Елорда немесе астана — мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы; елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қаласы.
Астана ұғымы ұлыстар, тайпалар одағы, мемлекеттік бірлестіктер пайда болған кезеңде, перғауын, қаған, халифа, шаһ, әмір, король, патша, хан, сұлтан, т.б. елбасылар лауазымдарымен қатар өмірге келді. Түркі халықтары, оның ішінде қазақтар ел билеушілер тұрағын орда деп атаған. Астана орнын осы хан ордасы атқарды.
құрылған мемлекеттерде хан ордасы да бір орында көп тұрақтамай, көшіп-қонып жүрді. Мысалы, Ақтабан шұбырындыдан кейін Түркістан қаласынан шегінген Әбілқайыр хан өз ордасын Ырғыз, Тамды, Сырдария өзендері бойына ауыстырып отырған. Абылай ханның астанасы Түркістан шаһары болғанымен, ұзаққа созылған жорықтарында ордасын қалмақтардан азат етілген жерлерге тігіп (Көкшетау, т.б.) біраз уақыт бойы елін сол жерден басқарып отырған. Әбілпейіз Сарыарқада, Уәли хан Көкшетаудағы Сырымбетке, Бөкей мен Жәңгір Жайық пен Еділ аралығындағы Ордаға, қазақтың соңғы ханы Кенесары Ұлытауға ордасын тіккен.
Халық түсінігінде Ұлытау, Хантау, Ордабасы, Түркібасы, Күлтөбе, Мәртөбе сияқты хан ордасы қонған, ту тігілген, Үш жүз басын қосқан, құрылтай жиналған, мемлекеттің, ұлт тағдырының ең түйінді мәселелері шешілген жерлер аса қастерленіп, қасиеті астана ұғымына жақындастырылған.
Алғашқы кезде астананың басты қызметі елді әкімшілік жағынан басқару болды. Кейін астаналық қалалар пайда болған соң олар сауда, қолөнер, мәдениет орталықтарына да айналды. Хан ордасы орналасқан, қазына сақталған, қамал салынған елді мекен ірі шаһарға айналып, оған керуен жолдары тартылды.
Әлем астаналары жайлы мәліметтер
- Рим – халық саны бойынша әлемдегі алғашқы миллионер қала (Италия).
- Әлемдегі ең ежелгі астана – Афина қаласы (Грекия).
- Рейкьявик – әлемдегі ең солтүстікте орналасқан астана (Исландия).
- Ла-Пас қаласы – теңіз деңгейінен 3600м биіктікте орналасқан әлемдегі ең биікте тұрған таулы астана (Боливия).
- Әлемдегі ең қауіпті астана – Каракас қаласы (Венесуэла).
- Әлемдегі ең жас астана – Гитега. Бурунди 2019 жылы ел астанасын Бужумбура қаласынан Гитега қаласына көшірді.
- Манила – халық саны ең тығыз орналасқан астана. Мұнда бір шаршы шақырымға 43 мың адамнан келеді (Филиппендер)
- Швейцарияның ресми түрде астанасы жоқ.
- Науру республикасының жері кішкентай болғаны сонша астана салатын артық жері де жоқ
- Испанияның астанасы – Мадрид барлық жағынан есептеліп елдің дәл орталығында салынған.
- Сеул кәріс тілінен аударғанда «астана» (Корея республикасы), Токио жапон тілінде «шығыс астана» (Жапония), Бейжің Қытай тілінен аударғанда «солтүстік астана» дегенді білдіреді.
- Палау астанасы Нгерулмудта үкіметтік ғимараттардан басқа ештеңе салынбаған.
- Канберра – Сидней мен Мельбурн қалаларының астана болуға таласынан кейін салынған ел орталығы (Австралия).
- Иерусалим мен Никосия бірі – Израиль мен Палестинаға, екіншісі Кипр мен мойындалмаған Солтүстік Кипрге астана болып отырған ортақ қалалар.
- Претория Оңтүстік Африка Республикасының ресми астанасы болғанымен, Парламент Кейптаун, Жоғарғы Сот Блумфонтейн қалаларында орналасқан.
- Танзания мемлекетінің екі астанасы бар.Тарихи астана Дар-эс-салам елдің әкімшілік орталығы, ал Додома елдің заңды астанасы.
- Венгрияның астанасы Будапешт бұрынғы екі қаланың Буда және Пешт қалаларының біріккен қаласы.
- Елдің атымен бірдей астаналар – Алжир, Андорра-ла-Велья, Бразилиа, Ватикан, Гватемала, Джибути, Эль-Кувейт, Люксембург, Мехико, Монако, Панама, Сан-Сальвадор, Сан-Марино, Сингапур, Сан-Томе, Тунис.
- Тхимпху – ауасы ең таза Гималай тауындағы астана (Бутан).
- Әлемдегі ең суық астана – Ұлан-батор қаласы (Моңғолия).
- Братислава – көрші елдің шекарасына ең жақын орнласқан астана (Словакия).
- Джамму және Кашмир жазғы-қысқы астанасы бар Индиядағы штаттардың бірі. Сринагар жазғы, Джамму қысқы астана.
- Токио – әлемдегі ең халқы көп астана. Халық саны қала маңымен қоса есептегенде 38млн.адам. (Жапония).
- Бангкок –атауы әлемдегі ең ұзын атау ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бангкоктың ресми атауы тай тілінде: Крун Тхеп Маханакхон Амон Раттанакосин Махинтараюттхая Махадилок Пхоп Ноппарат Ратчатани Буриром Удомратчанивет Махасатан Амон Пиман Аватан Сатит Саккатхаттийя Витсанукам Прасит. Оны қысқартып періштелер қаласы деп атайды. Бірақ, қазір 21 сөздің кейбіреуі қолданылмаса да, Бангкоктың толық атауын оқушылар міндетті түрде жаттайды.
- Лихтенштейн астанасы Вадуцта әуежай мен теміржол бекеті жоқ.
- Әлемдегі жас астаналар (Мемлекет-ескі астана-жаңа астана, жылы): Кот-д̕ Ивуар- Абиджан-Ямусукро 1983ж., Германия- Бонн-Берлин 1990ж., Нигерия-Лагос-Абуджа 1991ж., Танзания-Дар-эс-салам-Додома 1993ж., Қазақстан-Алматы-Ақмола 1997ж., Мьянма-Янгон-Нейпьидо 2005ж., Палау-Корор-Нгерулмуд 2006ж., Бурунди-Бужумбура-Гитега 2019ж.
- Шри Ланка 1982 жылы астанасын Коломбо қаласынан Шри-Джаяварденепура-Коттеге көшіруді бастады. Бірақ әлі күнге дейін толық үкіметті көшіру аяқталмады.
Тағы қараңыз
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Capitals |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Elorda nemese astana memlekettin sayasi әkimshilik ekonomikalyk mәdeni ortalygy eldikti ulttyk birlikti bildiretin bas kalasy Astana ugymy ulystar tajpalar odagy memlekettik birlestikter pajda bolgan kezende pergauyn kagan halifa shaһ әmir korol patsha han sultan t b elbasylar lauazymdarymen katar omirge keldi Tүrki halyktary onyn ishinde kazaktar el bileushiler turagyn orda dep atagan Astana ornyn osy han ordasy atkardy kurylgan memleketterde han ordasy da bir orynda kop turaktamaj koship konyp zhүrdi Mysaly Aktaban shubyryndydan kejin Tүrkistan kalasynan shegingen Әbilkajyr han oz ordasyn Yrgyz Tamdy Syrdariya ozenderi bojyna auystyryp otyrgan Abylaj hannyn astanasy Tүrkistan shaһary bolganymen uzakka sozylgan zhoryktarynda ordasyn kalmaktardan azat etilgen zherlerge tigip Kokshetau t b biraz uakyt bojy elin sol zherden baskaryp otyrgan Әbilpejiz Saryarkada Uәli han Kokshetaudagy Syrymbetke Bokej men Zhәngir Zhajyk pen Edil aralygyndagy Ordaga kazaktyn songy hany Kenesary Ұlytauga ordasyn tikken Halyk tүsiniginde Ұlytau Hantau Ordabasy Tүrkibasy Kүltobe Mәrtobe siyakty han ordasy kongan tu tigilgen Үsh zhүz basyn koskan kuryltaj zhinalgan memlekettin ult tagdyrynyn en tүjindi mәseleleri sheshilgen zherler asa kasterlenip kasieti astana ugymyna zhakyndastyrylgan Algashky kezde astananyn basty kyzmeti eldi әkimshilik zhagynan baskaru boldy Kejin astanalyk kalalar pajda bolgan son olar sauda koloner mәdeniet ortalyktaryna da ajnaldy Han ordasy ornalaskan kazyna saktalgan kamal salyngan eldi meken iri shaһarga ajnalyp ogan keruen zholdary tartyldy Әlem astanalary zhajly mәlimetterRim halyk sany bojynsha әlemdegi algashky millioner kala Italiya Әlemdegi en ezhelgi astana Afina kalasy Grekiya Rejkyavik әlemdegi en soltүstikte ornalaskan astana Islandiya La Pas kalasy teniz dengejinen 3600m biiktikte ornalaskan әlemdegi en biikte turgan tauly astana Boliviya Әlemdegi en kauipti astana Karakas kalasy Venesuela Әlemdegi en zhas astana Gitega Burundi 2019 zhyly el astanasyn Buzhumbura kalasynan Gitega kalasyna koshirdi Manila halyk sany en tygyz ornalaskan astana Munda bir sharshy shakyrymga 43 myn adamnan keledi Filippender Shvejcariyanyn resmi tүrde astanasy zhok Nauru respublikasynyn zheri kishkentaj bolgany sonsha astana salatyn artyk zheri de zhok Ispaniyanyn astanasy Madrid barlyk zhagynan eseptelip eldin dәl ortalygynda salyngan Seul kәris tilinen audarganda astana Koreya respublikasy Tokio zhapon tilinde shygys astana Zhaponiya Bejzhin Қytaj tilinen audarganda soltүstik astana degendi bildiredi Palau astanasy Ngerulmudta үkimettik gimarattardan baska eshtene salynbagan Kanberra Sidnej men Melburn kalalarynyn astana boluga talasynan kejin salyngan el ortalygy Avstraliya Ierusalim men Nikosiya biri Izrail men Palestinaga ekinshisi Kipr men mojyndalmagan Soltүstik Kiprge astana bolyp otyrgan ortak kalalar Pretoriya Ontүstik Afrika Respublikasynyn resmi astanasy bolganymen Parlament Kejptaun Zhogargy Sot Blumfontejn kalalarynda ornalaskan Tanzaniya memleketinin eki astanasy bar Tarihi astana Dar es salam eldin әkimshilik ortalygy al Dodoma eldin zandy astanasy Vengriyanyn astanasy Budapesht buryngy eki kalanyn Buda zhәne Pesht kalalarynyn birikken kalasy Eldin atymen birdej astanalar Alzhir Andorra la Velya Brazilia Vatikan Gvatemala Dzhibuti El Kuvejt Lyuksemburg Mehiko Monako Panama San Salvador San Marino Singapur San Tome Tunis Thimphu auasy en taza Gimalaj tauyndagy astana Butan Әlemdegi en suyk astana Ұlan bator kalasy Mongoliya Bratislava korshi eldin shekarasyna en zhakyn ornlaskan astana Slovakiya Dzhammu zhәne Kashmir zhazgy kysky astanasy bar Indiyadagy shtattardyn biri Srinagar zhazgy Dzhammu kysky astana Tokio әlemdegi en halky kop astana Halyk sany kala manymen kosa eseptegende 38mln adam Zhaponiya Bangkok atauy әlemdegi en uzyn atau retinde Ginnestin rekordtar kitabyna endi Bangkoktyn resmi atauy taj tilinde Krun Thep Mahanakhon Amon Rattanakosin Mahintarayutthaya Mahadilok Phop Nopparat Ratchatani Burirom Udomratchanivet Mahasatan Amon Piman Avatan Satit Sakkathattijya Vitsanukam Prasit Ony kyskartyp perishteler kalasy dep atajdy Birak kazir 21 sozdin kejbireui koldanylmasa da Bangkoktyn tolyk atauyn okushylar mindetti tүrde zhattajdy Lihtenshtejn astanasy Vaducta әuezhaj men temirzhol beketi zhok Әlemdegi zhas astanalar Memleket eski astana zhana astana zhyly Kot d Ivuar Abidzhan Yamusukro 1983zh Germaniya Bonn Berlin 1990zh Nigeriya Lagos Abudzha 1991zh Tanzaniya Dar es salam Dodoma 1993zh Қazakstan Almaty Akmola 1997zh Myanma Yangon Nejpido 2005zh Palau Koror Ngerulmud 2006zh Burundi Buzhumbura Gitega 2019zh Shri Lanka 1982 zhyly astanasyn Kolombo kalasynan Shri Dzhayavardenepura Kottege koshirudi bastady Birak әli kүnge dejin tolyk үkimetti koshiru ayaktalmady Tagy karanyzҚazakstan astanasyBul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Ortakkorda bugan katysty media sanaty bar Capitals