Қазақ халқының ұлттық киімдері – киім үлгілері. Этникалық, экономиялық және климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат-ғұрып киімдері болады. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт егеске түсерде, соғысқа барарда киімдердің ең жақсы, таңдаулысын киген. Ішкі киімдері: көйлек, дамбал, , кәзекей; сырт киімдерге: шапан, күпі, кеудеше, тон, ; сулық киімдерге: шекпен, қаптал шапан, , жатады (қазақ Киім). Киім мәуітіден, жүн және жібек матадан, киізден, аң терісінен тігіледі. Қазақтар құланның, ақбөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілерін ерекше қымбат бағалайды. Бұл аңдардың терілерінен тондар тігілді. Астарына құнды аң терісі салынған тон – ішік деп аталды. Осы аң терісіне сәйкес бұлғын ішік, , , болып бөлінеді. Ішіктердің сыртын , мәуіті, , атлас, , , , , сияқты бағалы ширақы маталармен тыстаған. Ішіктер кейде әдепті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып тігілген.
Қазақ шапандары алдыңғы екі өңірі, артқы бой, екі жең және жағасын ойып пішіледі. Артқы бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қусырыларда оның екі жақ етегіне, бел мықынға жеткенше, екі үшкіл қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз келеді (“шабу” деп атайды). Шапан жеңінің екі беті бір-ақ қиылады. Ұлы жүз қазақтарының шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, әшекейлі келсе,Орта жүз тұрғындарының шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең, жағалары шолақ оймалы немесе түймелі болған. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың, қайырма жағалы болып тігілген. Қазақтар шапанға шабу, жең түптеріне ойынды, қолтырмаш қояды.
Ішіне жабағы жүн салынып сырылған, суықта киетін сырттық – күпі, түйе жүнінен иірілген жіптен тоқылған жұмсақ сырттық – шекпен (тайлақ жүнінен тоқылса шидем шекпен), жеңсіз, киізден қаусырылған, сәндендірілген кебенек, астары қалыңдатылған қаптал шапан, сырмалы, шабулы, жұрынды түрлері болады. Иленген, әрі боялған (қарағай, қайың нілімен, өсімдік, қына, томар бояумен боялған) тон, сырты қымбат матамен тысталған ішіктің түрлері кең таралған. Тонды тебен инемен басып тігіп, немесе шалып тігіп, кестелеп, қаптама тон жасайды, етек жеңіне жұрын ұстайды. Жарғақ, тайжақы, қылқа, дақы деген киімдерді тай, құлын, лақтың терісінен жүнін сыртына қаратып тігеді. Шалбарды барқыт, ұлпа, пүліш, тібен, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәлескен, қырмызы, қамқа, бақисап, көк мәуіті сияқты ширақы маталардан, қой ешкі терілерінен тіккен. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, атқа мініп-түсуге ыңғайлы, кең балақ болып келеді. Жеңіл шапан мен бешпенттің етегін де ышқыр астынан жіберіп, шалбарлау, әсіресе, батырлар мен аңшыларға, балуандарға тән болған.
Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, камзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады. Әшекей, ажар жағынан төрт топқа арналып тігіледі. Олар қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен бәйбішелердің киімдері. Қыз киімдері кеуделері тар, қынамалы, жаға, жең, кеудесі, өңірі кестелі, әшекейлі келсе, жас ұлғайған сайын неғұрлым етекті, кең, мол қаусырмалы бола түседі.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың геогр., ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақ тымақ, 3 құлақты керей тымақ; қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы (М.Әуезовтың айтуынша) болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді.
Еркектер мен әйелдер бас киімі әр түрлілігімен ерекше-ленді. Еркектердің ежелден келе жатқан дәстүрлі бас киімі – қалпақ жұқа ақ киізден тігілді. Бұлардың ақ киізден төбесі биік етіліп жасалғаны “ақ қалпақ”, ал жалпақ күнқағары жоғары бүктеліп қайырылғаны “айыр қалпақ” деп аталды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек пішінді, төбесі биік, міндетті түрде аң терісімен жиектелген бөрік киген. Қыста киетін бас киім “тымақ” деп аталды.
Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк құтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағылып сәндендіріледі. Қыздардың құндыз, кәмшат терісімен жиектелген бас киімдері “кәмшат бөрік” деп, алтынмен кестеленгені “алтын бөрік”, маржандармен әшекейленгені “қалмаржан бөрік” деп аталды. Барқыттан немесе қамқадан тігілген жаздық жеңіл бас киім – “тақия” үкінің үлпек қауырсынымен, күміс және алтын кестелермен әшекейленді. Әйелдердің бас киімдері арасынан неғұрлым өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленетін қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі – сәукеле болды. Төбесі үшкірленіп, биік етіліп тігілетін ол алтын және күміс тиындармен, інжу-маржандармен, алқалармен безендірілді. Алғашқы нәрестесі дүниеге келісімен жас әйел ақ матадан тігілетін бас киім – кимешек киген. Қазақ халқының ұлттық киімдеріндегі бас киімді былайша топтастыруға болады: 1) ерлер бас киімі: , (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), , жекей, , тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа, т.б.), құлақшын, бөрік, жалбағай, қалпақ, құлақты тымақ, , (іштік бөрік); 2) әйелдер бас киімі: сәукеле, бөкебай, қарқара, кимешек, , желек, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар), бүркеніш, бергек, қасаба, тақия, шылауыш, жаулық. Қыста киетін бас киімдер қымбат, қалың матамен тысталады.
