Кимешек – көшпелі ортада қалыптасқан, экологиялық талаптарға толықтай жауап беретін қазақ әйелдерінің бас киімі.
Кимешектің қалыптасуы
Кимешектің қалыптасуына, біріншіден, экологиялық жағдай әсер етсе, екіншіден көшпелі қоғамның салт-дәстүрі, әйел адамға деген моральдық-этикалық нормалардың талаптарының әсері болған. Экологиялық жағдай дегеніміз – Қазақстан жері күрт континенталдық климаттық белдеуге жатады. Сонымен қатар, Еуропамен салыстырғанда атмосфералық шаңының көптігімен ерекшеленетіні белгілі, оның себебі, топырақтың негізгі құрамы лесстардан тұратындығында және аңзақ қатты соғатын желдермен байланысты. Осы жағдайда кимешек – жаздың аптап ыстығы мен қыстың қатты суығынан, қатты жел мен шаң-тозаңның әсерлерінен қорғануда пайда болған киімнің бірегей пошымы болған. Кимешектің негізгі бірегейлік ерекшелігі, адамның бетінің формасы ойылып қалдырылып, қалғаны түгелдей тігіліп, басты ғана емес, адамның денесін белуарына дейін түгелдей жауып тұратындығында. Салт-дәстүр факторы. Кимешек – күйеуге шыққаннан соң киілетін бас киім екенін ескерсек оның өте көнеден қалыптасқан сакралдық мағынаға толы, тіл-көзден сақтайтын, қорғаныс киімі екенін ескерген жөн.
Еуразия кеңістігінде көптеген елдерде, оның ішінде қазақ халқында, өте көнеден қалыптасқан дәстүр бойынша әйел адам шашын жауып жүретін болған. Бұл өте ертеден қалыптасқан, адамды тіл – көзден сақтаудың іс шараларының ішіндегі ең негізгісінің бірі болғаны белгілі. Қыз бала тақия телпек киіп шашы жартылай ашылып, тіпті бұрымы сұлулықтың құрамдас бөлігі қаралатын болса, күйеуге шыққанда оның бәріне тыйым салынып, босанғаннан соң тыйымдардың саны да, түрі де көбейіп, шаш толықтай тұмшаланатын. Бұл евразия халықтарының барлығына дерлік тән үрдіс болғаны белгілі.
Бұл жерде айта кететін жайт – кимешектің пошымының қалыптасуына экологиялық фактор ма, әлде шашты жауып жүру дәстүрінің әсері күштірек болды ма? Бұл жерде осы екі фактордың да әсері кимешектің формасының қалыптасуына себеп болды десек те, көшпелі өмір салты, әсіресе көп уақыт салт атты жүрудің әсері айқындаушы фактор болған сияқты. Көші қонмен жүрген қазақ әйелдеріне, жел өтінде, қобырап кетпейтін, әр уақыт қайтадан байлап-оралмайтын (басқа киіле салатын) жинақы да шымыр бас киім түрінің қажеттілігі кимешек пошымының қалыптасуына себеп болуы керек.
Мұндай киімді бас киім басқа халықтарда кездесе бермейді. Кимешектің қырғыздарда, қарақалпақтарда және Қытай халық республикасының батысында мекен ететін салорларда кездесетіні климаттық, дәстүрлік ұқсастықпен және халықтардың этномәдени байланыстылығымен түсіндіріледі.
Кимешектің басқа бас киімдерден ерекшелігі
Кимешек басқа көптеген бас киімнің түрлерінен ерекшеленеді. Мысалы, пішілмеген, тігілмеген басқа орай киілетін бас киімдер – орамал, шылауыш т.б. сияқты атауларымен белгілі. Ал тігіліп киілетін бас киімдер тобына – тақия, малақай, бөріктің көптеген түрлері жатады. Кимешек болса төбеден иықты қоса белге дейін түгел жауып тұратын, тұтастығымен ерекшеленетін бас киім түрі. Кимешектің басқа оралатын жаулық шылаушытардан негізгі айырмашылығы – тігіліп істелетіндігінде. Архетипі, шаршы матаны диагоналы бойымен екі бүктеп тігіп, беттің орнын ойып шығарылған «капюшон» тәрізді жасалған болуы керек. Кимешектің пошымы уақыт өте келе күрделеніп, пішімімен, әшекейленуімен айқындалатын түрлі аймаққа, руларға тән өзгешіліктері қалыптасты.
Кимешектің бетке келетін тұсы ойып алынады да, төбесі тұйық болады. Кеудесін, жағын, бет жақтауларын көмкеріп кестелейді. Күміспен, тана моншақтармен шеттіктеледі. Қазақ әйелдерінің кимешек киюі және оның сыртынан шылауыш тартуы әр өңірде әртүрлі.
Кимешек әшекейлеудің және киюдің әлеуметтік орны
Кимешектердің әшекейленуі әйелдердің жас ерекшеліктері мен олардың әлеуметтік орнын аңғартады. Айталық, жас келіншектерге арналған кимешектің бет жақтауы кеңдеу болады. Қызыл, күлгін түсті жіптермен кестеленген жас келіншектердің кимешектері көздің жауын алады. Оның сыртынан шылауыш тартады. Ал мосқал тартқан әйелдердің кимешегінің бет жақтауы тарлау келеді де, әдемі кестеленеді, бірақ әшекейленбейді. Кейде егде тартқан әйелдер кимешектерін ақшыл, сары түсті жіптермен кестелейді. Қарттар мен күйеуі қайтыс болған әйелдер кимешегін кестелемейді. Күйеуі өлген әйелдің кимешегін теріс кигізіп, асын бергеннен кейін ғана оң кигізетін салт бар. Мұндай әйелдер күйеуге тиетін болса, онда кимешегі кестеленеді. Кимешектің қазақ рулары мен тайпаларының өзгеше болуына байланысты әртүрлі үлгіде болады. Әсіресе, маржан тастармен әшекейленген Жетісу өңірінің кимешектері таң қалдырады. Дәстүрлі ортада жаңа үйленген отау иесіне «құсың құтты болсын» деп тілек айтылады. Кимешек киген әйелді жанынан қарасаңыз әсте құсқа ұқсайды. Әсемделіп тігілген төбелдірігі құстың басын, ал әйелдің иығымен қоса, шашын жауып тұратын кимешектің алдыңғы, артқы жағы құстың қанатын, құйрығын бейнелейді.
Күйеуге шыққан әйелдердің балалы болған соң киетін баскиімі екі бөліктен тұратын кимешек пен шылауыш ХІХ ғасырдың басынан бері оларды тек ақ матадан жасаған, бірақ, XVIII ғасырдағы мәліметтер бойынша оған түсі басқа да маталар да пайдаланылған көрінеді. Солтүстік Батыс Қазақстанда (Орал және Торғай облыстары) төменгі жаулық үшбұрыштан бүктетіліп, шаршы матадан ғана тұрған. Оны басына тартып, шеттерін кеуде тұстан айқастырған, не желке жағына жіберген. Қазақстанның басқа аймақтарында төменгі баскиім ретінде бет шығатындай алды ашық, иық, кеудені бірдей жауып, арт жағы үшбұрыштанып арқаны жауып, төмен қарай құйрығы жіңішкеленіп кететін кимешек киген.
Матаны үнемдеу үшін, әдетте, кимешектің негізгі бөлігін пішуден қалған екі үшбұрышты кесекті төменгі, үшкірбұрышты «құйрықты» пішуге пайдаланған. Бұл пошымға сол жақта тараған кеуде мен арқаның екі бірдей ұзынша бөліктерін біріктіріп тігетін вариант жақын. Кимешектi жас ерекшелiгiне сәйкес әшекейлейдi. Ең сәнділері жас келіншектерде болған. 30 жастан асқан соң күміспен, моншақпен әшекейленген кимешек кию әдепсіздік деп есептелген, ал балалары ержеткен, орта жастағы әйелдер түрлі-түсті жіптерден жұқалап жүргізілген тігіс пен кестені қанағат тұтқан. Жасы егделенген әйелдердiң кимешегiнiң әшекейi аздау, ою-кестесi жеңiл болады, сары, ақ жiппен сырылады. Жас әйелдердiкi қызыл, жасылмен әшекейленедi.
Екі жақтаудың сәніне көп көңіл бөлінсе, «құйрық» шеттеріне шашақ бекітіп тіккен, төбесіне «төбелдірік» деп аталатын арнайы дайындалған жеке әшекей таққан. Кең тараған әшекей түрі кестелеп тігу, оған қосымша моншақ, маржан, күміс әшекей тағылған. Бұларды ХХ ғасырдан бастап күміс теңгелер мен «сөлкебайлар» толықтырған.
Кимешек пошымы және кестеленуі
Кимешектің кеуде, иық, жонды жауып тұратын тұйық, ал адамның бет-әлпетi шығып тұратын жерi «ойық» болады. Кимешектi басқа сәйкестендiре пiшiп, тiгедi. Ол шықшыт, жақ, құйрықша аталатын негізгі бөліктен тұрады: оның иектi айнала маңдайды жауып тұратын екi жағын «шықшыт», алдыңғы, яғни, өңірге түсіп тұрған бөлігін «жақ», ал адамның белiнен төмен, шашты жауып тұратын ұзын ұшы бар бөлігін «құйрықша» деп атайды.
Кимешектің адамның басы шығып тұрған ойық тұсының екi жағы, кеудеге келер тұсы «қол кестемен» кестеленiп әшекейленедi немесе зер жiптермен бастырылып, сырыла тiгiледi. Ойықтың жиегiн өңдi жiппен «шалып» тiгедi. Мұны «алқым шалу» деп атайды. Алқым шалудан кейiнгi жадағай тiгiстi «су» деп атайды. Судан кейiн «қиықшалап» тiгедi. Қиықшадан кейiн су «жүргiзiп», «құман бау» деп аталатын әшекей тiгiспен тiгедi. Құман баудан соң «күрең кесте» деп аталатын ою-өрнек салынып тiгiледi. Күрең кестеден кейiн «сағат бау» тiгiсi жүрiледi.
Кимешектің өңірлер бойынша үлгілері
Кимешектің қазақ рулары мен тайпаларының өзгеше болуына байланысты, әртүрлі үлгілері болады. Кимешектiң Қазақстанда бұрама жаулық, иекше атаулары кездеседi. Кимешектің көне түрі – орама кимешекті Солтүстік Қазақстан қазақтары ХХ ғасырдың 20-30 жылдарына дейін киген. Тігілмей пішілген мата кесегі басқа тартылған. Киген кезде ол кәдімгі кимешектерден айырмашылығы болмаған. Кимешектің екінші бір түрі матаның тұтас кесегінен пішіліп, бір жақ қырынан келетін жағынан бас сұғатын орын қалдырылып, бір-ақ тігіспен тігілетін болған. Бұл Омбы, Атбасарда, Әулиеата өңірінің теріскейінде және оңтүстіктегі қоңыраттарда сақталған. Сондай-ақ қоңырат кимешектерінің төбесі толық тігілмей, алдынан тік бұрышты мата тіккен, ол бас киімді үстінен жауып тұратын бір ерекше деталі болған.
