Судья– сот жүйесінде сот органының құрамына сайланған немесе тағайындалған лауазымды адам, сот билігін атқарушы. Оған конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру және өзінің міндеттерін кәсіби негізде атқару құқықтары берілген.Ол өз құзыреті шегінде істі жеке-дара қарайды, соттың отырысын дайындау не оның үкімінің немесе басқа да шешімінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде өкім жасау қызметін атқарады. Қазақстанда барлық Судьялардың мәртебесі бірдей және бір-бірінен тек өкілеттіктерімен ғана ерекшеленеді. Судьяның құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының “Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” заңымен және өзге де заңдармен айқындалады. Оған заңда көзделмеген соттан тыс атқарымдар мен міндеттер жүктелмейді, сондай-ақ ол қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізілмейді. Қызметке конституция мен заңдарға сәйкес сайланады немесе тағайындалады, оның қызметі аталмыш конституц. заңда көзделген негізде және тәртіппен тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады. Судьялар ауыстырылмайды әрі тәуелсіздігі конституциямен және заңмен қорғалады және сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде осы екеуіне ғана бағынады. Оған қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайдан басқа ретте ешкімнің тиіспеуіне, қызметіне ешкімнің араласпауына заң жүзінде кепілдік берілген. Істі Судьялар алқасының құрамында қарайтын Судья істі қарауға байланысты туындайтын барлық мәселелерді шешу кезінде төрағалық етушімен және басқа Судьялармен тең құқықта болады. Судья сот істерін қарау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін, Судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін, еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Судья өзінің жоғары мәртебесіне сәйкес мемлекет есебінен материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамсыздандырылады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sudya sot zhүjesinde sot organynyn kuramyna sajlangan nemese tagajyndalgan lauazymdy adam sot biligin atkarushy Ogan konstituciyalyk tәrtippen sot toreligin zhүzege asyru zhәne ozinin mindetterin kәsibi negizde atkaru kukyktary berilgen Ol oz kuzyreti sheginde isti zheke dara karajdy sottyn otyrysyn dajyndau ne onyn үkiminin nemese baska da sheshiminin oryndaluyn kamtamasyz etu zhoninde okim zhasau kyzmetin atkarady Қazakstanda barlyk Sudyalardyn mәrtebesi birdej zhәne bir birinen tek okilettikterimen gana erekshelenedi Sudyanyn kukyktyk zhagdajy Қazakstan Respublikasynyn Konstituciyasymen Қazakstan Respublikasynyn Sot zhүjesi men sudyalarynyn mәrtebesi turaly zanymen zhәne ozge de zandarmen ajkyndalady Ogan zanda kozdelmegen sottan tys atkarymdar men mindetter zhүktelmejdi sondaj ak ol kylmyska karsy kүres zandylyk pen kukyk tәrtibin saktau mәseleleri zhonindegi memlekettik zhәne kogamdyk kurylymdardyn kuramyna engizilmejdi Қyzmetke konstituciya men zandarga sәjkes sajlanady nemese tagajyndalady onyn kyzmeti atalmysh konstituc zanda kozdelgen negizde zhәne tәrtippen toktatylady nemese toktatyla turady Sudyalar auystyrylmajdy әri tәuelsizdigi konstituciyamen zhәne zanmen korgalady zhәne sot toreligin zhүzege asyruy kezinde osy ekeuine gana bagynady Ogan kylmys үstinde ustalgan nemese auyr kylmys zhasagan zhagdajdan baska rette eshkimnin tiispeuine kyzmetine eshkimnin aralaspauyna zan zhүzinde kepildik berilgen Isti Sudyalar alkasynyn kuramynda karajtyn Sudya isti karauga bajlanysty tuyndajtyn barlyk mәselelerdi sheshu kezinde toragalyk etushimen zhәne baska Sudyalarmen ten kukykta bolady Sudya sot isterin karau kezinde zandylykty buzgany үshin Sudya әdebine kajshy keletin teris kylyk zhasagany үshin enbek tәrtibin oreskel buzgany үshin tәrtiptik zhauapkershilikke tartylady Sudya ozinin zhogary mәrtebesine sәjkes memleket esebinen materialdyk zhәne әleumettik turmystyk zhagynan kamsyzdandyrylady Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tomBul zan salasyna arnalgan zhana makalaga bastama Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet