Хан — лауазым. Түркі-моңғол халықтарында мемлекет басқарған билік иесі. Зерттеушілер Хан сөзі семантикалық-тілдік реңкі өзгерген көне түркілердің “қаған” терминінен қалыптасқан деп есептейді. Жазба дерек көздері Орталық Азия халықтары Хан терминін Түркі қағандығы ыдырағаннан кейінгі кезеңнен қолдана бастағандығын растайды.
Мысалы: Иран мен Ауғанстан көшпелі халықтары тайпа көсемдерін Хан деп атады. Сефеви әулеті тұсындағы Иранда Хан аймақ билеушісі, ал салжұқтар мен хорезмшахтар кезінде князьдік лауазым мағынасын берген. Осман сұлтандығында Хан сұлтан лауазымы болды. Қазақ жерінде Қарахан мемлекетінің билеушілері Хан атанды. Кейін қыпшақ, найман, керей, тағы басқалар ұлыстық мемлекеттерді Хандар басқарды. Кез келген адам Хан сайлана алмайтын.
Кезінде Шыңғыс хан (1189, 1206 жылдар сайланған) ел тізгінін ұстау үшін әкесі Есугей баһадүр моңғолдардың соңғы қағандарының бірі Хутул қағанның туысы деген аңыз тараттырды. Нәтижесінде көпшіліктің қолдауымен Хан сайланды. Көрші елдерге жойқын шабуылдар жасап, әлемдік империя құрды да, Хандық билікті өз ұрпақтарына ғана мұра етіп қалдырды. 13 — 14 ғасырлардағы ұлыстарды, Шыңғыс хан қайтыс болғаннан кейін ыдыраған моңғол империясының орнына келген көптеген мемлекеттерді оның ұрпақтары басқарып, Хан болды. Жаңадан сайланған Хан ең алдымен өзін билік басына көтерген ақсүйектердің мүддесін көздеуі тиіс болды. Оның мемлекеттік ин-ттарды нығайтып, жеке-дара үстемдік құруына жергілікті ақсүйектер қай кезде де мүдделі болған емес. Соған қарамастан көптеген хандар үнемі өз үстемдігін нығайтуға тырысып отырды. Тарихи жазба дерек көздері жаңадан сайланатын Ханға ақсүйектер өз талаптарын қоя білгендігін айғақтайды.
Мысалы: Шыңғыс хан империясында елшілік сапармен болып қайтқан П.Карпинидің деректерін өңдеген жазғандарына қарағанда, тақта отырған үміткердің алдына ханзадалар қылыштарын қойып, оған “Сенің бізге әмір етуіңді біз қалаймыз, өтінеміз әрі бұйырамыз” деген. Содан кейін болашақ Хан олардан айтқандарын орындаса, өзіне адал қызмет етуге дайын екендіктерін сұраған. Қатысып отырғандар келісетіндерін, әрқашан дайын екендіктерін мәлімдеген. Сонда үміткер “Менің бұйрығым қылыш болады” дейді. Онымен барлығы келіскен. Содан кейін үміткерді ақ киізге отырғызып: “Жоғары қара да құдайды таны, ал төмен қарасаң өзің отырған киізді көресің. Егер сен өз патшалығыңды жақсы басқарып, жомарт әрі әділ болсаң және әрбір төрені өз деңгейінде сыйласаң, онда даңқты патшалық құрасың…” деген. Яғни, ақсүйектер Х-ның билігін белгілі бір дәрежеде үнемі шектеуге ұмтылды. Хан көтеру рәсімі аяқталғаннан кейін, жаңа билеуші өз міндеттеріне кіріскен.
Түрік-моңғол ұлыстарындағы Хан мемлекеттегі ең жоғарғы билік иесі болды. Хан билігі қоғамдағы тұрақтылықты, тәртіпті қамтамасыз етті. Ортағасырлық дерек көздерінде Хан қол астындағы бұқара халық үшін еңбек етуі, ал қарапайым халық оның билігін мойындауы және бұйрықтарын орындауы тиіс екендіктері жазылған. Озық ойлы адамдар мемлекет басқарушыға қойылатын негізгі талаптарды айтып отырған (мысалы: Мұхаммед Хайдар Дулат).
Ханның ең негізгі бес құқығы мен қызметін
Белгілі шығыстанушы Т.Сұлтанов өз еңбектерінде Ханның ең негізгі бес құқығы мен қызметін былайша көрсетеді:
- Билік етіп отырған әулет басшысы және мемлекеттегі жоғарғы сюзерен ретінде елдегі барлық аумаққа, ұлысқа тиесілі жерге иелік етті, қарулы жасақпен оны сыртқы жаулардан қорғады.
- Соғыс жариялау мен бітімге келуге құқылы болды, себебі ол әскер басшысы еді.
- Шетелдік мемлекеттермен келіссөздер жүргізіп, мемлекеттің сыртқы саясатын айқындап отырды.
- Өзіне бағынышты адамды өлтіруге немесе тірі қалдыруға құқылы болды, яғни ол мемлекетіндегі Жоғарғы Сот қызметін де атқарды.
- Заң шығару құқы болды және қол астындағылардың барлығына міндетті бұйрықтар шығарды. Сөйтіп, қоғамдық құрылым мен тәртіпті сақтады.
Бөлігі
Ортағасырлық дерек көздерінде Ханның кейбір кездері ғана шексіз билікке ие болғандығы айтылады. Кейде олар әулеттің басқа мүшесімен билігін бөлісіп отырды. Өз билігінің қандай дәрежеде болуы ең алдымен Ханның жеке басындағы қасиеттеріне тікелей байланысты еді. Дерек көздерінде билеушілер екі топқа бөлінеді: біріншілері — үлгілі, атақ-даңқымен еліне елеулі болғандар (Хайду, Мұхаммед Шайбани, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан); екіншілер — ел басқаруға қабілетсіз билеушілер (, , Таһир хан, Болат хан). Соңғыларының билік құруы ұзаққа созылмаған. Оларды билікке жақын орта тақтан тайдырып, орнына басқа ханзаданы Хан көтеріп отырды. Елді басқаруда Хан өзі тағайындаған адамдардың көмегіне сүйенді. Мемлекеттегі белді қайраткерлермен санасып отырды. Көбіне Ханды белгілі бір ру не тайпа өкілдері қолдап, сүйеу көрсетті, оның мемлекеттегі негізгі тірегі болды.
Мысалы: Моғолстан мемлекетінің Хандары дулат тайпасының әмірлеріне сүйенді, Хан оларды ұлысбегі етіп тағайындады. Тіпті кімнің Хан болатындығын да солар алдын ала шешіп отырды. Ханға бектер, билер өз ақыл-кеңестерін беріп қана қоймай, жүргізетін саясатына өз ықпалдарын тигізді. Егер Ханның жүргізген саясаты белгілі бір руды не тайпаны қанағаттандырмаса, олардың басқа елдерге көшіп кетуі, қоныс аударуы көшпелі қоғамдағы негізгі наразылықтың бірі болды. Көбіне Хан жарлығы мүлтіксіз орындалды. Ол өзіне тиесілі аймақтардан, ұлыстан әскер жинатты, тәуелді елдерден алым-салық алып тұрды. Еңбегі сіңген адамдарға иелік жерлер бөліп берді, ру, тайпа араларындағы қақтығыстарды реттеді. Хан мемлекеттің саяси-экономикалық өмірінде маңызды рөл атқарды. Алым-салық ин-ттарын қадағалады, ақша реформасын жүргізді (Кебек хан). Салтанатты жиындарда тақта отырды. Егер Хан беделді тұлға болса, оның билігі шексіз болды. Ал ол шектен тыс шығып кетсе онда оған Жасақ заңы, тағы басқа дәстүрлі құқықтық ережелердің талаптары ескертіліп, билігі шектелді. Кейде Хан лауазымын бірнеше адам иемденді. Сондықтан да деректерде ұлы Хан, кіші Хан сынды лауазымдар кездесіп тұрады.
Шынғыс Хан ұрпағымен байланысы
Дәстүрлі көшпелі түркі-моңғол қоғамында Хан болып Шыңғыс хан ұрпақтары ғана сайланды. Билікке келген басқа әулет өкілдері өздерін Хан деп атай алмай, көбіне әмір (Ақсақ Темір), би, тағы басқа лауазымдарды иемденді. Қазақ хандығын басқарған билеушілердің барлығы Шыңғыс хан әулетінен тағайындалды. Әулеттің Хан сайланбағандары жеке әлеуметтік топ құрап, мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатында елеулі рөл атқарды. Мемлекетті басқаруда Хан шексіз билікке ұмтылғанымен, ру-тайпа билеушілерімен санасуға мәжбүр болды. Халықтың қалың бұқарасына жақын әрі оның тікелей қолдауына сүйенген жергілікті билік иелері — билер мен батырлар Хан билігін белгілі бір дәрежеде шектеп, өздерінің әлеуметтік-саяси мәртебесін нығайтуға тырысты. Ханға тура сөйлеп, кемшіліктерін бетке айтқан ақын-жырауларды, билерді халық әрдайым дәріптеген (Би, Жырау). Ақыл-парасатымен танылған Хандарды данагөйлер оның ізбасарларына үлгі тұтты. Мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті жүргізген хандық билік қазақ қоғамындағы маңызды саяси жүйелердің бірі болды. Ол ең алдымен билер ин-тына арқа сүйеді.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы елдік тұтастық осы билік жүйелерінің өзара тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы принциптеріне негізделді. Қазақ жерін Ресей империясы отарлағаннан кейін, құқықтық-әкімш. реформалар жүргізіп, саяси құрылымды өзгертті. 1822 — 1824 жылғы реформадан соң Ханның билік жүйесі күйреді. Дегенмен, хандық қазақ халқының негізгі билік жүйесі болғандықтан үкіметтің отаршылдық саясатына, кеңестік озбырлыққа қарсы ұлт-азаттық күрестер туындағанда, көтерілісшілердің ең алдымен Хан сайлап, сардарбек тағайындап отыруы 20 ғасырдың 1930-жылдарына дейін сақталды.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Han lauazym Tүrki mongol halyktarynda memleket baskargan bilik iesi Zertteushiler Han sozi semantikalyk tildik renki ozgergen kone tүrkilerdin kagan termininen kalyptaskan dep eseptejdi Zhazba derek kozderi Ortalyk Aziya halyktary Han terminin Tүrki kagandygy ydyragannan kejingi kezennen koldana bastagandygyn rastajdy Shyngys HanAbylaj Han Mysaly Iran men Auganstan koshpeli halyktary tajpa kosemderin Han dep atady Sefevi әuleti tusyndagy Iranda Han ajmak bileushisi al salzhuktar men horezmshahtar kezinde knyazdik lauazym magynasyn bergen Osman sultandygynda Han sultan lauazymy boldy Қazak zherinde Қarahan memleketinin bileushileri Han atandy Kejin kypshak najman kerej tagy baskalar ulystyk memleketterdi Handar baskardy Kez kelgen adam Han sajlana almajtyn Kezinde Shyngys han 1189 1206 zhyldar sajlangan el tizginin ustau үshin әkesi Esugej baһadүr mongoldardyn songy kagandarynyn biri Hutul kagannyn tuysy degen anyz tarattyrdy Nәtizhesinde kopshiliktin koldauymen Han sajlandy Korshi elderge zhojkyn shabuyldar zhasap әlemdik imperiya kurdy da Handyk bilikti oz urpaktaryna gana mura etip kaldyrdy 13 14 gasyrlardagy ulystardy Shyngys han kajtys bolgannan kejin ydyragan mongol imperiyasynyn ornyna kelgen koptegen memleketterdi onyn urpaktary baskaryp Han boldy Zhanadan sajlangan Han en aldymen ozin bilik basyna kotergen aksүjekterdin mүddesin kozdeui tiis boldy Onyn memlekettik in ttardy nygajtyp zheke dara үstemdik kuruyna zhergilikti aksүjekter kaj kezde de mүddeli bolgan emes Sogan karamastan koptegen handar үnemi oz үstemdigin nygajtuga tyrysyp otyrdy Tarihi zhazba derek kozderi zhanadan sajlanatyn Hanga aksүjekter oz talaptaryn koya bilgendigin ajgaktajdy Mysaly Shyngys han imperiyasynda elshilik saparmen bolyp kajtkan P Karpinidin derekterin ondegen zhazgandaryna karaganda takta otyrgan үmitkerdin aldyna hanzadalar kylyshtaryn kojyp ogan Senin bizge әmir etuindi biz kalajmyz otinemiz әri bujyramyz degen Sodan kejin bolashak Han olardan ajtkandaryn oryndasa ozine adal kyzmet etuge dajyn ekendikterin suragan Қatysyp otyrgandar kelisetinderin әrkashan dajyn ekendikterin mәlimdegen Sonda үmitker Menin bujrygym kylysh bolady dejdi Onymen barlygy kelisken Sodan kejin үmitkerdi ak kiizge otyrgyzyp Zhogary kara da kudajdy tany al tomen karasan ozin otyrgan kiizdi koresin Eger sen oz patshalygyndy zhaksy baskaryp zhomart әri әdil bolsan zhәne әrbir toreni oz dengejinde syjlasan onda dankty patshalyk kurasyn degen Yagni aksүjekter H nyn biligin belgili bir dәrezhede үnemi shekteuge umtyldy Han koteru rәsimi ayaktalgannan kejin zhana bileushi oz mindetterine kirisken Tүrik mongol ulystaryndagy Han memlekettegi en zhogargy bilik iesi boldy Han biligi kogamdagy turaktylykty tәrtipti kamtamasyz etti Ortagasyrlyk derek kozderinde Han kol astyndagy bukara halyk үshin enbek etui al karapajym halyk onyn biligin mojyndauy zhәne bujryktaryn oryndauy tiis ekendikteri zhazylgan Ozyk ojly adamdar memleket baskarushyga kojylatyn negizgi talaptardy ajtyp otyrgan mysaly Muhammed Hajdar Dulat Hannyn en negizgi bes kukygy men kyzmetinBelgili shygystanushy T Sultanov oz enbekterinde Hannyn en negizgi bes kukygy men kyzmetin bylajsha korsetedi Bilik etip otyrgan әulet basshysy zhәne memlekettegi zhogargy syuzeren retinde eldegi barlyk aumakka ulyska tiesili zherge ielik etti karuly zhasakpen ony syrtky zhaulardan korgady Sogys zhariyalau men bitimge keluge kukyly boldy sebebi ol әsker basshysy edi Sheteldik memlekettermen kelissozder zhүrgizip memlekettin syrtky sayasatyn ajkyndap otyrdy Өzine bagynyshty adamdy oltiruge nemese tiri kaldyruga kukyly boldy yagni ol memleketindegi Zhogargy Sot kyzmetin de atkardy Zan shygaru kuky boldy zhәne kol astyndagylardyn barlygyna mindetti bujryktar shygardy Sojtip kogamdyk kurylym men tәrtipti saktady BoligiOrtagasyrlyk derek kozderinde Hannyn kejbir kezderi gana sheksiz bilikke ie bolgandygy ajtylady Kejde olar әulettin baska mүshesimen biligin bolisip otyrdy Өz biliginin kandaj dәrezhede boluy en aldymen Hannyn zheke basyndagy kasietterine tikelej bajlanysty edi Derek kozderinde bileushiler eki topka bolinedi birinshileri үlgili atak dankymen eline eleuli bolgandar Hajdu Muhammed Shajbani Қasym han Esim han Tәuke han ekinshiler el baskaruga kabiletsiz bileushiler Taһir han Bolat han Songylarynyn bilik kuruy uzakka sozylmagan Olardy bilikke zhakyn orta taktan tajdyryp ornyna baska hanzadany Han koterip otyrdy Eldi baskaruda Han ozi tagajyndagan adamdardyn komegine sүjendi Memlekettegi beldi kajratkerlermen sanasyp otyrdy Kobine Handy belgili bir ru ne tajpa okilderi koldap sүjeu korsetti onyn memlekettegi negizgi tiregi boldy Mysaly Mogolstan memleketinin Handary dulat tajpasynyn әmirlerine sүjendi Han olardy ulysbegi etip tagajyndady Tipti kimnin Han bolatyndygyn da solar aldyn ala sheship otyrdy Hanga bekter biler oz akyl kenesterin berip kana kojmaj zhүrgizetin sayasatyna oz ykpaldaryn tigizdi Eger Hannyn zhүrgizgen sayasaty belgili bir rudy ne tajpany kanagattandyrmasa olardyn baska elderge koship ketui konys audaruy koshpeli kogamdagy negizgi narazylyktyn biri boldy Kobine Han zharlygy mүltiksiz oryndaldy Ol ozine tiesili ajmaktardan ulystan әsker zhinatty tәueldi elderden alym salyk alyp turdy Enbegi singen adamdarga ielik zherler bolip berdi ru tajpa aralaryndagy kaktygystardy rettedi Han memlekettin sayasi ekonomikalyk omirinde manyzdy rol atkardy Alym salyk in ttaryn kadagalady aksha reformasyn zhүrgizdi Kebek han Saltanatty zhiyndarda takta otyrdy Eger Han bedeldi tulga bolsa onyn biligi sheksiz boldy Al ol shekten tys shygyp ketse onda ogan Zhasak zany tagy baska dәstүrli kukyktyk erezhelerdin talaptary eskertilip biligi shekteldi Kejde Han lauazymyn birneshe adam iemdendi Sondyktan da derekterde uly Han kishi Han syndy lauazymdar kezdesip turady Shyngys Han urpagymen bajlanysyDәstүrli koshpeli tүrki mongol kogamynda Han bolyp Shyngys han urpaktary gana sajlandy Bilikke kelgen baska әulet okilderi ozderin Han dep ataj almaj kobine әmir Aksak Temir bi tagy baska lauazymdardy iemdendi Қazak handygyn baskargan bileushilerdin barlygy Shyngys han әuletinen tagajyndaldy Әulettin Han sajlanbagandary zheke әleumettik top kurap memlekettin ishki syrtky sayasatynda eleuli rol atkardy Memleketti baskaruda Han sheksiz bilikke umtylganymen ru tajpa bileushilerimen sanasuga mәzhbүr boldy Halyktyn kalyn bukarasyna zhakyn әri onyn tikelej koldauyna sүjengen zhergilikti bilik ieleri biler men batyrlar Han biligin belgili bir dәrezhede shektep ozderinin әleumettik sayasi mәrtebesin nygajtuga tyrysty Hanga tura sojlep kemshilikterin betke ajtkan akyn zhyraulardy bilerdi halyk әrdajym dәriptegen Bi Zhyrau Akyl parasatymen tanylgan Handardy danagojler onyn izbasarlaryna үlgi tutty Memlekettik zhәne memleketaralyk dengejdegi mәselelerdi kamtityn zhogary bilikti zhүrgizgen handyk bilik kazak kogamyndagy manyzdy sayasi zhүjelerdin biri boldy Ol en aldymen biler in tyna arka sүjedi Dәstүrli kazak kogamyndagy eldik tutastyk osy bilik zhүjelerinin ozara tepe tendigi men bir birine karama karsylygy principterine negizdeldi Қazak zherin Resej imperiyasy otarlagannan kejin kukyktyk әkimsh reformalar zhүrgizip sayasi kurylymdy ozgertti 1822 1824 zhylgy reformadan son Hannyn bilik zhүjesi kүjredi Degenmen handyk kazak halkynyn negizgi bilik zhүjesi bolgandyktan үkimettin otarshyldyk sayasatyna kenestik ozbyrlykka karsy ult azattyk kүrester tuyndaganda koterilisshilerdin en aldymen Han sajlap sardarbek tagajyndap otyruy 20 gasyrdyn 1930 zhyldaryna dejin saktaldy Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet