Мата (лат. textile — мата, материя) — химиялық талшықтар мен жіптерден жасалған. Химиялық талшықтар мен жіптер табиғи жоғары молекулярлық қосылыстарды химиялық өңдеу нәтижесінде алынады. Бастапқы шикізатқа байланысты химиялық талшықтар, жіптерді жасанды және синтетикалық деп бөлінеді.
Жасалуы
Жасанды талшықтар мен жіптерді табиғи жоғары молекулярлық қосылыстардан (әдетте шыршадан алынатын целлюлозадан) жасайды. Оларға вискозды, мысты аммиак талшықтары мен жіптер, ацетатты (негізінен триацетапты) жіптер жатады. Мұнайды, газ бен көмірді қайта өңдеу арқылы алынатын синтетикалық полимерден талшықтар мен жіптер жасалады.
Солардың ішінде ең көп тарағандары:
- полиамид талшықтары мен жіптері(капрон, анид),
- полиэфир(лавсан),
- полиакрилонитриль(нитрон),
- поливинилхлорид(хлорин),
- полиолефин (полипропилен, полиэтилен) талшықтары мен жіптері.
Химиялық талшықтардың барлық түрлері (бұрын оларды штапель талшықтары деп атаған) жалғыз (элементарлы) талшықтардан тұрады. Бұлардан тоқыма өнеркәсібінде әуелі жіп жасалып, содан соң маталар мен трикотаж бұйымдары (кілем, түкті төсеніш, мата тәрізді тоқылмаған материалдар) тоқылады. Химиялық талшықтардың кейбір түрінен жіп, мата, трикотаж бұйымдарды таза күйінде де, сондай ақ табиғи талшықтармен (мақта, жүн, зығырмен) араластыра отырып та жасайды. Химиялық жіптер техникалық және тоқымалық деп екі үлкен топқа бөлінеді. Техникалық топқа неғұрлым жуанырақ, беріктігі жоғары жіптер жатқызылады. Бұлардан автомашинаға арналған арқандар, парашюттерге, балықшыларға арналған аулар мен құрал-жабдықтар, қозғалтқыш белдік, кәдімгі арқандар, т. б. жасалынады.
Тоқымалық химиялық жіптерге жіңішке (әдетте белгілі бір дәрежеде ширатылған немесе көлемді) жіптер жатқызылады, бұларды иірмей ақтікелей мата және трикотаж бұйымдар тоқу үшін қолданады(бұрын бұл жіптерді жасанды жібек деп атаған).
Белгілі бір химиялық талшықтар мен жіптер әр елде әрқалай аталады(мұндайда бұлардан жасалынатын шетелдік маталар мен тоқыма бұйымдар да талшықтың атауымен аталады).
Мата булау
Тоқыма өндірісінде матаны ыстық бумен өңдеу процесі. Мата сурет басу(өрнек), химиялық тазалау, бояу процестерінен өткен соң буланады. Бояу жақсы жұғу үшін оның құрамындағы заттардың талшықтармен әрекеттесуі қажет. Сонда ол оңбайтын болады. Хим. тазалау жұмыстарында алдын ала күйдіргіш сілті сіңірілген мата буланады. Кейде буға азданп натрий гипо хлориді не сутектің асқын тотыға қосылады. Бұлар кездемеден целлюлоза емес, қоспаларды ажыратады. Булау процесі компенсатор деп аталатын аппаратта жүргізіледі. Бояу жұмыстары кезінде булау қолданылады. Бұл процесс бояуды жақсы сіңіріп, бояғыштарды пайдалану мүмкіндігін арттырады. Әрі шаю, жууды жеңілдетеді. Ширатылған жібек жіптер қайта төгу кезінде ілмектеніп, түйіліп қалмас үшін ыстық буға ұсталады. Жібек пілләсін тазарту кезіндегі желім жұмсарту прроцесі де булау деп аталады.
