Ешбар Елтеріс қаған (қытайша: 沙钵罗咥利失可汗 - Шаболосилиши кэхань (тақтағы есімі), жеке есімі қытайша: 阿史那同俄 - Ашина Тунъэ. Тонг шад, Ышпара Төліс-шад, Ышпара Эльтерши Шир, Толыс шад, Тонг шад (т.ж.б. – 639) ) — 634 жылдан 639 жылға дейін билік еткен Батыс Түрік қағанатының қағаны. Қара теңіз бойында орналасқан аймақты басқарған інісі Баға шадтың ұлы. Шығу тегі: Істемі хан – Тардуш қаған – – Баға шад – Ешбар Елтеріс. Ол Нишу Дулу қаған қайтыс болғаннан кейін таққа отырған.
Ешбар Елтеріс қаған | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
634 — 639 | ||
Ізашары | Нишу Дулу қаған | |
Ізбасары | Икюлиши | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Тәңіршілдік | |
Дүниеге келуі | белгісіз Қазақстан | |
Қайтыс болуы | 639 | |
Әкесі | ||
Балалары | Икюлиши | |
өңдеу |
Басқаруы
Билігінің алғашқы кезеңі көптен күткен тыныштықпен өтті. 637 жылы қаған Қытай императорына елшілік жіберіп, құдандалық жайында сөйлесуге тырысты. Император елшілікті жылы қабылдады, алайда неке жайлы әңгіме қозғамады. Ешбар Елтеріс елде басқаруды қайта құрып, «Он – оқ бұдун жүйесін енгізді. Қағанның он оқ, яғни, он түменнен тұратын әскері болды. Әр түменде 10 мың адам. «Бұдун» сөзі «ел», «халық» деген ұғымды білдіреді. Бірақ та, басқарудың бұл жүйесі мемлекетті күшейтудің орнына, керісінше әлсіретті. Билік үшін талас бұрынғыдан да күшейе түсті. Батыс түріктердің арасында Ешбар Елтерістің саясатына қарсылықтар күшейді. Қағанаттың өмір сүруіне дулу мен нушеби тайпаларының бітпейтін бақталастығы үнемі қауіп төндіріп отырды. Сондықтан да қаған оларды бөлшектеуді ойлады. Ол дулу тайпасына бес және нушеби тайпасын бес аймаққа бөліп, әр аймаққа жеке билеушіден тағайындады. Әр билеушіге қаған биліктің белгісі ретінде жебе сыйлаған. Осылайша Батыс Түрік қағанаты Он-оқ түріктері елі атанды. 638 жылы қыста қастандық ұйымдастырушылар ордаға кенеттен шабуылдады. Ешбар Елтеріс өзіне берілген жүзге жуық сарбазымен, інісі Бөрі шадпен бірге шегініп, Қарашар билеушісіне қашып кетті. Қастандық ұйымдастырушылар таққа Юйгу Шадты () отырғызды. Бірақ бұл нушебилерге ұнамады. Бұл жағдай қағанаттың екіге бөлінуіне алып келді. Екі иелік арасында соғыс болып, Юйгу Шад Қарашарды талқандады. Ешбар Елтеріс елге қайта оралды. Нушебилер оны қуанышпен қарсы алды. Юйгу шад пен Ешбар Елтерістің арасындағы соғыс қан төгісті болды. Ақыры, екі жақ бітім жасасты. Алайда, бұл бітім әлсіз болып шығады. Юйгу Шадтың жақтастары Ешбар Елтеріске тыныштық бермей ақырында ол Ферғанаға қашуға мәжбүр болды. 639 жылы Ешбар Елтеріс Ферғанада қаза болды. Оның орнына ұлы Икюлиши отырды.
Тағы қараңыз
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Eshbar Elteris kagan kytajsha 沙钵罗咥利失可汗 Shabolosilishi kehan taktagy esimi zheke esimi kytajsha 阿史那同俄 Ashina Tune Tong shad Yshpara Tolis shad Yshpara Eltershi Shir Tolys shad Tong shad t zh b 639 634 zhyldan 639 zhylga dejin bilik etken Batys Tүrik kaganatynyn kagany Қara teniz bojynda ornalaskan ajmakty baskargan inisi Baga shadtyn uly Shygu tegi Istemi han Tardush kagan Baga shad Eshbar Elteris Ol Nishu Dulu kagan kajtys bolgannan kejin takka otyrgan Eshbar Elteris kaganLauazymy9 shy kagany634 639Izashary Nishu Dulu kaganIzbasary IkyulishiӨmirbayanyDini TәnirshildikDүniege kelui belgisiz ҚazakstanҚajtys boluy 639 0639 ӘkesiBalalary Ikyulishiondeu BaskaruyBiliginin algashky kezeni kopten kүtken tynyshtykpen otti 637 zhyly kagan Қytaj imperatoryna elshilik zhiberip kudandalyk zhajynda sojlesuge tyrysty Imperator elshilikti zhyly kabyldady alajda neke zhajly әngime kozgamady Eshbar Elteris elde baskarudy kajta kuryp On ok budun zhүjesin engizdi Қagannyn on ok yagni on tүmennen turatyn әskeri boldy Әr tүmende 10 myn adam Budun sozi el halyk degen ugymdy bildiredi Birak ta baskarudyn bul zhүjesi memleketti kүshejtudin ornyna kerisinshe әlsiretti Bilik үshin talas buryngydan da kүsheje tүsti Batys tүrikterdin arasynda Eshbar Elteristin sayasatyna karsylyktar kүshejdi Қaganattyn omir sүruine dulu men nushebi tajpalarynyn bitpejtin baktalastygy үnemi kauip tondirip otyrdy Sondyktan da kagan olardy bolshekteudi ojlady Ol dulu tajpasyna bes zhәne nushebi tajpasyn bes ajmakka bolip әr ajmakka zheke bileushiden tagajyndady Әr bileushige kagan biliktin belgisi retinde zhebe syjlagan Osylajsha Batys Tүrik kaganaty On ok tүrikteri eli atandy 638 zhyly kysta kastandyk ujymdastyrushylar ordaga kenetten shabuyldady Eshbar Elteris ozine berilgen zhүzge zhuyk sarbazymen inisi Bori shadpen birge sheginip Қarashar bileushisine kashyp ketti Қastandyk ujymdastyrushylar takka Yujgu Shadty otyrgyzdy Birak bul nushebilerge unamady Bul zhagdaj kaganattyn ekige bolinuine alyp keldi Eki ielik arasynda sogys bolyp Yujgu Shad Қarashardy talkandady Eshbar Elteris elge kajta oraldy Nushebiler ony kuanyshpen karsy aldy Yujgu shad pen Eshbar Elteristin arasyndagy sogys kan togisti boldy Akyry eki zhak bitim zhasasty Alajda bul bitim әlsiz bolyp shygady Yujgu Shadtyn zhaktastary Eshbar Elteriske tynyshtyk bermej akyrynda ol Ferganaga kashuga mәzhbүr boldy 639 zhyly Eshbar Elteris Ferganada kaza boldy Onyn ornyna uly Ikyulishi otyrdy Tagy karanyz