Есім хан (1565 – 1628) — 1598–1628 жылдары аралығында Қазақ хандығында билік еткен хан. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мәуереннаһрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.
Есім хан | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1598 — 1628 | ||
Ізашары | Тәуекел хан | |
Ізбасары | Жәнібек хан Есімұлы | |
Өмірбаяны | ||
Діні | ислам | |
Дүниеге келуі | 1565 Қазақ хандығы | |
Қайтыс болуы | 1628 Қазақ хандығы | |
Жерленді | Түркістан | |
Туған кездегі есімі | Есім (Ес-Мұхаммед) | |
Әкесі | Шығай хан | |
Анасы | ||
Жұбайы | 1) Ділшаһ ханым 2) Айлин ханым 3) Падишаһ ханым | |
Балалары | ұлдары Қасым сұлтан, Есімұлы Жәнібек хан, Ахмед сұлтан, Салқам Жәңгір хан, Сартақ сұлтан қыздары Райхан ханым, Ай ханым | |
өңдеу |
Қазақта "Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол" деген қанатты сөз ежелден бар. Керей мен Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығы әуелде әлсіз, жаңа-жаңа қаз тұрып келе жатқан-ды. Қазіргі Қазақстанның күншығысында, Жетісуда дулаттар, жалайырлар, албан, суан, наймандар, тағы басқа ру-тайпалар құрған күшті мемлекет Моғолстанға келіп, жер сұраған ақордалық бауырларына Есенбұға хан Шу-Іле тауларының Қозыбасыға дейінгі жерін бөліп берген. Сол заманның көне көзіндей болып, күні бүгінге дейін атын жоғалтпай, Шу бойында Хан тауы, хандар құс салған алыстан мұнартып, қол бұлғап тұрғандай. Қаз-қаз басып, ту көтерген Қазақ хандығы жан-жағына алаңдай қарап, күн көруге мәжбүр болған. Шығысында Ойраттардан, батысында әулеті билеп тұрған Сырдария мен Әмудария арасындағы күшті мемлекет Мәуереннаһрдан, солтүстігінде Сібір хандығынан қауіптенетін Моғолстанға қалқан, қорған тәрізді өмір кешті. Әсіресе, өздеріне кектеніп қалған хан Әбілхайыр әне-міне шабуылға шыға ма деген үрей бар.
Хан болу жолы
Қалайда Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының туын жыққан жоқ, олар дүниеден өткен соң билік Қасым ханның қолына тиді. Ол мұсылман дінінде болғанмен отырықшы елдердегі тәртіп, заңға ұқсамайтын көшпенді халықтың күнделікті тұрмыс- тіршілігіне, салт-санасына, ой-көзқарасына орай жаңа заң-тәртіп орнатты. "" дейтініміз сол. Қасым нұсқаған жолдың негізгі мақсаты — Қазақ мемлекетін күшейту, халқын көбейту, жерін кеңейту- тұғын. Ол бұл жолда күні-түні аттан түскен жоқ, іргедегі мемлекеттердің өзара және ішкі алауыздықтарын, араздықтарын пайдаланып, досынан да, қасынан да одақ таба білді. Соның нәтижесінде Қазақ хандығының жері Сарыарқаны қосқанда сонау Жайық жағасына дейін кеңейген еді. Қасым хан өзінің бақталасы өзбек ханы Мухаммед Шайбаниді тізе бүктіріп, Сыр бойындағы қалалардың басым көпшілігін Қазақ хандығына қаратқан. Оның ақылды, алғыр, батыл қимылдарының сарыны орыстың Ұлы князі де жетіп, дипломатиялық байланыс орнатқан. 1523 жылы Қасым хан өлгеннен кейін оның мұрагерлері арасында таққа, баққа таласу өріс алып, Қазақ хандығы біраз әлсірейді де, Хақназар тұсында (Қасым ханның баласы) қайта өрлейді. 42 жыл бойы тақтан түспеген Хақназар (Ақназар) "қазақтар мен қырғыздардың патшасы" аталған. Сол тұста ыдырай бастаған Ноғай ордасынан қаңлылар, қыпшақтармен бірге Кіші жүз — Алшын одағына енген тайпалар түгелімен Қазақ хандығына келіп қосылғаны мәлім. Тіпті Ноғай ордасының астанасы Сарайшық қаласы да Хақназарға қарағанын айта кету керек. Әйтсе де сырттағы жаудан іштегі жаудың ақыл-айласы артық екені анық. Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын адамдар жіберіп, қапылыста қазақ сұлтаны Жалымды екі баласымен, Хақназарды екі ұлымен қоса өлтіртіп жіберген. Екі жыл өткен соң Баба сұлтанның да басына зауал туып, Түркістан қаласының түбіндегі ашық шайқаста Тәуекел бастаған қазақ қолы Баба сұлтанның әскерін талқандап, өзінің басын алған.
Тәуекелден кейін тарих сахнасына 1598 жылы Есім хан шығады. Ол бұдан бұрын да ағасы Тәуекел ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға катысып, "Еңсегей бойлы Ер Есім" атанған еді. Тәуекел Бұхараны қоршағанда ол 20 мың әскерімен Самарқанды билеп тұрған. Ауыр жарақаттан қайтыс болған ағасының орнына хан сайланған Есім отыз жыл бойы буыны жаңа бекіп келе жатқан Қазақ мемлекетін қорғау, күшейту жолында қанын да, жанын да аяған жоқ. Шығысында қалмақтармен, солтүстік батысында хандығымен үздіксіз шайқасуға тура келген. Көрші жатқан қазақ ауылдарын үнемі талан-таражға салып, ұлдарын құл, қыздарын күң етуге ұмтылған қалмақтардың бетін қайтаруы, кейде тіпті өзі де жорыққа шығып, шекарадан алысқа қуып тастауы түсінікті жағдай, ал өзімен қандас, халқы аралас-қүралас Бұхара хандығымен неге жауласты дейсіз ғой? Бұған бірнеше себеп бар.
Билігі
Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді.Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.
Қазақ-бұхар соғысы
Бұхар ханы Тәуекел ханмен сәтсіз соғыста қолдан шыққан Ташкент, Сайрам, Әндіжан жерлерін қайтарып алуды көздеді. Сонымен қатар қазақтарды Сырдарияның арғы бетіне ығыстырып тастауды мақсат етті. Қазақ хандығының ішкі жағдайын аңдып отырған Бұхар ханы бұрынғы бітім шартын бұзып, Қазақ хандығының жеріне жаңа жорықтар ұйымдастырады. 1603 жылы Айғыржар деген жерде үлкен шайқас болды. Бұл шайқаста Бұхар хандығының әскері ойсырай жеңіліс тауып, тым-тырақай қашты. Бұхар әскерлері Самарқан бекінісіне тығылады. Қазақ хандығының әскерлері жауды талқандап мол олжамен Ташкентке қайтып оралды.
1611 жылы бұхар әскерін Имамқұл хан өзі басқарып, Ташкентке шабуыл жасап, сол қаланың түбінде қазақтың қалын қолын басқарған Есім хан әскерімен соғысады. Бұл шайқаста Бұхар ханы жеңіліс тауып, кері шегінеді. Кейін қайта қол жинап Қаратау, Аспара өңіріне шабуыл жасап, бейғам ауылдар мен қалаларды үлкен шығынға ұшыратты. 1612 жылы Имамқұлидың ұлы Ескендір Ұлы жүз ханы Шах Сәидті өлтіреді, және өзін хан деп жариялайды. Бұған жауап ретінде 1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді. Бұхар хандығының әскерін тас-талқан етіп жеңді.
1620–1621 жылдары болған төртінші, бесінші, алтыншы қазақ — бұхар соғысында Қазақ хандығының әскерін Тұрсын хан бастап шығып, қазақтар толық жеңіске жетті.
1627 жылғы ең соңғы, жетінші қанды шайқасқа Есім хан Қазақ хандығының әскерін өзі бастап келіп, кескілескен шайқаста жеңіске жетті. Сөйтіп оңтүстік шекарасын берік бекітеді. Бұхара ханы Имамқұли жеңілісті мойындайды.
Тапқырлығы
Оның ақылды, алғыр, батыл қимылдарының сарыны орыстың кінәзі де жетіп, дипломатиялық байланыс орнатқан. Қазақ халқы дербес халық ретінде Батыс Еуропаға да әйгілі бола бастаған. Бұл жөнінде Австрия дипломаты жазбаларында бар. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати бұл жайлы: "Қазақ хандығы мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес" — деп жазған.
Тұрсын ханның өлуі
Есім ханның ел ішіндегі беделін, асқан абыройын іштей қызғанып жүретін Тұрсын Бұхара ханының ниетін тез түсініп, Сырдария жағасында екеуі астыртын келіссөз жүргізеді де, Есім ханды жоюдың жоспарын жасайды. Қазақ ханы бұл кезде моңғол билеушілерінің, қырғыз манаптарының өзара қырқысуын тыю үшін шығыс аймақтарда жүрген.Тұрсын ханның түп атасы түсініксіздеу. Толық есімі Тұрсын Мүхаммед- сұлтан. Орыс жазбаларында Шығай ханның ұлы, Есім ханның туысы делінген. "Бахр Ал-аср" атты еңбегінде: "Ол Жалым сұлтанның баласы еді", — дейді. Жалымды екі ұлымен бірге, жоғарыда айтқанымыздай, Ташкент билеушісі Баба сұлтан өлтірген. Бұл зұлым өзінің қайын атасы, қазақтың ұлы ханы Хақназарды да екі ұлымен қоса жансыздары арқылы жайратқанын білеміз. Ал Жалым сұлтан қайдан шықты — ол жағы тағы мәлімсіз. Кейбір зерттеушілер ұлы Қасым ханның баласы болуы мүмкін дегенді айтады. Енді біреулер Шығай ханның әрпағы, яғни Есім ханның туысы етіп көрсетеді.Қалай дегенмен Тұрсын сол тұста Ташкентті билеп, күллі қазаққа хан болуды армандап жүрген. Бірақ жолында Еңсегей бойлы Ер Есім тұр. Тұрсын жалғыз Ташкентте емес, , Түркістан, кейде Сауран, Әндіжан, сияқты үлкенді-кішілі қалаларға да қожалық ететін. Есім ханмен бірігіп соғысқанда өзінен әлденеше рет жеңілген Имамқұли көмектесем деген соң үміт оты жана бастағанды. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, Тұрсын ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді, сонда Есім ханның қасындағы (Марғасқа жырау) жырау оны мынадай жырмен оятады:
Ей, Қатаған хан Тұрсын!
Кім арамды ант ұрсын.
Жазықсыз елді жылатып,
Жер тәңірісің, жатырсың,
Хан емессің қасқырсың,
Қара албасты басқырсың!
Алтын тақта жатсаң да
Қазаң жетті қапылсың!
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есігіңе келіп тұр,
Шашқалы тұр қаныңды,
Кешікпей содан қатарсың!
Есім хан шошып оянған Тұрсын ханның басын алады.
Бұл туралы болашақ және танымал тарихшы былай деп жазады:
"Мен қазақтардың ішіне бардым. (Бұл — 1625 жыл шамасы). Түркістандағы Есім ханның сарайында үш ай тұрдым. Бұл кезде қазақтардың үлкен ханы Тұрсын еді. Ол Түркістанға Ташкенттен келді. Есім хан мені үйде қалдырып, Тұрсынмен кездесуге кетті. Тұрсын ханмен сөйлескен соң Есім мені өзімен бірге алып жүріп, ханға таныстырды да, былай деді: "Мынау Жәдігер ханның ұрпағы — Әбілғазы. Бұған дейін бізге ол әулеттен ешкім қонаққа қелмеп еді, ал біздің кісілер бұларға талай барған. Енді сіздің қасыңызда болғаны жөн деп білемін". "Жарайды, — деді Тұрсын хан, — айтқаның болсын". Ол өзімен бірге мені Ташкентке алып жүрді. Ташкентте, Тұрсын ханның жанында екі жыл болдым. Екі жыл өткен соң Есім Тұрсынды өлтіріп, оның қатағандарын қырып тастады. Сонда мен Есім ханға былай дедім: "Мен сіздер жаққа екі ханнан маған қандай пайда тиер екен деп келіп едім, ал өздеріңдегі жағдай мынау. Енді маған Бұхараға, Имамқұли ханға аттануыма рұқсат етіңіз". "Жарайды, — деп жауап берді Есім хан, — жүре бер". Мен Имамқұли ханға қарай аттанып кеттім".
Тарихи деректер
Қазақ сұлтандарының өзара қырқысы және Тұрсын ханның өлімі жайында Махмуд Уәлидің "Бахр Ал-аср" атты кітабының алтыншы томындағы төртінші бөлімінде мынандай баяндаулар бар: "Сол жылдары, яғни 1036 хижрада (1626–1627 жылдары) Есім сұлтан қалмақ жұртын шаппақ болды. Ол өз туының астына барша алаштан және ұлыстың басқа да бағынышты тайпаларынан, сондай-ақ, сүйеу болған қатағандардан да әскер жинап, Моғолстан шетіндегі қалмақ мекен-жайларына ойран салды. Сол уақытта өзінің негізгі саяси бақталасын құрту кезегін көздеп жүрген Тұрсын сұлтан Түркістан маңайындағы Есім ордасын ойрандап, қалған кісілерін қыру үшін әскер жасақтады. Жасақ жауынгерлері ордаға басып кіріп, талай адамды өлтірді. Есім сұлтанның әйелдері мен балаларын барша жасау-жабдығымен Ташкентке алып кетті. Бұл табысқа масаттанған Тұрсын енді Есім ханның көзін жою қамына кірісті. Мақсаты — күтпеген жерден соқтығып, өзін жол үстінде ұстау. Осындай зұлым оймен ол өз әскерін бастап, Есім сұлтанның алдынан шықты. Екі жақ Сайрам шаһарынан шығысқа қарай, 40 шақырымдай жерде, Сайрамсу өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан қазіргі ОҚО Төлеби ауданы,Кеңесарық ауылы маңында, бетпе-бет келіп, "шайқас отын тұтатты". Тұрсын сұлтанның әскері жеңіліп, Ташкентке қарай шегінді". (Ұзаққа созылған (1613–1628) Есім мен Тұрсын егесіне, Есім жағында Төле бидің атасы дулат Құдайберді мен шапырашты Қарасай батыр қатысқан (Қазыбек бек Тауасарұлы "Түп-тұқияннан өзіме дейін")). Тарихи деректерде Ташкент түбіндегі екінші шайқаста Тұрсынды өзінің жақындары өлтірді делінген. Есім хан Тұрсынның басын кесіп, ханға жібереді. Өзінің бақталасы, опасыз Тұрсынның өлгеніне қуанды ма, өлде Есімханның өзінен қорықты ма — Бұхара ханы оған Ташкентті, Түркістанды, сол маңайдағы қорғаны бар ауыл-мекендерді "сыйлаған".
Тұрсын өлген соң екінші рет ұлы хан болып қайта сайланған Есім сол заманның қатал салты бойынша өзіне қарсы шыққан қатаған тайпасын аямай жазаласа керек. Замандасы жазуына қарағанда, Есім де көп ұзамай, өз ажалынан өледі.
Денесі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңайына жерленген. Кезінде моласының үстіне шағын да болса айрықша кесене орнатылса керек, бүгінде ол жермен-жексен болып жатыр.
Дереккөздер
- Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Esim han 1565 1628 1598 1628 zhyldary aralygynda Қazak handygynda bilik etken han Esim han kazak tarihynda Ensegej bojly er Esim degen atpen әjgili boldy ogan bul atak 1598 zhyly agasy Tәuekel hanmen birge Mәuerennaһrga zhasagan zhorykta erekshe kozge tүskeni үshin berilgen eken Esim han Shygaj hannyn balasy buryn kazak handygynyn Tүrkistan kalasyndagy han ordasynda turgan Esim hanLauazymyҚazak hany1598 1628Izashary Tәuekel hanIzbasary Zhәnibek han EsimulyӨmirbayanyDini islamDүniege kelui 1565 1565 Қazak handygyҚajtys boluy 1628 1628 Қazak handygyZherlendi TүrkistanTugan kezdegi esimi Esim Es Muhammed Әkesi Shygaj hanAnasyZhubajy 1 Dilshaһ hanym 2 Ajlin hanym 3 Padishaһ hanymBalalary uldary Қasym sultan Esimuly Zhәnibek han Ahmed sultan Salkam Zhәngir han Sartak sultan kyzdary Rajhan hanym Aj hanymondeu Қazakta Қasym salgan kaska zhol Esim salgan eski zhol degen kanatty soz ezhelden bar Kerej men Zhәnibek negizin kalagan Қazak handygy әuelde әlsiz zhana zhana kaz turyp kele zhatkan dy Қazirgi Қazakstannyn kүnshygysynda Zhetisuda dulattar zhalajyrlar alban suan najmandar tagy baska ru tajpalar kurgan kүshti memleket Mogolstanga kelip zher suragan akordalyk bauyrlaryna Esenbuga han Shu Ile taularynyn Қozybasyga dejingi zherin bolip bergen Sol zamannyn kone kozindej bolyp kүni bүginge dejin atyn zhogaltpaj Shu bojynda Han tauy handar kus salgan alystan munartyp kol bulgap turgandaj Қaz kaz basyp tu kotergen Қazak handygy zhan zhagyna alandaj karap kүn koruge mәzhbүr bolgan Shygysynda Ojrattardan batysynda әuleti bilep turgan Syrdariya men Әmudariya arasyndagy kүshti memleket Mәuerennaһrdan soltүstiginde Sibir handygynan kauiptenetin Mogolstanga kalkan korgan tәrizdi omir keshti Әsirese ozderine kektenip kalgan han Әbilhajyr әne mine shabuylga shyga ma degen үrej bar Han bolu zholyҚalajda Kerej men Zhәnibek Қazak handygynyn tuyn zhykkan zhok olar dүnieden otken son bilik Қasym hannyn kolyna tidi Ol musylman dininde bolganmen otyrykshy elderdegi tәrtip zanga uksamajtyn koshpendi halyktyn kүndelikti turmys tirshiligine salt sanasyna oj kozkarasyna oraj zhana zan tәrtip ornatty dejtinimiz sol Қasym nuskagan zholdyn negizgi maksaty Қazak memleketin kүshejtu halkyn kobejtu zherin kenejtu tugyn Ol bul zholda kүni tүni attan tүsken zhok irgedegi memleketterdin ozara zhәne ishki alauyzdyktaryn arazdyktaryn pajdalanyp dosynan da kasynan da odak taba bildi Sonyn nәtizhesinde Қazak handygynyn zheri Saryarkany koskanda sonau Zhajyk zhagasyna dejin kenejgen edi Қasym han ozinin baktalasy ozbek hany Muhammed Shajbanidi tize bүktirip Syr bojyndagy kalalardyn basym kopshiligin Қazak handygyna karatkan Onyn akyldy algyr batyl kimyldarynyn saryny orystyn Ұly knyazi de zhetip diplomatiyalyk bajlanys ornatkan 1523 zhyly Қasym han olgennen kejin onyn muragerleri arasynda takka bakka talasu oris alyp Қazak handygy biraz әlsirejdi de Haknazar tusynda Қasym hannyn balasy kajta orlejdi 42 zhyl bojy taktan tүspegen Haknazar Aknazar kazaktar men kyrgyzdardyn patshasy atalgan Sol tusta ydyraj bastagan Nogaj ordasynan kanlylar kypshaktarmen birge Kishi zhүz Alshyn odagyna engen tajpalar tүgelimen Қazak handygyna kelip kosylgany mәlim Tipti Nogaj ordasynyn astanasy Sarajshyk kalasy da Haknazarga karaganyn ajta ketu kerek Әjtse de syrttagy zhaudan ishtegi zhaudyn akyl ajlasy artyk ekeni anyk Tashkent bileushisi Baba sultan astyrtyn adamdar zhiberip kapylysta kazak sultany Zhalymdy eki balasymen Haknazardy eki ulymen kosa oltirtip zhibergen Eki zhyl otken son Baba sultannyn da basyna zaual tuyp Tүrkistan kalasynyn tүbindegi ashyk shajkasta Tәuekel bastagan kazak koly Baba sultannyn әskerin talkandap ozinin basyn algan Tәuekelden kejin tarih sahnasyna 1598 zhyly Esim han shygady Ol budan buryn da agasy Tәuekel hannyn kolbasshysy retinde talaj shajkastarga katysyp Ensegej bojly Er Esim atangan edi Tәuekel Buharany korshaganda ol 20 myn әskerimen Samarkandy bilep turgan Auyr zharakattan kajtys bolgan agasynyn ornyna han sajlangan Esim otyz zhyl bojy buyny zhana bekip kele zhatkan Қazak memleketin korgau kүshejtu zholynda kanyn da zhanyn da ayagan zhok Shygysynda kalmaktarmen soltүstik batysynda handygymen үzdiksiz shajkasuga tura kelgen Korshi zhatkan kazak auyldaryn үnemi talan tarazhga salyp uldaryn kul kyzdaryn kүn etuge umtylgan kalmaktardyn betin kajtaruy kejde tipti ozi de zhorykka shygyp shekaradan alyska kuyp tastauy tүsinikti zhagdaj al ozimen kandas halky aralas kүralas Buhara handygymen nege zhaulasty dejsiz goj Bugan birneshe sebep bar BiligiHan tagyna otyrgan son Buharamen bitim shartyn zhasasyp Orta Aziya kalalarymen bejbit ekonomikalyk bajlanys ornatuga umtyldy Қazak handygyn bir ortalykka bagyngan memleket etip kurudy kozdedi Esim hannyn eski zholy dep atalgan zandy kurastyrdy Esim hannyn kazaktardy bir ortalykka bagyndyru sayasatyna karsy bolgan sultandar kazak handygyn bolshekteuge tyrysty Tashkent kalasy kazak handygyna karagan son ony Zhәnibek hannyn nemeresi Zhalym sultannyn balasy Tursyn Muhammed sultan baskargan edi Ol kop uzamaj tәuelsiz han boluga әreket zhasady Tipti oz atynan aksha soktyryp bazhy zhәne harazh alym salyktaryn zhinady Sonymen kazak handygyn ekige bolip Tүrkistan kalasyn ortalyk etken Esim han Tashkent kalasyn ortalyk etken Tursyn han bilegen edi Bulardyn arasynda sogys kaktygystary boldy Bul eki zhak ujgyr kyrgyz karakalpak bileushilerinen ozderine odaktas zhaktastar izdeuge kiristi Esim han toby karsy bolyp Turpandy bilegen Әbdirahim hanmen odaktasty Al Tursyn Muhammed han zhagy Yarkent bileushisi Shazhajdin Ahmettin zhaktasy boldy Bularmen odaktasyp otyrgan Әbdirahim men Ahmetter de bir birimen zhaulasyp otyrgan bileushiler bolatyn Esim han ozine mykty sүjenish etu үshin Yarkent hany Әbdirahimmen kudandalyk bajlanys ornatty Esim han Әbdirahimnin kyzy Patsha hanymga үjlendi de agasy Kүshik sultannyn kyzyn Әbdirahimge berdi Esim han men Tursyn han arasynda kүres shielenise berdi 1627 zhyly Esim han Tursyn handy oltirip kazak handygyn oz kol astyna biriktirdi Esim hannyn feodaldyk bytyrankylykty zhenip kazak handygyn biriktiru zholyndagy kүresteri kazaktyn Ensegej bojly er Esim atty tarihi zhyryna ozek bolgan Қazak buhar sogysyBuhar hany Tәuekel hanmen sәtsiz sogysta koldan shykkan Tashkent Sajram Әndizhan zherlerin kajtaryp aludy kozdedi Sonymen katar kazaktardy Syrdariyanyn argy betine ygystyryp tastaudy maksat etti Қazak handygynyn ishki zhagdajyn andyp otyrgan Buhar hany buryngy bitim shartyn buzyp Қazak handygynyn zherine zhana zhoryktar ujymdastyrady 1603 zhyly Ajgyrzhar degen zherde үlken shajkas boldy Bul shajkasta Buhar handygynyn әskeri ojsyraj zhenilis tauyp tym tyrakaj kashty Buhar әskerleri Samarkan bekinisine tygylady Қazak handygynyn әskerleri zhaudy talkandap mol olzhamen Tashkentke kajtyp oraldy 1611 zhyly buhar әskerin Imamkul han ozi baskaryp Tashkentke shabuyl zhasap sol kalanyn tүbinde kazaktyn kalyn kolyn baskargan Esim han әskerimen sogysady Bul shajkasta Buhar hany zhenilis tauyp keri sheginedi Kejin kajta kol zhinap Қaratau Aspara onirine shabuyl zhasap bejgam auyldar men kalalardy үlken shygynga ushyratty 1612 zhyly Imamkulidyn uly Eskendir Ұly zhүz hany Shah Sәidti oltiredi zhәne ozin han dep zhariyalajdy Bugan zhauap retinde 1613 zhyly Esim han kalyn kolmen Samarkanga basyp kirdi Buhar handygynyn әskerin tas talkan etip zhendi 1620 1621 zhyldary bolgan tortinshi besinshi altynshy kazak buhar sogysynda Қazak handygynyn әskerin Tursyn han bastap shygyp kazaktar tolyk zheniske zhetti 1627 zhylgy en songy zhetinshi kandy shajkaska Esim han Қazak handygynyn әskerin ozi bastap kelip keskilesken shajkasta zheniske zhetti Sojtip ontүstik shekarasyn berik bekitedi Buhara hany Imamkuli zhenilisti mojyndajdy TapkyrlygyOnyn akyldy algyr batyl kimyldarynyn saryny orystyn kinәzi de zhetip diplomatiyalyk bajlanys ornatkan Қazak halky derbes halyk retinde Batys Europaga da әjgili bola bastagan Bul zhoninde Avstriya diplomaty zhazbalarynda bar Әjgili tarihshy Muhammed Hajdar Dulati bul zhajly Қazak handygy men sultandary arasynda Қasym handaj kudiretti eshkim bolgan emes dep zhazgan Tursyn hannyn oluiEsim hannyn el ishindegi bedelin askan abyrojyn ishtej kyzganyp zhүretin Tursyn Buhara hanynyn nietin tez tүsinip Syrdariya zhagasynda ekeui astyrtyn kelissoz zhүrgizedi de Esim handy zhoyudyn zhosparyn zhasajdy Қazak hany bul kezde mongol bileushilerinin kyrgyz manaptarynyn ozara kyrkysuyn tyyu үshin shygys ajmaktarda zhүrgen Tursyn hannyn tүp atasy tүsiniksizdeu Tolyk esimi Tursyn Mүhammed sultan Orys zhazbalarynda Shygaj hannyn uly Esim hannyn tuysy delingen Bahr Al asr atty enbeginde Ol Zhalym sultannyn balasy edi dejdi Zhalymdy eki ulymen birge zhogaryda ajtkanymyzdaj Tashkent bileushisi Baba sultan oltirgen Bul zulym ozinin kajyn atasy kazaktyn uly hany Haknazardy da eki ulymen kosa zhansyzdary arkyly zhajratkanyn bilemiz Al Zhalym sultan kajdan shykty ol zhagy tagy mәlimsiz Kejbir zertteushiler uly Қasym hannyn balasy boluy mүmkin degendi ajtady Endi bireuler Shygaj hannyn әrpagy yagni Esim hannyn tuysy etip korsetedi Қalaj degenmen Tursyn sol tusta Tashkentti bilep kүlli kazakka han boludy armandap zhүrgen Birak zholynda Ensegej bojly Er Esim tur Tursyn zhalgyz Tashkentte emes Tүrkistan kejde Sauran Әndizhan siyakty үlkendi kishili kalalarga da kozhalyk etetin Esim hanmen birigip sogyskanda ozinen әldeneshe ret zhenilgen Imamkuli komektesem degen son үmit oty zhana bastagandy Esim han Tashkent kalasyna bildirtpej tүnde kirip han sarajynyn kүzetshilerin bajlap tastap Tursyn handy kapersiz ujyktap zhatkanda kapylysta oltiredi sonda Esim hannyn kasyndagy Margaska zhyrau zhyrau ony mynadaj zhyrmen oyatady Ej Қatagan han Tursyn Kim aramdy ant ursyn Zhazyksyz eldi zhylatyp Zher tәnirisin zhatyrsyn Han emessin kaskyrsyn Қara albasty baskyrsyn Altyn takta zhatsan da Қazan zhetti kapylsyn Ensegej bojly er Esim Esigine kelip tur Shashkaly tur kanyndy Keshikpej sodan katarsyn Esim han shoshyp oyangan Tursyn hannyn basyn alady Bul turaly bolashak zhәne tanymal tarihshy bylaj dep zhazady Men kazaktardyn ishine bardym Bul 1625 zhyl shamasy Tүrkistandagy Esim hannyn sarajynda үsh aj turdym Bul kezde kazaktardyn үlken hany Tursyn edi Ol Tүrkistanga Tashkentten keldi Esim han meni үjde kaldyryp Tursynmen kezdesuge ketti Tursyn hanmen sojlesken son Esim meni ozimen birge alyp zhүrip hanga tanystyrdy da bylaj dedi Mynau Zhәdiger hannyn urpagy Әbilgazy Bugan dejin bizge ol әuletten eshkim konakka kelmep edi al bizdin kisiler bularga talaj bargan Endi sizdin kasynyzda bolgany zhon dep bilemin Zharajdy dedi Tursyn han ajtkanyn bolsyn Ol ozimen birge meni Tashkentke alyp zhүrdi Tashkentte Tursyn hannyn zhanynda eki zhyl boldym Eki zhyl otken son Esim Tursyndy oltirip onyn katagandaryn kyryp tastady Sonda men Esim hanga bylaj dedim Men sizder zhakka eki hannan magan kandaj pajda tier eken dep kelip edim al ozderindegi zhagdaj mynau Endi magan Buharaga Imamkuli hanga attanuyma ruksat etiniz Zharajdy dep zhauap berdi Esim han zhүre ber Men Imamkuli hanga karaj attanyp kettim Tarihi derekterҚazak sultandarynyn ozara kyrkysy zhәne Tursyn hannyn olimi zhajynda Mahmud Uәlidin Bahr Al asr atty kitabynyn altynshy tomyndagy tortinshi boliminde mynandaj bayandaular bar Sol zhyldary yagni 1036 hizhrada 1626 1627 zhyldary Esim sultan kalmak zhurtyn shappak boldy Ol oz tuynyn astyna barsha alashtan zhәne ulystyn baska da bagynyshty tajpalarynan sondaj ak sүjeu bolgan katagandardan da әsker zhinap Mogolstan shetindegi kalmak meken zhajlaryna ojran saldy Sol uakytta ozinin negizgi sayasi baktalasyn kurtu kezegin kozdep zhүrgen Tursyn sultan Tүrkistan manajyndagy Esim ordasyn ojrandap kalgan kisilerin kyru үshin әsker zhasaktady Zhasak zhauyngerleri ordaga basyp kirip talaj adamdy oltirdi Esim sultannyn әjelderi men balalaryn barsha zhasau zhabdygymen Tashkentke alyp ketti Bul tabyska masattangan Tursyn endi Esim hannyn kozin zhoyu kamyna kiristi Maksaty kүtpegen zherden soktygyp ozin zhol үstinde ustau Osyndaj zulym ojmen ol oz әskerin bastap Esim sultannyn aldynan shykty Eki zhak Sajram shaһarynan shygyska karaj 40 shakyrymdaj zherde Sajramsu ozeninin zhogargy agysynda ornalaskan kazirgi OҚO Tolebi audany Kenesaryk auyly manynda betpe bet kelip shajkas otyn tutatty Tursyn sultannyn әskeri zhenilip Tashkentke karaj shegindi Ұzakka sozylgan 1613 1628 Esim men Tursyn egesine Esim zhagynda Tole bidin atasy dulat Қudajberdi men shapyrashty Қarasaj batyr katyskan Қazybek bek Tauasaruly Tүp tukiyannan ozime dejin Tarihi derekterde Tashkent tүbindegi ekinshi shajkasta Tursyndy ozinin zhakyndary oltirdi delingen Esim han Tursynnyn basyn kesip hanga zhiberedi Өzinin baktalasy opasyz Tursynnyn olgenine kuandy ma olde Esimhannyn ozinen korykty ma Buhara hany ogan Tashkentti Tүrkistandy sol manajdagy korgany bar auyl mekenderdi syjlagan Tursyn olgen son ekinshi ret uly han bolyp kajta sajlangan Esim sol zamannyn katal salty bojynsha ozine karsy shykkan katagan tajpasyn ayamaj zhazalasa kerek Zamandasy zhazuyna karaganda Esim de kop uzamaj oz azhalynan oledi Denesi Қozha Ahmet Yasaui kesenesinin manajyna zherlengen Kezinde molasynyn үstine shagyn da bolsa ajryksha kesene ornatylsa kerek bүginde ol zhermen zheksen bolyp zhatyr DerekkozderTarihi tulgalar Tanymdyk kopshilik basylym Mektep zhasyndagy okushylar men kopshilikke arnalgan Қurastyrushy Togysbaev B Suzhikova A Almaty Almatykitap baspasy 2009 ISBN 978 601 01 0268 2 Қaragandy Қaragandy oblysy Enciklopediya Almaty Atamura 2006 ISBN 9965 34 515 5 Batys Қazakstan oblysy Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2002 zhyl ISBN 9965 607 02 8