Бұйырғын (Anabasis) — алабұта тұқымдасына жататын бұта, бір жылдық немесе көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанның қуаң дала және шөлейт өңірлерінде 17 түрі кездеседі. Бұйырғын Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінің аралығында, Үстіртте, Маңғыстау түбегіде, Бетпақдалада, Мырзашөлдің сазды шөлдерінде өседі. Сондай – ақ осы аймақтардың тақырында да кездеседі. Сирек кездесетін эндемик түрлері: сырдария Бұйырғыны (A. jaxartіca), торғай Бұйырғыны (A. turgaіca) және гипсті бұйырғын. Бұйырғынның сабақтары бунақты, бытыраңқы келеді, жапырақтары жетілмеген, тікенге ұқсас, көбіне қабыршақ сияқты. Гүлі қос жынысты, бес мүшелі, гүлсерігі бар. Жаз бойы гүлдейді. Көп тараған түрінің бірі — сортаң Бұйырғын (A. salsa) — шөлді аудандардың тегіс жерлерінде, кейде аласа тауларда өседі. Оның бір жылдық өркендерінде 7,1 — 14,8% протеин, 18,2 — 31,0% күл, 11,7 — 26,0% , 1,5 — 3,2% май болады. Бұйырғынды сиырдан басқа мал жақсы жейді. Бұйырғынның га-нан 1,5 — 4,6 ц құрғақ шөп алынады. Ол — құрғақшылыққа, сортаң топыраққа төзімді өсімдік, тұзд. 45% топырақта да өсе береді.
Ботаникалық сипаттамасы.
Бұйырғын – алабота тұқымдасына жататын, аласа ( 5 – 20 см ), көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Оның түбі кішкентай болып өседі. Жуан тамыры топыраққа тереңдеп кете қоймайды. Соның өзінде ылғалды тереңнен тартады. Бұйырғынн
Оның жалпы пішіні тау қылшасына ұқсастау. Өсімдіктің түбінен жан – жаққа бірнеше бұтақшалар тарайды. Оның жапырақтары жай көзге көрінбейді, нашар дамыған бүршік күйінде қалады. Бұйырғынның түсі жазда жасыл болады да, ал күз айларында қызарып, күлгінденіп кетеді.
Бұл өсімдіктің жапырақтарының болмауы құрғақшылыққа бейімделгендігінен болса керек. Судың өсімдітің жапырағы арқылы буға айналатынын білеміз. Сондықтан да құмда, тақырда, шөлде өсетін өсімдіктердің жапырағы нашар жетіледі. Бұйырғын қоректік заттарды негізінен сабағы арқылы алады.
Дәрілік шикізат
Дәрілік шикізат және азық ретінде өсімдіктің жас, балауса бұтақшаларын күз кезінде жинап алып, көлеңкеде кептіріп, құрғақ жерде сақтайды.
Қолданылуы.
Бұйырғынның дәрілік шикізаты малдың азыққа тәбетін ашады, асқазан – ішектің жұмысын жақсартады. Бұйырғынды қалың өсетін жайылымдарда қой, ешкі және жылқы тез қолданады. Жаздың бас кезінде бұйырғынды тек түйе ғана жейді. Ал ірі қара бұйырғынды жемейді. Оларды дәрілік мақсатпен де беруге болмайды. Дәрілік мақсатпен бұйырғын тұнбасы 1:10 қатынаста жасалып қойға, ешкігее – 150 – 200 мл, жылқыға – 250 – 300 мл, түйеге – 500 – 700 мл мөлшерінде күніне үш рет ішкізіледі. Бұйырғын өсетін жерлерде оған ұқсас күйреуік, домалатпа сораң деп аталатын өсідіктер өседі. Олардың азықтық бұйырғынға ұқсас болады.
Ескертпе :
Сортаң және сұрқоңыр топырақты жерлерде, сондай – ақ тақыр жерлерде бұйырғынның бір өзі және көкпек, ит сигек, жусан араласып өскен жайылымдар болады. Жаз айларында өсімдіктің құрамында тұздың көп болуына байланысты қой оны нашар жейді. Бұйырғын өсетін жайылымдарға күз, қыс айларында қой және түйе жайған өте пайдалы.
Дереккөздер
- «Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;
- Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Шәріпбаев Н. Малдың асқаза - ішек ауруларын емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Бұйырғын — "Қайнар", 1988. — Б. 83-84. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5. https://halykemi.wordpress.com/about/
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bujyrgyn Anabasis alabuta tukymdasyna zhatatyn buta bir zhyldyk nemese kop zhyldyk osimdikter Қazakstannyn kuan dala zhәne sholejt onirlerinde 17 tүri kezdesedi Bujyrgyn Қazakstanda Kaspij Aral tenizderinin aralygynda Үstirtte Mangystau tүbegide Betpakdalada Myrzasholdin sazdy sholderinde osedi Sondaj ak osy ajmaktardyn takyrynda da kezdesedi Sirek kezdesetin endemik tүrleri syrdariya Bujyrgyny A jaxartica torgaj Bujyrgyny A turgaica zhәne gipsti bujyrgyn Bujyrgynnyn sabaktary bunakty bytyranky keledi zhapyraktary zhetilmegen tikenge uksas kobine kabyrshak siyakty Gүli kos zhynysty bes mүsheli gүlserigi bar Zhaz bojy gүldejdi Kop taragan tүrinin biri sortan Bujyrgyn A salsa sholdi audandardyn tegis zherlerinde kejde alasa taularda osedi Onyn bir zhyldyk orkenderinde 7 1 14 8 protein 18 2 31 0 kүl 11 7 26 0 1 5 3 2 maj bolady Bujyrgyndy siyrdan baska mal zhaksy zhejdi Bujyrgynnyn ga nan 1 5 4 6 c kurgak shop alynady Ol kurgakshylykka sortan topyrakka tozimdi osimdik tuzd 45 topyrakta da ose beredi Botanikalyk sipattamasy Bujyrgyn alabota tukymdasyna zhatatyn alasa 5 20 sm kop zhyldyk zhartylaj butaly osimdik Onyn tүbi kishkentaj bolyp osedi Zhuan tamyry topyrakka terendep kete kojmajdy Sonyn ozinde ylgaldy terennen tartady Bujyrgynn Onyn zhalpy pishini tau kylshasyna uksastau Өsimdiktin tүbinen zhan zhakka birneshe butakshalar tarajdy Onyn zhapyraktary zhaj kozge korinbejdi nashar damygan bүrshik kүjinde kalady Bujyrgynnyn tүsi zhazda zhasyl bolady da al kүz ajlarynda kyzaryp kүlgindenip ketedi Bul osimdiktin zhapyraktarynyn bolmauy kurgakshylykka bejimdelgendiginen bolsa kerek Sudyn osimditin zhapyragy arkyly buga ajnalatynyn bilemiz Sondyktan da kumda takyrda sholde osetin osimdikterdin zhapyragy nashar zhetiledi Bujyrgyn korektik zattardy negizinen sabagy arkyly alady Dәrilik shikizatDәrilik shikizat zhәne azyk retinde osimdiktin zhas balausa butakshalaryn kүz kezinde zhinap alyp kolenkede keptirip kurgak zherde saktajdy Қoldanyluy Bujyrgynnyn dәrilik shikizaty maldyn azykka tәbetin ashady askazan ishektin zhumysyn zhaksartady Bujyrgyndy kalyn osetin zhajylymdarda koj eshki zhәne zhylky tez koldanady Zhazdyn bas kezinde bujyrgyndy tek tүje gana zhejdi Al iri kara bujyrgyndy zhemejdi Olardy dәrilik maksatpen de beruge bolmajdy Dәrilik maksatpen bujyrgyn tunbasy 1 10 katynasta zhasalyp kojga eshkigee 150 200 ml zhylkyga 250 300 ml tүjege 500 700 ml molsherinde kүnine үsh ret ishkiziledi Bujyrgyn osetin zherlerde ogan uksas kүjreuik domalatpa soran dep atalatyn osidikter osedi Olardyn azyktyk bujyrgynga uksas bolady Eskertpe Sortan zhәne surkonyr topyrakty zherlerde sondaj ak takyr zherlerde bujyrgynnyn bir ozi zhәne kokpek it sigek zhusan aralasyp osken zhajylymdar bolady Zhaz ajlarynda osimdiktin kuramynda tuzdyn kop boluyna bajlanysty koj ony nashar zhejdi Bujyrgyn osetin zhajylymdarga kүz kys ajlarynda koj zhәne tүje zhajgan ote pajdaly Derekkozder Mangystau osimdikterinin katalogy Aktau 2006 Қazak EnciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Shәripbaev N Maldyn askaza ishek aurularyn emdeuge koldanylatyn dәrilik osimdikter Bujyrgyn Қajnar 1988 B 83 84 Pajdaly osimdikterdi mal dәrigerliginde koldanu 5700 taralym ISBN 5 629 00074 5 https halykemi wordpress com about