Қызылқоға ауданы — Атырау облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан ауданы. Әкімшілік орталығы — Миялы ауылы.
Қазақстан ауданы | |||
Қызылқоға ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны | 10 | ||
Ауыл саны | 26 | ||
Әкімі | Қанат Әзмұханов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Миялы ауылы, Абай көшесі, №4 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Құрылған уақыты | 1928-1930, 1944 | ||
Жер аумағы | 20,6 мың км² (3-ші орын) | ||
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | ▲ 30 734 адам (2023)(4-ші орын) | ||
Тығыздығы | 1,5 адам/км² | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар 99,88 % | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды | +7 71238 | ||
Пошта индексі | 0605XX | ||
Автомобиль коды | 06 | ||
| |||
|
Жалпы сипаттамасы
Қызылқоға жерін Ойыл және Сағыз өзендері қиып өтеді.Ауданның территориясы 24,9 мың шаршы км. Жер рельефі — тегіс. Қызылқоға ауданы батысында Атырау облысының Индер ауданымен, солтүстігінде Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Қаратөбе аудандарымен, шығысында Ақтөбе облысының Ойыл және Байғанин аудандарымен, оңтүстігінде Атырау облысының Мақат және Жылыой аудандарымен шектеседі.
Қызылқоға ауданының территориясы Шығыс Еуропа жазығының жалғасы, сондықтан да жер бедері негізінен жазық болып келеді. (Аудан территориясы оңтүстікке қарай теңіз деңгейінен төмендей береді). Еуразия материгінің ішкері аймағында орналасқан, яғни Атлант мұхитынан 2500 км қашықтықта жатыр. Сондықтан да аудан табиғаты қатаң континентті. Солтүстік Батысын Орал маңы үстіртінің оңтүстік беткейлері қамтыған. Аудан территориясында Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігі жатыр. Көктем кезінде еріген қар суын жинайтын ойпаңдар, көлшіктер көп, онда әртүрлі өсімдіктер өседі. Каспий маңы ойпатында кең тараған жер бедерінің бір түрі - сорлар. Олардың тереңдігі -10-20 м. Сорлар қар еріген кезде сай-саладан су құйылып, бетіне шығып жатқан тұзды ерітеді. Жаз айларында (маусым, шілде) құрғап, бетінде тұздың жұқа қабыршақтары қалыптасады (Қазанғап, Құлпейіс, Шажабай сорлары). Аудан территориясында құмды шағылдар көп. Тайсойған, Бүйрек құмдары үлкен территорияны алып жатыр. Мұндағы құм теңіздің тартылған орнында пайда болған. Қызылқоға ауданының территориясы - кембрийге дейінгі кезеңнің қатты кристалды жыныстарынан құрылған Шығыс Европа платформасында жатыр. Кристалды жыныстар 7000-8000 м тереңде, палеозой, мезо-кайнозой шөгінділерінің астында қалған. Орогендік қозғалыстардан пайда болған тұз күмбездерінен пермь, юра, бор дәуірінің жыныстары түзілген. Бор дәуірінің жыныстары аудан территориясында біркелкі таралған. Бұлар тұз күмбезі көтерілген аудандарда жер бетіне жақын, кейде шығып жатады. Олар құм, ақтас, мергелден тұрады, кейде қалыңдығы 100 м-ден асады. Аудан территориясы мыңдаған жылдар бойы теңіз түбі болып келген, кейбір жыныстардан теңіз фаунасының қалдығын көруге болады.
Тарихы
Ауданды алғаш құру туралы шешім 1928 ж. наурыздың 27-сінде қабылданған, одан бұрын бұл аудан жеріндегі болыстар Орал, Ақтөбе облыстарының құрамында болған. 1928 жылдың аяғында 663 мүшесі бар мал шаруашылығымен айналысатын 6 ұжымшар ұйымдастырылды. 1930 ж. ауданда 4250 жеке шаруашылық немесе барлық отбасының 54%-ы серіктестіктерге топтастырылды. Осы жылы аудандағы 8013 отбасы 34 ауылдық кеңестер құрамына енді. Бірақ сол жылғы шілденің 23-інде Гурьев облысы таратылғаннан кейін аудан жері Доссор ауданына қосылды. 1944 жылғы сәуір айында ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Гурьев облысының құрамында Қызылқоға ауданы болып қайта құрылды және негізгі жер аумағы Мақат ауданынан бөлінетін 11 ұжымшар есебінен жасақталды. Орал облысының Тайпақ ауданынан 8 ұжымшар қосылып, ауданда барлығы 30 ұжымшар және «Гурьев» асыл тұқымды қой өсіру кеңшары жұмыс істеді. Әуелі аудан орталығы Қызылқоға елді мекенінде болды, кейіннен 1952 жылы Қарабау ауылына, ал 1959 жылы Миялы ауылына көшірілді.
Климаты
Қызылқоға ауданының климаты қатаң континентті, қысы суық, батыстан келетін ауа массасының өсерінен кейде жылылыққа ауысып отырады. Жазы ыстық, құрғақ, әрі ұзақ болады. Күн сәулесі мол түседі. Құрғақшылық жиі болады, қар жамылғысы жұқа мөлшерден жоғары буланады, желдің екпіні қатты, көктемде топырақтың ылғал қоры аз болады. Қызылқоға ауданының территориясы қоңыржай белдеуде жатыр. Күн радиациясының түсу мөлшері қандай ендікте жатқанына, күннің жарықтығы мен ұзақтығына байланысты. Қыста арктикалық ауа массасының әсері зор. Азия антициклоны ішкерілей еніп, ауаның температурасын қатты суытады. Жазда ыстық ауа райын түзеді. Атлант мұхитынан келетін ауа қай мерзімде болсын климатты жылытады, ылғал әкеледі.
Климат, ауа райы жағдайы аймақтың Еуразия құрлығының бел ортасында, мұхит пен теңізден шалғай жатуына тікелей байланысты. Атмосфералық айналым мен алқаптың жер-бедері ауа райын түзуші маңызды жайт болып табылады. Жыл бойы аймақ жеріне ауа ағымының үш негізгі түрі әсер етеді: арктикалық, полярлық (немесе қоңыржай белдеулік) және тропикалық. Аймақ қоңыржай белдеудің оңтүстік бөлігінде жатқандықтан, қоңыржай ендік ауасының әсері басымырақ. Аймақтың ауа райына Атлант пен Солтүстік Мұзды мұхиттар да әсер етеді. Таулы кедергінің жоқтығынан, ауа ағымдары солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа еркін өтеді. Атлант мұхитының теңіздерінен келетін ауа үлкен қашықтықты жүріп өтіп, көп ылғалын жоғалтады. Сөйте тұра, батыстан атмосфералық жауын-шашынның ең негізгі бөлігін әкеліп, қыста температураны жоғарылатады да, жазда төмендетеді. Солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасатын континенттік арктикалық ауаға қыста да, жазда да төмен температура және аз ылғалдылық тән. Осындай ауаның келуіне байланысты антициклондық ашық күндер орнайды. Мұндайда қыста аяз, жазда ыстық болады. Арктиканың континенттік ауа массасы аймаққа жылдың мезгіларалық кезеңінде жиірек өтіп кетуіне байланысты, көктемде кеш (бесқонақ), күзде ерте суық түсулері болып тұрады.
Каспий теңізінің климатқа әсері шектеулі. Оның әсері жағалауға жақын жерлерде ғана байқалады, атап айтсақ, ауаның ылғалдылығы шамалы артып, қыста температурасы жоғарылайды, ал жазда төмендейді, температураның жылдық және тәуліктік амплитудасы кемиді. Осы жайттардың әсерінен тым құрғақ континенттік климат қалыптасады.
Ауданға тән сипаттама:
- жазы өте ыстық, осы ендік бойынша қысы суық;
- жылдық және тәуліктік температураның күрт ауытқуы;
- жауын-шашыны аз және жыл мезгіл бойынша тең таралмаған, ауасы құрғақ; бұлтты аспаннан гөрі, ашық күндері мол.
Осының бәрі аймақтың қиыр солтүстігінде және солтүстік- батысында дала, орталығында шөлейт және оңтүстігінде нағыз шөлдің қалыптасуына әкеліп соқтырады. Аймақта жел қуатының қоры мол, оны халық шаруашылығында пайдалануға болады. Қауіпті жел бұл аймаққа төн құбылыс. Каспий теңізінің жағалауы қатты желімен ерекшеленеді, оның жыл сайынғы орташа жылдамдығы 6-7 м/ сек, бұл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш. Мұнымен қоса, жазда жергілікті жел - бриз (күндіз теңізден құрлыққа қарай, ал түнде керісінше құрлықтан теңізге қарай соғады) байқалады.
Әкімшілік бөлінісі
Аудандағы 26 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Жамбыл ауылдық округі | Қаракөл ауылы | 2 | ▼1514 |
Жангелдин ауылдық округі | Жангелдин ауылы | 1 | ▼1575 |
Көздіқара ауылдық округі | Қоныстану ауылы | 3 | ▼1698 |
Қызылқоға ауылдық округі | Қарабау ауылы | 2 | ▼1346 |
Миялы ауылдық округі | Миялы ауылы | 1 | ▲7569 |
Мұқыр ауылдық округі | Мұқыр ауылы | 7 | ▼4418 |
Ойыл ауылдық округі | Жасқайрат ауылы | 2 | ▼2263 |
Сағыз ауылдық округі | Сағыз ауылы | 4 | ▲7441 |
Тайсойған ауылдық округі | Тайсойған ауылы | 1 | ▲889 |
Тасшағыл ауылдық округі | Тасшағыл ауылы | 3 | ▼1732 |
Ірі елді мекендері
Атауы | Статусы | Халқы (2021) |
---|---|---|
Миялы | ауыл | ▲ 7569 |
Сағыз | ауыл | ▲ 7249 |
Мұқыр | ауыл | ▼ 3335 |
Жасқайрат | ауыл | ▲ 2137 |
Тасшағыл | ауыл | ▼ 1590 |
Жангелдин | ауыл | ▼ 1575 |
Қоныстану | ауыл | ▼ 1511 |
Қаракөл | ауыл | ▼ 1454 |
Қарабау | ауыл | ▼ 1311 |
Тайсойған | ауыл | ▲ 889 |
Аудан әкімдері
- Әлібек Нәутиев 1997-2003
- Жанкелді Рахметқалиев 2003-2009
- Берікқали Сәрсенғалиев 2009-2012
- Сырым Рысқалиев 2012
- Мақсот Мұқанов 2012-2017
- Арман Баженов 2017-2019
- Нұрсұлтан Бисембиев 2019-2022
- Қанат Әзмұханов 2022-
Жер беті сулары
Ауданның солтүстік жағын қамтитын өзен жүйесін Тайсойған мен Бүйрекқұмды солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай қиып өтетін Ойыл (төменгі ағысы) мен оның Көздіқара, Құройыл және Жарыпшыққан (оның тармағы Жаманащы) тармақтары, ал оңтүстік-шығыс жағындағы жүйесін Ноғайты, Топырақшашты, және Мұқыр атты салалары мен Сағыз өзенінің орта ағысы, сондай-ақ Ойыл мен Сағыз өзенінің бойларындағы кішігірім көлдер мен көптеген құдықтар (Аққұдық, Белқұдық, , , т.б.) құрайды.
Халқы
1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2023 |
---|---|---|---|---|---|---|
17123 | ▲24760 | ▲28009 | ▲31161 | ▼30915 | ▼30488 | ▲30734 |
Тұрғыны 31,8 мың адам (2014). Қызылқоға ауданында, негізінен, қазақтар тұрады, халықтың орташа тығызд. 1 км²-ге 1,2 адамнан астам. Халқының басым бөлігі Ойыл және Сағыз өзендеріне жақын елді мекендерге шоғырланған.
Шаруашылығы
Қызылқоға ауданы — ауыл шаруашылықты аудан, ежелден төрт түліктің мекені. Бұл өңірдің жері құнарлы, мал өсіруге өте қолайлы. Қазір ауыл шаруашылығы саласын дамытуға 554 338 гектар жер бөлінген. Ауданда 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 1 өндірістік кооператив, 2 агрофирма, 6 өндірістік кооператив, 296 шаруа қожалығы бар. Қазіргі таңда мүйізді ірі қара – 32256, қой мен ешкі – 142148, жылқы – 16935, түйе 1802-ден астам.Сағыз бен Ойыл өзендерінің бойында, Тайсойған құмындағы бұлақтар басында аздаған суармалы егіншілік бар, мұнда негізінен тары өсіріледі.
Ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 1598. Олардың 74-і – заңды тұлға, 298-і шаруа қожалығы болса, 1226-сы – жеке кәсіпкерлер. Қызылқоға ауданында кен байлықтарынан мұнай, құрылыс материалдары (саз, құмтас) кездеседі.
Пайдалы қазбалары
Қызылқоға ауданының тектоникалық өзгерістерінде жанартау, тау түзілу процестері болмағандықтан пайдалы қазбалар көбіне шөгінді жыныстар мен ежелгі теңіз жануарлары қалдықтарымен байланысты. Аудан территориясында мұнай жөне газ қоры бар екендігі анықталды. Шөгінді жыныстардың астында жатқан қалыңдығы 5000-8000 метрге жететін тұз қабаты мұнай қорын зерттеуге толық мүмкіндік бермей отыр. Тұз қабатының үсті құмды қиыршық тастармен, саз және әктастармен жабылған. Аудан территориясында құрылыс материалдары да кең тараған (қиыршық құм, әктас, саз т.б.). Миялы селосына таяу жердегі Қартаман сорынан тұз алына бастады.
Экологиялық жағдайы
Қызылқоға ауданының 750 мың га жерін Тайсойған деп аталатын полигон алып жатыр. Бұл жер 1952 жылдың сәуір айындағы КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысымен әскери мақсатқа берілді. Полигонды стратегиялық мақсаттағы ракета әскері мен әуе соғысы күштері пайдаланды. Тайсойған полигоны 3 бөлімшеден тұрады. Аймақта 2000 т-дан астам соғыс техникасы қалдықтары шашылып, кейіннен қалпына келтірілді. Аудан аумағының үштен екі бөлігі дерлік полигонда орналасқан. Аудан тұрғындарының денсаулығы аса күрделі жағдайда тұр. Әйелдер анемиясы, аналардың мезгілінен бұрын босануы, сәбилердің дүниеге кеміс болып келуі, жүрек, қантамырлары аурулары, өкпе ауруы, қатерлі ісік аурулары республика бойынша орта деңгейден әлдеқайда асып кеткен. Экологиялық жағынан қолайсыз, қоршаған ортаға зиянды заттар шығару көрсеткіші ауданда өте жоғары. Тайсойған құмдарында орналасқан отарларда мал шығыны көбірек кездесті. Сондай-ақ Қызылқоға өңірінде аса қауіпті жұқпалы ауру - обаның ошақтары бар. Жарылыс болған жер маңайындағы өсімдіктер өзгеріске ұшыраған. Топырақ, ауа, су белгілі бір дөрежеде ластанып бүлінген.
Топырақ жамылғысы
Топырақ, өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі әртүрлі. Олар белгілі географиялық заңдылықтарға бағына таралған. Бұл аймаққа үш ендіктік табиғи өңірлілік тән: далалық, шөлейттік (жартылай шөлдік) және шөлдік. Жеке өңірлік табиғи аралықтар ішінде айтарлықтай өзгерістер болып тұрады. Мұндай аймақтық және жергілікті ерекшеліктер қазіргі ландшафтың қалыптасу тарихына, физикалық-географиялық жағдайға, жер бедеріне, шөгінді жыныстарға және климатқа тікелей байланысты. Топырақ жамылғысы табиғи өңірлерге сәйкес дамыған. Аймақ алқабында қара, каштанды, қоңыр, сұрғылт қоңыр топырақтар басым тараған. Оңтүстіктік гумусы аз қара топырақ құрғақ дала аумағында дамыған, түрлі шөпті-қызылбетегелі өсімдік астында қалыптасқан. Қызылқоға ауданының территориясы шөлейт зонасында жатыр.
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Өсімдік жамылғысы әр алуан. Құмды сор, сортаң топырағында жусан, еркекшөп, ақ селеу, шағыр, бұйырғын, ойпаңдау жерде ақ жусан, бетеге, жыңғыл, жүзгін, теріскен өседі.
Жануарлар дүниесінің өсімдік жамылғысымен және топырақтың белгілі түрлерімен тығыз байланысы олардың географиялық таралу заңдылықтарынан да байқалады. Бұл аймақта сүтқоректілердің 50 түрі, құстардың 200 түрі, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 18 түрі кездеседі. Олардың ішінде сүтқоректілердің 6 түрі, құстардың 29 түрі және бауырымен жорғалаушылардың 1 түрі сирек кездесетіндер мен құрып бара жатқандар қатарында, олар Қазақстан Республикасының “Қызыл кітабына” енгізілген.
Жануарлардың негізгі түрлері ендік бағыттағы өңірлік тәртіппен таралған. Солтүстікте жануарлардың далалық жерге тән түрлері: үлкен көртышқан, борсық, суыр, сарышұнақ, кәдімгі атжалман, дала шақылдағы, ақ қоян, орман қаптесері кезігеді. Шөлейтті өлкелерде дала және шөл өкілдері майлықұйрық, қосаяқ, тышқандар, құлақты кірпі, сары балпақ, соқыртышқан қатар кездеседі.
Жыртқыштардан: сасықкүзен, қасқыр,түлкі, қарсақ кездеседі. Аймақтың құмды жері сүтқоректілер фаунасына бай. Әсіресе кеміргіштер көп: северцов қосаяғы, Құм қоян, эверсман атжалманы, жыртқыштарға тән шағыл мысығы мен сабаншы, тұяқтылардан сайғақтар (киік) мекендейді.
Құстардан: аққу, қоңыр қаз, үйрек түрлері, көкқұтан, аққұтан, тырна, тарғақ, қызғыш, шағала, қара қарға, ала қарға, көкмойын қарға, сауысқан, қарақұс, үкі, жапалақ, байғыз, шіл, көк кептер, қырғи, қараторғай, бозторғайлар, қарлығаш, шымшық, көкек, безгелдек, сұр құр, шөл қарғасы, дала бүркіті, шақылық т.б. мекен етеді.
Балықтардан өзендерде жайын, сазан, табан, шортан, сазан, шортан, жайын, көксерке, қызылқанат, ақбалық, тұқы, табан, алабұға, ақ жолтай т.б. балықтар мол.
Көлік жолдары
Ауданның оңтүстік бөлігінде оны басқа облыстармен және аудандармен байланыстыратын солтүстік-шығыс бағытта Атырау — Қандыағаш — Орск темір жолы мен мұнай құбыры, Атырау — Ақтөбе автомобиль жолы, солтүстік-батыс бағытта Орта Азия — Орск мұнай мен газ құбырлары өтеді. Аудан ішінде автомобиль жолы Сағыз станциясынан аудан орталығы Миялы ауылымен, одан әрі оны Қарабау ауылы арқылы Индербор және Мақат кенттерімен қосады.
Әлеуметтік нысандары
Қызылқоға ауданында байланыс бөлімі, ауыл шаруашылығы құрылыс мекемесі, баспахана, сауда мекемелері, кәсіптік-техникалық мектеп, 13 орта мектеп, 27 денсаулық сақтау мекемелері, 15 мәдениет үйі, 20 кітапхана жұмыс істейді. 1953 жылдан бері "Қызылқоға" газеті шығады. Қазір аудан тұрғындарына 176 сауда нысаны, 1 базар, 50 қоғамдық тамақтандыру, 95 халыққа қызмет көрсету орны және 32 өндіріс нүктесі қызмет көрсетуде. 35 кітапхана (300 мың кітап қоры бар), 2550 орындық мәдениет үйлері мен клубтар, 20 автоклуб және ұлт-аспаптар оркестрі жұмыс істейді.
Білім беру ісі
Қазақ даласында білім беру ісі патшалы Ресейден бұрын-ақ қолға алынған болатын. Дегенмен, жер-жерлерде хат танытатын “Қызыл үйлер” ұйымдастырылып халықты жаппай сауаттандыру жүйелі жүргізіле бастаған тұс- осы кезеңге тура келеді. Қызылқоға өңірінде алғашқы мектептің іргетасы 1891 жылы қаланған. Содан бергі Қазан төңкерісіне дейінгі уақытта Қарабаудың “Қызыл үй” мектебі, “Кермеқас”, “Қаракөл” мектептері өмірге келді. Осы мектептердің ашылуына сол кездегі көзі ашық, көңілі ояу қазақ азаматтары мұрындық болды. Мәселен, Тайсойғандағы “Төте оқу” мектебін Аяпберген Науанов ұйымдастырса, Каракөлдегі мектеп халқымыздың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің бастамасымен ашылды. Кеңестік қызыл империя тұсында халқымыздың, Қазан төңкерісіне дейін “қараңғы”, сауатсыз саналып келгені белгілі. Ал, шын мәнісінде кеңес өкіметіне дейін де ата-бабаларымыз мектептер ашып, ұрпақтарының білім алуына, сауатты болуына үлкен мән берген. Оның айқын дәлелін аудандағы көптеген білім орындарының арғы-бергі тарихынан анық байқауға болады.
Қазіргі уақытта аудан көлемінде 9 мың бала оқитын 11 орта, 1 сегізжылдық, 2 бастауыш мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 2 музыка, 1 спорт мектебі, 13 балабақша жұмыс істейді. Мұнда 600-ден астам мұғалім, оның ішінде 500 жоғары білімді мұғалімдер еңбек етеді. Мектеп жанындағы интернаттарда 1200, балабақшасында 1000-ға жуық бала тәрбиеленуде. Мектептердің материалдық оқу базасы жылдан-жылға жақсаруда. 10 орта мектеп, 9 балабақша үйі және кәсіптік-техникалық мектеп комплексі типтік жобамен салынған.
Денсаулық сақтау
Ауданда ең бірінші учаскелік аурухана 1940 жылы “Комсомол” совхозының орталығы Қоныстану ауылында ашылды, бұл аурухана Қаракөл учаскелік ауруханасы деп аталып, күні бүгінге дейін халыққа қызмет көрсетіп келеді. Бұл ауруханада арнаулы орта білімді фельдшер Қайыр Сегізбаев, Қоңыр Таңкиев, Айтқали Кәдірғалиев ұзақ жылдар қызмет жасады.
1944-46 жылдары Қоңыр Таңкиев Ойыл ауданында, Айтқали Кәдірғалиев Қызылқоға ауданында аудандық денсаулық сақтау бөлімінде меңгеруші қызметтерін атқарды. Халық денсаулығын қорғаудағы жемісті еңбегі үшін ауыл фельдшері Қоңыр Таңкиев 1960 жылы Ленин орденімен марапатталды. Ауданда 1946-1950 жылдары Ресей облыстарынан келген жоғары білімді дөрігерлер Платонова, Мельникова, Иванова, Клещарь, Власова, арнаулы орта білімді Порт, Пономоренко халыққа дәрігерлік қызмет көрсетті. 1952 жылы ауданға жергілікті дәрігер жоғары білімді терапевт Оспан Сүлейменов келді. 1957 жылы медицина институтын бітіріп келген аудан азаматтары Тайпақ Қарабалин, Бақыт Көбенов, Отарбай Тұрашев жұмысқа кірісті. Халыққа дөрігерлік қызмет көрсетудегі жемісті еңбегі үшін Бақыт Көбеновке “Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген дөрігер” атағы беріліп, "Еңбек Қызыл Ту" орденінің иегері атанды. Тайпақ Қарабалин “Октябрь революциясы” және “Еңбек Қызыл Ту” орденімен, Мүслима Үмбетова “Халықтар достығы” орденімен марапатталды, Зауза Даулетиярова “Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген дәрігер” құрметті атағы берілді.
Ауданда 345 төсектік 8 аурухана, 10 амбулатория, 21 фельдшерлік-акушерлік пункт, 1 санэпидемстанция жұмыс жасайды, оларда 60-қа жуық жоғары білімді дәрігер, 300-дей орта медицина қызметкерлері бар.
Аудан мәдениеті
1959 жылға дейін Қызылқоға аудандық мәдени-ағарту бөлімі болып аталды. Бөлім меңгерушісі ретінде 1953 жылға дейін Жамал Қазбаева қызмет істеп келді. Бөлім 1959 жылға дейін Қарабау ауылында орын теуіп, 1959 жылдан бастап Миялы ауылына көшірілді. 1946 жылдан бері мәдениет бөлімін Шәкір Нәсіпқалиев, Ақсәнім Құттыбаева, Леп Оразов, Бейбітәлі Құлсейітов, Нәби Шәуткенов, Тасболат Таласбаев, Оңдасын Ағырапов, Қармыс Өтеулиев, Аманқос Сабыров, Ұлықпан Алпанов, 1993 жылдан бері Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Жәния Қалиқызы Ізбасқан басқарып келеді.
Аудандық мәдениет бөліміне қарасты 51 мекеме бар, онда 25 кітапхана, 7 мәдениет үйі, 14 селолық клуб, 2 жылжымалы клуб, 1 халық театры, 1 кинотеатр, 1 мұражай, 1 халық ұлт-аспаптар оркестрі бар, онда барлығы 188 қызметкер жұмыс жасайды. Ауданда 178,0 мың кітап қоры жинақталған.
Жергілікті сазгер Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Жәкула Нұрғалиевтің 15 әні, сазгерлер Халидолла Ізекеновтың, Сүйінғали Өтеуовтің, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Сейсенбек Есенғалиевтың, күйшілер Нәсіпқали Мәулекенов пен Әлдеш Жәлекеевтің, Сұлтан Қарасаевтың, Тілеужан Әбішевтың, Мағзуғаш Меңдіғаринаның, Жолдасқали Қосыбековтың, Жәрдемғали Озғанбаевтың, әншілер Ғалия Ықыласованың, Оңдасын Ағыраповтың, Гүлсағима Дүйсенғалиеваның, Беркін Шегеевтің, Бақтыбай Садықовтың, Шайым Ізмұқановтың, Түгелбай Хамзиннің, Тыныштық Шабаевтың, Мұрат Бекешовтың, Мария Ревкованың, Ғайнолла Асанбаевтың, Хасан Төралиевтың, Ұлдаш Құлшықованың, Беркін Хасановтың, Күләш Әбдіғалиеваның, биші Күнжан Ахметованың есімдері көпке танымал. Олар өнер фестивальдерінде лауреат атанды.
Аудандағы халық театры қазақ драматургтерінің бірнеше қойылымдарын қойып, атап айтқанда: А.Шамкеновтың “Табамын ені”, Т.Ахтановтың “Күтпеген кездесу”, “Алтын табақтағы жылан”, О.Бодықовтың “Қанжар мен домбыра”, “Ойбай күйеу керек”, К.Мұхамеджановтың “Қуырдақ дайын”, “Құдағи келіпті”, “Төрт бойдақ бір қыз”, “Дөкей келе жатыр”, Б.Жөкеевтің “Әке тағдыры” тәрізді т.б. қойылымдарды халыққа ұсынып, “халық” театры атағын бірнеше рет қорғап шықты.
Аудан орталығы “Арман” мәдениет үйі жанынан 40 адамдық ұлт-аспаптар оркестрі құрылды, бұл оркестр “халық ұлт аспаптар оркестрі” деген атағын қорғады. Аудан орталығы “Арман” мәдениет үйі жанынан 1994 ж. “Тамаша-Думан” ойын-сауық отауы құрылды. Бұл топ мүшелерінің өнері жоғары бағаланып, облыстық мөдениет басқармасының маршруты беріліп, облыстың барлық аудандарына Мақат, Индер, Исатай, Жылой, Құрманғазы, бұрынғы Балықшы ауданының қарамағындағы барлық ауылдарға және Атырау қаласына өнер көрсетіп халықтың қошеметіне бөленді.
Жергілікті сазгер Әбдіғаппар Темірхановтың басшылығымен “Наурыз” тобының “Сағызым-сазым” атты үнтаспалары шықты. Аудандық мәдениет бөлімінің халыққа мәдени қызмет көрсетудегі жұмысы облыстық мәдениет басқармасы бойынша жоғары бағаланып келеді.
Дереккөздер
- https://stat.gov.kz/region/252311/statistical_information/industry/2361
- Қызылқоға ауданы бойынша 2022 - 2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Атамекен Географиялық энцикопедия. Алматы 2011
- Қызылқоға - құт мекен. Алматы: «Өлке» баспасы, 2005 ж. ISBN 9965-599-97-1
- Атырау газеті.Atr.kz/15 қараша, 2019 жыл
- Атырау энциклопедия. Алматы 2000
Сыртқы сілтемелер
- Атырау облысының электронды әкімдігі(қолжетпейтін сілтеме)
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қyzylkoga audany Atyrau oblysynyn soltүstik shygys boliginde ornalaskan audany Әkimshilik ortalygy Miyaly auyly Қazakstan audanyҚyzylkoga audanyEltanbasyӘkimshiligiOblysyAtyrau oblysyAudan ortalygyMiyalyAuyldyk okrugter sany10Auyl sany26ӘkimiҚanat ӘzmuhanovAudan әkimdiginin mekenzhajyMiyaly auyly Abaj koshesi 4Tarihy men geografiyasyҚurylgan uakyty1928 1930 1944Zher aumagy20 6 myn km 3 shi oryn Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny 30 734 adam 2023 4 shi oryn Tygyzdygy1 5 adam km Ұlttyk kuramykazaktar 99 88 orystar 0 03 baskalary 0 09 Sandyk identifikatorlaryTelefon kody 7 71238Poshta indeksi0605XXAvtomobil kody06Zhalpy sipattamasyҚyzylkoga zherin Ojyl zhәne Sagyz ozenderi kiyp otedi Audannyn territoriyasy 24 9 myn sharshy km Zher relefi tegis Қyzylkoga audany batysynda Atyrau oblysynyn Inder audanymen soltүstiginde Batys Қazakstan oblysynyn Akzhajyk zhәne Қaratobe audandarymen shygysynda Aktobe oblysynyn Ojyl zhәne Bajganin audandarymen ontүstiginde Atyrau oblysynyn Makat zhәne Zhylyoj audandarymen shektesedi Қyzylkoga audanynyn territoriyasy Shygys Europa zhazygynyn zhalgasy sondyktan da zher bederi negizinen zhazyk bolyp keledi Audan territoriyasy ontүstikke karaj teniz dengejinen tomendej beredi Euraziya materiginin ishkeri ajmagynda ornalaskan yagni Atlant muhitynan 2500 km kashyktykta zhatyr Sondyktan da audan tabigaty katan kontinentti Soltүstik Batysyn Oral many үstirtinin ontүstik betkejleri kamtygan Audan territoriyasynda Kaspij many ojpatynyn soltүstik boligi zhatyr Koktem kezinde erigen kar suyn zhinajtyn ojpandar kolshikter kop onda әrtүrli osimdikter osedi Kaspij many ojpatynda ken taragan zher bederinin bir tүri sorlar Olardyn terendigi 10 20 m Sorlar kar erigen kezde saj saladan su kujylyp betine shygyp zhatkan tuzdy eritedi Zhaz ajlarynda mausym shilde kurgap betinde tuzdyn zhuka kabyrshaktary kalyptasady Қazangap Қulpejis Shazhabaj sorlary Audan territoriyasynda kumdy shagyldar kop Tajsojgan Bүjrek kumdary үlken territoriyany alyp zhatyr Mundagy kum tenizdin tartylgan ornynda pajda bolgan Қyzylkoga audanynyn territoriyasy kembrijge dejingi kezennin katty kristaldy zhynystarynan kurylgan Shygys Evropa platformasynda zhatyr Kristaldy zhynystar 7000 8000 m terende paleozoj mezo kajnozoj shogindilerinin astynda kalgan Orogendik kozgalystardan pajda bolgan tuz kүmbezderinen perm yura bor dәuirinin zhynystary tүzilgen Bor dәuirinin zhynystary audan territoriyasynda birkelki taralgan Bular tuz kүmbezi koterilgen audandarda zher betine zhakyn kejde shygyp zhatady Olar kum aktas mergelden turady kejde kalyndygy 100 m den asady Audan territoriyasy myndagan zhyldar bojy teniz tүbi bolyp kelgen kejbir zhynystardan teniz faunasynyn kaldygyn koruge bolady TarihyAudandy algash kuru turaly sheshim 1928 zh nauryzdyn 27 sinde kabyldangan odan buryn bul audan zherindegi bolystar Oral Aktobe oblystarynyn kuramynda bolgan 1928 zhyldyn ayagynda 663 mүshesi bar mal sharuashylygymen ajnalysatyn 6 uzhymshar ujymdastyryldy 1930 zh audanda 4250 zheke sharuashylyk nemese barlyk otbasynyn 54 y seriktestikterge toptastyryldy Osy zhyly audandagy 8013 otbasy 34 auyldyk kenester kuramyna endi Birak sol zhylgy shildenin 23 inde Gurev oblysy taratylgannan kejin audan zheri Dossor audanyna kosyldy 1944 zhylgy sәuir ajynda ҚazKSR Zhogargy Kenesinin zharlygymen Gurev oblysynyn kuramynda Қyzylkoga audany bolyp kajta kuryldy zhәne negizgi zher aumagy Makat audanynan bolinetin 11 uzhymshar esebinen zhasaktaldy Oral oblysynyn Tajpak audanynan 8 uzhymshar kosylyp audanda barlygy 30 uzhymshar zhәne Gurev asyl tukymdy koj osiru kenshary zhumys istedi Әueli audan ortalygy Қyzylkoga eldi mekeninde boldy kejinnen 1952 zhyly Қarabau auylyna al 1959 zhyly Miyaly auylyna koshirildi KlimatyҚyzylkoga audanynyn klimaty katan kontinentti kysy suyk batystan keletin aua massasynyn oserinen kejde zhylylykka auysyp otyrady Zhazy ystyk kurgak әri uzak bolady Kүn sәulesi mol tүsedi Қurgakshylyk zhii bolady kar zhamylgysy zhuka molsherden zhogary bulanady zheldin ekpini katty koktemde topyraktyn ylgal kory az bolady Қyzylkoga audanynyn territoriyasy konyrzhaj beldeude zhatyr Kүn radiaciyasynyn tүsu molsheri kandaj endikte zhatkanyna kүnnin zharyktygy men uzaktygyna bajlanysty Қysta arktikalyk aua massasynyn әseri zor Aziya anticiklony ishkerilej enip auanyn temperaturasyn katty suytady Zhazda ystyk aua rajyn tүzedi Atlant muhitynan keletin aua kaj merzimde bolsyn klimatty zhylytady ylgal әkeledi Klimat aua rajy zhagdajy ajmaktyn Euraziya kurlygynyn bel ortasynda muhit pen tenizden shalgaj zhatuyna tikelej bajlanysty Atmosferalyk ajnalym men alkaptyn zher bederi aua rajyn tүzushi manyzdy zhajt bolyp tabylady Zhyl bojy ajmak zherine aua agymynyn үsh negizgi tүri әser etedi arktikalyk polyarlyk nemese konyrzhaj beldeulik zhәne tropikalyk Ajmak konyrzhaj beldeudin ontүstik boliginde zhatkandyktan konyrzhaj endik auasynyn әseri basymyrak Ajmaktyn aua rajyna Atlant pen Soltүstik Muzdy muhittar da әser etedi Tauly kederginin zhoktygynan aua agymdary soltүstikten ontүstikke zhәne batystan shygyska erkin otedi Atlant muhitynyn tenizderinen keletin aua үlken kashyktykty zhүrip otip kop ylgalyn zhogaltady Sojte tura batystan atmosferalyk zhauyn shashynnyn en negizgi boligin әkelip kysta temperaturany zhogarylatady da zhazda tomendetedi Soltүstik Muzdy muhit үstinde kalyptasatyn kontinenttik arktikalyk auaga kysta da zhazda da tomen temperatura zhәne az ylgaldylyk tәn Osyndaj auanyn keluine bajlanysty anticiklondyk ashyk kүnder ornajdy Mundajda kysta ayaz zhazda ystyk bolady Arktikanyn kontinenttik aua massasy ajmakka zhyldyn mezgilaralyk kezeninde zhiirek otip ketuine bajlanysty koktemde kesh beskonak kүzde erte suyk tүsuleri bolyp turady Kaspij tenizinin klimatka әseri shekteuli Onyn әseri zhagalauga zhakyn zherlerde gana bajkalady atap ajtsak auanyn ylgaldylygy shamaly artyp kysta temperaturasy zhogarylajdy al zhazda tomendejdi temperaturanyn zhyldyk zhәne tәuliktik amplitudasy kemidi Osy zhajttardyn әserinen tym kurgak kontinenttik klimat kalyptasady Audanga tәn sipattama zhazy ote ystyk osy endik bojynsha kysy suyk zhyldyk zhәne tәuliktik temperaturanyn kүrt auytkuy zhauyn shashyny az zhәne zhyl mezgil bojynsha ten taralmagan auasy kurgak bultty aspannan gori ashyk kүnderi mol Osynyn bәri ajmaktyn kiyr soltүstiginde zhәne soltүstik batysynda dala ortalygynda sholejt zhәne ontүstiginde nagyz sholdin kalyptasuyna әkelip soktyrady Ajmakta zhel kuatynyn kory mol ony halyk sharuashylygynda pajdalanuga bolady Қauipti zhel bul ajmakka ton kubylys Kaspij tenizinin zhagalauy katty zhelimen erekshelenedi onyn zhyl sajyngy ortasha zhyldamdygy 6 7 m sek bul Қazakstan bojynsha en zhogary korsetkish Munymen kosa zhazda zhergilikti zhel briz kүndiz tenizden kurlykka karaj al tүnde kerisinshe kurlyktan tenizge karaj sogady bajkalady Әkimshilik bolinisiAudandagy 26 eldi meken 10 auyldyk okrugke biriktirilgen Әkimshilik birlik Ortalygy Eldi mekenderi Halky 2021 Zhambyl auyldyk okrugi Қarakol auyly 2 1514Zhangeldin auyldyk okrugi Zhangeldin auyly 1 1575Kozdikara auyldyk okrugi Қonystanu auyly 3 1698Қyzylkoga auyldyk okrugi Қarabau auyly 2 1346Miyaly auyldyk okrugi Miyaly auyly 1 7569Mukyr auyldyk okrugi Mukyr auyly 7 4418Ojyl auyldyk okrugi Zhaskajrat auyly 2 2263Sagyz auyldyk okrugi Sagyz auyly 4 7441Tajsojgan auyldyk okrugi Tajsojgan auyly 1 889Tasshagyl auyldyk okrugi Tasshagyl auyly 3 1732Iri eldi mekenderiAtauy Statusy Halky 2021 Miyaly auyl 7569Sagyz auyl 7249Mukyr auyl 3335Zhaskajrat auyl 2137Tasshagyl auyl 1590Zhangeldin auyl 1575Қonystanu auyl 1511Қarakol auyl 1454Қarabau auyl 1311Tajsojgan auyl 889Audan әkimderiӘlibek Nәutiev 1997 2003 Zhankeldi Rahmetkaliev 2003 2009 Berikkali Sәrsengaliev 2009 2012 Syrym Ryskaliev 2012 Maksot Mukanov 2012 2017 Arman Bazhenov 2017 2019 Nursultan Bisembiev 2019 2022 Қanat Әzmuhanov 2022 Zher beti sularyOjyl ozeni Audannyn soltүstik zhagyn kamtityn ozen zhүjesin Tajsojgan men Bүjrekkumdy soltүstik shygystan ontүstik batyska karaj kiyp otetin Ojyl tomengi agysy men onyn Kozdikara Қurojyl zhәne Zharypshykkan onyn tarmagy Zhamanashy tarmaktary al ontүstik shygys zhagyndagy zhүjesin Nogajty Topyrakshashty zhәne Mukyr atty salalary men Sagyz ozeninin orta agysy sondaj ak Ojyl men Sagyz ozeninin bojlaryndagy kishigirim kolder men koptegen kudyktar Akkudyk Belkudyk t b kurajdy Halky1959 1970 1979 1989 1999 2009 202317123 24760 28009 31161 30915 30488 30734 Turgyny 31 8 myn adam 2014 Қyzylkoga audanynda negizinen kazaktar turady halyktyn ortasha tygyzd 1 km ge 1 2 adamnan astam Halkynyn basym boligi Ojyl zhәne Sagyz ozenderine zhakyn eldi mekenderge shogyrlangan SharuashylygyҚyzylkoga audany auyl sharuashylykty audan ezhelden tort tүliktin mekeni Bul onirdin zheri kunarly mal osiruge ote kolajly Қazir auyl sharuashylygy salasyn damytuga 554 338 gektar zher bolingen Audanda 7 zhauapkershiligi shekteuli seriktestik 1 ondiristik kooperativ 2 agrofirma 6 ondiristik kooperativ 296 sharua kozhalygy bar Қazirgi tanda mүjizdi iri kara 32256 koj men eshki 142148 zhylky 16935 tүje 1802 den astam Sagyz ben Ojyl ozenderinin bojynda Tajsojgan kumyndagy bulaktar basynda azdagan suarmaly eginshilik bar munda negizinen tary osiriledi Audanda tirkelgen shagyn zhәne orta kәsipkerlik subektileri 1598 Olardyn 74 i zandy tulga 298 i sharua kozhalygy bolsa 1226 sy zheke kәsipkerler Қyzylkoga audanynda ken bajlyktarynan munaj kurylys materialdary saz kumtas kezdesedi Pajdaly kazbalaryҚyzylkoga audanynyn tektonikalyk ozgeristerinde zhanartau tau tүzilu procesteri bolmagandyktan pajdaly kazbalar kobine shogindi zhynystar men ezhelgi teniz zhanuarlary kaldyktarymen bajlanysty Audan territoriyasynda munaj zhone gaz kory bar ekendigi anyktaldy Shogindi zhynystardyn astynda zhatkan kalyndygy 5000 8000 metrge zhetetin tuz kabaty munaj koryn zertteuge tolyk mүmkindik bermej otyr Tuz kabatynyn үsti kumdy kiyrshyk tastarmen saz zhәne әktastarmen zhabylgan Audan territoriyasynda kurylys materialdary da ken taragan kiyrshyk kum әktas saz t b Miyaly selosyna tayau zherdegi Қartaman sorynan tuz alyna bastady Ekologiyalyk zhagdajyҚyzylkoga audanynyn 750 myn ga zherin Tajsojgan dep atalatyn poligon alyp zhatyr Bul zher 1952 zhyldyn sәuir ajyndagy KSRO Ministrler Kenesinin Қaulysymen әskeri maksatka berildi Poligondy strategiyalyk maksattagy raketa әskeri men әue sogysy kүshteri pajdalandy Tajsojgan poligony 3 bolimsheden turady Ajmakta 2000 t dan astam sogys tehnikasy kaldyktary shashylyp kejinnen kalpyna keltirildi Audan aumagynyn үshten eki boligi derlik poligonda ornalaskan Audan turgyndarynyn densaulygy asa kүrdeli zhagdajda tur Әjelder anemiyasy analardyn mezgilinen buryn bosanuy sәbilerdin dүniege kemis bolyp kelui zhүrek kantamyrlary aurulary okpe auruy katerli isik aurulary respublika bojynsha orta dengejden әldekajda asyp ketken Ekologiyalyk zhagynan kolajsyz korshagan ortaga ziyandy zattar shygaru korsetkishi audanda ote zhogary Tajsojgan kumdarynda ornalaskan otarlarda mal shygyny kobirek kezdesti Sondaj ak Қyzylkoga onirinde asa kauipti zhukpaly auru obanyn oshaktary bar Zharylys bolgan zher manajyndagy osimdikter ozgeriske ushyragan Topyrak aua su belgili bir dorezhede lastanyp bүlingen Topyrak zhamylgysyTopyrak osimdik zhamylgysy zhәne zhanuarlar dүniesi әrtүrli Olar belgili geografiyalyk zandylyktarga bagyna taralgan Bul ajmakka үsh endiktik tabigi onirlilik tәn dalalyk sholejttik zhartylaj sholdik zhәne sholdik Zheke onirlik tabigi aralyktar ishinde ajtarlyktaj ozgerister bolyp turady Mundaj ajmaktyk zhәne zhergilikti erekshelikter kazirgi landshaftyn kalyptasu tarihyna fizikalyk geografiyalyk zhagdajga zher bederine shogindi zhynystarga zhәne klimatka tikelej bajlanysty Topyrak zhamylgysy tabigi onirlerge sәjkes damygan Ajmak alkabynda kara kashtandy konyr surgylt konyr topyraktar basym taragan Ontүstiktik gumusy az kara topyrak kurgak dala aumagynda damygan tүrli shopti kyzylbetegeli osimdik astynda kalyptaskan Қyzylkoga audanynyn territoriyasy sholejt zonasynda zhatyr Өsimdigi men zhanuarlar dүniesiӨsimdik zhamylgysy әr aluan Қumdy sor sortan topyragynda zhusan erkekshop ak seleu shagyr bujyrgyn ojpandau zherde ak zhusan betege zhyngyl zhүzgin terisken osedi Zhanuarlar dүniesinin osimdik zhamylgysymen zhәne topyraktyn belgili tүrlerimen tygyz bajlanysy olardyn geografiyalyk taralu zandylyktarynan da bajkalady Bul ajmakta sүtkorektilerdin 50 tүri kustardyn 200 tүri kosmekendiler men bauyrymen zhorgalaushylardyn 18 tүri kezdesedi Olardyn ishinde sүtkorektilerdin 6 tүri kustardyn 29 tүri zhәne bauyrymen zhorgalaushylardyn 1 tүri sirek kezdesetinder men kuryp bara zhatkandar katarynda olar Қazakstan Respublikasynyn Қyzyl kitabyna engizilgen Zhanuarlardyn negizgi tүrleri endik bagyttagy onirlik tәrtippen taralgan Soltүstikte zhanuarlardyn dalalyk zherge tәn tүrleri үlken kortyshkan borsyk suyr saryshunak kәdimgi atzhalman dala shakyldagy ak koyan orman kapteseri kezigedi Sholejtti olkelerde dala zhәne shol okilderi majlykujryk kosayak tyshkandar kulakty kirpi sary balpak sokyrtyshkan katar kezdesedi Zhyrtkyshtardan sasykkүzen kaskyr tүlki karsak kezdesedi Ajmaktyn kumdy zheri sүtkorektiler faunasyna baj Әsirese kemirgishter kop severcov kosayagy Қum koyan eversman atzhalmany zhyrtkyshtarga tәn shagyl mysygy men sabanshy tuyaktylardan sajgaktar kiik mekendejdi Қustardan akku konyr kaz үjrek tүrleri kokkutan akkutan tyrna targak kyzgysh shagala kara karga ala karga kokmojyn karga sauyskan karakus үki zhapalak bajgyz shil kok kepter kyrgi karatorgaj boztorgajlar karlygash shymshyk kokek bezgeldek sur kur shol kargasy dala bүrkiti shakylyk t b meken etedi Balyktardan ozenderde zhajyn sazan taban shortan sazan shortan zhajyn kokserke kyzylkanat akbalyk tuky taban alabuga ak zholtaj t b balyktar mol Kolik zholdaryAudannyn ontүstik boliginde ony baska oblystarmen zhәne audandarmen bajlanystyratyn soltүstik shygys bagytta Atyrau Қandyagash Orsk temir zholy men munaj kubyry Atyrau Aktobe avtomobil zholy soltүstik batys bagytta Orta Aziya Orsk munaj men gaz kubyrlary otedi Audan ishinde avtomobil zholy Sagyz stanciyasynan audan ortalygy Miyaly auylymen odan әri ony Қarabau auyly arkyly Inderbor zhәne Makat kentterimen kosady Әleumettik nysandaryҚyzylkoga audanynda bajlanys bolimi auyl sharuashylygy kurylys mekemesi baspahana sauda mekemeleri kәsiptik tehnikalyk mektep 13 orta mektep 27 densaulyk saktau mekemeleri 15 mәdeniet үji 20 kitaphana zhumys istejdi 1953 zhyldan beri Қyzylkoga gazeti shygady Қazir audan turgyndaryna 176 sauda nysany 1 bazar 50 kogamdyk tamaktandyru 95 halykka kyzmet korsetu orny zhәne 32 ondiris nүktesi kyzmet korsetude 35 kitaphana 300 myn kitap kory bar 2550 oryndyk mәdeniet үjleri men klubtar 20 avtoklub zhәne ult aspaptar orkestri zhumys istejdi Bilim beru isiMukyr orta mektebi Қazak dalasynda bilim beru isi patshaly Resejden buryn ak kolga alyngan bolatyn Degenmen zher zherlerde hat tanytatyn Қyzyl үjler ujymdastyrylyp halykty zhappaj sauattandyru zhүjeli zhүrgizile bastagan tus osy kezenge tura keledi Қyzylkoga onirinde algashky mekteptin irgetasy 1891 zhyly kalangan Sodan bergi Қazan tonkerisine dejingi uakytta Қarabaudyn Қyzyl үj mektebi Kermekas Қarakol mektepteri omirge keldi Osy mektepterdin ashyluyna sol kezdegi kozi ashyk konili oyau kazak azamattary muryndyk boldy Mәselen Tajsojgandagy Tote oku mektebin Ayapbergen Nauanov ujymdastyrsa Karakoldegi mektep halkymyzdyn uly agartushysy Ybyraj Altynsarinnin bastamasymen ashyldy Kenestik kyzyl imperiya tusynda halkymyzdyn Қazan tonkerisine dejin karangy sauatsyz sanalyp kelgeni belgili Al shyn mәnisinde kenes okimetine dejin de ata babalarymyz mektepter ashyp urpaktarynyn bilim aluyna sauatty boluyna үlken mәn bergen Onyn ajkyn dәlelin audandagy koptegen bilim oryndarynyn argy bergi tarihynan anyk bajkauga bolady Қazirgi uakytta audan koleminde 9 myn bala okityn 11 orta 1 segizzhyldyk 2 bastauysh mektep 1 kәsiptik tehnikalyk mektep 2 muzyka 1 sport mektebi 13 balabaksha zhumys istejdi Munda 600 den astam mugalim onyn ishinde 500 zhogary bilimdi mugalimder enbek etedi Mektep zhanyndagy internattarda 1200 balabakshasynda 1000 ga zhuyk bala tәrbielenude Mektepterdin materialdyk oku bazasy zhyldan zhylga zhaksaruda 10 orta mektep 9 balabaksha үji zhәne kәsiptik tehnikalyk mektep kompleksi tiptik zhobamen salyngan Densaulyk saktauAudanda en birinshi uchaskelik auruhana 1940 zhyly Komsomol sovhozynyn ortalygy Қonystanu auylynda ashyldy bul auruhana Қarakol uchaskelik auruhanasy dep atalyp kүni bүginge dejin halykka kyzmet korsetip keledi Bul auruhanada arnauly orta bilimdi feldsher Қajyr Segizbaev Қonyr Tankiev Ajtkali Kәdirgaliev uzak zhyldar kyzmet zhasady Қyzylkoga audanyndagy buryngy okpe aurulary dispanseri 1944 46 zhyldary Қonyr Tankiev Ojyl audanynda Ajtkali Kәdirgaliev Қyzylkoga audanynda audandyk densaulyk saktau boliminde mengerushi kyzmetterin atkardy Halyk densaulygyn korgaudagy zhemisti enbegi үshin auyl feldsheri Қonyr Tankiev 1960 zhyly Lenin ordenimen marapattaldy Audanda 1946 1950 zhyldary Resej oblystarynan kelgen zhogary bilimdi dorigerler Platonova Melnikova Ivanova Kleshar Vlasova arnauly orta bilimdi Port Ponomorenko halykka dәrigerlik kyzmet korsetti 1952 zhyly audanga zhergilikti dәriger zhogary bilimdi terapevt Ospan Sүlejmenov keldi 1957 zhyly medicina institutyn bitirip kelgen audan azamattary Tajpak Қarabalin Bakyt Kobenov Otarbaj Turashev zhumyska kiristi Halykka dorigerlik kyzmet korsetudegi zhemisti enbegi үshin Bakyt Kobenovke Қazak SSR ine enbegi singen doriger atagy berilip Enbek Қyzyl Tu ordeninin iegeri atandy Tajpak Қarabalin Oktyabr revolyuciyasy zhәne Enbek Қyzyl Tu ordenimen Mүslima Үmbetova Halyktar dostygy ordenimen marapattaldy Zauza Dauletiyarova Қazak SSR ine enbegi singen dәriger kurmetti atagy berildi Audanda 345 tosektik 8 auruhana 10 ambulatoriya 21 feldsherlik akusherlik punkt 1 sanepidemstanciya zhumys zhasajdy olarda 60 ka zhuyk zhogary bilimdi dәriger 300 dej orta medicina kyzmetkerleri bar Audan mәdenieti1959 zhylga dejin Қyzylkoga audandyk mәdeni agartu bolimi bolyp ataldy Bolim mengerushisi retinde 1953 zhylga dejin Zhamal Қazbaeva kyzmet istep keldi Bolim 1959 zhylga dejin Қarabau auylynda oryn teuip 1959 zhyldan bastap Miyaly auylyna koshirildi 1946 zhyldan beri mәdeniet bolimin Shәkir Nәsipkaliev Aksәnim Қuttybaeva Lep Orazov Bejbitәli Қulsejitov Nәbi Shәutkenov Tasbolat Talasbaev Ondasyn Agyrapov Қarmys Өteuliev Amankos Sabyrov Ұlykpan Alpanov 1993 zhyldan beri Қazakstan Respublikasynyn mәdeniet kajratkeri Zhәniya Қalikyzy Izbaskan baskaryp keledi Audandyk mәdeniet bolimine karasty 51 mekeme bar onda 25 kitaphana 7 mәdeniet үji 14 selolyk klub 2 zhylzhymaly klub 1 halyk teatry 1 kinoteatr 1 murazhaj 1 halyk ult aspaptar orkestri bar onda barlygy 188 kyzmetker zhumys zhasajdy Audanda 178 0 myn kitap kory zhinaktalgan Zhergilikti sazger Қazakstan Respublikasyna enbegi singen mәdeniet kyzmetkeri Zhәkula Nurgalievtin 15 әni sazgerler Halidolla Izekenovtyn Sүjingali Өteuovtin Қazakstan Respublikasyna enbegi singen mәdeniet kyzmetkeri Sejsenbek Esengalievtyn kүjshiler Nәsipkali Mәulekenov pen Әldesh Zhәlekeevtin Sultan Қarasaevtyn Tileuzhan Әbishevtyn Magzugash Mendigarinanyn Zholdaskali Қosybekovtyn Zhәrdemgali Ozganbaevtyn әnshiler Ғaliya Ykylasovanyn Ondasyn Agyrapovtyn Gүlsagima Dүjsengalievanyn Berkin Shegeevtin Baktybaj Sadykovtyn Shajym Izmukanovtyn Tүgelbaj Hamzinnin Tynyshtyk Shabaevtyn Murat Bekeshovtyn Mariya Revkovanyn Ғajnolla Asanbaevtyn Hasan Toralievtyn Ұldash Қulshykovanyn Berkin Hasanovtyn Kүlәsh Әbdigalievanyn bishi Kүnzhan Ahmetovanyn esimderi kopke tanymal Olar oner festivalderinde laureat atandy Audandagy halyk teatry kazak dramaturgterinin birneshe kojylymdaryn kojyp atap ajtkanda A Shamkenovtyn Tabamyn eni T Ahtanovtyn Kүtpegen kezdesu Altyn tabaktagy zhylan O Bodykovtyn Қanzhar men dombyra Ojbaj kүjeu kerek K Muhamedzhanovtyn Қuyrdak dajyn Қudagi kelipti Tort bojdak bir kyz Dokej kele zhatyr B Zhokeevtin Әke tagdyry tәrizdi t b kojylymdardy halykka usynyp halyk teatry atagyn birneshe ret korgap shykty Audan ortalygy Arman mәdeniet үji zhanynan 40 adamdyk ult aspaptar orkestri kuryldy bul orkestr halyk ult aspaptar orkestri degen atagyn korgady Audan ortalygy Arman mәdeniet үji zhanynan 1994 zh Tamasha Duman ojyn sauyk otauy kuryldy Bul top mүshelerinin oneri zhogary bagalanyp oblystyk modeniet baskarmasynyn marshruty berilip oblystyn barlyk audandaryna Makat Inder Isataj Zhyloj Қurmangazy buryngy Balykshy audanynyn karamagyndagy barlyk auyldarga zhәne Atyrau kalasyna oner korsetip halyktyn koshemetine bolendi Zhergilikti sazger Әbdigappar Temirhanovtyn basshylygymen Nauryz tobynyn Sagyzym sazym atty үntaspalary shykty Audandyk mәdeniet boliminin halykka mәdeni kyzmet korsetudegi zhumysy oblystyk mәdeniet baskarmasy bojynsha zhogary bagalanyp keledi Derekkozderhttps stat gov kz region 252311 statistical information industry 2361 Қyzylkoga audany bojynsha 2022 2023 zhyldarga arnalgan zhajylymdardy baskaru zhәne olardy pajdalanu zhosparyn bekitu turaly Қazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2023 zhylgy 1 kantarga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Atameken Geografiyalyk encikopediya Almaty 2011 Қyzylkoga kut meken Almaty Өlke baspasy 2005 zh ISBN 9965 599 97 1 Atyrau gazeti Atr kz 15 karasha 2019 zhyl Atyrau enciklopediya Almaty 2000Syrtky siltemelerAtyrau oblysynyn elektrondy әkimdigi kolzhetpejtin silteme Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet