Ұйғырлар — Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі. Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының жергілікті халқы. Сондай-ақ Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда және Таяу Шығыс елдерінде тұрады. Жалпы саны 13 млн адам (2022).
Ұйғыр ئۇيغۇر 维吾尔族 | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
13,000,000 шақты | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Қытай | 10,069,346(2010) |
Қазақстан | 251 525(2015) |
Қырғызстан | 46,944 (1999) |
Өзбекстан | 45,800 (2000) |
Пәкістан | 3,000 (2009) |
Тілдері | |
Ұйғыр тілі, (Қытай) | |
Діні | |
ислам суннизм | |
Этникалық топтары | |
Тарихы
Ұйғырдың ата қонысы ерте кезден-ақ Шығыс Түркістан аталған. 1760 ж. бұл өлкені Цинь империясы жаулап алып, Шығыс Түркістан атауын (Шыңжаң) (жаңа жер, жаңа шекара) деп өзгертті. Кейіннен өлке атауы ШҰАР (Шыңжаң — ) деп өзгертілді. Қытайлар Ұйғырды басқа да мұсылман ұлыстарымен қосып , деп, кейде деп те атаған. Моңғолдар Ұйғырды хотан деп атайды. “”, “”, “” деген тарихи атаулар туралы қазіргі Ұйғырдың этнографиясы арасындағы байланыс, сабақтастық туралы әр қилы пікірлер бар. Көне ұйғыр тілі — әулеті дәуіріндегі түркі тіліне қарағанда түріктерінің тіліне жақын (5 — 9 ғ-лар). Ал қазіргі жаңа ұйғыр тілі өзбек тілімен бірге түркі тілдерінің оңт.-шығыс тобының қарлұқ бұтағын құрайды. Ұзақ жылдар Ұйғыр шет ел басқыншыларының қол астында болып, ішінара қақтығыстарға ұшырады. Осының салдарынан 15 ғ-да этнонимі сирек естіліп, оның орнына — тұрағына байланысты қашғарлық, , ақсулық, т.б. деп аталды. Ал Жетісу мен Орта Азияға қоныс аударған Ұйғыр тараншы (диқаншы) делінді. 19 ғ. мен 20 ғ-дың басындағы Ресей зерттеушілерінің еңбектерінде осы атау жиі ұшырасады. 1921ж. Ташкент қаласында өткен зиялы қауымның бас қосқан мәжілісінде түркітанушы проф. С.Е. ұсынысымен ұйғыр атауы жалпы халықтық атау ретінде қалпына келтірілді.
Ұйғыр қағандығы
Ұйғыр қағандығы (745 — 840) — Орталық Азияның шығыс бөлігінде түркі тілдес тайпалар құрған ортағасырлық мемлекет. Селенга, Орхон, Тола өзендері бойында орналасқан. 8 ғ-дың бас кезінен бастап яглакар руы бастаған тоғыз-оғыз тайпалар одағы Шығыс түрік қағандығына қарсы өз тәуелсіздіктері үшін кескілескен ұрыс жүргізді. Бірте-бірте олар бір мемлекетке бірікті. Жаңа мемлекет Ұйғыр қағандығы деп аталды.
744 ж. Шығыс түрік қағандығының әскерін күйрете талқандаған олар саяси әскери билікті тұңғыш рет өз қолдарына алды. Шығыс түрік қағандығының орнына жаңа мемлекет — Ұйғыр қағандығы пайда болды. Оның астанасы — Орхон өз. бойындағы Қарабаласағұн қаласына орналасты. Алғашқы қаған Пэйло (746) болды. Оның кезінде қағандық аумағы Алтай тауларынан Үлкен Хинганга, Саян жоталарынан оңт-те Гоби шөліне дейін созылды. Пэйло өлгеннен кейін оның баласы таққа отырды (746 — 759). Ол мемлекетті нығайтып, Орта Азиямен және Қытаймен қарым-қатынас орнатты. Мойыншор Тываны өз қол астына қаратты. Ұйғыр қағандығының әскери және саяси қуатының артқаны соншалық 757 ж. Қытайда соғдылық Ань Лу-шань бастаған көтерілісшілер бас көтергенде Қытай императоры Мойыншордан көмек сұрады. Ұйғыр қағандығы түркі тектес көшпелі тайпалардың одағынан тұратын ортағасырлық мемлекет болды. Бас билік қағанның қолында шоғырланды. Халық негізінен мал ш-мен және егіншілікпен айналысты. Қала, бекініс, елді мекен салу дами түсті. Қолөнер кәсібі өрге басты. Сирия алфавиті негізінде ұйғыр жазуы пайда болды. Ұйғырлардың бір бөлігі буддизм дінін қабылдаса, 8 ғ-дың аяғынан манихей дініне көше бастады. Дегенмен, халықтың негізі тәңіршілдікті ұстанды. Ұйғыр ақсүйектерінің өзара қырқысулары мен тайпалардың қағанның билігіне қарсы күресі салдарынан 8 ғ-дың аяғында қағандық әлсіреді. Ақыры 840 ж. Енисей (Енесай) қырғыздарының соққысынан күйреді. Ұйғырлардың бір бөлігі (15 аймақ) Алтай мен Тарбағатай аралығындағы Қарлұқ қағандығына қашты. Қалғаны Шығыс Түркістан мен Ганьсу аймағына қоныс аударды. Ұйғыр қағандығы жүз жылдай Қытайдың Орт. Азияға шығуына күшті кедергі болды. Ғалымдар бір ауыздан көне ұйғыр халқы мен қазіргі ұйғырлар арасында байланыс жоқ дегенді құптайды. Қазіргі ұйғырлар Тохар ұлттың ассимиляцияға түскен түрі. Олар ХХғ басында ғана ұйғыр атала бастаған.
