Монархия (гр. monarchіa – «дара билік») — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф, , император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты.
Ерте тарихи даму кезеңінде барлық елдер Монархиялық сипатта өмір сүрді. Әр халықта Монархия өзінше көрініс тапқанымен, бәріне ортақ белгі – жоғары мемлекет биліктің тақ мұрагерлігі жолымен берілуі болды. Құл иеленушілік кезеңінде түрлі сипатта өмір сүріп, кейбір елдерде республикалық басқару нысанымен алма-кезек ауысып отырды. Феодалдық кезеңде Монархия басты мемлекет басқару нысанына айналды. Оның ерте феодалдық Монархия, феодалдық бытыраңқылық кезеңіндегі Монархия, шексіз Монархия деген түрлері болды. Ерте феодалдық Монархия жауланған жерге басқару жүйесін құру мен ірі жер иеленушілердің пайда болуы барысында қалыптасты. Билеуші этностық топқа сүйенген монархтар ортасында билігі күшті, бірақ жаулаған аймақтарымен экономикалық және саяси байланысы нашар алып феодалдық империялар құрды. Феодалдық бытыраңқылық кезінде монарх “теңдестер арасындағы бірінші” жағдайында қалды. Тауар-ақша қатынасының дамуы, орта және ұсақ жер иелерінің, кейіннен қалалықтардың да феодалдық бытыраңқылыққа қарсы күреске бірігуі біртұтас, орталықтанған Монархияны тудырды.
Біртұтас аппараттың, күшті әскердің құрылуы монарх билігін шектейтін ешқандай органы жоқ, шексіз Монархияның құрылуына алып келді. Шексіз Монархияда заң шығару, атқару, сот – үш билік те монархтың қолына шоғырланды. Адамзат сана-сезімінің дамуына, демократияның өркендеуіне байланысты мемл. билікті бірінен бірі тәуелсіз әрі өзара байланысты үш тармаққа бөлу теориясы белең алды. Монархиялық елдер конституция қабылдау арқылы монархтың билігін шектеп, Конституц. Монархия пайда болды. Ондай мемлекетте монарх құзырындағы мәселелер конституцияда нақты белгіленді (негізінен ішкі, сыртқы саясаттың басты бағытын белгілеу, бас қолбасшылық, т.б. аса маңызды мәселелер) әрі ол мемл. билік тармақтарының арбитрі болып танылды. Мұндай елдерде көбіне монарх билігі символик. сипатта болып, құзыреті азаяды. Ол ең бастысы ел бірлігі мен билік тұтастығын білдіретін мемлекет символы қызметін атқарады. Ал нақты билік жүргізетін үкімет басшысын халық өкілдерінің органы немесе тікелей халықтың өзі дауыс беру арқылы сайлайды. Яғни, саяси талас-тартыс үкімет билігі маңайында жүреді де өзгермейтін әулеттік мемлекет басшылығы арқасында саяси тұрақтылық мызғымайды. Қазіргі таңда Жапония, Ұлыбритания, Белгия, Дания, Испания, Швеция, Норвегия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірліктері, Нидерланд, т.б. өркениетті елдер – Монархиялық мемлекеттер. Бұған қоса кейбір Африка және Тынық мұхит аймағындағы артта қалған ұсақ мемлекеттерде Монархиялық билік сақталған.
