Жоғарғы сот – мемлекеттің сот жүйесін басқарушы ең жоғары сот органы.
Айрықша сот істерін, атап айтқанда, жоғары лауазымды адамдардың қылмыстары туралы және аса ауыр туралы істерді қарайды. Сонымен бірге ол елдің барлық төменгі соттарының шешімдері жөнінде шағым жасалатын ең жоғары орган болып табылады. Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, АҚШ-та, Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда) Жоғарғы Сот конституцияны түсіндіру және конгресс, штаттар мен федеральдік үкімет органдары қабылдаған актілердің конституцияға сай келуі туралы мәселелерді шешу, міндеттерін де жүзеге асырады. Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, Германияда, Ресейде) аталмыш міндеттер Жоғарғы Сотпен қатар арнаулы конституциялық соттарға да жүктелген.
Қазақстан Республикасында бұл міндетті атқарады (Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі). Конституциялық соты не кеңесі жоқ федеративтік мемлекеттерде Жоғарғы Соттың құзырына федерация мен оның субъектілері арасындағы, сондай-ақ федерация субъектілерінің өз арасындағы дауларды шешу жатады. Жоғарғы Сот түрлі мемлекеттерде түрліше ресми аталуы мүмкін. Мысалы, Қазақстанда, Австрияда, Ирландияда, Исландияда, Канадада – Жоғарғы Сот; Германияда – , Италияда – ; Грекияда – Ареопаг; Эстонияда – ; Швейцарияда – , т.б.
Жоғарғы Сот, әдетте, істердің кейбір санаттары (азаматтық, қылмыстық, конституциялық) бойынша сенаттарды (палаталарды, алқаларды) қамтитын күрделі құрылым болып келеді. Мысалы, Ұлыбританияның (және Уэльстің) Жоғарғы Сотын төраға ретінде басқарады, ол дербес үш сот мекемесінен – Шағымдық соттан, Мәртебелі соттан және Тәж сотынан тұрады. Әдетте, Жоғарғы Соттың құрылу тәртібі, сондай-ақ, негізгі міндеттері (өкілеттіктері) елдің конституциясымен айқындалады. Жоғарғы Соттың судьясын мемлекет басшысы дербес немесе парламенттің (оның жеке палатасының) бекітуімен тағайындайды. Мысалы, АҚШ-тың Жоғарғы Сотның судьясын АҚШ Президенті Сенаттың кеңесімен және келісімімен тағайындайды.
Парламенттік елдерде Жоғарғы Сот судьяларын тағайындау кезінде үкімет шешуші рөл атқарады. Көптеген мемлекеттерде Жоғарғы Сот судьялары лауазымына үміткерлер ұсынуды сот қоғамдастығы органдары немесе сот қызметінің істері жөніндегі арнаулы комиссиялар жүзеге асырады. Көптеген елдерде судьялардың Жоғарғы Сот құрамында болу мерзімі заңда белгіленген жасқа толуымен шектеледі (әдетте 65 – 70 жас). Жоғарғы Сотқа біліктілігіне қойылатын талаптарды (әдетте төменгі соттармен салыстырғанда) қанағаттандыратын кәсіпқой судьялар мүше болып тағайындалады. Бұл талаптардың ең бастылары – заңгер мамандығы бойынша бай жұмыс тәжірибесінің және кіршіксіз беделінің болуы. Дәстүрлі қазақ қоғамында пайда болған дау-жанжалдарды билер соты реттеп отырғаны белгілі. Қазақ хандығы нығайып, біртұтас мемлекетке айналған кезеңде жыл сайын шақырылып отырған билер кеңесі әрі қазіргі ұғымдағы парламенттің, әрі Жоғарғы Соттың қызметін атқарған.