Матаны аппретирлеу
Матаны аппретирлеу (франц. ақтық өңдеу) материалдарға(маталарға, тоқымаларға) беріктік, ылғалға төзімділік, биязылық т. б. қасиеттер беруге арналған ең соңғы деу жұмыстары. М. а. арнайы ерітінділерді сіңдіру не мата бетіне жұқа қабыршақ қабат жағу арқылы іске асырслады. Мақта мата мен кенеп маталар крахмалмен өңделеді. Матаға жұмсақтық, серпімділік қасиет беру үшін малдың іш майынан, кастор майынан, канифольден жасалған ерітінділер қолданылады. Егер матаға стеарлин, парафин, балауыз эмульсиялары сіңірілсе, олар жылтыр және сәуле шғылыстырғыштық қасиетке ие болады. Жүн мен жіббек маталарды өңдегенде крахмалдың орнына тері шелінен, мал сүйегінен алынатын т. б. желім пайдаланылады. Крахмал, т. б. желімдік заттар матаға онша берік жұқпайды, алғашқы жуудың өзңнде ақ шайылып кетеді.
Сондықтан мата үшін поливинилхлорид, полиметилметакрилат, полистрирол лактестері жұмсалады. Бұлармен өңдеу матаның арттырумен қатар оның әрін де жақсартады. Мата, кенеп маталарға умаждалмайтын қасиет беру үшін олар синтет. смолалардан алынатын заттармен өңделеді. Плащтарға арналған маталарға су жұқпайтын қасиет беріледі. Целлюлоза талшықтары араластырылған маталарды бактериялардың бүлдіруінен сақтау үшін антисептиктермен өңдейді. Жібек, жүн және жасанды талшықтардан тоқылған маталармен салыстырғанда мақта маталар умаждалғыш келеді. Осыған сәйкес кормобол, мебизин, т. б. ерітінділер пайдаланылады. Матаға арнайы ерітінділер сіңдіру арқылы отқа төзімді қылады. Бұрын бұл мақсат үшін маталар фосфор тұзының ерітінділерімен, бор қышқылымен өңделетін.
Бірақ бұлар алғашқы жуылу кезінде шайылып кететіндіктен, матаға сурьма, титан, қалайы тұздары жағылады. Жүн маталарды қара күйе жеуден сақтау үшін фтор тұздарының ерітіндісі және әр түрлі препараттар қолданылады.
Жүн мата
Бірыңғай жүнен немесе басқа талшықтар қосылып арлас тоқылған маталар. Жүн маталар таза (6-10%ғана өзге талшық қосылған) және жартылай жүн мата болып бөлінеді. Жартылай жүн матаға жасанды және синтет. талшықтар көбірек қосылған . Бұл оның сапасын арттырады(тез тозбайды, мыжылмайды, т. б. ). Мата жібінің иірілу әдісіне және түріне қарай жүн мата мәуіті, шұға және аралас мата болып жіктеледі. Жүн матаны өндіру процесі күрделі де алуан түрлі. Жүн матаны өндірудің өзіне ғана тән амалы шұға басқыш машинада жүргізілетін процесс. Мұнда сабынды және тұзды т. б. жылы ерітіндіге малынған мата мех. өңдеуден өтеді, арнаулы дәрі дәрмек сіңіріліп су өтпейтін, умаждалмайтын, күйе жемейтіндей сапаға келтіріледі.
Қазақстанда жүн иіріп, одан мата, киім тоқу ежелгі дәуірден дамыған. Ал өндірістік жолмен тоқылған алғашқы жүн мата 1910 жылы құрылған Қарғалы шұға ф-касында шығарылады. Онда1913 жылы 110 мың метр шұға мата өндірілген. Одан кейінгі жылдары Семей шұға мата комбинаты, Қостанай костюмдік мата комбинаты, Семей мәуіті иіру ф-касы, т. б. ірі өндіріс орындары салынды. Қазақстанда 1975 жылы 40 млн. метр жүн мата тоқылды. 1991 жылы жүн мата өндіру 31098 мың шаршы метрге жетсе, 2000 жылы жүн мата өндіру 259 мың шаршы метр болды.
Жүн өңдеу
Жүнде майлы заттар көп болады. Мыс. , арқармеринос қойдың жүнінде 30%-ға дейін май мен шайыр бар. Осылардан арылту үшін жүн жуғыш машинаның арнаулы ыдысына су құйылып, оған көмір қышқыл сода, калийлі сабын және аммиак қосылып, әбден араластырылады. Бұл құрамның салмағы жуылатын жүн салмағынығ алты пайызына жетуге, ал судың темп. 550С тан аспауы тиіс. Мұнан жоғары болса, жүннің реңі кетуі мүмкін. Жүннің иісін кетіру үшін көмір қышқыл газбен өңделеді. Жүн өңдеу кәсіпорындарында экстрациялық әдіспен жұмыс істейтін жаңа машиналар қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі жүн жабық бөлме де хлорлы көмір қышқыл газбен өңделеді.
Осы процесс нәтижесінде жүндегі май мен шайырдың 70%-ы кетеді, жүн ажарланып, биязылығы артады. Жүннен алынған май техника мен медицинада кеңінен қолданылады. Жүн сорттау кезінде жүннің дайындау стандартына сәйкес сапасы бағаланады. Жүн сотттау процесі жүнді алғашқы өңдеу кәсіпорындарында атқарылады. Дайындау стандарты бойынша жүн қалыпты, шөпті, тікенек шөпті және ақаулы болып бөлінеді. Егер жүндегі шөп қалдықтары мен жүннің мөлшері жалпы жүннің он пайызынан аспаса, қалыпты жүн, егер бұл мөлшерден артса, шөпті не тікенекті жүн деп атайды. Кейбір жүн ажарсыз, түсі оңған, талшығы осал болады. Мұндай кемістік он пайыздан асса, онда ақау жүн болып есептеледі.
Кендір мата
Кендір және кендір тәріздес өсімдіктер талшығынан тоқылатын мата. Кендір мата өндіруде мақта жіп (көбінесе өріс үшін) және жасанды талшықтар да пайдаланылады. Кендір мата тоқылатын кендір жіптер иірілген талшығының түріне(түтілген талшық яки қалдық), иірілу тәсіліне (құрғақ яки дымқыл) , жіңішкелігіне және өңделу ерекшелігіне қарай топталады. Кендір мата тоқуда полотналық, атластық, саржалық, ірі әшекейлі, жаккардты, ұсақ әшекейлі, т. б. тоқылым түрлері пайдаланылады. Полотнолық тоқылым әр түрлі полотнолар мен кенеп мата өндіруде;атластық костюмдік мата өндіруде;саржалық арден трико өндіруде;жаккардты ірі әшекейлі тоқылым дастарқандық және сулық орамал өндіруде қолданылады. Ұсақ әшекейлі тоқылым түрімен сүлгілік маталар тоқылады. Кейбір кендір мата түрпідей қатты болып келеді (мыс. , астарлық, шатырлық, орамдық, ыдыстық, қаптық кендір маталар, брезент, желкен, т. б. ), сондықтан олар мех. және хим. өңдеуден өтеді.
Мақта мата
Мақта талшықтарынан тоқылған мата. Мақта талшықтары технологиялық және механикалық қасиеттері жағынан өте бағалы, күн сәулесі мен ауа райының әсеріне төзімді, сабын, сода ерітіндісімен жуғанда бүлінбейді, жақсы боялады әрі арзан. Арнайы өңдеу арқылы оның қасиеттерін өзгертуге, беріктігі мен үйкеліске төзімділігін арттыруға, ширалмайтын, умаждалмайтын, су өткізбейтін т. б. қасиеттер беруге болады.
Мақта мата жіңішке және орташа талшықтардан, сондай ақ төменгі сортты мақтадан және жіп иіру кезінде түсетін қалдықтардан да тоқылады. Мақта мататоқуға көбінесе жіңішкелігі орташа талшықтардан кард әдісі бойынша иірілген жіп пайдаланылады. Ал жіңішке талшықты мақтадан тарақтап түту арқылы 65-170 нөмірлі жіп иіріледі де одан жұқа мата тоқылады. Төменгі сортты мақта мен оның қалдықтары аппаратты әдіспен иіріліп, қалың мата тоқуға жұмсалады әрі бұл жіпті түкті мата тоқығанда арқау ретінде пайдалануға болады. Кейбір Мақта матаның өрісіне мақта жіп, арқауынан бос ширатылған вискоз жіп қолдануға болады.
Мақта мататоқуға барлық тоқылым түрлері пайдаланылады: полотнолық, саржалық, сәтендік және атластық аралса және ұсақ әшекейлі, көп қабатты, түкті және тұзақты тоқылым.
