Соқа – жер өңдеу құралы.
Адамзат өркениетінің қалыптасуы мен дамуы барысында орасан зор орын алған, көне дәуірлерден қазірге дейін қолданылып келе жатқан бұл еңбек құралы мыңдаған жылдар бойы жетіле келе ертедегі қарапайым имек ағаштан осы заманғы күрделі а. ш. техникасына айналды. Ерте егіншілік мәдениеті пайда болған әлемнің аса ірі сегіз орталығында (Қытай, Үндістан, Алдыңғы Азия, Орта Азия, Жерорта теңізі жағалауы, Эфиопия, Орталық Америка, Оңтүстік Америка) жер өңдеу саласы терімші-аңшылықтың гүлденген кезеңінен кейін барып қалыптасты. Терімші қауымдар тұтынған мүйіз, ағаш кетпендер мен жерқазғыштар іс жүзінде ежелгі соқаның пайда болуының алғы шарты еді. Ежелгі қауымдар пішіні жағынан қазіргі құралдарға ұқсас кетпендер мен түзу ұшталған имек таяқ жерқазғыштарды жеуге жарамды тамырлар мен түйіндерді қопарып алуға пайдалана отырып, оны өгіз, бұқа, есек, ат сияқты үй жануарларына тіркеу идеясына, яғни алғашқы соқаның идеясына жетті. Бұл ретте, әсіресе, дәнді дақылдардың жабайы түрлерін азық қылуға дағдыланған өлкелердің маңызы ерекше болды. Ерте егіншілік, малшылық салалары қалыптасқан неолиттік төңкерістің қарқындаған тұсында соқа пайда болып, мұнан әрі жер өңдеу кәсібі соқа қолданылатын және соқа қолданылмайтын екі үлкен түрге жіктелді. Мұны ғылымда соқалы егіншілік (танаптар малға, адамға жегілген соқамен өңделді) және кетпенді егіншілік (кетпендер, жерқазғыштар пайдаланылды) деп атады. Бұл айырмашылықтың басты себебі – ежелгі қауымдардың бір-бірінен әлдеқандай нәсілдік артық-кемшіліктерінде емес, табиғи-экологиялық жағдайлардың алуан түрлілігінде болды. Соқаны пайдалану орман-бұтасыз, кең, тегіс алқаптары жеткілікті, жер қыртысы жұмсақ, тасы жоқ, мол су көзі бар, жауын-шашын мен күн қызуы өзара қолайлы үйлесімін тапқан өңірлерде қалыптасты. Ежелгі Азия, Африканың Шумер, Египет, Қытай, Үндістаннан өзге соқа анағұрлым кейін пайда болған Еуропа өлкелерінде де осы іспетті табиғи-экологиялық алғы шарттар орын алды. Азияның, Африканың, Американың, көптеген аралдардың ну-жынысты, биік таулы, ауа райы мен жауын-шашынның өз ерекшелігі бар тропиктік белдеулі өлкелерінде кетпенді егіншілік ұзақ уақыт сақталды. Мұндай өлкелердің біреуінде кейіннен жаңа заман ағымымен жаңартылған плантациялар дамыған болса, енді біреуінде осы күнге дейін егіншіліктің байырғы түрі қолданылып келеді. Н.Н. Миклухо-Маклайдың Жаңа Гвинея папуастарынан көріп, сипаттап жазған жерді өңдеу тәсілі бойынша, ағаш-бұталардың тамырымен араласып, бітісіп қалған қыртысты ерлер алдымен ағаш таяқтармен шанши аударып кетіп, соңынан әйелдер басы жуан шоқпар тәрізді құралдармен тамырларды ұрып, топырақтан босатып отырған, ал одан кейінгі топ, кейде жас өспірімдер қолдарымен қосымша қопсытатын болған. Археолог С.А. Семенов дәл осындай жағдайда темір күрек, кетпендерді пайдаланып көруге негізделген арнаулы ғылылыми тәжірибе жүргізгенде, алынған нәтиже жергілікті тұрғындардың байырғы тәсілінің нәтижесінен әлдеқайда төмен болып шыққан. Соқа негізінен Азия құрлығы өркениетінің жемісі. Ғылыми деректерде соқалы егіншілік Алдыңғы Азияда, яғни Ежелгі Месопотамияда байырғы шумер дәуірінде б.з.б. 6-мыңжылдықтың аяғы мен 5-мыңжылдықтың бас кезінде пайда болғандығы айтылады. Б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғына жататын байырғы шумерлік пиктография жазуында алғашқы соқаның суреті берілген. Соқа туралы көне жазба деректер дамыған шумер кезеңінен жеткен тақтайшалы жазулар да кездеседі. Мұндағы “Диқан күнтізбесі” аталып кеткен барлығы 10-нан асатын тақтайшада жерді өңдеп күту, егін егу мен оны жинауға байланысты пайдалы кеңестер, “бардиль” соқасы, “шукин” соқасы жайлы айтылады. Шумерлік жазбаларда кетпен мен соқаның айтысын сипаттаған әдеби шығарма да бар. Егіншілік жайлы жазба деректердің үлкен шоғыры Грекия, Рим әдебиетінде сақталған. Рим әдебиетінде жер өңдеу жайлы , , , , атақты ақын Вергилий, т.б. деректер қалдырды. Ссоқаның түрлерін жүйелеп шыққан Ю.А. Краснов көне дәуірлердегі соқаларды құрылымы, шығу тегі жағынан бір-бірінен бөлек үш негізгі түрге бөледі. Бірінші түрге жататын 2 тұтқалы қисық жетекті соқа көне Шумер елінде пайда болған алғашқы соқа болып саналады. Яғни, соқаның бұл түрінің қалыптасуы ерте егіншіліктің әлемдік орталықтарының бірі – Алдыңғы Азиямен байланысты. Құрылымы бойынша ұзын тәртеге қисық пішінді қосымша таяқ немесе жетек жалғанып, ол сәл көлбеу соқа денесіне бекітілген. Жоғары тұсындағы арнаулы түтіктен тұқымдық дән себілген. Бұл түр б.з.б. 5 – 4-мыңжылдықтарда негізінен Месопотамия мен оның ықпалы тараған төңіректе, оның ішінде б.з.б. 3-мыңжылдықта Кавказ бойы өлкелерінде тараған. Көне мәдениеттің Шумерден кейінгі келесі бір аса ірі орталығы Египетте 2 тұтқалы, тік жетекті, аздап өзгерген нұсқасы қалыптасты. Мұның тағы бір нұсқасы, яғни 1 тұтқалы қисық жетекті С. б.з.б. 2-мыңжылдықтың басында Солтүстік Месопотамиядан бастау алып, Жерорта теңізі жағалаулары, Пиреней түбегі арқылы Еуропаның батыс жағалаулық өңірлеріне, Солтүстік Еуропа, Фенноскандия елдеріне тарады. Ежелгі соқаның 2-түрі, яғни 1 тұтқалы тік жетекті соқа Орта Азияның оңтүс-батыс өлкелерінде, сонымен қатар Солтүстік Үндістанда және Пәкістан, Ауғанстанның оларға жапсарлас өңірлерінде б.з.б. 4- мыңжылдықтың соңы мен 3-мыңжылдықтың басында дербес қалыптасып, осы аумақтан алыс-жақын көптеген елдерге кеңінен тараған. Орта Азия, Қазақстан, Сібір өлкелері ғана емес, Қытай мәдениеттерінде қолданылған (б.з.б. 2-мыңжылдық) соқа да осыдан бастау алады. Сондай-ақ ортаазиялық соқа Каспийдің солтүстік далалары арқылы Қара теңіз аймағы, бүкіл Шығыс Еуропаға тарап, б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасында Орталық Еуропада белгілі болған. Яғни, қазақтың жерағашы, ортаазиялық омаш, тываның андазыны сияқты құралдар көне соқаның жергілікті түрінен басталады деуге болады. Ерте дәуірлердегі соқаның 3-түрі – тұтас жетекті, табанды соқалар. Жетек пен соқа денесі біртұтас, яғни ағаштың иілген кесіндісінен жасалған құралдардың жерге түсетін жағына арнаулы табан орналасады. Бұлар ежелгі егіншілік мәдениетінің Жерорта теңізі орталығында б.з.б. 3-мыңжылдықтың соңы мен 2-мыңжылдықтың басында пайда болған деп пайымдалады. Шығыс Жерорта теңізі жағалауларынан бастау алып, Кипр, Крит аралдарын қоса алғанда, теңіздің жағалау бойлықтарында кеңінен тараған. Кейінгі дәуірлерде құралдың бұл түрі Еуропа елдеріне, әсіресе, грек, рим мәдени ықпалдары арқылы беріліп келген. Ежелгі дәуір соқаларының осы үш түрі кейіннен әрі қарай тарап, әр өлкеде түрлі деңгейде жетілдіріліп отырды. Көне жеңіл соқаның орнына пайда болған табанды соқа жер қыртысын үстінен тілмей, астынан қопаруға мүмкіндік берді әрі құралдың орнықтылығын күшейтті. Мұнан кейін аударғыш қызметін атқаратын бөліктер енгізіліп, қопарылған қыртыс енді аударылатын болды. Қазақ жерінде қола дәуірінде мал шаруашылығына қосымша сала ретінде өркендеген егіншілікті нақты заттай айғақтар жоқ болғандықтан, кетпенді егіншілікке жатқызады. Қара теңіздіңдің солтүстігін мекендеген скифтерде соқалы егіншілік дамыды. Геродот (б.з.б. 5 ғ.) мұның бір бөлігін егінші-скифтер деп атады. “Алғашқы” скиф Тарғытайдың үш ұлына алтын соқа, қамыт, қылыш, аяқ сияқты заттар берілген деп келетін далалықтардың белгілі аңызы да мұны растайды. 1768 жылы неміс саяхатшысы Украинадан көріп, сипаттап жазған шығыс славяндардың “рало” аталған соқасы осы скиф заманынан жеткен құралдардың бірі. Кейбір мәліметтерде соқалы егіншілік ғұн, қаңлы, үйсін тайпаларында белгілі болған. бастап, соқа туралы деректер неғұрлым нақтыланады. Ағаштан жасалған, бір тұтқалы тік жетекті табанды соқа Ақбешім қаласын (8 ғ. қабаты) қазу барысында табылса, Талғар қаласының 11 – 12 ғасырлардағы қабатынан ұзындығы 20 – 35 см-ге жететін, темірден соғылған соқа ұштықтарының (тіс) бір тобы кездескен. Қазақ диқандары топырағы жеңіл өлкелерде көбіне жеңілдеу жерағашты қолданды, ал қыртысы қатты Арқада бұған қоса оның ауырлатылған түрлерін де пайдаланды. 19 ғасырдың екінші жартысына қарай қолданыла бастаған ат сабан соқа осындай ауыр түріне жатады. Өндірістік қатынастар жедел дамыған 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында қазақ тұрмысында жалпы Ресей империясының экономикасына Батыс Еуропа елдерінің әсерімен тараған “плуг” (неміс: pflug, ағылшын. plough) соқасы қолданысқа енді. Соқаның жетілдірілген әрі қымбат бұл түрін ауқатты қазақтар зауытынан, Ген, сияқты кәсіпкерлердің компанияларынан да сауданың түрлі әдістерімен алып отырды. Мұның ең тиімдісі көптүренді “плугтар” еді, бірақ бағасы қымбат болғандықтан, оны тек байлар алды. Мысалы, 1913 жылы Қостанай уезінің қазақтарында біртүренді 29038, көптүренді 16828 “плуг” болған. Бұл кезеңде диқандардың негізгі бөлігі қай өлкеде болмасын дәстүрлі жерағаш, омаш, ат сабанды пайдаланды. 20 ғасырдың 30-жылдарынан бастап қазіргі заманғы соқа түрлері пайда болды.
Дереккөздер
- Новиков Ю.Ф., Генезис плуга и этнография / СЭ, 1963, 2;
- Семенов С.А., Происхождение земледелия, М., 1974;
- Краснов Ю.А., Древнейшие пахотные орудия, М., 1976;
- Скорняков С.М., От шумеров до наших дней, М., 1977;
- Хозяйство казахов на рубеже 19 – 20 веков, А., 1980.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Soka zher ondeu kuraly Atsaban sokaAgash soka Adamzat orkenietinin kalyptasuy men damuy barysynda orasan zor oryn algan kone dәuirlerden kazirge dejin koldanylyp kele zhatkan bul enbek kuraly myndagan zhyldar bojy zhetile kele ertedegi karapajym imek agashtan osy zamangy kүrdeli a sh tehnikasyna ajnaldy Erte eginshilik mәdenieti pajda bolgan әlemnin asa iri segiz ortalygynda Қytaj Үndistan Aldyngy Aziya Orta Aziya Zherorta tenizi zhagalauy Efiopiya Ortalyk Amerika Ontүstik Amerika zher ondeu salasy terimshi anshylyktyn gүldengen kezeninen kejin baryp kalyptasty Terimshi kauymdar tutyngan mүjiz agash ketpender men zherkazgyshtar is zhүzinde ezhelgi sokanyn pajda boluynyn algy sharty edi Ezhelgi kauymdar pishini zhagynan kazirgi kuraldarga uksas ketpender men tүzu ushtalgan imek tayak zherkazgyshtardy zheuge zharamdy tamyrlar men tүjinderdi koparyp aluga pajdalana otyryp ony ogiz buka esek at siyakty үj zhanuarlaryna tirkeu ideyasyna yagni algashky sokanyn ideyasyna zhetti Bul rette әsirese dәndi dakyldardyn zhabajy tүrlerin azyk kyluga dagdylangan olkelerdin manyzy erekshe boldy Erte eginshilik malshylyk salalary kalyptaskan neolittik tonkeristin karkyndagan tusynda soka pajda bolyp munan әri zher ondeu kәsibi soka koldanylatyn zhәne soka koldanylmajtyn eki үlken tүrge zhikteldi Muny gylymda sokaly eginshilik tanaptar malga adamga zhegilgen sokamen ondeldi zhәne ketpendi eginshilik ketpender zherkazgyshtar pajdalanyldy dep atady Bul ajyrmashylyktyn basty sebebi ezhelgi kauymdardyn bir birinen әldekandaj nәsildik artyk kemshilikterinde emes tabigi ekologiyalyk zhagdajlardyn aluan tүrliliginde boldy Sokany pajdalanu orman butasyz ken tegis alkaptary zhetkilikti zher kyrtysy zhumsak tasy zhok mol su kozi bar zhauyn shashyn men kүn kyzuy ozara kolajly үjlesimin tapkan onirlerde kalyptasty Ezhelgi Aziya Afrikanyn Shumer Egipet Қytaj Үndistannan ozge soka anagurlym kejin pajda bolgan Europa olkelerinde de osy ispetti tabigi ekologiyalyk algy sharttar oryn aldy Aziyanyn Afrikanyn Amerikanyn koptegen araldardyn nu zhynysty biik tauly aua rajy men zhauyn shashynnyn oz ereksheligi bar tropiktik beldeuli olkelerinde ketpendi eginshilik uzak uakyt saktaldy Mundaj olkelerdin bireuinde kejinnen zhana zaman agymymen zhanartylgan plantaciyalar damygan bolsa endi bireuinde osy kүnge dejin eginshiliktin bajyrgy tүri koldanylyp keledi N N Mikluho Maklajdyn Zhana Gvineya papuastarynan korip sipattap zhazgan zherdi ondeu tәsili bojynsha agash butalardyn tamyrymen aralasyp bitisip kalgan kyrtysty erler aldymen agash tayaktarmen shanshi audaryp ketip sonynan әjelder basy zhuan shokpar tәrizdi kuraldarmen tamyrlardy uryp topyraktan bosatyp otyrgan al odan kejingi top kejde zhas ospirimder koldarymen kosymsha kopsytatyn bolgan