Аяқкиім - аяққа киетін киімнің жалпы атауы, бұйым.
Аяқкиім және оның түрлері
Аяқкиім түрлері олардың жасалған материалына, тұтынушысының жасы мен жынысына, әлеуметтік жағдайына байланысты жасалады. Аяқ киімнің өңделуі мен әшекейленуі жоғарыда аталған жайттарға байланысты болады. Аяқ киімнің қыстық, жаздық, еркектер мен әйелдерге, балаларға, жұмысқа, салтанатты шараларға, қарттарға, жастарға арналған түрлері болады.
аяқ киім тігумен тері, қайыс өңдеумен айналысқан маманданған адамдар айналысқан. Олардың атадан балаға беріліп отыратын өзіндік технологиясы, яғни тәсілдер жүйесі болды. Жылқышылар, отардағы малшылар, шанамен жолға шыққан жолаушы жылы аяқ киімінің сыртынан киеді.
Өкшелі аяқ киімдерге саптама етік, мөкі (киіз қонышты саптама), сырма киіз етік тәрізді өкшесі әртүрлі пішінді етіктер жатады. Әйел мен еркектер киюіне ыңғайластырылып тігіледі. Оларды өкшесіне қарай жуан өкше, қазық өкше, биік өкше, жез (тойнақпен қапталған) өкше, шоңқайма, мықшима деген түрлерге де бөледі.
Жергілікті тілде жұмыс aяқ киімдерінің бір сұқпай (шәркей), көн шабата (кебіс орнына киетін аяқ киім), қайыс етік, қалың, қатты көннен тігілген шоқай - шоқай, шабата, шәркей, шәтиөр, шәрке, шепік, мөкі кебіс (кебістің шарық сияқты түрі) секілді жеңіл түрлерінің атаулары кездеседі. Былғарыдан етік киюге шамасы келмейтіндер, әсіресе, жасы үлкендер жазда, қыста сірімен қаптаған киіз байпақпен жүрген. Көн шабата, шабата, көн шарық, көн шоқай жазда киетін жұмыс aяқ киіміне жатады.
Дәстүрлі қазақы ортада аяқ киімдердің мынадай негізгі түрі таралған: етік, кебіс, мәсі, саптама, байпақ, шоқай және т.б. Кебіс пен мәсінің сан алуан ыңғайлы да, әдемі түрлері тігілген. Кебіс көбінесе малдың сауыр терісінен тігіліп, қалыпқа қатырылады.
Аяқкиімге байланысты ырымдар
Қазақ aяқ киімнің табанына қарамайды. Өйткені оның бармайтын жері, баспайтын тауы «қалмағандықтан» былғанышты болады дейді. Оны көрген адамның көзі ұшынады-мыс. Ал аяқ киімінің табанына жазатайым көзі түссе, табанға үш мәрте түкіру керек. Яғни көзім ұшынбасын, аяғым ақсамасын деп ырымдағаны. Аяқ киімді төңкеріп қоймайды. Шешкеннен кейін қатарлап қояды. Төңкеріліп қалса, қайтадан оңдап орналастырады. Бытыратып шашып тастауға да болмайды. Аяқ киім төңкеріліп қалса иесі қайғыға ұшырайды, шашылып жатса жолы кесіледі деп санаған. Аяқ киіміңді сол аяқтан бастап кимейді. Қазақта басқа кісілерге қаратып аяқ киім шешпейді. Әйелдер аяқ киімді тасаланып киеді немесе шешеді. Иен түзде, жаугершіліктен босып-көшкенде немесе түрлі жағдайларға байланысты түнде ұйықтаған кезде басына жастанатын ештеңе болмаса аяқ киімді жастануға рұқсат етілген. Ол туралы қазақта «етік жолға бастайды, шалбар сорға бастайды» деп етікті жастануға болады дейді. Ал шалбарды жастануға мүлдем тыйым салынады. Аяқ киімнің табанына салынатын ұлтарақты маңдайынан тіліп қояды. Мұны ұлтарақтың жолын ашу дейді.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
- Жақытов Ә. Түйе өсірушінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1989
- Шойбеков Р.Н. Етікшілік өнеріне байланысты кейбір атаулар // Тілтаным, 2006. №3
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ayakkiim ayakka kietin kiimnin zhalpy atauy bujym Ayak kiim kalyptaryAyakkiim zhәne onyn tүrleriAyakkiim tүrleri olardyn zhasalgan materialyna tutynushysynyn zhasy men zhynysyna әleumettik zhagdajyna bajlanysty zhasalady Ayak kiimnin ondelui men әshekejlenui zhogaryda atalgan zhajttarga bajlanysty bolady Ayak kiimnin kystyk zhazdyk erkekter men әjelderge balalarga zhumyska saltanatty sharalarga karttarga zhastarga arnalgan tүrleri bolady ayak kiim tigumen teri kajys ondeumen ajnalyskan mamandangan adamdar ajnalyskan Olardyn atadan balaga berilip otyratyn ozindik tehnologiyasy yagni tәsilder zhүjesi boldy Zhylkyshylar otardagy malshylar shanamen zholga shykkan zholaushy zhyly ayak kiiminin syrtynan kiedi Өksheli ayak kiimderge saptama etik moki kiiz konyshty saptama syrma kiiz etik tәrizdi okshesi әrtүrli pishindi etikter zhatady Әjel men erkekter kiyuine yngajlastyrylyp tigiledi Olardy okshesine karaj zhuan okshe kazyk okshe biik okshe zhez tojnakpen kaptalgan okshe shonkajma mykshima degen tүrlerge de boledi Zhergilikti tilde zhumys ayak kiimderinin bir sukpaj shәrkej kon shabata kebis ornyna kietin ayak kiim kajys etik kalyn katty konnen tigilgen shokaj shokaj shabata shәrkej shәtior shәrke shepik moki kebis kebistin sharyk siyakty tүri sekildi zhenil tүrlerinin ataulary kezdesedi Bylgarydan etik kiyuge shamasy kelmejtinder әsirese zhasy үlkender zhazda kysta sirimen kaptagan kiiz bajpakpen zhүrgen Kon shabata shabata kon sharyk kon shokaj zhazda kietin zhumys ayak kiimine zhatady Dәstүrli kazaky ortada ayak kiimderdin mynadaj negizgi tүri taralgan etik kebis mәsi saptama bajpak shokaj zhәne t b Kebis pen mәsinin san aluan yngajly da әdemi tүrleri tigilgen Kebis kobinese maldyn sauyr terisinen tigilip kalypka katyrylady Ayakkiimge bajlanysty yrymdarҚazak ayak kiimnin tabanyna karamajdy Өjtkeni onyn barmajtyn zheri baspajtyn tauy kalmagandyktan bylganyshty bolady dejdi Ony korgen adamnyn kozi ushynady mys Al ayak kiiminin tabanyna zhazatajym kozi tүsse tabanga үsh mәrte tүkiru kerek Yagni kozim ushynbasyn ayagym aksamasyn dep yrymdagany Ayak kiimdi tonkerip kojmajdy Sheshkennen kejin katarlap koyady Tonkerilip kalsa kajtadan ondap ornalastyrady Bytyratyp shashyp tastauga da bolmajdy Ayak kiim tonkerilip kalsa iesi kajgyga ushyrajdy shashylyp zhatsa zholy kesiledi dep sanagan Ayak kiimindi sol ayaktan bastap kimejdi Қazakta baska kisilerge karatyp ayak kiim sheshpejdi Әjelder ayak kiimdi tasalanyp kiedi nemese sheshedi Ien tүzde zhaugershilikten bosyp koshkende nemese tүrli zhagdajlarga bajlanysty tүnde ujyktagan kezde basyna zhastanatyn eshtene bolmasa ayak kiimdi zhastanuga ruksat etilgen Ol turaly kazakta etik zholga bastajdy shalbar sorga bastajdy dep etikti zhastanuga bolady dejdi Al shalbardy zhastanuga mүldem tyjym salynady Ayak kiimnin tabanyna salynatyn ultarakty mandajynan tilip koyady Muny ultaraktyn zholyn ashu dejdi DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 Zhakytov Ә Tүje osirushinin tүsindirme sozdigi Almaty 1989 Shojbekov R N Etikshilik onerine bajlanysty kejbir ataular Tiltanym 2006 3