Өңдеу тәсіліне қарай Мақта матаағартылған, мастерленген, біркелкі боялған, өрнекті, Меланжделген, түгі шығарылған, т. б. болып бөлінеді. Мақта матаағарту үшін алдымен кездеменің бетіндегі жұлым, жұлым қысқа талшықтары жалынға ұсталып күйдіріледі(түкті матадан өзгесін). Сонан соң тоқыр алдында сіңірілген желімдік заттарды (шлихт) кептіру керек.
Ағартқыштар ретінде натрий гидрохлориді, сутектің асқын тотығы және әк қолданылады. Бұлар талшықтың табиғи бояуын жойып, аппақ өң береді. Мақта матасуға ерітілген бояумен не синтет. бояудың супензияларымен боялады. Матаға сурет салу баспа машиналармен атқарылады. Жалғыз білікті машиналар бір түсті ғана сурет, ал көп білікті машиналар бірнеше түсті суреттер басады. Сурет басылған мата кептіруге жіберіледі не ыстық сумен буланады. Сурет үш түрлі тәсілмен басылады. Ағартылған яғни ашық бояулы матаға сурет түсіру үшін оған арнаулы оңдырғыш заттар жағылады. Егер түрлі түсті сурет басу керек болса, оңдырғыш затқа оның әтсерінен бүлінбейтін бояу қосады. Мұны оңдыру арқылы сурет басу деп айтады. Үшінші түрі резервті баспа. Бұл әдіс бойынша боялған матаға машинамен арнаулы ерітінді жағылады, боялған кезде ол жерлерге ештеңе жұқпайды, сөйтіп не ақ түсті не материал өңінен өзге түске боялған сурет пайда болады.
Пайданылған әдебиеттер
- Қазақстан энциклоп. 4-том 144-бет
- Шаңырақ энцикклоп.
- Қазақ Совет энциклоп. 7-том
- Қазақстан энциклоп. 4-том, 141-бет
- Қазақстан энциклоп. 3-том, 599-бет
- «Химия негіздері» К. Аханбаев
- «Органикалық химия» Всюченко
- «Органикалық химия» Л. А. Цветков
- Қазақ Совет энциклоп. 5-том
- «Тұрмыстағы химия»
- Қазақ Совет энциклоп. 7-том
Дереккөздер
- An Introduction to Textile Terms (PDF). Тексерілді, тамыз 6, 2006.
- Balter M. (2009). Clothes Make the (Hu) Man. Science,325(5946):1329.doi:10.1126/science.325_1329a
- Kvavadze E, Bar-Yosef O, Belfer-Cohen A, Boaretto E,Jakeli N, Matskevich Z, Meshveliani T. (2009).30,000-Year-Old Wild Flax Fibers. Science, 325(5946):1359. doi:10.1126/science.1175404 PMID 19745144 Supporting Online Material Мұрағатталған 27 қарашаның 2009 жылы.
- Keim, Brandon. Piezoelectric Nanowires Turn Fabric Into Power Source, Wired News, CondéNet (ақпан 13, 2008). Тексерілді 13 ақпанның 2008.
- Yong Qin, Xudong Wang & Zhong Lin Wang (10 қазан 2007). "Letter/abstract: Microfibre–nanowire hybrid structure for energy scavenging". Nature (Nature Publishing Group) 451 (7180): 809–813. :10.1038/nature06601. 0028-0836. 18273015. http://www.nature.com/nature/journal/v451/n7180/full/nature06601.html. Retrieved 2008-02-13. cited in u Editor's summary: Nanomaterial: power dresser. Nature. Nature Publishing Group (ақпан 14, 2008). Тексерілді, 13 ақпан 2008.
- Art-Gourds.com Мұрағатталған 13 қазанның 2008 жылы. Traditional Peruvian embroidery production methods
- Euroflax Industries Ltd. "Euroflaxx Industries (Import of Textiles)"
- Fonte, Diwata. Milk-fabric clothing raises a few eyebrows, The Orange County Register (тамыз 23, 2005). Тексерілді 21 қазанның 2009.
- Green Inc. Blog "Cutting Water Use in the Textile Industry." The New York Times. шілде 21, 2009. шілде 28, 2009.
- Ask.yahoo.com. Ask.yahoo.com (15 наурыз 2001). Тексерілді, 4 желтоқсан 2011.
- The Materials Science and Engineering of Clothing. Tms.org. Тексерілді, 4 желтоқсан 2011.
- Lazarov and Cordoba, 2000
- Lazarov, Journal of the European Academy of Dermatology and Venerology, 2004
- Scheman et al, Contact Dermatitis, 1998
- Alaee et al, Environ Int, 2003
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Mata lat textile mata materiya himiyalyk talshyktar men zhipterden zhasalgan Himiyalyk talshyktar men zhipter tabigi zhogary molekulyarlyk kosylystardy himiyalyk ondeu nәtizhesinde alynady Bastapky shikizatka bajlanysty himiyalyk talshyktar zhipterdi zhasandy zhәne sintetikalyk dep bolinedi MatalarMatalarPәkistandagy matalar satatyn dүkenZhaj mata үjlkejtilgenthumbZhasaluyZhasandy talshyktar men zhipterdi tabigi zhogary molekulyarlyk kosylystardan әdette shyrshadan alynatyn cellyulozadan zhasajdy Olarga viskozdy mysty ammiak talshyktary men zhipter acetatty negizinen triacetapty zhipter zhatady Munajdy gaz ben komirdi kajta ondeu arkyly alynatyn sintetikalyk polimerden talshyktar men zhipter zhasalady Solardyn ishinde en kop taragandary poliamid talshyktary men zhipteri kapron anid poliefir lavsan poliakrilonitril nitron polivinilhlorid hlorin poliolefin polipropilen polietilen talshyktary men zhipteri Himiyalyk talshyktardyn barlyk tүrleri buryn olardy shtapel talshyktary dep atagan zhalgyz elementarly talshyktardan turady Bulardan tokyma onerkәsibinde әueli zhip zhasalyp sodan son matalar men trikotazh bujymdary kilem tүkti tosenish mata tәrizdi tokylmagan materialdar tokylady Himiyalyk talshyktardyn kejbir tүrinen zhip mata trikotazh bujymdardy taza kүjinde de sondaj ak tabigi talshyktarmen makta zhүn zygyrmen aralastyra otyryp ta zhasajdy Himiyalyk zhipter tehnikalyk zhәne tokymalyk dep eki үlken topka bolinedi Tehnikalyk topka negurlym zhuanyrak beriktigi zhogary zhipter zhatkyzylady Bulardan avtomashinaga arnalgan arkandar parashyutterge balykshylarga arnalgan aular men kural zhabdyktar kozgaltkysh beldik kәdimgi arkandar t b zhasalynady Tokymalyk himiyalyk zhipterge zhinishke әdette belgili bir dәrezhede shiratylgan nemese kolemdi zhipter zhatkyzylady bulardy iirmej aktikelej mata zhәne trikotazh bujymdar toku үshin koldanady buryn bul zhipterdi zhasandy zhibek dep atagan Belgili bir himiyalyk talshyktar men zhipter әr elde әrkalaj atalady mundajda bulardan zhasalynatyn sheteldik matalar men tokyma bujymdar da talshyktyn atauymen atalady Mata bulauTokyma ondirisinde matany ystyk bumen ondeu procesi Mata suret basu ornek himiyalyk tazalau boyau procesterinen otken son bulanady Boyau zhaksy zhugu үshin onyn kuramyndagy zattardyn talshyktarmen әrekettesui kazhet Sonda ol onbajtyn bolady Him tazalau zhumystarynda aldyn ala kүjdirgish silti sinirilgen mata bulanady Kejde buga azdanp natrij gipo hloridi ne sutektin askyn totyga kosylady Bular kezdemeden cellyuloza emes kospalardy azhyratady Bulau procesi kompensator dep atalatyn apparatta zhүrgiziledi Boyau zhumystary kezinde bulau koldanylady Bul process boyaudy zhaksy sinirip boyagyshtardy pajdalanu mүmkindigin arttyrady Әri shayu zhuudy zhenildetedi Shiratylgan zhibek zhipter kajta togu kezinde ilmektenip tүjilip kalmas үshin ystyk buga ustalady Zhibek pillәsin tazartu kezindegi zhelim zhumsartu prrocesi de bulau dep atalady Matany appretirleuMatany appretirleu franc aktyk ondeu materialdarga matalarga tokymalarga beriktik ylgalga tozimdilik biyazylyk t b kasietter beruge arnalgan en songy deu zhumystary M a arnajy eritindilerdi sindiru ne mata betine zhuka kabyrshak kabat zhagu arkyly iske asyrslady Makta mata men kenep matalar krahmalmen ondeledi Mataga zhumsaktyk serpimdilik kasiet beru үshin maldyn ish majynan kastor majynan kanifolden zhasalgan eritindiler koldanylady Eger mataga stearlin parafin balauyz emulsiyalary sinirilse olar zhyltyr zhәne sәule shgylystyrgyshtyk kasietke ie bolady Zhүn men zhibbek matalardy ondegende krahmaldyn ornyna teri shelinen mal sүjeginen alynatyn t b zhelim pajdalanylady Krahmal t b zhelimdik zattar mataga onsha berik zhukpajdy algashky zhuudyn oznnde ak shajylyp ketedi Sondyktan mata үshin polivinilhlorid polimetilmetakrilat polistrirol laktesteri zhumsalady Bularmen ondeu matanyn arttyrumen katar onyn әrin de zhaksartady Mata kenep matalarga umazhdalmajtyn kasiet beru үshin olar sintet smolalardan alynatyn zattarmen ondeledi Plashtarga arnalgan matalarga su zhukpajtyn kasiet beriledi Cellyuloza talshyktary aralastyrylgan matalardy bakteriyalardyn bүldiruinen saktau үshin antiseptiktermen ondejdi Zhibek zhүn zhәne zhasandy talshyktardan tokylgan matalarmen salystyrganda makta matalar umazhdalgysh keledi Osygan sәjkes kormobol mebizin t b eritindiler pajdalanylady Mataga arnajy eritindiler sindiru arkyly otka tozimdi kylady Buryn bul maksat үshin matalar fosfor tuzynyn eritindilerimen bor kyshkylymen ondeletin Birak bular algashky zhuylu kezinde shajylyp ketetindikten mataga surma titan kalajy tuzdary zhagylady Zhүn matalardy kara kүje zheuden saktau үshin ftor tuzdarynyn eritindisi zhәne әr tүrli preparattar koldanylady Zhүn mataBiryngaj zhүnen nemese baska talshyktar kosylyp arlas tokylgan matalar Zhүn matalar taza 6 10 gana ozge talshyk kosylgan zhәne zhartylaj zhүn mata bolyp bolinedi Zhartylaj zhүn mataga zhasandy zhәne sintet talshyktar kobirek kosylgan Bul onyn sapasyn arttyrady tez tozbajdy myzhylmajdy t b Mata zhibinin iirilu әdisine zhәne tүrine karaj zhүn mata mәuiti shuga zhәne aralas mata bolyp zhikteledi Zhүn matany ondiru procesi kүrdeli de aluan tүrli Zhүn matany ondirudin ozine gana tәn amaly shuga baskysh mashinada zhүrgiziletin process Munda sabyndy zhәne tuzdy t b zhyly eritindige malyngan mata meh ondeuden otedi arnauly dәri dәrmek sinirilip su otpejtin umazhdalmajtyn kүje zhemejtindej sapaga keltiriledi Қazakstanda zhүn iirip odan mata kiim toku ezhelgi dәuirden damygan Al ondiristik zholmen tokylgan algashky zhүn mata 1910 zhyly kurylgan Қargaly shuga f kasynda shygarylady Onda1913 zhyly 110 myn metr shuga mata ondirilgen Odan kejingi zhyldary Semej shuga mata kombinaty Қostanaj kostyumdik mata kombinaty Semej mәuiti iiru f kasy t b iri ondiris oryndary salyndy Қazakstanda 1975 zhyly 40 mln metr zhүn mata tokyldy 1991 zhyly zhүn mata ondiru 31098 myn sharshy metrge zhetse 2000 zhyly zhүn mata ondiru 259 myn sharshy metr boldy Zhүn ondeuZhүnde majly zattar kop bolady Mys arkarmerinos kojdyn zhүninde 30 ga dejin maj men shajyr bar Osylardan aryltu үshin zhүn zhugysh mashinanyn arnauly ydysyna su kujylyp ogan komir kyshkyl soda kalijli sabyn zhәne ammiak kosylyp әbden aralastyrylady Bul kuramnyn salmagy zhuylatyn zhүn salmagynyg alty pajyzyna zhetuge al sudyn temp 550S tan aspauy tiis Munan zhogary bolsa zhүnnin reni ketui mүmkin Zhүnnin iisin ketiru үshin komir kyshkyl gazben ondeledi Zhүn ondeu kәsiporyndarynda ekstraciyalyk әdispen zhumys istejtin zhana mashinalar koldanylady Bul әdistin ereksheligi zhүn zhabyk bolme de hlorly komir kyshkyl gazben ondeledi Osy process nәtizhesinde zhүndegi maj men shajyrdyn 70 y ketedi zhүn azharlanyp biyazylygy artady Zhүnnen alyngan maj tehnika men medicinada keninen koldanylady Zhүn sorttau kezinde zhүnnin dajyndau standartyna sәjkes sapasy bagalanady Zhүn sotttau procesi zhүndi algashky ondeu kәsiporyndarynda atkarylady Dajyndau standarty bojynsha zhүn kalypty shopti tikenek shopti zhәne akauly bolyp bolinedi Eger zhүndegi shop kaldyktary men zhүnnin molsheri zhalpy zhүnnin on pajyzynan aspasa kalypty zhүn eger bul molsherden artsa shopti ne tikenekti zhүn dep atajdy Kejbir zhүn azharsyz tүsi ongan talshygy osal bolady Mundaj kemistik on pajyzdan assa onda akau zhүn bolyp esepteledi Kendir mataKendir zhәne kendir tәrizdes osimdikter talshygynan tokylatyn mata Kendir mata ondirude makta zhip kobinese oris үshin zhәne zhasandy talshyktar da pajdalanylady Kendir mata tokylatyn kendir zhipter iirilgen talshygynyn tүrine tүtilgen talshyk yaki kaldyk iirilu tәsiline kurgak yaki dymkyl zhinishkeligine zhәne ondelu ereksheligine karaj toptalady Kendir mata tokuda polotnalyk atlastyk sarzhalyk iri әshekejli zhakkardty usak әshekejli t b tokylym tүrleri pajdalanylady Polotnolyk tokylym әr tүrli polotnolar men kenep mata ondirude atlastyk kostyumdik mata ondirude sarzhalyk arden triko ondirude zhakkardty iri әshekejli tokylym dastarkandyk zhәne sulyk oramal ondirude koldanylady Ұsak әshekejli tokylym tүrimen sүlgilik matalar tokylady Kejbir kendir mata tүrpidej katty bolyp keledi mys astarlyk shatyrlyk oramdyk ydystyk kaptyk kendir matalar brezent zhelken t b sondyktan olar meh zhәne him ondeuden otedi Makta mataMakta talshyktarynan tokylgan mata Makta talshyktary tehnologiyalyk zhәne mehanikalyk kasietteri zhagynan ote bagaly kүn sәulesi men aua rajynyn әserine tozimdi sabyn soda eritindisimen zhuganda bүlinbejdi zhaksy boyalady әri arzan Arnajy ondeu arkyly onyn kasietterin ozgertuge beriktigi men үjkeliske tozimdiligin arttyruga shiralmajtyn umazhdalmajtyn su otkizbejtin t b kasietter beruge bolady Makta mata zhinishke zhәne ortasha talshyktardan sondaj ak tomengi sortty maktadan zhәne zhip iiru kezinde tүsetin kaldyktardan da tokylady Makta matatokuga kobinese zhinishkeligi ortasha talshyktardan kard әdisi bojynsha iirilgen zhip pajdalanylady Al zhinishke talshykty maktadan taraktap tүtu arkyly 65 170 nomirli zhip iiriledi de odan zhuka mata tokylady Tomengi sortty makta men onyn kaldyktary apparatty әdispen iirilip kalyn mata tokuga zhumsalady әri bul zhipti tүkti mata tokyganda arkau retinde pajdalanuga bolady Kejbir Makta matanyn orisine makta zhip arkauynan bos shiratylgan viskoz zhip koldanuga bolady Makta matatokuga barlyk tokylym tүrleri pajdalanylady polotnolyk sarzhalyk sәtendik zhәne atlastyk aralsa zhәne usak әshekejli kop kabatty tүkti zhәne tuzakty tokylym Өndeu tәsiline karaj Makta mataagartylgan masterlengen birkelki boyalgan ornekti Melanzhdelgen tүgi shygarylgan t b bolyp bolinedi Makta mataagartu үshin aldymen kezdemenin betindegi zhulym zhulym kyska talshyktary zhalynga ustalyp kүjdiriledi tүkti matadan ozgesin Sonan son tokyr aldynda sinirilgen zhelimdik zattardy shliht keptiru kerek Agartkyshtar retinde natrij gidrohloridi sutektin askyn totygy zhәne әk koldanylady Bular talshyktyn tabigi boyauyn zhojyp appak on beredi Makta matasuga eritilgen boyaumen ne sintet boyaudyn supenziyalarymen boyalady Mataga suret salu baspa mashinalarmen atkarylady Zhalgyz bilikti mashinalar bir tүsti gana suret al kop bilikti mashinalar birneshe tүsti suretter basady Suret basylgan mata keptiruge zhiberiledi ne ystyk sumen bulanady Suret үsh tүrli tәsilmen basylady Agartylgan yagni ashyk boyauly mataga suret tүsiru үshin ogan arnauly ondyrgysh zattar zhagylady Eger tүrli tүsti suret basu kerek bolsa ondyrgysh zatka onyn әtserinen bүlinbejtin boyau kosady Muny ondyru arkyly suret basu dep ajtady Үshinshi tүri rezervti baspa Bul әdis bojynsha boyalgan mataga mashinamen arnauly eritindi zhagylady boyalgan kezde ol zherlerge eshtene zhukpajdy sojtip ne ak tүsti ne material oninen ozge tүske boyalgan suret pajda bolady Pajdanylgan әdebietterҚazakstan enciklop 4 tom 144 bet Shanyrak encikklop Қazak Sovet enciklop 7 tom Қazakstan enciklop 4 tom 141 bet Қazakstan enciklop 3 tom 599 bet Himiya negizderi K Ahanbaev Organikalyk himiya Vsyuchenko Organikalyk himiya L A Cvetkov Қazak Sovet enciklop 5 tom Turmystagy himiya Қazak Sovet enciklop 7 tomDerekkozderAn Introduction to Textile Terms PDF Tekserildi tamyz 6 2006 Balter M 2009 Clothes Make the Hu Man Science 325 5946 1329 doi 10 1126 science 325 1329a Kvavadze E Bar Yosef O Belfer Cohen A Boaretto E Jakeli N Matskevich Z Meshveliani T 2009 30 000 Year Old Wild Flax Fibers Science 325 5946 1359 doi 10 1126 science 1175404 PMID 19745144 Supporting Online Material Muragattalgan 27 karashanyn 2009 zhyly Keim Brandon Piezoelectric Nanowires Turn Fabric Into Power Source Wired News CondeNet akpan 13 2008 Tekserildi 13 akpannyn 2008 Yong Qin Xudong Wang amp Zhong Lin Wang 10 kazan 2007 Letter abstract Microfibre nanowire hybrid structure for energy scavenging Nature Nature Publishing Group 451 7180 809 813 10 1038 nature06601 0028 0836 18273015 http www nature com nature journal v451 n7180 full nature06601 html Retrieved 2008 02 13 cited in u Editor s summary Nanomaterial power dresser Nature Nature Publishing Group akpan 14 2008 Tekserildi 13 akpan 2008 Art Gourds com Muragattalgan 13 kazannyn 2008 zhyly Traditional Peruvian embroidery production methods Euroflax Industries Ltd Euroflaxx Industries Import of Textiles Fonte Diwata Milk fabric clothing raises a few eyebrows The Orange County Register tamyz 23 2005 Tekserildi 21 kazannyn 2009 Green Inc Blog Cutting Water Use in the Textile Industry The New York Times shilde 21 2009 shilde 28 2009 Ask yahoo com Ask yahoo com 15 nauryz 2001 Tekserildi 4 zheltoksan 2011 The Materials Science and Engineering of Clothing Tms org Tekserildi 4 zheltoksan 2011 Lazarov and Cordoba 2000 Lazarov Journal of the European Academy of Dermatology and Venerology 2004 Scheman et al Contact Dermatitis 1998 Alaee et al Environ Int 2003