Arheolog S A Semenov dәl osyndaj zhagdajda temir kүrek ketpenderdi pajdalanyp koruge negizdelgen arnauly gylylymi tәzhiribe zhүrgizgende alyngan nәtizhe zhergilikti turgyndardyn bajyrgy tәsilinin nәtizhesinen әldekajda tomen bolyp shykkan Soka negizinen Aziya kurlygy orkenietinin zhemisi Ғylymi derekterde sokaly eginshilik Aldyngy Aziyada yagni Ezhelgi Mesopotamiyada bajyrgy shumer dәuirinde b z b 6 mynzhyldyktyn ayagy men 5 mynzhyldyktyn bas kezinde pajda bolgandygy ajtylady B z b 4 mynzhyldyktyn ayagyna zhatatyn bajyrgy shumerlik piktografiya zhazuynda algashky sokanyn sureti berilgen Soka turaly kone zhazba derekter damygan shumer kezeninen zhetken taktajshaly zhazular da kezdesedi Mundagy Dikan kүntizbesi atalyp ketken barlygy 10 nan asatyn taktajshada zherdi ondep kүtu egin egu men ony zhinauga bajlanysty pajdaly kenester bardil sokasy shukin sokasy zhajly ajtylady Shumerlik zhazbalarda ketpen men sokanyn ajtysyn sipattagan әdebi shygarma da bar Eginshilik zhajly zhazba derekterdin үlken shogyry Grekiya Rim әdebietinde saktalgan Rim әdebietinde zher ondeu zhajly atakty akyn Vergilij t b derekter kaldyrdy Ssokanyn tүrlerin zhүjelep shykkan Yu A Krasnov kone dәuirlerdegi sokalardy kurylymy shygu tegi zhagynan bir birinen bolek үsh negizgi tүrge boledi Birinshi tүrge zhatatyn 2 tutkaly kisyk zhetekti soka kone Shumer elinde pajda bolgan algashky soka bolyp sanalady Yagni sokanyn bul tүrinin kalyptasuy erte eginshiliktin әlemdik ortalyktarynyn biri Aldyngy Aziyamen bajlanysty Қurylymy bojynsha uzyn tәrtege kisyk pishindi kosymsha tayak nemese zhetek zhalganyp ol sәl kolbeu soka denesine bekitilgen Zhogary tusyndagy arnauly tүtikten tukymdyk dәn sebilgen Bul tүr b z b 5 4 mynzhyldyktarda negizinen Mesopotamiya men onyn ykpaly taragan tonirekte onyn ishinde b z b 3 mynzhyldykta Kavkaz bojy olkelerinde taragan Kone mәdeniettin Shumerden kejingi kelesi bir asa iri ortalygy Egipette 2 tutkaly tik zhetekti azdap ozgergen nuskasy kalyptasty Munyn tagy bir nuskasy yagni 1 tutkaly kisyk zhetekti S b z b 2 mynzhyldyktyn basynda Soltүstik Mesopotamiyadan bastau alyp Zherorta tenizi zhagalaulary Pirenej tүbegi arkyly Europanyn batys zhagalaulyk onirlerine Soltүstik Europa Fennoskandiya elderine tarady Ezhelgi sokanyn 2 tүri yagni 1 tutkaly tik zhetekti soka Orta Aziyanyn ontүs batys olkelerinde sonymen katar Soltүstik Үndistanda zhәne Pәkistan Auganstannyn olarga zhapsarlas onirlerinde b z b 4 mynzhyldyktyn sony men 3 mynzhyldyktyn basynda derbes kalyptasyp osy aumaktan alys zhakyn koptegen elderge keninen taragan Orta Aziya Қazakstan Sibir olkeleri gana emes Қytaj mәdenietterinde koldanylgan b z b 2 mynzhyldyk soka da osydan bastau alady Sondaj ak ortaaziyalyk soka Kaspijdin soltүstik dalalary arkyly Қara teniz ajmagy bүkil Shygys Europaga tarap b z b 2 mynzhyldyktyn ortasynda Ortalyk Europada belgili bolgan Yagni kazaktyn zheragashy ortaaziyalyk omash tyvanyn andazyny siyakty kuraldar kone sokanyn zhergilikti tүrinen bastalady deuge bolady Erte dәuirlerdegi sokanyn 3 tүri tutas zhetekti tabandy sokalar Zhetek pen soka denesi birtutas yagni agashtyn iilgen kesindisinen zhasalgan kuraldardyn zherge tүsetin zhagyna arnauly taban ornalasady Bular ezhelgi eginshilik mәdenietinin Zherorta tenizi ortalygynda b z b 3 mynzhyldyktyn sony men 2 mynzhyldyktyn basynda pajda bolgan dep pajymdalady Shygys Zherorta tenizi zhagalaularynan bastau alyp Kipr Krit araldaryn kosa alganda tenizdin zhagalau bojlyktarynda keninen taragan Kejingi dәuirlerde kuraldyn bul tүri Europa elderine әsirese grek rim mәdeni ykpaldary arkyly berilip kelgen Ezhelgi dәuir sokalarynyn osy үsh tүri kejinnen әri karaj tarap әr olkede tүrli dengejde zhetildirilip otyrdy Kone zhenil sokanyn ornyna pajda bolgan tabandy soka zher kyrtysyn үstinen tilmej astynan koparuga mүmkindik berdi әri kuraldyn ornyktylygyn kүshejtti Munan kejin audargysh kyzmetin atkaratyn bolikter engizilip koparylgan kyrtys endi audarylatyn boldy Қazak zherinde kola dәuirinde mal sharuashylygyna kosymsha sala retinde orkendegen eginshilikti nakty zattaj ajgaktar zhok bolgandyktan ketpendi eginshilikke zhatkyzady Қara tenizdindin soltүstigin mekendegen skifterde sokaly eginshilik damydy Gerodot b z b 5 g munyn bir boligin eginshi skifter dep atady Algashky skif Targytajdyn үsh ulyna altyn soka kamyt kylysh ayak siyakty zattar berilgen dep keletin dalalyktardyn belgili anyzy da muny rastajdy 1768 zhyly nemis sayahatshysy Ukrainadan korip sipattap zhazgan shygys slavyandardyn ralo atalgan sokasy osy skif zamanynan zhetken kuraldardyn biri Kejbir mәlimetterde sokaly eginshilik gun kanly үjsin tajpalarynda belgili bolgan bastap soka turaly derekter negurlym naktylanady Agashtan zhasalgan bir tutkaly tik zhetekti tabandy soka Akbeshim kalasyn 8 g kabaty kazu barysynda tabylsa Talgar kalasynyn 11 12 gasyrlardagy kabatynan uzyndygy 20 35 sm ge zhetetin temirden sogylgan soka ushtyktarynyn tis bir toby kezdesken Қazak dikandary topyragy zhenil olkelerde kobine zhenildeu zheragashty koldandy al kyrtysy katty Arkada bugan kosa onyn auyrlatylgan tүrlerin de pajdalandy 19 gasyrdyn ekinshi zhartysyna karaj koldanyla bastagan at saban soka osyndaj auyr tүrine zhatady Өndiristik katynastar zhedel damygan 19 gasyrdyn ayagy men 20 gasyrdyn basynda kazak turmysynda zhalpy Resej imperiyasynyn ekonomikasyna Batys Europa elderinin әserimen taragan plug nemis pflug agylshyn plough sokasy koldanyska endi Sokanyn zhetildirilgen әri kymbat bul tүrin aukatty kazaktar zauytynan Gen siyakty kәsipkerlerdin kompaniyalarynan da saudanyn tүrli әdisterimen alyp otyrdy Munyn en tiimdisi koptүrendi plugtar edi birak bagasy kymbat bolgandyktan ony tek bajlar aldy Mysaly 1913 zhyly Қostanaj uezinin kazaktarynda birtүrendi 29038 koptүrendi 16828 plug bolgan Bul kezende dikandardyn negizgi boligi kaj olkede bolmasyn dәstүrli zheragash omash at sabandy pajdalandy 20 gasyrdyn 30 zhyldarynan bastap kazirgi zamangy soka tүrleri pajda boldy DerekkozderNovikov Yu F Genezis pluga i etnografiya SE 1963 2 Semenov S A Proishozhdenie zemledeliya M 1974 Krasnov Yu A Drevnejshie pahotnye orudiya M 1976 Skornyakov S M Ot shumerov do nashih dnej M 1977 Hozyajstvo kazahov na rubezhe 19 20 vekov A 1980