Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланған. Киім тігісті және тігіссіз болып бөлінеді. Адамзат палеолит дәуірінде тігіссіз, байланатын лыпа Киімдерді пайдаланса, неолит кезеңінде, яғни өсімдіктерді өру, иіру, тоқу кәсібін игергеннен кейін – иықтан, мықыннан киілетін Киім түрлері пайда болды. Тігіссіз Киім адам денесіне оралады, байланады. Мысалы, үнділіктер сари, шалма, шәлі; кавказдықтар ; римдіктер ; ежелгі гректер гиматий; солтүстік халықтары теріден жасалған тұлып; тайгалықтар тері желбегей; қиыр шығыстықтар теңіз жәндіктерінен Киім дайындады. Аяқкиім түрлі ағаш, тері, көннен жасалады. Кеуделік Киім пішілуіне қарай тұйық (орыс , ), алды ашық желбегей (камзол, шапан) болып келеді. Киім белгілі дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен этнографиялық ортасын танытады. Көшпелілер адамзат тарихында атқа отыруға қолайлы болу үшін ойлап тапқан кең шалбар мен екі өңірі алдынан ашылатын қаусырынатын кеуде Киім – шапанды адамзат өркениетіне қосты. Әлеуметтік дәрежесіне қарай қазақ халқы арасында би, бақсы, бай, сал-сері (жарғақ, шалбар, мауыты, шәйі көйлек), қойшы (шекпен, кебенек, сырттық, күләпара), балуан, батыр Киімдері болған. Жас ерекшелігіне қарай бала Киімі, бозбала Киімі, бойжеткен Киімі, қалыңдық, жас жігіт, келіншек, бәйбіше Киімі, ақсақал Киімдері үлгілерінің әшекейі, тігілуі, сырылып, кестеленуі әртүрлі болып келеді. Жасы ұлғайған адамның Киімі денеге қонымды, кең, мол пішілген, әшекейі, жалтырауығы аз, қарапайым, кең бола түседі. Күйеу киімі – ұзын төбе тымақ, қызыл манат шапан. Сонымен бірге бақсы Киімі, сал-сері Киімінің де өзіндік сәндік ерекшелігі болады. Әркімнің жеке басында іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат, ғұрып киімі болады. Бір киер Киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді Киімдерді атаған. Қазақ салтында ер жігіт жекпе-жекке түсерде, соғысқа барарда Киімдердің ең жақсысын, көрнектісін киген (қараңыз ). Қазіргі заманғы Киім түрлері күнделікті өмірде, жұмыста, қызметте, қыдыруға, спортпен шұғылданғанда, демалыс орындарында киюге арналады. Сондай-ақ, әскерилердің, өзге де мамандықтардың арнаулы Киімдері, сәндік Киімдер түрлері бар.
Дереккөздер
- Қазақ халқының ұлттық киімдері
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kiim adamnyn denesine kiyuge arnalgan bujym zhasandy zhamylgy tүrleri Kiim adamdy korshagan ortanyn tabigattyn tүrli әserlerinen korgajdy Onyn tutynu mәnimen birge guryptyk zhәne belgili bir maksatka kyzmet etetin manyzy bar Kiim tiguge mal an terileri osimdik agash balyk kus onimderi zhasandy materialdar pajdalangan Kiim tigisti zhәne tigissiz bolyp bolinedi Adamzat paleolit dәuirinde tigissiz bajlanatyn lypa Kiimderdi pajdalansa neolit kezeninde yagni osimdikterdi oru iiru toku kәsibin igergennen kejin iyktan mykynnan kiiletin Kiim tүrleri pajda boldy Tigissiz Kiim adam denesine oralady bajlanady Mysaly үndilikter sari shalma shәli kavkazdyktar rimdikter ezhelgi grekter gimatij soltүstik halyktary teriden zhasalgan tulyp tajgalyktar teri zhelbegej kiyr shygystyktar teniz zhәndikterinen Kiim dajyndady Ayakkiim tүrli agash teri konnen zhasalady Keudelik Kiim pishiluine karaj tujyk orys aldy ashyk zhelbegej kamzol shapan bolyp keledi Kiim belgili dәrezhede adamdardyn zhas ajyrmashylygyn әleumettik erekshelikteri men etnografiyalyk ortasyn tanytady Koshpeliler adamzat tarihynda atka otyruga kolajly bolu үshin ojlap tapkan ken shalbar men eki oniri aldynan ashylatyn kausyrynatyn keude Kiim shapandy adamzat orkenietine kosty Әleumettik dәrezhesine karaj kazak halky arasynda bi baksy baj sal seri zhargak shalbar mauyty shәji kojlek kojshy shekpen kebenek syrttyk kүlәpara baluan batyr Kiimderi bolgan Zhas ereksheligine karaj bala Kiimi bozbala Kiimi bojzhetken Kiimi kalyndyk zhas zhigit kelinshek bәjbishe Kiimi aksakal Kiimderi үlgilerinin әshekeji tigilui syrylyp kestelenui әrtүrli bolyp keledi Zhasy ulgajgan adamnyn Kiimi denege konymdy ken mol pishilgen әshekeji zhaltyrauygy az karapajym ken bola tүsedi Kүjeu kiimi uzyn tobe tymak kyzyl manat shapan Sonymen birge baksy Kiimi sal seri Kiiminin de ozindik sәndik ereksheligi bolady Әrkimnin zheke basynda ishtik syrttyk sulyk bir kier sәndik zhәne kejbirinde saltanat guryp kiimi bolady Bir kier Kiim dep kymbat matalardan әshekejlep tigilgen toj dumandarga zhiyndarga barganda zhat elge saparga shykkanda kietin sәndi Kiimderdi atagan Қazak saltynda er zhigit zhekpe zhekke tүserde sogyska bararda Kiimderdin en zhaksysyn kornektisin kigen karanyz Қazirgi zamangy Kiim tүrleri kүndelikti omirde zhumysta kyzmette kydyruga sportpen shugyldanganda demalys oryndarynda kiyuge arnalady Sondaj ak әskerilerdin ozge de mamandyktardyn arnauly Kiimderi sәndik Kiimder tүrleri bar DerekkozderҚazak halkynyn ulttyk kiimderi Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 X tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet