Бүршік (лат. gémma) — жоғары сатыдағы өсімдіктердегі өркеннің бастамасы.
Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай Бүршіктің
- вегетативтік және
- генеративтік түрлері бар.
Вегетативтік (өсімді) Бүршік тек ұзарған өркенде орналасады, одан сабақ пен жапырақ өсіп шығады.
Генеративтік (көбеймелік) Бүршік, (басқаша айтқанда гүл Бүршік), сәл ірілеу және тек қысқарған өркенде ғана орналасады, оны ұзынынан қақ жарып қарағанда бастама сабақтың жан-жағына бекіген гүлшанақтары (ашылмаған гүлдер) көрінеді. Олар гүлдеп, жеміс береді. Сондай-ақ бір ғана гүл өсіп шығатын гүл бүрі (бутон) болады.
Өсімдіктің бойында орналасуына қарай бүршіктер 2 топқа бөлінеді:
- төбе Бүршігі - сабақ ұшындағылары (одан өсімдік бойлай өседі). Төбе бүршік ұрықта қалыптасады,одан болашақта өркеннің барлық мүшелері түзіледі.Төбе бүршіктен өсімдік ұзарып өседі.
- бүйір Бүршігі - сабақ бойына орналасқандар аталады. Қолтық бүршік(жанама бүршік депте атайды) жапырақ қолтығында орналасады. Өсімдіктің түріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер болады.Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады.
- Қосалқы бүршіктін ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан,тамырсабақтан,сабақтан,жапырақтан дамиды.Көп жылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер мен қосалқы бүршіктер ашылмай тыныштық күйге өтеді.Ол бұйыққан бүршік делінеді.Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап,өте баяу өседі.Бұйыққан бүршіктер гүлшетен,үшқат,сары қараған,ырғай,тобылғы бұталарынын басқа көп жылтық шөптесін өсімдіктерде де болады.
Бүршіктің құрылысы
Бүршіктің сыртындағы қат-қабат қалың, тығыз қабыршақтар өсімдік сабағының ұшар басындағы өсу нүктесін бүркеп тұрады. Ең сыртқы қабыршақтары қоңырқай түсті, одан шайыр тәріздес жабысқақ зат бөлінеді.
Олар Бүршікті ыстық-суықтан, желден, зиянкестер мен зақымданудан қорғайды. Бүршіктер көктемде өсімдікте жиналған қоректік заттармен қоректеніп толысады да, сыртындағы қалың қабыршақтары түсіп, Бүршік ашылады (жарылады). Қабыршақтың үзіліп түскен жерінде сақина тәрізді із қалады, сол арқылы өркеннің бір жылда қаншалықты өскенін біледі.
Көптеген тұқымымен көбейетін өсімдіктерде бүйір Бүршікі жапырақ қолтығына орналасады, оны жанама Бүршік (одан жан-жағына бұтақтар өсіп таралады) деп атайды. Қоңыржай аймақта өсетін ағаштар мен бұталарда күзге қарай, өсімдік өркендерінің өсуі тоқталып, Бүршіктер уақытша тыныштық күйге көшеді. Бұны қыстаушы Бүршіктер, ал әрі өркен, әрі гүл шығаратын Бүршіктерді аралас Бүршіктер деп те атайды.
Бүршіктердің бәрі бірдей өсіп, өркенге немесе гүлге айнала бермейді. Олардың ұзақ уақыт бойы өспей, Б. күйінде қалатын бұйыққан (ұйқыдағы) Бүршік түрі де болады. Олар бірнеше жылға дейін өсу қабілетін жоймайды (мысалы, қарағайда – 5, доланада – 25, еменде – 100 жыл, т.б.). Өсімдік өркені сынып зақымданғанда, ағашты кескенде немесе үсікке шалдыққанда ғана бұйыққан Б-тер оянып, өсе бастайды. Өсімдіктердің вегетативті көбеюі кезінде Бүршіктің атқаратын рөлі зор.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bүrshik lat gemma zhogary satydagy osimdikterdegi orkennin bastamasy Vegetativtik tobe bүrshigiGenerativtik bүrshikBүjir bүrshigi Barlyk gүldi osimdikterde orkennin tүrine karaj Bүrshiktin vegetativtik zhәne generativtik tүrleri bar Vegetativtik osimdi Bүrshik tek uzargan orkende ornalasady odan sabak pen zhapyrak osip shygady Generativtik kobejmelik Bүrshik baskasha ajtkanda gүl Bүrshik sәl irileu zhәne tek kyskargan orkende gana ornalasady ony uzynynan kak zharyp karaganda bastama sabaktyn zhan zhagyna bekigen gүlshanaktary ashylmagan gүlder korinedi Olar gүldep zhemis beredi Sondaj ak bir gana gүl osip shygatyn gүl bүri buton bolady Өsimdiktin bojynda ornalasuyna karaj bүrshikter 2 topka bolinedi tobe Bүrshigi sabak ushyndagylary odan osimdik bojlaj osedi Tobe bүrshik urykta kalyptasady odan bolashakta orkennin barlyk mүsheleri tүziledi Tobe bүrshikten osimdik uzaryp osedi bүjir Bүrshigi sabak bojyna ornalaskandar atalady Қoltyk bүrshik zhanama bүrshik depte atajdy zhapyrak koltygynda ornalasady Өsimdiktin tүrine karaj bir zhapyraktyn koltygynda bir nemese birneshe bүrshikter bolady Қoltyk bүrshikten zhan zhakka butaktar osip taralady Қosalky bүrshiktin ereksheligi olar osimdiktin kez kelgen zherinen tamyrdan tamyrsabaktan sabaktan zhapyraktan damidy Kop zhyldyk osimdikterde usaktau koltyk bүrshikter men kosalky bүrshikter ashylmaj tynyshtyk kүjge otedi Ol bujykkan bүrshik delinedi Bujykkan bүrshikter tirshilik kabiletin uzak uakyt saktap ote bayau osedi Bujykkan bүrshikter gүlsheten үshkat sary karagan yrgaj tobylgy butalarynyn baska kop zhyltyk shoptesin osimdikterde de bolady Bүrshiktin kurylysyBүrshiktin syrtyndagy kat kabat kalyn tygyz kabyrshaktar osimdik sabagynyn ushar basyndagy osu nүktesin bүrkep turady En syrtky kabyrshaktary konyrkaj tүsti odan shajyr tәrizdes zhabyskak zat bolinedi Olar Bүrshikti ystyk suyktan zhelden ziyankester men zakymdanudan korgajdy Bүrshikter koktemde osimdikte zhinalgan korektik zattarmen korektenip tolysady da syrtyndagy kalyn kabyrshaktary tүsip Bүrshik ashylady zharylady Қabyrshaktyn үzilip tүsken zherinde sakina tәrizdi iz kalady sol arkyly orkennin bir zhylda kanshalykty oskenin biledi Koptegen tukymymen kobejetin osimdikterde bүjir Bүrshiki zhapyrak koltygyna ornalasady ony zhanama Bүrshik odan zhan zhagyna butaktar osip taralady dep atajdy Қonyrzhaj ajmakta osetin agashtar men butalarda kүzge karaj osimdik orkenderinin osui toktalyp Bүrshikter uakytsha tynyshtyk kүjge koshedi Buny kystaushy Bүrshikter al әri orken әri gүl shygaratyn Bүrshikterdi aralas Bүrshikter dep te atajdy Bүrshikterdin bәri birdej osip orkenge nemese gүlge ajnala bermejdi Olardyn uzak uakyt bojy ospej B kүjinde kalatyn bujykkan ujkydagy Bүrshik tүri de bolady Olar birneshe zhylga dejin osu kabiletin zhojmajdy mysaly karagajda 5 dolanada 25 emende 100 zhyl t b Өsimdik orkeni synyp zakymdanganda agashty keskende nemese үsikke shaldykkanda gana bujykkan B ter oyanyp ose bastajdy Өsimdikterdin vegetativti kobeyui kezinde Bүrshiktin atkaratyn roli zor Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tom