Осы варианттың тағы бір түрі Қызылорда қазақтарында да кездеседі; ұзындығы енінен екі есе ұзын матаның ұзын жағына екі шетінен бүктеп, екі жағынан тігетін болған. Екі қабат матадан тұратын шаршының бір жағы кимешектің алдыңғы бөлігі, екінші ұшы артқы жағына түскен. Оның тігілмеген төменгі бөлігін кесіп, жарты шеңберлік түрге келтірген, ал жоғарғы бөлігінен бетке орын ашқан. Төбеге келетін бұрышты аздап кесіп, соған қайтадан тігіп бекіткен, кішкентай жамау – төбені құраған.
Солтүстік және Орталық Қазақстанда кимешектердің алдыңғы жағы трапеция немесе үшкірленіп пішіліп, жоғарғы бөлігінде бетке орын қалдырылған; арқа жағы дұрыс ромба түрінде келеді де, құйрығы тізеге тіпті өкшеге дейін түсетін болған.
Шығыс Қазақстандағы кимешектердің құйрық бөлігі қысқалау, алдыңғы жағы жоғарғы бұрыштары қиғаш келген төртбұрыш секілді болған, оның екі жағына квадратқа жақын түрдегі жақтаулар бекітіліп тігілген.
Сырдария бойында Кіші жүз руының бірінде пішіні өз бетінше бөлек, бүрмелі кимешек түрі болған. Оның алдыңғы жағы тура бұрышталып пішілген, төменгі ұзын жағы кеудеге түсіп, ал жоғары жағы бүктеліп, бетті екі жағынан қоршап тұру үшін басқа байлап, бекітіліп қоятын болған. Кейде арқа бөлігінің жоғарғы бұрышына төбешік баскиім бекітіп тігілген. Оңтүстік қазақ әйелдерінде кеңінен тараған кимешек түрі ұзынынан екіге бүктеліп пішілген мата кесегінен жасалатын болған. Пайда болған тура бұрыштың жартысынан бастап қиғаштай кесіп алып, кесілген жерді тігіп алады. Тігіс арқаның ортасына түседі. Пішін бұрыштары жоқ үшбұрыш түрінде болған. Беттің орнын ашып, дөңгелек немесе сопақ төбешік және маңдайша жапсырып тіккен.
Кимешектің рулар мен тайпаларға тән ерекшеліктері
Әр тайпа мен рудың кимешектерiнiң пiшiмiнде, түрiнде және сырт көрiнiсiнде өзiне тән ерекшелiктерi болған.
- Жетiсу өңiрiнде жақтағы жалпақ кестелерге қосымша моншақтар, күмiстен жасалған әшекейлер, түйреуіш қоса тiгiлген. Бұл кимешекке сән бередi, әрi төмен қарай басып, жазылып тұруға әсер етедi. Кимешектiң кеудесiне төрт бұрышталып жоғарыда аталған тiгiстер қайталанады. Кимешектiң кеудедегi бөлiгiнiң ұшына күмiс теңгелер тағылады. Бұл К.-ке сән бередi, әрi төмен қарай басып, жазып тұрғанға әсерi болады.
- Найман руының қызай елiнiң кимешектерi жағына және кеудесiне жарқыраған күрделі кесте тігетіндіктерімен даңқы шыққан, оларға түрлi тағымдар қадалмаған, тек реті келсе күміс құймалар таққан.
- Солтүстiк және Орталық Қазақстан өңiрлерiнде кестеге онша көп мән берiлмеген, бiрақ моншақ, маржан, күмiстен, түрлi тастардан жасалған тағымдар қадаған.
- Оңтүстік Қазақстан мен Маңғыстауда кестелеумен қатар, түстерi ашық маталармен, тоқыма ызбалармен шеттiктеген. Жиын-тойларға киiп баратын кимешектердiң тiгiсiн бойлай күмiс тағымдар қадап, кеудесi мен жауырын бөлiктерiнiң төменгi жақтарына шашақтар тiккен.
- Жас әйелдер жаулығына қатты каркасты қолданудың іздері бұрынғы Ақмола облысындағы арғындарда да байқалады, бірақ олардың пошымы басқаша, қарапайымдау болған: бастарына матаны жиырып бүктеп, алдына қағаз салатын болған «тік тұру үшін» Жетісудің кішігірім цилиндрге ұқсас негіз жасаған, оған матаны ораған кезде алды жағы тік бүктеліп, күрделі түйінді жақтаудың шеттері салбырап тұратын болған. Жаулықты түйрегіш көмегімен мықтылап бекітіп, киген, шешкен кезде бөрік сияқты алған, бүктеп сақтаған.
ХІХ ғасырдың аяғында ешқандай каркассыз жаулықтар кию басым түсіп жатады, оларды киген сайын көлденең қатармен орап отырған.
- Ең қарапайым түрі Шығыс Қазақстанда, Лепсі уезінде: квадрат матаны екіге бүктеп, қиғаштап қайырған соң басты айналдыра бір орап, арт жағынан қобыратып түйген, түйін көбінесе орамал астына таңылған, орамалдың төменгі бос бұрышы арқаға түсіп тұрған. Мата кесігінің көлемі онша үлкен болмаған. Бұндай пошымға жоғарыда айтылған матадан пішілген ұштары ұзындау үшбұрыш пайдаланған.
- Оңтүстік Қазақстанда басқа пошым жиірек шаршы матаны тұтас бүктеп, басты екі айналдыра орап, екінші орамда алдыңғы жақта қиғаш қиыстырып әкеткен. Желке жаққа апарып шеттерін байлаған, олар арқаны жауып, кейде белге дейін түсетін болған. Жас келіншектер шеттерін шашақпен тігетін болған. Кейде арқа жаққа бір ұшын ғана жіберіп, екіншісін орам арқылы өткізгенде, ол сол жақ құлақтың артында салпаңдап тұратын болған.
- Көп тараған пошым түрі «мұнаратектес болған». Ол үшін бүкіл мата біртіндеп басқа оралып, ұштары орам арасына кіргізіледі немесе желке жақтан түйіледі. Бұндай пошымды жаулықтарды Жетісудан, Әулиеата уезінен, Сырдария және Орталық Қазақстаннан кездестіреміз. Батыс Қазақстанның өңіріндегі қартаң әйелдер жаулығының пошымы да тура осындай болған. Маңғыстау және Торғай облысының батыс өңірінде тағы бір өзі астыңғы, үстіңгі әйелдер баскиімін алмастыратын пошым болған. Материя тура солай бір бүктеліп, оның бір ұшымен басты жоғары -төмен және керісінше орап, екінші ұшымен жоғары жақтан көлденең қатармен таңып отырған. Оны тек жасы ұлғайған әйелдер киген.
- Орама кимешек – кимешектің кең тараған түрі ғана емес, ең көне тұрпаты да. Оның кейбір түрлерін Шымкент пен Сыр бойының әйелдерінің басынан әлі де кездестіруге болады. Тұтас матаның төменгі бұрышы дөңгеленіп кесіледі де, жоғарғы бұрышы әйелдің бет-пішініне орай ойылып тасталады. Төбе жағына кейде тігіс түсуі де мүмкін. Қазақстанның көп жерінде бұл кимешек трапециялық, не төбесі шолақ үшбұрыш түрінде пішіліп, жоғарғы жағы бетке киілетіндей етіп ойылады. Кимешектің артқы ұшы ұзын келеді, кейде өкшеге жетеді. Қазақстанның шығыс өңірінде кимешек қысқа болып, алдыңғы бұрышы қиылған төрткүл келеді. Бұл кимешектер құрама матадан жасалып, құлақ жағына шаршы қиықтар тігіледі.
- Бүрмелі кимешек – Сырдарияның сағасын мекендеген қазақ әйелдерінің арасында кең тараған. Бүрмелі кимешектің бет жағы шаршы келіп, төменгі ұзын ұшы омырауға түсіп, төбесі жинақтала келе түйіліп, кейде оның үстіне бөрікше киіледі. Оңтүстік өңірдің әйелдері матаны ұзыннан екіге бүктеп жартылай кесіп, оны қайта жалғай тігіп, тігісін арқасының суағар тұсына келтіреді. Жетісу келіншектерінің кимешектерінің үлгілері де аса мол, байлау үлгілері де ерекше көз тартады. Кимешек әшекейсіз болмайды. Әшекей орнына алтын, күміс, электра (алтын мен күміс құймасы), лағыл, ақық, шырымтал (слюда), меруерт секілді металл және қымбат бағалы тастар қолданылған. Әрине, олар да әйелдің жас мөлшеріне, әлеуметтік орнына орай тағылған. Кимешек пен оның алдыңғы өңірі ою-өрнексіз болған. Ұзын қиықтан немесе екі үш бұрышты бөліктен жасалған кимешектер басым түсіп жатады. Жаулықтар негізінен Орталық және Солтүстік Қазақстанда тараған пошымдарға жақын. Ертеде Торғай, Қостанай, Маңғыстауда кимешек болмағанға ұқсайды және төрткүл ақ жаулық салған.
Дәстүрлі ортада апа-әжелер кимешекті ерекше қастерлеп, таза киюге тырысқан. Кір, лас киім киген адамның басынан бағы, берекесі қашады, өзін марту басады деп білген. Көп жасаған қарт ана кимешегін өзінің жанына жақын келініне көзімдей көр деп мұра ретінде қалдырған. Кейде кимешекті әдейілеп сұрап алатындар да бар.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Захарова И.В., Ходжаева Р.Д. Казахская национальная одежда: ХIХ – начала ХХ в. Алма-Ата: Наука, 1964. С.115-122; Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1. Алма-Ата: Өнер, 1986;
- Ақатаева К. Кимешек. Қазақстан әдебиеті. 1991, 7 маусым. №23. 14-б.;
- Шәріпов Ж. Бір бешпетім бар еді дүриядан. АТ., №4. 1994. 27 қаңтар;
- Какабаев Б.С. Выставка традиционных головных уборов из коллекции Центрального Государственного музея РК. Worlddiscovery. Алматы, 2003. №2. стр.120;
- Кәмәлашұлы Б. Қазақтың байырғы киім-кешегіне қатысты салт-дәстүрлері. Алматы: Өнер, 2006.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kimeshek koshpeli ortada kalyptaskan ekologiyalyk talaptarga tolyktaj zhauap beretin kazak әjelderinin bas kiimi Orama kimeshek N G Hludov ҚR ҰM korynan Kimeshektin kalyptasuyKimeshektin kalyptasuyna birinshiden ekologiyalyk zhagdaj әser etse ekinshiden koshpeli kogamnyn salt dәstүri әjel adamga degen moraldyk etikalyk normalardyn talaptarynyn әseri bolgan Ekologiyalyk zhagdaj degenimiz Қazakstan zheri kүrt kontinentaldyk klimattyk beldeuge zhatady Sonymen katar Europamen salystyrganda atmosferalyk shanynyn koptigimen erekshelenetini belgili onyn sebebi topyraktyn negizgi kuramy lesstardan turatyndygynda zhәne anzak katty sogatyn zheldermen bajlanysty Osy zhagdajda kimeshek zhazdyn aptap ystygy men kystyn katty suygynan katty zhel men shan tozannyn әserlerinen korganuda pajda bolgan kiimnin biregej poshymy bolgan Kimeshektin negizgi biregejlik ereksheligi adamnyn betinin formasy ojylyp kaldyrylyp kalgany tүgeldej tigilip basty gana emes adamnyn denesin beluaryna dejin tүgeldej zhauyp turatyndygynda Salt dәstүr faktory Kimeshek kүjeuge shykkannan son kiiletin bas kiim ekenin eskersek onyn ote koneden kalyptaskan sakraldyk magynaga toly til kozden saktajtyn korganys kiimi ekenin eskergen zhon Euraziya kenistiginde koptegen elderde onyn ishinde kazak halkynda ote koneden kalyptaskan dәstүr bojynsha әjel adam shashyn zhauyp zhүretin bolgan Bul ote erteden kalyptaskan adamdy til kozden saktaudyn is sharalarynyn ishindegi en negizgisinin biri bolgany belgili Қyz bala takiya telpek kiip shashy zhartylaj ashylyp tipti burymy sululyktyn kuramdas boligi karalatyn bolsa kүjeuge shykkanda onyn bәrine tyjym salynyp bosangannan son tyjymdardyn sany da tүri de kobejip shash tolyktaj tumshalanatyn Bul evraziya halyktarynyn barlygyna derlik tәn үrdis bolgany belgili Bul zherde ajta ketetin zhajt kimeshektin poshymynyn kalyptasuyna ekologiyalyk faktor ma әlde shashty zhauyp zhүru dәstүrinin әseri kүshtirek boldy ma Bul zherde osy eki faktordyn da әseri kimeshektin formasynyn kalyptasuyna sebep boldy desek te koshpeli omir salty әsirese kop uakyt salt atty zhүrudin әseri ajkyndaushy faktor bolgan siyakty Koshi konmen zhүrgen kazak әjelderine zhel otinde kobyrap ketpejtin әr uakyt kajtadan bajlap oralmajtyn baska kiile salatyn zhinaky da shymyr bas kiim tүrinin kazhettiligi kimeshek poshymynyn kalyptasuyna sebep boluy kerek Mundaj kiimdi bas kiim baska halyktarda kezdese bermejdi Kimeshektin kyrgyzdarda karakalpaktarda zhәne Қytaj halyk respublikasynyn batysynda meken etetin salorlarda kezdesetini klimattyk dәstүrlik uksastykpen zhәne halyktardyn etnomәdeni bajlanystylygymen tүsindiriledi Kimeshektin baska bas kiimderden ereksheligiKimeshek baska koptegen bas kiimnin tүrlerinen erekshelenedi Mysaly pishilmegen tigilmegen baska oraj kiiletin bas kiimder oramal shylauysh t b siyakty ataularymen belgili Al tigilip kiiletin bas kiimder tobyna takiya malakaj boriktin koptegen tүrleri zhatady Kimeshek bolsa tobeden iykty kosa belge dejin tүgel zhauyp turatyn tutastygymen erekshelenetin bas kiim tүri Kimeshektin baska oralatyn zhaulyk shylaushytardan negizgi ajyrmashylygy tigilip isteletindiginde Arhetipi sharshy matany diagonaly bojymen eki bүktep tigip bettin ornyn ojyp shygarylgan kapyushon tәrizdi zhasalgan boluy kerek Kimeshektin poshymy uakyt ote kele kүrdelenip pishimimen әshekejlenuimen ajkyndalatyn tүrli ajmakka rularga tәn ozgeshilikteri kalyptasty Kimeshektin betke keletin tusy ojyp alynady da tobesi tujyk bolady Keudesin zhagyn bet zhaktaularyn komkerip kestelejdi Kүmispen tana monshaktarmen shettikteledi Қazak әjelderinin kimeshek kiyui zhәne onyn syrtynan shylauysh tartuy әr onirde әrtүrli Kimeshek әshekejleudin zhәne kiyudin әleumettik ornyKimeshekterdin әshekejlenui әjelderdin zhas erekshelikteri men olardyn әleumettik ornyn angartady Ajtalyk zhas kelinshekterge arnalgan kimeshektin bet zhaktauy kendeu bolady Қyzyl kүlgin tүsti zhiptermen kestelengen zhas kelinshekterdin kimeshekteri kozdin zhauyn alady Onyn syrtynan shylauysh tartady Al moskal tartkan әjelderdin kimesheginin bet zhaktauy tarlau keledi de әdemi kestelenedi birak әshekejlenbejdi Kejde egde tartkan әjelder kimeshekterin akshyl sary tүsti zhiptermen kestelejdi Қarttar men kүjeui kajtys bolgan әjelder kimeshegin kestelemejdi Kүjeui olgen әjeldin kimeshegin teris kigizip asyn bergennen kejin gana on kigizetin salt bar Mundaj әjelder kүjeuge tietin bolsa onda kimeshegi kestelenedi Kimeshektin kazak rulary men tajpalarynyn ozgeshe boluyna bajlanysty әrtүrli үlgide bolady Әsirese marzhan tastarmen әshekejlengen Zhetisu onirinin kimeshekteri tan kaldyrady Dәstүrli ortada zhana үjlengen otau iesine kusyn kutty bolsyn dep tilek ajtylady Kimeshek kigen әjeldi zhanynan karasanyz әste kuska uksajdy Әsemdelip tigilgen tobeldirigi kustyn basyn al әjeldin iygymen kosa shashyn zhauyp turatyn kimeshektin aldyngy artky zhagy kustyn kanatyn kujrygyn bejnelejdi Kүjeuge shykkan әjelderdin balaly bolgan son kietin baskiimi eki bolikten turatyn kimeshek pen shylauysh HIH gasyrdyn basynan beri olardy tek ak matadan zhasagan birak XVIII gasyrdagy mәlimetter bojynsha ogan tүsi baska da matalar da pajdalanylgan korinedi Soltүstik Batys Қazakstanda Oral zhәne Torgaj oblystary tomengi zhaulyk үshburyshtan bүktetilip sharshy matadan gana turgan Ony basyna tartyp shetterin keude tustan ajkastyrgan ne zhelke zhagyna zhibergen Қazakstannyn baska ajmaktarynda tomengi baskiim retinde bet shygatyndaj aldy ashyk iyk keudeni birdej zhauyp art zhagy үshburyshtanyp arkany zhauyp tomen karaj kujrygy zhinishkelenip ketetin kimeshek kigen Matany үnemdeu үshin әdette kimeshektin negizgi boligin pishuden kalgan eki үshburyshty kesekti tomengi үshkirburyshty kujrykty pishuge pajdalangan Bul poshymga sol zhakta taragan keude men arkanyn eki birdej uzynsha bolikterin biriktirip tigetin variant zhakyn Kimeshekti zhas ereksheligine sәjkes әshekejlejdi En sәndileri zhas kelinshekterde bolgan 30 zhastan askan son kүmispen monshakpen әshekejlengen kimeshek kiyu әdepsizdik dep eseptelgen al balalary erzhetken orta zhastagy әjelder tүrli tүsti zhipterden zhukalap zhүrgizilgen tigis pen kesteni kanagat tutkan Zhasy egdelengen әjelderdin kimesheginin әshekeji azdau oyu kestesi zhenil bolady sary ak zhippen syrylady Zhas әjelderdiki kyzyl zhasylmen әshekejlenedi Eki zhaktaudyn sәnine kop konil bolinse kujryk shetterine shashak bekitip tikken tobesine tobeldirik dep atalatyn arnajy dajyndalgan zheke әshekej takkan Ken taragan әshekej tүri kestelep tigu ogan kosymsha monshak marzhan kүmis әshekej tagylgan Bulardy HH gasyrdan bastap kүmis tengeler men solkebajlar tolyktyrgan Kimeshek poshymy zhәne kestelenuiKimeshektin keude iyk zhondy zhauyp turatyn tujyk al adamnyn bet әlpeti shygyp turatyn zheri ojyk bolady Kimeshekti baska sәjkestendire piship tigedi Ol shykshyt zhak kujryksha atalatyn negizgi bolikten turady onyn iekti ajnala mandajdy zhauyp turatyn eki zhagyn shykshyt aldyngy yagni onirge tүsip turgan boligin zhak al adamnyn belinen tomen shashty zhauyp turatyn uzyn ushy bar boligin kujryksha dep atajdy Kimeshektin adamnyn basy shygyp turgan ojyk tusynyn eki zhagy keudege keler tusy kol kestemen kestelenip әshekejlenedi nemese zer zhiptermen bastyrylyp syryla tigiledi Ojyktyn zhiegin ondi zhippen shalyp tigedi Muny alkym shalu dep atajdy Alkym shaludan kejingi zhadagaj tigisti su dep atajdy Sudan kejin kiykshalap tigedi Қiykshadan kejin su zhүrgizip kuman bau dep atalatyn әshekej tigispen tigedi Қuman baudan son kүren keste dep atalatyn oyu ornek salynyp tigiledi Kүren kesteden