristiandar Rumeliya zhәne nemese Balkan elderinin turgyndarynan zhyl sajyn 8 zhastan 12 zhaska dejingi 3000 hristian ulyn kabyldajtyn okydy Keremet Portanyn kakpasy Bab i Ali Sultan zhogargy monarh bolganyna karamastan memleket pen atkarushy bilik sayasatkerlerge zhүkteldi Өzin ozi baskaru organynda kenesshiler men ministrler arasynda sayasi kүres boldy divan XVII gasyrda Portu dep ozgertildi kezinde de divan aksakaldardan turatyn Kejinirek aksakaldardyn ornyna armiya oficerleri men zhergilikti bilgirler mysaly dini zhәne sayasi kajratkerler divanga kirdi 1320 zhyldan bastap uly uәzir sultannyn kejbir mindetterin oryndady Sultanga mүldem tәuelsiz boldy ol Sultannyn muragerlik mүlkin kez kelgen zholmen ielikten shygaryp kez kelgen adamdy zhumystan shygaryp barlyk salany baskara aldy XVI gasyrdyn sonynan bastap sultan memlekettin sayasi omirine katysudy toktatty al uly uәzir Osman imperiyasynyn is zhүzinde bileushisi boldy Ұly Sүlejmennin tugrasy 1520 Osman imperiyasynyn bүkil tarihynda Osman imperiyasynyn vassal knyazdikterinin bileushileri sultanmen әreketterdi үjlestirmej tipti ogan karsy әreket etken zhagdajlar kop boldy Zhas tүrikter tonkerisinen kejin Osman imperiyasy konstituciyalyk monarhiyaga ajnaldy Sultan endi atkarushy bilikke ie bolmady Barlyk provinciyalardan kelgen delegattarmen parlament kuryldy Olar kurdy Қarkyndy damyp kele zhatkan imperiyany oz isine berilgen tәzhiribeli adamdar baskardy albandar armyandar serbter vengrler zhәne baskalar Hristiandar musylmandar men evrejler Osman imperiyasyndagy baskaru zhүjesin tolygymen ozgertti Osman imperiyasynda eklektikalyk үkimet boldy ol tipti baska derzhavalarmen diplomatiyalyk hat almasuga әser etti Bastapkyda hat almasu grek tilinde zhүrgizildi Osmanly sultandarynyn barlygynda 35 zheke belgiler boldy olar kol kojgan tugralar Sultannyn morine ojylyp zhazylgan olarda Sultan men onyn әkesinin aty sondaj ak makal mәtelder men dugalar zhazylgan En algashky tugra tugrasy boldy Dәstүrli stilde bejnelengen luridti tugra Osman kalligrafiyasynyn negizi boldy Zhas tүrikterXIX gasyrdyn sonynda zhanartudyn zhana tolkyny tүrikterdin ulttyk kozgalysy tүrinde korinis berdi Tүrikterdin ulttyk kozgalysy XIX gasyrdyn 50 60 zhyldarynda bastaldy Қozgalystyn bastapky kezeninde artushylyk sipaty basym edi Zhana Osmanlylar ujymynyn mүsheleri men belgili agartushy zhazushy Namyk Kemel bastagan birkatar ziyaly toptar tүrik tilinin damuy men onyn әdebi til dәrezhesine koteriluine agartu isine zor үlesterin kosty Endigi reformalyk kozgalys tolkynynyn okilderi imperiyanyn tutastygyn saktau sharalaryn izdestirdi 1889 zhyly Ystambulda Birlik zhәne orleu osm Ittihad ve Terakki partiyasy kuryldy Bul ujymnyn bolimderi men provinciyalary shetelde de kuryldy Ұjymnyn alga kojgan zhakyn aradagy maksaty konstituciyalyk memleket kuru bolatyn Reformalyk sharalar zhүrgizip eldin ekonomikasyn koteru kogamdy zhan zhakty zhanartu kozdeldi Bul kozgalystyn okilderi Zhas tүrikter tүr Jon Turkler dep ataldy XX gasyrdyn basynda Osmanly memleketinin halykaralyk zhagdajy nasharlap memleket kүjreu aldynda turgan kezde Zhas tүrikter ozderinin kyzmetin zhandandyra tүsti 1908 zhyly shildede Batys derzhavalardyn Makedoniyany Osmanly memleketinen bolip almak bolgan sayasatynan kejin sultan okimetinin әlsizdigine yzalangan tүrik әskerinin bolimderi koterilis zhasady Bul zhas tүrikter tonkerisinin bastaluy edi Zhas tүrikter zhagyna әskerdin baska ajmaktardagy bolimderi de kosyldy Zhas tүrikterdin kysymynan korykkan sultan 1908 zhyly 2 shildede 1876 zhylgy konstituciyany kalpyna keltiruge zhәne parlamentti shakyruga kelisedi Zhana parlamentte kop orynga ie bolyp zheniske zhetken zhәne әskerge arka sүjegen Zhas tүrikter is zhүzinde elde ozderinin biligin ornatty 1909 zhyly Zhas tүrikter II Әbdilhamitti taktan tajdyrdy Zhana sultan bolyp V Mehmet sajlandy 1908 zhylgy Zhas tүrikter tonkerisinin nәtizhesinde Osmanly memleketinin bilik tүri absolyuttik monarhiyadan konstituciyalyk monarhiyaga auysty Өkimetke kelgen Zhas tүrikter kiyndyktardy sheshudin zholyn taba almady Konstituciyalyk bilikke koshu eldin shet ajmaktarynda ult azattyk kozgalystyn zhana tolkynyn tudyrdy Ұlt azattyk kozgalys zhetekshilerimen til tabysa almagan Zhas tүrikter kolyndagy bilikti pajdalanyp kүsh koldanu sayasatyna koshedi 1908 zhyly Austriya Mazharstan Bosniya zhәne Gercegovinany anneksiyalajdy 1911 zhyly Liviyadagy osmanly ielikterin Italiya basyp alady Osmanly үkimetinin sәtsizdikterin pajdalangan Zhas tүrikterdin karsylastary olardy үkimet biliginen ketirdi Birak zhana үkimet memleketti saktap kaluga dәrmensiz bolyp shygady 1912 zhyly birinshi Balkan sogysynda Bolgariya Grekiya Rumyniya Serbiya Osmanly Sultandygynyn bүkil europalyk ielikterin basyp alady Tek Ystambul men ogan zhakyn zhatkan biraz audandar gana kalady Bul үkimettin de sәtsizdigin pajdalangysy kelgen Zhas tүrikter 1908 zhylgy koteriliske katyskan Әnuar bejdin basshylygymen 1913 zhyly memlekettik tonkeris zhasajdy Қajtadan үkimet biligine ie bolgan Zhas tүrikter memlekettin kүjreuin bәri bir toktata algan zhok Syrtky sayasatta Germaniyany arka tutkan Osmanly Sultandygy birinshi dүniezhүzilik sogysta үshtik odak zhagynda bolady Osman imperiyasynyn әkimshilik bolinisiTolyk makalasy Osman imperiyasynyn әkimshilik bolinisi Osman imperiyasynyn әkimshilik bolinui memlekettin subektilerin baskaratyn әskeri baskaruga negizdelgen Bul zhүjeden tys boldy Osmanly tugrasyTolyk makalasy Tugra Bul osmanly sultany II Mahmut tugrasy Onda bylaj delingen Mahmut han Әbdilhamit uly mәngilik zhenimpaz Osmanlysha محمود خان بن عبدالحميد مظفر دائما Tugra tүr Tugra osmanly sultandarynyn resmi kuzhattar men hattarynda koldanylatyn husnihattyk mor nemese koltanba Tugrada sultannyn aty әkesinin aty zhәne atagy korsetiledi DiuanCultan memlekette zhogargy bileushi bolsa da memlekettegi atkarushy bilik uәzirlerge osm Vezir zhүktelinedi Olardyn kүndelikti zhumys oryndary Diuan osm Divan i Humayun bolyp sanaldy Diuannyn basshysy әri sultannan kejingi ekinshi adam sadragzam osm Sadrazam bolyp sanaldy Birak 1320 zhyldan bastap sadragzamdar sultandardyn da kejbir mindetterin oryndaj bastady Sadragzamdar sultandardan tolygymen tәuelsiz boldy olar sultannyn muragerlik mүlkin oz kalauy bojynsha baskara aldy memlekettegi kez kelgen uәzirdi nemese pashany kyzmetten bosatuga kukyly boldy Tagy karanyzOsmanly bajragy Osmanly sultandarynyn tizimi Osmanly tүrik tili Osmanlysha tүrikshe enciklopediyalyk sozdik Osmanly әuleti Osmanly әuletinin shezhiresi Pasha TugraDerekkozderDүnie zhүzi tarixy 8 mektep baspasy 2008 zh b 65 H Inalcik The rise of the Ottoman Empire in P M Holt A K S Lambstone and B Lewis eds The Cambridge History of Islam Cambridge University pages 295 200 Naim Kapucu Hamit Palabiyik Turkish public administration from tradition to the modern age p 77 Bernard Lewis Istanbul and the civilization of the Ottoman Empire p 151 Kemal H Karpat Social Change and Politics in Turkey A Structural Historical Analysis p 204 Antony Black 2001 The state of the House of Osman devlet i al i Osman in The History of Islamic Political Thought From the Prophet to the Present p 199 Inalcik Halil The Policy of Mehmed II toward the Greek Population of Istanbul and the Byzantine Buildings of the City Dumbarton Oaks Papers 23 1969 229 249 pg236 Donald Quataert 2SiltemelerAgylshyn tilinde Osmanly memleketi Uakytnama Osmanly memleketi Mәngilik el Muragattalgan 25 kazannyn 2009 zhyly Osmanly toraby Osmanly imperiyasy Europanyn 1600 zhylgy kartasy zhәne Osmanly memleketinin sol kezdegi geografiyalyk korinisi History of Turkish Empire Osmanly memleketi tarihynyn uakytnamasy Dүnie zhүzinin orkenietteri Osmanlylar Osmanly memleketinin baskaru zhүjesi Osmanly memleketinin elordalary Tүrik auyz әdebieti Osmanlylar zhajly mәlimetter Erte Osmanly tarihyndagy halyktardy kүshtep zher audarular PDF 566 1300 1600 zhyldar aralygyn kamtidyTүrik tilinde Osmanly memleketi turaly enciklopediyalyk mәlimetter Osmanly bajraktary zhajly mәlimetter Muragattalgan 14 akpannyn 2008 zhyly Osmanly memleketi zhajly mәlimetter