XVI-XVII ғасырлардағы монархия
XV ғ. соңында француз, испан және ағылшын жерлеріндегі корольдардың «жиналысы» аяқталып, ірі мемлекеттер пайда болды. XVI ғ. басында Еуропада мемлекеттік биліктің жаңа формасы – абсолюттік монархия шықты. Оның басты ерекшелігі – билеушінің шексіз билігі. Парламент шақырудан бас тарту арқылы билеуші қазынадан жалақы алып отырғандықтан , монархияға адал берілген шенеуніктерге арқа сүйеді. Король қолындағы басқарудың маңызды тетіктері – орталықтандырылған қаржы жүйесі мен тұрақты әскер болды. Абсолютизмнің жақтаушылары король Құдай тарапынан шексіз билікке ие болғандықтан, ол жер бетіндегі құдайлық тәртіптің, әділдіктің кепілі деп сендірді. Монархтың қалауына деген кез – келген қарсылыққа тиым салынды. Сарайда болып жатқанның бәрі – қатаң түрде сарай маңы салтының ережелеріне бағындырылған-ды. Монархтың ұйқыдан тұруы мен ұйқыға кетуі, оның киінуі, тамақтануы, шығуы, шетелдік елшілерді қабылдауының бәрі егжей–тегжейлі жоспарланған. Патшаның ұлықталуына салтанатты сарайлар мен қамалдардан тұратын резиденциялар қызмет етті. Олар әйгілі антикалық, мифологиялық және тарихи сюжетті кескіндер мен мүсіндермен әсем безендірілді. XVII ғ. өндіріс пен сауданың дамуы қоғамдағы жаңа буржуазия табының қалыптасуына алып келді. Олар мануфактуралардың иелері, саудагерлер, банкирлер болды. Буржуазия өкілдері саяси басқаруға деген өздерінің құқықтары бар екенін жиі білдіретін. Англияда корольдің парламентпен бәсекелестігі төңкеріске ұласты. Бірнеше жылға созылған саяси және әскери қақтығыстардан кейін ғана монархтың билігін шектеу керектігі туралы шешім қабылданды. Король парламент шығарған заңды жоққа шығару құқығынан бас тартып, оны тұрақты түрде жинап, парламент бостандығын яғни депутаттың дербес құқықтығы мен сөз бостандығын бұзбауға міндеттенді. Француз мемлекеттілігінің нығаюына іс жүзінде оны басқарған кадинал Ришелье көп еңбек сіңірді. Ол өз саясатының негізін былай түсіндірді: «Менің бірінші мақсатым корольдің ұлықталуы, екінші мақсатым корольдіктің ұлықталуы» .
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Monarhiya gr monarchia dara bilik zhogargy memlekettik bilik bir gana basshy monarhtyn patsha shaһ sultan han halif imperator t b kolynda bolatyn zhәne urpaktan urpakka muragerlikpen beriletin baskaru turpaty Monarhiya Erte tarihi damu kezeninde barlyk elder Monarhiyalyk sipatta omir sүrdi Әr halykta Monarhiya ozinshe korinis tapkanymen bәrine ortak belgi zhogary memleket biliktin tak muragerligi zholymen berilui boldy Қul ielenushilik kezeninde tүrli sipatta omir sүrip kejbir elderde respublikalyk baskaru nysanymen alma kezek auysyp otyrdy Feodaldyk kezende Monarhiya basty memleket baskaru nysanyna ajnaldy Onyn erte feodaldyk Monarhiya feodaldyk bytyrankylyk kezenindegi Monarhiya sheksiz Monarhiya degen tүrleri boldy Erte feodaldyk Monarhiya zhaulangan zherge baskaru zhүjesin kuru men iri zher ielenushilerdin pajda boluy barysynda kalyptasty Bileushi etnostyk topka sүjengen monarhtar ortasynda biligi kүshti birak zhaulagan ajmaktarymen ekonomikalyk zhәne sayasi bajlanysy nashar alyp feodaldyk imperiyalar kurdy Feodaldyk bytyrankylyk kezinde monarh tendester arasyndagy birinshi zhagdajynda kaldy Tauar aksha katynasynyn damuy orta zhәne usak zher ielerinin kejinnen kalalyktardyn da feodaldyk bytyrankylykka karsy kүreske birigui birtutas ortalyktangan Monarhiyany tudyrdy Birtutas apparattyn kүshti әskerdin kuryluy monarh biligin shektejtin eshkandaj organy zhok sheksiz Monarhiyanyn