Халықтық этногенезіне қатысқан тайпалардың әр алуандығына сәйкес бүгінгі Ұ-дың антропол. жағынан біртекті еместігі байқалады. Қашғарияның оңт-нде еур. нәсілдің памир тобы басым болса, Шығыс Түркістанның солт-н мекендеушілерде еур., моңғолоидтық элемент тең түседі (тұранаралық нәсіл). Ұйғыр этнонимі 3 ғ-дан белгілі. Көне заманда моңғол даласын мекендеген көшпелі Ұ-дың арғы тектері ғұндардың тайпалық одақтарына енген. Кейіннен Жужан, Түрік қағандығының құрамында болды. Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін (8 ғ.) , , өзендерінің бойындағы Ұ-лар Ұйғыр қағандығын құрды. Ұ. атауы Орхон жазба ескерткіштерінен де белгілі (8 ғ.). 840 ж. Ұйғыр қағандығын қырғыздар күйретті. Содан кейін олар Шығыс Түркістан мен батыс бөлігіне қоныс аударып, (847 — 1369), Ганьсуда (847 — 1036) дербес мемлекет құрды. Ганьсудағы мемлекетті таңғұттар жойды да Шығыс Түркістан 14 ғ-да Шағатай ұлысына, кейін Моғолстанға қарады. Шығыс Түркістанға ауып келген Ұ. қыпшақ, , , , құман, т.б. бірге жергілікті иран тектес халықпен араласып, бертін келе бір этн. топқа бірікті. 9 — 10 ғ-ларда Ұ-да буддизм, кейіннен оның жаңа тармағы — махаяна (Ұ-ларда 8 ғ-дың 60-жылдары) тарады. 11 — 17 ғ-ларда Ислам дінін қабылдады. 17 — 18 ғ-ларда Ұ. Жоңғар хандығына, 18 ғ-дың 50-жылдарынан бастап Цинь империясына бағынды. Ұ. маньчжур-қытай] езгісіне қарсы ұзақ жылдар ұлт-азаттық күрес жүргізді. 1944 — 49 ж. елдің солт-ндегі 3 аймақта Шығыс Түркістан халық республикасы орнады. 1949 ж. Қытайда жеңіске жеткеннен кейін Шығыс Түркістан қайтадан Қытайға бағынуға мәжбүр болды. Жергілікті жағдайды ескере отырып, ҚХР өкіметі 1955 ж. ШҰАР-ды құрды. 1950 — 60 ж. жергілікті өкімет жазалау шараларын жүргізді. Ұ-дың бір бөлігін басқа жерлерге көшіріп, орнына қытайлар қоныстандырылды. Бұл жағдай жергілікті ұлттың арасында наразылық тудырды. Ұ. — ежелден отырықшы өмір кешкен халық. Олар суармалы егіншілік пен бау-бақша өсірудің шебері. Өзіндік ерекшелігі мол мәдениеті мен ән-жырының, монументті діни архитектурасының шығыс елдері мәдениетіне елеулі әсері болды. Ұ-дың Қазақстандағы саны 210,3 мың адам (1999). Олар Жетісуға 19 ғ-дың соңына қарай Қытайдағы мұсылмандар көтерілісінен кейін Цинь билеушілерінің қысымына ұшырап, ауып келген. Қазақстанда Ұ. мектептері, Респ. ұйғыр театры, ҰҒА-ның Тіл білімі ин-тында ұйғыртану бөлімі жұмыс істейді.
Ұйғыр тілі
Ұйғыр тілі, түркі тілдерінің оңт.-шығыс тобындағы бұтағына жатады. Көне Ұйғыр тілінен ажырату мақсатында қазіргі Ұйғыр тілі, жаңа Ұйғыр тілі деген атаулар қолданылады. Ұйғыр тілі. ҚХР-ның (8 млн., 2004) және Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан республикаларына (300 мың), Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан елдеріне (200 мың) таралған. Ұйғыр халқы ертеректе өз тілін қәшқәр тили, таранчи тили деп те атаған. Ұйғыр тілі. орт. (Іле бойы), оңт. (хотан), шығыс (лобнор) диалектілеріне бөлінеді, онда өзбек тілімен салыстырғанда қыпшақтық элементтер сирек кездеседі. Ұйғыр тілінде үндестік заңы сақтала бермейді, сөз басында қазақ тіліндегі “ж” дыбысының орнына “й” қолданылады (мыс., йәл-жел, йол-жол). Бір буынды сөздердегі а, ә дауыстылары сол сөзге жалғанатын қосымшалардың кері ықпалының әсерінен е, о, ө дыбыстарына ауысады (мыс., аты-ети, балық-белик). Ұйғыр тілінде а, ә дауыстылары редукциясының басымдығы байқалады, сөйлеу тілінде р, л дыбыстары түсіріліп айтылады (мыс., бар-ба, барса-баса, кел-кә, т.б.). Ұйғырлар 11 ғ-дан араб жазуын қолданған. Қазақстан мен Орта Азия ұйғырлары 1930 жылдан латын жазуын, 1947 жылдан кириллицаны тұтынып келеді. Орыс әліпбиіне қосымша ә, ө, ү, қ, ғ, ң, ї, җ әріптері таңбаланған Ұйғыр тілі ШҰАР-да мемл. тіл ретінде қызмет атқарады. Бұл тіл Қазақстанда да дамыған, қазақ жерінде Ұйғыр тілінде көркем, қоғамдық-саяси, ғыл. әдебиеттер ұдайы басылып тұрады, бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі хабарлар тарайды.
Ұйғыр жазуы
Ұйғыр жазуы — соғды жазуынан (б.з.б. 1 ғ. — б.з. 9 ғ-лар) бастау алатын ежелгі ұйғыр тайпалары пайдаланған жазу. Жоғарыдан төмен қарай тік әріптермен солдан оңға бағыттала жазылатын бұл жазу түрі сирия-арамей әліпбилерінің біріне саяды. Ұйғыр жазуының әліпбиін кейінірек басқа да түркі тайпалары (наймандар), олардан моңғолдар үйренген. 13 — 14 ғ-ларда Орт. Азияда құрылған түркі-моңғол ұлыстарының көпшілігі Ұйғыр жазуын пайдаланған. 16 ғ-да кейбір өзгерістермен маньчжурлар қабылдады. Кей халықтар Ұйғыр жазуын 18 ғ-ға дейін, ал сары ұйғырлар 19 ғ-ға дейін қолданып келді. ҚХР-ның Ішкі Моңғолия автономиялы районында қазірге дейін қолданылады. Ұйғыр жазуының ескерткіштері бізге Шығыс Түркістаннан табылған қолжазбалар арқылы жетті. Олардың ішіндегі ең көрнектісі — Жүсіп Баласағұнидың “Құ-тадғу біліг” (1069) дастанының Вена нұсқасы. Ұйғыр жазуы туралы мәліметтерді Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат-ит-түрк” (1073) еңбегінен де кездестіруге болады. Ұйғыр жазуы ескерткіштері қатарында “Манихейлердің жалбарыну дұғасын” (6 ғ.), “Һибатул-хақайық”, “Алтын яруқ” (“Алтын жарық”), будда дініне қатысты қолжазбалар (11 ғ.) мен заңи құжаттарды (10 — 13 ғ-лар) атауға болады. Ұйғыр жазуының әліпбиі 22 әріптен тұрады. Таңбалауда ы/і, о/у, ө/ү дауыстылары мен п/б, к/г, т/д дауыссыз дыбыстары бірдей жазылғанымен, дыбысталуы әр түрлі. Жазудағы әріптер сөз басында, ортасында, аяғында түрліше таңбаланады.
Діні
Ұйғыр дінін ұстанатындардың басым көпшілігі ханафи мәзһабындағы сүнниттік мұсылмандар, Қашғар маңында шиіттердің шағын қауымдары бар. Ұйғырлардың ата-бабаларының ислам дінін қабылдауы Қарахандар билеушісі Сутук Абдукерім Боғраханның (X ғ.) билік еткен кезеңіне жатады. Суннизмге дейін ұйғырлар сопылық исламды ұстанған. Ертеде ұйғырлар тәңіршілдер, манихейлер және буддистер болған. Манихейлік Ұйғыр қағанатының діні болды. Буддизм ұйғыр идкутизмінің діні болды. Азияда буддизмнің таралуында ұйғырлар маңызды рөл атқарды, Үндістан мен Тибеттен келген ұйғырлар арқылы буддизм Қытайға өтті. Қазіргі уақытта негізінен Қазақстан мен Орталық Азияда христиан ұйғырлары да бар.
Кәсібі
Ұйғырлардың негізгі кәсібі жоғары деңгейге жеткен суармалы егіншілік (дәнді, майлы дақылдар, әртүрлі техникалық дақылдар, көкөністер), бау-бақша. Кейбір аудандарда (лобнорлар арасында, Хотан және Хами таулы аймақтарында) олар негізінен мал шаруашылығымен (қой, жылқы, түйе, сиыр) айналысады. Қосымша кәсіптер – балық аулау, аңшылық. Қолөнерден – тоқу, кілем тоқу, керамика, мыс ыдыс, т.б. Кейбір ұйғырлар өнеркәсіпте жұмыс істейді.
Өмір салты
Отбасы, рәсімдері
Отбасы шағын, неке патрилокальды. Үйлену тойы және басқа да рәсімдер сақталған. Той әнмен, бимен, әзіл-қалжыңмен өтеді. Ол екі жақта қатар өтіп, қажеттінің барлығын (тамақтан бастап, отынға дейін) күйеу жігіттің туыстары келіннің үйіне жеткізеді. Күйеуінің үйіне кірер алдында жас жұбайларды оттың айналасына айналдырады. Құрдас жастағы ерлер мен әйелдердің бөлек ұйымдастыратын дәстүрлі демалыс кештері (машраб) бар. Дәстүрлі наным-сенім - рухтарға табыну, шамандық. Ұйғырлар Шығыстың көптеген елдерінің мәдениетіне әсер еткен бай және өзіндік мәдениетті (монументалды діни сәулет, музыкалық шығармалар) жасады.
Дәстүрлі баспанасы
Елді мекендері сызықтық орналасқан. Ұйғырлардың дәстүрлі баспанасы саманнан немесе кірпіштен тұрғызылған, төбесі жалпақ. Үйге кіре берістің алдында жабық терраса (айван) бар. Олар жылытылатын жантайма төсекте (қан сияқты) ұйықтайды, қабырғалардағы ойықшалар төсек-орын мен ыдыс-аяқты сақтауға қызмет етеді, киімдер сандықта сақталады. Камин тәрізді ошақтар қабырғада орналасқан.
Дәстүрлі киімдері
Бұрын Жетісу ұйғырларының ерлер костюмы жіңішке тік жағалы ұзын кең пішілген желбегей жейде (койнэк) мен балағы етіктің ішіне салынатын кең шалбардан (тамбал) тұрған. Жейденің сыртынан қысқа башмет киіп, оның сыртынан жіңішке тік жағалы және тар жеңді ұзын халат (шапан) киген. Халатты мақта матасының ұзын кесегінен жасалған белбеумен (бэлваг) байлаған. Қысқы сырт киім ретінде қой терісінен жасалған тон (жута) қызмет етті. Аяқтарына ұзын қонышты тар жұмсақ етіктер (мэсэ) киген, оларды үйге кірерде шешіп қоятын былғары галоштармен бірге киетін болған. Тағалы етік (отук) киген. Бас киім ретінде жазда – тақия (допа), қыста – қой елтірісімен қапталған шұға бөрік (топа), ал байларда – кәмшат, бұлғын, құндыз терісімен қапталған бөрік қызмет етті.
Әйелдер мақта матасынан тігілген, кішкене тік жағалы туника тәрізді пішілген ұзын кең жейде, сонымен қатар толарсаққа қарай тарланып келетін кең шароварлар киген. Тұрмыстағы әйелдердің жейдесіндегі қиығы мен ілгегі алдыңғы жағында кеудесінде, ал қыздардыкі – иықтарында болған. Тұрмыстағы әйелдер жейдесінің оң жақ кеудесі кестемен безендірілген. Жейденің сыртынан үйде және көшеде әдетте үнемі ұзын, тізеге дейін жететін, ілгексіз жеңсіз киім (кэмзэл) киген. Көшеге шыққанда тар жеңді (чапан), ал оның сыртынан екіншісін – анағұрлым ұзын және кең халат (перенджэ), немесе қысқа сырылған көкірекше киетін болған. Қытайлық үлгіде пішілген, өзіндік өрнектермен (мади–хан) безендірілген көкірекше (хтай–чэкойнек) де киген. Қыста олар да қой терісінен тон киетін болған. Аяқ киім ретінде көбіне галоштармен бірге жұмсақ етіктер қызмет еткен. Бас киімдері – тақия немесе орамал, қыста жалпақ жылы тері бөрік болған. Бай әйелдердің мерекелік бас киімдері сүйір төбесі ұсақ бүрмеленіп, түрлі–түсті тастармен безендірілген зерлі дөңгелек бөрік болды. Бөріктің үстінен ұзын кездемелі орамал киілген. Әйелдер беттерін жаппаған, бөтен адамды көрген уақытта беттерін орамалмен сәл ғана бүркеген.
Дәстүрлі тағамдары
Негізгі тағамдары – ұннан жасалған тағамдар, шелпек, көкөніс пен еттен дәмдеуіштер қосылған кеспе (лағман), көкөніс пен ет салмасы бар бәліштер мен тұшпара. Ет тағамдарынан танымал - қой етінен жасалған кәуап. Шай барлық жерде, шығыста - сүт, май және тұзбен, кең таралған. Қарбыздар, қауындар, жаңа піскен және кептірілген жемістер диетада маңызды орын алады.
Өнері
Ұйғыр музыкалы комедия театры
Ұйғыр музыкалы комедия театры 1934 ж. Алматы қаласында ұйымдастырылып, сол жылы 24 қыркүйекте Д.Асимов пен А.Садыровтың “Анархан” атты музыкалы драмасымен тұңғыш рет шымылдығын ашты. Алғашында Ұйғыр облысы музыкалы драма театры деп аталды. 1941 — 61 ж. аралығында Шелекте (Алматы облысы) орналасып, ал 1961 ж. Алматы қаласына қайта қоныс аударды. Театр труппасы 1940 —50 ж. ұлттық драматургиямен қатар аударма музыкалы драм. шығармаларға да (У.А. Гаджибеков, Л.А. Юхвид пен А.Б. Александров, Ж.Б. Мольер, т.б.) ден қойды. Актерлер М.Бақиев, М.Семятова, С.Саттарова, А.Шәмиев, А.Ақбаров, З.Ақбарова, М.Ахмадиев, Қ.Әбдірәсілов, реж-лер А.Ибрагимов, А.Марджанов, Д.Садырова, театр суретшілері К.Пак, П.Ибрагимов, комп-лар Қ.Қожамияров, Ғ.Зайнаутдинов, И.Масимов, И.Исаев, т.б. театрдың нығайып, қалыптасуына елеулі үлес қосты. 20 ғ-дың 60 — 90-жылдары ұйғыр жазушыларының (М.Зұлпұхаров, С.Хасанов, М.Қабиров, З.Самеди, Х.Абуллин, Ж.Босақов, Ш.Шаваев) драм. шығармалары қойылып, театрдың ұлттық бағыт-бағдары айқындала түсті. 1964 ж. Респ. ұйғыр музыкалы драма театрына айналды, ал 1967 жылдан қазіргі атымен аталады. 2005 ж. театрға комп. Қ.Қожамияровтың есімі берілді. Әр жылдары театр репертуарынан орыс,өзбек, қырғыз, башқұрт, Әзірбайжан, грузин және қазақ жазушыларының М.Әуезовтің (“Айман — Шолпан”), Ғ.Мүсіреповтің (“Қозы Көрпеш — Баян сұлу” мен “Қыз Жібек”), С.Мұқановтың (“Қашғар қызы”), Ш.Хұсайыновтың]] (“Шолпан” мен “Қайран Гәкку”), Қ.Мұхамеджановтың (“Бөлтірік бөрік астында”), Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың (“Беу, қыздар-ай”, “Ой, жігіттер-ой”), С.Шәймерденовтің (“Дөкей келе жатыр”), шет ел драматургиясының (У.Шекспир, Лопе де Вега, А.В. Вальехо) туындылары да орын алды. Театрдың жанында “Яшлық”, “Нава” және “Сада” ансамбльдері жұмыс істеді. Театр ұжымы 1984 ж. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталды.
Cәулет өнері
Мын Уй Үңгірі (қаз. "Мың үйлер")) | Султан ел негізін салушының кесенесі | Ел билеушінін кесенесі |
Қазақстандағы ұйғырлар
Қазақстан аумағындағы ұйғыр диаспорасы ХІХ ғ. соңына қарай Шығыс Түркістаннан (қазіргі ҚХР ШҰАА) шыққан ұйғырлардан қалыптасты. 1897 жылғы санақтың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ұйғырлардың саны 55815 адамды құрады. 1910 жылы Жетісудың қалалары мен ауылдарында 86426 адам тұрды; 1926 жылғы халық санағы Қазақстанда 63434 ұйғырды тіркеді, бұл топқа санақта көрсетілген мынадай топтар біріктірілді: тараншылар (51803 адам), қашқарлықтар (1121 адам) және ұйғырлардың өзі (10510 адам), олардың саны 55815 адамды құрады, олар Жетісу губерниясында шоғырланды. Қазақстанның ұйғыр диаспорасы санының жалпы динамикасы диаспораның ұлғайғанын дәлелдей отырып, мынадай түрде болды:
- 120 881 (1970 ж.),
- 147 943 (1979 ж.),
- 181 526 (1989 ж.),
- 210 365 (1999 ж.)
- 246 700 (2014 ж.) адам, олар елдің оңтүстігінде тұрды. 2020 жылдың басындағы мəліметтер бойынша бұл этностың шоғырлана қоныстанған жерлері Алматы облысында – 57,96%, Жамбыл облысында – 1,05%, Алматы қаласында – 37,82%.
Білім алушылар контингенті мен ұйғыр мектептерінің саны да тиісінше өзгерді: 1931 жылы сауатсыздықты жою (ликбез) мектептерінде 2500 ұйғыр, ал 1935 жылы Алматы облысында 1044 сауатсыздықты (ликбез) жою пунктінде 48220 адам оқыды. 1951–1952 жылдары 52 ұйғыр мектебі, 1969–1970 жылдары – 64, 1986–1987 жылдары – 11 және 38 аралас, 2006 ж. – 15 ұйғыр мектебі жұмыс істеді. Ұйғыр тілі мен мәдениетін дамыту үшін Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің филология факультетінде ұйғыр бөлімінің ашылуы үлкен маңызға ие болды. Ұйғыр мектептерінің жұмысын ұйғыр тілінде оқулықтар шығаратын «Рауан» баспасы да қолдайды. 1949 жылы Қазақстан Ғылым Академиясында ұйғыр-дүнген мәдениеті секторы құрылды, одан әрі Сектор ұйғыртану бөлімі болып қайта құрылды, оның негізінде 1986 жылы Ұйғыртану институты ұйымдастырылды. 1989 жылы Қазақстанда тұратын ұйғырлардың 95%-ы өз ұлтының тілін ана тілі деп санайтындықтарын айтты, алайда ұйғырлардың ана тілін меңгергені туралы мәліметтер жоқ; ұйғырлардың 1,5%-ы қазақ тілін ана тілі деп таныды, олардың 9,1%-ы оны біледі; 3%-ы орыс тілін ана тілі деп санайды, ал олардың 62%-ы оны меңгерген. 1999 жылғы санаққа сәйкес 171,1 мың ұйғыр немесе 81,3%-ы ана тілін, 169,3 мың немесе 80,5%-ы мемлекеттік тілді, 160,2 мың немесе 76,1%-ы орыс тілін меңгерген. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстан ұйғырларының қостілділік дәрежесі былайша анықталған: біртілділер – 27859 адам (13,2%), қостілділер – 182506 адам (86,8%).
Дереккөздер
- 中华人民共和国国家统计局: 2-1 全国各民族分年龄、性别的人口
- Rubin Barry Guide to Islamist Movements — , 2009. — Vol. 1. — P. 69.
- 2015 жыл басына Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны
- Итоги Первой национальной переписи населения Кыргызской Республики, Kyrgyzstan: Национальный статистический комитет, 1999, http://www.stat.kg/stat.files/census.pdf, retrieved 2010-04-13
- Sun, Jincheng (2009-07-19), "巴基斯坦维族华人领袖:新疆维族人过得比我们好/Pakistan Uyghur leader: Xinjiang Uyghurs live better than us", Chinese Edition, http://www.chinaqw.com/hqhr/hrdt/200907/19/172004.shtml, retrieved 2009-09-14
- народы мира / Уйгуры http://www.etnolog.ru/people.php?id=UYGR
- Берік Бақытұлы. Ұйғырлардың дәстүрлі киімдері https://ulagat.com/2022/01/01/%D2%B1%D0%B9%D2%93%D1%8B%D1%80%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D0%B4%D3%99%D1%81%D1%82%D2%AF%D1%80%D0%BB%D1%96-%D0%BA%D0%B8%D1%96%D0%BC%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96/
- "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
- Э.Д. Сүлейменова, Д.Х.Ақанова, Н.Ж.Шаймерденова «Қазақстан тілдері: әлеуметтік лингвистика анықтамалығы»: Кітап.–Алматы: «Издательство Золотая Книга» ЖШС, 2020 ж. 191-бет.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ұjgyrlar Ortalyk Aziyadagy kone tүrki halyktarynyn biri Қytajdyn Shynzhan Ұjgyr avtonomiyalyk audanynyn zhergilikti halky Sondaj ak Қazakstanda Қyrgyzstanda Өzbekstanda zhәne Tayau Shygys elderinde turady Zhalpy sany 13 mln adam 2022 Ұjgyr ئۇيغۇر 维吾尔族Bүkil halyktyn sany13 000 000 shaktyEn kop taralgan ajmaktar Қytaj10 069 346 2010 Қazakstan251 525 2015 Қyrgyzstan46 944 1999 Өzbekstan45 800 2000 Pәkistan3 000 2009 TilderiҰjgyr tili Қytaj Diniislam sunnizmEtnikalyk toptaryTүrkilerTarihyҰjgyrdyn ata konysy erte kezden ak Shygys Tүrkistan atalgan 1760 zh bul olkeni Cin imperiyasy zhaulap alyp Shygys Tүrkistan atauyn Shynzhan zhana zher zhana shekara dep ozgertti Kejinnen olke atauy ShҰAR Shynzhan dep ozgertildi Қytajlar Ұjgyrdy baska da musylman ulystarymen kosyp dep kejde dep te atagan Mongoldar Ұjgyrdy hotan dep atajdy degen tarihi ataular turaly kazirgi Ұjgyrdyn etnografiyasy arasyndagy bajlanys sabaktastyk turaly әr kily pikirler bar Kone ujgyr tili әuleti dәuirindegi tүrki tiline karaganda tүrikterinin tiline zhakyn 5 9 g lar Al kazirgi zhana ujgyr tili ozbek tilimen birge tүrki tilderinin ont shygys tobynyn karluk butagyn kurajdy Ұzak zhyldar Ұjgyr shet el baskynshylarynyn kol astynda bolyp ishinara kaktygystarga ushyrady Osynyn saldarynan 15 g da etnonimi sirek estilip onyn ornyna turagyna bajlanysty kashgarlyk aksulyk t b dep ataldy Al Zhetisu men Orta Aziyaga konys audargan Ұjgyr taranshy dikanshy delindi 19 g men 20 g dyn basyndagy Resej zertteushilerinin enbekterinde osy atau zhii ushyrasady 1921zh Tashkent kalasynda otken ziyaly kauymnyn bas koskan mәzhilisinde tүrkitanushy prof S E usynysymen ujgyr atauy zhalpy halyktyk atau retinde kalpyna keltirildi Ұjgyr kagandygy Ұjgyr kagandygy 745 840 Ortalyk Aziyanyn shygys boliginde tүrki tildes tajpalar kurgan ortagasyrlyk memleket Selenga Orhon Tola ozenderi bojynda ornalaskan 8 g dyn bas kezinen bastap yaglakar ruy bastagan togyz ogyz tajpalar odagy Shygys tүrik kagandygyna karsy oz tәuelsizdikteri үshin keskilesken urys zhүrgizdi Birte birte olar bir memleketke birikti Zhana memleket Ұjgyr kagandygy dep ataldy 744 zh Shygys tүrik kagandygynyn әskerin kүjrete talkandagan olar sayasi әskeri bilikti tungysh ret oz koldaryna aldy Shygys tүrik kagandygynyn ornyna zhana memleket Ұjgyr kagandygy pajda boldy Onyn astanasy Orhon oz bojyndagy Қarabalasagun kalasyna ornalasty Algashky kagan Pejlo 746 boldy Onyn kezinde kagandyk aumagy Altaj taularynan Үlken Hinganga Sayan zhotalarynan ont te Gobi sholine dejin sozyldy Pejlo olgennen kejin onyn balasy takka otyrdy 746 759 Ol memleketti nygajtyp Orta Aziyamen zhәne Қytajmen karym katynas ornatty Mojynshor Tyvany oz kol astyna karatty Ұjgyr kagandygynyn әskeri zhәne sayasi kuatynyn artkany sonshalyk 757 zh Қytajda sogdylyk An Lu shan bastagan koterilisshiler bas kotergende Қytaj imperatory Mojynshordan komek surady Ұjgyr kagandygy tүrki tektes koshpeli tajpalardyn odagynan turatyn ortagasyrlyk memleket boldy Bas bilik kagannyn kolynda shogyrlandy Halyk negizinen mal sh men zhәne eginshilikpen ajnalysty Қala bekinis eldi meken salu dami tүsti Қoloner kәsibi orge basty Siriya alfaviti negizinde ujgyr zhazuy pajda boldy Ұjgyrlardyn bir boligi buddizm dinin kabyldasa 8 g dyn ayagynan manihej dinine koshe bastady Degenmen halyktyn negizi tәnirshildikti ustandy Ұjgyr aksүjekterinin ozara kyrkysulary men tajpalardyn kagannyn biligine karsy kүresi saldarynan 8 g dyn ayagynda kagandyk әlsiredi Akyry 840 zh Enisej Enesaj kyrgyzdarynyn sokkysynan kүjredi Ұjgyrlardyn bir boligi 15 ajmak Altaj men Tarbagataj aralygyndagy Қarluk kagandygyna kashty Қalgany Shygys Tүrkistan men Gansu ajmagyna konys audardy Ұjgyr kagandygy zhүz zhyldaj Қytajdyn Ort Aziyaga shyguyna kүshti kedergi boldy Ғalymdar bir auyzdan kone ujgyr halky men kazirgi ujgyrlar arasynda bajlanys zhok degendi kuptajdy Қazirgi ujgyrlar Tohar ulttyn assimilyaciyaga tүsken tүri Olar HHg basynda gana ujgyr atala bastagan Eshilkul shajkasy 1759 zh Halyktyk etnogenezine katyskan tajpalardyn әr aluandygyna sәjkes bүgingi Ұ dyn antropol zhagynan birtekti emestigi bajkalady Қashgariyanyn ont nde eur nәsildin pamir toby basym bolsa Shygys Tүrkistannyn solt n mekendeushilerde eur mongoloidtyk element ten tүsedi turanaralyk nәsil Ұjgyr etnonimi 3 g dan belgili Kone zamanda mongol dalasyn mekendegen koshpeli Ұ dyn argy tekteri gundardyn tajpalyk odaktaryna engen Kejinnen Zhuzhan Tүrik kagandygynyn kuramynda boldy Tүrik kagandygy ydyragannan kejin 8 g ozenderinin bojyndagy Ұ lar Ұjgyr kagandygyn kurdy Ұ atauy Orhon zhazba eskertkishterinen de belgili 8 g 840 zh Ұjgyr kagandygyn kyrgyzdar kүjretti Sodan kejin olar Shygys Tүrkistan men batys boligine konys audaryp 847 1369 Gansuda 847 1036 derbes memleket kurdy Gansudagy memleketti tanguttar zhojdy da Shygys Tүrkistan 14 g da Shagataj ulysyna kejin Mogolstanga karady Shygys Tүrkistanga auyp kelgen Ұ kypshak kuman t b birge zhergilikti iran tektes halykpen aralasyp bertin kele bir etn topka birikti 9 10 g larda Ұ da buddizm kejinnen onyn zhana tarmagy mahayana Ұ larda 8 g dyn 60 zhyldary tarady 11 17 g larda Islam dinin kabyldady 17 18 g larda Ұ Zhongar handygyna 18 g dyn 50 zhyldarynan bastap Cin imperiyasyna bagyndy Ұ manchzhur kytaj ezgisine karsy uzak zhyldar ult azattyk kүres zhүrgizdi 1944 49 zh eldin solt ndegi 3 ajmakta Shygys Tүrkistan halyk respublikasy ornady 1949 zh Қytajda zheniske zhetkennen kejin Shygys Tүrkistan kajtadan Қytajga bagynuga mәzhbүr boldy Zhergilikti zhagdajdy eskere otyryp ҚHR okimeti 1955 zh ShҰAR dy kurdy 1950 60 zh zhergilikti okimet zhazalau sharalaryn zhүrgizdi Ұ dyn bir boligin baska zherlerge koshirip ornyna kytajlar konystandyryldy Bul zhagdaj zhergilikti ulttyn arasynda narazylyk tudyrdy Ұ ezhelden otyrykshy omir keshken halyk Olar suarmaly eginshilik pen bau baksha osirudin sheberi Өzindik ereksheligi mol mәdenieti men әn zhyrynyn monumentti dini arhitekturasynyn shygys elderi mәdenietine eleuli әseri boldy Ұ dyn Қazakstandagy sany 210 3 myn adam 1999 Olar Zhetisuga 19 g dyn sonyna karaj Қytajdagy musylmandar koterilisinen kejin Cin bileushilerinin kysymyna ushyrap auyp kelgen Қazakstanda Ұ mektepteri Resp ujgyr teatry ҰҒA nyn Til bilimi in tynda ujgyrtanu bolimi zhumys istejdi Ұjgyr tiliҰjgyr tili tүrki tilderinin ont shygys tobyndagy butagyna zhatady Kone Ұjgyr tilinen azhyratu maksatynda kazirgi Ұjgyr tili zhana Ұjgyr tili degen ataular koldanylady Ұjgyr tili ҚHR nyn 8 mln 2004 zhәne Қazakstan Өzbekstan Қyrgyzstan Tүrikmenstan respublikalaryna 300 myn Үndistan Pәkistan Auganstan elderine 200 myn taralgan Ұjgyr halky erterekte oz tilin kәshkәr tili taranchi tili dep te atagan Ұjgyr tili ort Ile bojy ont hotan shygys lobnor dialektilerine bolinedi onda ozbek tilimen salystyrganda kypshaktyk elementter sirek kezdesedi Ұjgyr tilinde үndestik zany saktala bermejdi soz basynda kazak tilindegi zh dybysynyn ornyna j koldanylady mys jәl zhel jol zhol Bir buyndy sozderdegi a ә dauystylary sol sozge zhalganatyn kosymshalardyn keri ykpalynyn әserinen e o o dybystaryna auysady mys aty eti balyk belik Ұjgyr tilinde a ә dauystylary redukciyasynyn basymdygy bajkalady sojleu tilinde r l dybystary tүsirilip ajtylady mys bar ba barsa basa kel kә t b Ұjgyrlar 11 g dan arab zhazuyn koldangan Қazakstan men Orta Aziya ujgyrlary 1930 zhyldan latyn zhazuyn 1947 zhyldan kirillicany tutynyp keledi Orys әlipbiine kosymsha ә o ү k g n yi җ әripteri tanbalangan Ұjgyr tili ShҰAR da meml til retinde kyzmet atkarady Bul til Қazakstanda da damygan kazak zherinde Ұjgyr tilinde korkem kogamdyk sayasi gyl әdebietter udajy basylyp turady bukaralyk akparat kuraldarynda tүrli habarlar tarajdy Ұjgyr zhazuyҰjgyr zhazuy sogdy zhazuynan b z b 1 g b z 9 g lar bastau alatyn ezhelgi ujgyr tajpalary pajdalangan zhazu Zhogarydan tomen karaj tik әriptermen soldan onga bagyttala zhazylatyn bul zhazu tүri siriya aramej әlipbilerinin birine sayady Ұjgyr zhazuynyn әlipbiin kejinirek baska da tүrki tajpalary najmandar olardan mongoldar үjrengen 13 14 g larda Ort Aziyada kurylgan tүrki mongol ulystarynyn kopshiligi Ұjgyr zhazuyn pajdalangan 16 g da kejbir ozgeristermen manchzhurlar kabyldady Kej halyktar Ұjgyr zhazuyn 18 g ga dejin al sary ujgyrlar 19 g ga dejin koldanyp keldi ҚHR nyn Ishki Mongoliya avtonomiyaly rajonynda kazirge dejin koldanylady Ұjgyr zhazuynyn eskertkishteri bizge Shygys Tүrkistannan tabylgan kolzhazbalar arkyly zhetti Olardyn ishindegi en kornektisi Zhүsip Balasagunidyn Қu tadgu bilig 1069 dastanynyn Vena nuskasy Ұjgyr zhazuy turaly mәlimetterdi Mahmut Қashkaridyn Diuani lugat it tүrk 1073 enbeginen de kezdestiruge bolady Ұjgyr zhazuy eskertkishteri katarynda Manihejlerdin zhalbarynu dugasyn 6 g Һibatul hakajyk Altyn yaruk Altyn zharyk budda dinine katysty kolzhazbalar 11 g men zani kuzhattardy 10 13 g lar atauga bolady Ұjgyr zhazuynyn әlipbii 22 әripten turady Tanbalauda y