Қазақстанда кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында Жоғарғы Сот билігін Қырғыз (Қазақ) АКСР революциялық трибуналы (1921 – 23), РКФСР Жоғарғы Сотның Қазақ бөлімі (1923 – 29), Қазақ АКСР Жоғарғы соты (1929 – 36) жүргізді. 1937 ж. 3 ақпанда қабылданған Қазақ КСР Конституциясының арнаулы тарауында сот ұйымдары мен прокуратура қызметін ұйымдастыру, құру тәртібі белгіленді. 1970 ж. 31 тамызда КСРО Әділет министрлігінің “Одақтас республикаларда Әділет министрлігін құру туралы қаулысына” сәйкес одақтас республикаларда әділет министрліктері құрылды. 1990 ж. 23 қарашада “Қазақ КСР-нің сот құрылымы” жөніндегі Конституциялық Заңға өзгерістер енгізу туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының қаулысы қабылданып, Жоғарғы Соттың бұрынғы алқаларына қосымша төраға және 4 судья құрамында құрылды. 1992 ж. 22 желтоқсанда бұл Заң “Әскери соттар” деген арнайы тараумен толықтырылды. 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында 16-тарау сот билігіне арналды. Оның 95-бабында Қазақстандағы сот билігі Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың және Жоғары төрелік соттың, сондай-ақ, заң бойынша құрылатын төменгі соттардың құзырында екені атап көрсетілді. Конституциялық сот (қазіргі Конституциялық кеңес) Қазақстан Республикасы Конституциясын қорғау жөніндегі ең жоғары орган болып танылды. 1994 ж. 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы” Жарлығы шықты. Мұнда сот жүйесін реформалаудың бағыттары белгіленді. Сот жүйесін жалпы соттар мен төрелік соттарға жіктеудің қажетсіздігі атап көрсетілді. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында (1995, 30 тамыз) осы принциптер бекітілді. Жоғарғы Сот арнайы сот алқаларына бөлініп құрылды, судьялар құрамы да соған қарай іріктелді. 1995 ж. 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осыған орай бұған дейін дербес өкілеттік жүргізіп келген Қазақстан Республикасының Төрелік соты Жоғарғы Соттың құрамына қосылды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты – мемлекеттің ең жоғары сот билігі органы, яки елдегі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, т.б. істер бойынша ең жоғары сот органы болып табылады. Ол төменгі соттардың қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады және соттың іс-тәжірибесіне қатысты әр алуан мәселелер жөнінде түсінік береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотн төраға, оның орынбасарлары, мүшелері құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті 5 жыл мерзімге сайлайды. Оның құрылымы, мәртебесі, қызмет тәртібі 2000 ж. 25 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заңмен белгіленген. Бұл Конституциялық Заң Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заң күші бар Жарлығында белгіленген реформаларды одан әрі дамытты. Жоғарғы Сот құрамындағы әскери алқа таратылып, оның жаңа құрылымы белгіленді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот қадағалауын ең алдымен төменгі соттардың нақты істерді шешуде заңдылық пен негізділікті сақтауын тексеру, олар жіберген қателерді түзету жолымен жүзеге асырады. Сонымен бірге Жоғарғы Сот республикадағы сот жүйесінің іс-тәжірибесін зерделеп, қорытындылайды, сот статистикасына талдау жасайды, осы негізде сот істерін қарау кезінде заңнаманың қолданылуы барысында туындайтын мәселелер бойынша түсініктер береді, заңи бастамашылық құқығын пайдаланады. Жоғарғы сот билігін жүргізуші орган ретінде Жоғарғы Сот істерді өзінің өкілеттік құзыры шегінде, бірінші сатыдағы сот дәрежесінде апелляциялық және қадағалау тәртібімен, сондай-ақ жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарайды. Бұл орайда, Жоғарғы Сот қарайтын істер бойынша заңи хұкім жүргізу құзыры Қазақстан Республикасының мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құрамы төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Жоғарғы Соттың органдары: , , , . Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың төрағасы басқарады. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді. Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру жолымен жыл сайын сайланатын судьялардан құралады. Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқыланғаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы белгілейтін судьялардан құралады. Жоғарғы Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі және қылмыстық істер жөніндегі алқаларда мамандандырылған құрам құруы мүмкін.
Жоғарғы Соттың төрағасы судья міндетін де атқарумен қатар: судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады, қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы; Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді; жалпы отырыстың қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді; Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекітуіне жалпы отырыс хатшысының және ғылыми-консультациялық кеңес мүшелерінің кандидатураларын енгізеді; қажет болған жағдайда бір алқаның (қадағалау алқасынан басқа) судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады; Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекітеді, алқалардың жұмысын үйлестіреді; Жоғарғы Сот кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді, жеке азаматтарды қабылдайды, өкімдер шығарады. Жоғарғы Соттың төрағасы сондай-ақ, елдегі өзге де мемлекеттік билік тармақтары органдарымен және халықар. ұйымдармен өзара қарым-қатынасы кезінде отандық сот жүйесінің мүддесін қорғайды. Жоғарғы Сот төрағасының кез келген сот судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғауға құқығы бар.