kuryluyna alyp keldi Sheksiz Monarhiyada zan shygaru atkaru sot үsh bilik te monarhtyn kolyna shogyrlandy Adamzat sana seziminin damuyna demokratiyanyn orkendeuine bajlanysty meml bilikti birinen biri tәuelsiz әri ozara bajlanysty үsh tarmakka bolu teoriyasy belen aldy Monarhiyalyk elder konstituciya kabyldau arkyly monarhtyn biligin shektep Konstituc Monarhiya pajda boldy Ondaj memlekette monarh kuzyryndagy mәseleler konstituciyada nakty belgilendi negizinen ishki syrtky sayasattyn basty bagytyn belgileu bas kolbasshylyk t b asa manyzdy mәseleler әri ol meml bilik tarmaktarynyn arbitri bolyp tanyldy Mundaj elderde kobine monarh biligi simvolik sipatta bolyp kuzyreti azayady Ol en bastysy el birligi men bilik tutastygyn bildiretin memleket simvoly kyzmetin atkarady Al nakty bilik zhүrgizetin үkimet basshysyn halyk okilderinin organy nemese tikelej halyktyn ozi dauys beru arkyly sajlajdy Yagni sayasi talas tartys үkimet biligi manajynda zhүredi de ozgermejtin әulettik memleket basshylygy arkasynda sayasi turaktylyk myzgymajdy Қazirgi tanda Zhaponiya Ұlybritaniya Belgiya Daniya Ispaniya Shveciya Norvegiya Saud Arabiyasy Birikken Arab әmirlikteri Niderland t b orkenietti elder Monarhiyalyk memleketter Bugan kosa kejbir Afrika zhәne Tynyk muhit ajmagyndagy artta kalgan usak memleketterde Monarhiyalyk bilik saktalgan XVI XVII gasyrlardagy monarhiyaXV g sonynda francuz ispan zhәne agylshyn zherlerindegi koroldardyn zhinalysy ayaktalyp iri memleketter pajda boldy XVI g basynda Europada memlekettik biliktin zhana formasy absolyuttik monarhiya shykty Onyn basty ereksheligi bileushinin sheksiz biligi Parlament shakyrudan bas tartu arkyly bileushi kazynadan zhalaky alyp otyrgandyktan monarhiyaga adal berilgen sheneunikterge arka sүjedi Korol kolyndagy baskarudyn manyzdy tetikteri ortalyktandyrylgan karzhy zhүjesi men turakty әsker boldy Absolyutizmnin zhaktaushylary korol Қudaj tarapynan sheksiz bilikke ie bolgandyktan ol zher betindegi kudajlyk tәrtiptin әdildiktin kepili dep sendirdi Monarhtyn kalauyna degen kez kelgen karsylykka tiym salyndy Sarajda bolyp zhatkannyn bәri katan tүrde saraj many saltynyn erezhelerine bagyndyrylgan dy Monarhtyn ujkydan turuy men ujkyga ketui onyn kiinui tamaktanuy shyguy sheteldik elshilerdi kabyldauynyn bәri egzhej tegzhejli zhosparlangan Patshanyn ulyktaluyna saltanatty sarajlar men kamaldardan turatyn rezidenciyalar kyzmet etti Olar әjgili antikalyk mifologiyalyk zhәne tarihi syuzhetti keskinder men mүsindermen әsem bezendirildi XVII g ondiris pen saudanyn damuy kogamdagy zhana burzhuaziya tabynyn kalyptasuyna alyp keldi Olar manufakturalardyn ieleri saudagerler bankirler boldy Burzhuaziya okilderi sayasi baskaruga degen ozderinin kukyktary bar ekenin zhii bildiretin Angliyada koroldin parlamentpen bәsekelestigi tonkeriske ulasty Birneshe zhylga sozylgan sayasi zhәne әskeri kaktygystardan kejin gana monarhtyn biligin shekteu kerektigi turaly sheshim kabyldandy Korol parlament shygargan zandy zhokka shygaru kukygynan bas tartyp ony turakty tүrde zhinap parlament bostandygyn yagni deputattyn derbes kukyktygy men soz bostandygyn buzbauga mindettendi Francuz memlekettiliginin nygayuyna is zhүzinde ony baskargan kadinal Rishele kop enbek sinirdi Ol oz sayasatynyn negizin bylaj tүsindirdi Menin birinshi maksatym koroldin ulyktaluy ekinshi maksatym koroldiktin ulyktaluy Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 XI tom 27 bet Sayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet