Жануарлар дүниесі табиғи ортаның құрамды бөлігі, кез-келген елдің табиғи байлығы. Топырақ жабындысы мен ауа райының өзіндік ерекшеліктері бар Атырау облысы бойынша омыртқалылардың 6 класының 43 отрядынан 410-н астам түрлері мен түршелері, кездеседі. Олардың негізгі тіршілік орындары: су және оның жағалауы, батпақты-шалшық, тегістік және құмды шөлейттер, дала белгілері бар жерлер, қала-ауыл бойлары және басқа да мәдени ландшафталар.
Ихтиофауна
Атырау суларында дөңгелекауыздылар мен сүйекті балықтар кластарының 51-ге жуық өкілдері таралған.
Каспий—Жайық су қоймаларында дөңгелекауыздылардан Каспий миногасы тіршілік етеді. Еті жеуге жарамды Патшалық Ресей заманында бұл минога көп ауланып кептіріліп, көбіне майшам ретінде пайдаланылған. Казіргі уақытта санының азаюына байланысты кәсіптік мақсатта ауланбайды.
Облыс суларында сүйекті балықтар алуан түрлі. Оның 50-н астам түрлері мен түршелері 6 отрядтың 12 тұқымдасына бірігеді. Олар орташа және біршама ірі болып келеді. Жануар текті азықтармен қоректенетіндер, жыртқыштық жолмен балықтарды қорек етеді. Бекірелер көктемде, тұщы суда көбейетін балықтар. Уылдырығын су түбі топырағының қиыршық тасты немесе құмды болып келетін жерлеріне шашады. Атырау суларында бекірелерден қортпа, бекіре, парсы бекіресі, шоқыр, пілмай (шип) бұрын көп болған, қазір өте сирек кездеседі. Бекірелер өте құнды кәсіптік маңызы бар балықтар. Жалпы ТМД елдері бойынша есептегенде, олардың 70—80% Атырау суларынан ауланады.
Облыс суларында майшабақ тәрізділерден - килька, чархал майшабағы, қарынсау, қаражон және еділ майшабағы кездеседі. Майшабақтар ұсақ, көбіне теңіз суын мекендейтін балықтар. Бұлардың ішінде сан мөлшері жағынан көбірек ауланатыны килька. Жүйелілік жағынан майшабақтарға жақын бірақ морфологиялық және тіршілік әрекеттері жағынан бірқатар ерекшеліктері бар балықтардың бірі— албырт тәрізділер. Осылардың ішінде кең таралғаны және аз мөлшерде болсада кәсіптік маңызы бары—шортан. Ал Каспий албырты және ақбалық түрлері өте сирек.
Тұқытәрізділердің 25-н астам түрлерінің ішінде облыс суларына кең таралғандары: қаракөз (вобла), тран (лещ), қылыш балық (чехонь), бозша мөңке (серебряный карась), сазан, жайын т. б. Бұл аталған балықтардың азды-көпті болсада кәсіптік маңыздарыда бар. Басқа тұқы тәрізділердің сан мөлшерлері онша көп емес. Әсіресе кутум, ақмарқа, каспий мұртты балығы (каспийский усач), кәдімгі мөңке (золотой карась), тұрпан (голавль) т. б. сирек кездеседі.
Атырау балықтарының ішіндегі ең ұсағы тікенектітәрізділердің өкілі-тоғыз инелі кіші тікенекті балық, ақпайтын, тұщы сулардың жағалаулық бөлігінде тіршілік етеді, маңызы жоқ.
Облыс бойынша түр саны жағынан екінші орында алабұға тәрізділер. Солардың ішінде Каспий—Жайық су қоймасында жиі кездесетіндері және кәсіптік мақсатта ауланатындары көксерке (судак), теңбіл- серке (берш), алабұға (окунь) және басқалары. Ал тана- балықтар (бычки) көбіне Каспийдің солтүстік-шығыс, оңтүстік бөліктерінің жағалаулық аймақтарын мекендейді, спорт-әуесқойлық мақсатта ауланады.