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы судья міндеттерін де атқарумен қатар: алқаның отырысында төрағалық етеді; сот статистикасын жүргізу, заңдарды қолданудағы сот практикасын зерделеу мен жинақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қарау үшін судьялардың тиісті құжаттарды дайындауын қамтамасыз етеді; жалпы отырыста алқа қызметі туралы ақпарат береді; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жоғарғы Соттың жалпы отырысы алқа құрамының санын белгілейді және қадағалау алқасының құрамына судьялар сайлайды; сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша елдегі соттардың сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталуы мәселелерін қарайды; сот практикасында заңдардың қолданылуы мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды; алқалар төрағаларының және өкілетті орган басшысының хабарламасын тыңдайды; облысы сот төрағасы мен облысы сот алқасының төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметінің бос орнына кандидатураларды талқылайды және тиісінше қорытындылар береді; Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуымен жалпы отырыс хатшысын және ғылыми-консультациялық кеңестің құрамын бекітеді; заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жалпы отырыс Жоғарғы Сот судьялары жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқан жағдайда ғана заңды болып табылады. Жалпы отырыс мәжілістеріне Қазақстан Республикасының мен әділет министрі қатысады. Оған Жоғарғы Сот төрағасының шақыруымен төменгі соттардың судьялары, министрліктердің, агенттіктер мен к-ттердің, ғылыми мекемелердің, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуы мүмкін. Жоғарғы Сот шешімдері түпкілікті шешімдер болып табылады және апеляциялық тәртіппен шағым жасауға, яки наразылық білдіруге жатпайды. Әр жылдары
- Қырғыз (Қазақ) АКСР революциялық трибуналының төрағасы болып Н.Нұрмақов (1921 ж. қазан – 1923 ж. сәуір);
- РКФСР Жоғарғы Сот Қазақ бөлімінің төрағалары болып Т.Мұқашев (1924 ж. наурыз – 1925 ж. маусым)
- М.Атаниязов (1925 ж. мамыр – 1927 ж. наурыз), С.Бекбатыров (1927 ж. наурыз – 1929 ж. сәуір)
- Қазақ АКСР Жоғарғы Сотының төрағалары болып Н.Сырғабеков (1929 ж. мамыр – қараша)
- Н.Арықова (1929 – 30)
- Н.Жүнісов (1931 ж. шілде – 1932 ж. шілде)
- Қ.Күлетов (1932 ж. шілде – 1934 ж. қаңтар)
- Ш.Бектұрғанов (1934 ж. мамыр – 1937 ж. желтоқсан)
- Қазақ КСР Жоғарғы Сотының төрағалары болып Ә.Құскелдиев (1937 ж. желтоқсан – 1938 ж. тамыз)
- П.Громов (1938 ж. тамыз – 1939 ж. сәуір)
- Т.Қожабергенов (1939 ж. сәуір – 1941 ж. мамыр)
- М.Нұрбаев (1941 – 42), Т.Әділбаев (1943 ж. сәуір – 1945 ж. қазан)
- О.Адамбаев (1946)
- Ә.Биекенов (1946 ж. мамыр – тамыз)
- Ә.Досанов (1946 ж. тамыз – 1958 ж. тамыз)
- Ә.Нұрышев (1958 – 59)
- К.Сүлейменов (1958 – 62)
- Б.Жүсіпов (1962 ж. маусым – 1970 ж. қыркүйек)
- Қ.Мыңбаев (1970 ж. қараша – 1981 ж. мамыр)
- Ғ.Елемісов (1981 ж. маусым – 1984 ж. қаңтар)
- Т.Айтмұқамбетов (1984 ж. наурыз – 1993 ж. желтоқсан)
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағалары болып М.Малахов (1993 ж. желтоқсан – 1996 ж. маусым)
- М.Нәрікбаев (1996 ж. маусым – 2000 ж.), Қ.Мәми (2000 жылдан) жұмыс істеді.
Дереккөздер:
- Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhogargy sot memlekettin sot zhүjesin baskarushy en zhogary sot organy Ajryksha sot isterin atap ajtkanda zhogary lauazymdy adamdardyn kylmystary turaly zhәne asa auyr turaly isterdi karajdy Sonymen birge ol eldin barlyk tomengi sottarynyn sheshimderi zhoninde shagym zhasalatyn en zhogary organ bolyp tabylady Kejbir memleketterde Mysaly AҚSh ta Үndistanda Shri Lankada Zhaponiyada Zhogargy Sot konstituciyany tүsindiru zhәne kongress shtattar men federaldik үkimet organdary kabyldagan aktilerdin konstituciyaga saj kelui turaly mәselelerdi sheshu mindetterin de zhүzege asyrady Kejbir memleketterde Mysaly Germaniyada Resejde atalmysh mindetter Zhogargy Sotpen katar arnauly konstituciyalyk sottarga da zhүktelgen Қazakstan Respublikasynda bul mindetti atkarady Қazakstan Respublikasynyn Konstituciyalyk kenesi Konstituciyalyk soty ne kenesi zhok federativtik memleketterde Zhogargy Sottyn kuzyryna federaciya men onyn subektileri arasyndagy sondaj ak federaciya subektilerinin oz arasyndagy daulardy sheshu zhatady Zhogargy Sot tүrli memleketterde tүrlishe resmi ataluy mүmkin Mysaly Қazakstanda Avstriyada Irlandiyada Islandiyada Kanadada Zhogargy Sot Germaniyada Italiyada Grekiyada Areopag Estoniyada Shvejcariyada t b Zhogargy Sot әdette isterdin kejbir sanattary azamattyk kylmystyk konstituciyalyk bojynsha senattardy palatalardy alkalardy kamtityn kүrdeli kurylym bolyp keledi Mysaly Ұlybritaniyanyn zhәne Uelstin Zhogargy Sotyn toraga retinde baskarady ol derbes үsh sot mekemesinen Shagymdyk sottan Mәrtebeli sottan zhәne Tәzh sotynan turady Әdette Zhogargy Sottyn kurylu tәrtibi sondaj ak negizgi mindetteri okilettikteri eldin konstituciyasymen ajkyndalady Zhogargy Sottyn sudyasyn memleket basshysy derbes nemese parlamenttin onyn zheke palatasynyn bekituimen tagajyndajdy Mysaly AҚSh tyn Zhogargy Sotnyn sudyasyn AҚSh Prezidenti Senattyn kenesimen zhәne kelisimimen tagajyndajdy Parlamenttik elderde Zhogargy Sot sudyalaryn tagajyndau kezinde үkimet sheshushi rol atkarady Koptegen memleketterde Zhogargy Sot sudyalary lauazymyna үmitkerler usynudy sot kogamdastygy organdary nemese sot kyzmetinin isteri zhonindegi arnauly komissiyalar zhүzege asyrady Koptegen elderde sudyalardyn Zhogargy Sot kuramynda bolu merzimi zanda belgilengen zhaska toluymen shekteledi әdette 65 70 zhas Zhogargy Sotka biliktiligine kojylatyn talaptardy әdette tomengi sottarmen salystyrganda kanagattandyratyn kәsipkoj sudyalar mүshe bolyp tagajyndalady Bul talaptardyn en bastylary zanger mamandygy bojynsha baj zhumys tәzhiribesinin zhәne kirshiksiz bedelinin boluy Dәstүrli kazak kogamynda pajda bolgan dau zhanzhaldardy biler soty rettep otyrgany belgili Қazak handygy nygajyp birtutas memleketke ajnalgan kezende zhyl sajyn shakyrylyp otyrgan biler kenesi әri kazirgi ugymdagy parlamenttin әri Zhogargy Sottyn kyzmetin atkargan Қazakstanda kenestik dәuirdin algashky zhyldarynda Zhogargy Sot biligin Қyrgyz Қazak AKSR revolyuciyalyk tribunaly 1921 23 RKFSR Zhogargy Sotnyn Қazak bolimi 1923 29 Қazak AKSR Zhogargy soty 1929 36 zhүrgizdi 1937 zh 3 akpanda kabyldangan Қazak KSR Konstituciyasynyn arnauly tarauynda sot ujymdary men prokuratura kyzmetin ujymdastyru kuru tәrtibi belgilendi 1970 zh 31 tamyzda KSRO Әdilet ministrliginin Odaktas respublikalarda Әdilet ministrligin kuru turaly kaulysyna sәjkes odaktas respublikalarda әdilet ministrlikteri kuryldy 1990 zh 23 karashada Қazak KSR nin sot kurylymy zhonindegi Konstituciyalyk Zanga ozgerister engizu turaly Қazak KSR Zhogargy Kenesi Toralkasynyn kaulysy kabyldanyp Zhogargy Sottyn buryngy alkalaryna kosymsha toraga zhәne 4 sudya kuramynda kuryldy 1992 zh 22 zheltoksanda bul Zan Әskeri sottar degen arnajy taraumen tolyktyryldy 1993 zh 28 kantarda kabyldangan Қazakstan Respublikasynyn Konstituciyasynda 16 tarau sot biligine arnaldy Onyn 95 babynda Қazakstandagy sot biligi Konstituciyalyk sottyn Zhogargy sottyn zhәne Zhogary torelik sottyn sondaj ak zan bojynsha kurylatyn tomengi sottardyn kuzyrynda ekeni atap korsetildi Konstituciyalyk sot kazirgi Konstituciyalyk kenes Қazakstan Respublikasy Konstituciyasyn korgau zhonindegi en zhogary organ bolyp tanyldy 1994 zh 12 akpanda Қazakstan Respublikasy Prezidentinin Қazakstan Respublikasyndagy kukyktyk reformanyn memlekettik bagdarlamasy turaly Zharlygy shykty Munda sot zhүjesin reformalaudyn bagyttary belgilendi Sot zhүjesin zhalpy sottar men torelik sottarga zhikteudin kazhetsizdigi atap korsetildi Қazakstan Respublikasynyn zhana Konstituciyasynda 1995 30 tamyz osy principter bekitildi Zhogargy Sot arnajy sot alkalaryna bolinip kuryldy sudyalar kuramy da sogan karaj irikteldi 1995 zh 20 zheltoksanda Қazakstan Respublikasy Prezidentinin Қazakstan Respublikasyndagy sottar zhәne sudyalardyn mәrtebesi turaly Konstituciyalyk Zan kүshi bar Zharlygy zhariyalandy Osygan oraj bugan dejin derbes okilettik zhүrgizip kelgen Қazakstan Respublikasynyn Torelik soty Zhogargy Sottyn kuramyna kosyldy Қazakstan Respublikasynyn Zhogargy soty memlekettin en zhogary sot biligi organy yaki eldegi azamattyk kylmystyk әkimshilik t b ister bojynsha en zhogary sot organy bolyp tabylady Ol tomengi sottardyn kyzmetine sot kadagalauyn zhүzege asyrady zhәne sottyn is tәzhiribesine katysty әr aluan mәseleler zhoninde tүsinik beredi Қazakstan Respublikasynyn Zhogargy Sotn toraga onyn orynbasarlary mүsheleri kuramynda Қazakstan Respublikasy Parlamenti 5 zhyl merzimge sajlajdy Onyn kurylymy mәrtebesi kyzmet tәrtibi 2000 zh 25 zheltoksanda kabyldangan Қazakstan Respublikasyndagy sot zhүjesi zhәne sudyalardyn mәrtebesi turaly Konstituciyalyk Zanmen belgilengen Bul Konstituciyalyk Zan Қazakstan Respublikasy Prezidentinin Қazakstan Respublikasyndagy sottar men sudyalardyn mәrtebesi turaly Konstituciyalyk Zan kүshi bar Zharlygynda belgilengen reformalardy odan әri damytty Zhogargy Sot kuramyndagy әskeri alka taratylyp onyn zhana kurylymy belgilendi Қazakstan Respublikasynyn Zhogargy Soty sot kadagalauyn en aldymen tomengi sottardyn nakty isterdi sheshude zandylyk pen negizdilikti saktauyn tekseru olar zhibergen katelerdi tүzetu zholymen zhүzege asyrady Sonymen birge Zhogargy Sot respublikadagy sot zhүjesinin is tәzhiribesin zerdelep korytyndylajdy sot statistikasyna taldau zhasajdy osy negizde sot isterin karau kezinde zannamanyn koldanyluy barysynda tuyndajtyn mәseleler bojynsha tүsinikter beredi zani bastamashylyk kukygyn pajdalanady Zhogargy sot biligin zhүrgizushi organ retinde Zhogargy Sot isterdi ozinin okilettik kuzyry sheginde birinshi satydagy sot dәrezhesinde apellyaciyalyk zhәne kadagalau tәrtibimen sondaj ak zhanadan ashylgan mәn zhajlar bojynsha karajdy Bul orajda Zhogargy Sot karajtyn ister bojynsha zani hukim zhүrgizu kuzyry Қazakstan Respublikasynyn men Қazakstan Respublikasynyn Қylmystyk is zhүrgizu kodeksine sәjkes ajkyndalady Қazakstan Respublikasy Zhogargy Sotynyn kuramy toragadan alka toragalarynan zhәne sudyalardan turady Zhogargy Sot sudyalarynyn zhalpy sanyn Zhogargy Sot toragasynyn usynuymen Қazakstan Respublikasynyn Prezidenti belgilejdi Zhogargy Sottyn organdary Zhogargy Sottyn azamattyk ister zhonindegi alkasy men kylmystyk ister zhonindegi alkasyn alka toragalary al kadagalau alkasyn Zhogargy Sottyn toragasy baskarady Әr alkadagy sudyalar sany Zhogargy Sot toragasynyn usynysymen sottyn zhalpy otyrysynda belgilenedi Қadagalau alkasy Zhogargy Sottyn zhalpy otyrysynda zhasyryn dauys beru zholymen zhyl sajyn sajlanatyn sudyalardan kuralady Azamattyk ister zhonindegi alka men kylmystyk ister zhonindegi alka sottyn zhalpy otyrysynda talkylangannan kejin derbes kuramyn Zhogargy belgilejtin sudyalardan kuralady Zhogargy Sot toragasy azamattyk ister zhonindegi zhәne kylmystyk ister zhonindegi alkalarda mamandandyrylgan kuram kuruy mүmkin Zhogargy Sottyn toragasy sudya mindetin de atkarumen katar sudyalardyn sot isterin karauyn ujymdastyrady kadagalau alkasyn baskarady alkada sot isin karagan kezde toragalyk etuge kukyly Zhogargy Sottyn zhalpy otyrystaryn shakyrady zhәne olarda toragalyk etedi zhalpy otyrystyn karauyna sot praktikasynda zandardy koldanu mәseleleri bojynsha Zhogargy Sottyn normativtik kaulylaryn kabyldau үshin materialdar engizedi Zhogargy Sottyn zhalpy otyrysynyn bekituine zhalpy otyrys hatshysynyn zhәne gylymi konsultaciyalyk kenes mүshelerinin kandidaturalaryn engizedi kazhet bolgan zhagdajda bir alkanyn kadagalau alkasynan baska sudyalaryn baska alkanyn kuramynda is karau үshin tartady Zhogargy Sottyn zhumys zhosparyn bekitedi alkalardyn zhumysyn үjlestiredi Zhogargy Sot kensesine zhalpy basshylykty zhүzege asyrady onyn kurylymy men shtatyn bekitedi zheke azamattardy kabyldajdy okimder shygarady Zhogargy Sottyn toragasy sondaj ak eldegi ozge de memlekettik bilik tarmaktary organdarymen zhәne halykar ujymdarmen ozara karym katynasy kezinde otandyk sot zhүjesinin mүddesin korgajdy Zhogargy Sot toragasynyn kez kelgen sot sudyalaryna katysty tәrtiptik is kozgauga kukygy bar Zhogargy Sot alkasynyn toragasy sudya mindetterin de atkarumen katar alkanyn otyrysynda toragalyk etedi sot statistikasyn zhүrgizu zandardy koldanudagy sot praktikasyn zerdeleu men zhinaktau zhonindegi zhumystardy ujymdastyrady Zhogargy Sottyn zhalpy otyrysynda karau үshin sudyalardyn tiisti kuzhattardy dajyndauyn kamtamasyz etedi zhalpy otyrysta alka kyzmeti turaly akparat beredi zanda kozdelgen baska da okilettikterdi zhүzege asyrady Zhogargy Sottyn zhalpy otyrysy alka kuramynyn sanyn belgilejdi zhәne kadagalau alkasynyn kuramyna sudyalar sajlajdy sot praktikasyn zerdelejdi zhәne ony zhinaktaudyn korytyndylary bojynsha eldegi sottardyn sot toreligin iske asyruy kezindegi zandylyktyn saktaluy mәselelerin karajdy sot praktikasynda zandardyn koldanyluy mәseleleri bojynsha tүsindirmeler beretin normativtik kaulylar kabyldajdy alkalar toragalarynyn zhәne okiletti organ basshysynyn habarlamasyn tyndajdy oblysy sot toragasy men oblysy sot alkasynyn toragasy Zhogargy Sot alkasynyn toragasy men sudyasy kyzmetinin bos ornyna kandidaturalardy talkylajdy zhәne tiisinshe korytyndylar beredi Zhogargy Sot toragasynyn usynuymen zhalpy otyrys hatshysyn zhәne gylymi konsultaciyalyk kenestin kuramyn bekitedi zanda kozdelgen baska da okilettikterdi zhүzege asyrady Zhalpy otyrys Zhogargy Sot sudyalary zhalpy sanynyn kem degende үshten ekisi katyskan zhagdajda gana zandy bolyp tabylady Zhalpy otyrys mәzhilisterine Қazakstan Respublikasynyn men әdilet ministri katysady Ogan Zhogargy Sot toragasynyn shakyruymen tomengi sottardyn sudyalary ministrlikterdin agenttikter men k tterdin gylymi mekemelerdin memlekettik zhәne kogamdyk ujymdardyn okilderi katysuy mүmkin Zhogargy Sot sheshimderi tүpkilikti sheshimder bolyp tabylady zhәne apelyaciyalyk tәrtippen shagym zhasauga yaki narazylyk bildiruge zhatpajdy Әr zhyldary Қyrgyz Қazak AKSR revolyuciyalyk tribunalynyn toragasy bolyp N Nurmakov 1921 zh kazan 1923 zh sәuir RKFSR Zhogargy Sot Қazak boliminin toragalary bolyp T Mukashev 1924 zh nauryz 1925 zh mausym M Ataniyazov 1925 zh mamyr 1927 zh nauryz S Bekbatyrov 1927 zh nauryz 1929 zh sәuir Қazak AKSR Zhogargy Sotynyn toragalary bolyp N Syrgabekov 1929 zh mamyr karasha N Arykova 1929 30 N Zhүnisov 1931 zh shilde 1932 zh shilde Қ Kүletov 1932 zh shilde 1934 zh kantar Sh Bekturganov 1934 zh mamyr 1937 zh zheltoksan Қazak KSR Zhogargy Sotynyn toragalary bolyp Ә Қuskeldiev 1937 zh zheltoksan 1938 zh tamyz P Gromov 1938 zh tamyz 1939 zh sәuir T Қozhabergenov 1939 zh sәuir 1941 zh mamyr M Nurbaev 1941 42 T Әdilbaev 1943 zh sәuir 1945 zh kazan O Adambaev 1946 Ә Biekenov 1946 zh mamyr tamyz Ә Dosanov 1946 zh tamyz 1958 zh tamyz Ә Nuryshev 1958 59 K Sүlejmenov 1958 62 B Zhүsipov 1962 zh mausym 1970 zh kyrkүjek Қ Mynbaev 1970 zh karasha 1981 zh mamyr Ғ Elemisov 1981 zh mausym 1984 zh kantar T Ajtmukambetov 1984 zh nauryz 1993 zh zheltoksan Қazakstan Respublikasy Zhogargy Sotynyn toragalary bolyp M Malahov 1993 zh zheltoksan 1996 zh mausym M Nәrikbaev 1996 zh mausym 2000 zh Қ Mәmi 2000 zhyldan zhumys istedi Derekkozder Oryssha kazaksha zandyk tүsindirme sozdik anyktamalyk Almaty Zheti zhargy baspasy 2008 zhyl ISBN 9965 11 274 6 Қazak ulttyk enciklopediyasyBul zan salasyna arnalgan zhana makalaga bastama Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz