Қарастырылып отырған кезеңде қазақтар шағын ауылдар болып тұратын. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Жекелеген аймақтарда егіншілік пен балық аулау кәсібі дамыды.
Қазақ ауылы
Аталмыш кезеңде қазақтар шағын елді — ауылдарда тұрды. Қыруар көп малды бағу үшін олар шағын ауыл болып тұруға мәжбүр еді. Әр ауылдағы шаруашылық 5-20 отбасынан аспады. Әдетте ауыл ең жақын туыстардан құралды. Әр отбасындағы жан саны орта есеппен 5-7 адамнан келді. Ауылды ең жасы үлкен кісі, би немесе құрметті ақсақал басқарды. Әр ауыл көбінесе белгілі бір рубасының атымен аталды. Ауыл орманның шетінде, өзеннің не көлдің жағасында, ал таулы жерлерде шатқалдың ішінде орналасты. Орман мен тау қысқы суықтар мен борандар кезінде малды аман сақтаудың табиғи қорғанысы саналды. Ол жерлерден отын мен құрылыс материалдарын жинап алуға да мүмкіндік мол еді. Қоныс таңдаған кезде қазақтар су көздерінің - өзендер мен көлдердің, мол сулы бұлақтардың болуын ескерді. Олардан ауыз су алды, мал суарды. Ондай су көздері болмаған жағдайда құдық қазып алуға тырысатын.
Қазақтардың қысқы және жазғы тұрғын үйлері
Қазақтар жаз кезінде киіз үйлерде тұрды. Киіз үй кей жағдайларда кедей қазақтардың қысқы баспанасы да болды. Мұндай кезде ол үйді бірнеше қабат киізбен қымтап, іргесін қармен бастырып тастайтын. Ал елдің оңтүстіктегі жылы аймақтарында киіз үйде қысы-жазы бірдей тұра беруге болатын. Неміс ғалымы Ф. фон Шварц былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтардың қысы-жазы бірдей тұра беретін бірден-бір баспанасы киіз үй болып табылады. Киіз үй адамның қашаннан бергі ойлап тапқан ең ғажайып практикалық өнер табысының бірі екенінде дay жоқ». Киіз үйдің ағаштан жасалатын бөліктерін арнаулы шеберлер - үйшілер, ал киізден жасалатын жабдықтарын киіз басатын әйелдер әзірлейтін. Үйдің бау-шуларын құрастыру, тігу мен жығу да әйелдердің үлесіне тиетін.
Қазақтардың қалмақы төбесі үйлері де болды. Бірақ олар өте сирек пайдаланылды. Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті болып төр саналды. Төрге ең сыйлы адамдар мен қадірлі қонақтар шығарылады. Үйге бас сұққан қонақ қандай дін ұстанатынына, қай ұлттың өкілі екендігіне қарамастан, сол үй иесінің сенімді қорғауында болатын.
XIX ғасырдың 30-50-жылдарында қазақтарда отырықшы өмір салтына көшуге байланысты тұрақты баспана салу үрдісі орнықты. Қазақтар қыста тұратын баспанасын қыстаулеп атады. Қыстау топырағы құнарлы жерлерге салынды. Оған жақын жерде, әдетте, рулық зират тұрғызылды. Қыстаудың маңында егістік және шабындық жерлер болды. Далалықтар қыстауды адам өлімі көбейіп кеткен немесе мал қырылып, жұт болған кездері ғана тастап кететін. Қыстау әр түрлі құрылыс материалдарынан: тастан, ағаштан, шымнан және шикі салынатын.
XIX ғасырдың соңына қарай қазақтар төбесі екі жақты беткейлі шатырмен жабылатын үй салуды үйренді. Үйдің ішіне қазан асылатын, әрі үйді жылытатын пеш орнатылды. Терезенің көздері малдың тақыр қарнымен керш тасталды. Қысқы баспана екі бөліктен тұрды. Олардың арасында пеш болды. Оның бір жағы кіре берістегі ауыз үй, екінші жағы адамдар тұратын төр үй деп аталды. Төр үйдегі жер еденнің үстіне нарағаштан салынған аласа орын жасалды. Ауқатты қазақтардың үйіндегі бөлмелердің саны 3—4-ке дейін жетті. Ағаштан қиып салынатын, ағаш едендері бар үйлер де пайда бола бастады. Әдетте ондай үйлерді орыс ұсталары салатын. Қазақтар киіз үй мен қысқы тұрғын үйдің ішін қамыс пен құраған ағаш және тезек жағып жылытатын. Қазақтарда өсіп тұрған ағашты кесуге қатаң тыйым салынатын.
Тұрғын үйлер мен мал қоралары бір-бірімен жалғасып жатты. Құрылыстың мұндай жинақылығы қысқы суық пен боран кезінде ыңғайлы болатын. Аулада шаруашылыққа арналған төбесі күмбез тәріздес щошала тұрғызылды. Онда ет және басқа да азық-түлік өнімдері сақталды, ас пісірілді. Қыс кезінде қолға қарап қалатын мал түн мал қораға қамалатын. Мал қораның үстіне көбінесе пішен жиналатын.
Мал шаруашылығы
Қазақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал өсіру болды. Олар көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанды. Қазақтардың көші-қонының әр түрлі болып келетін. Жаңа қонысқа көшуден бұрын ауылдың тәжірибелі адамдары жер шолып, малға жайлы жайылым іздестіретін. Онда жерінің шөбі шүйгін, міндетті түрде су көзінің болуы қарастырылды. Аталас туыстар әдетте белгілі бағытта бірлесіп көшетін. Қыс кезінде үйір-үйір жылқылар ашық далада қарды тұяғымен аршып, тебіндеп жайылатын. Жылқы тебіндеп жайылған соң ол жерлерге мүйізді ірі қара, түйе және уақ мал жіберілетін.
Мал басы көшпелі қазақтарды ішіп-жем, тағаммен қамтамасыз етті. Қой мен құлын, ешкінің иленген терісі түрлі сырт киімдер мен аяқ киім тігуге пайдаланылды. Қойдың және түйенің жүнінен киіз басылды, жіп иіріліп, шекпен тігілді, арқан-жіп есілді, баушулар жасалды, кілем тоқылды. Ешкінің түбіті әдемі де жылы шәлілер тоқуға пайдаланылды. Малшылар серкенің, өгіз бен жылқының терісінен құдықтан су тартатын ыдыс — қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятын торсықтар жасады. Қазақтар малдың тезегін отын ретінде пайдаланды. Көшпелі қазақтардың өсіретін малының негізгі түрлері қой-ешкі, жылқы мен түйе болды. XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтарда сиыр өсіру де елеулі түрде дами бастады.
Қой қазақтың ең басты байлығы саналды. Қазақтар жүн ді әрі қой тұқымын өсірді. Қой қандай да төзімді түлік. Ол ыстыққа да, суыққа да, аштыққа да келеді. Ірі қойлар 2 пұтқа дейін ет, 1 пұтқа дейін құйрық майын, 4 қадаққа дейін жүн бере алады.
Қазақ жылқысы тұрқы аласа, кеуделі келеді. Ол жыл бойы өз аяғымен тебіндеп жайылады. Қазақ жылқысы жүйрік әрі өте төзімді, сондықтан да ол ішкі Ресейден қоныс аударып келген орыстардың арасында өте жоғары бағаланды. Жылқы малы қазақты етпен, қымызбен қамтамасыз етті, салт мінуге және ауыл шаруашылығында күш көлігі ретінде де пайдаланылды.
Сиыр малы қалмақ сиырлары сияқты ұсақтау болып келеді. Сүтті де көп бермейді. Сиыр елдің солтүстік аймақтарында көбірек өсірілді. Оны қоныс аударып келген орыс шаруалары көптеп сатып алатын. Отырықшы және жартылай отырықшы шаруашылықтарда ол жер жырту кезінде соқаға жегілетін күш көлігі ретінде пайдаланылды. Қазақ байлары өз сиырларын ежелгі дәстүр бойынша кедейлерге сауын ретінде таратып беретін. Кедейлер сиырдың сүтін сауып ішетін. Оның есесіне ол сиырларды жемшөппен қамтамасыз етіп, бағып-күтуді, төлін аман өсіруді өз міндеттеріне алатын. Мәселен, Перовский уезінің атақты байы жыл сайын өзінің 700-ге тарта сиырын тап осылай «сауынға» беріп тұрған.
Қазақтар ешкіні негізінен тамаша түбітіне бола өсіретін. Атақты Орынбор шәлілері қазақ ешкілерінің түбітінен тоқылып келгені белгілі. Қазақта әр отар қойды бастайтын серке болады. Түйе түлігі негізінен айыр өркешті болып келеді. Жалғыз өркешті нар түйелер Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарында өсірілді. Қазақтар түйені көші-қон, егін шаруашылығында күш көлігі ретінде де пайдаланды. Түйені Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары аз да болса сатып алып жүрді.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстандағы ең ірі байлардың бірі Азынабай болды. Баянауыл сыртқы округында тұратын оның 25 мыңға жуық малы бар еді. Ал 1917 жылға қарай Қазақстандағы алты облыста тұратын қазақтардың қолындағы малдың жалпы саны 18 миллион басқа болатын.
Өрт қою
Жазғы жайлаудан қайтқан қазақтар әдетте құраған күзгі шөпке өрт қоятын. Кейде мұндай өрт ерте көктемде де қойыла беретін. Далалықтардың пікірі бойынша ондай өртенді жерде көктем кезінде шөп қалың шығады. Оны жеген мал тез қоңданып, семіреді де салмағын арттырады. Рас, ондай өрттердің бой бермей кетуі салдарынан, әсіресе желді күндері, талай ауыл, қысқа дайындап қойған мая-мая пішендер өртеніп те кететін. Күзде және көктемде ондай өрттердің болуына жол бермеу үшін қазақтар қыстаулардың төңірегіндегі құраған шөптерді күзге қарай өртейтін болды. Қазақстан аумағына қоныс аударып келген орыс шаруалары санының арта түсуіне байланысты патша үкіметінің әкімшілігі ондай өрт қою шараларына біржолата тыйым салды.
Жұт
Қазақтар үшін ең ауыр кез жұт жылдары болды. Кейде көктайғақ мұздардың немесе шөп шықпай қалудың салдарынан бүкіл мал қырылып қалатын. Өйткені мал көкпеңбек болып қатып қалған қалың мұздың қабатын бұзып, шөп жей алмайтын. Ондай жұт кезінде мал мың-мыңдап қырылатын. Ең сұрапыл апатты жұт 1880 жылы болды. Сол жылы тек Торғай облысында ғана 1,5 миллионнан астам мал аштан қырылды. Қазақтардың байқауынша, мұндай ауыр жұттар әрбір 10-12 жылда бір рет қайталанатын «қоян» қылына сәйкес келеді. Ондай жұттардан аман қалу үшін қазақтар шекара шебіндегі қазақтар мен орыс шаруаларына жақын келіп қонуға тырысатын. Станицалар мен деревня тұрғындарынан пішен мен сабан сатып алатын. Жұттан кейін күйзеліп, қайыршыланған қазақ шаруашылықтары ендігі жерде егіншілікпен айналысуға мәжбүр болды.
Халықтық мал емдеу тәсілі
Қазақтар мал емдеу ісінде орасан зор тәжірибе жинақтады. Қазақ даласы әрбір тұрғынының мал емдеуден едәуір хабары болды. Мәселен, олар күйдіргі, шешек, қарасан және оба сияқты жұқпалы ауру пайда болған кезде тез қоныс аударады, мал жайылымын өзгерте қояды. Мұндай аурудан өлген малды жерге терең етігі көміп тастайды. Ал аусыл болған малдың ауыз қуысы мен тілін қыздырылған ас тұзымен және мыс тотығымен, яғни тотияйынмен қаны шыққанша ысқылайды. Кейде тілінің астындағы күре тамырынан қан алады. Ауру малды көлеңкеде ұстап, оған жаңа орылған жұмсақ шөп салады, қалағанынша тұз жалатады. Қотыр болған малды майымен емдеген немесе тұзды көлге тоғытқан. Қотыр малды кейде улы өсімдік тамыры қайнатылған судың арнайы түнбасын жағып та жазып алған. Мұндай ауруларды емдеу кезінде керосин мен темекі қосып қайнатылған судың түнбасы да пайдаланылған.
Шөп шабу ісінің дамуы
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақтар шөп шабумен айналыса бастады. Алайда көшпелілердің шабындық жерлері Ресейден қоныс аударып келген шаруаларға, қазақтардың станицаларына, әскери бекіністер мен жаңадан салына бастаған қалаларға беріле бастады. Мың-мындаған мал басын қырып салатын жұт жылдары жиі қайталанатын болды. Ал ондай кезде мал басын алдын ала дайындалған шөп қоры мол болған жағдайда ғана аман сақтап қалуға болатын еді. Қоныс аударып келген орыс шаруалары қазақтардан сиырды көптеп сатып ала бастады. Мұның өзі мүйізді ірі қараның санын арттыра түсу қажеттігін тудырды. Ал сиырды қолда ұстап бағу мал азығын дайындауға деген ынта-ықыласты күшейтті.
Шөп темір шалғылармен шабылды. Қоныс аударып келген орыс шаруаларынан үлгі алған қазақтарда негізінен атқа жегіліп, шөп шабатын машиналар да пайда болды. XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанның солтүстік, орталық, солтүстік-шығыс аймақтарында шаруашылықтардың 90 пайызға жуығы шөп шабумен айналысуды кәсіп етті.
Егіншілік кәсібі
Сырдарияның екі жақ өңірінде, Жетісу жерінде, сондай-ақ Қазақстанның Солтүстік, Солтүстік-шығыс және Орталық аймақтарындағы кейбір өзендер мен көлдердің жағалауларында қазақтар егіншілікпен сонау ерте заманның өзінде айналысқан болатын. XIX ғасырдың аяқ кезінде елдің Орталық, Солтүстік және Солтүстік-шығыс аймақтарында егіншілікпен айналысуға жаппай бет бұру байқалды. Ішкі Ресейден қоныс аударушы шаруалардың көптеп келуіне және Қазақстандағы қала халқы санының арта түсуіне байланысты мал жайылымдарының көлемі қысқара бастады. Отбасы мүшелерін асырау мен қолда бар малды жемшөппен қамтамасыз ету ендігі жерде егін егуді ұйымдастыру мен дамытуға байланысты болып қалды. Отырықшы егіншілік кәсібімен айналысуға көшу қазақтарды ежелден қоныстанған жерлерінен күштеп көшіру және басқа жаққа қуып шығу әрекеттеріне тыйым салатын еді. Патша үкіметі қазақтардың тұрақты отырықшы өмір салтына көшуге деген ынтасын қолдап отырды. Патша үкіметінің пікірі бойынша, бұл шаралар Ресейден қоныс аударушы шаруалар үшін қыруар көп жер төлімдерін босатып беруі және қазақтарды басқару үшін қолайлы жағдайлар туғызуы тиіс болатын. Қазақтар бірте-бірте орыс шаруаларының үлгісімен егін егуді игере бастады. Негізгі еңбек құралдары соқа, , , , күрек пен кетпен болды. Егістік жерді суару үшін әр түрлі қүрылғылар (атпа, шыгыр) қолданылды. XIX ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың бас кезінде қазақтар мен орыс шаруалары қатар қоныстанған аудандардағы шаруашылықтарда темір соқалар мен тырмалар пайда болды. Уезд және кейбір болыс орталықтарында ауыл шаруашылық техникасының паркі ашылды.
Суармалы егіншілік Шығыс Қазақстан, Жетісу, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аймақтарында жақсы дамыды. Қазақстанның өзге аудандарында тәлімі егін шаруашылығы кеңінен етек алды.
Қазақтар негізінен бидай, тары, сұлы, күріш және жүгері дақылдарын екті. Шымкент және Перовск уездерінде мақта, Верный уезінде азын-аулақ темекі, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында бақша дақылдары - қарбыз, асқабақ, пияз бен сәбіз өсірілді. Орыс-украин халықтарымен қатар алқаптарда тұратын қашқтар аздап болса да картоп, қияр және басқа да көкөніс түрлерін егумен айналысты. Мал азықтық дақылдардан жоңышқа егу кеңінен етек алды. Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы қазақтар өз шаруашылықтарында бау-бақша дақылдарын өсірумен айналысты.
Аңшылық
Қазақстанның байырғы жергілікті тұрғындары аңшылықпен ерте заманнан бері айналысқан. Ресейдің XVIII ғасырдағы белгілі зерттеушілерінің бірі И.Г. Андреев бұл жөнінде былай деп жазады: «Аңшылық кәсібі аңдардың көптеген түрлерін аулауға бейімделген. Мәселен, қасқыр, түлкі сияқты аңдарды кең далада атпен қуып жүріп аулайды». Қазақ шаруашылығында аңшылық қосымша кәсіп сипатында болды. Ауқатты бай қазақтар аң аулаумен көңіл көтеріп, көмек ету, уақыт өткізу үшін айналысты. Аң аулауға қыран құстар салу, құмай тазылар жүгірту, қақпан және тұзақ құру сияқты толып жатқан тәсілдер қолданылды. Қазақтар қақпанды көбінесе қазақтар мен қоныс аударып келген орыс шаруаларынан сатып алды. XIX ғасырда аң аулауға мылтық пайдаланыла бастады. Қасқыр, түлкі, қарсақ ату кеңінен етек алды. Қымбат бағалы аң терілерін жәрмеңкелер мен сауда орындарына шығарып сататын болды.
Балық аулау
Ірі көлдер мен өзендерде, сондай-ақ Арал және Каспий теңіздерінде балық аулау дамыды. Бұл кәсіппен кедей Қазақтар айналысты. Қазақтар балықты тағам ретінде тұтынды және сату үшін аулады. Ішкі Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруаларының көбеюіне байланысты балыққа деген сұраныс арта түсті. Балық Ертіс пен Жайықта көп ауланатын. Бірақ онда балық аулауға қазақ офицерлері қатаң бақылау орнатты. Қазақтардың бұл кәсіппен айналысуы үшін ендігі жерде солардың қағазын алуына тура келді. Балық аулау әсіресе Сырдария өзені мен Арал теңізінде күшті дамыды. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде онда 10000-ға дейін балықшы қазақтар болды. Балық аулаудың қарқынды дамуына Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы қатты ықпал етті. Балық аулау және оны темір жолмен жөнелту үшін 1905 жылы Арал поселкесі салына бастады.
Дереккөздер
- Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамұра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы. ISBN 9965-34-816-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қarastyrylyp otyrgan kezende kazaktar shagyn auyldar bolyp turatyn Olar negizinen mal sharuashylygymen ajnalysty Zhekelegen ajmaktarda eginshilik pen balyk aulau kәsibi damydy Қazak auylyҚazak auyly Atalmysh kezende kazaktar shagyn eldi auyldarda turdy Қyruar kop maldy bagu үshin olar shagyn auyl bolyp turuga mәzhbүr edi Әr auyldagy sharuashylyk 5 20 otbasynan aspady Әdette auyl en zhakyn tuystardan kuraldy Әr otbasyndagy zhan sany orta eseppen 5 7 adamnan keldi Auyldy en zhasy үlken kisi bi nemese kurmetti aksakal baskardy Әr auyl kobinese belgili bir rubasynyn atymen ataldy Auyl ormannyn shetinde ozennin ne koldin zhagasynda al tauly zherlerde shatkaldyn ishinde ornalasty Orman men tau kysky suyktar men borandar kezinde maldy aman saktaudyn tabigi korganysy sanaldy Ol zherlerden otyn men kurylys materialdaryn zhinap aluga da mүmkindik mol edi Қonys tandagan kezde kazaktar su kozderinin ozender men kolderdin mol suly bulaktardyn boluyn eskerdi Olardan auyz su aldy mal suardy Ondaj su kozderi bolmagan zhagdajda kudyk kazyp aluga tyrysatyn Қazaktardyn kysky zhәne zhazgy turgyn үjleriҚazaktar zhaz kezinde kiiz үjlerde turdy Kiiz үj kej zhagdajlarda kedej kazaktardyn kysky baspanasy da boldy Mundaj kezde ol үjdi birneshe kabat kiizben kymtap irgesin karmen bastyryp tastajtyn Al eldin ontүstiktegi zhyly ajmaktarynda kiiz үjde kysy zhazy birdej tura beruge bolatyn Nemis galymy F fon Shvarc bylaj dep zhazdy Қyrgyz kajsaktardyn kysy zhazy birdej tura beretin birden bir baspanasy kiiz үj bolyp tabylady Kiiz үj adamnyn kashannan bergi ojlap tapkan en gazhajyp praktikalyk oner tabysynyn biri ekeninde day zhok Kiiz үjdin agashtan zhasalatyn bolikterin arnauly sheberler үjshiler al kiizden zhasalatyn zhabdyktaryn kiiz basatyn әjelder әzirlejtin Үjdin bau shularyn kurastyru tigu men zhygu da әjelderdin үlesine tietin Қazaktardyn kalmaky tobesi үjleri de boldy Birak olar ote sirek pajdalanyldy Kiiz үjdin ishindegi en kurmetti bolyp tor sanaldy Torge en syjly adamdar men kadirli konaktar shygarylady Үjge bas sukkan konak kandaj din ustanatynyna kaj ulttyn okili ekendigine karamastan sol үj iesinin senimdi korgauynda bolatyn XIX gasyrdyn 30 50 zhyldarynda kazaktarda otyrykshy omir saltyna koshuge bajlanysty turakty baspana salu үrdisi ornykty Қazaktar kysta turatyn baspanasyn kystaulep atady Қystau topyragy kunarly zherlerge salyndy Ogan zhakyn zherde әdette rulyk zirat turgyzyldy Қystaudyn manynda egistik zhәne shabyndyk zherler boldy Dalalyktar kystaudy adam olimi kobejip ketken nemese mal kyrylyp zhut bolgan kezderi gana tastap ketetin Қystau әr tүrli kurylys materialdarynan tastan agashtan shymnan zhәne shiki salynatyn XIX gasyrdyn sonyna karaj kazaktar tobesi eki zhakty betkejli shatyrmen zhabylatyn үj saludy үjrendi Үjdin ishine kazan asylatyn әri үjdi zhylytatyn pesh ornatyldy Terezenin kozderi maldyn takyr karnymen kersh tastaldy Қysky baspana eki bolikten turdy Olardyn arasynda pesh boldy Onyn bir zhagy kire beristegi auyz үj ekinshi zhagy adamdar turatyn tor үj dep ataldy Tor үjdegi zher edennin үstine naragashtan salyngan alasa oryn zhasaldy Aukatty kazaktardyn үjindegi bolmelerdin sany 3 4 ke dejin zhetti Agashtan kiyp salynatyn agash edenderi bar үjler de pajda bola bastady Әdette ondaj үjlerdi orys ustalary salatyn Қazaktar kiiz үj men kysky turgyn үjdin ishin kamys pen kuragan agash zhәne tezek zhagyp zhylytatyn Қazaktarda osip turgan agashty kesuge katan tyjym salynatyn Turgyn үjler men mal koralary bir birimen zhalgasyp zhatty Қurylystyn mundaj zhinakylygy kysky suyk pen boran kezinde yngajly bolatyn Aulada sharuashylykka arnalgan tobesi kүmbez tәrizdes shoshala turgyzyldy Onda et zhәne baska da azyk tүlik onimderi saktaldy as pisirildi Қys kezinde kolga karap kalatyn mal tүn mal koraga kamalatyn Mal koranyn үstine kobinese pishen zhinalatyn Mal sharuashylygyҚojlarZhylkySiyrEshki Қazaktardyn negizgi sharuashylyk kәsibi mal osiru boldy Olar koshpeli zhәne zhartylaj koshpeli omir saltyn ustandy Қazaktardyn koshi konynyn әr tүrli bolyp keletin Zhana konyska koshuden buryn auyldyn tәzhiribeli adamdary zher sholyp malga zhajly zhajylym izdestiretin Onda zherinin shobi shүjgin mindetti tүrde su kozinin boluy karastyryldy Atalas tuystar әdette belgili bagytta birlesip koshetin Қys kezinde үjir үjir zhylkylar ashyk dalada kardy tuyagymen arshyp tebindep zhajylatyn Zhylky tebindep zhajylgan son ol zherlerge mүjizdi iri kara tүje zhәne uak mal zhiberiletin Mal basy koshpeli kazaktardy iship zhem tagammen kamtamasyz etti Қoj men kulyn eshkinin ilengen terisi tүrli syrt kiimder men ayak kiim tiguge pajdalanyldy Қojdyn zhәne tүjenin zhүninen kiiz basyldy zhip iirilip shekpen tigildi arkan zhip esildi baushular zhasaldy kilem tokyldy Eshkinin tүbiti әdemi de zhyly shәliler tokuga pajdalanyldy Malshylar serkenin ogiz ben zhylkynyn terisinen kudyktan su tartatyn ydys kaugalar kymyz ashytatyn sabalar men susyn kuyatyn torsyktar zhasady Қazaktar maldyn tezegin otyn retinde pajdalandy Koshpeli kazaktardyn osiretin malynyn negizgi tүrleri koj eshki zhylky men tүje boldy XVIII gasyrdyn ekinshi zhartysynan bastap kazaktarda siyr osiru de eleuli tүrde dami bastady Қoj kazaktyn en basty bajlygy sanaldy Қazaktar zhүn di әri koj tukymyn osirdi Қoj kandaj da tozimdi tүlik Ol ystykka da suykka da ashtykka da keledi Iri kojlar 2 putka dejin et 1 putka dejin kujryk majyn 4 kadakka dejin zhүn bere alady Қazak zhylkysy turky alasa keudeli keledi Ol zhyl bojy oz ayagymen tebindep zhajylady Қazak zhylkysy zhүjrik әri ote tozimdi sondyktan da ol ishki Resejden konys audaryp kelgen orystardyn arasynda ote zhogary bagalandy Zhylky maly kazakty etpen kymyzben kamtamasyz etti salt minuge zhәne auyl sharuashylygynda kүsh koligi retinde de pajdalanyldy Siyr maly kalmak siyrlary siyakty usaktau bolyp keledi Sүtti de kop bermejdi Siyr eldin soltүstik ajmaktarynda kobirek osirildi Ony konys audaryp kelgen orys sharualary koptep satyp alatyn Otyrykshy zhәne zhartylaj otyrykshy sharuashylyktarda ol zher zhyrtu kezinde sokaga zhegiletin kүsh koligi retinde pajdalanyldy Қazak bajlary oz siyrlaryn ezhelgi dәstүr bojynsha kedejlerge sauyn retinde taratyp beretin Kedejler siyrdyn sүtin sauyp ishetin Onyn esesine ol siyrlardy zhemshoppen kamtamasyz etip bagyp kүtudi tolin aman osirudi oz mindetterine alatyn Mәselen Perovskij uezinin atakty bajy zhyl sajyn ozinin 700 ge tarta siyryn tap osylaj sauynga berip turgan Қazaktar eshkini negizinen tamasha tүbitine bola osiretin Atakty Orynbor shәlileri kazak eshkilerinin tүbitinen tokylyp kelgeni belgili Қazakta әr otar kojdy bastajtyn serke bolady Tүje tүligi negizinen ajyr orkeshti bolyp keledi Zhalgyz orkeshti nar tүjeler Қazakstannyn ontүstik zhәne ontүstik batys ajmaktarynda osirildi Қazaktar tүjeni koshi kon egin sharuashylygynda kүsh koligi retinde de pajdalandy Tүjeni Resejden konys audaryp kelgen orys sharualary az da bolsa satyp alyp zhүrdi XIX gasyrdyn birinshi zhartysynda Қazakstandagy en iri bajlardyn biri Azynabaj boldy Bayanauyl syrtky okrugynda turatyn onyn 25 mynga zhuyk maly bar edi Al 1917 zhylga karaj Қazakstandagy alty oblysta turatyn kazaktardyn kolyndagy maldyn zhalpy sany 18 million baska bolatyn Өrt koyuZhazgy zhajlaudan kajtkan kazaktar әdette kuragan kүzgi shopke ort koyatyn Kejde mundaj ort erte koktemde de kojyla beretin Dalalyktardyn pikiri bojynsha ondaj ortendi zherde koktem kezinde shop kalyn shygady Ony zhegen mal tez kondanyp semiredi de salmagyn arttyrady Ras ondaj ortterdin boj bermej ketui saldarynan әsirese zheldi kүnderi talaj auyl kyska dajyndap kojgan maya maya pishender ortenip te ketetin Kүzde zhәne koktemde ondaj ortterdin boluyna zhol bermeu үshin kazaktar kystaulardyn toniregindegi kuragan shopterdi kүzge karaj ortejtin boldy Қazakstan aumagyna konys audaryp kelgen orys sharualary sanynyn arta tүsuine bajlanysty patsha үkimetinin әkimshiligi ondaj ort koyu sharalaryna birzholata tyjym saldy ZhutҚazaktar үshin en auyr kez zhut zhyldary boldy Kejde koktajgak muzdardyn nemese shop shykpaj kaludyn saldarynan bүkil mal kyrylyp kalatyn Өjtkeni mal kokpenbek bolyp katyp kalgan kalyn muzdyn kabatyn buzyp shop zhej almajtyn Ondaj zhut kezinde mal myn myndap kyrylatyn En surapyl apatty zhut 1880 zhyly boldy Sol zhyly tek Torgaj oblysynda gana 1 5 millionnan astam mal ashtan kyryldy Қazaktardyn bajkauynsha mundaj auyr zhuttar әrbir 10 12 zhylda bir ret kajtalanatyn koyan kylyna sәjkes keledi Ondaj zhuttardan aman kalu үshin kazaktar shekara shebindegi kazaktar men orys sharualaryna zhakyn kelip konuga tyrysatyn Stanicalar men derevnya turgyndarynan pishen men saban satyp alatyn Zhuttan kejin kүjzelip kajyrshylangan kazak sharuashylyktary endigi zherde eginshilikpen ajnalysuga mәzhbүr boldy Halyktyk mal emdeu tәsiliҚazaktar mal emdeu isinde orasan zor tәzhiribe zhinaktady Қazak dalasy әrbir turgynynyn mal emdeuden edәuir habary boldy Mәselen olar kүjdirgi sheshek karasan zhәne oba siyakty zhukpaly auru pajda bolgan kezde tez konys audarady mal zhajylymyn ozgerte koyady Mundaj aurudan olgen maldy zherge teren etigi komip tastajdy Al ausyl bolgan maldyn auyz kuysy men tilin kyzdyrylgan as tuzymen zhәne mys totygymen yagni totiyajynmen kany shykkansha yskylajdy Kejde tilinin astyndagy kүre tamyrynan kan alady Auru maldy kolenkede ustap ogan zhana orylgan zhumsak shop salady kalaganynsha tuz zhalatady Қotyr bolgan maldy majymen emdegen nemese tuzdy kolge togytkan Қotyr maldy kejde uly osimdik tamyry kajnatylgan sudyn arnajy tүnbasyn zhagyp ta zhazyp algan Mundaj aurulardy emdeu kezinde kerosin men temeki kosyp kajnatylgan sudyn tүnbasy da pajdalanylgan Shop shabu isinin damuyXIX gasyrdyn ekinshi zhartysynda kazaktar shop shabumen ajnalysa bastady Alajda koshpelilerdin shabyndyk zherleri Resejden konys audaryp kelgen sharualarga kazaktardyn stanicalaryna әskeri bekinister men zhanadan salyna bastagan kalalarga berile bastady Myn myndagan mal basyn kyryp salatyn zhut zhyldary zhii kajtalanatyn boldy Al ondaj kezde mal basyn aldyn ala dajyndalgan shop kory mol bolgan zhagdajda gana aman saktap kaluga bolatyn edi Қonys audaryp kelgen orys sharualary kazaktardan siyrdy koptep satyp ala bastady Munyn ozi mүjizdi iri karanyn sanyn arttyra tүsu kazhettigin tudyrdy Al siyrdy kolda ustap bagu mal azygyn dajyndauga degen ynta ykylasty kүshejtti Shop temir shalgylarmen shabyldy Қonys audaryp kelgen orys sharualarynan үlgi algan kazaktarda negizinen atka zhegilip shop shabatyn mashinalar da pajda boldy XX gasyrdyn bas kezinde Қazakstannyn soltүstik ortalyk soltүstik shygys ajmaktarynda sharuashylyktardyn 90 pajyzga zhuygy shop shabumen ajnalysudy kәsip etti Eginshilik kәsibiҚiyarSәbizAskabak Syrdariyanyn eki zhak onirinde Zhetisu zherinde sondaj ak Қazakstannyn Soltүstik Soltүstik shygys zhәne Ortalyk ajmaktaryndagy kejbir ozender men kolderdin zhagalaularynda kazaktar eginshilikpen sonau erte zamannyn ozinde ajnalyskan bolatyn XIX gasyrdyn ayak kezinde eldin Ortalyk Soltүstik zhәne Soltүstik shygys ajmaktarynda eginshilikpen ajnalysuga zhappaj bet buru bajkaldy Ishki Resejden konys audarushy sharualardyn koptep keluine zhәne Қazakstandagy kala halky sanynyn arta tүsuine bajlanysty mal zhajylymdarynyn kolemi kyskara bastady Otbasy mүshelerin asyrau men kolda bar maldy zhemshoppen kamtamasyz etu endigi zherde egin egudi ujymdastyru men damytuga bajlanysty bolyp kaldy Otyrykshy eginshilik kәsibimen ajnalysuga koshu kazaktardy ezhelden konystangan zherlerinen kүshtep koshiru zhәne baska zhakka kuyp shygu әreketterine tyjym salatyn edi Patsha үkimeti kazaktardyn turakty otyrykshy omir saltyna koshuge degen yntasyn koldap otyrdy Patsha үkimetinin pikiri bojynsha bul sharalar Resejden konys audarushy sharualar үshin kyruar kop zher tolimderin bosatyp berui zhәne kazaktardy baskaru үshin kolajly zhagdajlar tugyzuy tiis bolatyn Қazaktar birte birte orys sharualarynyn үlgisimen egin egudi igere bastady Negizgi enbek kuraldary soka kүrek pen ketpen boldy Egistik zherdi suaru үshin әr tүrli kүrylgylar atpa shygyr koldanyldy XIX gasyrdyn ayak kezi men XX gasyrdyn bas kezinde kazaktar men orys sharualary katar konystangan audandardagy sharuashylyktarda temir sokalar men tyrmalar pajda boldy Uezd zhәne kejbir bolys ortalyktarynda auyl sharuashylyk tehnikasynyn parki ashyldy Suarmaly eginshilik Shygys Қazakstan Zhetisu Ontүstik zhәne Ontүstik Shygys Қazakstan ajmaktarynda zhaksy damydy Қazakstannyn ozge audandarynda tәlimi egin sharuashylygy keninen etek aldy Қazaktar negizinen bidaj tary suly kүrish zhәne zhүgeri dakyldaryn ekti Shymkent zhәne Perovsk uezderinde makta Vernyj uezinde azyn aulak temeki Қazakstannyn ontүstik zhәne ontүstik shygys audandarynda baksha dakyldary karbyz askabak piyaz ben sәbiz osirildi Orys ukrain halyktarymen katar alkaptarda turatyn kashktar azdap bolsa da kartop kiyar zhәne baska da kokonis tүrlerin egumen ajnalysty Mal azyktyk dakyldardan zhonyshka egu keninen etek aldy Қazakstannyn ontүstik ajmaktaryndagy kazaktar oz sharuashylyktarynda bau baksha dakyldaryn osirumen ajnalysty AnshylykAnshylyk Қazakstannyn bajyrgy zhergilikti turgyndary anshylykpen erte zamannan beri ajnalyskan Resejdin XVIII gasyrdagy belgili zertteushilerinin biri I G Andreev bul zhoninde bylaj dep zhazady Anshylyk kәsibi andardyn koptegen tүrlerin aulauga bejimdelgen Mәselen kaskyr tүlki siyakty andardy ken dalada atpen kuyp zhүrip aulajdy Қazak sharuashylygynda anshylyk kosymsha kәsip sipatynda boldy Aukatty baj kazaktar an aulaumen konil koterip komek etu uakyt otkizu үshin ajnalysty An aulauga kyran kustar salu kumaj tazylar zhүgirtu kakpan zhәne tuzak kuru siyakty tolyp zhatkan tәsilder koldanyldy Қazaktar kakpandy kobinese kazaktar men konys audaryp kelgen orys sharualarynan satyp aldy XIX gasyrda an aulauga myltyk pajdalanyla bastady Қaskyr tүlki karsak atu keninen etek aldy Қymbat bagaly an terilerin zhәrmenkeler men sauda oryndaryna shygaryp satatyn boldy Balyk aulauBalyk aulau Iri kolder men ozenderde sondaj ak Aral zhәne Kaspij tenizderinde balyk aulau damydy Bul kәsippen kedej Қazaktar ajnalysty Қazaktar balykty tagam retinde tutyndy zhәne satu үshin aulady Ishki Resejden konys audaryp kelgen orys sharualarynyn kobeyuine bajlanysty balykka degen suranys arta tүsti Balyk Ertis pen Zhajykta kop aulanatyn Birak onda balyk aulauga kazak oficerleri katan bakylau ornatty Қazaktardyn bul kәsippen ajnalysuy үshin endigi zherde solardyn kagazyn aluyna tura keldi Balyk aulau әsirese Syrdariya ozeni men Aral tenizinde kүshti damydy Mәselen XX gasyrdyn bas kezinde onda 10000 ga dejin balykshy kazaktar boldy Balyk aulaudyn karkyndy damuyna Orynbor Tashkent temir zholynyn salynuy katty ykpal etti Balyk aulau zhәne ony temir zholmen zhoneltu үshin 1905 zhyly Aral poselkesi salyna bastady DerekkozderҚazakstan tarihy XVIII gasyr 1914 zhyl Zhalpy bilim beretin mekteptin 8 synybyna arnalgan okulyk Қabyldinov Z E Қajypbaeva A T Almaty Atamura 2008 352 bet suretti kartaly ISBN 9965 34 816 2Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet