Батыс Түрік қағанаты (Көне түркілік: ; Он оқ бұдун) — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 – 704). Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді.
Батыс Түрік қағанаты Көшпелі мемлекет 581–603 (Бірінші Түрік қағанатының бөлімі), 603–657 (тәуелсіз империя), 657–742 (Тан әулетінің вассалы). | ||||
| ||||
---|---|---|---|---|
Астанасы | Суяб (негізгі астана), Мыңбұлақ (жазғы астана), Өтүкен | |||
Тіл(дер)і | Көне түркілік тілі, | |||
Діні | Тәңіршілдік, Зороастризм | |||
Аумағы | 3,500,000 км² (630-658) | |||
Халқы | Түркілер, Нушиби | |||
Басқару формасы | ||||
Қаған | ||||
- 603-604 | Елтегін Бұйрық қаған | |||
- 604 | Басыл Тегін қаған | |||
- 604-610 | Таман қаған | |||
- 610-618 | Шегу қаған | |||
- 618-630 | Тон қаған | |||
- 630-631 | Баһадүр қаған | |||
- 631-633 | Сы Жабғу қаған | |||
- 633-634 | Нишу Дулу қаған | |||
- 634-639 | Ешбар Елтеріс қаған | |||
- 676-679 | Ашина Дучжы қаған | |||
- 693-704 | Құшрақ Бури қаған | |||
Жабғу | ||||
- 553-576 | Естемі қаған | |||
- 576-603 | Тардуш қаған | |||
← Ақ ғұндар ← Түрік қағанаты → Түргеш қағанаты → Оғыз мемлекеті → → → |
Батыс Түрік қағанатының негізін Тардуш (Дато) қаған қалаған.
Батыс Түрік қағанатының қалыптасуы
Түрік қағанатының осыншама ұлан-байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлық өзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уакыт сүйеніп тұра алмады.
Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсуі, Суй Қытайының қағанат шекараларына шабуыл жасауы (581—618 жылдар), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа — Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінумен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс Түркі қағанаты Шығыс түркі қағанатына біршама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түркілердің қаған руы ашиналардың қолында болды.
Аумағы
Батыс Түркі қағанаты «ежелгі үйсін жерлеріне» ірге тепті, демек, оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан дейінгі жерді алып жатты. Қағанатгың негізгі этникалык-саяси ұйытқысы — «он тайпа» он-оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқан, , , , , , Бұхара, және ) отырықшы-егіншілік шұраттарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түркілеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның өкілдері болды.
Шаруашылық-экономикалық жағдайы
Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің — мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдық қатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоғамның ұштасуы болды.Бұл кезде феодалдық қатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан (бәлкім, соның арқасында да болар), феодалдық қоғамдық қатынастар Кавказ өңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, тиректер мен Алтайдың ертедегі түркілері жеріне өтіп ұлғая түсті.
Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік) кағанатының халықаралық шаруашылық және саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жетісудың соғдылық көпестері ерекше рөл атқарды. Жетісудың құжаттарда көбінесе «соғды» қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде тоқтап қана өтетін мекендер болған жоқ. Қалалардың соғды халқы да, түрік халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылықпен бірдей дәрежеде шұғылданды. Қала мен дала қағанат құрамында бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі өзара керек болып отыратын біртұтас шаруашылық-саяси организмнің екі бөлегі болды.Транзит сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының вассалдық шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналыс өрісіне тартылды.
Қоғамдық -экономикалық қатынастары
Қағанатта қоғамдық-экономикалық қатынастардың дамуы Еуразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдық қатынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оның өз ерекшеліктері де болды.
Батыс түркілері мемлекетінің бірінші басшысы — қаған, жоғарғы билеуші, билеп-төстеуші, әскербасы болды. Ол нақты алғанда Шығыс түрік қағанатына тәуелді болды, бұл оның таққа отыруына өз келісімін беретін немесе бермей де қоя алатын еді. Бірақ іс жүзіңде шығыс түркілері де өздерінің інілеріне талай рет бағынышты болды. Алғашында қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатынан ашина фратриясының өкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп тұғлұқтар мен оншадыпыттар топтарының арасындағы өзара тартыс күресінде мезгіл-мезгіл бұзылып отырды. Кей кездерде қағанатта бірнеше қаған болып, олардың өкілеттік дәрежесі әр түрлі болды. Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық етті, ру басшыларын тағайындады. Ол әулеттік фратриялардан шыққан шонжарларға сүйенді.
Суябқа жақын жазғы резиденция — қағанның ордасы болған.
