Металлургия (грек. metallurgeo – руда өндіремін, металл өңдеймін; metallon - рудник, металл және ergon - жұмыс) — ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу үдерістерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру үдерістерін қамтитын саласы.
Металлургиялық үдерістер
Металлургиялық үдерістер:
- жер қойнауынан қазылып алынған руданы алдын ала өңдеу;
- кентастардан және басқа материалдардан металды алу процестері, металдарды қажетсіз қоспалардан тазарту;
- металдар мен қорытпалар өндіру;
- металдарды термомеханикалық өңдеу;
- металдарды қысыммен және құймалап өңдеу;
- металл бұйымдардың бетін әрлеу не қорғау мақсатында басқа металл қабатымен қаптау;
- металл бұйымдардың беттеріне басқа металдар мен бейметалдарды диффузиялық енгізу.
Тарихы мен даму жолдары
- Металлургияның қарапайым салалары адамзатқа өте ерте заманнан белгілі болған. Кіші Азияны мекендеген халықтар б.э.б. 7-6 мыңыншы жылдардың өзінде мыс өндірген. Сол кезде-ақ адамзат таза алтын, күміс және метеориттік темірмен танысқан.
- Алғашқы кезде бұйымдар жасау үшін металдар салқын күйінде өңделген. Темір мен мыс салқындай өңдеуге икемсіз келген. Сондықтан кең таралмаған. Ұсталық өнердің дамуына байланысты металдарды ыстықтай өңдеу тәсілі ашылды. Бұл жаңа технологиялық тәсіл болды. Осыдан соң мыс бұйымдар жасау кең таралған. Тотықтанған рудалардан мыс қорыту және құю әдісі игерілген соң мыс өндіру және оны пайдалану (б.э.б. 5-4 мыңыншы жылдары) шапшаң дами бастаған. Таяу Шығыс пен Орта Еуропада б.э.б. 2000 жылдары сульфидтік рудалардан күйдіру және қайта қорыту тәсілдерімен мыс тазалау және қола өндіру игерілді. Бұл кезең қола дәуірінің басы болды. Осы кезеңдерде мыс өндіретін көріктер, зауыттар мен фабрикалар пайда бола бастады. Мыс өндірісіндегі елеулі бет бұрыс В.А.Семенников ұсынған (1866) штейнді конвертерлеу тәсілінен кейін өріс алған. 1880 жылы француз металлургы Мане балқыламаларға бір бүйірінен ауа үрлеу тәсілін ұсынады. Мыс металлургиясын әрі қарай дамытуға кен байыту процестерінің кемелдендірілуі, гидрометаллургиялық тәсілдің, бактериялар арқылы кен байыту әдісінің ашылуы әсерін тигізді.
- Темір - алғашқы кезде өте қарапайым әдіспен от шоғында балқыту, ал бертін келе үрлеу көрігі арқылы өндірілетін болған. Бұл әдістер бойынша алынған темірдің құрамында көміртек мардымсыз аз болатындықтан, одан жасалған бұйымдар жұмсақ болды. Көміртекті темір алу әдістері ашылған соң темір маталлургиясы жаңа даму алды. Б.э.б. 1000 жылдары адамзат пайдаланған материалдардың ішінде темірдің маңызы зор болды. Көріктің аумағын үлкейту және құрылысын кемелдендіру негізінде 14 ғасырда кішігірім домна пеші (домница) пайда болды. Орта ғасырларда шағын домна пештерімен темір, шойын және болат өндіру игерілді. 1740 жылы Англияда темірді тигель әдісі өндіріске енгізлді. Бұл әдіс бұған дейін шығыс халықтарына белгілі-тін. Тигельдік қорыту әдісі негізінде құйма болат алу игерілді.
- Шойын металлургиясының жоғары сатыға көтерілуіне дымқыл ауа үрлу әдісінің ашылуы. қыздыруға коксты пайдалану (1735), ауа үрлеуге бу машинасын пайдалану (1782) т.б. жайттар себепкер болады.
- Болат металлургиясының қарқынды дамуына бессемер процесінің ашылуы (1856), мартен (1864) және томас (1878) процестерінің өндіріске енгізілуі зор ықпал жасайды. 20 ғасырда болат өндірісі агрегат қауатын арттыру, таза оттек үрлеу, конвертерді пайдалану, болатты үздіксіз құю т.б. технологиялық жаңа тәсілдердің пайдаланылуына сәйкес жаңа сатыға көтеріледі.
- Алтын табиғатта таза күйінде кездесетіндіктен ол ерте кезден-ақ құмды шаю арқылы өндірілетін. Алтынды күмістің қоспасынан тазарту үшін ауамен тотықтандыру және күмісті қыздыру арқылы сульфидке түрлендіріп барып тазарту әдістері пайдаланылады. 13-14 ғасырларда алтыннан күмісті ажырату үшін азот қышқылын пайдалану әдісі ашылды. Орыс ғалымы П.Р.Багратион 1843 жылы алтын рудаларын циандау тәсілін ұсынды. Алтын металлургиясы флотациялық және гравитациялық кен байыту тәсілдері ашылған соң жедел қарқынмен дами бастады.
- Қорғасын алғашқы кезде күміс галонитінен ажыратылып алынатынды. Бұл процесс руданы күйдіруден көрікпен не ликвациялық балқытулардан тұрды. Қазіргі кезде қорғасын полиметалл рудаларын флотациялық байыту, агломерациялық күйдіру, шахталық пеште тотықсыздандыру және тазалу тәсілдері бойынша өндіріледі.
- Қалайы - адамзаттың көне заманда игерген алғашқы металдарының бірі. Ол қарапайым шахталық пештерде қорытылып, бөгде қоспалардан ликвациялық және тотықтандыру тәсілдері бойынша арылтылатын. Қалайының рудадағы мөлшері қорғасынға қарағанда өте аз әрі онда неше түрлі бөгде қоспалар (күкірт, мышьяк, сурьма, висмут, күміс, т.б.) болады. Сондықтан да қалайы күрделі технологиялық процестер (руданы байыту, күйдіру, концентраттағы үстеме қоспаларды қышқылдандыру, магниттік сеперациялау, электр не шахталық пештерде тотықсыздандыру негізінде тазартылмаған (қара) қалайы алу және мұны тазарту) арқылы өндіріледі.
- Сынап - алғашқы кезде руданы күйдіру (сынап салқын заттарға конденсацияланады) арқылы алынатын. Бертін келе сынап күйдіру тәсілімен керамикалық (16 ғасыр) және темір астауларда (17 ғасыр) бөлініп алынатын болды. 1812 жылдан бастап сынап бөліп алу үшін шарпыма пеш, ал соңғы кезде шахталық және айналмалы түтікті пештер пайдаланылуда. Сынапты қайнамалы қабатты пештерде өндіру ең алғаш рет біздің елде іске асырылды.
- Таза мырыш өндіру тәсілі 6 ғасырда Қытайда, 12 ғасырда Персияда белгілі болды. Ол әдіс Еуропаға 16 ғасырдың соңында келген. Қазіргі кезде мырыш полиметалдық сульфид рудаларын (құрамында қорғасын, мыс, асыл металдар бар) байыту арқылы және қорғасын концентраттарын күйдіру әрі гидрометаллургиялық тәсіл бойынша қайта өңдеу (қышқылсыздандыру және электролиз) арқылы өндіріледі. Таза мырыш өндіруде электролиз тәсілінің маңызы еркеше.
Металлургия салалары
Қара металлургия
Қара металлургия — металлургияның ғылымы мен техникасының қара металдар өндіруде кен шикізатын қазып алудан бастап, оны өңдеп шойын, , болат, , құбыр, рельс, т.б. өнімдерді алуға дейін қамтитын саласы.
Дүние жүзінде өндірілетін барлық металдардың 95% ға жуық үлесі қара металдардың еншісіне тиеді.
Қазақстан қара металлургиясының байлығы мен болашағы – темір кентастары. Оның негізгі қорлары Қостанай, Қарағанды және Жезқазған облыстарында шоғырланған. Қара металл шикізатының базасы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі мен Лисаковск комбинатында өндіріледі (жылына 36 миллион тонна).
Түсті металлургия
Түсті металлургия — кен шикізаттарын өндіру мен өңдеуден бастап, дайын өнім алуға дейінгі түсті металдар мен олардың қорытпалары өндірісін қамтиды. Республикада түсті металлургия шикізатынан сирек және шашыраңқы металдарды ажыратып алу мәселесінен маңызды нәтижелер алынды (, ). Түсті металдардың вакуумдық металлургия саласы жақсы жолға қойылды ().