kejin sagat bau tigisi zhүriledi Kimeshektin onirler bojynsha үlgileriKimeshek Ortalyk Қazakstan Kimeshek Shygys Қazakstan Kimeshek Ontүstik Қazakstan Kimeshektin kazak rulary men tajpalarynyn ozgeshe boluyna bajlanysty әrtүrli үlgileri bolady Kimeshektin Қazakstanda burama zhaulyk iekshe ataulary kezdesedi Kimeshektin kone tүri orama kimeshekti Soltүstik Қazakstan kazaktary HH gasyrdyn 20 30 zhyldaryna dejin kigen Tigilmej pishilgen mata kesegi baska tartylgan Kigen kezde ol kәdimgi kimeshekterden ajyrmashylygy bolmagan Kimeshektin ekinshi bir tүri matanyn tutas keseginen pishilip bir zhak kyrynan keletin zhagynan bas sugatyn oryn kaldyrylyp bir ak tigispen tigiletin bolgan Bul Omby Atbasarda Әulieata onirinin teriskejinde zhәne ontүstiktegi konyrattarda saktalgan Sondaj ak konyrat kimeshekterinin tobesi tolyk tigilmej aldynan tik buryshty mata tikken ol bas kiimdi үstinen zhauyp turatyn bir erekshe detali bolgan Osy varianttyn tagy bir tүri Қyzylorda kazaktarynda da kezdesedi uzyndygy eninen eki ese uzyn matanyn uzyn zhagyna eki shetinen bүktep eki zhagynan tigetin bolgan Eki kabat matadan turatyn sharshynyn bir zhagy kimeshektin aldyngy boligi ekinshi ushy artky zhagyna tүsken Onyn tigilmegen tomengi boligin kesip zharty shenberlik tүrge keltirgen al zhogargy boliginen betke oryn ashkan Tobege keletin buryshty azdap kesip sogan kajtadan tigip bekitken kishkentaj zhamau tobeni kuragan Soltүstik zhәne Ortalyk Қazakstanda kimeshekterdin aldyngy zhagy trapeciya nemese үshkirlenip pishilip zhogargy boliginde betke oryn kaldyrylgan arka zhagy durys romba tүrinde keledi de kujrygy tizege tipti okshege dejin tүsetin bolgan Shygys Қazakstandagy kimeshekterdin kujryk boligi kyskalau aldyngy zhagy zhogargy buryshtary kigash kelgen tortburysh sekildi bolgan onyn eki zhagyna kvadratka zhakyn tүrdegi zhaktaular bekitilip tigilgen Syrdariya bojynda Kishi zhүz ruynyn birinde pishini oz betinshe bolek bүrmeli kimeshek tүri bolgan Onyn aldyngy zhagy tura buryshtalyp pishilgen tomengi uzyn zhagy keudege tүsip al zhogary zhagy bүktelip betti eki zhagynan korshap turu үshin baska bajlap bekitilip koyatyn bolgan Kejde arka boliginin zhogargy buryshyna tobeshik baskiim bekitip tigilgen Ontүstik kazak әjelderinde keninen taragan kimeshek tүri uzynynan ekige bүktelip pishilgen mata keseginen zhasalatyn bolgan Pajda bolgan tura buryshtyn zhartysynan bastap kigashtaj kesip alyp kesilgen zherdi tigip alady Tigis arkanyn ortasyna tүsedi Pishin buryshtary zhok үshburysh tүrinde bolgan Bettin ornyn ashyp dongelek nemese sopak tobeshik zhәne mandajsha zhapsyryp tikken Kimeshektin rular men tajpalarga tәn erekshelikteriBүrmeli kimeshek ҚR ҰM korynan Әr tajpa men rudyn kimeshekterinin pishiminde tүrinde zhәne syrt korinisinde ozine tәn erekshelikteri bolgan Zhetisu onirinde zhaktagy zhalpak kestelerge kosymsha monshaktar kүmisten zhasalgan әshekejler tүjreuish kosa tigilgen Bul kimeshekke sәn beredi әri tomen karaj basyp zhazylyp turuga әser etedi Kimeshektin keudesine tort buryshtalyp zhogaryda atalgan tigister kajtalanady Kimeshektin keudedegi boliginin ushyna kүmis tengeler tagylady Bul K ke sәn beredi әri tomen karaj basyp zhazyp turganga әseri bolady Najman ruynyn kyzaj elinin kimeshekteri zhagyna zhәne keudesine zharkyragan kүrdeli keste tigetindikterimen danky shykkan olarga tүrli tagymdar kadalmagan tek reti kelse kүmis kujmalar takkan Soltүstik zhәne Ortalyk Қazakstan onirlerinde kestege onsha kop mәn berilmegen birak monshak marzhan kүmisten tүrli tastardan zhasalgan tagymdar kadagan Ontүstik Қazakstan men Mangystauda kesteleumen katar tүsteri ashyk matalarmen tokyma yzbalarmen shettiktegen Zhiyn tojlarga kiip baratyn kimeshekterdin tigisin bojlaj kүmis tagymdar kadap keudesi men zhauyryn bolikterinin tomengi zhaktaryna shashaktar tikken Zhas әjelder zhaulygyna katty karkasty koldanudyn izderi buryngy Akmola oblysyndagy argyndarda da bajkalady birak olardyn poshymy baskasha karapajymdau bolgan bastaryna matany zhiyryp bүktep aldyna kagaz salatyn bolgan tik turu үshin Zhetisudin kishigirim cilindrge uksas negiz zhasagan ogan matany oragan kezde aldy zhagy tik bүktelip kүrdeli tүjindi zhaktaudyn shetteri salbyrap turatyn bolgan Zhaulykty tүjregish komegimen myktylap bekitip kigen sheshken kezde borik siyakty algan bүktep saktagan HIH gasyrdyn ayagynda eshkandaj karkassyz zhaulyktar kiyu basym tүsip zhatady olardy kigen sajyn koldenen katarmen orap otyrgan En karapajym tүri Shygys Қazakstanda Lepsi uezinde kvadrat matany ekige bүktep kigashtap kajyrgan son basty ajnaldyra bir orap art zhagynan kobyratyp tүjgen tүjin kobinese oramal astyna tanylgan oramaldyn tomengi bos buryshy arkaga tүsip turgan Mata kesiginin kolemi onsha үlken bolmagan Bundaj poshymga zhogaryda ajtylgan matadan pishilgen ushtary uzyndau үshburysh pajdalangan Ontүstik Қazakstanda baska poshym zhiirek sharshy matany tutas bүktep basty eki ajnaldyra orap ekinshi oramda aldyngy zhakta kigash kiystyryp әketken Zhelke zhakka aparyp shetterin bajlagan olar arkany zhauyp kejde belge dejin tүsetin bolgan Zhas kelinshekter shetterin shashakpen tigetin bolgan Kejde arka zhakka bir ushyn gana zhiberip ekinshisin oram arkyly otkizgende ol sol zhak kulaktyn artynda salpandap turatyn bolgan Kop taragan poshym tүri munaratektes bolgan Ol үshin bүkil mata birtindep baska oralyp ushtary oram arasyna kirgiziledi nemese zhelke zhaktan tүjiledi Bundaj poshymdy zhaulyktardy Zhetisudan Әulieata uezinen Syrdariya zhәne Ortalyk Қazakstannan kezdestiremiz Batys Қazakstannyn onirindegi kartan әjelder zhaulygynyn poshymy da tura osyndaj bolgan Mangystau zhәne Torgaj oblysynyn batys onirinde tagy bir ozi astyngy үstingi әjelder baskiimin almastyratyn poshym bolgan Materiya tura solaj bir bүktelip onyn bir ushymen basty zhogary tomen zhәne kerisinshe orap ekinshi ushymen zhogary zhaktan koldenen katarmen tanyp otyrgan Ony tek zhasy ulgajgan әjelder kigen Orama kimeshek kimeshektin ken taragan tүri gana emes en kone turpaty da Onyn kejbir tүrlerin Shymkent pen Syr bojynyn әjelderinin basynan әli de kezdestiruge bolady Tutas matanyn tomengi buryshy dongelenip kesiledi de zhogargy buryshy әjeldin bet pishinine oraj ojylyp tastalady Tobe zhagyna kejde tigis tүsui de mүmkin Қazakstannyn kop zherinde bul kimeshek trapeciyalyk ne tobesi sholak үshburysh tүrinde pishilip zhogargy zhagy betke kiiletindej etip ojylady Kimeshektin artky ushy uzyn keledi kejde okshege zhetedi Қazakstannyn shygys onirinde kimeshek kyska bolyp aldyngy buryshy kiylgan tortkүl keledi Bul kimeshekter kurama matadan zhasalyp kulak zhagyna sharshy kiyktar tigiledi Bүrmeli kimeshek Syrdariyanyn sagasyn mekendegen kazak әjelderinin arasynda ken taragan Bүrmeli kimeshektin bet zhagy sharshy kelip tomengi uzyn ushy omyrauga tүsip tobesi zhinaktala kele tүjilip kejde onyn үstine borikshe kiiledi Ontүstik onirdin әjelderi matany uzynnan ekige bүktep zhartylaj kesip ony kajta zhalgaj tigip tigisin arkasynyn suagar tusyna keltiredi Zhetisu kelinshekterinin kimeshekterinin үlgileri de asa mol bajlau үlgileri de erekshe koz tartady Kimeshek әshekejsiz bolmajdy Әshekej ornyna altyn kүmis elektra altyn men kүmis kujmasy lagyl akyk shyrymtal slyuda meruert sekildi metall zhәne kymbat bagaly tastar koldanylgan Әrine olar da әjeldin zhas molsherine әleumettik ornyna oraj tagylgan Kimeshek pen onyn aldyngy oniri oyu orneksiz bolgan Ұzyn kiyktan nemese eki үsh buryshty bolikten zhasalgan kimeshekter basym tүsip zhatady Zhaulyktar negizinen Ortalyk zhәne Soltүstik Қazakstanda taragan poshymdarga zhakyn Ertede Torgaj Қostanaj Mangystauda kimeshek bolmaganga uksajdy zhәne tortkүl ak zhaulyk salgan Dәstүrli ortada apa әzheler kimeshekti erekshe kasterlep taza kiyuge tyryskan Kir las kiim kigen adamnyn basynan bagy berekesi kashady ozin martu basady dep bilgen Kop zhasagan kart ana kimeshegin ozinin zhanyna zhakyn kelinine kozimdej kor dep mura retinde kaldyrgan Kejde kimeshekti әdejilep surap alatyndar da bar DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterZaharova I V Hodzhaeva R D Kazahskaya nacionalnaya odezhda HIH nachala HH v Alma Ata Nauka 1964 S 115 122 Margulan A H Kazahskoe narodnoe prikladnoe iskusstvo T 1 Alma Ata Өner 1986 Akataeva K Kimeshek Қazakstan әdebieti 1991 7 mausym 23 14 b Shәripov Zh Bir beshpetim bar edi dүriyadan AT 4 1994 27 kantar Kakabaev B S Vystavka tradicionnyh golovnyh uborov iz kollekcii Centralnogo Gosudarstvennogo muzeya RK Worlddiscovery Almaty 2003 2 str 120 Kәmәlashuly B Қazaktyn bajyrgy kiim keshegine katysty salt dәstүrleri Almaty Өner 2006