Қаған тек билеуші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің иесі де болуы мүмкін. Алайда көшпелі қоғам жағдайында (дала халқын алатын болсақ) билік негізінен алғанда жерге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына жүргізілді. Техника мен жер суарудың тым қара дүрсін болуы жағдайында ауыл шаруашылығына жарамды жерлер тапшы, ал мал жайылатын жерлер кеп болды. Көәшпелі коғам жылжып көшіп, тіпті үдере көшіп кете алады, ал егіншілік ұжымы жөнінде бұлай деуге болмайды. Мал шаруашылығы ұжымдарының көшіп-қонып жүруі қағанаттың жоғарғы өкіметіне енжар қарсылық жасап, қағанат әскерлерінің қолы жетпейтін алысқа үдере көшіп кетуіне мүмкіндік беретін еді. VII ғасырдың бас кезінде Батыс Түркі қағаны Ябғудың ордасында болған будда монахы жазғандары қаған руының байлығы туралы біраз ұғым береді. Қағанды аң аулап жүрген жерінде кездестірген саяхатшы аңшылар киімдерінің сәнділігіне таң-тамаша қалады. «Қаған жасыл жібек желбегей киген, — дейді ол. — Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Басқа сарбаздары аңтерісінен тігілген ішік киген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген, қолдарына айбалта, садақ, ту ұстаған. Аттары өңшең сайгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді». Одан әрі қағанның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделгені соншалық, тіпті «көз қаратпайды» дейді ол.
Мемлекетте қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымдар — ябғу, шад және елтебер — қаған руының өкілдеріне тиесілі еді; оларды қаған вассал тайпаларды билейтін лауазымдарға қойған. Сот қызметтерін бұрықтар мен тархандар атқарды. — тайпа бастық- тары мен өкілдері — жергілікті жерлердегі қағанның басты тірегі болған. Тағы бір бөлім — үй-қаған барынша назар аударарлық. Деректеме оны былай деп сипаттайды: «Дәрежесі ябғудан төмен қағандар болады. Сондай-ақ бір үй болып тұратын бір атадан тараған көп адамдар да өз басшысын үй-қаған деп атайды; түркілер үйді үй деп атайды, демек бұл үй қағаны деген сөз»'°.
Әңгіме бұл жерде қауымның негізгі экономикалық бөлінісі партиархаттық отбасылық қауым жөнінде болып отыр. Қағанаттың қанауда болған бұқарасы мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болды. Батыс түрік қағанатында олардың қалай аталғаны белгісіз, бірақ шығыс түрік әлеуметтік терминологиясына ұксастырып, оларды «қара бұдун» («тобыр», «қара халық») деп атаған деп топшыланады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда тайпалар да, бір жағынан, ақсүйек тайпалар, ал екінші жағынан, оларға бағынышты, вассалдық, тәуелді тайпалар болып бөлінген.
Бағынышты тайпаларға және қарапайым көшпелі бұқараға жүктелген міндеткерліктер туралы жазба деректер аз. Солай бола тұрса да, басты міндеткерліктердін бірі әскери міндеткерлік (басқаша айтқанда «қанмен төлейтін салық») болғаны белгілі; бұл міндеткерлік бойынша, вассал тайпалардың барлық жауынгер-еркектері тайпа көсемі армиясының құрамына кіреді. Соғыстың негізгі ауыртпалығы, демек адам шығынының ең көбі бағынышты тайпалардын мойнына түседі. Кейде «келімсек» деп аталған бұл тайпалар соғыс шайқастары кезінде «алдағы шеп» ретінде пайдаланылған, яғни алғы шепке қойылған. Бұл дәстүр барлық жерлерге тараған. Бағыныштылық арқашанда алым-салық төлеумен қатар жүріп отырған. Оның үстіне бағындырылған тайпалардан, сондай-ақ соғыс қимылдары кезінде тұтқынға алынғандардан құлдар тобы қалыптасқан. Бірақ ертедегі түркілердегі «кұл» деген терминді жалпыға мәлім «классикалық» түрде түсінуге болмайды. Құл тайпалар — үстем тайпаға мал және аң терісі, т.б. түрінде салық төлеп тұруға міндетгі вассал тайпалар.
Түріктердің көршілес тайпаларға шапқыншылық жасағандағы мақсаттарының бірі кұлдар алу болған, бұл орайда, әдетте, ұлдар мен қыздарды алған. Мысалы, түріктің Баһадүр-қағанының 620 жылы бірнеше мың қыз баланы тұтқынға алғаны мәлім. «Жорықтарда тұтқынға алынған ұлдар мен қыздар, яшма мен жібек — мұның бәрі қаған меншігіне түседі», — делінеді сол кездегі құжаттардың бірінде. Түріктің Білге қағанының 720 жылы басмылдарды жеңуін баяндай келіп, автор түркілер «олардың (басмылдардың) ұлдары мен қыздарын алып, кейін қайтты» деп хабарлайды. Деректемелерде мұндай мәліметтер жиі кездеседі. Тұтқын балаларды үлкен отбасылы қауымда әдетте «бала қылып алып», шаруашылыққа пайдаланды. Мұның бәрі қағанатта құлдықтың басқа түрлері болғанын (мысалы, қол- өнерші, қала салушы, т. с. с. құлдар еңбегі болғанын) теріске шығармайды, бірақ құл еңбегін пайдаланудың негізгі түрі үйдегі, яғни отбасындағы құлдық деп есептеуге мүмкіндік береді.
Тәуелділердің тағы бір бөлімі болды. Білге қаған ескерткішінің мәтіндерінде бектерге және халыққа арналған сөздер бар. Онда мынадай жол кездеседі: «... менің шын жүректен шыққан сөзімді сендер (бәрің) осыған (ескерткішке) қарай отырып, он жебе ұлдарына және олардың таттарына жеткізіңдер!» Ертедегі түрік жазуларында таттар деп батыс түріктеріне тәуелді Жетісу аумағындағы отырықшы қоныстар мен қалалардың соғды тілдес тұрғындары айтылатын болуы керек; түрік қағандарына бағынышты болған бұлар саудамен де, ауыл шаруашылығымен де шұғылданған.
Батыс Түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік ету мен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс Түрік қағанатында таптардың құрылу және ертедегі феодалдық қоғамдық қатынастардың біршама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық. Қарапайым халық “”, ал әлеум. құрылымның ең төм. сатысының тәуелді тобы “тат” деп аталған (қ. Тат). “Татсыз түркі болмас, бассыз бөрік болмас” деген көне мәтелге қарағанда түркі шонжарлары қарамағында таттар саны аз болмаған. Батыс Түрік қағанатында көшпелі мал шаруашылығы басым сала болды. Сонымен бірге Іле, Шу, Талас өзендері бойында егін ш. дамыды. Ежелден егіншілікпен айналысқан. Орталық Азия мен Шығыс Түркістандағы аймақтар да Батыс Түрік қағанатына қараған. Ұлы Жібек жолының Батыс Түрік қағанатын басып өтуі мұнда қалалық мәдениеттің өркендеуіне ықпал жасады. Құлан, Навакет, Суяб, Тараз, Меркі, Испиджаб қалалары сауда, қолөнер орталықтары ретінде әйгіленді. Қағанаттың халықаралық экономикалық және саяси байланыстар аясына тартылуына соғдылық көпестер үлкен рөл атқарды. Жетісуда егіншілік мәдениеті, құрылыс өнері, түрлі қолөнер кеңінен дамыды.
Түріктер теңге соғуды игерді. Теңгелер түрік қағандары атынан соғылғанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Батыс Түрік қағанатында жазба мәдениет дамып, әдеби дәстүр қалыптасты. Батыс Түрік қағанатының халқы , Ұмай анаға, , тағзым етті. Қағанатқа Ұлы Жібек жолы арқылы әлемдік діндерді уағыздаушылар ене бастаған. 626 жылы қаған ордасына елінен Будда дінін уағыздаушы он шақты серігін ертіп келген. 627 жылы келген қытайлық будда мамасы Сюань Цзянь түрік қағанының будда діні жөніндегі көзқарасы туралы жазып қалдырған. Сондай-ақ, Батыс Түрік қағанатында зороастра, несториан, манихей діндерін жақтаушылар да болған. Бұлардың қызметі халықты түрлі діндерге тартып, қағанаттың негізі—дәстүрлі діни наным-сенімді әлсіретуге, сол арқылы мемлекетті ыдыратуға бағытталған. Батыс Түркі қағаны Шегу (610—18) мен Тон жабғу (618—30) қағандар тұсында күшейіп, мемлекеттің шекарасы кеңейе түскен. Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл мен Памирге дейінгі аймаққа өз билігін жүргізген. Шегуйдің інісі Түн жабғу қаған мемлекеттің батыстағы шекарасын кеңейту саясатын жалғастыра отырып, өзінің қысқы тұрағын Суябқа көшіріп, ал Мыңбұлақ деген жерді жазғы қонысына айналдырған.
Жаңа жорықтар қағанат аумағын Әмударияның жоғарғы ағысы мен Гиндукушқа дейін жылжытуға мүмкіндік берген. Мұндай кең байтақ жерді берік ұстап тұру үшін Түн жабғу әкімшілік басқару реформасын жүргізген. Шығыс Түркістан мен Орталық Азиядағы жергілікті билеушілерге түркілік лауазымдар беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған. Сондай-ақ, қағанатқа бағынышты елдерге қатаң саяси бақылау орнату мақсатында қағанның қазынасына түсетін алым-салықты жинайтын өзі бекіткен бақылаушыларды (тудундарды) жіберіп отырған. Орталық Азияда өз ықпалын арттыру үшін Самарқан билеушісіне өз қызын тұрмысқа берген. Тохарыстанға өзінің ұлы Тарду шадты билеуші етіп қойды. Белсенді сыртқы саясат жүргізіп, 625 жылы Парсы еліне қарсы Византиямен келісімшартқа отырған. Түн жабғу император Ираклийдің Кавказға жасаған жорығына (628 — 29) қатысып, жаулап алған жерлерден (Дербент) мен Тбилиси сияқты қалаларды өз үлесіне алады. Тон жабғудың әскери жетістіктеріне риза болған Ираклий Тбилиси қаласы түбінде оған өз тәжін кигізіп, қызы Евдокияны тұрмысқа беретінін мәлімдеген. 630 жылы түркілер Арменияға басып кірген. Бірақ қағанаттағы ішкі қайшылықтарға байланысты Кавказда көп тұрақтай алмай, кері қайтып кеткен. Толассыз жүргізілген жорықтар мен алым-салықтардың ауыртпалығына наразы болған халықтың бой көтерулерін сыртқы жаулар өз пайдасына пайдаланып отырған. Кейбір тайпалар қол астына өтіп кетіп отырған. Тан империясы оларға барынша қолдау көрсетіп, басшыларына шен-шекпен, мансап беріп, әскери күшке айналдырып, қағанатқа қарсы жұмсады.
Шығыс Түрік қағанаты Бесбалық қаласын басып алған соң, Ертіс бойындағы қарлұқтар, іле-шала дулулар орталық билікке қарсы көтеріліске шықты. Осы ахуалды пайдаланып, иеліктер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен ықпалды әскербасы (Сыбихан Мохэду) 630 жылы Тон жабғуды өлтіріп, өзін қаған деп жариялайды. Көп ұзамай, 631 жылы дулу мен тайпаларының билікке таласы кезінде Күлбагатур өлтірілген. 630-34 жылдары қағандық Орта Азиядағы, Сырдария аймағындағы иеліктерінен айырылды. дулу мен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді.
Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 — 57) созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Тан империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Тан империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — “қуыршақ қағандарды” тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. түргештердің басшысы қытайлықтарды Жетісудан қуып шықты.. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды.
Дереккөздер
- «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59ISBN 978-601-282-027-0,1-т. ISBN 978-601-282-026-3
- Қазақ энциклопедиясы
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Western Turkic Khaganate |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Batys Tүrik kaganaty Kone tүrkilik On ok budun Tүrik kaganaty ydyrap ekige bolinui nәtizhesinde pajda bolgan erte ortagasyrlyk tүrkiler memleketi 603 704 Tүrik kaganatynda sayasi әleumettik kajshylyktardyn shielenisui onyn derbestikke umtylgan zheke bolikterinde okshaulanu үrdisinin kүsheyui Shygys zhәne Batys kaganattarynyn kuryluyna alyp keldi Batys Tүrik kaganaty Koshpeli memleket 581 603 Birinshi Tүrik kaganatynyn bolimi 603 657 tәuelsiz imperiya 657 742 Tan әuletinin vassaly 603 704 Astanasy Suyab negizgi astana Mynbulak zhazgy astana ӨtүkenTil der i Kone tүrkilik tili Dini Tәnirshildik ZoroastrizmAumagy 3 500 000 km 630 658 Halky Tүrkiler NushibiBaskaru formasyҚagan 603 604 Eltegin Bujryk kagan 604 Basyl Tegin kagan 604 610 Taman kagan 610 618 Shegu kagan 618 630 Ton kagan 630 631 Baһadүr kagan 631 633 Sy Zhabgu kagan 633 634 Nishu Dulu kagan 634 639 Eshbar Elteris kagan 676 679 Ashina Duchzhy kagan 693 704 Қushrak Buri kaganZhabgu 553 576 Estemi kagan 576 603 Tardush kagan Ak gundar Tүrik kaganaty Tүrgesh kaganaty Ogyz memleketi Batys Tүrik kaganatynyn negizin Tardush Dato kagan kalagan Batys Tүrik kaganatynyn kalyptasuyTүrik kaganatynyn osynshama ulan bajtak zher endi gana kalyptasa bastagan memlekettiktin shenberinde uzak uakyt kala almajtyn edi Olar ishten zhәne syrttan bolatyn kysymga karsy tura alarlyk ozara bajlanysty birtutas ekonomikalyk zhәne etnikalyk sayasi organizm bolmady Tek karudyn kүshimen gana kurylgan imperiya ogan uzak uakyt sүjenip tura almady Tүrik kaganatynda әleumettik kajshylyktardyn shielenisui olardyn talaj zhyldarga sozylgan mal indetterimen zhuttarymen zhәne asharshylykpen ushyga tүsui Suj Қytajynyn kaganat shekaralaryna shabuyl zhasauy 581 618 zhyldar akyrynda onyn audandarynyn avtonomiyalanu үrdisinin tabigi tүrde bastaluy zhalpy Tүrik kaganatynyn 603 zhyly eki derbes kaganatka Shygys zhәne Batys kaganattaryna bolinumen ayaktaldy Batys kaganattyn ortalygy Suyab Zhetisu boldy Bolinuine karamastan Batys Tүrki kaganaty Shygys tүrki kaganatyna birshama sayasi tәueldilikte boldy onda okimet biligi tүrkilerdin kagan ruy ashinalardyn kolynda boldy AumagyBatys Tүrki kaganaty ezhelgi үjsin zherlerine irge tepti demek onyn aumagy endik bagytta Қarataudyn shygys baurajynan dejingi zherdi alyp zhatty Қaganatgyn negizgi etnikalyk sayasi ujytkysy on tajpa on ok budunnyn mekendegen zheri de osy edi Sonymen katar ol Tүrik kaganatynyn Shygys Tүrkistan men Orta Aziyadagy Samarkan Buhara zhәne otyrykshy eginshilik shurattaryndagy basyp algan barlyk zherlerinin murageri boldy Batys tүrkilerine tәueldi degen aty gana bolgan Sogdy men Buharada da kagannyn okilderi boldy Sharuashylyk ekonomikalyk zhagdajySharuashylyk ekonomikalyk zhagynan alganda kaganat eki negizdin mal sharuashylygyn koshpeli әdispen zhүrgizuge negizdelgen kogamnyn zhәne bul kezde feodaldyk katynastar edәuir damygan otyrykshy eginshilik kogamnyn ushtasuy boldy Bul kezde feodaldyk katynastar Vizantiya men sasaniler Iranynda damygan bolatyn Sogys zhәne sauda bәsekelestigine karamastan bәlkim sonyn arkasynda da bolar feodaldyk kogamdyk katynastar Kavkaz onirinin Hazar patshalygynyn koshpeli ortasyna tirekter men Altajdyn ertedegi tүrkileri zherine otip ulgaya tүsti Batys tүrik sondaj ak Shygys tүrik kaganatynyn halykaralyk sharuashylyk zhәne sayasi bajlanystar ayasyna tartyluynda Sogdy men Zhetisudyn sogdylyk kopesteri erekshe rol atkardy Zhetisudyn kuzhattarda kobinese sogdy kalalary dep atalatyn kalalary ezhelgi tүrik dәuirinde toktap kana otetin mekender bolgan zhok Қalalardyn sogdy halky da tүrik halky da saudamen kolonermen dikanshylykpen birdej dәrezhede shugyldandy Қala men dala kaganat kuramynda birin biri tolyktyratyn zhәne birine biri ozara kerek bolyp otyratyn birtutas sharuashylyk sayasi organizmnin eki bolegi boldy Tranzit sauda ajyrbasy da ishki sauda ajyrbasy da aksha ajnalysyn tugyzdy sojtip Batys tүrik kaganatynyn vassaldyk shet ajmaktarynyn da ortalygynyn da halky osy ajnalys orisine tartyldy Қogamdyk ekonomikalyk katynastaryҚaganatta kogamdyk ekonomikalyk katynastardyn damuy Euraziyanyn baska audandaryndagy osy siyakty үrdisterge bajlanysty zhүrip feodaldyk katynastardyn ornygu arnasynda zhүrgenimen onyn oz erekshelikteri de boldy Batys tүrkileri memleketinin birinshi basshysy kagan zhogargy bileushi bilep tosteushi әskerbasy boldy Ol nakty alganda Shygys tүrik kaganatyna tәueldi boldy bul onyn takka otyruyna oz kelisimin beretin nemese bermej de koya alatyn edi Birak is zhүzinde shygys tүrkileri de ozderinin inilerine talaj ret bagynyshty boldy Algashynda kagan tagyna muragerlik bojynsha kaganattyn sol kanatynan ashina fratriyasynyn okilderi otyratyn birak bul tәrtip tugluktar men onshadypyttar toptarynyn arasyndagy ozara tartys kүresinde mezgil mezgil buzylyp otyrdy Kej kezderde kaganatta birneshe kagan bolyp olardyn okilettik dәrezhesi әr tүrli boldy Қagan memlekettin ishki zhәne syrtky sayasi isterinin bәrine basshylyk etti ru basshylaryn tagajyndady Ol әulettik fratriyalardan shykkan shonzharlarga sүjendi Қazakstan tarihyEzhelgi Қazakstan tarihyTas dәuiri Қola dәuiri Temir dәuiri Saktar Үjsinder Қanlylar ҒundarҚazakstannyn erte orta gasyrlardagy memleketteriTүrki kaganaty 552 603 Batys Tүrik kaganaty 603 704 Shygys Tүrik kaganaty 682 744 Tүrgesh kaganaty 704 756 Қarluk kaganaty 756 940 Қimak memleketi IH g sony HI g basy Ogyz memleketi IH g sony HI g basyҚarahan memleketi 942 1212 zhzh Қarakytaj memleketi 1128 1213 zhzh Қypshak handygy Mongol imperiyasy 1206 1291 Zhoshy ulysy 1224 1481 Shagataj kaganaty 1222 1370 Orda Ezhen ulysy 1242 1446 Shajbani ulysy 1243 Ak Orda XIII XV gg Kok Orda Әbilkajyr handygy 1428 1468 Nogaj ordasy 1440 1634 Mogolstan 1348 1514 Tashkent handygy 1501 1627 Қazak handygy dәuiriҚazak handygy 1465 1847 Ұly zhүz 1715 1822 Orta zhүz 1715 1822 Kishi zhүz 1715 1824 Resej imperiyasy kuramyndagy ҚazakstanBokej Ordasy 1801 1872 Alash avtonomiyasy 1917 1920 Tүrkistan avtonomiyasy 1917 1918 Қyrgyz Қazak AKSR i 1920 1925 Қazak AKSR i 1925 1936 Қazak KSR i 1936 1991 Tәuelsiz Қazakstan tarihyҚazakstan 1991 kazir k t oPortal Қazakstan Sanat Қazakstan tarihy Suyabka zhakyn zhazgy rezidenciya kagannyn ordasy bolgan Қagan tek bileushi gana emes sonymen katar kaganattyn barlyk zherinin iesi de boluy mүmkin Alajda koshpeli kogam zhagdajynda dala halkyn alatyn bolsak bilik negizinen alganda zherge emes ol zherdi pajdalanatyn adamdar uzhymyna zhүrgizildi Tehnika men zher suarudyn tym kara dүrsin boluy zhagdajynda auyl sharuashylygyna zharamdy zherler tapshy al mal zhajylatyn zherler kep boldy Koәshpeli kogam zhylzhyp koship tipti үdere koship kete alady al eginshilik uzhymy zhoninde bulaj deuge bolmajdy Mal sharuashylygy uzhymdarynyn koship konyp zhүrui kaganattyn zhogargy okimetine enzhar karsylyk zhasap kaganat әskerlerinin koly zhetpejtin alyska үdere koship ketuine mүmkindik beretin edi VII gasyrdyn bas kezinde Batys Tүrki kagany Yabgudyn ordasynda bolgan budda monahy zhazgandary kagan ruynyn bajlygy turaly biraz ugym beredi Қagandy an aulap zhүrgen zherinde kezdestirgen sayahatshy anshylar kiimderinin sәndiligine tan tamasha kalady Қagan zhasyl zhibek zhelbegej kigen dejdi ol Onyn kasyna ergen eki zhүzden astam tarhany bar olar kamka zhelbegejler kigen shashtaryn burymdap orgen Baska sarbazdary anterisinen tigilgen ishik kigen borikteri zhumsak matadan tigilgen koldaryna ajbalta sadak tu ustagan Attary onshen sajgүlik Tүje at mingen adamdardyn koptigine koz sүrinedi Odan әri kagannyn kiiz үji turaly ajtkanda onyn altynmen sәndelgeni sonshalyk tipti koz karatpajdy dejdi ol Memlekette kagannan kejingi ekinshi adam ulyk bolgan Қaganattagy zhogargy lauazymdar yabgu shad zhәne elteber kagan ruynyn okilderine tiesili edi olardy kagan vassal tajpalardy bilejtin lauazymdarga kojgan Sot kyzmetterin buryktar men tarhandar atkardy tajpa bastyk tary men okilderi zhergilikti zherlerdegi kagannyn basty tiregi bolgan Tagy bir bolim үj kagan barynsha nazar audararlyk Derekteme ony bylaj dep sipattajdy Dәrezhesi yabgudan tomen kagandar bolady Sondaj ak bir үj bolyp turatyn bir atadan taragan kop adamdar da oz basshysyn үj kagan dep atajdy tүrkiler үjdi үj dep atajdy demek bul үj kagany degen soz Әngime bul zherde kauymnyn negizgi ekonomikalyk bolinisi partiarhattyk otbasylyk kauym zhoninde bolyp otyr Қaganattyn kanauda bolgan bukarasy mal osiretin erikti usak kauym mүsheleri boldy Batys tүrik kaganatynda olardyn kalaj atalgany belgisiz birak shygys tүrik әleumettik terminologiyasyna uksastyryp olardy kara budun tobyr kara halyk dep atagan dep topshylanady Әleumettik turgydan alganda tajpalar da bir zhagynan aksүjek tajpalar al ekinshi zhagynan olarga bagynyshty vassaldyk tәueldi tajpalar bolyp bolingen Bagynyshty tajpalarga zhәne karapajym koshpeli bukaraga zhүktelgen mindetkerlikter turaly zhazba derekter az Solaj bola tursa da basty mindetkerlikterdin biri әskeri mindetkerlik baskasha ajtkanda kanmen tolejtin salyk bolgany belgili bul mindetkerlik bojynsha vassal tajpalardyn barlyk zhauynger erkekteri tajpa kosemi armiyasynyn kuramyna kiredi Sogystyn negizgi auyrtpalygy demek adam shygynynyn en kobi bagynyshty tajpalardyn mojnyna tүsedi Kejde kelimsek dep atalgan bul tajpalar sogys shajkastary kezinde aldagy shep retinde pajdalanylgan yagni algy shepke kojylgan Bul dәstүr barlyk zherlerge taragan Bagynyshtylyk arkashanda alym salyk toleumen katar zhүrip otyrgan Onyn үstine bagyndyrylgan tajpalardan sondaj ak sogys kimyldary kezinde tutkynga alyngandardan kuldar toby kalyptaskan Birak ertedegi tүrkilerdegi kul degen termindi zhalpyga mәlim klassikalyk tүrde tүsinuge bolmajdy Қul tajpalar үstem tajpaga mal zhәne an terisi t b tүrinde salyk tolep turuga mindetgi vassal tajpalar Tүrikterdin korshiles tajpalarga shapkynshylyk zhasagandagy maksattarynyn biri kuldar alu bolgan bul orajda әdette uldar men kyzdardy algan Mysaly tүriktin Baһadүr kaganynyn 620 zhyly birneshe myn kyz balany tutkynga algany mәlim Zhoryktarda tutkynga alyngan uldar men kyzdar yashma men zhibek munyn bәri kagan menshigine tүsedi delinedi sol kezdegi kuzhattardyn birinde Tүriktin Bilge kaganynyn 720 zhyly basmyldardy zhenuin bayandaj kelip avtor tүrkiler olardyn basmyldardyn uldary men kyzdaryn alyp kejin kajtty dep habarlajdy Derektemelerde mundaj mәlimetter zhii kezdesedi Tutkyn balalardy үlken otbasyly kauymda әdette bala kylyp alyp sharuashylykka pajdalandy Munyn bәri kaganatta kuldyktyn baska tүrleri bolganyn mysaly kol onershi kala salushy t s s kuldar enbegi bolganyn teriske shygarmajdy birak kul enbegin pajdalanudyn negizgi tүri үjdegi yagni otbasyndagy kuldyk dep esepteuge mүmkindik beredi Tәueldilerdin tagy bir bolimi boldy Bilge kagan eskertkishinin mәtinderinde bekterge zhәne halykka arnalgan sozder bar Onda mynadaj zhol kezdesedi menin shyn zhүrekten shykkan sozimdi sender bәrin osygan eskertkishke karaj otyryp on zhebe uldaryna zhәne olardyn tattaryna zhetkizinder Ertedegi tүrik zhazularynda tattar dep batys tүrikterine tәueldi Zhetisu aumagyndagy otyrykshy konystar men kalalardyn sogdy tildes turgyndary ajtylatyn boluy kerek tүrik kagandaryna bagynyshty bolgan bular saudamen de auyl sharuashylygymen de shugyldangan Batys Tүrik kaganatynda әleumettik ekonomikalyk zhәne sayasi katynastardyn ala kula үstemdik etu men bagynu tүrlerinin aluan tүrli boluyna karamastan Batys Tүrik kaganatynda taptardyn kurylu zhәne ertedegi feodaldyk kogamdyk katynastardyn birshama tez kalyptasu үrdisinin zhүrgeni anyk Қarapajym halyk al әleum kurylymnyn en tom satysynyn tәueldi toby tat dep atalgan k Tat Tatsyz tүrki bolmas bassyz borik bolmas degen kone mәtelge karaganda tүrki shonzharlary karamagynda tattar sany az bolmagan Batys Tүrik kaganatynda koshpeli mal sharuashylygy basym sala boldy Sonymen birge Ile Shu Talas ozenderi bojynda egin sh damydy Ezhelden eginshilikpen ajnalyskan Ortalyk Aziya men Shygys Tүrkistandagy ajmaktar da Batys Tүrik kaganatyna karagan Ұly Zhibek zholynyn Batys Tүrik kaganatyn basyp otui munda kalalyk mәdeniettin orkendeuine ykpal zhasady Қulan Navaket Suyab Taraz Merki Ispidzhab kalalary sauda koloner ortalyktary retinde әjgilendi Қaganattyn halykaralyk ekonomikalyk zhәne sayasi bajlanystar ayasyna tartyluyna sogdylyk kopester үlken rol atkardy Zhetisuda eginshilik mәdenieti kurylys oneri tүrli koloner keninen damydy Tүrikter tenge sogudy igerdi Tengeler tүrik kagandary atynan sogylganymen olardagy sozder sogdy tilinde zhazyldy Batys Tүrik kaganatynda zhazba mәdeniet damyp әdebi dәstүr kalyptasty Batys Tүrik kaganatynyn halky Ұmaj anaga tagzym etti Қaganatka Ұly Zhibek zholy arkyly әlemdik dinderdi uagyzdaushylar ene bastagan 626 zhyly kagan ordasyna elinen Budda dinin uagyzdaushy on shakty serigin ertip kelgen 627 zhyly kelgen kytajlyk budda mamasy Syuan Czyan tүrik kaganynyn budda dini zhonindegi kozkarasy turaly zhazyp kaldyrgan Sondaj ak Batys Tүrik kaganatynda zoroastra nestorian manihej dinderin zhaktaushylar da bolgan Bulardyn kyzmeti halykty tүrli dinderge tartyp kaganattyn negizi dәstүrli dini nanym senimdi әlsiretuge sol arkyly memleketti ydyratuga bagyttalgan Batys Tүrki kagany Shegu 610 18 men Ton zhabgu 618 30 kagandar tusynda kүshejip memlekettin shekarasy keneje tүsken Shegu kagan shygystagy shekarany Altajga dejin zhetkizip bүkil men Pamirge dejingi ajmakka oz biligin zhүrgizgen Shegujdin inisi Tүn zhabgu kagan memlekettin batystagy shekarasyn kenejtu sayasatyn zhalgastyra otyryp ozinin kysky turagyn Suyabka koshirip al Mynbulak degen zherdi zhazgy konysyna ajnaldyrgan Zhana zhoryktar kaganat aumagyn Әmudariyanyn zhogargy agysy men Gindukushka dejin zhylzhytuga mүmkindik bergen Mundaj ken bajtak zherdi berik ustap turu үshin Tүn zhabgu әkimshilik baskaru reformasyn zhүrgizgen Shygys Tүrkistan men Ortalyk Aziyadagy zhergilikti bileushilerge tүrkilik lauazymdar berip olardy ozinin orynbasarlary etip tagajyndagan Sondaj ak kaganatka bagynyshty elderge katan sayasi bakylau ornatu maksatynda kagannyn kazynasyna tүsetin alym salykty zhinajtyn ozi bekitken bakylaushylardy tudundardy zhiberip otyrgan Ortalyk Aziyada oz ykpalyn arttyru үshin Samarkan bileushisine oz kyzyn turmyska bergen Toharystanga ozinin uly Tardu shadty bileushi etip kojdy Belsendi syrtky sayasat zhүrgizip 625 zhyly Parsy eline karsy Vizantiyamen kelisimshartka otyrgan Tүn zhabgu imperator Iraklijdin Kavkazga zhasagan zhorygyna 628 29 katysyp zhaulap algan zherlerden Derbent men Tbilisi siyakty kalalardy oz үlesine alady Ton zhabgudyn әskeri zhetistikterine riza bolgan Iraklij Tbilisi kalasy tүbinde ogan oz tәzhin kigizip kyzy Evdokiyany turmyska beretinin mәlimdegen 630 zhyly tүrkiler Armeniyaga basyp kirgen Birak kaganattagy ishki kajshylyktarga bajlanysty Kavkazda kop turaktaj almaj keri kajtyp ketken Tolassyz zhүrgizilgen zhoryktar men alym salyktardyn auyrtpalygyna narazy bolgan halyktyn boj koterulerin syrtky zhaular oz pajdasyna pajdalanyp otyrgan Kejbir tajpalar kol astyna otip ketip otyrgan Tan imperiyasy olarga barynsha koldau korsetip basshylaryna shen shekpen mansap berip әskeri kүshke ajnaldyryp kaganatka karsy zhumsady Shygys Tүrik kaganaty Besbalyk kalasyn basyp algan son Ertis bojyndagy karluktar ile shala dulular ortalyk bilikke karsy koteriliske shykty Osy ahualdy pajdalanyp ielikter arasyndagy sogysty toktatu kerek degen zheleumen ykpaldy әskerbasy Sybihan Mohedu 630 zhyly Ton zhabgudy oltirip ozin kagan dep zhariyalajdy Kop uzamaj 631 zhyly dulu men tajpalarynyn bilikke talasy kezinde Kүlbagatur oltirilgen 630 34 zhyldary kagandyk Orta Aziyadagy Syrdariya ajmagyndagy ielikterinen ajyryldy dulu men nushebiler arasyndagy 638 zhylgy kantogisten son olardyn arasyndagy shekara Ile ozeni arkyly otip kaganat on zhәne sol kanatka bolindi Tajpaaralyk sogystar 17 zhylga 640 57 sozyldy bul kytaj әskerlerinin basa koktep kiruine kolajly zhagdaj tugyzdy 656 zhyly Ashina Helu kagan kytaj әskeri kolbasshysy Su Dinfannan zhenilgennen kejin Batys Tүrik kaganaty Tan imperiyasynyn ykpalyna tүsti Budan kejingi zherde Batys Tүrik kaganatyn Tan imperiyasy әkimshilik ajmaktarga bolip buryngy tүrik kagandarynyn kytajlangan urpaktarynan baskaktardy kuyrshak kagandardy tagajyndap otyrdy k Ashina Buyazhen Ashina Mizheli Ashina Sujczy Degenmen olardyn ishinde Duchzhy Duchzhi han Ashina Duchzhy kagan baskak otarlyk ezgige karsy shygyp eldi bostandykka zhetkizuge umtyldy birak maksatyna zhete almady 679 zhyly kytajlyktar ony aldap kolga tүsirip korlap oltirdi Batys Tүrik kaganatynyn songy 23 kagany Sin Ashina Sin 704 zh tүrgeshterdin basshysy kytajlyktardy Zhetisudan kuyp shykty 704 zhyly Batys Tүrik kaganatynyn ornyna Tүrgesh kaganaty kuryldy Derekkozder Қazakstan tarihy kone zamannan bүginge dejin Bes tomdyk 1 tom Almaty Atamura 2010 59ISBN 978 601 282 027 0 1 t ISBN 978 601 282 026 3 Қazak enciklopediyasy Ortakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Western Turkic Khaganate