Герпетофауна
Бұл омыртқалы жануарлар тобына қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылар жатады. Құйрықсыздар отрядынан Атырау жерінде бар болғаны үш түр кездеседі. Чесночница -бұл бақалар көптеген балықтардың, бауырмен жорғалаушылардың, құстардың және кейбір сүтқоректілердің қорегі ретінде маңызы бар.
Атырау өңірінде бауырмен жорғалаушылардың 24 түрі бар. Ал қалғандары қабыршақтылардың өкілдері. Оларды көбіне жай ағатын, құмдық жағалауы бар, кіші-гірім өзендердің бойынан кездестіруге болады. Облыс бойынша белгілі 11-12 түрлі кесірткелердің ішінде құм алқабында құлақты дөңгелек-бас, ал тегіс жусанды-эфемерлі жерлерде көп реңді кесіртке кең таралған. Жыланның 10-н астам түрлері әртүрлі орындарда тіршілік етеді. Мысалы Нарын, Тайсойған құмдарында құм тұншықтырғышы, су жағалауларында сары-бас және су жыландары, ал сазды, тасты қатты топырақтарда қалқан тұмсық, оқжылан, қарашұбар жыландар және дала сұржыланы кездеседі. Жорғаушылардың басым көпшілігі жануар текті азықтармен, соның ішінде бунақ-денелілермен, кемірушілермен қоректеніп ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді.
Орнитофауна
Атырау жерінде құстар алуан түрлі және кең таралған. Жалпы 280-дей түрлері бар. Тіршілік орындарының әрқилы болуларына қарай құстар облыс көлемінде біркелкі орналаспаған. Облыс жерінде олардың ең басты тіршілік орындарының бірі су және оның жағалауы. Мысалы, нағыз су құстары ретінде сұқсырлар, гагарлар және ескекаяқтылардан 10-н астам түрлер кездеседі. Бұлардың ішінен сұқсыр (чемга) және үлкен суқұзғын тұрақты ұялайды. Ал кіші суқұзғын, бұйра және қызғылт бірқазандар көбею орындарында экологиялық жағдайлардың жыл сайынғы жарамсыз бағытта өзгеруі салдарынан, соңғы жылдарда облыс көлемінде ұяламайды. Қызылмойын сұқсыр, ала және қызылжемсау гагарлар аймақтан қайту кездерінде ұшып өтеді. Аталған құстардың барлығыда балық қоректілер.
Облыс көлемінде жоғарыда аталғандардан басқа, тіршілігі азды-көпті болсада су және оның жағалауымен байланысты құстар көп. Солардың бірі дегелектер — мойны мен аяғы ұзын, суда жүзбейтін, орташа және біршама ірі құстар. Өзен, көл жиектері мен батпақты-шалшық жерлерді мекендеп, ондағы айқұлақтарды, көлбақаларды, балықтың шабақтарын және су бунақденелілерін қорек етеді. Дегелектердің ішінен жиі кездесетіндері көкқұтан, аққұтан, кіші аққұтан, қарабай т. б. Қазтәрізділер — мойны ұзын, құйрығы қысқа, суда жақсы жүзетін, ірі және орташа мөлшердегі су-жер құстары. Облыста кездесетін 28 түрінің 15-ке жуығы ұялайды, қалғандары қайту мезгілдерінде болады. Облыс суларының маңында сарыала қазды, барылдауық, сұр, шүрегей үйректерді, сүңгуірлерді, бейнарықтарды (крохоль) т. б. түрлерін жиі кездестіруге болады. Қаз тәрізділердің көпшілік түрлері кәсіптік аңшылықтың объектілері. Балықшылардың 6 түрінің ішінен қасқалдақ және сутартар сияқтылары кең таралған және ұялайды. Батпақты-шалшықтарда, қайраңдарда және сирек жағдайда шөлейт жерлерде тіршілік етуге бейімделген құстардың бірі балықшылар (кулики). Облыс бойынша белгілі 41 түрінің 13-і тұрақты ұялайды. Олардың жиі кездесетіндері қызғыш, қарала, ұзын сирақ және бізтұмсық балшықшылар. Өзен, көл және жайылма сулардың маңында шағалалар ұдайы кездеседі. Олардың бізде кездесетін 20 түрінің 9-ы тұрақты ұялайды және кең таралған, мысалы көптеген қарқылдақтар, қалың шағала, көл шағаласы т. б. Қалғандарының ішіне 6-ы кездейсоқ, ал 5-і қайту кезінде болады. Шағалалар ұсақ балықтармен, балық өлекселерімен, шаяндармен, су бунақденелілерімен, кейбіреулері ұсақ кемірушілермен қоректенеді. Аздап санитарлық маңызы бар.
Облыс көлемінде ашық ландшафтыларды (тегістік және құм шөлейттер, дала белгілері бар жерлер) мекендейтін құстарда баршылық. Атап айтқанда тырналардан-ақбас тырна ұялайтын болса, сұр және ақ тырна (стерх) қайту кезінде ұшып өтеді. Дуадақтардан — дуадақ, жекдуадақ және безгелдек сияқты түрлері өте сирек кездесетін құстар болып есептелінеді. Көгершіндерден бары 5 түр, соның ішінде жиі кездесетіндері — түркентер, дыркептер, көккептер т. б. Бұлдырықтардан—қара-бауыр бұлдырық және ұбақ кездеседі. Облыста тауық тәрізділер өте аз. Оның екі түрінің ішінен сұр шіл кең таралған, ал бөдене сирек кездеседі.
Негізінен ашық жерлерде және су жағалаулары мен орман-тоғай алқаптарында күндізгі және түнгі жыртқыш құстар отрядтарының өкілдері кең таралған. Күндізгі жыртқыштардың облыстағы 23 түрінен 9-ы ұялайды, 11-і қайту кезінде болады, ал 3 түрі (тұрымтай, тазқара т. б.) кездейсоқ ұшып келетіндер деп есептелінеді. Жиі кездесетіндері күйкентай, кезқұйрық, дала қыраны, қарақұс, кейбір құладындар т. б. Үкілердің 8 түрінің ішіндегі кең тараған байғыз және саз жапалағы. Калған үкілер сирек кездеседі. Аталған жыртқыш құстар көбіне кемірушілермен жануар өлекселерімен қоректеніп, пайдасын тигізеді.
Облыста көптеген құстардың тіршілігі ағаш-бұта өсімдіктерімен, адам тұрғындарымен (ауыл, қала) және басқада мәдени ландшафталармен тығыз байланысты екендігі сөзсіз. Атап айтқанда көкек тәрізділерден -кәдімгі көкек, ешкемерлерден-кәдімгі тентекқұс, көкқарғалардан-көкқарға, сарыалқым және жасыл аражегіштер, бәбісек, тоқылдақтардан-шұбар тоқылдақ, ұзынқанаттылардан-сұр қарлығаш. Бұл отрядтар бойынша барлығы 11 түрдің жетеуі тұрақты ұялайды. Ал зымыран, дүпілдек және ақбауыр сұр қарлығаш сияқты құстар Атырау жерінде тек қайту кезінде кездеседі. Жоғарыда аталған құстардың барлығыда бунақ денелілермен қоректенеді. Сондықтан олардың ауыл және орман шаруашылықтарында пайдасы мол.
Атырау құстарының ішіндегі түр саны жағынан ең көбі торғай тәрізділер. Облыс бойынша тіркелген 107 түрдің 56-ы ұялайды, 5-ін кездейсоқ ұшып келушілер деп есептейді, ал қалғандарын қайту уақыттарында кездестіруге болады. Облыста кең таралған торғай тәрізділерге-қосрең, кент және жар қарлығаштарын, бозторғай, айдарлы, құлақты және қара бозторғайлар, ақ шақшақай, үлкен және кіші тағанақтар, шөл тасшыбыжығы, қамыс айқабағы, кәдімгі құрқұлтай, сарбауыр шымшық, қараторғай, сарғалдақ сұрлыкеш, жауторғай, торғай және қарға тұқымдастарының өкілдерін (ала қарға, шауқарға, ұзақ, сауысқан т. б.) айтуға болады. Торғай-тәрізділердің көпшілігі аралас, ал кейбіреулері жануар немесе өсімдік текті азықтармен қоректенетіндер.
Териофауна
Атырау облысында аңдар айтарлықтай көптүрлі емес. Жалпы ауылшаруашылық малдары мен үй хайуанаттарын қоспағанда, аңдардың 55-ке жуық түрлері бар. Олардың басты отрядтарының 5 түрінің ішінде кең таралғаны құлақты кірпі. Ал кәдімгі кірпі және басқа түрлері сирек кездеседі. Атырау өңірінде қолқанаттылардың 6—7 түрі бар деп есептелінеді. Солардың ішінде: түнтоғай, кәдімгі және екі түсті жарқанаттар жиі кездеседі.
Облыста қоян тәрізділер мен кемірушілердің өкілдері кең таралған. Олар орташа көлемді, ұсақ, шөп қоректі, көбіне ашық жерлерді мекендейтін жануарлар. Қоян тәрізділерден ор қоян және құм-қоян деп аталатын екі түрі бар. Қояндардың еті жеуге жарамды, терісі пайдалы. Әуесқой аңшылар кәсіп етеді. Кемірушілердің 27 түрі бар. Олар әртүрлі ортада тіршілік етеді. Мысалы, күндіз жер үстінде тіршілік ететіндердің ішінен кіші саршұнақ, құмтышқандар, түнгілерден-қосаяқтар (кіші және үлкен), атжалмандар, аламандар, егеуқұйрықтар, жер астындағылардан—соқыртышқандар, синантроптардан—үй тышқаны облыс көлемінде кең таралған. Облыс бойынша кемірушілердің экономикалық маңызы үлкен. Олардың көпшілігі ауылшаруашылығындағы екпе дақыл дардың зиянкестері (саршұнақтар, тышқандар т. б.), қайсыбіреулері оба тағы басқа қауіпті жұқпалы аурулардың бактерияларын тасымалдаушылар және таратушылар (саршұнақтар, құмтышқандар т. б.) Сондықтан зиянды кемірушілерге қарсы күрес шараларын дұрыс және жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Ондатра сияқтыларының терісі бағалы.
Атырау облысында жыртқыш аңдардан 12-ге жуық түрлері бар. Кең таралған өкілдеріне: қасқырды, түлкіні, қарсақты, және теңіз жағалауында болатын жанат тәрізді иттер жатады. Ал сирек кездесетіндеріне борсық, ақкіс, аққалақ, күзендер (сасық, қарашұбар) және жабайы мысықтар (шұбар және қамыс мысықтары) жатады. Ескекаяқтылардан — Каспий түлені теңізде тіршілік ететін аң. Оның негізгі көбейетін орны Каспий теңізінің Солтүстік-шығыс және шығыс жақ жағалауы. Сан мөлшері аз, сондықтан кәсіптік мақсатта ауланбайды.
Облыс көлемінде жұп тұяқтылардың жабайы түрлерінен қабан және киік кең таралған. Қабанның саны аз, ауланбайды. Облыста қабан мен киікті заңсыз, жылдың кез-келген уақытында броконьерлік қала берді жауыздық жолдармен аулау кең өріс алып келеді. Мысалы киіктің аталығын оның мүйізі үшін көп мөлшерде атып өлтірушілік орын алуда.
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлар
Қазақстанның «Қызыл кітабына» Каспий-Жайық алабының табиғаты бойынша енгізілген жануарлар түрлері: ақбас тырна, ала жертесер, алып соқыртышқан, балықшы, безгелдек, бұйра бірқазан, бүркіт дуадақ, жалбағай, жорға дуадақ, жұпар тышқан, жылан, бүркіт, каспий албырты, қоқиқаз немесе қызылқаз, кіші аққұтан, қарабай, қарабауыр бұлдырық, қаракүзен, қаракірпі, қарақал, қарақұйрық, құндыз, мәрмәр шүрегей, оңтүстік орал сусары, сары алақоржын, сарыбауыр қарашұбар жылан, сарықұтан, субүркіт, тарғақ, төртжолақты қарашұбар жылан, ұзынқұйрық ақ йық, үстірт қойы, шағыл мысығы, шұбар күзен.
Дереккөздер
- Атырау табиғаты және оны қорғау, №5-7667 0607-3. 81-87 бет
- Е.Қаженбаев, Атырау облысының географиясы. Атырау, 2006 48-бет
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhanuarlar dүniesi tabigi ortanyn kuramdy boligi kez kelgen eldin tabigi bajlygy Topyrak zhabyndysy men aua rajynyn ozindik erekshelikteri bar Atyrau oblysy bojynsha omyrtkalylardyn 6 klasynyn 43 otryadynan 410 n astam tүrleri men tүrsheleri kezdesedi Olardyn negizgi tirshilik oryndary su zhәne onyn zhagalauy batpakty shalshyk tegistik zhәne kumdy sholejtter dala belgileri bar zherler kala auyl bojlary zhәne baska da mәdeni landshaftalar Ihtiofauna Atyrau sularynda dongelekauyzdylar men sүjekti balyktar klastarynyn 51 ge zhuyk okilderi taralgan Kaspij Zhajyk su kojmalarynda dongelekauyzdylardan Kaspij minogasy tirshilik etedi Eti zheuge zharamdy Patshalyk Resej zamanynda bul minoga kop aulanyp keptirilip kobine majsham retinde pajdalanylgan Kazirgi uakytta sanynyn azayuyna bajlanysty kәsiptik maksatta aulanbajdy Bekire kyzyl balyk Oblys sularynda sүjekti balyktar aluan tүrli Onyn 50 n astam tүrleri men tүrsheleri 6 otryadtyn 12 tukymdasyna birigedi Olar ortasha zhәne birshama iri bolyp keledi Zhanuar tekti azyktarmen korektenetinder zhyrtkyshtyk zholmen balyktardy korek etedi Bekireler koktemde tushy suda kobejetin balyktar Uyldyrygyn su tүbi topyragynyn kiyrshyk tasty nemese kumdy bolyp keletin zherlerine shashady Atyrau sularynda bekirelerden kortpa bekire parsy bekiresi shokyr pilmaj ship buryn kop bolgan kazir ote sirek kezdesedi Bekireler ote kundy kәsiptik manyzy bar balyktar Zhalpy TMD elderi bojynsha eseptegende olardyn 70 80 Atyrau sularynan aulanady Oblys sularynda majshabak tәrizdilerden kilka charhal majshabagy karynsau karazhon zhәne edil majshabagy kezdesedi Majshabaktar usak kobine teniz suyn mekendejtin balyktar Bulardyn ishinde san molsheri zhagynan kobirek aulanatyny kilka Zhүjelilik zhagynan majshabaktarga zhakyn birak morfologiyalyk zhәne tirshilik әreketteri zhagynan birkatar erekshelikteri bar balyktardyn biri albyrt tәrizdiler Osylardyn ishinde ken taralgany zhәne az molsherde bolsada kәsiptik manyzy bary shortan Al Kaspij albyrty zhәne akbalyk tүrleri ote sirek Tukytәrizdilerdin 25 n astam tүrlerinin ishinde oblys sularyna ken taralgandary karakoz vobla tran lesh kylysh balyk chehon bozsha monke serebryanyj karas sazan zhajyn t b Bul atalgan balyktardyn azdy kopti bolsada kәsiptik manyzdaryda bar Baska tuky tәrizdilerdin san molsherleri onsha kop emes Әsirese kutum akmarka kaspij murtty balygy kaspijskij usach kәdimgi monke zolotoj karas turpan golavl t b sirek kezdesedi Atyrau balyktarynyn ishindegi en usagy tikenektitәrizdilerdin okili togyz ineli kishi tikenekti balyk akpajtyn tushy sulardyn zhagalaulyk boliginde tirshilik etedi manyzy zhok Oblys bojynsha tүr sany zhagynan ekinshi orynda alabuga tәrizdiler Solardyn ishinde Kaspij Zhajyk su kojmasynda zhii kezdesetinderi zhәne kәsiptik maksatta aulanatyndary kokserke sudak tenbil serke bersh alabuga okun zhәne baskalary Al tana balyktar bychki kobine Kaspijdin soltүstik shygys ontүstik bolikterinin zhagalaulyk ajmaktaryn mekendejdi sport әueskojlyk maksatta aulanady Gerpetofauna Bul omyrtkaly zhanuarlar tobyna kosmekendiler men bauyrmen zhorgalaushylar zhatady Қujryksyzdar otryadynan Atyrau zherinde bar bolgany үsh tүr kezdesedi Chesnochnica bul bakalar koptegen balyktardyn bauyrmen zhorgalaushylardyn kustardyn zhәne kejbir sүtkorektilerdin koregi retinde manyzy bar Atyrau onirinde bauyrmen zhorgalaushylardyn 24 tүri bar Al kalgandary kabyrshaktylardyn okilderi Olardy kobine zhaj agatyn kumdyk zhagalauy bar kishi girim ozenderdin bojynan kezdestiruge bolady Oblys bojynsha belgili 11 12 tүrli kesirtkelerdin ishinde kum alkabynda kulakty dongelek bas al tegis zhusandy efemerli zherlerde kop rendi kesirtke ken taralgan Zhylannyn 10 n astam tүrleri әrtүrli oryndarda tirshilik etedi Mysaly Naryn Tajsojgan kumdarynda kum tunshyktyrgyshy su zhagalaularynda sary bas zhәne su zhylandary al sazdy tasty katty topyraktarda kalkan tumsyk okzhylan karashubar zhylandar zhәne dala surzhylany kezdesedi Zhorgaushylardyn basym kopshiligi zhanuar tekti azyktarmen sonyn ishinde bunak denelilermen kemirushilermen korektenip auyl sharuashylygyna pajdasyn tigizedi Ornitofauna Atyrau zherinde kustar aluan tүrli zhәne ken taralgan Zhalpy 280 dej tүrleri bar Tirshilik oryndarynyn әrkily bolularyna karaj kustar oblys koleminde birkelki ornalaspagan Oblys zherinde olardyn en basty tirshilik oryndarynyn biri su zhәne onyn zhagalauy Mysaly nagyz su kustary retinde suksyrlar gagarlar zhәne eskekayaktylardan 10 n astam tүrler kezdesedi Bulardyn ishinen suksyr chemga zhәne үlken sukuzgyn turakty uyalajdy Al kishi sukuzgyn bujra zhәne kyzgylt birkazandar kobeyu oryndarynda ekologiyalyk zhagdajlardyn zhyl sajyngy zharamsyz bagytta ozgerui saldarynan songy zhyldarda oblys koleminde uyalamajdy Қyzylmojyn suksyr ala zhәne kyzylzhemsau gagarlar ajmaktan kajtu kezderinde ushyp otedi Atalgan kustardyn barlygyda balyk korektiler kokkutan Oblys koleminde zhogaryda atalgandardan baska tirshiligi azdy kopti bolsada su zhәne onyn zhagalauymen bajlanysty kustar kop Solardyn biri degelekter mojny men ayagy uzyn suda zhүzbejtin ortasha zhәne birshama iri kustar Өzen kol zhiekteri men batpakty shalshyk zherlerdi mekendep ondagy ajkulaktardy kolbakalardy balyktyn shabaktaryn zhәne su bunakdenelilerin korek etedi Degelekterdin ishinen zhii kezdesetinderi kokkutan akkutan kishi akkutan karabaj t b Қaztәrizdiler mojny uzyn kujrygy kyska suda zhaksy zhүzetin iri zhәne ortasha molsherdegi su zher kustary Oblysta kezdesetin 28 tүrinin 15 ke zhuygy uyalajdy kalgandary kajtu mezgilderinde bolady Oblys sularynyn manynda saryala kazdy baryldauyk sur shүregej үjrekterdi sүnguirlerdi bejnaryktardy krohol t b tүrlerin zhii kezdestiruge bolady Қaz tәrizdilerdin kopshilik tүrleri kәsiptik anshylyktyn obektileri Balykshylardyn 6 tүrinin ishinen kaskaldak zhәne sutartar siyaktylary ken taralgan zhәne uyalajdy Batpakty shalshyktarda kajrandarda zhәne sirek zhagdajda sholejt zherlerde tirshilik etuge bejimdelgen kustardyn biri balykshylar kuliki Oblys bojynsha belgili 41 tүrinin 13 i turakty uyalajdy Olardyn zhii kezdesetinderi kyzgysh karala uzyn sirak zhәne biztumsyk balshykshylar Өzen kol zhәne zhajylma sulardyn manynda shagalalar udajy kezdesedi Olardyn bizde kezdesetin 20 tүrinin 9 y turakty uyalajdy zhәne ken taralgan mysaly koptegen karkyldaktar kalyn shagala kol shagalasy t b Қalgandarynyn ishine 6 y kezdejsok al 5 i kajtu kezinde bolady Shagalalar usak balyktarmen balyk olekselerimen shayandarmen su bunakdenelilerimen kejbireuleri usak kemirushilermen korektenedi Azdap sanitarlyk manyzy bar Oblys koleminde ashyk landshaftylardy tegistik zhәne kum sholejtter dala belgileri bar zherler mekendejtin kustarda barshylyk Atap ajtkanda tyrnalardan akbas tyrna uyalajtyn bolsa sur zhәne ak tyrna sterh kajtu kezinde ushyp otedi Duadaktardan duadak zhekduadak zhәne bezgeldek siyakty tүrleri ote sirek kezdesetin kustar bolyp eseptelinedi Kogershinderden bary 5 tүr sonyn ishinde zhii kezdesetinderi tүrkenter dyrkepter kokkepter t b Buldyryktardan kara bauyr buldyryk zhәne ubak kezdesedi Oblysta tauyk tәrizdiler ote az Onyn eki tүrinin ishinen sur shil ken taralgan al bodene sirek kezdesedi Negizinen ashyk zherlerde zhәne su zhagalaulary men orman togaj alkaptarynda kүndizgi zhәne tүngi zhyrtkysh kustar otryadtarynyn okilderi ken taralgan Kүndizgi zhyrtkyshtardyn oblystagy 23 tүrinen 9 y uyalajdy 11 i kajtu kezinde bolady al 3 tүri turymtaj tazkara t b kezdejsok ushyp keletinder dep eseptelinedi Zhii kezdesetinderi kүjkentaj kezkujryk dala kyrany karakus kejbir kuladyndar t b Үkilerdin 8 tүrinin ishindegi ken taragan bajgyz zhәne saz zhapalagy Kalgan үkiler sirek kezdesedi Atalgan zhyrtkysh kustar kobine kemirushilermen zhanuar olekselerimen korektenip pajdasyn tigizedi Oblysta koptegen kustardyn tirshiligi agash buta osimdikterimen adam turgyndarymen auyl kala zhәne baskada mәdeni landshaftalarmen tygyz bajlanysty ekendigi sozsiz Atap ajtkanda kokek tәrizdilerden kәdimgi kokek eshkemerlerden kәdimgi tentekkus kokkargalardan kokkarga saryalkym zhәne zhasyl arazhegishter bәbisek tokyldaktardan shubar tokyldak uzynkanattylardan sur karlygash Bul otryadtar bojynsha barlygy 11 tүrdin zheteui turakty uyalajdy Al zymyran dүpildek zhәne akbauyr sur karlygash siyakty kustar Atyrau zherinde tek kajtu kezinde kezdesedi Zhogaryda atalgan kustardyn barlygyda bunak denelilermen korektenedi Sondyktan olardyn auyl zhәne orman sharuashylyktarynda pajdasy mol Atyrau kustarynyn ishindegi tүr sany zhagynan en kobi torgaj tәrizdiler Oblys bojynsha tirkelgen 107 tүrdin 56 y uyalajdy 5 in kezdejsok ushyp kelushiler dep eseptejdi al kalgandaryn kajtu uakyttarynda kezdestiruge bolady Oblysta ken taralgan torgaj tәrizdilerge kosren kent zhәne zhar karlygashtaryn boztorgaj ajdarly kulakty zhәne kara boztorgajlar ak shakshakaj үlken zhәne kishi taganaktar shol tasshybyzhygy kamys ajkabagy kәdimgi kurkultaj sarbauyr shymshyk karatorgaj sargaldak surlykesh zhautorgaj torgaj zhәne karga tukymdastarynyn okilderin ala karga shaukarga uzak sauyskan t b ajtuga bolady Torgaj tәrizdilerdin kopshiligi aralas al kejbireuleri zhanuar nemese osimdik tekti azyktarmen korektenetinder Teriofauna Atyrau oblysynda andar ajtarlyktaj koptүrli emes Zhalpy auylsharuashylyk maldary men үj hajuanattaryn kospaganda andardyn 55 ke zhuyk tүrleri bar Olardyn basty otryadtarynyn 5 tүrinin ishinde ken taralgany kulakty kirpi Al kәdimgi kirpi zhәne baska tүrleri sirek kezdesedi Atyrau onirinde kolkanattylardyn 6 7 tүri bar dep eseptelinedi Solardyn ishinde tүntogaj kәdimgi zhәne eki tүsti zharkanattar zhii kezdesedi Oblysta koyan tәrizdiler men kemirushilerdin okilderi ken taralgan Olar ortasha kolemdi usak shop korekti kobine ashyk zherlerdi mekendejtin zhanuarlar Қoyan tәrizdilerden or koyan zhәne kum koyan dep atalatyn eki tүri bar Қoyandardyn eti zheuge zharamdy terisi pajdaly Әueskoj anshylar kәsip etedi Kemirushilerdin 27 tүri bar Olar әrtүrli ortada tirshilik etedi Mysaly kүndiz zher үstinde tirshilik etetinderdin ishinen kishi sarshunak kumtyshkandar tүngilerden kosayaktar kishi zhәne үlken atzhalmandar alamandar egeukujryktar zher astyndagylardan sokyrtyshkandar sinantroptardan үj tyshkany oblys koleminde ken taralgan Oblys bojynsha kemirushilerdin ekonomikalyk manyzy үlken Olardyn kopshiligi auylsharuashylygyndagy ekpe dakyl dardyn ziyankesteri sarshunaktar tyshkandar t b kajsybireuleri oba tagy baska kauipti zhukpaly aurulardyn bakteriyalaryn tasymaldaushylar zhәne taratushylar sarshunaktar kumtyshkandar t b Sondyktan ziyandy kemirushilerge karsy kүres sharalaryn durys zhәne zhүjeli tүrde ujymdastyru kazhet Ondatra siyaktylarynyn terisi bagaly Atyrau oblysynda zhyrtkysh andardan 12 ge zhuyk tүrleri bar Ken taralgan okilderine kaskyrdy tүlkini karsakty zhәne teniz zhagalauynda bolatyn zhanat tәrizdi itter zhatady Al sirek kezdesetinderine borsyk akkis akkalak kүzender sasyk karashubar zhәne zhabajy mysyktar shubar zhәne kamys mysyktary zhatady Eskekayaktylardan Kaspij tүleni tenizde tirshilik etetin an Onyn negizgi kobejetin orny Kaspij tenizinin Soltүstik shygys zhәne shygys zhak zhagalauy San molsheri az sondyktan kәsiptik maksatta aulanbajdy Oblys koleminde zhup tuyaktylardyn zhabajy tүrlerinen kaban zhәne kiik ken taralgan Қabannyn sany az aulanbajdy Oblysta kaban men kiikti zansyz zhyldyn kez kelgen uakytynda brokonerlik kala berdi zhauyzdyk zholdarmen aulau ken oris alyp keledi Mysaly kiiktin atalygyn onyn mүjizi үshin kop molsherde atyp oltirushilik oryn aluda Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engen zhanuarlarҚazakstannyn Қyzyl kitabyna Kaspij Zhajyk alabynyn tabigaty bojynsha engizilgen zhanuarlar tүrleri akbas tyrna ala zherteser alyp sokyrtyshkan balykshy bezgeldek bujra birkazan bүrkit duadak zhalbagaj zhorga duadak zhupar tyshkan zhylan bүrkit kaspij albyrty kokikaz nemese kyzylkaz kishi akkutan karabaj karabauyr buldyryk karakүzen karakirpi karakal karakujryk kundyz mәrmәr shүregej ontүstik oral susary sary alakorzhyn sarybauyr karashubar zhylan sarykutan subүrkit targak tortzholakty karashubar zhylan uzynkujryk ak jyk үstirt kojy shagyl mysygy shubar kүzen DerekkozderAtyrau tabigaty zhәne ony korgau 5 7667 0607 3 81 87 bet E Қazhenbaev Atyrau oblysynyn geografiyasy Atyrau 2006 48 bet