i o u o ү dauystylary men p b k g t d dauyssyz dybystary birdej zhazylganymen dybystaluy әr tүrli Zhazudagy әripter soz basynda ortasynda ayagynda tүrlishe tanbalanady Hotandagy ujgyr meshitiDiniҰjgyr dinin ustanatyndardyn basym kopshiligi hanafi mәzһabyndagy sүnnittik musylmandar Қashgar manynda shiitterdin shagyn kauymdary bar Ұjgyrlardyn ata babalarynyn islam dinin kabyldauy Қarahandar bileushisi Sutuk Abdukerim Bograhannyn X g bilik etken kezenine zhatady Sunnizmge dejin ujgyrlar sopylyk islamdy ustangan Ertede ujgyrlar tәnirshilder manihejler zhәne buddister bolgan Manihejlik Ұjgyr kaganatynyn dini boldy Buddizm ujgyr idkutizminin dini boldy Aziyada buddizmnin taraluynda ujgyrlar manyzdy rol atkardy Үndistan men Tibetten kelgen ujgyrlar arkyly buddizm Қytajga otti Қazirgi uakytta negizinen Қazakstan men Ortalyk Aziyada hristian ujgyrlary da bar KәsibiҰjgyrlardyn negizgi kәsibi zhogary dengejge zhetken suarmaly eginshilik dәndi majly dakyldar әrtүrli tehnikalyk dakyldar kokonister bau baksha Kejbir audandarda lobnorlar arasynda Hotan zhәne Hami tauly ajmaktarynda olar negizinen mal sharuashylygymen koj zhylky tүje siyr ajnalysady Қosymsha kәsipter balyk aulau anshylyk Қolonerden toku kilem toku keramika mys ydys t b Kejbir ujgyrlar onerkәsipte zhumys istejdi Өmir saltyOtbasy rәsimderi Otbasy shagyn neke patrilokaldy Үjlenu tojy zhәne baska da rәsimder saktalgan Toj әnmen bimen әzil kalzhynmen otedi Ol eki zhakta katar otip kazhettinin barlygyn tamaktan bastap otynga dejin kүjeu zhigittin tuystary kelinnin үjine zhetkizedi Kүjeuinin үjine kirer aldynda zhas zhubajlardy ottyn ajnalasyna ajnaldyrady Қurdas zhastagy erler men әjelderdin bolek ujymdastyratyn dәstүrli demalys keshteri mashrab bar Dәstүrli nanym senim ruhtarga tabynu shamandyk Ұjgyrlar Shygystyn koptegen elderinin mәdenietine әser etken baj zhәne ozindik mәdenietti monumentaldy dini sәulet muzykalyk shygarmalar zhasady Dәstүrli baspanasy Eldi mekenderi syzyktyk ornalaskan Ұjgyrlardyn dәstүrli baspanasy samannan nemese kirpishten turgyzylgan tobesi zhalpak Үjge kire beristin aldynda zhabyk terrasa ajvan bar Olar zhylytylatyn zhantajma tosekte kan siyakty ujyktajdy kabyrgalardagy ojykshalar tosek oryn men ydys ayakty saktauga kyzmet etedi kiimder sandykta saktalady Kamin tәrizdi oshaktar kabyrgada ornalaskan Dәstүrli kiimderi Buryn Zhetisu ujgyrlarynyn erler kostyumy zhinishke tik zhagaly uzyn ken pishilgen zhelbegej zhejde kojnek men balagy etiktin ishine salynatyn ken shalbardan tambal turgan Zhejdenin syrtynan kyska bashmet kiip onyn syrtynan zhinishke tik zhagaly zhәne tar zhendi uzyn halat shapan kigen Halatty makta matasynyn uzyn keseginen zhasalgan belbeumen belvag bajlagan Қysky syrt kiim retinde koj terisinen zhasalgan ton zhuta kyzmet etti Ayaktaryna uzyn konyshty tar zhumsak etikter mese kigen olardy үjge kirerde sheship koyatyn bylgary galoshtarmen birge kietin bolgan Tagaly etik otuk kigen Bas kiim retinde zhazda takiya dopa kysta koj eltirisimen kaptalgan shuga borik topa al bajlarda kәmshat bulgyn kundyz terisimen kaptalgan borik kyzmet etti Әjelder makta matasynan tigilgen kishkene tik zhagaly tunika tәrizdi pishilgen uzyn ken zhejde sonymen katar tolarsakka karaj tarlanyp keletin ken sharovarlar kigen Turmystagy әjelderdin zhejdesindegi kiygy men ilgegi aldyngy zhagynda keudesinde al kyzdardyki iyktarynda bolgan Turmystagy әjelder zhejdesinin on zhak keudesi kestemen bezendirilgen Zhejdenin syrtynan үjde zhәne koshede әdette үnemi uzyn tizege dejin zhetetin ilgeksiz zhensiz kiim kemzel kigen Koshege shykkanda tar zhendi chapan al onyn syrtynan ekinshisin anagurlym uzyn zhәne ken halat perendzhe nemese kyska syrylgan kokirekshe kietin bolgan Қytajlyk үlgide pishilgen ozindik ornektermen madi han bezendirilgen kokirekshe htaj chekojnek de kigen Қysta olar da koj terisinen ton kietin bolgan Ayak kiim retinde kobine galoshtarmen birge zhumsak etikter kyzmet etken Bas kiimderi takiya nemese oramal kysta zhalpak zhyly teri borik bolgan Baj әjelderdin merekelik bas kiimderi sүjir tobesi usak bүrmelenip tүrli tүsti tastarmen bezendirilgen zerli dongelek borik boldy Boriktin үstinen uzyn kezdemeli oramal kiilgen Әjelder betterin zhappagan boten adamdy korgen uakytta betterin oramalmen sәl gana bүrkegen Ұjgyr tagamy polu Dәstүrli tagamdary Negizgi tagamdary unnan zhasalgan tagamdar shelpek kokonis pen etten dәmdeuishter kosylgan kespe lagman kokonis pen et salmasy bar bәlishter men tushpara Et tagamdarynan tanymal koj etinen zhasalgan kәuap Shaj barlyk zherde shygysta sүt maj zhәne tuzben ken taralgan Қarbyzdar kauyndar zhana pisken zhәne keptirilgen zhemister dietada manyzdy oryn alady Өneri Ұjgyr muzykaly komediya teatry Ұjgyr muzykaly komediya teatry 1934 zh Almaty kalasynda ujymdastyrylyp sol zhyly 24 kyrkүjekte D Asimov pen A Sadyrovtyn Anarhan atty muzykaly dramasymen tungysh ret shymyldygyn ashty Algashynda Ұjgyr oblysy muzykaly drama teatry dep ataldy 1941 61 zh aralygynda Shelekte Almaty oblysy ornalasyp al 1961 zh Almaty kalasyna kajta konys audardy Teatr truppasy 1940 50 zh ulttyk dramaturgiyamen katar audarma muzykaly dram shygarmalarga da U A Gadzhibekov L A Yuhvid pen A B Aleksandrov Zh B Moler t b den kojdy Akterler M Bakiev M Semyatova S Sattarova A Shәmiev A Akbarov Z Akbarova M Ahmadiev Қ Әbdirәsilov rezh ler A Ibragimov A Mardzhanov D Sadyrova teatr suretshileri K Pak P Ibragimov komp lar Қ Қozhamiyarov Ғ Zajnautdinov I Masimov I Isaev t b teatrdyn nygajyp kalyptasuyna eleuli үles kosty 20 g dyn 60 90 zhyldary ujgyr zhazushylarynyn M Zulpuharov S Hasanov M Қabirov Z Samedi H Abullin Zh Bosakov Sh Shavaev dram shygarmalary kojylyp teatrdyn ulttyk bagyt bagdary ajkyndala tүsti 1964 zh Resp ujgyr muzykaly drama teatryna ajnaldy al 1967 zhyldan kazirgi atymen atalady 2005 zh teatrga komp Қ Қozhamiyarovtyn esimi berildi Әr zhyldary teatr repertuarynan orys ozbek kyrgyz bashkurt Әzirbajzhan gruzin zhәne kazak zhazushylarynyn M Әuezovtin Ajman Sholpan Ғ Mүsirepovtin Қozy Korpesh Bayan sulu men Қyz Zhibek S Mukanovtyn Қashgar kyzy Sh Husajynovtyn Sholpan men Қajran Gәkku Қ Muhamedzhanovtyn Boltirik borik astynda Қ Bajsejitov pen Қ Shangytbaevtyn Beu kyzdar aj Oj zhigitter oj S Shәjmerdenovtin Dokej kele zhatyr shet el dramaturgiyasynyn U Shekspir Lope de Vega A V Valeho tuyndylary da oryn aldy Teatrdyn zhanynda Yashlyk Nava zhәne Sada ansamblderi zhumys istedi Teatr uzhymy 1984 zh Қurmet belgisi ordenimen marapattaldy Cәulet oneri Myn Uj Үngiri kaz Myn үjler Sultan el negizin salushynyn kesenesi El bileushinin kesenesiҚazakstandagy ujgyrlarҚazakstan aumagyndagy ujgyr diasporasy HIH g sonyna karaj Shygys Tүrkistannan kazirgi ҚHR ShҰAA shykkan ujgyrlardan kalyptasty 1897 zhylgy sanaktyn korytyndysy bojynsha Қazakstandagy ujgyrlardyn sany 55815 adamdy kurady 1910 zhyly Zhetisudyn kalalary men auyldarynda 86426 adam turdy 1926 zhylgy halyk sanagy Қazakstanda 63434 ujgyrdy tirkedi bul topka sanakta korsetilgen mynadaj toptar biriktirildi taranshylar 51803 adam kashkarlyktar 1121 adam zhәne ujgyrlardyn ozi 10510 adam olardyn sany 55815 adamdy kurady olar Zhetisu guberniyasynda shogyrlandy Қazakstannyn ujgyr diasporasy sanynyn zhalpy dinamikasy diasporanyn ulgajganyn dәleldej otyryp mynadaj tүrde boldy 120 881 1970 zh 147 943 1979 zh 181 526 1989 zh 210 365 1999 zh 246 700 2014 zh adam olar eldin ontүstiginde turdy 2020 zhyldyn basyndagy melimetter bojynsha bul etnostyn shogyrlana konystangan zherleri Almaty oblysynda 57 96 Zhambyl oblysynda 1 05 Almaty kalasynda 37 82 Bilim alushylar kontingenti men ujgyr mektepterinin sany da tiisinshe ozgerdi 1931 zhyly sauatsyzdykty zhoyu likbez mektepterinde 2500 ujgyr al 1935 zhyly Almaty oblysynda 1044 sauatsyzdykty likbez zhoyu punktinde 48220 adam okydy 1951 1952 zhyldary 52 ujgyr mektebi 1969 1970 zhyldary 64 1986 1987 zhyldary 11 zhәne 38 aralas 2006 zh 15 ujgyr mektebi zhumys istedi Ұjgyr tili men mәdenietin damytu үshin Abaj atyndagy Қazak pedagogikalyk universitetinin filologiya fakultetinde ujgyr boliminin ashyluy үlken manyzga ie boldy Ұjgyr mektepterinin zhumysyn ujgyr tilinde okulyktar shygaratyn Rauan baspasy da koldajdy 1949 zhyly Қazakstan Ғylym Akademiyasynda ujgyr dүngen mәdenieti sektory kuryldy odan әri Sektor ujgyrtanu bolimi bolyp kajta kuryldy onyn negizinde 1986 zhyly Ұjgyrtanu instituty ujymdastyryldy 1989 zhyly Қazakstanda turatyn ujgyrlardyn 95 y oz ultynyn tilin ana tili dep sanajtyndyktaryn ajtty alajda ujgyrlardyn ana tilin mengergeni turaly mәlimetter zhok ujgyrlardyn 1 5 y kazak tilin ana tili dep tanydy olardyn 9 1 y ony biledi 3 y orys tilin ana tili dep sanajdy al olardyn 62 y ony mengergen 1999 zhylgy sanakka sәjkes 171 1 myn ujgyr nemese 81 3 y ana tilin 169 3 myn nemese 80 5 y memlekettik tildi 160 2 myn nemese 76 1 y orys tilin mengergen 1999 zhylgy sanak bojynsha Қazakstan ujgyrlarynyn kostildilik dәrezhesi bylajsha anyktalgan birtildiler 27859 adam 13 2 kostildiler 182506 adam 86 8 Derekkozder中华人民共和国国家统计局 2 1 全国各民族分年龄 性别的人口 Rubin Barry Guide to Islamist Movements 2009 Vol 1 P 69 2015 zhyl basyna Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany Itogi Pervoj nacionalnoj perepisi naseleniya Kyrgyzskoj Respubliki Kyrgyzstan Nacionalnyj statisticheskij komitet 1999 http www stat kg stat files census pdf retrieved 2010 04 13 Sun Jincheng 2009 07 19 巴基斯坦维族华人领袖 新疆维族人过得比我们好 Pakistan Uyghur leader Xinjiang Uyghurs live better than us Chinese Edition http www chinaqw com hqhr hrdt 200907 19 172004 shtml retrieved 2009 09 14 narody mira Ujgury http www etnolog ru people php id UYGR Berik Bakytuly Ұjgyrlardyn dәstүrli kiimderi https ulagat com 2022 01 01 D2 B1 D0 B9 D2 93 D1 8B D1 80 D0 BB D0 B0 D1 80 D0 B4 D1 8B D2 A3 D0 B4 D3 99 D1 81 D1 82 D2 AF D1 80 D0 BB D1 96 D0 BA D0 B8 D1 96 D0 BC D0 B4 D0 B5 D1 80 D1 96 Қazak Enciklopediyasy 9 tom E D Sүlejmenova D H Akanova N Zh Shajmerdenova Қazakstan tilderi әleumettik lingvistika anyktamalygy Kitap Almaty Izdatelstvo Zolotaya Kniga ZhShS 2020 zh 191 bet