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің ішінде аяқ киім, соның ішінде етіктің биік өкше, жарма қоныш, тіремелі, көксуыр, саптама, жұмсақ табан, үшкіл тұмсық, шоңқайма түрлері қымбатқа түскен. Сонымен бірге сырма киіз, ішетік, мәсі, шоқай, бұйық (етік сыртынан киетін, жүні ішіне қараған, иленген теріден жасалған байпақ тәрізді аяқ киім) түрлері таралған. Орта Азия және Қытаймен арадағы сауда-саттықтың нәтижесінде қымбат бағалы жібек, мақта маталары алынып, киім тігуге қолданылды. 18 ғ-дан бастап орыстың фабрикалық арзан маталары көптеп айырбасқа түсуі қазақ ұлттық киім түрінің көбеюіне мүмкіндік туғызды. Торғын, пайы, шағи, дүрия, бәтес, сусыма, лейлек, атлас, сұпы, шәйі тәрізді маталардан желбіршекті жұқа көйлектер тігіледі.
Қайыстан, барқыттан, жүннен және жібектен жасалған белдіктер қазақ киімдерінің міндетті бір бөлшегі болды. Қайыс белдіктері әр түрлі өрнек, жапсырмалармен әшекейлендіріліп, асыл тастардан салынған көздер мен сүйек оюлы бастырмалармен әшекейлендірілді. Мұндай белдіктер “кісе” деп аталады. Жас жігіттердің белдіктерінде алқа, әлеміштер болды. Әйелдердің белдіктері жалпақ әрі сәнді, негізінен, жібек пен барқыттан тігілді. Әйелдер, сондай-ақ, белдеріне жұмсақ белбеу байлады. Әйелдердің әшекейлері алтыннан, күмістен, асыл тастардан әзірленді. Салмақты күміс білезіктерге алтын жалатылды, ою салынды. Сырғалар, негізінен, күміс сымдардан имек, жарқырауық тастар түзілген шығыршық түрінде жасалды, оның өзара күміс сыммен бекітілген төрт бұрышты қиықша, дөңгелек, жалпақ тілікті түрлері көбірек пайдаланылды. Шашқа салатын әшекейлер – өзара кіріккен шығыршықтармен біріктірілетін алқалар немесе теңгелер тізбегі түріндегі шашбаулар жасалды. Оның орт. алқалары түрлі түсті асыл тастармен безендірілді. Шашқа тағылатын әшекей қатарына аспалы шолпылар да жатады. Жүзіктер құйылып және нақышталып, сопақша, дөңгелек, көп қырлы қисында жасалды. Олар түрлі түсті асыл тастармен безендірілді.
Қазақ зергерлері бұлардан басқа омырауша, өңір жиек, “бой тұмар”, белдіктерге ілгектер, сәукелеге арналған өрнекті тана–шылтыр, салмақты дөңгелек түймелер торсылдақ түйме, түйреуіш сияқты әшекей бұйымдар да жасаған. Әйелдер әшекейлерін әзірлеуде әр түрлі тәсілдер: құю, ою салу, нақыш қондыру, қалыптау, зерлеу, қараға бояу, інжу қадау, эмаль жағу қолданылды (қазақ Зергерлік өнер). Мұндай сәндік бұйымдар Қазақ халқының ұлттық киімдеріне ерекше әр берді. Қазақ халқының ұлттық киімдері үлгілерінің көшпелі тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бейімделіп дамығаны, көрші халықтармен арадағы мәдени, шаруашылық байланыстар әсер еткендігі сөзсіз.
Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қолөнерімен де ұштасып жатыр. Қолөнерінің басты бір саласы — киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу) , сондай-ақ көпшілігі театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп жүр. Алматыдағы «Қазақстан» магазинінде, облыс орталықтарында ұлттық киімдер (шапан, мәсі , бөрік, қамзол т. б.) сатылады. Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасы. Қазақы киімнің барша сымбаты мен оюөрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол - біздің ұлттық мәдениетіміз.
Айыр қалпақ
Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі . Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі . Ол негізгі екі бөліктен құралады. Олар — қалпақтық төбесі және етегі (кейде қайырмалы деп те айтады) . Қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен) тұрады. пішілген төрт қиынды киізді арасына қара барқыттан салып, қайып тігеді . Сонда қалпақтың төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің (төбе) етегіне сыздық салып қондырады. Сәнді болу үшін, қалпақтың қайырмасының астыңғы жағы кейде қара барқытпен көмкеріледі . Қалпақтың төбесіне қара не басқа түсті шашақ тағын, төбесінің төрт сайы әр түрлі жібек жіптермен кестеленеді . Ақ киізден тігілген айырқалпақ әрі жеңіл, әрі салқын, әрі сәнді болып келеді . Соңғы кезде жергілікті өнеркәсіп орындары айыр-қалпақты әр түсті киізден жасап шығарып жүр
Жарғақ шалбар
Иленіп, әбден өнделген теріні қазақтар «жарғақ» дейді. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ теріден тігілген шалбарды «жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.
Тымақ
Қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағаласы – түлкі тымақ. Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты мақпалмен, пүлішпен немесе басқа асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі төрт немесе алты сай (бөлек) үшкіл (үш бұрышты) киізден құралып, болып келеді.
Саптама етік
Қонышы тізені жауып тұратындай ұзын, табаны қалың сіріден оң-солы жоқ, түзу болып тігілетін аяқ киім. Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы күнгі аязда ат үстінде жүргенге жылы, әрі қолайлы.
Байпақ
үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін киізден тігетін аяқ киім. Қыста киетіп байпақтық киізі қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады. Байпақ тігудің екі тәсілі бар. Оның бірі .табанын бөлек салып ұлт арып тігу; екіншісі, тұтастай қусырып тігу. Байпақтық тігісі аяққа батпау үшін оны сыртынан тігеді . Тігуге түйе немесе қой жүнінен иірілген шуда жіптіп айдаланады. Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Ерте кезде оны шұлғау орнына киіз байпақтың ішінен кию үшін де пайдаланған. Қазіргі кезде бәтеңкенің, қысқа қонышты етіктің, мәсінің ішінен киеді. Байпақ түйе жүнінен, қой жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Мұндай байпақтар әрі жылы, әрі жеңіл әрі жұмсақ болады.
Кимешек
Жасамыс (егде) әйелдер киетін бас киім. Ол өн бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігілдеді. Ақ матадан бет жағы ойылады. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін немесе күндік сияқты ақ мата оралады.
Бөрік
Қазақтың ертеден қалыптасқан бас киімі , оны бағалыаң терісінен және жас төлдің- етірісінен тігеді . Оның жаздық және қыстық түрлері болады. Терінің түріне қарай бөрік әр алуан аталады. , , кәмшат бөрік, , , , т. б. деп аталады. Оны ерлер де, қыздар да киеді . Бөріктің төбесі көбінесе алты сай (қиық) , төрт сай болып келеді . Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді . Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары бұрыш тәрізді , етек жақтары тік төрт бұрыш болады. Осы қиьіндылардың бір бетіне шүберектей астар, екі арасына жұқа матадан бидай шүберек салып, жиі етіп сыриды. Одан соң жеке-жеке сайларды біріне-бірін ебістіріп ішінен де, сыртынан да жермен тігеді . Оның сыртын асыл матамен (барқыт, , , т. б.) тыстайды. Бөріктің іші сай болса, оның тысы да сонша сай болады. Бұдан кейін бөріктің төбесінің етегін жай матамен астарлан тігеді де төменгі жағын төрт елідей терімен (қылшығын сыртына қаратып) көмкереді . Бұрын қыздар киетін төбесіне үкі , жібек шашақ тағын, зер жіппен, жібек жіппен кестелеген, меруерт, маржан тізбелер, алтын,күміс түйме қадаған. Кейде бөріктің етегін жауып тұратындай етіп айналдыра зер не жібек шаш ақтар ұстаған. Бөрікті қазақ халқы сияқты қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр т. б. халық тарда киеді .
Мәсі
Аяқ киімнің бір түрі , оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіснеластық (галош) киіледі. Көбінесе қойыпты астарланып, көмкеріледі. Ал ұлт айы жалаң қабат болады. Ол тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп немесе жара шаншыл өбістіре тігу арқылы ұлтарылады. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан пішіп алады. Одан соң тігісін ішіне қаратыл, басын қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонытын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда тігістің арасына жіңішке сыздық салады.
Мәсі — әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім.Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті көсі порындар мәсіні көптеп шығаратын болды. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан-жылға көбейе түсуде.
Тақия
Ерлердің бас киімі . Тақияның түрлері көп. , және үшкір . Ерлер киетін тақияда теңге, моншақ, ғана болмайды. Оның есесіне олар «мүйіз», «, «шырмауық» сияқты өрнектермен кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «, қабырға тігістерімен әдеміленіл сырылады. Тақияны пүліштен, қыжыман ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс төбелі тақияның тігілуі бірдей. Ал үшкір төбелі тақияны тіккенде оның етегін жалпақтығын үш елі дей етіп тік төрт бұрыш етіп қиып алады. Оның төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты сайлан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне қондырады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матам ен әдіптен көмкереді. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегінің қоспа тігістері білінбеу үшін сол тігістерді бастыра жібек жіппен әдемілен шалып тігеді. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар әр түрлі тақия жасап шығарады.
Шапан
Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі . Оны қалың адам арасына жүн, мақта салып, астарлан немесе қос астарлан сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. Шапан: сырмалы шалан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді.
Қызкеліншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдай тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. Қазіргі кезде түрлі-түсті масатыдай екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жадағай (арасына жүн, мақта салмай) шан айдар тігіліп сатылады. Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған.
Қамзол
18- 19 ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім. Қамзол туралы мәліметтер 19 ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. Қамзол тек қазақта ғана емес, басқа да түркі елдерінің киім үлгілерінде кездеседі. Әйелдер киімінде қамзолдың орны ерекше, ол әрі жылулық, әрі сәндік міндеттерін атқарады. Қамзолдар астарлы, жеңсіз жеңіл жаздық киім. Етектері мен жағалары тас, оқа, күміс тиындарымен (сөлкебай)әшекейленген, бұйымдар қадап, әртүрлі әткеншектер ілінген.
Құлақшын
Ерлердің баскиімі. ("Бұлғын, құндыз, жанат, түлкі, қарсақ, суыр т.б.") аң терілері мен бұзау, қозы- лақтың бұйра терісі (елтірі) сияқты үй жануарларының терілерінен тігіледі. Төбе жағы екі түрлі тәсілмен пішіледі. Бірнеше сайдан тұратын үшкіл, етек жағы тік төртбұрышты болып келген немесе етек жағы қусырылып тігіліп, оған дөңгелек төбе қондырылған түрі. Теріге өлшеп пішіліп астарының арасына жүн, мақта салып, сырып тігіледі. Сыртын терімен тыстап, қалыпқа кигізіп, керіп қояды.
Киіз етік
Қыстыгүні киетін қысқыаяқкиім. Оны киізді қалыпқа салып басып шығару әдісімен жасалады. Етіктің басы мен қонышын бөлек, екі бет етіп пішіп алып, тігістіктеріне былғарыдан немесе жақсы иленген қайыстан сыздық салып отырып қайып, қусырып тігеді. Етіктің басын былғарымен қаймалайды, қонышын жұқа былғарымен оюлап көмкереді. Өкшелігіне сірі салып бүрмелеп , сыртын, басының үстіне өрнектеп қайып тігеді. Киіз етіктің де басын былғарымен жұлықтайды. Басына қалып салып отырып, табандығын бүрмелеп, былғары ұлтарақша салып, ұлтан, өкше қағады. Киіз етік аяз тартпайды, өзі әрі жұмсақ, әрі жеңіл, әрі сәнді.
Ішік
Ішік — қазақтың ұлттық киімдерінің бірі, оны елтіріден, сеңсеңнен, әр түрлі аң терілерінен тігеді, сырты матамен тысталады. Ішік тігілетін терінің түріне қарай: елтірі ішік, сеңсең ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік, пұшпақ ішік, орман ішік, жанат ішік, бұлғын ішік т. б. деп аталады. Ішік тігетін теріні шел майынан, көк етінен арылтып алған соң ашыған айран жағын илейді. Тері әбден иі қанғанда ирек ағатпен тарап, қолмен уқалап, керіл-созыл жұмсартылады. Ішікті жөрмеп тігеді және тігістерінің бәрі тірінің тақыр жағына қарайды. Жұқа терілерді мақта жіппен тіксе, ал қалың терілерге жүн жіп пайдаланылады. Ішіктің іші дайын болған соң, оның тақыр бетіне бидай шүберек көктейді де барқыт, шұға, пүліш сияқты қалың тыстық маталармен тыстайды. Қасқыр ішікке қасқыр не түлкі терісінен, сеңсең ішікке елтіріден, басқа түрлеріне құндыз не бұлғын теріснен жаға салынады. Ішік екі маусымда киюге арналған жылы киім. Мысалы қасқыр ішік, түлкі ішік, бөкебай ішік, қарсақ ішік, бұлғын ішіктер қыста, пұшпақ ішік, зорман ішік, жанат ішік, елтірі ішіктер қара күзде, көктем айларында киюге арналған. Сеңсең ішік, қасқыр ішіктерді ерлер, қалған түрлерін көбінесе әйелдер киген. Әйелдер мен бойжеткендер киетін ішіктер өте сәнді етіп тігіледі. Олардың өңіріне, жеңінің аузына, етегіне айналдыра құндыздан, сусардан жұрын ұстайды. Тысына жібекпен кесте тігеді. Елтірі ішік аса марқаймаған қозының бұйра елтірісінен тігіледі. Сеңсең ішік — марқа қозының терісінен сеңсеңінен тігіледі. Орман ішік түлкінің тамақ терісінен, пұшпақ ішік — түлкінің пұшпақ терісінен тігіледі. Ішіктің қайсы түрі болса да әрі жылы, әрі киюге сәнді тамаша киім.
Ұлттық киім түрлері
- Іштік киімдер: бешпент, дамбал, жейде, көйлек, камзол, күртке (желетке), шалбар.
- Сыртқы (өң) киімдер: жадағай шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тайжақы, тон, шапан, шидем, ішік.
- Сулық киімдер: аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен.
- Ерлердің бас киімдері: башлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күлапара, қалпақ, құлақшын, малақай, мұрақ, тақия, тымақ, шалма.
- Әйелдердің бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі.
- Аяқ киімдер: кебіс, көк етік, мәсі, мықшима, саптама етік, шоңқайма
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, V том
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- Алматыкітап "Қазақ халқының ұлттық киімдері" 2007 жыл, Ханият Б.; Сужикова А.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazak halkynyn ulttyk kiimderi kiim үlgileri Etnikalyk ekonomiyalyk zhәne klimattyk zhagdajlar eskerilip ezhelgi dәstүrler bojynsha tigiledi Қazaktarda ishki syrttyk sulyk bir kier sәndik zhәne kejbirinde saltanat guryp kiimderi bolady Bir kier kiim dep kymbat matalardan әshekejlep tigilgen toj dumandarga zhiyndarga barganda zhat elge saparga shykkanda kietin sәndi kiimderdi atagan Қazak saltynda er zhigit egeske tүserde sogyska bararda kiimderdin en zhaksy tandaulysyn kigen Ishki kiimderi kojlek dambal kәzekej syrt kiimderge shapan kүpi keudeshe ton sulyk kiimderge shekpen kaptal shapan zhatady kazak Kiim Kiim mәuitiden zhүn zhәne zhibek matadan kiizden an terisinen tigiledi Қazaktar kulannyn akbokennin zholbarystyn zhanattyn bulgynnyn susardyn ak tyshkannyn terilerin erekshe kymbat bagalajdy Bul andardyn terilerinen tondar tigildi Astaryna kundy an terisi salyngan ton ishik dep ataldy Osy an terisine sәjkes bulgyn ishik bolyp bolinedi Ishikterdin syrtyn mәuiti atlas siyakty bagaly shiraky matalarmen tystagan Ishikter kejde әdepti okaly shet sheti zhuryndalgan kajyrma zhagaly bolyp tigilgen Қazak ulttyk kiimderi Қazak shapandary aldyngy eki oniri artky boj eki zhen zhәne zhagasyn ojyp pishiledi Artky bojdyn eki zhak sheti aldyngy onirge kusyrylarda onyn eki zhak etegine bel mykynga zhetkenshe eki үshkil kojma kojylady Onyn etek zhagy endi bel zhagy ensiz keledi shabu dep atajdy Shapan zheninin eki beti bir ak kiylady Ұly zhүz kazaktarynyn shapandary kobinese zholakty syrmaly etek zhenderi uzyn әshekejli kelse Orta zhүz turgyndarynyn shapandary kobinese bir betkej matadan syrusyz sirek kabylyp etekteri shalgajly zhenderi ken zhagalary sholak ojmaly nemese tүjmeli bolgan Kishi zhүzdin shapandary da shalgajly zhenderi uzyn zhәne ken zhүn tartkan bidajlagan kalyn kajyrma zhagaly bolyp tigilgen Қazaktar shapanga shabu zhen tүpterine ojyndy koltyrmash koyady Ishine zhabagy zhүn salynyp syrylgan suykta kietin syrttyk kүpi tүje zhүninen iirilgen zhipten tokylgan zhumsak syrttyk shekpen tajlak zhүninen tokylsa shidem shekpen zhensiz kiizden kausyrylgan sәndendirilgen kebenek astary kalyndatylgan kaptal shapan syrmaly shabuly zhuryndy tүrleri bolady Ilengen әri boyalgan karagaj kajyn nilimen osimdik kyna tomar boyaumen boyalgan ton syrty kymbat matamen tystalgan ishiktin tүrleri ken taralgan Tondy teben inemen basyp tigip nemese shalyp tigip kestelep kaptama ton zhasajdy etek zhenine zhuryn ustajdy Zhargak tajzhaky kylka daky degen kiimderdi taj kulyn laktyn terisinen zhүnin syrtyna karatyp tigedi Shalbardy barkyt ulpa pүlish tiben shibarkyt shegren lәmbek mәlesken kyrmyzy kamka bakisap kok mәuiti siyakty shiraky matalardan koj eshki terilerinen tikken Shalbardyn bauy yshkyrga otkiziledi atka minip tүsuge yngajly ken balak bolyp keledi Zhenil shapan men beshpenttin etegin de yshkyr astynan zhiberip shalbarlau әsirese batyrlar men anshylarga baluandarga tәn bolgan Қazak әjelderinin ulttyk kiimi negizinen kojlek kimeshek zhaulyk sәukele zhelek takiya kamzol kәzekej kebis mәsi kokireksheden turady Әshekej azhar zhagynan tort topka arnalyp tigiledi Olar kyz kiimderi kelinshek kiimderi orta zhastagy әjelder men bәjbishelerdin kiimderi Қyz kiimderi keudeleri tar kynamaly zhaga zhen keudesi oniri kesteli әshekejli kelse zhas ulgajgan sajyn negurlym etekti ken mol kausyrmaly bola tүsedi Қazak halkynyn ulttyk kiimderinde turgyndardyn geogr ru tajpalyk erekshelikteri de korinedi zhәne ol kobine bas kiim men shapannan bajkalady Mysaly 8 saj uak tymak 3 kulakty kerej tymak karakesek adaj borik argyn tymak kypshak tymak syrmalagan 6 saj najman tymak 4 saj zhatagan tobykty tymagy M Әuezovtyn ajtuynsha bolgan Ajmak ereksheligine karaj Zhetisu Arka konyrat үlgisindegi tymaktar degen ataularga bolinedi Erkekter men әjelder bas kiimi әr tүrliligimen erekshe lendi Erkekterdin ezhelden kele zhatkan dәstүrli bas kiimi kalpak zhuka ak kiizden tigildi Bulardyn ak kiizden tobesi biik etilip zhasalgany ak kalpak al zhalpak kүnkagary zhogary bүktelip kajyrylgany ajyr kalpak dep ataldy Koktem men kүzde kazaktar dongelek pishindi tobesi biik mindetti tүrde an terisimen zhiektelgen borik kigen Қysta kietin bas kiim tymak dep ataldy Қyzdardyn borikteri alkalarmen zhәne tobesine үkinin kok kutannyn nemese totynyn үlpek kauyrsyndary tagylyp sәndendiriledi Қyzdardyn kundyz kәmshat terisimen zhiektelgen bas kiimderi kәmshat borik dep altynmen kestelengeni altyn borik marzhandarmen әshekejlengeni kalmarzhan borik dep ataldy Barkyttan nemese kamkadan tigilgen zhazdyk zhenil bas kiim takiya үkinin үlpek kauyrsynymen kүmis zhәne altyn kestelermen әshekejlendi Әjelderdin bas kiimderi arasynan negurlym ozindik sәn saltanatymen erekshelenetin kyzdardyn turmyska shygardagy bas kiimi sәukele boldy Tobesi үshkirlenip biik etilip tigiletin ol altyn zhәne kүmis tiyndarmen inzhu marzhandarmen alkalarmen bezendirildi Algashky nәrestesi dүniege kelisimen zhas әjel ak matadan tigiletin bas kiim kimeshek kigen Қazak halkynyn ulttyk kiimderindegi bas kiimdi bylajsha toptastyruga bolady 1 erler bas kiimi kustandaj kolkeste bizkeste tүrleri bar zhekej takiya zerli үkili okaly syrma shoshak tobe tikshe katipa t b kulakshyn borik zhalbagaj kalpak kulakty tymak ishtik borik 2 әjelder bas kiimi sәukele bokebaj karkara kimeshek zhelek shәli zhibek shilter oyuly tүri bar bүrkenish bergek kasaba takiya shylauysh zhaulyk Қysta kietin bas kiimder kymbat kalyn matamen tystalady Қazak halkynyn ulttyk kiimderinin ishinde ayak kiim sonyn ishinde etiktin biik okshe zharma konysh tiremeli koksuyr saptama zhumsak taban үshkil tumsyk shonkajma tүrleri kymbatka tүsken Sonymen birge syrma kiiz ishetik mәsi shokaj bujyk etik syrtynan kietin zhүni ishine karagan ilengen teriden zhasalgan bajpak tәrizdi ayak kiim tүrleri taralgan Orta Aziya zhәne Қytajmen aradagy sauda sattyktyn nәtizhesinde kymbat bagaly zhibek makta matalary alynyp kiim tiguge koldanyldy 18 g dan bastap orystyn fabrikalyk arzan matalary koptep ajyrbaska tүsui kazak ulttyk kiim tүrinin kobeyuine mүmkindik tugyzdy Torgyn pajy shagi dүriya bәtes susyma lejlek atlas supy shәji tәrizdi matalardan zhelbirshekti zhuka kojlekter tigiledi Қajystan barkyttan zhүnnen zhәne zhibekten zhasalgan beldikter kazak kiimderinin mindetti bir bolshegi boldy Қajys beldikteri әr tүrli