Галламды металлургия
Галламды металлургия — су ерітінділерінен галламдарды (галлийдің электрлік теріс зарядталған басқа металдармен сұйық қорытпасы) химиялық жолмен қалпына келтіру арқылы металдар мен олардың қосылыстарын алу процестерін зерттейді. Металлургияның бұл жаңа саласы дүние жүзінде алғаш рет Қазақстанда 1960 жылдары В.Д. Пономарев, А.И. Зазубиннің басшылығымен жасалды. Алюминий галламындағы сілтілі ерітінділерден алынған галлийдің цементтелуін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми жұмыстар жүргізілді (Пономарев, Е.А. Шалабина, Т.Д. Остапенко). Металлургияның бұл әдісі көптеген шет елдерде (АҚШ, Канада, Жапония, т.б.) патенттелді. Плазма металл бетін тазалауда және әр түрлі беттерді металмен қаптау технологиясында, , плазма химиясында, т.б. қолданылады. Плазма металлургияда қиын балқитын металдар мен олардың қосылыстарын алуда аса қажет. Оның артықшылықтары – түсті және сирек кездесетін металдарды алу кезінде жоғары температура ( К-ге дейін) алуға және газды ортаның құрамын басқаруға мүмкіндік береді; қыздыру мен балқыту плазмалық доға арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда металлургия саласы бойынша “Металлургия және кен байыту институты”, Химия-металлургия институты, нәтижелі табыстарға қол жеткізіп келеді. Металлургия ғылымының дамуына өз үлестерін қосқан қазақстандық ғалымдар: Х.К. Аветисян, Е.А. Букетов, А.Қонаев, В.В. Михайлов, И.Онаев, В.Д. Пономарев, М.А. Соколов, А.Л. Цефт, Б.Бейсембаев, А.И. Зазубин, С.Қожахметов, Р.А. Исакова, Е.И. Пономарева, Л.П. Ни, т.б.
Дереккөздер
- Қазақстан совет энциклопедиясы /бас ред. М.Қ.Қаратаев. ҚазССР Ғылым Академиясы, Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы. Алматы. 1975. 7 том.- 648 бет.
- Қазақ Энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Metallurgiya grek metallurgeo ruda ondiremin metall ondejmin metallon rudnik metall zhәne ergon zhumys gylymnyn tehnikanyn onerkәsiptin kennen nemese baska da materialdardan metall alu үderisterin sondaj ak metall korytpalarga olardyn himiyalyk kuramy men kurylymyn ozgertu arkyly kazhetti kasietter beru үderisterin kamtityn salasy Metall balkytuMetallurgiyalyk үderisterMetallurgiyalyk үderister zher kojnauynan kazylyp alyngan rudany aldyn ala ondeu kentastardan zhәne baska materialdardan metaldy alu procesteri metaldardy kazhetsiz kospalardan tazartu metaldar men korytpalar ondiru metaldardy termomehanikalyk ondeu metaldardy kysymmen zhәne kujmalap ondeu metall bujymdardyn betin әrleu ne korgau maksatynda baska metall kabatymen kaptau metall bujymdardyn betterine baska metaldar men bejmetaldardy diffuziyalyk engizu Tarihy men damu zholdaryShygys Қazakstan oblysy Shemonaiha audany Ust Talovka selosynyn zhanyndagy Artemev kenishi zhylyna 1 5 mln t mys myrysh zhәne korgasyn kenin ondiredi Metallurgiyanyn karapajym salalary adamzatka ote erte zamannan belgili bolgan Kishi Aziyany mekendegen halyktar b e b 7 6 mynynshy zhyldardyn ozinde mys ondirgen Sol kezde ak adamzat taza altyn kүmis zhәne meteorittik temirmen tanyskan Algashky kezde bujymdar zhasau үshin metaldar salkyn kүjinde ondelgen Temir men mys salkyndaj ondeuge ikemsiz kelgen Sondyktan ken taralmagan Ұstalyk onerdin damuyna bajlanysty metaldardy ystyktaj ondeu tәsili ashyldy Bul zhana tehnologiyalyk tәsil boldy Osydan son mys bujymdar zhasau ken taralgan Totyktangan rudalardan mys korytu zhәne kuyu әdisi igerilgen son mys ondiru zhәne ony pajdalanu b e b 5 4 mynynshy zhyldary shapshan dami bastagan Tayau Shygys pen Orta Europada b e b 2000 zhyldary sulfidtik rudalardan kүjdiru zhәne kajta korytu tәsilderimen mys tazalau zhәne kola ondiru igerildi Bul kezen kola dәuirinin basy boldy Osy kezenderde mys ondiretin korikter zauyttar men fabrikalar pajda bola bastady Mys ondirisindegi eleuli bet burys V A Semennikov usyngan 1866 shtejndi konverterleu tәsilinen kejin oris algan 1880 zhyly francuz metallurgy Mane balkylamalarga bir bүjirinen aua үrleu tәsilin usynady Mys metallurgiyasyn әri karaj damytuga ken bajytu procesterinin kemeldendirilui gidrometallurgiyalyk tәsildin bakteriyalar arkyly ken bajytu әdisinin ashyluy әserin tigizdi Temir algashky kezde ote karapajym әdispen ot shogynda balkytu al bertin kele үrleu korigi arkyly ondiriletin bolgan Bul әdister bojynsha alyngan temirdin kuramynda komirtek mardymsyz az bolatyndyktan odan zhasalgan bujymdar zhumsak boldy Komirtekti temir alu әdisteri ashylgan son temir matallurgiyasy zhana damu aldy B e b 1000 zhyldary adamzat pajdalangan materialdardyn ishinde temirdin manyzy zor boldy Koriktin aumagyn үlkejtu zhәne kurylysyn kemeldendiru negizinde 14 gasyrda kishigirim domna peshi domnica pajda boldy Orta gasyrlarda shagyn domna peshterimen temir shojyn zhәne bolat ondiru igerildi 1740 zhyly Angliyada temirdi tigel әdisi ondiriske engizldi Bul әdis bugan dejin shygys halyktaryna belgili tin Tigeldik korytu әdisi negizinde kujma bolat alu igerildi Shojyn metallurgiyasynyn zhogary satyga koteriluine dymkyl aua үrlu әdisinin ashyluy kyzdyruga koksty pajdalanu 1735 aua үrleuge bu mashinasyn pajdalanu 1782 t b zhajttar sebepker bolady Bolat metallurgiyasynyn karkyndy damuyna bessemer procesinin ashyluy 1856 marten 1864 zhәne tomas 1878 procesterinin ondiriske engizilui zor ykpal zhasajdy 20 gasyrda bolat ondirisi agregat kauatyn arttyru taza ottek үrleu konverterdi pajdalanu bolatty үzdiksiz kuyu t b tehnologiyalyk zhana tәsilderdin pajdalanyluyna sәjkes zhana satyga koteriledi Altyn tabigatta taza kүjinde kezdesetindikten ol erte kezden ak kumdy shayu arkyly ondiriletin Altyndy kүmistin kospasynan tazartu үshin auamen totyktandyru zhәne kүmisti kyzdyru arkyly sulfidke tүrlendirip baryp tazartu әdisteri pajdalanylady 13 14 gasyrlarda altynnan kүmisti azhyratu үshin azot kyshkylyn pajdalanu әdisi ashyldy Orys galymy P R Bagration 1843 zhyly altyn rudalaryn ciandau tәsilin usyndy Altyn metallurgiyasy flotaciyalyk zhәne gravitaciyalyk ken bajytu tәsilderi ashylgan son zhedel karkynmen dami bastady Қorgasyn algashky kezde kүmis galonitinen azhyratylyp alynatyndy Bul process rudany kүjdiruden korikpen ne likvaciyalyk balkytulardan turdy Қazirgi kezde korgasyn polimetall rudalaryn flotaciyalyk bajytu aglomeraciyalyk kүjdiru shahtalyk peshte totyksyzdandyru zhәne tazalu tәsilderi bojynsha ondiriledi Қalajy adamzattyn kone zamanda igergen algashky metaldarynyn biri Ol karapajym shahtalyk peshterde korytylyp bogde kospalardan likvaciyalyk zhәne totyktandyru tәsilderi bojynsha aryltylatyn Қalajynyn rudadagy molsheri korgasynga karaganda ote az әri onda neshe tүrli bogde kospalar kүkirt myshyak surma vismut kүmis t b bolady Sondyktan da kalajy kүrdeli tehnologiyalyk procester rudany bajytu kүjdiru koncentrattagy үsteme kospalardy kyshkyldandyru magnittik seperaciyalau elektr ne shahtalyk peshterde totyksyzdandyru negizinde tazartylmagan kara kalajy alu zhәne muny tazartu arkyly ondiriledi Synap algashky kezde rudany kүjdiru synap salkyn zattarga kondensaciyalanady arkyly alynatyn Bertin kele synap kүjdiru tәsilimen keramikalyk 16 gasyr zhәne temir astaularda 17 gasyr bolinip alynatyn boldy 1812 zhyldan bastap synap bolip alu үshin sharpyma pesh al songy kezde shahtalyk zhәne ajnalmaly tүtikti peshter pajdalanyluda Synapty kajnamaly kabatty peshterde ondiru en algash ret bizdin elde iske asyryldy Taza myrysh ondiru tәsili 6 gasyrda Қytajda 12 gasyrda Persiyada belgili boldy Ol әdis Europaga 16 gasyrdyn sonynda kelgen Қazirgi kezde myrysh polimetaldyk sulfid rudalaryn kuramynda korgasyn mys asyl metaldar bar bajytu arkyly zhәne korgasyn koncentrattaryn kүjdiru әri gidrometallurgiyalyk tәsil bojynsha kajta ondeu kyshkylsyzdandyru zhәne elektroliz arkyly ondiriledi Taza myrysh ondirude elektroliz tәsilinin manyzy erkeshe Metallurgiya salalaryҚara metallurgiya Қara metallurgiya metallurgiyanyn gylymy men tehnikasynyn kara metaldar ondirude ken shikizatyn kazyp aludan bastap ony ondep shojyn bolat kubyr rels t b onimderdi aluga dejin kamtityn salasy Dүnie zhүzinde ondiriletin barlyk metaldardyn 95 ga zhuyk үlesi kara metaldardyn enshisine tiedi Қazakstan kara metallurgiyasynyn bajlygy men bolashagy temir kentastary Onyn negizgi korlary Қostanaj Қaragandy zhәne Zhezkazgan oblystarynda shogyrlangan Қara metall shikizatynyn bazasy Sokolov Sarybaj tau ken bajytu ondiristik birlestigi men Lisakovsk kombinatynda ondiriledi zhylyna 36 million tonna Tolyk makalasy Қara metallurgiya Tүsti metallurgiya Tүsti metallurgiya ken shikizattaryn ondiru men ondeuden bastap dajyn onim aluga dejingi tүsti metaldar men olardyn korytpalary ondirisin kamtidy Respublikada tүsti metallurgiya shikizatynan sirek zhәne shashyranky metaldardy azhyratyp alu mәselesinen manyzdy nәtizheler alyndy Tүsti metaldardyn vakuumdyk metallurgiya salasy zhaksy zholga kojyldy Tolyk makalasy Tүsti metallurgiya Gallamdy metallurgiya Gallamdy metallurgiya su eritindilerinen gallamdardy gallijdin elektrlik teris zaryadtalgan baska metaldarmen sujyk korytpasy himiyalyk zholmen kalpyna keltiru arkyly metaldar men olardyn kosylystaryn alu procesterin zerttejdi Metallurgiyanyn bul zhana salasy dүnie zhүzinde algash ret Қazakstanda 1960 zhyldary V D Ponomarev A I Zazubinnin basshylygymen zhasaldy Alyuminij gallamyndagy siltili eritindilerden alyngan gallijdin cementteluin zertteu zhoninde үlken gylymi zhumystar zhүrgizildi Ponomarev E A Shalabina T D Ostapenko Metallurgiyanyn bul әdisi koptegen shet elderde AҚSh Kanada Zhaponiya t b patentteldi Plazma metall betin tazalauda zhәne әr tүrli betterdi metalmen kaptau tehnologiyasynda plazma himiyasynda t b koldanylady Plazma metallurgiyada kiyn balkityn metaldar men olardyn kosylystaryn aluda asa kazhet Onyn artykshylyktary tүsti zhәne sirek kezdesetin metaldardy alu kezinde zhogary temperatura K ge dejin aluga zhәne gazdy ortanyn kuramyn baskaruga mүmkindik beredi kyzdyru men balkytu plazmalyk doga arkyly zhүzege asyrylady Қazakstanda metallurgiya salasy bojynsha Metallurgiya zhәne ken bajytu instituty Himiya metallurgiya instituty nәtizheli tabystarga kol zhetkizip keledi Metallurgiya gylymynyn damuyna oz үlesterin koskan kazakstandyk galymdar H K Avetisyan E A Buketov A Қonaev V V Mihajlov I Onaev V D Ponomarev M A Sokolov A L Ceft B Bejsembaev A I Zazubin S Қozhahmetov R A Isakova E I Ponomareva L P Ni t b DerekkozderҚazakstan sovet enciklopediyasy bas red M Қ Қarataev ҚazSSR Ғylym Akademiyasy Қazak sovet enciklopediyasynyn bas redakciyasy Almaty 1975 7 tom 648 bet Қazak Enciklopediyasy