ornek zhapsyrmalarmen әshekejlendirilip asyl tastardan salyngan kozder men sүjek oyuly bastyrmalarmen әshekejlendirildi Mundaj beldikter kise dep atalady Zhas zhigitterdin beldikterinde alka әlemishter boldy Әjelderdin beldikteri zhalpak әri sәndi negizinen zhibek pen barkyttan tigildi Әjelder sondaj ak belderine zhumsak belbeu bajlady Әjelderdin әshekejleri altynnan kүmisten asyl tastardan әzirlendi Salmakty kүmis bilezikterge altyn zhalatyldy oyu salyndy Syrgalar negizinen kүmis symdardan imek zharkyrauyk tastar tүzilgen shygyrshyk tүrinde zhasaldy onyn ozara kүmis symmen bekitilgen tort buryshty kiyksha dongelek zhalpak tilikti tүrleri kobirek pajdalanyldy Shashka salatyn әshekejler ozara kirikken shygyrshyktarmen biriktiriletin alkalar nemese tengeler tizbegi tүrindegi shashbaular zhasaldy Onyn ort alkalary tүrli tүsti asyl tastarmen bezendirildi Shashka tagylatyn әshekej kataryna aspaly sholpylar da zhatady Zhүzikter kujylyp zhәne nakyshtalyp sopaksha dongelek kop kyrly kisynda zhasaldy Olar tүrli tүsti asyl tastarmen bezendirildi Қazak zergerleri bulardan baska omyrausha onir zhiek boj tumar beldikterge ilgekter sәukelege arnalgan ornekti tana shyltyr salmakty dongelek tүjmeler torsyldak tүjme tүjreuish siyakty әshekej bujymdar da zhasagan Әjelder әshekejlerin әzirleude әr tүrli tәsilder kuyu oyu salu nakysh kondyru kalyptau zerleu karaga boyau inzhu kadau emal zhagu koldanyldy kazak Zergerlik oner Mundaj sәndik bujymdar Қazak halkynyn ulttyk kiimderine erekshe әr berdi Қazak halkynyn ulttyk kiimderi үlgilerinin koshpeli turmys pen kubylmaly aua rajyna bejimdelip damygany korshi halyktarmen aradagy mәdeni sharuashylyk bajlanystar әser etkendigi sozsiz Қazak halkynyn koloneri kone zaman tarihymen birge damyp bite kajnasyp kele zhatkan baj kazyna Onyn bir ushygy tuyskan Orta Aziya halyktarynyn zhәne orys halkynyn kolonerimen de ushtasyp zhatyr Қolonerinin basty bir salasy kiim tigu Erte zamannan kүni bүginge dejin ozinin kadir kasietin zhojmaj kol onerinin ozyk үlgisi retinde gana emes әri әsem әri yngajlylygymen de pajdalanudan kalmaj kele zhatkan kazaktyn ulttyk kiimderi әli de az emes Olardyn kejbireulerin eskinin kozi karttar kүndelikti kiip zhүrse endi bireulerin kyz uzatu kelin tүsiru tojlarynda ojyn sauykka pajdalanady kalyndykka sәukele kigizu sondaj ak kopshiligi teatrlardyn arnauly zakazy bojynsha tigilip zhүr Almatydagy Қazakstan magazininde oblys ortalyktarynda ulttyk kiimder shapan mәsi borik kamzol t b satylady Қazaktyn ulttyk kiimderi Euraziya dalasyn konys etken koshpeli el kazaktardyn baska halyktarga uksamajtyn kiim үlileri tabigi erekshelikter men koshpeli tirshilikke sәjkes kalyptasy Қazaky kiimnin barsha symbaty men oyuorneginde әrbir әshekejinde halkymyzdyn tarihynyn oj dүniesinin kajtalanbas korinisi bar Ol bizdin ulttyk mәdenietimiz Ajyr kalpakErlerdin kiizden tigilgen zhenil bas kiimi Ajyr kalpak zhuka etip basylgan ak kiizden tigiledi Ol negizgi eki bolikten kuralady Olar kalpaktyk tobesi zhәne etegi kejde kajyrmaly dep te ajtady Қalpaktyn tobesi tort sajdan bolikten turady pishilgen tort kiyndy kiizdi arasyna kara barkyttan salyp kajyp tigedi Sonda kalpaktyn tobesi kүmbez tәrizdes bolyp shygady Қalpaktyn etegi zhalpaktygy tort elidej etip dongelektep kiyp alyngan ak kiizden zhasalady da ony zhogargy boliktin tobe etegine syzdyk salyp kondyrady Sәndi bolu үshin kalpaktyn kajyrmasynyn astyngy zhagy kejde kara barkytpen komkeriledi Қalpaktyn tobesine kara ne baska tүsti shashak tagyn tobesinin tort sajy әr tүrli zhibek zhiptermen kestelenedi Ak kiizden tigilgen ajyrkalpak әri zhenil әri salkyn әri sәndi bolyp keledi Songy kezde zhergilikti onerkәsip oryndary ajyr kalpakty әr tүsti kiizden zhasap shygaryp zhүrZhargak shalbarIlenip әbden ondelgen terini kazaktar zhargak dejdi Қyzgylt tүske boyalyp tүrli tүsti ornek salyngan zhargak teriden tigilgen shalbardy zhargak shalbar dep atagan Bul sәndi kiimdi kezinde batyrlar men biler sal seriler saltanatka kigen TymakҚazakta tymaktyn tүrleri kop sonyn en bagalasy tүlki tymak Onyn mandajy men kulaktarynyn ishki zhagyna tүlki terisi tigiledi de syrty makpalmen pүlishpen nemese baska asyl matalarmen syrylyp tystalady Tymaktyn tobesi tort nemese alty saj bolek үshkil үsh buryshty kiizden kuralyp bolyp keledi Saptama etikҚonyshy tizeni zhauyp turatyndaj uzyn tabany kalyn siriden on soly zhok tүzu bolyp tigiletin ayak kiim Ony kiiz bajpakpen kiedi Қysky kүngi ayazda at үstinde zhүrgenge zhyly әri kolajly BajpakBajpak үshin etiktin mәsinin ishinen kietin kiizden tigetin ayak kiim Қysta kietip bajpaktyk kiizi kalyn al zhazda kietin bajpaktyn kiizi zhuka bolady Bajpak tigudin eki tәsili bar Onyn biri tabanyn bolek salyp ult aryp tigu ekinshisi tutastaj kusyryp tigu Bajpaktyk tigisi ayakka batpau үshin ony syrtynan tigedi Tiguge tүje nemese koj zhүninen iirilgen shuda zhiptip ajdalanady Zhүnnen tokylatyn bajpaktardyn konyshy kyska bolady Erte kezde ony shulgau ornyna kiiz bajpaktyn ishinen kiyu үshin de pajdalangan Қazirgi kezde bәtenkenin kyska konyshty etiktin mәsinin ishinen kiedi Bajpak tүje zhүninen koj zhүninen eshkinin tүbitinen tokylady Mundaj bajpaktar әri zhyly әri zhenil әri zhumsak bolady KimeshekZhasamys egde әjelder kietin bas kiim Ol on bojy kokirekti zhauyp turatyn tutas matadan tigildedi Ak matadan bet zhagy ojylady Zhagy oniri okalanyp kestelenedi Tobesine sәndik үshin nemese kүndik siyakty ak mata oralady BorikBorik Қazaktyn erteden kalyptaskan bas kiimi ony bagalyan terisinen zhәne zhas toldin etirisinen tigedi Onyn zhazdyk zhәne kystyk tүrleri bolady Terinin tүrine karaj borik әr aluan atalady kәmshat borik t b dep atalady Ony erler de kyzdar da kiedi Boriktin tobesi kobinese alty saj kiyk tort saj bolyp keledi Ony tikkende aldymen olshep alyp zhuka kiizden tort ne alty saj etip pishedi Әr sajdyn tobede tүjisetin ushtary burysh tәrizdi etek zhaktary tik tort burysh bolady Osy kiindylardyn bir betine shүberektej astar eki arasyna zhuka matadan bidaj shүberek salyp zhii etip syridy Odan son zheke zheke sajlardy birine birin ebistirip ishinen de syrtynan da zhermen tigedi Onyn syrtyn asyl matamen barkyt t b tystajdy Boriktin ishi saj bolsa onyn tysy da sonsha saj bolady Budan kejin boriktin tobesinin etegin zhaj matamen astarlan tigedi de tomengi zhagyn tort elidej terimen kylshygyn syrtyna karatyp komkeredi Buryn kyzdar kietin tobesine үki zhibek shashak tagyn zer zhippen zhibek zhippen kestelegen meruert marzhan tizbeler altyn kүmis tүjme kadagan Kejde boriktin etegin zhauyp turatyndaj etip ajnaldyra zer ne zhibek shash aktar ustagan Borikti kazak halky siyakty karakalpak kyrgyz bashkurt tatar ujgyr t b halyk tarda kiedi MәsiMәsi Ayak kiimnin bir tүri ony bylgarydan shegirennen kuramnan tigedi Mәsinin syrtynan kebisnelastyk galosh kiiledi Kobinese kojypty astarlanyp komkeriledi Al ult ajy zhalan kabat bolady Ol taramyspen ishki zhagynan zhormep nemese zhara shanshyl obistire tigu arkyly ultarylady Etikshi mәsi tikkende en aldymen mәsinin basyn konyshyn zhuka bylgarydan ultanyn kalyn bylgarydan piship alady Odan son tigisin ishine karatyl basyn kondyrady Osydan kejin mәsinin konytyn tigedi Mәsinin konyshyn kusyrganda tigistin arasyna zhinishke syzdyk salady Mәsi әri zhenil әri zhumsak ayak kiim Ol әsirese tazalyk үshin asa kolajly Songy zhyldary zhergilikti kosi poryndar mәsini koptep shygaratyn boldy Ayak kiimnin bul tүrine degen suranys zhyldan zhylga kobeje tүsude TakiyaTakiya Erlerdin bas kiimi Takiyanyn tүrleri kop zhәne үshkir Erler kietin takiyada tenge monshak gana bolmajdy Onyn esesine olar mүjiz shyrmauyk siyakty ornektermen kestelenedi mashinamen kolmen tandaj kabyrga tigisterimen әdemilenil syrylady Takiyany pүlishten kyzhyman al astaryn zhibek sәtennen tigedi Biik tobeli takiya men tegis tobeli takiyanyn tigilui birdej Al үshkir tobeli takiyany tikkende onyn etegin zhalpaktygyn үsh eli dej etip tik tort burysh etip kiyp alady Onyn tobesi үsh burysh formaly tort ne alty sajlan kuralady Aldymen olardy tigisin ishine karatyp kurajdy da odan son sajlardyn etegin takiyanyn etegine kondyrady Takiya myzhylmaj oz formasyn saktap turu үshin onyn astary men kos astaryn bettestirip zhii etip syridy Odan kejin tysyn zhauyp shetin baska tүsti matam en әdipten komkeredi Sajlardyn zhәne takiyanyn tobesi men eteginin kospa tigisteri bilinbeu үshin sol tigisterdi bastyra zhibek zhippen әdemilen shalyp tigedi Қazirgi kezde zhergilikti kәsiporyndar әr tүrli takiya zhasap shygarady ShapanShapan Қazakstan men Orta Aziya halyktarynyn ulttyk kiimi Ony kalyn adam arasyna zhүn makta salyp astarlan nemese kos astarlan syryp tigedi Ol negizinen tik zhagaly ishinara kajyrma zhagaly da bolady Shapan syrmaly shalan kaptal shapan kimaly shapan dep bolinedi Қyzkelinshekterge arnalgan kimaly shapandy tүrli tүsti masatydaj tigip zhaga zhenine etegi men eki onirine zer ustajdy Tүjme ornyna asyl tastar ornatylgan kүmis kapsyrma ilgek tagady Қazirgi kezde tүrli tүsti masatydaj eki oniri men zheni kestelengen nemese zer ustalgan zhadagaj arasyna zhүn makta salmaj shan ajdar tigilip satylady Қazak halkynyn arasynda syjly adamdarga syjlyk retinde shapan kigizu dәstүri ken taragan Қamzol18 19 gasyrlarda kazak halky arasynda ken taragan ulttyk kiim Қamzol turaly mәlimetter 19 gasyrdyn ortasynan bastap kezdesedi Қamzol tek kazakta gana emes baska da tүrki elderinin kiim үlgilerinde kezdesedi Әjelder kiiminde kamzoldyn orny erekshe ol әri zhylulyk әri sәndik mindetterin atkarady Қamzoldar astarly zhensiz zhenil zhazdyk kiim Etekteri men zhagalary tas oka kүmis tiyndarymen solkebaj әshekejlengen bujymdar kadap әrtүrli әtkenshekter ilingen ҚulakshynErlerdin baskiimi Bulgyn kundyz zhanat tүlki karsak suyr t b an terileri men buzau kozy laktyn bujra terisi eltiri siyakty үj zhanuarlarynyn terilerinen tigiledi Tobe zhagy eki tүrli tәsilmen pishiledi Birneshe sajdan turatyn үshkil etek zhagy tik tortburyshty bolyp kelgen nemese etek zhagy kusyrylyp tigilip ogan dongelek tobe kondyrylgan tүri Terige olshep pishilip astarynyn arasyna zhүn makta salyp syryp tigiledi Syrtyn terimen tystap kalypka kigizip kerip koyady Kiiz etikҚystygүni kietin kyskyayakkiim Ony kiizdi kalypka salyp basyp shygaru әdisimen zhasalady Etiktin basy men konyshyn bolek eki bet etip piship alyp tigistikterine bylgarydan nemese zhaksy ilengen kajystan syzdyk salyp otyryp kajyp kusyryp tigedi Etiktin basyn bylgarymen kajmalajdy konyshyn zhuka bylgarymen oyulap komkeredi Өksheligine siri salyp bүrmelep syrtyn basynyn үstine ornektep kajyp tigedi Kiiz etiktin de basyn bylgarymen zhulyktajdy Basyna kalyp salyp otyryp tabandygyn bүrmelep bylgary ultaraksha salyp ultan okshe kagady Kiiz etik ayaz tartpajdy ozi әri zhumsak әri zhenil әri sәndi IshikIshik kazaktyn ulttyk kiimderinin biri ony eltiriden sensennen әr tүrli an terilerinen tigedi syrty matamen tystalady Ishik tigiletin terinin tүrine karaj eltiri ishik sensen ishik kaskyr ishik tүlki ishik pushpak ishik orman ishik zhanat ishik bulgyn ishik t b dep atalady Ishik tigetin terini shel majynan kok etinen aryltyp algan son ashygan ajran zhagyn ilejdi Teri әbden ii kanganda irek agatpen tarap kolmen ukalap keril sozyl zhumsartylady Ishikti zhormep tigedi zhәne tigisterinin bәri tirinin takyr zhagyna karajdy Zhuka terilerdi makta zhippen tikse al kalyn terilerge zhүn zhip pajdalanylady Ishiktin ishi dajyn bolgan son onyn takyr betine bidaj shүberek koktejdi de barkyt shuga pүlish siyakty kalyn tystyk matalarmen tystajdy Қaskyr ishikke kaskyr ne tүlki terisinen sensen ishikke eltiriden baska tүrlerine kundyz ne bulgyn terisnen zhaga salynady Ishik eki mausymda kiyuge arnalgan zhyly kiim Mysaly kaskyr ishik tүlki ishik bokebaj ishik karsak ishik bulgyn ishikter kysta pushpak ishik zorman ishik zhanat ishik eltiri ishikter kara kүzde koktem ajlarynda kiyuge arnalgan Sensen ishik kaskyr ishikterdi erler kalgan tүrlerin kobinese әjelder kigen Әjelder men bojzhetkender kietin ishikter ote sәndi etip tigiledi Olardyn onirine zheninin auzyna etegine ajnaldyra kundyzdan susardan zhuryn ustajdy Tysyna zhibekpen keste tigedi Eltiri ishik asa markajmagan kozynyn bujra eltirisinen tigiledi Sensen ishik marka kozynyn terisinen senseninen tigiledi Orman ishik tүlkinin tamak terisinen pushpak ishik tүlkinin pushpak terisinen tigiledi Ishiktin kajsy tүri bolsa da әri zhyly әri kiyuge sәndi tamasha kiim Ұlttyk kiim tүrleriIshtik kiimder beshpent dambal zhejde kojlek kamzol kүrtke zheletke shalbar Syrtky on kiimder zhadagaj shapan zhargak kүpi syrmaly shapan tajzhaky ton shapan shidem ishik Sulyk kiimder aba kebenek kenep syrttyk shekpen Erlerdin bas kiimderi bashlyk borik dalbaj zhalbagaj zhekej tymak kүlapara kalpak kulakshyn malakaj murak takiya tymak shalma Әjelderdin bas kiimderi bergek borik zhaulyk zhelek kimeshek kүndik oramal karkara sәukele takiya shәli Ayak kiimder kebis kok etik mәsi mykshima saptama etik shonkajmaDerekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 V tom Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Shanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9 Almatykitap Қazak halkynyn ulttyk kiimderi 2007 zhyl Haniyat B Suzhikova A Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet